Қызылорда облысы өртке қарсы қызметінің тарихы



I Кіріспе
II Негізгі бөлім. Қызылорда облысы өртке қарсы қызметінің тарихы
1. Өртке қарсы қызметінің тарихы
2. Ерте сөнген шырақтар
3. Тарихи сәті
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Біздің бұл еңбегімізде Қызылорда облысы аймағындағы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің профилактикалық, тактикалық, техникалық жұмыстары жайлы деректеріне баса назар аударылған.
Ол орынды да, себебі бұл еңбек әр бағытты қамтитын көлемді әдеби шығарма емес, тек белгілі дәрежедегі кәсіби өрт сөндіруші мамандарының өмірінен естелік.
Негізгі мақсатта қызмет етіп, көзбен көрген, өрт сөндірушілердің жанқиярлық еңюектерін, әсіресе әскерлендірілген 1981 жылдан бергі өрттен қорғау саласындағы кезеңнен бастап, жиырма жылға жуық уақыт аралығындағы қызметкерлердің ауқымды өрттерді ауыздықтауға бағытталған ерен еңбектерін баяндау мұрат тұтылды.
Ұзақ жылғы, қаншама уақыт өтсе де, ұмытылуға тиіс емес, көнекөз ардагерлердің естеліктері, оқиғалары қамтылды.
Бұл жазылған кітапшаға әртүрлі пікірдегі сыншылар да табылар. Ол дұрыс та. Себебі қандай да бір еңбек өзінің толықтырылуымен, жаңартылуымен ұрпақтан-ұрпаққа жететін кәміл.
1. «Азаматтық қорғау саласындағы ақпараттықөәдістемелік материалдар» (№1 (49) шығарылым, 2012)
2. ҚР ТЖ саласындағы заңдары
3. Ұйымдардағы ТЖ және АҚ бойынша сабақтарға арналған оқу құралы (Алматы-2012)

Жоспары

I Кіріспе
II Негізгі бөлім. Қызылорда облысы өртке қарсы қызметінің тарихы
1. Өртке қарсы қызметінің тарихы
2. Ерте сөнген шырақтар
3. Тарихи сәті
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Біздің бұл еңбегімізде Қызылорда облысы аймағындағы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің профилактикалық, тактикалық, техникалық жұмыстары жайлы деректеріне баса назар аударылған.
Ол орынды да, себебі бұл еңбек әр бағытты қамтитын көлемді әдеби шығарма емес, тек белгілі дәрежедегі кәсіби өрт сөндіруші мамандарының өмірінен естелік.
Негізгі мақсатта қызмет етіп, көзбен көрген, өрт сөндірушілердің жанқиярлық еңюектерін, әсіресе әскерлендірілген 1981 жылдан бергі өрттен қорғау саласындағы кезеңнен бастап, жиырма жылға жуық уақыт аралығындағы қызметкерлердің ауқымды өрттерді ауыздықтауға бағытталған ерен еңбектерін баяндау мұрат тұтылды.
Ұзақ жылғы, қаншама уақыт өтсе де, ұмытылуға тиіс емес, көнекөз ардагерлердің естеліктері, оқиғалары қамтылды.
Бұл жазылған кітапшаға әртүрлі пікірдегі сыншылар да табылар. Ол дұрыс та. Себебі қандай да бір еңбек өзінің толықтырылуымен, жаңартылуымен ұрпақтан-ұрпаққа жететін кәміл.
Бұрын республика көлемінде өрттен қорғау саласына арнап жазылған, басшылыққа алар арнаулы кітаптардың болмауы (жеке мақала, әңгіме болмаса( бұл еңбектің жазылуына елеулі қиындықтар туығызғаны рас.
Естелік өзімізге ілесіп келе жатқан ұрпақтың жетістіктерімізден үлгі алып, кейінгілерге ғибрат болар із қалдырып, жалғастырып жатса, біздің үмітіміздің ақталғаны. Қарлығаштың қантымен су сепкендей, тілсіз жау - өртті азайтуға септігін тигізгені деп білеміз.

