Қауіпсіздік тәртібі мен қорғаныс шаралары



Кіріспе
1 бөлім. Қауіпсіздік, қорғаныс шаралары
1.1. Залалдан сақтандыру және оны азайту жөніндегі шаралар
1.2. Қауіпсіздік тәртібі мен қорғаныс шаралары
2 бөлім. Таудағы өзге қауіптер және сақтық шаралары
2.1. Таудағы өзге қауіптер және сақтық шаралары
2.2. Тастың құлауы
2.3. Мұздың және мұзды түйіршіктің құлауы
2.4. Қар жақтауының құлауы
Қорытынды
Қатпарлы және қатпарлы-кесекті жерлер қыртысынан тұратын таулар кең аумақты алып жатыр (барлық жер бетінің 12%). Олар теңіз деңгейінен бірнеше мыңдаған метрге дейін бектікке және өз шектерінде биіктіктерін кенеттен өзгертіп отыруымен сипатталады. Тау климаты аса суықтығымен ерекшеленеді. Оларға 1 тәулік ішінде ондаған градусқа дейін температураның күрт түсуі ара-райының лезде өзгеруі тән. Әдетте температура әрбір 100 метр сайын шамамен 0,5-0,7 С биіктігінен сайын төмендейді. Тәуліктің күндізгі уақытында тауларда таулы-алқап деп аталатын, етектен тау басына қарай қуалай соғатын жел үздіксіз соғады. Түнде суық ауа массасы тау баурайларымен төмен қарай жылжиды. Температураның күрт өзгеруіне күн радиациясы әсер етеді. Бұл қардың еруін тездетіп көшкіннің жүруіне итермелейді. Таудың таза ауасы күн сәулесін еш кедергісіз өткізеді. Сондықтан күн сәулесі спектрының күлгін және ультракүлгін бөлігі жазықтарға қарағанда тауларда едәуір қарқынды. Температураның күрт өзгеруі белсенді атмосфералық процесстерді тудырады. Жылыған ауа су ауамен араласу арқылы күшті найзағай бұлтының түзілуіне және айтарлықтай көлемдегі жауын шашынның болуына алып келеді.
1. «Азаматтық қорғау саласындағы ақпараттықөәдістемелік материалдар» (№1 (49) шығарылым, 2012)
2. ҚР ТЖ саласындағы заңдары
3. Ұйымдардағы ТЖ және АҚ бойынша сабақтарға арналған оқу құралы (Алматы-2012)
4. АҚ және ТЖ саласындағы басшы құрамның біліктілігін арттырудың Республикалық курстары тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы (Алматы-2011)
5. «Құтқарушы» оқу құралы (I кітап) (Алматы-2009)
6. «Құтқарушы» оқу құралы (II кітап) (Алматы-2009)
7. «Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туралы» ҚР заңы, 05.07.1996.
8. ТЖ жүйесінде қолданылатын орысша-қазақша терминдер сөздігі. Алматы – 2004.
9. ТЖ және АҚ мәселелері бойынша басшылық құрамды даярлауға арналған материалдар жинағы. ҚР ТЖ жөніндегі агенттігі. Алматы қ., 2003. 124 бет.
10. ҚР «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңы. 07.05.1997 ж.
11. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық. Алматы, 2000 ж.
АҚ қорғаныс ғимараттарын бейбіт және соғыс уақыттарында пайдалану жөніндегі нұсқаулық. Алматы, 2000 ж.

