Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылының маңыздылығы



Кіріспе

Негізгі бөлім.
1.1. Өртте жауынгерлік іс.қимылдарды жүргізу кезінде күштер мен құралдарды басқару
1.2. Күрделі жағдайлардағы өрттерді сөндіру
1.2.1. Қолайсыз климаттық жағдайларда өрттерді сөндіру
1.2.2. Су жетіспеген жағдайда өрттерді сөндіру
1.2.3. Жеке құрам үшін ерекше қауіпті жағдайдағы өрттерді сөндіру
1.2.4. Ғимараттар мен құрылыстардағы өрттерді сөндіру
1.2.5. Биік қабатты ғимараттардағы өрттерді сөндіру

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазіргі жағдайда білім ролінің өскендігі соншалық, ол қоғамның дамуына әсер ететін басты конструктивті фактор болып отыр. Өртте адамдарды құтқару жауынгерлiк iс-қимылдардың маңызды түрi болып табылады, қауіпті факторлардың және олардың екiншi рет бiлiнген немесе әсер ету аймағынан адамдарды құтқару шараларының жиынтығы болып табылады.
Құтқару жұмыстары:
- адамдар тұрған жерге от, жоғары температура, жарылу немесе құрылымның құлау қаупi төнгенде немесе бөлменің iшi түтiнмен немесе зиянды газдармен толғанда;
- адамдар қауiптi жерден өздiгiмен кете алмайтын немесе үрейленген жағдайда;
- көшiру жолдарына от пен түтiннiң таралу қаупi болғанда;
- адамдардың өмiрi және денсаулығына қауiптi от сөндiргiш заттар мен құрамдар қолданылатын жағдайда ұйымдастырылады және жүргiзiледi.
Жоғары қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн техникалық құралдар мен әдiстердi қолдана отырып, өртте адамдарды құтқару және қажетiнше үрейдi болдырмау шараларын iске асыру керек. Өртте адамдарды құтқару, әдетте өрттi сөндiру үшiн күштер мен құралдардың қанат жаюымен бiр мезгiлде жүргiзiледi. Егер от адамдарға тiкелей қауiп төндiрсе және құтқару жолдары кесiлсе немесе оны от бөгейтiн болса, адамдарды қауiпсiз құтқару жағдайын қамтамасыз ету үшiн оқпан беру мiндеттi.
1. «Азаматтық қорғау саласындағы ақпараттықөәдістемелік материалдар» (№1 (49) шығарылым, 2012)
2. ҚР ТЖ саласындағы заңдары
3. Ұйымдардағы ТЖ және АҚ бойынша сабақтарға арналған оқу құралы (Алматы-2012)
4. АҚ және ТЖ саласындағы басшы құрамның біліктілігін арттырудың Республикалық курстары тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы (Алматы-2011)
5. «Құтқарушы» оқу құралы (I кітап) (Алматы-2009)
6. «Құтқарушы» оқу құралы (II кітап) (Алматы-2009)
7. «Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туралы» ҚР заңы, 05.07.1996.
8. ТЖ жүйесінде қолданылатын орысша-қазақша терминдер сөздігі. Алматы – 2004.
9. ТЖ және АҚ мәселелері бойынша басшылық құрамды даярлауға арналған материалдар жинағы. ҚР ТЖ жөніндегі агенттігі. Алматы қ., 2003. 124 бет.
10. ҚР «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңы. 07.05.1997 ж.
11. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық. Алматы, 2000 ж.
АҚ қорғаныс ғимараттарын бейбіт және соғыс уақыттарында пайдалану жөніндегі нұсқаулық. Алматы, 2000 ж.

Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім.
1.1. Өртте жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезінде күштер мен құралдарды басқару
1.2. Күрделі жағдайлардағы өрттерді сөндіру
1.2.1. Қолайсыз климаттық жағдайларда өрттерді сөндіру
1.2.2. Су жетіспеген жағдайда өрттерді сөндіру
1.2.3. Жеке құрам үшін ерекше қауіпті жағдайдағы өрттерді сөндіру
1.2.4. Ғимараттар мен құрылыстардағы өрттерді сөндіру
1.2.5. Биік қабатты ғимараттардағы өрттерді сөндіру

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Курстық зерттеу жұмысының өзектілігі қазіргі таңда шығармашыл, яғни креативті жеке тұлғаны қажетсінудің өсуімен анықталады. Қазіргі жағдайда білім ролінің өскендігі соншалық, ол қоғамның дамуына әсер ететін басты конструктивті фактор болып отыр. Өртте адамдарды құтқару жауынгерлiк iс-қимылдардың маңызды түрi болып табылады, қауіпті факторлардың және олардың екiншi рет бiлiнген немесе әсер ету аймағынан адамдарды құтқару шараларының жиынтығы болып табылады.