Негізгі бөлім. Қызылорда облысы өртке қарсы қызметінің тарихы
1. Өртке қарсы қызметінің тарихы
Оттың адам игілігіне қызмет етіп келе жатқаны ертеден белгілі. Жылдар өте адам баласы оны орынсыз пайдаланудан зиян шегетінін де сезіне бастады. Келе-келе алып зауыттар мен фабрикалар, көп қымбатты үйлер салынып халық тұтынымына айналды. Әрине, олардың барлығы да өскелең талапқа сай электрмен, газбен қамтамасыз етілді. Ел байлығын сақтайтын небір көлемді қоймалар, техника тұратын бірнеше шаршы метр жерді алып жатқан шеберханалар, автокөлік тұратары, жанар-жағар май сақталатын базалар, тағы басқа үлкен объектілер салынып, іске қосылды.
Әлбетте осыншама ауқымды ғимараттардың барлығы жанбайтын, отқа төзімді заттардан тұрғызылды деп айта алмаймыз, олай болуы мүмкін де емес. Осы ғимараттарда өрт қауіпсіздігі сақталмауы салдарынан өрттер болып, қаншама жылғы жинлаған ел байлығы жалынға оранып, орасан шығынға соқтырып жатты.
Мұндай жағдайда мемлекет тарапынан жедел де жүйелі шара қолданылмаса, өрт қауіпінің орасан зиян шектірері түсінікті еді. Сондай маңызды құжаттың бірі бұрынғы Кеңес Одағы жаңа орнап жатқан кезеңдегі, яғни 1918 жылы сәуір айының 17-сінде Отпен күресудегі мемлекеттік шаралар декреті қабылданып, өрттен қорғау мекемелерінің негізін қалады және осы күн өрт сөндірушілердің кәсіби мерекесі Өрттен қорғау күні болып тарих бетінен орын алды.
Өз алдымызға отау тігіп, егеменді ел болғалы да біздің кәсіби мерекемізді өзгертетіндей заңды құжат өмірге келе қойған жоқ. Сондықтан бұрынғы кәсіби мереке жылмажыл аталып келеді. Қалай дегенде де өлім мен өмір сынға түскен сәттерде күн-түн қатқан отты майдан жауынгерлерінің өз кәсіби мерекесі болуы заңды да, уақыт өткенімен, тарихты өзгерту қиянат та болар еді.
Өрт сөндірушілер қызметі ірі қалаларда өте ертеден басталғанымен, біздің қаламызда ол 1926 жылдың тамыз айында ірге көтергені белгілі. Алғашқыда 10 адамнан тұратын (1 меңгеруші, 2 жүргізуші, 7 өрт сөндіруші) өрт командасын құру жоспарланып, өз жұмыстарын жүргізе бастаған. Әрбір жаңадан ұйымдасқан мекеменің жұмысы бір жүйеге түскенше оңай болмайтыны анық. Ол кезде осы күнгі қуатты өрт сөндіргіш техникалардың болмағаны болса да белгілі.
Өрт сөндірушілердің қолында бары, су құйылған ыдыс тиелген арба, сол суды отқа шашатын қол насосы, басқадай өрт сөндіру құралдары болмаған. Беріректе Берлин-5 шетелдік өрт сөндіргіш автокөлігі алынғанда өрт сөндірушілердің қуанышында шек болмаған шығар.
Әрине, ол кездері қалада ірі кәсіпорындар жоқ, бар болғаны бірді-екілі майда мекемелер мен тұрғындардың мекен-жайлары ғана. Қалай десек те адамдардың ағаттығы салдарынан өрт болып жатты, өрт сөндірушілер техникалары жетімсіз болса да, соларды сөндіруде жанқиярлықпен еңбектенді.