Жоспары

Кіріспе
1 бөлім. Қауіпсіздік, қорғаныс шаралары
1.1. Залалдан сақтандыру және оны азайту жөніндегі шаралар
1.2. Қауіпсіздік тәртібі мен қорғаныс шаралары
2 бөлім. Таудағы өзге қауіптер және сақтық шаралары
2.1. Таудағы өзге қауіптер және сақтық шаралары
2.2. Тастың құлауы
2.3. Мұздың және мұзды түйіршіктің құлауы
2.4. Қар жақтауының құлауы
Қорытынды

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 бөлім. Қауіпсіздік, қорғаныс шаралары
1.1. Залалдан сақтандыру және оны азайту жөніндегі шаралар ... ... ... ... ... ..7
1.2. Қауіпсіздік тәртібі мен қорғаныс шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12
2 бөлім. Таудағы өзге қауіптер және сақтық шаралары
2.1. Таудағы өзге қауіптер және сақтық шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2. Тастың құлауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .18
2.3. Мұздың және мұзды түйіршіктің құлауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.4. Қар жақтауының құлауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...24
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қатпарлы және қатпарлы-кесекті жерлер қыртысынан тұратын таулар кең аумақты алып жатыр (барлық жер бетінің 12%). Олар теңіз деңгейінен бірнеше мыңдаған метрге дейін бектікке және өз шектерінде биіктіктерін кенеттен өзгертіп отыруымен сипатталады. Тау климаты аса суықтығымен ерекшеленеді. Оларға 1 тәулік ішінде ондаған градусқа дейін температураның күрт түсуі ара-райының лезде өзгеруі тән. Әдетте температура әрбір 100 метр сайын шамамен 0,5-0,7 С биіктігінен сайын төмендейді. Тәуліктің күндізгі уақытында тауларда таулы-алқап деп аталатын, етектен тау басына қарай қуалай соғатын жел үздіксіз соғады. Түнде суық ауа массасы тау баурайларымен төмен қарай жылжиды. Температураның күрт өзгеруіне күн радиациясы әсер етеді. Бұл қардың еруін тездетіп көшкіннің жүруіне итермелейді. Таудың таза ауасы күн сәулесін еш кедергісіз өткізеді. Сондықтан күн сәулесі спектрының күлгін және ультракүлгін бөлігі жазықтарға қарағанда тауларда едәуір қарқынды. Температураның күрт өзгеруі белсенді атмосфералық процесстерді тудырады. Жылыған ауа су ауамен араласу арқылы күшті найзағай бұлтының түзілуіне және айтарлықтай көлемдегі жауын шашынның болуына алып келеді. Үнемі ауысып тұратын температура мен дымқылдық тауды бұзады және олар жайлап опырылып, көшкін, тас құлаулар түрінде төмен қарай сырқиды. Биіктік көтерілген сайын атмосфералық қысым төмендейді да ауада оттектің парциальді қысымы азаяды. 5500 метр биіктіктегі атмосфералық қысым теңіз деңгейінен екі есе аз. Адам өмірі үшін таулар ерекше қауіпті табиғи ландшафтардың бірі болып саналады. Таудағы қауіптілік екі топқа бөлінеді: объективтік, таудың өзінің табиғатымен байланысты және субъективті, негізінде адамның даралы қасиеті жатады. Таудағы табиғи қауіптілікке таудың бет-бедері, суық, қатты жел, тұман, қарлы-мұз жабулар, көшкіндер, тас құлаулар, жартастар, қарлы күнқағарлар, мұздар, құздар, тау өлдері, тау қуыстары, тау ернеулері жатады.
Таудағы жеке қауіп-қатерлерге қауіпті білмеу, жағдайды қате бағалау, дайындық деңгейінің жеткіліксіздігі, зорығу, қате қозғалыстар, қауіптілікті елімеу, жабдықтар мен саймандардың болмауы немесе дұрыс қолданбау, өзінің мүмкіндіктерін асыра көрсету, келіспей әрекет етушілік. Тауда қауіптің көбі спорт түрімен айналысатын яғни тосқауылдарды игеретін адамдарға төңеді, өйткені олардың басты мақсаты кедергіні жеңу болып табылады, ал туәекел-әрекетке түрткі болатын басты себептің бірі. Адамдардың бұл санатына альпинисттер, тау туристтері, спелелогтар, таушаңғышылары, тау көлдері бойынша жүзу құралдарымен жүретін саяхатшылар (байдаркалар, салдар, үрлемелі қайықтар) жатады. Ұйымдастырылмаған және дайндалмаған турист топтарына үлкен қауіп-қатер төнеді. Соынмен қатар тауда әртүрлі жұмыс істеп жүрген адамдар да: геологтар, карта сызушылар, құтқарушылар, туристтік базалар мен альпинисттер лагеріне қызмет көрсетіп жүрген қызметкерлер құрамы, сонымен қатар тауда үнемі немесе уақытша тұратын адамдар (жергеілікті тұрғындары, демалушылар және т.б.) қауіпті жағдайда тап болуы мүмкін таудағы адамдардың қауіпсіздігін жоғарлату үшін өткізілетін барлық шараларға қарамастан таулы жерлерде болатын ТЖ саны, жоғарғы деңгейде тұрақты қалып отыр.
