Ланкестік акттің теориялық мазмұны


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

КІРІСПЕ

Негізгі бөлім

ЛАНКЕСТІК АКТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ

1. 1 Ланкестік акт түсінігі және оның пайда болуы

1. 2 Ланкестіктің түрлері

1. 3. Ланкестік акт қаупі, оған қарсы күрес

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

Негізгі бөлім

ЛАНКЕСТІК АКТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ

1. 1 Ланкестік акт түсінігі және оның пайда болуы . . . 6

1. 2 Ланкестіктің түрлері . . . 14

1. 3. Ланкестік акт қаупі, оған қарсы күрес . . . 23

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Зерттеп отырған тақырыбымның өзектілігі бүкіл әлемді дүрліктірген экстримизм, терроризм және радикалды ұйымдардың ел билігі жүргізіп отырған саясатына қарсы бағыттылатын ланкестердің ланкестік акт, терракт іс әрекеттерінің алдын алу, болдырмау шараларының мәнін ашу болып табылады. Жалпы, елді дүрліктірген лаңкестік оқиғалардың қайдан өрістеп отырғанын, сипатын, себеп-салдарын айқындамай тұрып нәтижелі іс-қимыл жасай аламыз деу - берісі әбестік, әрісі - көрсоқырлық, біліксіздік деу орынды. Жуықта Елбасымыз діни экстремизм және терроризммен күрес мәселелері жөнінде кеңесте: «Қазақстанға қарсы жасалынған терроризмді, оны ымырасыз басып-жаншуға мемлекеттің мүмкіндігі жетерлік. Мемлекеттің қолында күш те, қуат та, жігер де бар. Біз лаңкестікті түбірімен жоқ қыламыз. Мен сондай-ақ барлық қазақстандықтарды қырағылыққа шақырамын. Егер лаңкестікке қатысты деректер байқалатын болса, онда дереу тиісті құқық қорғау органдарына хабарлау қажет», - деген еді. Бұл сөздің астарында тек ескерту ғана емес, нақты талап та жатқанын пайымдағанымыз жөн болмақ. Шындығына келсек, терроризм - жаһанға төнген зор қатер. Лаңкестік (терроризм) - негізінен, саяси-әлеуметтік себептерге байланысты жеке адамға, көпшілікке немесе мемлекетке қысым жасау, үрей туғызу мақсатында қасақана жасалатын қылмыстық іс-әрекет. Бұл ұғым XVII ғасырдағы француз революциясынан кейін кеңінен қолданыла бастаған болатын. Адам жанын түршіктірер қатыгез зұлымдыққа толы лаңкестік әрекеттердің формасы да, тактикасы да әр түрлі, олар: кепілге адам алу, қоғамдық орындарда жарылыстар ұйымдастыру, кісі өлтіру, бопсалау, шетелдік елшіліктерге, халықаралық ұйымдардың бас пәтерлеріне шабуылдар жасау, ұшақ жару, қару-жарақ қоймаларын басып алу, т. б. Статистикалық деректерге сүйенсек, ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында күллі дүниежүзінде 5500-ден астам лаңкестік әрекет жасалып, төрткүл әлемде 500-ден астам лаңкестік ұйымдар әрекет еткен екен. Лаңкестердің жаппай қырып-жоятын ядролық, бактериологиялық, химиялық қаруларға қол жеткізу мүмкіндігі - әлемдік қауіпсіздікке зор қауіп төндіретін, күллі адамзат қауымын алаңдататын фактор. Көп елдерде лаңкестікке қарсы ымырасыз күрес жүргізу үшін арнайы органдар құрылған. Мәселен, Ресейде сыбайлас жемқорлық пен терроризмді бақылау жөніндегі комитет 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Кавказ-Ауғанстан-Шыңжаң қауіпті белдеуіне қоңсы қонған Қазақстанға да іргені бекемдеп, ұлттық қауіпсіздікті сетінететін экстремистік және лаңкестік әрекеттердің алдын алу аса қажет. Терроризм жеке тұлғалар мен тұтастай елді қорқытып-үркітіп, жайы келсе күштеу арқылы елдегі