1950 жылдары қаладағы өрт командалары 2 кәсіби өрт бөліміне біріктіріліп, ішкі істер министрлігі құрамына алынды, оған дейін өрт командалары қалалақ коммуналды шаруашылығы қарамағында еді. Оқырманға түсінікті болу үшін өрт бөлімдері әскерлендірілген 1981 жылға дейін өрт командалары басшыларының кәсіби, яғни әскери шенсіз кісілер болғандығын айта кеткен орынды. Бірақ олардың жұмыстарына жалпы басшылық ішкі істер басқармасы қарамағындағы өрт қадағалау инспекциясы тарапынан жасалды. Бұл дерекнамада өрт бөлімі басшыларының мәліметі қазіргі кездегі 82 жастағы ардагер ағамыз, өрттен қорғау саласында 1952 жылдан 1975 жылы құрметті демалысқа шыққанға дейін еңбек етіп, бір адамдай қажырқайратын осы салаға арнаған Қайрақбаев Бодан ақсақалдың әгімесі негізінде алынғандықтан бүгінгі күнг дейінгі 47 жыл көлеміндегі айғақтардың растығына ешқандай да шүбә келтіруге болмас.
Қандай бір саланың жұмысының алған басуы сол мекеме басшысының бөліміне, кәсіби маман ретіндегі білгілрлігі мен жігеріне, қарамағындағы әрбір қызметкердің өресін жете түсіне білетіндігіне байланысты екеніне ешкім дау айта алмас.
Сондай кісілердің ұйымдастырушылық қабілетінін арқасында өрт ауыздықталып, қаншама адам өмірі, ел байлығы аман алынып қалынды десеңізші. Сондықтан қолдағы деректерге суйене отырып олардың аты-жөндеріне арнайы тоқталу қазіргі көзі тірі ардагерлердің мерейін өсіріп марқайтып, арамызда жоғының әруақтары риза болатыны анық.
Ішкі істер басқармасына қарасты өртті қадағалау инспекциясының алғашқы басшылары: Пиняев, Горохов, Байжұмов Әбілда (1937 жылдары жұмыс істеген), Мырзабеков Смайыл (1949 жылдары), Еркебаев М. (1952-62 жылдары), Страхов, Жақыпов Кенжебай (1956 жылы), өрттен қорғау бөлімі басшылары: Баграмов М. Ғ., Кенжебаев, Синогин А.А., Тобылов Ж.Б., Түйменов И.М.
Кәсіби өрт бөлімі басшылары: Махамбетов Жұман, Ибадуллаев Жүсіп, Сапарходжаев Ыбрай, Көшеров Сәндібай, Үншібаев Тұрсынхан, Жантілеуов Нұрғалы, Жүнісов Н., Аппазов Әбіл, т.б. Аудандық өрт командасының басшылары: Күпмашев Р. (Арал), Қайназаров Қайыпбек (Жаңақорған), Байзақов Нурдин (Шиелі), Айыбытов Қиналбай (Қармақшы), Санин Виктор Семенович (Тереңөзек), Мұсаев Әбдуали (Тасбөгет) еңбектері келешек ұрпақты батылдыққа тәрбиелеуде үлгі өнеге боларлық.
Осы аталған азаматтардың өмір жолы мен өрт сөндірудегі жұмыстары ұшан-теңіз. Сондықтан бұл кісілер жеке-жеке тақырыптың кейіпкері болуға лайық. Қолдағы бар деректерге сүйене отырып, олар жайлы кейінірек жазылар, ал енді Мұсаев Әбдуәлидің өміріне тоқталсақ, себебі өрттен қорғау саласына 30 жылдан астам еңбек жасағандар сиректеу. Бір кездері Кеңес үкіметінің зобалаңынан қаншама қандастарымыз Қытайға кетсе, ондағы жағдайдан соң, алпысыншы жылдары біздерге қоныс аударғаны тарихтан белгілі, қазір ол жайлы ашықтан-ашық айтылып та, жазылып та жатыр. Әбдуәлидің өмір жолы да сондай кезеңге тап келді. 16-17-дегі балаң жігіт көппен бірге ел асып, Қызылорда табанына қоныс тепті. Арқа сүйер ағайын, қамқор болар туыстар жат елде қалды. Бір жақсысы, ол кезде еңбекқор адамға жұмыс табылатын. Әбдуәли жұмыс таңдап жатпады, 1965 жылы тепсе темір үзетін 23 жасында өрт сөндіруші болып жұмысқа орналасты. Осы жұмысында 23 жыл еңбек етті.