Таудағы ТЖ негізі болып: үсіп қалу (қатып қалу), құздан, мұзшыңдардан, беткейлерден құлау, кешкінге, тас құлауларына, опырылымдарға, тау көлдеріне, жартастарға түсу, өз бетінше қозғалу мүмкіндігі болмау, бағыттан ауытқып кету метеорологиялық факторлардың әсері, арқандарға іленіп қалу, адамдардың тау үңгірлерінде қалып қалуы, тау шаңғы жолындағы жарақаттар, арқанды-кресло жолдарындағы авариялар, техникалардың (автомобильдер, ұшақтар, тік ұшақтар) құлауы. Таудың өзінен тән өзгеше ерекшеліктері ІҚЖ қатысып жүрген құтқарушыларға жоғары талап қояды. Олар: - тауды және мұндай жағдайда жұмыстың ерекшелігін білуге, жоғары біліктілте боліға, биік тау жағдайындағы жұмысқа бейім болуға, тауға арналған және тау құтқару жабдықтарының пайдалана білуге іздеу әдістерін жетік меңгеруге және зардап шеккендерге көмек көрсету тәсілдерін білуге; - жақсы физикалық дайндықта болуға, аса төзімді де сабырлы және жұмысқа қабілетті болуға, жүйке жүйесі мықты және байсалды, салмақты болуға, рекцияның жеткілікті дәрежедегі жылдамдығына; - жағдайдың, қауіп-қатердің дәрежесін дұрыс бағалай білуге тау жағы дайында аман қалуға; - парыз бен жауапкершілік сезімін сезіне білу міндетті.
Тауда ІҚЖ ұйымдастырумен жүргізудің басты қағидаты дара басшылық қиғидаты болып табылады. Ол жұмыстың жүруіне жауап беретін команда жетекшісінің бұйрығын бұлжытпай орындауға негізделген. Құтқару жасағының құрамы және оның жетекшісі біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі ескеріліп алынады. ІҚЖ қаншалықты күрделі де қауіпті болса, жетекшілер мен құтқарушылардың біліктілігі де соншалықты жоғары болуы керек.
Жабдықтар мен саймандар нақты жағдайға байланысты таңдалады. ІҚЖ сәтті болуы қтқарушылардың материалдық-техникалармен жабдықталуына тікелей байланысты. Байланыс құралдары өзінің ұйғарылған қызметіне барынша сәйкес келетіндей болып таңдалуы тиіс. Алыс қашықтықта байланысты қамтамасыз ету үшін стационарлы радиостанцияларды, алткелей жұмыс орнындағы байланысты жүргізу үшін тасымалданатын радиостанцияаларды қолданылады. Радиотәртіпті эфирде ұстау үшін барлық келіс сөздер қысқа, айқын және анық болу керек. Құтқарушылардың жабдықтануына жарық және дабылдың дыбыстық құралдары-ракеталар, фонарлар, дабылдар, ысқырықтар кіру қажет. Қажетті ақпаратты алуға, (жол туралы анықтама, метеорогиялық мәліметтер мен болжам алу және т.б.) өкіметтің жергілікті органдарының әкімшілік көмегі, басқа ұйымдрмен өзара әрекеттесу мәселелеріне ІҚЖ көлікпен (өздерінің көліктері болмаған кезде) қамтамасыз ету жатады. Таудағы ІҚЖ-на туристтер, тау шаңғышылары, спелеогтар, әскери қызметкерлер, және жергілікті тұрғындар араласуы мүмкін. Әдетте оларға арнайы керек-жарақпен қамтамасыз ету мен физикалық дайындықты талап етпейтін болмашы міндеттер жүктеледі
1 бөлім. Қауіпсіздік, қорғаныс шаралары
1.1. Залалдан сақтандыру және оны азайту жөніндегі шаралар
Елді мекендегі тасқын кезіндегі қауіпсіздік көп жағдайда оның алдында жүргізілген сақтандыру жұмыстарымен қамтамасыз етіледі.