Құтқару жұмыстары:
- адамдар тұрған жерге от, жоғары температура, жарылу немесе құрылымның құлау қаупi төнгенде немесе бөлменің iшi түтiнмен немесе зиянды газдармен толғанда;
- адамдар қауiптi жерден өздiгiмен кете алмайтын немесе үрейленген жағдайда;
- көшiру жолдарына от пен түтiннiң таралу қаупi болғанда;
- адамдардың өмiрi және денсаулығына қауiптi от сөндiргiш заттар мен құрамдар қолданылатын жағдайда ұйымдастырылады және жүргiзiледi.
Жоғары қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн техникалық құралдар мен әдiстердi қолдана отырып, өртте адамдарды құтқару және қажетiнше үрейдi болдырмау шараларын iске асыру керек. Өртте адамдарды құтқару, әдетте өрттi сөндiру үшiн күштер мен құралдардың қанат жаюымен бiр мезгiлде жүргiзiледi. Егер от адамдарға тiкелей қауiп төндiрсе және құтқару жолдары кесiлсе немесе оны от бөгейтiн болса, адамдарды қауiпсiз құтқару жағдайын қамтамасыз ету үшiн оқпан беру мiндеттi. Адамдарды құтқару және өрттi сөндiру жөнiндегi жұмыстарды бiр мезгiлде өткiзу үшiн күштер мен құралдар жеткiлiксiз болса, адамдарды құтқару үшiн өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің жеке құрамы толық пайдаланылады және қосымша күштер мен құралдар шақырылады, басқа жауынгерлiк iс-қимылдар жүргiзiлмейдi.
Адамдарды құтқару үшiн:
- қысқа және қауiпсiз жолдар;
- негiзгi кiру және шығу есіктері;
- қосымша шығатын есіктер;
- терезе ойықтары, балкондар, лоджиялар мен галереялар;
- егер олар арқылы ғимараттан шығатын болса немесе оның қауiпсiз жағына көшуге болса аражабындағы люктер;
- өрт сөндiрушiлер жасаған қалқа, шатыр арқалығы және қабырға тесiктерi пайдаланылады.
Сонымен қатар:
- тұрақты және өрт сөндіру қол сатылары;
- автосатылар және автокөтергiштері;
- авариялық-құтқару жабдықтары және құрылғылары;
- құтқару құрылғылары (құтқару жеңдерi, арқандар, басқыш және жеке құтқару құрылғылары);
- үрлемелi және амортизациялық жабдықтары;
- ТОЖҚҚ;
- ұшу аппараттары құралдары пайдаланылады.
Адамдарды құтқарудың негiзгi тәсiлдерi:
- өртке қарсы қызметінің қызметкерлерi көрсеткен қауiпсiз бағытқа адамдардың өздiгiмен шығуы;
- құтқару жолдарын түтiн алғанда немесе қауiптi аймақтан өздiгiнен шығу мүмкiндiгiне жағдайы мен жас шамасы мүмкiндiк бермегенде өрт сөндiрушiлердiң көмегiмен құтқарылатындарды басқа орынға шығару;
- өздiгiнен жүрiп-тұруға мүмкiндiгi жоқ адамдарды алып шығу;
- құтқару жолдары от, түтiн немесе үйіндімен бөлiп тасталған және құтқарудың басқа тәсiлдерi мүмкiн болмаған кезде құтқарылатындарды тұрақты және өрт сөндіру қол сатыларымен, автосатылармен және өрт автокөтергiштерiмен, техникалық құтқару құралдарының көмегiмен түсiру болып табылады.
Адамдарды құтқару тәсiлдерi мен тәртiбiн, өрттегi жағдайға байланысты және көмектi қажет ететiн адамдардың жағдайына қарай ӨСЖ анықтайды.
Құтқару жұмыстарын жүргiзу кезiнде:
- iшкi хабарландыру жүйесiн және басқа құралдарды пайдаланып үрейленудi болдырмау жөнiндегi шараларды қолдану;
- әкімшілік, қызмет көрсетушілерді өртке қарсы қызметi құрылымдарының жеке құрамын жұмылдыру;
- медициналық жедел жәрдемдi шақыру және ол келгенге дейін зардап шеккендерге өртке қарсы қызметі жеке құрамының және өрт орнындағы медициналық қызметкерлердің күшімен алғашғы көмек көрсету;
- құтқарылғандарды уақытша орналастыру үшiн орындар қарастыру қажет.
Тәжірибе көрсеткендей-ақ, егер адамдар бар орындар туралы мәлiметтер болса және құтқарушылар оларды сол жерден таба алмаса, адамдар болуы мүмкiн деген барлық түтiндеген және жанған барлық көрші бөлмелерді ұқыпты қарап, тексеру қажет. Адамдарды iздестiру тек құтқаруды қажет ететiндердiң жоқ екендiгi анықталғаннан кейiн ғана тоқтатылады. Өрттегі мүлiктердi құтқару жауынгерлік тапсырмалардың маңыздылығы мен жеделдігіне байланысты ӨСЖ нұсқауы бойынша iске асырылады.
Қазіргі кезде жедел жағдай - бөлiмнiң шығу ауданындағы мәселені анықтауға және оның орындалу түріне әсер ететін жағдайлардың және шарттардың жиынтығы және өрттердi сөндiруге байланысты бiрiншi кезектегi апатық-құтқару және жедел жұмыстар - адамдарды, мүлiктердi, жеке меншiктi құтқарудағы және көшiрудегi, өрттерде зардап шеккендерге алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсетудегi өртке қарсы қызметiнiң жауынгерлiк iс-әрекетi болып табылады. Студенттердің оқу ынтасына, өзіндік мүмкінділігіне, психикалық өрісіне және әлеуметтік мәртебесіне сай көп салалы бағытта құрылып, мына талаптарға жауап береді. Сабақтың негізгі міндеті студенттерді өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылының маңыздылығын меңгерту. Осыған орай біз дипломдық жұмысымыздың тақырыбын Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылының мазмұны мен маңыздылығы деп таңдап алдық.
Курстық зерттеу жұмысының мақсаты Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылының мазмұны мен маңыздылығы тақырыбын студенттерге ғылыми көзқарасты қалыптастыруға төтенше жағдай - адамдардың опат болуына, олардың денсаулығына зиян келуіне, қоршаған ортаға және шаруашылық объектiлеріне едәуiр материалдық шығын келтiруге және халықтың өмiрлiк деңгейiнiң бұзылуына ықпал ететiн немесе соған апарып соқтыратын апаттың, зілзаланың нәтижесінде пайда болған белгiлi бір аймақтағы жағдай екендігін және өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылының маңыздылығын түсіндіріп таныстыру, сонымен бірге ойлау түйсігін кеңейтуге, маңыздылығын толық меңгеруге үлкен септігін тигізетініне көз жеткізу.
Жұмыстың міндеттері: осы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызмет жарғысы (бұдан әрi - Жарғы) қызметтi ұйымдастыру және атқару тәртiбiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрi - Министрлік) мемлекеттік өртке қарсы қызметі жеке құрамының жалпы мiндеттерiн айқындау және оның тәрбиелік, білімдік деңгейлерін ашу мен нұсқаулар жасау.
Зерттеу жұмысының объектісі: Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылының мазмұны мен маңыздылығы тақырыбын өрт сөндіру бөлімдерінде өтілу процесі.
Зерттеу жұмысының пәні: Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылының мазмұны мен маңыздылығын жетілдірудің тиімді тәсілі ретінде - келісімдер (нұсқаулар) жасау және бекіту.
Зерттеу жұмыстың жаңашылдығы: Халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші объектілерді төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады. Осы заң Қазақстан Республикасы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.

Жауынгерлік іс-қимылының маңыздылығы
1.1. Өртте жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезінде күштер мен құралдарды басқару

Өрттегi жауынгерлiк iс-қимылдарды жүргiзу кезiнде күштер мен құралдарды басқару - өрт орнындағы жағдайды бағалау негiзi бойынша жауынгерлiк iс-қимылдар жүргiзу кезiнде жеке құрамды және басқа да өрт сөндiруге қатысушыларды басқарудағы лауазымды тұлғалардың мақсатты, бағытталған әрекеті.
Өрттегi жауынгерлiк iс-қимылдарды басқару:
- жағдайды бағалауды және осы Жарғының талаптарына сәйкес өрттегi жауынгерлiк iс-қимылдарды басқарудың штаттық емес құрылымын құруды;
- қойылған міндеттерде жедел лауазымды тұлғалардың біліктілігін және олардың жеке жауапкершіліктерін белгілеуді;
- өрттi сөндiрудегi iс-қимылдарды жоспарлауды, соның iшiнде күштер мен құралдардың қажеттiлiгiн анықтауды, өрт сөндiрудегi жауынгерлiк iс-қимылдарды ұйымдастыру туралы шешiм қабылдайды;
- өрттi сөндiруге қатысушылардың алдына тапсырма қою, бақылауды және өрттегi жағдайдың өзгеруiне қажеттi әсер етудi қамтамасыздандыруды;
- өрттегi жағдайдың өзгеруiн есепке ала отырып, керектi ақпаратты белгiлеген тәртiп бойынша тiркелуiн iске асыруды;
- өрттi жою бойынша жауынгерлiк iс-қимылдарды тиімді қамтамасыз етуге бағытталған басқа да iс-шараларды өткiзу қарастырылады.
Өрт сөндiрудегi тiкелей басшылықты өрт сөндіруге келген өртке қарсы қызмет гарнизонының аға лауазымды тұлғасы ӨСЖ атқарады. ӨСЖ дара басшылық принципiнде, өрт сөндiрудегi жауынгерлiк тапсырманы орындауға қатысушы жеке құрамды және де өрт сөндiруге қатыстырылған күштердi басқарады. ӨСЖ нұсқауын өрт сөндiруге қатысушылардың барлығы орындауға мiндеттi. ӨСЖ өрт кезiндегi iс-қимылына араласуға немесе оның нұсқауын өзгертуге ешкiмнiң құқығы жоқ. Осы Жарғының 120-тармақ талаптарын ескергенде өрт сөндiру басшысы болып:
- өртке қарсы қызметiнiң бiр бөлiмiнде жұмыс iстеген кезде - бөлiмдi басқаратын аға бастық немесе гарнизонның жедел кезекшісі;
- бiрнеше бөлiмдер жұмыс iстеген кезде - өрт шыққан ауданның (объектiнiң) өрт бөлiмiн басқарушы аға бастық немесе гарнизонда белгiленген тәртiпке сәйкес өрттi сөндiруге басшылық жасауға рұқсат етiлген тұлға саналады.
Өртке келген өртке қарсы қызмет гарнизонының аға лауазымды тұлғасы:
- жағдайды бағалауға және өрт сөндiрудi ұйымдастырудың дұрыстығын айқындауға;
- қосымша күштер мен құралдарды шақырудың қажеттiлiгiн анықтауға;
- қажет болған жағдайда өрт сөндiрудiң басшылығын өз қолына алуға міндетті.
Өртке келген аға лауазымды тұлға басшылықты өз қолына алған-алмағанына қарамастан өрт сөндiрудiң нәтижесi үшiн жауап бередi. Аға лауазымды тұлғаның өртте өрт сөндiру басшысына немесе оны аттап өтiп бұйрық беруi өрт сөндiрудiң басшылығын өзiне алған сәтi болып саналады. Егер өрт сөндiру кезінде күштер мен құралдарды басқару қамтамасыз етілмесе аға бастық өрт сөндiрудiң басшылығын өзiне алуға мiндеттi.
Аға лауазымды тұлға өрт сөндiруді басшылыққа алу бойынша өзінің қабылдаған шешiмi туралы жедел штаб бастығын, тыл бастығын және жауынгерлiк учаске бастықтарын хабардар етуге және жариялауға мiндеттi.
ӨСЖ болатын өртке қарсы қызмет гарнизонының лауазымды тұлғалары, өте жоғарғы нөмірлi (рангімен) өрттiң болуына шақыру, төтенше жағдайға кiдiртпеуге әсер тигiзу жөнiнде хабарлама алғанда және ӨСЖ мiндетiн орындау мүмкiн болмаған басқа жағдайларда, өрттi сөндiруге қатысушылардың арасынан басқа лауазымды тұлғаны ӨСЖ етіп тағайындап, өрт орнын тастап кете алады, бұл ақпарат мiндеттi түрде кезекші диспетчерге, өртті сөндіруге қатысушыларға хабарланады. Осы шешiмнiң салдарына жауапкершiлiк, оны қабылдаған лауазымды тұлғаға жүктеледi.
Өрттегі жағдайға байланысты ӨСЖ жедел штаб, жауынгерлік учаскелер мен секторлар құруына болады. Өртте екі және одан көп бөлімдер жұмыс атқарғанда, өрт болған шығу ауданында орналасқан өрт бөлімінің орта немесе кіші басшы құрамынан тыл бастығы тағайындалады.
Өрттегі жағдай кенеттен өзгерсе және ӨСЖ уақытылы бұйрық алуға мүмкіндік болмаған жағдайда бөлім басшылары (командирлері) ынталық көрсетіп, өздігінше іс-қимыл жасаулары керек. ӨСЖ нұсқаудың болмауы, командирдің ешқандай іс-қимыл жасамауын ақтай алмайды.

1.2. Күрделі жағдайлардағы өрттерді сөндіру
1.2.1. Қолайсыз климатттық жағдайларда өрттердi сөндiру
Төменгi температура (-10 С және одан төмен) жағдайдағы өрттерді сөндiру кезiнде:
- ашық өрттерде және су мөлшерi жеткiлiктi болған кезде, көп шығынды өрт сөндіру оқпандарын пайдаланып, жабылатын клапандары бар оқпандар мен шашырата сөндіретін оқпандарды пайдалануға жол бермеу;
- адамдарды көшiру және жеке құрамның жүру жолдарында мұздардың пайда болуына жол бермеу;
- резеңке аралас және латексті үлкен диаметрлi жеңдердiң желiсiн таратуға, жең тарамақтарын мүмкiндiгiнше ғимараттың ішіне орнатуға, ал сыртқа орнату кезiнде оларды жылы жабуға;
- жең жолдарының жалғағыш бастарын қолда бар құралдармен, сонымен қатар қармен қорғау;
- су қоймаларынан немесе өрт гидранттарынан су берген кезде сорғыштан суды ең алдымен бос құбырға беруге және тек қана сорғыштан тұрақты жұмыс кезiнде ғана суды жең желісіне беру;
- резервтегi құрғақ жең желiсiн тарату;
- су шығыны азайған жағдайда қозғалтқыштың айналым санын арттырып, оны сорғышта қыздыру;
- өрт оқпандары мен жең тарамақтарының жабылып қалуын, сорғыштардың өшiп қалуын болдырмау;
- өрт жеңдерiн айырбастау және жинау, желiлерiн ұзарту кезiнде су берудi тоқтатпауға, қысымды азайтып, аталған жұмысты оқпан жағынан бастап жүргiзуге;
- қатып қалған жалғағыш бастиектерді, жеңдердi бүгiлген жерлерiнен ыстық сумен, бумен немесе қыздырылған газбен жылытуға (қатып қалған жалғағыш бастиектерді, тарамақтарды және оқпандарды жекелеген жағдайларда қыздыру шамдарымен, алаулармен жылытуға болады);
- құтқарылғандарға және сөндiруге қатысушыларға жылыну орнын дайындау, осы жерге жеке құрам үшiн жауынгерлiк киiмнiң резервiн жинақтау;
- өрт сатыларына және оларға жақын жерге жең желiлерiн бекiтпеу, сатыларға су төкпеу;
- саты торларына артық суды ағызбау қажет.
Төменгi температурада ТОЖҚҚ тоқтаусыз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн:
- газқағарларды және тыныс алу аппараттарын жылы жамылғы қораптарында немесе жауынгерлiк есептiң кабинасында тасымалдау;
- ТОЖҚҚ ажырату және қайта қосуды тек қана жылы бөлмеде немесе өрт автокөлiгiнiң кабинасында жүргізу қажет.
Қатты жел кезiндегi өрттердi сөндiру үшiн:
- сөндiрудi күштi су ағысымен жүргiзу;
- ең аз уақытта жанып жатқан объектіні шет жағынан бастап су ағысымен қамтуды қамтамасыз ету;
- жаңа өрт ошақтарын сөндiру үшiн күштер мен құралдар резервiн құру;
- бекет қою және шолғыншылар жiберу арқылы оларға қажеттi күштер мен құралдар берiп, жел ығына орналасқан объектiлерге бақылауды және қорғауды ұйымдастыру;
- айрықша қауiптi жағдайларда өрттiң негiзгi таралу жолдарында жекелеген құрылымдар мен құрылыстарды бұзып, өртке қарсы тосқауыл орындарын жасау;
- жағдайдың өзгеруiне қарай жеке құрамның, күштер мен құралдардың белсендi қимыл жасауын (шығару, қайта құру және т.б.) оның iшнде желдiң бағытын алдын-ала көздеу қажет.

1.2.2. су жетiспеген жағдайда өрттердi сөндiру
су жетiспеген жағдайда өрттердi сөндiру кезiнде:
- құрылымдарды бөлшектеу және қажеттi тосқауылдар жасау арқылы басқа учаскелердегi өрттi өшiрудi қамтамасыз етiп, оқпанды тек шешушi бағытта ғана берудi ұйымдастыру;
- су қорларын (артезиан су құбырларын, қазандарды, шұңқырларды, құдықтарды, су жиналатын жерлердi және т.б.) анықтау үшiн су көздерiне қосымша барлау жүргiзу;
- өршiген өрттердi сөндiруге теңiз және өзен кемелерiнiң, өрт поездарының, сорғыш станцияларының көмегiмен сондай-ақ өрт машиналарының сорғыштарымен су айдауды ұйымдастыру;
- егер магистралдық жең желiлерiмен су беру мүмкiн болмаған (жеңдердiң, техниканың, өрт автокөлiктерiнiң, су көздерiнiң болмауы) жағдайда, су тасуды өрт автоцистерналарымен, су шашатын және басқа машиналармен қамтамасыз ету;
- оқпандардың үздiксiз iс-қимылын судың тасып жеткiзiлетiн қорларымен, үздiксiз қамтамасыз ететiн есебiне сай қолдану;
- өрт автокөлiктерiн жанар-жағар маймен, от сөндiргiш материалдармен қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
- шағын сыйымдылықты су қоймаларын толтыруды ұйымдастыру;
- егер су қоймасындағы судың деңгейi өрт автокөлiгi насосының тарту мүмкiндiгiнен тым биiкте немесе су қоймаларына жақын келуге мүмкiндiк болмаған жағдайда суды өрт гидроэлеваторларының, мотопомпалардың немесе басқа құралдардың көмегiмен алуды ұйымдастыру;
- үлкен, күрделi және созылмалы өрттердi сөндiру кезiнде уақытша өрт су қоймалары кұрылысын ұйымдастыру;
- суды үнемдi шығындауды қамтамасыз ете отырып, кiшi көлемдi ұшы бар оқпандарды беруге, себетiн оқпан жапқыштарды, ылғалдаушыларды және көбiктi пайдалану;
- су кұбырында қысымды көтерудiң шарасын қолдану, қысым аз болған жағдайда одан су алуды қатты жең жолдары арқылы гидрант кұдық арқылы алу;
- оттың таралуын құрылымдарды бөлшектеу арқылы, жанған заттарды, үйдiң жекелеген құрылымдарын (үйдiң және құрылыстардың), және де қолда бар құралдармен жануды тоқтату қажет. Қыста жанған құрылымдар мен материалдары қармен жабуды ұйымдастыру қажет.

1.2.3. Жеке құрам үшiн ерекше қауiпті жағдайдағы өрттердi сөндiру
Өрттердi сөндiру кезiнде жеке кұрамға:
- КӘУЗ-мен жанасу;
- вирус инфекциясымен жанасу;
- жеке құрамның радиоактивтi сәуле алуы, оның iшiнде радиоктивтi бұлт құрылғанда және радиоактивтi жауын жауғанда;
- жарылатын заттардың, газ және шаң құрамының жарылысы;
- оттың тез таралуы, соның iшiнде технологиялық комуникациялармен таралуы ерекше қауiп төндіреді.
КӘУЗ бар объектілерде өрт шыққан кезде:
- улы заттармен химиялық жұқтыру ошақтың шығуы;
- өрттің тез жайылуы, жарылыстар, сөндіруге болмайтын заттардың түрлі құрамдастарға ыдырауы;
- КӘУЗ-дің желдеткіш жүйелері конвекциялық ағыны бойынша технологиялық және басқа ойықтар арқылы таралуы, сондай-ақ ұлы заттар мен ерітінділердің жайылуы;
- жеке құрамның ұлануы, жауынгерлік киімнің былғануы, өрт техникасының улы заттармен улануы;
- улы жану өнімдерімен қатты тұншығуы мүмкін.
КӘУЗ бар өрттердi сөндiру кезiнде:
- объект әкiмшiлiгiмен және ТЖМ-ң тиісті қызметiмен бiрге объектiдегi химиялық жағдайды бағалау. КӘУЗ-ң атын, мөлшерiн, залалдану ошағының шекарасын, таралу жолдарын (бұлттың биiктiгiн, енiн), атмосфераға таралу мөлшерiн анықтау, жеке құрамның залалданған учаскеде қанша уақыт болуға болатынын және от сөндiргiш заттарды таңдау;
- өрттің көлемі мен жұмыс істейтін бөлімшелердің санына қарамастан өрттегі жедел штаб құру, жағдайды жедел айқындау және өрт сөндіру мәселелері бойынша кеңес алу үшін, оның құрамына объектінің бас мамандарын, химиктерін енгізу;
- алғашқы медициналық пунктті ұйымдастыру;
- улы газдардың таралу аймағын тоқтату, керектi мөлшерде су ашатын оқпандарды пайдалану;
- өрт автокөлiктерiн орналастырғанда, олардың залалданған аймаққа түсiрмеу;
- залалданған аймақтағы өрттi сөндiруге жеке құрамның аз санын қатыстырып, оларды жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз ету;
- судың белгiленген жерге ағуын ұйымдастыру және адамдар мен малдардың уланған сумен улануының алдын алуға байланысты шаралар қабылдау;
- залалдану қаупi бар аймақтан адамдарды көшiру. Қажет болғанда полиция нарядын тартып жақын орналасқан ғимараттардан, елдi мекендерден тұрғындарды көшiрудi жүргiзу.
КӘУЗ лақтырындысын (төгіндісін) шектеу және тоқтату, химиялық зақымданудың алдын алу, топырақ пен су көздерінің зақымдануын болдырмау бойынша шаралар;
КӘУЗ лақтырындысын шектеу және тоқтата тұру құбыр өткізгіштердегі крандар мен ысырмаларды жабу, магистралдардағы, сыйымдылықтардағы ойықтарды бандаждардың, қамытардың, ысырмалардың көмегімен бекіту, сұйықтықты авариялық сыйымдылықтан қосалқы сыйымдылыққа ауыстырып құю арқылы жүзеге асырылады. Бұл жұмыстар тасымалдау кезінде авариялық жабдыққа немесе КӘУЗ бар жабдықтарға қызмет көрсететін өнеркәсіп мамандарының басшылығымен және олардың тікелей қатысуымен жүзеге асырылады.
Булану ауданын азайту мақсатында белгілі бір орыннан ағындыны шектеу төгілген заттың орнын қазып, оның жолына кедергі келтірумен, КУӘЗ табиғи тереңдікке (шұңқырлар, орлар, кюветтер) жинаумен, арнайы қақпандарды (шұңқырлар, қазбалар) жабдықтаумен жүзеге асырылады.
Булану жылдамдығын төмендету және оның таралуын шектеу үшін мынадай тәсілдерді қолдну қажет:
- су бүркемесінің көмегімен КӘУЗ бу-газ қоспасын оқшаулау (сіңіру);
- сұйық КӘУЗ шашыраңқы адсорбцион материалдарының (топырақ, құм, керамзит) қабатымен сіңіру;
- сұйық КӘУЗ сумен немесе бейтарап заттардың ерітіндісімен оқшаулау;
- химиялық белсенді реагенттердің ерітінділерімен газсыздандыру (бейтараптау).
Бу-газ қоспасының таралуын шектеу мақсатында оны оқшаулау (сіңіру) КӘУЗ қозғалыс бағында ұсақ дисперсиялық су бүркеу арқылы жүргізілуі мүмкін. КӘУЗ бейтараптандыру үшін суға бейтараптаушы заттар қосылуы мүмкін.
Ұсақ дисперсиялық су бүркемелері кемінде 0,8 МПа су ағысының қысымын қамтамасыз ететін өрт сөндіру мотопомпаларының көмегімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылының мазмұны мен маңыздылығы
Гидравликалық авариялық құтқару құралдарын қолданып, құтқару жұмыстарын жүргізу
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай басқармасының органдарында шешім қабылдау жөнінде информациялық және техникалық қолдау
Өрт сөндіру тактикасы
Өрт тактикасының міндеттері
Халықты және шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау жүйелері
Өртке қарсы қызмет құралдары
Өрт сөндіруді ұйымдастыру
Өртке қарсы қызметті ұйымдастыру және атқару
Өртке қарсы қызметтің күштері
Пәндер