Ол кезде облыс көлеміндегі өрт бөлімдерінде кәсіби, яғни әскери емес мамандықтың иелері жұмыс істейтінін тілге тиек еткенбіз.
Қаншама жалдар атқарған адал қызметі бағаланып, 1988 жылы күзет бастығы, өрт депосының бастығы болып бекітіледі. Содан 1995 жылы құрметті демалысқа шыққанға дейін, Тасбөгет, Белкөл өрт бөлімдерінде еңбек етті. Бүгінде ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немерелерінің қызығына бөленіп отыр. Демалысқа шықтым деп қарап отыратын Әбдуәли жоқ, егінін егіп, алпысқа келіп қалса да өзін әлі ширақ сезінеді. Мерекелерде Әбдуәли дайындаған палау мен ұйғыр сорпасының дәмін ұжым қызметкерлері жақсы біледі.
Бұл жерде айтпағымыз қаршадайынан өмірдің ауыр жолдарынан мойымай өтіп, 30 жылдай өрттен қорғау саласына еңбегі сіңген абзал азаматтың келбетін оқырманға жеткізу болды. Қандай бір кезеңдерді бастан кешірсе де, ол еңбекқорлықтың туын жоғары ұстап келеді. Бұл күнде Әбдуәли туыс бауыр, жора-жолдас, құда-жекжаттармен сыйласқан, үлкен бір мәуелі ағаштай қанатын кеңге жайып, күн кешуде.
Облыс экономикасын көтеруге ықпалын тигізген үлкен өндіріс орындары дамыған жылдары қызмет еткен, небір ауқымды тілсіз жауды ауыздықтауға үлес қосып, өртердің өтінде жүріп шынығып, аман-есен құрметті демалысқа шыққан ардагерлеріміздің аттарын атау - азаматтық парыз. Олардың қатарында Наумов Николай Борисовичтің, Ботабаев Шалтақбайдың (марқұм), Қолдасов Сапардың, Кетебаев Ордабайдың, Достанов Рахымжанның (марқұм), Ертаев Еркіннің, Демеуов Бақыттың, Тайбасаров Есентайдың, Қараев Әнуардың, Шонанов Беріктің, Қошқаров Ұзақтың (марқұм), Мұсаев Мұраттың, Қайрақбаев Сламбектің, Ақбалаев Асылбектің, әскерлендіру кезеңі басталғанда байланыс қызметінде мінсіз еңбек еткен Нұржанова Кәмшаттың; Шерімбетова Қарлығаштың (марқұм) аттары өрттен қорғау саласында алтын әріптермен жазылды десе де болады.
Осы арада бір сауал туындауы мүмкін. шығарманың басты кейіпкерлері басшылық құрам, қатардағы өрт сөндірушілердің аттары неге аталмаған - деген сияқты. Ол орынды, дегенмен өртпен бетпе-бет келіп, барлық қауіп қатердің ортасында жүретін олардың ерліктері жайлы сыр шертетін әңгімені сәл кейінге, арнаулы тақырыптың үлесіне қалдырып отырмыз.
Тағы да бір ойдағы жәйтті ескерте кетуге болатын сынайлы. Облыс көлемінде өрттен қорғау саласындағы қызметкерлер бір кездері мыңға тарта адам болды, қысқарту науқанынан кейін соның еңбек етуде. Солардың бәрі де кәсіби мамандықтарын игерген, күнделікті міндеттерін мінсіз атқаратынжандар. Сондықтан бәрінің аттарын шағын еңбекте қамту мүмкін емес.
1972 жылы қалалық ішкі істер бөліміне қарасты өрттен қадағалау инспекциясы құрылды, осы кезеңнен бастап, облыс өрт сөндірушілерінің қатары өрттен қорғау саласының арнаулы оқу орнын бітірген офицердермен толыға түсті.
1981 жылғы наурыз айының 17-інде халық саны 50 мыңнан асатын қалаларда өрт бөлімдері әскерлендірілсін деген Үкімет қаулысына сәйкес қаламыздағы екі кәсіби өрт командасы әскерлендіріліп, өрт сөндірудің қыры мен сырын түйсіну кезеңі басталды. Әрбір жаңа жұмыстың тер төгуді қажет ететіні белгілі, бір жағынан өрт командасы әскери борышын өтеп келген, шыныққан жастармен толықтырылып жатса, екінші жағынан жаңадан майданының жауынгерлерін оқытып, арнаулы құралдарды меңгеруді үйрете отырып, өрт сөндіру ісіндегі ерлік пен батылдыққа, төзімділікке баулыды. Өз ісінің майталман мамадарын дайындау да оңайға түскен жоқ. Жаңадан алынған өрт соөндіргіш автокөлітердің, арнаулы құрал жабдықтардың келуі де сол жылдар үлесінде. Техникалардың ақаусыз жұмыс істеі үшін мамандарының өз ісіне деген білгірлігі қажттілігі - өмір талабы. Қалай дегенмен ер еңбек, қажырлы талпыныс өрт сөндірушілер өміріне тың серпіліс туғыза бастады.
1981 жылғы шілде айында ауылшарушылығы техникасы сақталатын қоймадағы өртте милионнан астам соманың бағалы заттары құтқарылып, өрт іспеттес, көңілдеріне сенім ұялатты.
Бұдан кейін Целлюлоза-картон зауытында, 6-шы электр жлу орталығында, Мұнай қоймасында, Тоқылмайтын маталар, аяқ киім фабрикасында, Электрон дүкенінде болған көлемде өрттерде өрт сөндірішулер жанқиярлық танытып, ел байлығын аман алып қалуға қомақты үлес қосты.
Негізгі міндеттерін мінсіз атқара жүріп, өздеріне жағдай жасауды да бір мезет естен шығармады. Өрт техникаларына арнайы депо, қызметкерлерге тұрғын үй, техника тұрақ жайларын салып, сол кездері бейнетпен біткен ғимараттардың бұл күндері рахатын көруде. Ескі аэропорт аталатын аймақтағы өрт бөлімінің ғимараты, темір жолдың арғы бетіндегі қазіргі 9-шы бөлім, Мерей мөлтек ауданындағы өрт бөлімі, Тасбөгет қыстағындағы өрт депосы, Мерейдегі, Титов қыстағындағы тұрғын үйлер өрт сөндірушілер өміріндегі шаруашылық жұмыстардың нәтижесі екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Облыс аймағындағы аудандардың өрт бөлімдеріне де біршама қол көмегі көрсетілді, Қармақшыдағы өрт депосын тұрғызуға да басқарманың қызметкерлері барып, асарлатып жүріп, ғимараттың тез арада іске қосылуына септігін тигізді. Оған қоса қаладағы қазіргі 11-ші өрт бөлімі алаңынан сауықтыру кешені, өрт сөндірушілерді батылдыққа шынықтыратын спорт жолдары, башня, т.б. жұмыстар қатар атқарылды. 1984, 1989, 1993 жылдары қаламызда өрт қолданбалы спортынан республикалық жарыстардың өткізілуі, біздегі оқып-үйрену базасының жақсы деңгейде екендігін дәлелдеп жатқандай.
Бұл жарыстардың облыс өрт сөндірушілерінің арасынан өрт-қолданбалы спортының айтулы шеберлерінің шығуына үлкен ықпал жасағаны белгілі. Сол кездегі он тоғыз облыстың спортшылары арасынан біздің жігіттердің 6-шы жүлделі орынды иеленіп, табысқа жетуі, сөзіміздің айқын дәлелі. Біздің өрт сөндірушілеріміз (бұл сөздің офицер, сержант, болмаса қатардағы қызметкер деп отырмау үшін айтылатынын ескертеміз, арнаулы бір жайды баяндауда, болмаса бірлігі мен тірлігі бір ұжым қызметкерлеріне жалпы алғанда осы ұғым тиімді сияқты) басқа да спорт түрлерінен (волейбол, шахмат, т.б.) облыстық жарыстарға қатысып, ұжымның атын талай биіктерге көтерді.
Енді өрттен қорғау саласының тікелей жұмыстарына назар аудара отырып, әрқайсысына бөлек-бөлек сипаттама берейік. Алғашқыда өрттен қорғау мекемесі ішкі істер қарамағында өрт қадағалау инспекциясы болып, бір ғана қызметкермен шектелгенін жоғарыда айтқанбыз, берірікте өрттен қорғау бөлімі ұйымдастырылып, штат кестесі көбейді. 1997 жылы өрттен қорғау саласы ішкі істер министрлігі қарамағынан бөлініп, республикалық төтенше жағдайлар жөніндегі комитетіне (агенттігіне) қаралғанда мемлекеттік өртке қарсы қызметі деп аталды. Қандай жағдай болмасын өрт сөндірушілердің басты міндеті болып саналатын, өрт санымен шығынын азайту, болған жағдайда тез арада аз шығынмен сөндіру, техника, адам күшін ұтымды пайдаланып, ел байлығын сақтап қалу сияқты тікелей міндеттерін атқарды, атқарып келеді, атқара бермек. Осы орайда көпшілік оқырманға түсініктірек болу үшін өрттің профилактикалық, тактикалық, өрт техникасы деген жүйелеріне тоқтала кетейік.
Өртті болдырмау, оның алдын алу шаралары жүргізіледі, яғни мекемелердің, тұрғын үйлердің, шаруашылық объектілерінің, меншік түрлеріне қарамастан барлық сауда орындарының, адам көп жиналатын мәдени орындардың тағы басқа да барлық объектілердің өрт-техникалық жағдайы тексеріліп, өрт қауіпін тудыратын жайлар анықталып, мекеме басшыларына оны жоюға бағытталған жазбаша түрде тапсырма беріледі, оның орындалуы ұдайы қадағаланады. Сонымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, көпшілік арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді, өрт қауіпсіздігі ережесінің талаптарын бұзған азаматтарға заңға сәйкес әкімшілік шара көрілді. Осы аталған жұмыстарды өрт сөндірушілер тілінде өртті болдырмау шаралары, яғни өрт профилактикасы дейді. Әрине, өрт профилактикасы тек қана жоғарыда аталған жұмыстармен шектеліп қалмайды, оның ауқымы кең.
Өрт тактикасына болған өртті уақытылы аз шығынмен сөндіріп алу шаралары кіреді, бұл орайда да атқарылған жұмыстардың аясы ұшан-теңіз, олай болатын себебі өртің үлкен-кішісі болмайды., оймақтай жерден басталып, ауқымды өртке айналмас үшін тез арада сөндірілуі керек. Сол үшін өрт сөндірушілердің қатаң күн тәртібі тәулік бойына жоспарланып, соған сәйкес ұдайы дайндықта болады. Әрбір минуты, сағаты белгіленіп, өрт дабылы болған жағдайда 45 секундтың ішінде жолға шығуы тиіс. Өрт болмаған жағдайда жауынгерлік дайындық сабақтары, шаруашылық жұмыстары тағы басқа күн тәртібімен айналысады.
Өрт жайлы хабар диспетчерлік байланыс бөлімшесіне келіп түскен бойда өрт сөндірушілердің тез арада дабыл бойынша жолға шығатынын жоғарыда айттық, енді жолда, өрт болып жатқан жерге баратын уақытына да тоқтала кетейік.
Өрт оқиғасы болып жатқан объекті мен хабар түскен өрт бөлімінің ара қашықтығы 3 шақырым болса, өрт сөндіруші автокөлігінің асфальті жолдағы қозғалысы сағатына 45 шақырым, нашар жолда 25 шақырым десек, 3 шақырым жерге автокөлік 4 минуттың ішінде жетіп, өрт сөндіруге кіріседі екен. Жолдағы бағдаршамның, тағы басқа кедергілердің уақытын есептемегенде өрт сөндірушілердің оқиға болған жерге кешігуі мүмкін емес, сондықтан кейбіреулердің түсінбестіктен кешігіп келді деген орынсыз айтылған сәуегейлігіне жауап берілген сияқты.
Өртке барғаннан кейін, сөндірудің бағыты анықталып, оны қамтыған аймағына сәйкес бірнеше жауынгерлік учаскелерге бөлініп, әр бөлімшені басқарушы керекті жерлерге қойып, (барлау жасалғаннан кейін) сөндіруге кіріседі. Белгілі бір өрт оқиғасын сипаттау кезінде өрт тактикасына толық назар аударылар, сондықтан бұған берер түсінік әзірге жеткілікті. Бұрын да, қазір де өрт техникасынсыз оның сөндірілмейтіні анық және арнаулы техника жылдың қай мезгілінде де сақадай сай болуы керек, солай болыпта келеді. Әрбір өрт сөндіруші автоцистерна сумен, тиесілі өрт-техникалық құрал жабдықтармен қамтамасыз етіліп, өрт сөндіруге дайын тұрады. Қазіргі пайдаланудағы автоцистерналардың сиымдылығы 2-2,5 мың литр, 1999 жылы алынған екі КамАЗ-дың сиымдылығы 7 мың литр.
Автокөліктердегі арнаулы су тартып, оны өртке шашатын насостардың күшінің секундына 40 литр су беретінін ескерсек, өртке барған өрт сөндіргіш әрбір машинаның суының 1-2 минутқа ғана жететінін есептеп шығару аса қиынға соға қоймас. Оған өрттің ауқымына сәйкес қолданылатын жеңселердің (рукавтардың) диаметрін қоссаңыз, өртті тез сөндіріп алу үшін қанша су керек екені өз-өзінен белгілі. Барған бетте машиналарды өрт гидранттарына қосайын десең, ол істен шыққан болып шығады, (кейінгі уақытта бұл жиі ұшырасады), болмаса су жүйесіндегі қысымның жетімсіздігінен керекті деңгейдегі суды алу мүмкіндігі болмай қалады. Су қоймалары жөндеу көрмегендіктен, болмаса объекті басшылығының салғырттығы салдарынан сусыз тұратыны өрт сөндірушілер жігерін құм қылғандай жағдайға соқтырып жататыны жасырын емс. Бұған келіп сусыз аудан аталатын аймақтардың жағдайын қоссаң қиналмасқа шараң жоқ. Амал жоқ, суы таусылған автокөліктер су іздеуге, тіпті қайтадан барып өрт бөлімдерінен су алуға мәжбүр болады.
Міне, осындай жағдайлардан бейхабар көпшілік өрт сөндірушілер сусыз келді деген орынсыз кінә артып жататыны, күн-түн демей қып-қызыл отпен арпалысып, өмір мен өлімнің арасында жанқиярлықпен еңбек етіп жүрген отты майдан жауынгерлерінің жұмыстарына көлеңке түсіргендей емес пе?
Сөйтіп, облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызметі қызметкерлерінің негізі қандай салалардан құралатынына тоқталайық, яғни өрт профилактикасымен айналысатын өрттен қадағалау бөлімі, өрт тактикасы бағытындағы қызметкерлер операвтивтік бөлім, техникалық бөлім тағы басқа қосалқы бөлімшелерден тұрады. Әр бөлімнің нақты белгіленген, әскери тәртіп бойынша орындайтын міндеттері бар, соны орындау жолында экономикалық дағдарыс туғызған қиындықтарға қарамастан, өздеріне қойылған талап биігінен көрініп келеді.