Республика аумағындағы көптеген тасқындардың тасқын судан болатындығы белгілі болып отыр. Ескерту жұмыстарының тұтас жүйесі бар: судың басуы күтілетін аумақтағы тасқын судың арнасын бұру; су қоймасы, бөгет, тосқауыл тұрғызу, жағаны биіктету және су түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу, ғимараттар мен үйжайларды судан оқшауландыру қондырғысын қою, қысқа бұталы ағаштар отырғызу, жүзу және құтқару құралдарын жасау және даярлау.
Қар көшкіні
Мыңдаған адамдар табиғаттың керемет көріністерін тамашалау, күн сәулесіне қыздырыну, таза ауамен тыныстау үшін қыста тауға көтеріледі. Мысалы, сенбі және жексенбі күндері Медеу мұз айдыны мен Шымбұлақ тау шаңғысы базасына 10 мыңға дейін адам барады. Мыңдаған тәжірибесіз және ебдейсіз адамдар ақ өліммен - қар көшкінімен кездесіп қалу ықтималдығы туралы ойламайды.
Жүздеген елді мекендер, мыңдаған қашарлар тау бөктерлерінде Қазақстанның таулы жоталарындағы қар көшкіні қауіпті бар аудандарда орналасқан. Жарты жылдан астам уақыт бойы малшылар малды биік таудағы жайылымда - жайлауда жаяды. Тауда ағаштар кесіледі, геологтар жұмыс істейді, жылдың кез келген уақытында әртүрлі қызмет мамандары бақылау жүргізеді, альпинистер шыңдарға өрмелейді. Тауға барған кез келген адам қысқы кезеңдегі таудағы қауіпті, барлық адам сақутаға тиіс сақтық шараларын білуге міндетті.
Қазақстанда адамдар көшкінмен тек олар тауда қыстың салқын кезінде ғана кездесуі мүмкін. Алайда шыңдар мен асуларға альпинисттер мен тау туристтері бұған жыл бойы даяр болуға тиіс.
Тау құмарлар ұшырайтын барлық бақытсыз оқиғалар үлесінің 20 пайызға жуығы көкіндер еншісінде. Олар бағытты және қозғалыс уақытын дұрыс таңдай білмеуден, көшкін қауіпі бар жартастан ебдейсіз өтуден және көшкіннің пайда болу табиғаты туралы бөлімнің жоқтығынан, тәртіптің бұзылуынан туындайды.
Табиғатта қар көшкіні сияқты пайда болу ерекшелігі осыншама таңқаларлық басқа зілзала түрін кездзестіру екіталай. Олар қар жауған, күн жылыған, күшті жел соққан кезде күннің ұзақ түсуінен, ауа температурасының күрт өзгерісінен, жер сілкінісінен және бір қатар өзге де құбылыстар салдарынан құлдилайды. Оның пайда болу шартының осындай кең уақымы оның көшуін болжауда үлкен қиындық келтіреді.
Көшкіннің аса кең тараған ғылыми анықтамасы мынадай: бұл тік тау құздарында пайда болатын және қозғалатын қар үйіндісі. Тоқтаған көшкін қар төбешігіне айналады.
Тауға барған барлық адам кез келген тау ауданындағы көшкін қауіпінің негізгі белгілерін білуге тиіс:
1. Бұрынғы қардың беті. Бұрынғы қар топырақтың барлық қуысын бітейді, бұталарды иеді, көшкіннің сырғанауына ыңғайлы тегіс еңіс биіктікті құрайды. Осындай төсемелік 20 сантиметр жеткілікті. Ал бұталар өскен немесе ірі шөгінді жатқан баурайда көшкін жылжу ушін биіктігі 1 дейінгі қар қабаты қажет. Негізгі қағида - бұрынғы жақан қардың биіктігі үлкен болған сайын көшкіннің жылжу ықтималдығы арта түседі.