билікті ауыстыруды, маңызды билік органдарын басып алуды, өз мемлекетін құруды, тұтастай территорияда өз заңын орнатуды мақсат етеді. Қазіргі күні желілік террористік құрылымдарға әскери бөлімше, жабық тасымал жүйесі, жасырын ақша аудару мен насихаттау жүйесі, мәліметтерді жеткізу мен идеологиялық орталықтар, ұяшықтар, жаттығу алаңқайлары, эмиграциядағы көшбасшылар кіреді. Олар сыртқы күштердің ұйымдастыруымен немесе жәрдемімен әрекет етуі де мүмкін. Бұған аяқ астынан пайда болып, ғаламтордан қайта-қайта доқ көрсетіп отырған «Джунд-әл-Халифат» (Халифат сарбаздары) лаңкестік ұйымы мысал бола алады. Шынымен де саяси ахуалы тұрақсыз аймақтардан келетін лаңкестік қауіп-қатерді байыпты бағамдамаудың соңы орны толмас өкініштерге ұрындыруы ғажап емес. Мәселен, саясаттанушы Досым Сәтпаев 2014 жылы АҚШ өз әскерін Ауғанстаннан әкетсе, Қазақстанда лаңкестік қауіп-қатер күшейе түсуі әбден мүмкін екенін алға тартады. Ресейлік сарапшылар да: «Орталық Азия төңірегінде туындап жатқан локальді және аймақ-тық жанжалдар Америка әскерлерінің Ауғанстанды тастап шығуымен әлем елдерінің алаңдаушылығын тудыратын ауқымды соғысқа ұласуы мүмкін. Біз бұған дайын болуымыз керек», - дейді. Қалай болғанда да геосаяси тұрғыдан лаңкестік қауіптің алдын ертерек алған абзал болмақ. Өйткені, соңғы жылдары күштiк құрылымдардың террористермен, экстремизммен жүргiзген астыртын күресi ашық фазаға өттi. Оған орталық, жергiлiктi органдар ғана емес, қоғам да дайын болмай шықты. Ел аймақтарында өткен қаралы оқиғалар соның айқын дәлелі. Қайсыбір сарапшылардың айтуынша, (мәселен, Марат Шибұтовтың пікірінше), еліміздегі лаңкестік әрекеттер такти-касына қарай дағыстандық, шешендік, ирактық және латынамерикандық түрлерге ұқсас болып келеді екен. Қазақстанда тактикалық жағынан ең ықтималы дағыстандық әдіс деседі. Бұл әдіске күштік құрылым қызметкерлері мен шенеуніктерді нысанаға алу тән болса керек. Дағыстандық лаңкестіктің мақсаты - мемлекеттік аппараттың аяқ-қолын тырп еткізбестен «матап тастау». Біз оған қарсы тұруға мүлде дайын емеспіз. Себебі, еліміздегі құқық қорғау органдары мен қауіпсіздікті сақтауға жауап беретін лауазымды шенеуніктеріміз ондай лаңкестік оқиғалар орын ала қалса, олардың алдын алуға ешқандай сақтық шараларын жасамаған. Ал шешендік әдіспен әрекет ететін лаңкестерге тұрғын үйлерді жарып, қоғамдық мекемелерге шабуыл жасап, адамдарды кепілге алу үрдісі тән. Бұлардың алға қойған басты мақсаттары - халық арасында үрей туғызып, тұрақтылықтың іргетасын шайқалтып, елді бейбіт өмір сүру ырғағын жаңылту. Ең өкініштісі, мұндай тосын оқиғаларға қарсы тұруға біздің қоғамдық мекемелеріміз мүлде дайын емес. Ондай мекемелердің қауіпсіздігі қаншалықты деңгейде деген сауалға тірі пенденің нақты жауап бере алмасы кәміл. Бір-ақ мысал. Айталық, еліміздегі ең ірі мегаполис саналатын Алматы қаласында тұрғын үйлерге тақап салынған жанар-жағармай бекеттері жыртып айырылады. Егер лаңкестер соларды нысанаға алса, күніміздің не боларын ойлаудың өзі қорқынышты. Ал ирактік лаңкестікке ден қойған жанкешті шахидтер әкімшілік ғимараттар мен шетелдік елшіліктерді, шетелдік ірілі-уақты компания кеңселерін жарып жіберуге әуес. Ондағы мақсаттары - мемлекеттік аппаратты есінен тандыра қорқытып, қатты састыру, инвесторларды шошыту арқылы халықаралық жанжал шығару, соның