Өрттен қорғау мекемесі ұжымының тағы бір ерекшелігін атап өту орынды. Өздерінің тікелей міндеттерімен бірге мәдени шараларды қатар алып келеді. Сонымен бірге халқымыздың салт-дәстүрін, ұлтымыздың тілін, інін қастерлеу жолында да көңіл қуантарлық шаралар өткізіледі.
Еліміз егемендік алып, ұлтымыздың өшкені жанған жылдары ішкі істер органдарының арасында алғашқылардың бірі болып Наурыз тойын атап өттік. Ол жайлы ақпарат құралдары арқылы облыс халқы жақсы біледі. Өмір болған соң қуаныш пен реніш қатар жүретіні белгілі, қазіргі заманда қиналған уақытта жан-жағымызға жалтақтап қалатын кездер аз емес. Осындай шақта әрбір ұжым мүшелеріне демеушілік көрсетіп, басы-қасынан табылатын ұжымның қастерлі қасиетіне таң қаласың, сүйсінесің.

2. Ерте сөнген шырақтар
Жақыпов Кенжебай 1937 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Ишим ауданы, Бексейт ауылында колхозшы отбасында дүниеге келді. Жастайынан жетім қалып, интернатта тәрбиеленді.
Петропавлда орта мектепті тәмамдағаннан кейін, Свердлов қаласындағы өрт-техникалық училищесіне түсіп, оны жақсы бітіріп шығады.
1958 жылы Преснов аудандық өрт бөлімінің инспекторы, сәл кейінірек облыстық өрттен қорғау бөлімінің аға инспекторы, ал 1964 жылы Петропавл қаласы өрттен қорғау инспекциясының бастығы болып бекітілді. Бас-аяғы 6-7 жыл ішінде өзінің іскерлік қабілетімен көзге түсіп, өрттен қорғау мекемесінің белді басшысы дәрежесіне көтерілген. 1965 жылғы сәуір айының 17-індегі ҚазССР ішкі істер министрлігінің бұйрығымен Қызылорда облыстық ішкі істер басқармасы өрттен қорғау бөлімінің бастығы болып бекітіледі. Бұрынғы жұмыс орнынан берілген аттестациялық комиссянын мінездемесін оқи отырып, жап-жас қызметкердің ұшқыр ойлы, атқарған жұмыстарының нәтижелі аяқталып отырғанына таң қаласың. Ел байлығын өрттен қорғау жолында оның жүргізген профилактикалық іс-шаралары әрдайым жүйелі түрде шешімін тауып отырған.
Жауапты жұмысын атқара жүріп, білімін көтеруге де күш салған. 1964 жылы Қазақтың мемлекеттік университеті сырттай оқу бөлімі заң факультетінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласының өрт жағдайы
Өрттің шығу қаупі
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талдау
Жер салығына жалпы сипаттама және оның құрылу ерекшеліктері
Қызылорда облысы арал ауданы туралы қысқаша мәліметтер
Күріш арнайы ауыспалы егісіндегі минималды нөлдік технологиясын зерттеп, күріш дақылдарын өсіру технологиясының экономикалық тиімділігін бағалау
Зерттеу пәнін қонақүй секторындағы кәсіпорындарда қызметтердің сапасын басқару процесінде орнайтын ұйымдастырушылық - экономикалық қатынастар
Газды ауамен салқындату қондырғысы
Қазақстан елді мекеніндегі соның ішінде Алматы қасындағы сейсмикалық қауіптің жалпы жағдайы туралы және халықты, аумақты төтенше жағдайлардан, күшті жер сілкінісінен қорғау шаралары
Арман елді мекен территориясын жоспарлау
Пәндер