2. Төсемелік беттің күйі. Бірнеше түрі кездеседі: тасты, қарлы, мұзды, шөпті. Қалың бұтаның, тау орманының, ірі кесекті шөгіндінің қарды ұстау пәрмені жалпы белгілі. Ұзақ шөгінді қардың төменгі қабатының босауына және оның топырақпен түйісуіне ықпал етеді. Алайда мұздақтың үстінгі бетінде көшкіннің сырғуы үшін аса қолайлы жағдай жасалады.
Егер бұрыңғы қардың беті қатты желдің әсерінен шұрқ-шұрқ болса баурайдағы жаңа қарды ұстайды және көшкіннің пайда болу ықтималдығы азаяды. Жылымықтан кейін бұрыңғы қарда жұқа мұз қабығы пайда болып, оны мен жаңа түскен қардың қабысуы әдеттегідей, әлсіз болады.
3. Жаңа түскен қардың биіктігі. Қардың жаууынанқардың биіктеуі 25-30 сантиметр аралығында, ол әдеттегідей, көшкіннің сырғуына алып келеді.
4. Жаңа түскен қардың түрі. Ол қар кристалдарының пішінімен анықталады. Ұлпа қар жұлдызша тәрізді болып келеді, баяу отырады және құрғақ көшкіннің сырғуына ыңғайлы отыру мен нығыздалуға бейімділігінен қар жамасы мұздақ пен ылғал араласқан жаңа түскен қар сияқты қар тақтайшасын құрап, көшкіннің пайда болуына қызмет етеді.
Қар жауған кезде немесе тоқтағаннан кейін қардың тығыз бумалы қабатына қарағанда өзара түйісетін шағын алаңы бар қар күртігінен тұратын қар қабатынан көшкін жиірек пайда болады.
5. Қардың жауу жиілігі. Ол уақыт бірлігінде түскен қар мөлшерімен анықталады. 2-3 күн бойында қардың қалыңдығының 50 сантиметрге дейін жетуі көшкінін туғызбайды, алайда осындай мөлшер 10-12 сағатта жауатын болса, онда апат ауылы жақындай түседі. Өйткені қар қалыңдығының биіктігі тез ұлғаятындықтан, отыра түседі, ол тұрақсызданып, сырғауға икемделеді.
6. Қардың отыруы қар жамылғысының тұрақтануына әкеледі. Бұл процесстің жылдамдығы ноль градус кезінде баяу өтеді. Егер қар осылайша жылдам отырса, қар қалың жауғанның өзінде де көшкін қауіпі туындамайды. Әдетте жаңа түскен қардың 15-20 пайызға және одан артығырақ отыруы оның баурайдағы тұрақтылығының артуын айғақтайды.
7. Желдің жалдамдығы. Секундына 7-8 метр жылдамдықпен соғатын жел қар тақтайшасында көшкіннің пайда болуына бірден бір себеп болып табылады. Тақтайша астындағы қардың құрт отыруы көшкіннің сырғу қауіпін күрт аттырады. Сондықтан да ең жақсысы қатты жел соғып тұрған кезде тауға шықпаған дұрыс.
8. Ауа температурасы. Оның көтерілуі қар қалыңдығының отыруына әкеледі және оның тұрақтылығына ықпал етеді, алайда көктемде ылғалы көшкіннің пайда болуына айтарлықтай ықпал етеді. Іле Алатауында наурыз айында қатты күн радиациясы қардың жоғары қаьатын ерітеді. Ағынды су қар қалыңдығына жылдам бойлайды және оны еріту нүктесіне дейін, яғни ноль градусқа дейін жылытады. Соның нәтижесінде жамылғысының беріктігі жылдам әлсірей түседі. Сөйтіп, қар жамылғысындағы су май рөлін атқарып ылғалды қардан көшкіннің сырғуын оңайлатады.
Қар жамылғысы, әсіресе, сәуле тарау есебінен жылу шығыны азаятын тұманды немесе бұлтты көктем күндері суға қатты толады. Мұндай жағдайдағы ылғалды көшкіннің сырғу қауіпі өте күшті. Есіңізде болсын, таңертеңгі берік, адамды көтеретін мұз қабыршығының күн бойында көшкін қауіпінің болмайтындығына айғақ бола алмайды.