арасынан өздеріне пайда табу деседі. Латынамерикандық лаңкестікке бүйрегі бұратындар саясаткерлер мен балаларды ұрлап әкетіп, артынан оларды мерт етіп, жұртты жаппай қырып-жоюмен айналысады екен. Ондағы мақсат - билік төңірегінде жүрген зиялы қауым өкілдері мен қоғамның қаймағы саналатын элитаға қатты қысым жасау арқылы оларды өз дегендеріне көндіріп, лаңкестер мақсаты үшін жұмыс істеуге мәжбүрлеу болса керек. Бұрындары тек шетелдерде ғана орын алатындай көрініп келген лаңкестік оқиғалар ақыры Қазақстан жеріне де келіп жетіп, қалың бұқара халық күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған пұшайман халге түсті. Ағымдағы жылы ел көлемінде орын алған лаңкестік оқиғалардың сипаты мен белгілеріне үңілсек, лаңкестікті жасағандардың барлығының дерлік еліміз тәуелсіздік алған кезеңде ер жеткен өрімдей жас жігіттер екендігіне көз жеткізер едік. Бұған тұрмыстық-әлеуметтік жағдайдан басқа асқынған діни факторлардың да айтарлықтай ықпалы барлығы байқалады. Сосын, лаңкестердің барлығы дерлік қазақ ұлтының өкілдері, ең өкініштісі де, міне, осы. Ендеше, зайырлы мемлекетіміздің саяси-қоғамдық құрылысы мен сипатына, мемлекет құзырына қарайтын азаматтардың өмірі мен құқығына зор қауіп төндіретін лаңкестік мақсатта іске асырылатын қанды оқиғалар мен құбылыстарға құқық қорғау мен ұлттық қауіпсіздік органдары, барша қоғам жіктері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тізе қоса отырып бірлесіп әрекет етулері қажет-ақ. Қоғамда, әсіресе мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер, жастар арасында идеологиялық, мәдени-ақпараттық мақсаттағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, оларды саяси-танымдық тұрғыдан «тағалау» керектігі дау туғызбас деген ойдамыз. Елдегі лаңкестік қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін ислам атын жамылған жат ағымдардың қызметіне тосқауыл қойып, шетелдік эмиссарларды ел территориясынан күштеп аластау қажет. Шетелдік діни әдебиеттер мен компьютердегі сайттарды заңдық тұрғыда қатаң сүзгіден өткізіп, оларды ел ішіне әкелуге, насихаттауға, таратуға үзілді-кесілді тыйым салу керек. Жастарға дәстүрлі исламды, тарихи-рухани құндылықтарымызды насихаттап, ел ішінде лаңкестікке қарсы қауіпсіздік шараларын күшейтуіміз қажет. Ең бастысы, лаңкестікке қарсы заңнамаларымызды бекемдеп, құзіретті органдардың терроризмге қарсы қызметін оңтайландырып, еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мәселесімен айналысатын органдардың іс-әрекеттерін үйлестіріп, бір ізге салуды қолға алуымыз керек, бұл - өте маңызды шаруа. Сосынғы бір билік тарапынан ескерілуі тиіс өзекті мәселе - ой-санасы толық тұрақтанып орнықпаған, бұғанасы бекіп, қабырғасы қата қоймаған жастарды шетелдерге діни оқуға жіберуге белгілі бір дәрежеде шектеу қойылғаны жөн сияқты. Өйткені, шетте жүрген оларға біздің тарапымыздан ешқандай бақылау жасалмайтындықтан, ертеңгі күні әлгі жастарымыз туған еліне қандай пиғылдағы адам болып келетіндігі бір Алланың өзіне ғана аян дүние. Сол себепті, ел ертеңіне алаңдаушылық білдірген азамат ретінде билік тізгінін ұстаған марқасқаларымыздың осы жағын да қаперлеріне алғанын қалар едік. Тәңірі елімізді алда болуы ықтимал лаңкестік әрекеттер мен ұлт қауіпсіздігіне қатер төндірер қатыгез террористік арандатушылықтардан сақтасын деп тілейік!

ЛАНКЕСТІК АКТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ

1. 1 Ланкестік акт түсінігі және оның пайда болуы

Лаңкестік - гректің «terror» сөзінен алынып, «үрейлі», «қорқынышты» деген мағыналарды білдіреді. Бұл атауды ең алғаш Аристотель қолданған. «Террор» сөзі өз мақсатына жету үшін ешнәрседен тайынбай, зорлықпен үкімін жүргізуді көздеген саяси күрес деген мағынада түсіндіріледі. Лаңкестердің қарулы әрекеттері мен бүлік шығару іс-әрекеттері олардың бүкіл болмысын айқын көрсетеді. Түрлі этникалық және діни қайшылықтар, кедейлік пен мемлекеттегі түрлі келіспеушіліктер де лаңкестіктің шығуына себеп болуы мүмкін. VІІ ғасырда Ислам әлемінде пайда болған діни, саяси, экстремистік әрекет саналатын харижиттер («хулафа-и рашидин») хазреті Омар (ғ. с. ) мен Оспанға (ғ. с. ) қарсы қастандық ұйымдастырды. Олар умәуилер салтанаты кезінде үлкен саяси күшке айналып, елде әрдайым іріткі мен дау-жанжал ұрығын септі. VІІІ ғ. екінші жартысында Ирак, Бахрейн, Йемен, Сирия, Мысыр және Хорасан жерлерінде лаңкестік әрекеттер жасаған карматилер де діни, саяси, экстремистік ағым саналған. Карматилер шиға мәзһабындағы исмаилиттердің негізгі тармағының бірі ретінде VІІІ ғ. ортасында Иракта пайда болған. Олар ислам шариғатын мойынсұнбай, тіпті Қағбаны зиярат етуді бидғат деп санаған. 899 жылы Бахрейнді басып алып, шығыс Арабияда өз мемлекетін құрған. 930 жылы қажылық маусымында Меккеге баса көктеп кіріп, қаланы талан-таражға салып, бірнеше мың қажылар мен жергілікті тұрғындарды өлтіріп, көптеген мұсылмандарды тұтқындаған. Қазіргі таңда дүниеде 500-ге жуық лаңкестік ұйым бой көрсетуде. Олардың саяси, діни бағыты, әлеуметтік және этникалық құрамы, шабуылдау дәрежесі бойынша ең үлкендері мыналар: «әл-Кайда», «Абсат әл-Ансар» (Ливан), «Ал-Жиһад», «Жәмағат әл-Ислами», «әл-Ихуан әл-муслимин» (Мысыр), «Хизб-ут-тахрир әл-Ислами», «Тәибә», «Жамағати-Ислами» (Пәкістан) . Лаңкестік, терроршылдық - саяси-әлеуметтік себептерге байланысты жеке адамға, көпшілікке немесе мемлекетке қысым жасау, үрей туғызу мақсатында қасақана жасалатын қылмыстық іс-әрекет. Б. з. 1 ғасырында Иудеяда римдіктермен ынтымақтасқан еврейлердің танымал өкілдерін жойған сикарилер сектасының қызметі Лаңкестік сипатқа ие болды. Орта ғасырда христиан шіркеуінің өкілдері халыққа дұшпан билеушіні өлтіру идеясын қолдаса, Үндістан мен Қытайдың құпия ұйымдары, парсы, ауған жеріндегі әсіре діншіл сектанттар өздеріне жақпаған адамдардың көзін жою тәсілдерін кеңінен қолданды. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап Лаңкестік қоғамдық-саяси өмірге ықпал етуші тұрақты факторлардың біріне айналды. Ресейде халықшылдар, Ирландия, Македония, Сербияда ұлтшылдар, Франция, Италия, АҚШ-та анархистер, т. б. солшыл радикалды қозғалыстар пайда болып, өз үкіметтерінің қызметіне ықпал етуге ұмтылды. Бұл қозғалыстардың идеялық негізінде әртүрлі идеологиялық тұғырнама жатқанымен, олар Лаңкестікті “қоғам игілігі үшін өзін-өзі құрбан ету” деп түсінді. 20 ғасырда Лаңкестік әдістерін пайдалану ауқымы кеңейіп, Лаңкестік мемлекеттік деңгейге жетті. КСРО-дағы “қызыл террор” мен фашистік Германиядағы “ұлтшылдық террор” өз азаматтарына қарсы жасалған Лаңкестіктің айқын көрінісі болды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Палестинадағы еврей ұйымдары Израиль мемлекетін құру мақсатында Лаңкестік ұйымдарын құрып, көптеген Лаңкестік актілер ұйымдастырды. Израиль мемлекеті жарияланғаннан кейін оған жауап ретінде палестиналық Лаңкестік ұйымдар пайда болды. Араб елдері мен Израильдің қарама-қарсылығы қатаң да аяусыз Лаңкестік соғыстың басталуына әкелді. Сондай-ақ Солтүстік Ирландиядағы, Испаниядағы сепаратистер де мемлекет қауіпсіздігіне зардап келтіретін қауіпті Лаңкестік актілер ұйымдастырды. Бұл кезеңдегі Лаңкестік әрекеттер ұлттық, діни, этник. шиеленістермен және азаматтық қозғалыстармен байланыстырылды. 20 ғасырдың 2-жартысында Лаңкестіктің сипаты күрт өзгерді. Көптеген елдерде Лаңкестік ашық қоғамға бейімделе алмаған және заң шығарушы органда саяси өкілдік ала алмаған әлеуметтік топтардың саяси қарсылық білдіру құралына айналды. Олардың мақсаты қайсыбір елде (немесе халықаралық деңгейде) қорқыныш-үрей, жалпы тұрақсыздық тудыру болды. Лаңкестіктің іс-әрекет тактикасы да едәуір кеңейді: кепілге адам алу, қоғамдық орындарда жарылыстар ұйымдастыру, кісі өлтіру кең тарады. Шет елдердің елшіліктеріне, халықараралық ұйымдардың бас пәтерлеріне шабуылдар жасау, ұшақ жару, қару-жарақ қоймаларын басып алу секілді Лаңкестіктің жаңа түрлері пайда болды. Әлемнің тұтас аймақтарына бағыт-бағдары әр түрлі Лаңкестік ұйымдар мен топтардың әрекеті жаппай таралып, Лаңкестіктің қауіпті әлуеті артты. 20 ғасырдың 70 - 80 ж. дүниежүзінде 5500-ден астам Лаңкестік акт жасалды. Бұл кезеңде лаңкестер ұйымдасқан арнаулы топтарға біріге бастады. Әр түрлі елдердің, соның ішінде, Таяу Шығыс, Жапония, Латын Америкасы, Еуропа елдерінің Лаңкестік ұйымдары арасында жақындасу процесі басталды. 80 - 90 ж. халықаралық есірткі Лаңкестікті бой көрсетті. Есірткі бизнесі, заңсыз қару-жарақ сату мен ұйымдасқан қылмыстың өзге де түрлері Лаңкестік әдіс-тәсілдерін кеңінен пайдаланды. 90-жылдардың 2-жартысында әлемнің көптеген аймақтары кең ауқымды әскери іс-қимылдарды тудыруы мүмкін Лаңкестік әрекеттердің ошағына айналды. Саяси Лаңкестік бастапқы түрін өзгертіп, біртіндеп қылмыстық, ұлтшылдық, діни-экстремистік Лаңкестікке ұласып, халықаралық сипат алды. Қазіргі кезде дүниежүзінде 500-ден астам Лаңкестік ұйым мен экстремистік топ әрекет етеді. Олардың ішіндегі ең ірі Лаңкестік ұйымдар: “Тупак Амару атындағы революциялық қозғалыс”, “Ку-Клус-Клан”, “Арийлік ұлт” оңшыл экстремистік ұйымы, “Аум Синрике”, “Ирландияның республикалық армиясы”, “Хамас” (Исламдық қарсыласу қозғалысы), “Хезболлах”, т. б. Қазіргі Лаңкестік ауқымы мен аумағы жағынан халықаралық (халықаралық деңгейдегі Лаңкестік актілер), ішкі саяси (үкіметке, ел ішіндегі қандай да бір саяси топтарға қарсы бағытталған немесе ішкі жағдайды тұрақсыздандыруды мақсат тұтатын Лаңкестік әрекеттер) ; пайдакүнемдік мақсаттарды көздейтін қылмыстық Лаңкестік түрінде көрініс береді. Сондай-ақ Лаңкестіктің мынадай алуан түрлері кездеседі: өзге егеменді мемлекеттердің қоғамдық-саяси құрылысына, тұрақтылығына нұқсан келтіруге бағытталған мемлекеттік лаңкестік; мемлекеттік құрылысқа қатысты шешімді болдырмауға (немесе қабылдауға) бағытталған күресті білдіретін саяси лаңкестік; аса күрделі әлеуметтік-саяси тартыстар негізінде қалыптасатын әлеуметтік лаңкестік; этникалық белгілер бойынша жүзеге асырылатын ұлттық лаңкестік; бірыңғай мемлекет шекарасында үстем ұлт өкілдері елдің қайсыбір бөлігіне егемендік беру талабымен жүзеге асыратын аумақтық-сепаратистік лаңкестік; саяси қарама-қарсылықта діни сана негізгі орын алған жағдайда туындайтын діни лаңкестік. Қазіргі уақытта Лаңкестік даму, таралу қарқыны мен салдары жағынан адамзаттың ең қауіпті қоғамдық-саяси және моральдік мәселелердің біріне айналып отыр. Лаңкестердің ядролық, бактериологиялық, химиялық уытты қаруларды қолдану мүмкіндігі ғаламдық қауіпсіздікке үлкен қатер туғызуда. Лаңкестік мемлекеттің идеологиялық-құқықтық жүйесі қоғамның күрделі әлеуметтік-саяси процестерін реттеуге қабілетсіз болуына байланысты пайда болады. Лаңкестіктің өсуіне мынадай факторлар әсер етеді: саяси-әлеуметтік және экономикалық дағдарыс, халықтың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуі мен жұмыссыздықтың өсуі, ұлттық және діни қайшылықтардың шиеленісуі, т. б. Лаңкестікке қарсы алдын алу шараларының қатарына: қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылығын, азаматтардың экономикалық, саяси, ұлттық, діни, т. б. құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету; адам құқығы жөніндегі мемлекеттік органдар мен қоғамдық органдардың жұмысын жетілдіру; қоғамда жоғары саяси және құқықтық мәдениет қалыптастыру; қару-жарақ рыногіне, соның ішінде жаппай қырып-жою құралдарына мемлекеттік және халықаралық бақылау жасау, т. б. Дүниежүзілік қауымдастық Лаңкестікке қарсы бірқатар халықаралық-құқықтық құжаттар қабылдады (Әуе кемелеріне жасалған қылмыстық және басқа да әрекеттер туралы конвенция (1963) ; Азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілермен күрес туралы конвенция (1971) ; Лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрес туралы конвенция (1999), т. б. 1994 ж. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 49-сессиясында қабылданған “Халықаралық лаңкестікті жою шаралары туралы” декларацияда Лаңкестікпен күрестегі халықаралық ынтымақтастық шаралары белгіленді. ТМД мемлекеттері арасында көпжақты келісімдер жасалып, Лаңкестікке қарсы орталық құрылды (2000) . Орта Азия мемлекеттері 2000 ж. Ташкентте өткен саммитте “Лаңкестікпен, саяси және діни экстремизммен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен, тұрақтылық пен қауіпсіздіктің басқа да қатерімен күресте бірлескен іс-әрекет туралы” келісімге қол қойды. Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде халықар. Лаңкестікпен және экстремизммен күрес шаралары белгіленген. Әдеб. : Замковой В., Ильчиков М., Терроризм - глобальная проблема современности, М., 1996; Тарас А., Терроризм и террористы, М., 1999; Полежаев А., Терроризм и антитеррористические меры, М., 2003. А. Әбішев

Соңғы кезде соғыс деген нәрсе дүние жүзінде азайды. Адамдар осы тажалдан құтылып, бүкіл әлемде бейбіт өмірдің болуын меңзейді. Алайда, оның есесіне лаңкестік, яғни баршаға мәлім террор пайда болды.

Бір жерде жарылыс, лаңкестік әрекеттер орын алса, ең алдымен Батыс, содан соң Еуропа елдері “ислам экстремизмі!”, деп дүр ете түседі. Оны ұйымдастырған Хизб-ут-Тахрир немесе әл-Қаида болса, барлығын жасаған мұсылмандар деп жала жабады. Осы орайда террор мен жиһад түсініктерінің ара-жігін ажыратып алған жөн болар. Террор сөзі - “қорқыту, үрейлендіру, шошыту, қаймықтыру” дегенді білдіреді. Террор - жұртты қорқыту арқылы қоғам мен тұлғалардың психологиясына соққы беру әре­кеті. Кейінгі кезде бұл сөз қоғамда көп қолданылатын болды. Бірақ мамандар әлі күнге дейін террорға ортақ түсінік бере алмай келеді. Террордың ең басты ерекшелік­терінің бірі нысанасын кездейсоқ таңдап алатыны. Бұл үрейдің шапшаң таралуына мүмкіндік береді. Терроризмнің пайда болу уақытын кейбіреулер б. з. д. 44 жылы Цезарьды өлтірген жыл деп есептейді. Ал ислам мен түрік тарихында терроризмнің алғашқы пайда болуын түрік қағандары мен хандарының заманына, пайғамбарымыздың өлімінен кейінгі уақытқа жатқызуға болады. Түрік қағандары мен төрт халифаның үшеуі (Омар, Осман және Әли) террористердің қолынан қаза тапқан.

4fe17518448d8

Тараз қаласындағы ланкестік акт көрінісі. МАСА КЗ арнайы ақпараттық сайтынан.

Терроризмнің, яғни лаңкестіктің басқа қылмыстардан айырмашылығы - оның мейірімсіздігі, қатыгездігі және қиратушы күшінің шексіздігі. Лаңкестік - саяси-идеологиялық мақсаттарға жету үшін жүйелі түрде халықты қасақана, жасырын түрде өлтіру арқылы қорқыту. Басқаша көзқараспен қарағанда, ол - дәстүрлі саяси қылмыстардан өзгеше, соғыс қағидасына бағынбайтын, жүйелі және ұйымдасқан түрде бейкүнә, жазықсыз кісілерді тектен текке өлтіру, тұтқындау, үркіту.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лаңкестікпен күрес мәселесi
Терроризмнің ұғымы және белгілері
Терроризм және халықаралық террористік экстремистік үйымдар
Терроризмнің ұғымы және белгілері туралы
Жыныстық бостандыққа қарсы қылмыстар
Кедендік рәсімдеудің басы
Зорлау үшін қылмыстық-құқықтық жауаптылық
Ішкі қарулы қақтығыстар мен халықаралық терроризм
Еуропалық Одақ елдерінің ішкі саясатындағы лаңкестік мәселесімен күресу
Қазақстанның Орта Азия аумағындағы қауіпсіздік пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz