Ланкестік акт қаупы және оған қарсы күрес және алдын алу шаралары


Жоспары

КІРІСПЕ

Негізгі бөлім

ЛАНКЕСТІК АКТ ҚАУПЫ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

1. 1 Ланкестік акт қаупі, оған қарсы күрес

1. 2 Ланкестікке қарсы күрес ұйымдарының алдын алу шаралары

1. 3 Ланкестік акт балған жағдайдағы лауазымды тұлғалардың және халықтың іс әрекеті

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

Негізгі бөлім

ЛАНКЕСТІК АКТ ҚАУПЫ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

1. 1 Ланкестік акт қаупі, оған қарсы кұрес . . . 6

1. 2 Ланкестікке қарсы күрес ұйымдарының алдын алу шаралары . . . 11

1. 3 Ланкестік акт балған жағдайдағы лауазымды тұлғалардың және халықтың іс әрекеті . . . 14

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Зерттеп отырған тақырыбымның өзектілігі бүкіл әлемді дүрліктірген экстримизм, терроризм және радикалды ұйымдардың ел билігі жүргізіп отырған саясатына қарсы бағыттылатын ланкестердің ланкестік акт, терракт іс әрекеттерінің алдын алу, болдырмау шараларының мәнін ашу болып табылады. Жалпы, елді дүрліктірген лаңкестік оқиғалардың қайдан өрістеп отырғанын, сипатын, себеп-салдарын айқындамай тұрып нәтижелі іс-қимыл жасай аламыз деу - берісі әбестік, әрісі - көрсоқырлық, біліксіздік деу орынды. Жуықта Елбасымыз діни экстремизм және терроризммен күрес мәселелері жөнінде кеңесте: «Қазақстанға қарсы жасалынған терроризмді, оны ымырасыз басып-жаншуға мемлекеттің мүмкіндігі жетерлік. Мемлекеттің қолында күш те, қуат та, жігер де бар. Біз лаңкестікті түбірімен жоқ қыламыз. Мен сондай-ақ барлық қазақстандықтарды қырағылыққа шақырамын. Егер лаңкестікке қатысты деректер байқалатын болса, онда дереу тиісті құқық қорғау органдарына хабарлау қажет», - деген еді. Бұл сөздің астарында тек ескерту ғана емес, нақты талап та жатқанын пайымдағанымыз жөн болмақ. Шындығына келсек, терроризм - жаһанға төнген зор қатер. Лаңкестік (терроризм) - негізінен, саяси-әлеуметтік себептерге байланысты жеке адамға, көпшілікке немесе мемлекетке қысым жасау, үрей туғызу мақсатында қасақана жасалатын қылмыстық іс-әрекет. Бұл ұғым XVII ғасырдағы француз революциясынан кейін кеңінен қолданыла бастаған болатын. Адам жанын түршіктірер қатыгез зұлымдыққа толы лаңкестік әрекеттердің формасы да, тактикасы да әр түрлі, олар: кепілге адам алу, қоғамдық орындарда жарылыстар ұйымдастыру, кісі өлтіру, бопсалау, шетелдік елшіліктерге, халықаралық ұйымдардың бас пәтерлеріне шабуылдар жасау, ұшақ жару, қару-жарақ қоймаларын басып алу, т. б. Статистикалық деректерге сүйенсек, ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында күллі дүниежүзінде 5500-ден астам лаңкестік әрекет жасалып, төрткүл әлемде 500-ден астам лаңкестік ұйымдар әрекет еткен екен. Лаңкестердің жаппай қырып-жоятын ядролық, бактериологиялық, химиялық қаруларға қол жеткізу мүмкіндігі - әлемдік қауіпсіздікке зор қауіп төндіретін, күллі адамзат қауымын алаңдататын фактор. Көп елдерде лаңкестікке қарсы ымырасыз күрес жүргізу үшін арнайы органдар құрылған. Мәселен, Ресейде сыбайлас жемқорлық пен терроризмді бақылау жөніндегі комитет 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Кавказ-Ауғанстан-Шыңжаң қауіпті белдеуіне қоңсы қонған Қазақстанға да іргені бекемдеп, ұлттық қауіпсіздікті сетінететін экстремистік және лаңкестік әрекеттердің алдын алу аса қажет. Терроризм жеке тұлғалар мен тұтастай елді қорқытып-үркітіп, жайы келсе күштеу арқылы елдегі билікті ауыстыруды, маңызды билік органдарын басып алуды, өз мемлекетін құруды, тұтастай территорияда өз заңын орнатуды мақсат етеді. Қазіргі күні желілік террористік құрылымдарға әскери бөлімше, жабық тасымал жүйесі, жасырын ақша аудару мен насихаттау жүйесі, мәліметтерді жеткізу мен идеологиялық орталықтар, ұяшықтар, жаттығу алаңқайлары, эмиграциядағы көшбасшылар кіреді. Олар сыртқы күштердің ұйымдастыруымен немесе жәрдемімен әрекет етуі де мүмкін. Бұған аяқ астынан пайда болып, ғаламтордан қайта-қайта доқ көрсетіп отырған «Джунд-әл-Халифат» (Халифат сарбаздары) лаңкестік ұйымы мысал бола алады. Шынымен де саяси ахуалы тұрақсыз аймақтардан келетін лаңкестік қауіп-қатерді байыпты бағамдамаудың соңы орны толмас өкініштерге ұрындыруы ғажап емес. Мәселен, саясаттанушы Досым Сәтпаев 2014 жылы АҚШ өз әскерін Ауғанстаннан әкетсе, Қазақстанда лаңкестік қауіп-қатер күшейе түсуі әбден мүмкін екенін алға тартады. Ресейлік сарапшылар да: «Орталық Азия төңірегінде туындап жатқан локальді және аймақ-тық жанжалдар Америка әскерлерінің Ауғанстанды тастап шығуымен әлем елдерінің алаңдаушылығын тудыратын ауқымды соғысқа ұласуы мүмкін. Біз бұған дайын болуымыз керек», - дейді. Қалай болғанда да геосаяси тұрғыдан лаңкестік қауіптің алдын ертерек алған абзал болмақ. Өйткені, соңғы жылдары күштiк құрылымдардың террористермен, экстремизммен жүргiзген астыртын күресi ашық фазаға өттi. Оған орталық, жергiлiктi органдар ғана емес, қоғам да дайын болмай шықты. Ел аймақтарында өткен қаралы оқиғалар соның айқын дәлелі. Қайсыбір сарапшылардың айтуынша, (мәселен, Марат Шибұтовтың пікірінше), еліміздегі лаңкестік әрекеттер такти-касына қарай дағыстандық, шешендік, ирактық және латынамерикандық түрлерге ұқсас болып келеді екен. Қазақстанда тактикалық жағынан ең ықтималы дағыстандық әдіс деседі. Бұл әдіске күштік құрылым қызметкерлері мен шенеуніктерді нысанаға алу тән болса керек. Дағыстандық лаңкестіктің мақсаты - мемлекеттік аппараттың аяқ-қолын тырп еткізбестен «матап тастау». Біз оған қарсы тұруға мүлде дайын емеспіз. Себебі, еліміздегі құқық қорғау органдары мен қауіпсіздікті сақтауға жауап беретін лауазымды шенеуніктеріміз ондай лаңкестік оқиғалар орын ала қалса, олардың алдын алуға ешқандай сақтық шараларын жасамаған. Ал шешендік әдіспен әрекет ететін лаңкестерге тұрғын үйлерді жарып, қоғамдық мекемелерге шабуыл жасап, адамдарды кепілге алу үрдісі тән. Бұлардың алға қойған басты мақсаттары - халық арасында үрей туғызып, тұрақтылықтың іргетасын шайқалтып, елді бейбіт өмір сүру ырғағын жаңылту. Ең өкініштісі, мұндай тосын оқиғаларға қарсы тұруға біздің қоғамдық мекемелеріміз мүлде дайын емес. Ондай мекемелердің қауіпсіздігі қаншалықты деңгейде деген сауалға тірі пенденің нақты жауап бере алмасы кәміл. Бір-ақ мысал. Айталық, еліміздегі ең ірі мегаполис саналатын Алматы қаласында тұрғын үйлерге тақап салынған жанар-жағармай бекеттері жыртып айырылады. Егер лаңкестер соларды нысанаға алса, күніміздің не боларын ойлаудың өзі қорқынышты. Ал ирактік лаңкестікке ден қойған жанкешті шахидтер әкімшілік ғимараттар мен шетелдік елшіліктерді, шетелдік ірілі-уақты компания кеңселерін жарып жіберуге әуес. Ондағы мақсаттары - мемлекеттік аппаратты есінен тандыра қорқытып, қатты састыру, инвесторларды