Тауда болған кезде қоршаған ортаға мұқият қарап, кездескен жануарлардың мінез-құлқын өте дұрыс бағамдаған жөн (тау ешкілері қар көшкіннің алдын ала сезіп, қауіпті аймақтан тезірек кетуге тырысады) және барлық мүмкін, алайда қауіпсіз тәсілмен баурайдағы қардың беріктігін тексеру қажет. 15 градустан тігірек баурайдағы көшкін қауіпі өте анық білінеді, алайда бұдан да жайпағырақ баурайларда да көшкіннің болғандығы белгілі. Баурай тік болған сайын көшкін қауіпі күшейе түседі. Алайда 50 градустан тігірек баурайлар іс жүзінде қауіпсіз, өйткені қар жамылғысы тұрақтай алмайды, қар жауған сайын дүркін-дүркін аз мөлшерде сырғып отырады.
Іле Алатауында қыста баратындарға мынадай ақыл-кеңес беруге болады:
-қысқы жорықтар мен шыңға өрмелеу үшін желтоқсан-ақпан айларының бойы қауіпсіз болып табылады. Бұл уақытта жауын-шашын сирек болады. Қар жамылғысының биіктігі соншалықты емес. Жаяу соқпақ пен автожол орналасқан жазық етегіне дейін жететін үлкен көлемдегі көшкін сырғуы сирек байқалады.
-1600-3500 метр аумақтағы көшкіннің қаурыт белсенділігі наурыз-сәуір айларында байқалады, бұл жылдың суық мезгілі үшін жауын-шашынның көп болуына байланысты. Қар қалың кезде жылдың осы мерзімінде тауға мүлдем бармаған жөн.
- 3500 метрден жоғары орналасқан аймақтағы көшкіннің үлкен белсенділігі жылдың-жылы мерзіміне тиесілі (мамыр-маусым). Шыңға өрмелеу мен тауға қолайлы уақыт - тамыз-құркүйек. Бұл айларда 4000 мың метр биіктіктегі қар жамылғысы да мардымсыз.
- жаттығулар мен тау шаңғыларының жарысы үшін жеткілікті 2000-3000 метр аймақтығы қар жамылғысы қарашаның аяғы - желтоқсанның басында орнығады және сәуірдің ортасына дейін сақталады

1.2. Қауіпсіздік тәртібі мен қорғаныс шаралары
Қыста тауға барған кездегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі қағидалар мынадай:
1. Көшкін апатының мәліметтері адамдар құрбандықтары алып келген оқиғалардың барлығы дерлік олардың өз бейғамдығынан болғандығын көрсетеді. Автомобиль немесе жүргіншілер сүрлеуімен жүріп келе жатқан тосын ештене күтпеген адамдардың көшкінге тап болу оқиғасы өте сирек кездеседі. Көшкіннің сырғуы оның қозғалысының үлкен жылдамдығына орай секундпен өлшенеді. Адамның бұл сәтте қауіпсіз жерге жетіп улгеруі екіталай. Бұдан шығатын қорытынды: қарлы тік бурайға шықпаңыз жолмен және тапталған соқпақпен ғана жүріңіз.
2. Қар қатты жауғаннан кейін көшкін түсуін немесе қардың отыруын күте тұра, тауға баруды 2-3 күнге шегерген дұрыс.
3. Күн жылынып, қар еріген кезде тауға мүлдем бармаған жөн.
4. Қозғалыс кезінде тәулік уақытын ескеру қажет. Көктемде көшкін қауіпі қар ылғалданып, баурайдан оңай суситын тал түсте байқалады.
5. Қар жауғаннан кейін немесе бұрқасыннан кейін тік қарлы баурайлар қиылысынан аулағырақ жүру ұсынылады, сондай-ақ олардың ирегінен өтуге және қар жақтаушасын басуға болмайды. Бұл жағдайда судың тарылу бойымен ғана көтерілуге немесе төмен түсуге болады. Егер аяқтың астынан қардың отыруынан шу естілсе, қозғалысты бірден тоқтату қажет.
Бұта, қалың орман басқан ірі тастар көрініп жатқан баурайлар салыстырмалы жағдайда қауіпсіз.
6. Түнейтін орындарды дұрыс анықтау өте маңызды. Мұнда жазықтағы екі баурайдың да көшін қауіптілігі ескерілуге тиіс. Бағытты жоспарлаған уақытта, негізгі бағытта қауіпті учаскелердің кездесіп қалу ықтималдығын ескере отырып, міндетті түрде қосымша нұсқаны межелеген жөн. Мұндай жағдайда жорықты тоқтатпай және қауіп-қатерге бас тікпей қауіпсіз жолды таңдау қажет. Қозғалыс кезінде көшкін қауіпі бар орындарға аялдауға жол беруге болмайды.
7. Тауға еш уақытта жалғыз бармаңыз! Топпен қауіпке бір сәтте ұшырап қалмайтындай ретпен қозғалу керек.
Осы тәртіптерді сақтамаудан болған қайғылы оқиғаларда біршама.
Шұғыл жұмыстар үшін көшкін қауіпі мерзімінде тауға, атап айтқанда, құтқару жұмысына бару қажеттілігі кезінде жоғарыда аталған тәртіптерді басшылыққа алу керек.
Қажет жағдайда тік қар баурайын оның аса биік бөлігінен немесе жартас жанындағы тар жерінен төменге қарай бағытталған тұсынан өткен жөн. Бұл баурайды әлсіз сілкіндіреді. Одан бір-бірден, сақтандыру арқанының ұзындығын пайдалана отыра өту керек, бұл жағдайда шаңғыны шешіп, қолдың шашағын шаңғы таяғының немесе мұз жарғыштың ілегінен босатқан жөн. Төптың жекелеген мүшелері арасындағы қатшықтық кемінде 20-30 метр болуға тиіс. Топтағы барлық қатысушылардың узындығы 20-30 метр белге байланатын, көрнекті боялған көшкін бауы болуға және екі-екіден негізгі арқанға байлануға тиіс. Егер көшкін аяқ астынан жүріп кетсе де, оған бүкіл топ түспейді, сонымен қатар сақтандыру арқаның құлағын сәтте қандай да бір кедергіге іліктіруге болады. Арқан тарту құлаған кезде зардап шегушіге қар үстінде қалуға үлкен мүмкіндік береді.
Топ мүшелерінің бірі қауіпті орында қалған сәтте қалғандары оны мұқият бақылап, қажет кезінде айқайлап дем берулері тиіс.

Көшкін қауіпі бар баурайдан өтетін әрбір адам мына әрекеттерге дайын болуға тиіс:
1. Көшкін сырғанаған кезде бірінші кезекте мұзжарғыштан, жолқаптан, таяқ пен шаңғыдан босану қажет, өйткені олар қарды өзіне қарай тартады.
2. Шаңтәріздес көшкінге тап болған кезде (құрғақ қар) мұрын мен ауызды қар шаңынан түншықпас үшін бөкебаймен немесе орамалмен жабу керек.
3. Бірден көшкіннің шетіне шығуға және негізгі қар массасын өткізіп жіберуге әрекеттену қажет.
4. Барлық қолдан келген әдіспен қар бетінде қалуға тырысқан жөн (аяқпен қолдың қозғалысы).
5. Егер көшкін Сізді басыңыздан аса басып қалса, ол тоқтағанға дейін аяқты ішке бүгіп, басты ерсілі-қарсылы сермеп дем алуға болатындай бет төңірегінде үлкен қуыс жасау керек.
6. Көшкін тоқтағаннан кейін жоғары жақ пен төменгі туыстың қайда екендігін анықтау керек (сілекей ауыздан төмен қарай ағады).
7. Көшкін үстінде айғайлау пайдасыз. Бұл тек күш пен ауаны шығындайды. Құтқарушылар дауысын естігенде ғана айқайлауға болады. Тыныштық сақтап, ұйқыға бой алдырмаңыз. Тыныстау үшін қажетті ауаның қардың арасынан өтетіндігін ұмытпаған жөн. Көшкін астында қалғандарды он бір күннен кейін тапқан оқиғалар да белгілі. Алайда көшкін басқан адам бетінің төңірегінде тыныс алу кезінде ыстық демнен еріген қар еріп мұз түйіріне айналады.
Сондықтан қар астындағы адамды одан мүмкіндігінше жылдам шығарып алуға тырысу керек.
Көшкін тоқтағаннан кейін оның астында қалған адамның серіктері:
oo Қайта көшкін қауіпінің жоқтығына көз жеткізу қажет. Баурайдың үстіңгі жағын қарауды бір адамға тапсырып, қалғандары кешіктірмей көшкінде жоғалған жолдасының жоғалу нүктесін белгілуеі қажет. Кейін іздеу үшін бағдар болуы мүмкін.
oo Бұдан кейін зардап шегушіні немесе іздеу үшін бағдар болуы мүмкін қандай да бір затты табу үмітімен осы нүктенің төменгі жағындағы көшкін конусын мұқият қарау қажет. Қар астында қалушының, әдетте жоғалу нүктесі мен оның дүниесінен табылған ең жеңіл заттары жатқан жердің астында болатындығын ескерген жөн.
oo Егер өз күшімен зардап шегушіні табу мүмкін болмаса, құтқару отрядын шақыру қажет. Оған қатысушылар тосын ауа-райы жағдайындағы ұзақ жұмысқа әрдайым дайын болуға тиіс.

Бұдан әрі іздеу тәртібі:
Егер бақытыздықтың тікелей куәгері жоқ болса, оның орналасқан жері тау бедерінің пішініне, көшкін түріне, оның сырғу бағытына орай анықталады. Тік жыралы баурайларда ең алдымен террассаларды тексереді, өйткені көптеген жайпақ учаскелерде көшкін жылдамдығы азаяды және онда көп қар қалады. Егер көшкін жолында некенаяқ ағаш, жартасқа шыға беріс жол болса, зардап шегуі осы кедергілерде аялдауы мүмкін.
Қозғалыс жалдамдығы 160 шақырымнан асатын құрғақ, ұлпа қарлы көшкінге тап болған адам оның екпінімен шетке шығып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда көшкін конусы алдындағы кеңістікті іздестіру қажет.
Іздеу аймағы анықталмағаннан кейін бұрғылауға кіріседі. Көшкін бұрғысы српімді металл шеңберден тұратын бірнеше айналмалы секциядан тұрады.
Бірінші кезекте бұрғылау жүргізіледі. Құтқарушылар бір-бірімен қашықтықты сақтай отыра, баурайдың алдына келіп тұрады және бұрғының қалыңдығы 3 метр қарға енгізеді. Одан кейін баурай бойынша 70 сантиметрге көтереді және осы бағыт бойынша іздеуді жалғастырады. Осындай әдіспен зардап шегушіні жылдам табу ықтималдығы 70 пайызды құрайды.
Егер мұндай екі мәрте операция нәтиже бермесе, әрбір 25 сантиметр сайын мұқият бұрғылауға көшеді. Бұл кезде құтқарушылар арасындағы қащықтық 30 сантиметр болуға тиіс. Егер бұрғы қардың тереңдігінен топыраққа жетпесе онда бойлама (баурай бойынша жоғарыдан төмен) траншея қазылады.
Іздеу жұмыстары зардап шегуші табылғанға дейін жалғасады. Оның жатқан жері белгілі болысымен қазу басталады.
Әуелі жылдам қазуға болады, бұдан кейін күрекпен зақымдамас үшін сақ болу керек. Зардап шегушіні қазып алған бойда оның беті төңірегінде бос кеңістіктің бар-жоғын, қарға жабыспағандығын анықтап алу керек. Екінші жағдайда құтқару мүмкіндігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Облыстың аумағындағы ықтимал авариялар мен апаттар, дүлей зілзалалар және олардың халық пен ұйымдар үшін салдары
Тіршіліктің қауіпсіздік негіздері
Алғашқы әскери дайындық оқу бағдарламасы
Жедел-іздестіру
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалану кезiнде еңбек қорғау және қауiпсiздiк техникасының ережелерi
Ақпаратты қорғау жүйелерінің талаптары
Өмір-тіршілік туралы курстың мақсаты және мазмұны
Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау
Өнеркәсіп қауіпсіздігін басқару жүйесі
ҚР негізгі заңдары, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысындағы нормативтік заңдар Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы қорғану шаралары
Пәндер