Жұлынның қызметі



I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1 Жұлын жүйкелері
2 Жұлын қабықтары
3 Жұлын және оның құрылысы
III Пайдаланылған әдебиет
IV Қорытынды
Жұлын (medulla spіnalіs) — адам мен омыртқалы жануарлардың омыртқа жотасының ішінде орналасқан орталық жүйке жүйесінің бір бөлігі. Жұлын алғаш бассүйексіздерде (ланцентниктерде) жүйке түтігі ретінде пайда болған. Қосмекенділерде аяғының пайда болуына байланысты мойын және бел тұсы жуандап, Жұлын жүйкелері иық және жамбас белдеуінде жүйке торларын құрайды. Омыртқа жотасының екі жағында орналасқан симпатикалық жүйке жүйесі жақсы дамыған. Бауырымен жорғалаушыларда олардың тіршілігіне байланысты алдыңғы ми сыңарлары сұр затының үстіңгі қабаты ми қабығына айналған. Жұлын құрылысы күрделеніп ұзара бастайды. Құстардың Жұлынының бір ұшы мишықпен, екінші ұшы вестибулалық аппаратпен байланысқан. Ал сүтқоректілердің онтогенезінде Жұлын күрделенген пирамидалық жүйемен дамиды. Жұлын өзінің жоғарғы және төменгі өткізгіш жолдарын орталық жүйке жүйесімен жалғастырып, барлығын бір орталыққа бағындырады. Бұл Жұлын құрылысы мен қызметінің эволюциясының дамуы барысында күрделене түскенін көрсетеді. Жұлынның пирамидалық жүйесінің дамуы – адам тәрізді маймылдарда, әсіресе, адамда ең жоғарғы шегіне жеткен. Жұлын адамда ауыз омыртқаның жоғарғы тұсынан басталып, 1-, 2-бел омыртқаларына дейін жетеді; 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1 – 3 құйымшақ бунақтарынан (сегменттерінен) тұрады. Ересек адамда Жұлынның ұзындығы 41 – 45 см-дей, салмағы 26 – 28 г-дай, қалыңдығы 1 см-дей. Жұлын сырты өрмек тәрізді жұмсақ және қатты қабықтармен жабылған. Қабық арасындағы қуыста Жұлын сұйығы бар. Қатты қабық әр жерінен сүйекпен жалғасады. Жұлынның ортасын бойлай жатқан сұйықтыққа толы өзек сұр заттан тұрады. Сұр заттың көлденең қимасы “Н” әрпі немесе қанатын жайған көбелек пішінді болып көрінеді. Сұр заттың сыртында ақ зат болады. Бұлар, негізінен, жүйке талшықтары мен нейроглиядан түзіледі. Жүйке талшықтары орталық жүйке жүйесіне баратын және одан шығатын импульстерді өткізеді. Жұлын, негізінен, рефлекторлық және өткізгіштік қызмет атқарады.[1]
1. Қазақ энциклопедиясы, 4 том;
2. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
3. Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: «Атамұра» баспасы, 2008. ISВN 9965-34-812-Х
4. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9
5. Синельников, Синельников, 1996, с. 18—23.
6. Перейти к: 1 2 3 4 5 6 7 Синельников, Синельников, 1996, с. 24.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1 Жұлын жүйкелері
2 Жұлын қабықтары
3 Жұлын және оның құрылысы
III Пайдаланылған әдебиет
IV Қорытынды

Кіріспе
Жұлын (medulla spіnalіs) -- адам мен омыртқалы жануарлардың омыртқа жотасының ішінде орналасқан орталық жүйке жүйесінің бір бөлігі. Жұлын алғаш бассүйексіздерде (ланцентниктерде) жүйке түтігі ретінде пайда болған. Қосмекенділерде аяғының пайда болуына байланысты мойын және бел тұсы жуандап, Жұлын жүйкелері иық және жамбас белдеуінде жүйке торларын құрайды. Омыртқа жотасының екі жағында орналасқан симпатикалық жүйке жүйесі жақсы дамыған. Бауырымен жорғалаушыларда олардың тіршілігіне байланысты алдыңғы ми сыңарлары сұр затының үстіңгі қабаты ми қабығына айналған. Жұлын құрылысы күрделеніп ұзара бастайды. Құстардың Жұлынының бір ұшы мишықпен, екінші ұшы вестибулалық аппаратпен байланысқан. Ал сүтқоректілердің онтогенезінде Жұлын күрделенген пирамидалық жүйемен дамиды. Жұлын өзінің жоғарғы және төменгі өткізгіш жолдарын орталық жүйке жүйесімен жалғастырып, барлығын бір орталыққа бағындырады. Бұл Жұлын құрылысы мен қызметінің эволюциясының дамуы барысында күрделене түскенін көрсетеді. Жұлынның пирамидалық жүйесінің дамуы - адам тәрізді маймылдарда, әсіресе, адамда ең жоғарғы шегіне жеткен. Жұлын адамда ауыз омыртқаның жоғарғы тұсынан басталып, 1-, 2-бел омыртқаларына дейін жетеді; 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1 - 3 құйымшақ бунақтарынан (сегменттерінен) тұрады. Ересек адамда Жұлынның ұзындығы 41 - 45 см-дей, салмағы 26 - 28 г-дай, қалыңдығы 1 см-дей. Жұлын сырты өрмек тәрізді жұмсақ және қатты қабықтармен жабылған. Қабық арасындағы қуыста Жұлын сұйығы бар. Қатты қабық әр жерінен сүйекпен жалғасады. Жұлынның ортасын бойлай жатқан сұйықтыққа толы өзек сұр заттан тұрады. Сұр заттың көлденең қимасы "Н" әрпі немесе қанатын жайған көбелек пішінді болып көрінеді. Сұр заттың сыртында ақ зат болады. Бұлар, негізінен, жүйке талшықтары мен нейроглиядан түзіледі. Жүйке талшықтары орталық жүйке жүйесіне баратын және одан шығатын импульстерді өткізеді. Жұлын, негізінен, рефлекторлық және өткізгіштік қызмет атқарады.[1]

1 Жұлын жүйкелері
Жұлын жүйкелері (лат. nervi spinales nervus -- жүйке, spinalis s. medulla spinalis -- жұлын) - жұлыннан шығатын жүйке талшықтарынан құралған. Жұп жұлын жүйкелері адамда жұлынның алдыңғы (қозғалтқыш жүйке талшықтарынан құралған) және артқы (сезімтал жүйке талшықтарынан құралған) жұлын түбіршіктерінің, ал жануарларда жоғарғы (сезімтал жүйке талшыктарынан құралған) және төменгі(қозғалтқыш жүйке талшықтарынан құралған) жұлын түбіршіктерінің қосылуынан пайда болып, омыртқа өзегінен оң және сол омыртқааралық тесіктері арқылы шығады.
Құрамында сезімтал және қозғалтқыш жүйке талшықтары болғандықтан, жұлын жүйкелерін қызметі жағынан аралас жүйкелерге жатқызады. Бұлардың құрамында симпатикалық жүйке талшықтары да болады. Жұлын жүйкелері омыртқа өзегінен шыққан бойда-ақ байланыстырғыш (симпатикалық) және жұлын қабықтарына арналған қайтарма (сомалық) тармақтарды бөліп, сұр байланыстырғыш (симпатикалық) тармақтарды қосып алып, содан соң, адамда алдыңғы және артқы, жануарларда вентральды және дорсальды (сомалық, симпатикалық жүйке талшықтарынан құралған) тармақтарға ажырайды. Жұлынжүйкелерінің дорсальды тармақтары (адамда -- артқы тармақтар) омыртқа бағанынан жоғары (адамда -- омыртқа бағанының артқы жағында) орналасқан дене бөліктерін (сүйектер, бұлшықеттер, буындар, тері, олардың тамырлары), ал вентральды тармақтар омыртқа бағанынан төмен (адамда -- алдыңғы жағында) жатқан дене бөліктерін жүйкелендіреді. Аталған тармақтар өз кезегінде латеральды (беткей орналасқан мүшелерге) және медиальды (терең жатқан мүшелерге) тармақтарға тарамдалады. Жұлын жүйкелері омыртқа бағаны бөлімдеріне сәйкес: мойын, көкірек, бел, құйымшақ және құйрық жүйкелері болып бөлінеді. Олардың саны мойында 8-жүп, құйрықта 5-6 жүп, қалған бөлімдерде адам мен жануарлардың омыртқалар санына сәйкес келеді. Алдыңғы (қол) және артқы аяқтарды жүйкелендіретін жүйкелер жұлын жүйкелерінің вентральды (адамда -- алдыңғы) тармақтары түзетін: иық, бел және құйымшақ жүйке тораптарынан шығады.[2]

2 Жұлын қабықтары
Жұлын мезодермадан пайда болатын үш дәнекер тінді қабықтармен қапталған. Егер белкей жағынан терең жүрсек, бұл қабықтар мыналар:
Қатты қабық
Торлы қабық
Жұмсақ қабық
Үшеуі де мидың осындай қабықтарына жалғасады.
Жұлынның қатты қабығы, жұлынды сырт жағынан қап түрінде қаусырады. Ол сүйек қабығымен жабылған омыртқа өзегінің қабырғаларына тығыз жанаспайды.Сүйек қабығын қатты қабықтың сыртқы жапырақшасы деп те атайды.
Жұлынның төменгі құрылысы
2. Жұлынның торлы қабығы, жұқа тамырсыз жапырақша түрінде іш жағынан қатты қабыққа жанасып жатады, одан дәнекертінді талшықтардың жіңішке будаларымен торланған саңылау тәрізді субдуралды кеңістікпен бөлінген.
3. Жұлынның жұмсақ қабығы, бет жағынан эндотелимен жабылған, жұлынды тікелей қоршайды, оның екі жапырақшасы арасында тамырлар бар, олар тамырлардың айналасында перивакулярлы лимфалық кеңістік түзе, жұлын жүлгелері мен ми затына енеді. [3]

3 Жұлын және оның құрылысы
Жұлын тек омыртқа жотасының ішіндегі ұңғылда орналасады. Ересек адамдарда оның ұзындығы -- 45 см, ені -- 15 см, салмағы -- 36 г. Жұлын жоғарғы жағынан ауыз омыртқаның (атлант) тұсынан сопақша миға жалғасады, ал оның төменгі жағы II бел омыртқадан төмен қарай ат құйрықтанып, негізгі жіпшесі II құйымшақ омыртқасына дейін жетеді де сол жерге бекиді. Құрсақтағы нөрестенің бір айлық кезінде жұлынның ұзындығы омыртқа жотасымен бірдей болады. Өсе келе омыртқадағы жұлын жаңа тауылған нәрестеде III бел омыртқа тұсында болса, ересек адамдарда II бел омыртқа тұсына дейін қысқарады. Жұлынның жуандығы біркелкі емес. Оның бас жағы жуандап, миға жалғасады, ал құйрық жағы жіңішкеріп, тармақталып кетеді. Жұлынның екі жері жуандап, буылтыққа айналған: біреуі -- жұлынның VI мойын омыртқа тұсында, екі қолға кететін жүйке басталар бөлігінде -- оны жұлынның мойын буылтығы, ал екіншісі IX -- XII арқа омыртқасының тұсындағы жуандық белігін жұлынның белсегізкез буылтығы деп атайды. Бұл буылтықтар қол және аяқ мүшесінің сезім және қимыл нейрондар денесінің шоғырлануы өсерінен пайда болған.
Жұлынның алдыңғы және артқы жағында бойлай созылатын екі жүлге болады. Алдыңғы терең жүлгесі алдыңғы орталық сай, ал артқы жіңішке, таяздау жүлгесі артқы орталық жүлге деп аталады. Жұлынның осы сайы мен жүлгесі жұлынның денесін тең етіп оң және сол жақ бөлікке бөледі. Жұлынның алдыңғы түбірі мен артқы түбірлерінің жұлынынан шыққан жерінде ұзына бойына созылған түбір атымен аталатын оң және сол жақ бөлігінде бүйір жүлгелері болады. Осыған орай жұлынның өрбір бөлігіндегі ақ заттарды бойлай созылған үш (алдыңғы, бүйір, арткы) арқаншаға (будаға) бөлінеді. Бұлар туралы жұлынның ішкі кұрылысында баяндалады. Жұлынның денесі 31 жұп мөлтектен түзіледі. Өрбір мөлтектен жұлынның жүйке түбірі (алдыңғы және артқы) шығып, ол омыртканың тесігіне бағыттала орналасады. Сөйтіп, жұлыннан 31 жұп жүйке таралады. Оның 8 жұбы -- мойын, 12 жұбы -- көкірек, 5 жұбы -- бел, 5 жұбы -- сегізкөз және 1 жұбы кұйымшақ жүйкесі деп аталады. [4]
Ішкі құрылысы. Жұлынның ортасында өте тар тесігі -- болады, ол ортақ езек деп аталады. Жұлынның көлденең кесіндісі сұр және ақ заттан түзілгені анық байқалады. Сұр зат жұлынның орталық бөлігіндегі өзекті қаптайды. Сұр зат қанатын жазған көбелекке ұқсас болады. Сұр дененің алға қарай шығып тұрған бөлігі -- алдыңғы аша, ал артқы бөлігі артқы аша деп аталады. Жұлынның әрбір бөлігіндегі алдыңғы және артқы ашаларының арасы, яғни жұлын өзегінің төңірегіндегі зат орталықтағы аралық зат деп аталады. Бұл жерде аралық нейрондар жатады. Олар әрбір алдыңғы жөне артқы ашадағы нейрондарды жалғастырып тұрады. Жұлынның кекірек болігінде алдыңғы жөне артқы ашалардан басқа бүйір ашасы орналасады. Сұр затта алдыңғы бағана (соішшіа аптегіог) және артқы бағана болады.
Сұр зат дегеніміз -- тек жүйке жасушаларынан құралған жүйке денесі. Сұр заттың алдыңғы ашасында қимыл күшейтетін ірі нейрондар бар. Оның жұлыннан шығатын нейриттерінен алдыңғы түбір пайда болады. Артқы ашада майда сезімтал рецепторлық нейрондары орналасады. Бұл нейрондардың жұлыннан шығатын жүйке талшықтарынан артқы түбір түзіледі. Бұл екі ашаның аралығындағы бүйір ашаларында қозғылы жүйке жүйесінің симпатикалық жүйкелерінің нейрондары орналасады. Нейрондардың талшықтары жұлынның алдыңғы ашасынан таралады. Сөйтіп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүйке жүйесі және жүйке ұлпасы
Жүйке жүйесінің гистологиясы - оқу құралы
Жүйке жүйесі жайлы
Нерв тіні
Ми жүйесі. Жұлын
Жүйке жүйесі туралы
Орталық жүйке жүйесі. Орталық жүйке жүйесі
Жұлынның өткізгіш жолдары
Жұлын, сопақша ми, артқы ми құрылысы және қызметі
Жүйке жүйесінің типтері
Пәндер