шошыту арқылы халықаралық жанжал шығару, соның арасынан өздеріне пайда табу деседі. Латынамерикандық лаңкестікке бүйрегі бұратындар саясаткерлер мен балаларды ұрлап әкетіп, артынан оларды мерт етіп, жұртты жаппай қырып-жоюмен айналысады екен. Ондағы мақсат - билік төңірегінде жүрген зиялы қауым өкілдері мен қоғамның қаймағы саналатын элитаға қатты қысым жасау арқылы оларды өз дегендеріне көндіріп, лаңкестер мақсаты үшін жұмыс істеуге мәжбүрлеу болса керек. Бұрындары тек шетелдерде ғана орын алатындай көрініп келген лаңкестік оқиғалар ақыры Қазақстан жеріне де келіп жетіп, қалың бұқара халық күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған пұшайман халге түсті. Ағымдағы жылы ел көлемінде орын алған лаңкестік оқиғалардың сипаты мен белгілеріне үңілсек, лаңкестікті жасағандардың барлығының дерлік еліміз тәуелсіздік алған кезеңде ер жеткен өрімдей жас жігіттер екендігіне көз жеткізер едік. Бұған тұрмыстық-әлеуметтік жағдайдан басқа асқынған діни факторлардың да айтарлықтай ықпалы барлығы байқалады. Сосын, лаңкестердің барлығы дерлік қазақ ұлтының өкілдері, ең өкініштісі де, міне, осы. Ендеше, зайырлы мемлекетіміздің саяси-қоғамдық құрылысы мен сипатына, мемлекет құзырына қарайтын азаматтардың өмірі мен құқығына зор қауіп төндіретін лаңкестік мақсатта іске асырылатын қанды оқиғалар мен құбылыстарға құқық қорғау мен ұлттық қауіпсіздік органдары, барша қоғам жіктері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тізе қоса отырып бірлесіп әрекет етулері қажет-ақ. Қоғамда, әсіресе мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер, жастар арасында идеологиялық, мәдени-ақпараттық мақсаттағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, оларды саяси-танымдық тұрғыдан «тағалау» керектігі дау туғызбас деген ойдамыз. Елдегі лаңкестік қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін ислам атын жамылған жат ағымдардың қызметіне тосқауыл қойып, шетелдік эмиссарларды ел территориясынан күштеп аластау қажет. Шетелдік діни әдебиеттер мен компьютердегі сайттарды заңдық тұрғыда қатаң сүзгіден өткізіп, оларды ел ішіне әкелуге, насихаттауға, таратуға үзілді-кесілді тыйым салу керек. Жастарға дәстүрлі исламды, тарихи-рухани құндылықтарымызды насихаттап, ел ішінде лаңкестікке қарсы қауіпсіздік шараларын күшейтуіміз қажет. Ең бастысы, лаңкестікке қарсы заңнамаларымызды бекемдеп, құзіретті органдардың терроризмге қарсы қызметін оңтайландырып, еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мәселесімен айналысатын органдардың іс-әрекеттерін үйлестіріп, бір ізге салуды қолға алуымыз керек, бұл - өте маңызды шаруа. Сосынғы бір билік тарапынан ескерілуі тиіс өзекті мәселе - ой-санасы толық тұрақтанып орнықпаған, бұғанасы бекіп, қабырғасы қата қоймаған жастарды шетелдерге діни оқуға жіберуге белгілі бір дәрежеде шектеу қойылғаны жөн сияқты. Өйткені, шетте жүрген оларға біздің тарапымыздан ешқандай бақылау жасалмайтындықтан, ертеңгі күні әлгі жастарымыз туған еліне қандай пиғылдағы адам болып келетіндігі бір Алланың өзіне ғана аян дүние. Сол себепті, ел ертеңіне алаңдаушылық білдірген азамат ретінде билік тізгінін ұстаған марқасқаларымыздың осы жағын да қаперлеріне алғанын қалар едік. Тәңірі елімізді алда болуы ықтимал лаңкестік әрекеттер мен ұлт қауіпсіздігіне қатер төндірер қатыгез террористік арандатушылықтардан сақтасын деп тілейік!

ЛАНКЕСТІК АКТ ҚАУПЫ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

1. 1 Ланкестік акт қаупі, оған қарсы күрес

Лаңкестікпен және экстремизммен күрес мәселесі Орталық Азия аймағында бүгін ғана өзекті мәселеге айналып отырған жоқ. Бұл құбылыстың ең қауіпті деген түрлерінің біздің аумағымызда болмуы - ең алдымен мемлекет пен арнайы қызметтердің осы бағытта алдын алу сияқты тиісті шараларды жүргізуінің нәтижесі.

Лаңкестік пен экстремизмнің тарлауының әлемдік тенденциялары, халықаралық лаңкестік және діни-экстремистік ұйымдардың орталық азия аймағының мемлекеттеріне көз тігуі еліміздің лаңкестікке қарсы саладағы заң жүйесін түп-тамырынан реформалауды талап етті. Бұл жұмыстың басым бөлігі көпшілік жағдайда құқықтық салада жүргізіліп жатқан қайта құрулар мен өзгерістердің бастаушысы болып табылатын ұлттық қауіпсіздік органдарымен жүргізілді.

Бүгінгі таңда бүкіл мүдделі мемлекеттік органдардың күштерін біріктіретін, міндеттері анық белгіленген іс-қимылдың нақты бағдарламасы бар. Бұл жұмыстың үйлестірушісі болып Ұлттық қауіпсіздік комитеті тағайындалды. Бұл тек қуатты әдістер бағдарламасы ғана емес екенін айта кеткен жөн. Лаңкестікпен және экстремизммен күрес мәселесі тек мұндай әдістермен ғана шешілмейтіндігін барша жұрт түсінеді. Ең бастысы, экстремистік идеялар мен оқуларды таратушылар мен уағызшылардың күшін жою үшін қажетті жағдай туғызу керек, олар - әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени.

Діни идеяларға сүйенетін лаңкестер діни сенімнің алтын ғасырын қайта қалпына келтіру үшін күресудеміз деп айтады. Саяси мәселелер мен өз идеялары үшін күресті олар қасиетті борыш қатарына жатқызады. Содырлар өз күрестерінің киелі, ал зорлық актілері оның қажетті элементтері екеніне сенеді, сондықтан олардың ауқымы шексіз деп санайды. Сондықтан, ең алдымен лаңкестерді қудалау мен зорлыққа қарсы «күрескерлер», жалғыз дұрыс рухани және діни ақиқаттарды таратушылар, «сенім үшін күрескерлер» деген аңыздық кейіптен арылту керек. Адамдардың санасында кез келген лаңкестік әрекет немесе оның болу қаупі, себебі қандай болмасын, қатерлі қылмыстық әрекет болып табылады деген түсінік қалыптастыру керек. Өйткені, халықаралық лаңкестік ұйымдардың рухани басшыларының түсініктемелерімен діни оқуларға артылып отырған теріс потенциал исламда да, басқа діндерде де жоқ.

Қазіргі уақытты Ұлттық қауіпсіздік комитеті үшін республика аумағында лаңкестік және басқа да экстремистік, сепаратистік белгілерінің алдын алуға мүмкіндік беретін жағдайларды жасау басты міндет болып табылады.

Бұл міндеттерді шешу үшін Қазақстанның аумағында лаңкестік және экстремистік акциялардың дайындалуы мүмкін деген ақпараттарды алдын ала қолға түсіруге бағытталған жедел-агентуралық шаралар жүзеге асырылуда. Осындай кездерде кез келген арнайы қызмет үшін жедел өзгеріп жатқан халықаралық жағдайларды есепке ала отырып, ел басшылығы тиісті шараларды дайындау үшін қалыптасып жатқан жағдайлар жөніндегі ақпараттарды уақытында алып отыруға мүмкіндік беретін қажетті әрекеттер жасалуда.

Осындай күрделі жағдайларда ең алдымен мемлекеттік шекараны қорғаудың сенімділігін арттыру бойынша шараларға басты көңіл бөлінеді. ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бөлімдері қалыптасып, кеңеюін жалғастыруда, жаңа бағыттарда жаңа шекара жасақтары құрылуда. ҰҚК ІІҚ-мен және кеден органдарымен бірлесе отырып, лаңкестік пен экстремизмнің таралу мүмкіндігінің көзі болып табылатын заңсыз көші-қонның арналарын анықтап, жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізуде. Республикамызда төлқұжат-визалық бақылау қатаңдандырылды, соның нәтижесінде өткен жылы 4463 заңсыз қоныс аударушы анықталды, олардың 4245 республикамыздың аумағынан шығарылды, қалғандарына әкімшілік шаралар қолданылды. Олардың көпшілігі Ауғанстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей (Шешенстан), Тәжікстан, Түркия мен Шри-Ланканың азаматтары.

Стратегиялық объектілер мен халық тығыз орналасқан тұрғын пункттерінің инфрақұрылымдарын лаңкестік және диверсиялық қауіптерден, соның ішінде уландырғыш заттарды, адам өміріне қауіпті бактериялар мен вирустарды, сондай-ақ, радиоактивті материалдарды қолданудан қорғау өзекті болып табылады. Шетелдік, ең алдымен, батыс елдерінің компаниялары мен фирмаларының басшылығындағы

кәсіпорындарды қорғауды күшейту бойынша шаралар дайындалып қолданылуда. Аталмыш объектілердегі режімдік шаралардың, күзеттің, сигнализация мен инженерлік құралдардың жағдайын тексеру бойынша қосымша шаралар жүзеге асырылды, лаңкестік және басқа да экстремистік акциялардың жүргізілуі мүмкін деген ең осал учаскелер белгіленіп алынды. Осындай нұсқаулардың негізінде кәсіпорындарда бақылау-өткізу режімдері күшейтілді, қосымша штаттар енгізілді, материалдық-техникалық базаны нығайту және объектілерді тиісінше күзету бойынша шараларды қатаңдандыру жөніндегі шаралар қаржыландырылды.

Лаңкестікпен күрес мәселесін шешу барлық деңгейдегі мемлекетаралық өзара әрекеттестікті талап ететінін есепке ала отырып, республикамызбен осы салда бірқатар халықаралы және мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге қол қойылды. Лаңкестікпен күрес саласында республикамыз ТМД елдерімен, сондай ақ, ШЫҰ шеңберінде Қытаймен тығыз қарым-қатынас жасауда. Лаңкестікпен күрес ісіне қолда бар келісімдердің негізінде түркі тілді мемлекеттермен жасалып жатқан ынтымақтастықтар өзінің белгілікті үлесін қосуда. Бүгінгі таңда Қазақстан лаңкестік пен халықаралық қылмыстарға қарсы әрекет ету саласындағы ынтымақтастықтар туралы 13 мемлекетпен қостарапты келісімдер жасады.

Қиыр шет елдердің арнайы қызметтері мен құқық қорғау органдарымен лаңкестік ұйымдардың қызметтеріне қатысты ақпараттармен алмасу және өзара іс-қимыл жасау бойынша қос- және көптарапты байланыстар айтарлықтай кеңейді.

Көршілеріміздің тәжірибесі діни экстремизмді жете бағаламау және оның белгілеріне тиісті әрекет етпеудің салдары қандай жағдайларға әкеліп соқтыратынын көрсетіп отыр. Сондықтан бұл мәселені шешуде мемлекет пен қоғамның бар мүмкіндіктерін кешенді түрде қолдануымыз керек.

Сонымен қатар, шет ел тәжірибесі көрсеткендей, мықты экономикалық және әскери күш те, ең жоғары жалақымен және ең жаңа әскери техникамен қамтамасыз етілетін арнайы қызмет те өз шаңырағының, жақын-туыстарының амандық-саулығын сақтап қалуға мүдделі адал адамдардың, өз Отанының патриоттарының нақты көмегінсіз лаңкестікке қарсы тұра алмайды. Мемлекетіміздің қауіпсіздігін қорғау - әр азаматтың конституциялық борышы. Бұл міндетті шешуге жекеменшік формасына қарамастан барлық ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар қатысуға міндетті. Рухани ұйымдар, шығармашылық және ғылыми интеллигенцияның, бұқаралық ақпарат құралдарының ұстанымдары да аса маңызды. Олардың экстремизм мен лаңкестіктің белгілеріне ғана емес, олардың туындау алғышарттарына қарсы әрекет етудегі азаматтық ұстанымдары демократиялық Қазақстанның бейбітшілік пен қауіпсіздік жағдайында одан әрі гүлденіп дамуының қажетті шартты болып табылады.

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту жөнiндегі хаттаманы бекiту туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 4 қазандағы N 599 Заңы

Кишиневте 2002 жылғы 7 қазанда жасалған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту жөнiндегi хаттама бекiтiлсiн.

Қазақстан Республикасының Президенті

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту жөнiндегi Хаттама

Бұдан былай Тараптар деп аталатын, осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттер, терроризмнiң адамдардың өмiрi мен денсаулығына төндiретiн қауiптiлiгiн сезiне отырып, терроризмге қарсы күреске қатысты халықаралық құжаттарды назарға ала отырып, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзуге үлкен мән бере отырып, төмендегiлер туралы келiстi:

1. Осы Хаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы ереже, бұдан әрi Ереже (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.

2. Осы Хаттама Тараптардың қажеттi iшкi мемлекеттiк рәсiмдерiн орындағаны туралы депозитарий үшiншi хабарлама алған күнi күшiне енедi. Осындай рәсiмдердi кешiрек орындаған мемлекеттер үшiн ол депозитарий тиiстi хабарламаларды алған күнi күшiне енедi.

3. Ережеге жеке хаттамамен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, ол осы Хаттаманың 2-тармағында көзделген тәртiпте күшiне енедi.

4. Осы Хаттама күшiне енгеннен кейiн басқа мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық. әосылушы мемлекет үшiн ол депозитарий тиiстi хабарлама алған күннен бастап 30 күн өткеннен кейiн күшiне енедi.

5. Осы Хаттама күшiне енген күнiнен бастап бес жыл бойы қолданыста болады. Осы мерзiм өткен соң, егер Тараптар өзге шешiм қабылдамаса, осы Хаттаманың қолданысы әр кезде бес жылдық кезеңге өздiгiнен ұзартылып отырады.

6. Тараптардың әрқайсысы шығуынан кемiнде алты ай бұрын депозитарийге бұл туралы жазбаша хабарлама жолдай отырып, осы Хаттамадан шыға алады. Осы Хаттамадан шығу мемлекеттi осы Хаттаманың Тарабы болған кезде алған қаржы мiндеттерiнен босатпайды.

Кишинев қаласында 2002 жылғы 7 қазанда орыс тiлiндегi жалғыз түпнұсқа данада жасалды. ТҮпнұсқа дана Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетiнде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбiр мемлекетке оның куәландырылған көшiрмесiн жiберетiн болады.

Әзiрбайжан Республикасы үшiн Молдова Республикасы үшiн Армения Республикасы үшiн Ресей Федерациясы үшiн Беларусь Республикасы үшiн Тәжiкстан Республикасы үшiн Грузия үшiн Түрiкменстан үшiн Қазақстан Республикасы үшiн Өзбекстан Республикасы үшiн Қырғыз Республикасы үшiн Украина үшiн

Ескертпе: Ресей Федерациясының Ескертпесiн қараңыз.

Осы мәтiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту жөнiндегi 2002 жылғы 7 қазандағы Хаттаманың мемлекеттiк тiлдегi тең аудармасы болып табылатындығын растаймын. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды ұйымдастырудың және өткiзудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы 2002 жылғы 7 қазандағы Хаттамаға қосымша Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды ұйымдастырудың және өткiзудiң тәртiбi туралы Ереже

Осы Ереже Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң (бұдан әрi - Тараптар) аумақтарында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды ұйымдастыру негiздерiн және өткiзу тәртiптерiн айқындайды.

1. 2 Ланкестікке қарсы күрес ұйымдарының алдын алу шаралары

Мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру

Мемлекеттiк органдардың экстремизмдi анықтау және оның жолын кесу жөнiндегі құзыретi lic301

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресейдегі лаңкестікпен күрес мәселелері және шешілу жолдары
Ланкестік акттің теориялық мазмұны
Терроризм үшін қылмыстық жауапкершілік мәселелері
Терроризм қылмысының қылмыстық - құқықтық сипаттамасы
Лаңкестік және оның айқындалуы. Лаңкестік туралы ұғым мен мінездемелердің сипаттары. Лаңкестік көрінісінің топтастырылуы
Діни экстремизмдер туралы
Халықаралық терроризмге қарсы күрес
Терроризммен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері
Діни экстремизм мен терроризм
Лаңкестікпен күрес мәселесi
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz