Өрт кезiндегi тәртiп
КІРІСПЕ 2
Өрт және оның түрлері 3
Баспанадағы өрт 3
Өрт кезiндегi тәртiп. Адамдарды көп қабатты үйлерден эвакуация жасаудың әдiстерi 4
Өрттi сумен сөндiру 7
Өрттi көбiкпен сөндiру 7
Өрттi газбен сөндiру 7
Өрттi бумен сөндiру 8
Өрт сөндірудің химиялық құралдары 8
Қолмен сөндіруге арналған өрт сөндіргіштер
Өрт сөндірудің қондырғылары 15
Өртті сумен сөндіру 17
Судың өртті сөндіру қасиеті 17
Өртке қарсы су құралы 18
Өртті сумен сөндірудің механикалық және автоматтық құралдары 22
Өрт байланысы және дабыл беру 24
Қорытынды 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 27

Өндіріс объектілерінің өртке қарсы қорғанысы - жаңа мекемелерді жобалағанда инженерлі-техникалық және ұйдымдастырушылық шаралар кешені болып табылады. Осылайша, өндірістегі өрттік қауіпсіздік, өрттің алдын алу шараларымен және өрттің шығу ошағынан белсенді қорғану әрекеттері арқылы жүзеге асады.
Еліміздегі халық шаруашылығының белсенді дамуы, өнеркәсіптің жаңа салаларының және материалдардың пайда болуы, өрт қауіпсіздігінің алдына көптеген жаңа талаптарды қойды, сонымен қатар, жаңа өртке қарсы техникалардың пайда болуына үлес қосты.
Соңғы жылдары өрт қауіпсіздігі саласы жаңа, осы заманға сай жабдықтармен (автоцистерналар, автоcорғыштар, көпіршік генераторлары, мотопомпалар, өрт сөндіру құралдары және т.б.) қамтамасыз етілді. Автоматтық өрт сөндіру құралдары мен дабылдары қолданылып жүр.

1. Ж.Жатқанбаев. Экология негіздері. Оқулық – Алматы: “Зият”, 2003ж.-212б.
2. Өмір-тіршілік қауіпсіздігі: Оқулық /құрастырушы С. Арпабеков. – Алматы, 2004. - бет
3. Дүкенбаев К.Д. Өмір өзегі. – Алматы, 1996. – 272 б.
4. Құсайнов А., Нұржанов Б., Шотанов Ж., Балабатыров С., Жұмақанов Т. Электр техника мен электр энергетика терминдері. – Алматы: Санат, 1994
5. Жеңісбек Тұрғанов. Оңтүстік Қазақстан облысының орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасының бас қызметкері статьясынан. 08.05.01

Пән: ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности), Защита труда
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 2
Өрт және оның түрлері 3
Баспанадағы өрт 3
Өрт кезiндегi тәртiп. Адамдарды көп қабатты үйлерден эвакуация жасаудың
әдiстерi 4
Өрттi сумен сөндiру 7
Өрттi көбiкпен сөндiру 7
Өрттi газбен сөндiру 7
Өрттi бумен сөндiру 8
Өрт сөндірудің химиялық құралдары 8
Қолмен сөндіруге арналған өрт сөндіргіштер 10
Өрт сөндірудің қондырғылары 15
Өртті сумен сөндіру 17
Судың өртті сөндіру қасиеті 17
Өртке қарсы су құралы 18
Өртті сумен сөндірудің механикалық және автоматтық құралдары 22
Өрт байланысы және дабыл беру 24
Қорытынды 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 27
КІРІСПЕ
Өндіріс объектілерінің өртке қарсы қорғанысы - жаңа мекемелерді
жобалағанда инженерлі-техникалық және ұйдымдастырушылық шаралар кешені
болып табылады. Осылайша, өндірістегі өрттік қауіпсіздік, өрттің алдын алу
шараларымен және өрттің шығу ошағынан белсенді қорғану әрекеттері арқылы
жүзеге асады.
Еліміздегі халық шаруашылығының белсенді дамуы, өнеркәсіптің жаңа
салаларының және материалдардың пайда болуы, өрт қауіпсіздігінің алдына
көптеген жаңа талаптарды қойды, сонымен қатар, жаңа өртке қарсы
техникалардың пайда болуына үлес қосты.
Соңғы жылдары өрт қауіпсіздігі саласы жаңа, осы заманға сай
жабдықтармен (автоцистерналар, автоcорғыштар, көпіршік генераторлары,
мотопомпалар, өрт сөндіру құралдары және т.б.) қамтамасыз етілді.
Автоматтық өрт сөндіру құралдары мен дабылдары қолданылып жүр.
Өрт және оның түрлері
Үлкен қалаларда баспананың негiзгi түрi болып, көп қабатты үйлердегi
пәтерлер саналады. Бұндай пәтерлер сумен, жылумен, электр қуатымен, өмiр-
тiршiлiк өнiмдерiн әкету жүйесiмен, байланыс және ақпарат жүйесiмен
қамтамасыз етiлген. Әрине, тұрғындардың өмiрi және оның қауiпсiздiгi осы
жүйелердiң қызметiне де байланысты. Қазiргi заманғы құрылысты көптеп салу
жүйесi баспананың сапасын ылғи да қамтамасыз ете бермейдi: панелдердiң,
есiктер мен терезелердiң қиылысында жылу кететiн, кемiргiштер кiретiн
саңылаулар болуы мүмкiн. Квартиралар бiр-бiрiмен ұштасып жатқандықтан бiр
жерден шыққан өрт екiншi жерге таралып кету қаупi әр уақытта да бар. Улы
түтін желдеткіштер арқылы көп қабатты үйдің көбіне тарап кетуі де ғажап
емес және т.с.с. Сондықтан кішкене төтенше жағдай бүкіл көп қабатты үйдің
мәселесіне айналып, зардап шегушілердің қатары көбеюі мүмкін.
Баспана үшiн әрi зардабы зор ең қауiптiсi - өрт.
Баспанадағы өрт
Үйлерде өрт өндiрiс орындарына қарағанда жиi болады. Өрттiң себебi
барлық уақытта бiрдей-ақ:
- отты, оның барлық түрлерінде, дұрыс пайдаланбау;
- тұрмыста қолданылатын қыздыру приборларының бұзылуы;
- электр сымдарын және электр жүйесiн пайдаланудағы өрт қауiпсiздiгiнiң
ережесiн бұзу;
- теледидарлардың, радиоапаратуралардың жануы;
- пештiң, оның құбырының дұрыс салынбауы және бұзылғандығы;
- балалардың отпен ойнауы.
Темекiнi абайсыз шегудiң зардабына ерекше тоқтап кету керек. Темекi
шегушiлер әзiрге өте көп, сондықтан өрт болуға себеп те жеткiлiктi, сонымен
қатар, оны себеп ретiнде дөп басу ажырату қиын. Кейбiр темекi шегетiн
адамдар сiрiңкелерiн, темекiнiң тұқылын қалай болса солай лақтыра салады,
рұқсат етiлмейтiн жерлерде темекi шегедi, темекiнiң тұқылын ағаштан
жасалған заттардың үстiне, тез тұтанатын заттардың қасына қоя салады.
Негiзiнде өшпей қалған темекiнiң тұқылынан шыққан өрт ең көп таралған
өрттiң түрi болып саналады.
Синтетикалық заттардың жану ерекшелiктерi. Құрылыстың отқа төзiмдiлiгi.
Бұл тақырыптың маңыздылығы қазiргi заманда үйлерде, квартираларда
синтетикадан жасалған бұйымдар көптеп кездеседi.
Пластмассадан және полимерден жасалған бұйымдардың, құрылыс
материалдарының өртке ұшырауы, оның зардабын бiрнеше есе ұлғайтады әрi адам
өмiрiне үлкен қауiп-қатер туғызады.
Поролон пайдаланылған жұмсақ жиһаз, синтетика кiлем, палас, полимерi
бар түсқағаз (обой) едендегі линолеум, пластик жиһаз, полимер ыдыстар,
киiмдер, перделер – осының бәрi тез тұтанғыш әрi жанған кезде улы затты
газды ерекше бөлетiн бұйымдар болып есептеледi. Жанған кездегi бөлiнетiн
газдың құрамына хлор, көмiртегiнiң тотығы, цианистiк қосылыстар, хлорлы
сутегi, синильдiк қышқыл, азоттың тотығы сияқты уландыратын заттар кiредi.
Полимердiң барлық түрi жанғанда улы газдар бөледi. Жүн жанғанда негiзiнен
полиуретаннан гөрi цианидтi көп бөледi. Бiрақ жүн жай тұтанып,
полиулетаннан жайырақ жанатындықтан өртке себеп болу жағынан онша қауiптi
емес.
Өрт болу қаупiн үй, ғимарат салғанда, әрқашанда ескеру қажет. Құрылыс
материалдары жоғарғы температураға төзетiндей, сенiмдi болғаны дұрыс.

әдiстерi
Өрттiң уақытында өшiрiлуi – негiзiнен, өрт сөндiрушiлердiң дер кезiнде
шақыруылуына көп байланысты. Сол сияқты, адамдарды жанып жатқан ғимараттан
тез шығарудың да маңызы зор.
Осындай жағдайда келесi мәлiметтерге аса көңiл аудару қажет:
1. Өрт туралы хабарлама беру. Өрттi байқаған сәтте ғимараттағы
адамдарға тез хабар беру керек, өрттiң көлемiне, жану қуатына қарамай өрт
сөндiрушiлердi 01 телефоны арқылы хабардар еткен жөн. Әдетте өрт туралы
хабар телефонмен берiледi. Сондықтан әр отбасы мүшесi телефонның тұрған
орнын жақсы бiлгені дұрыс. Өрт сөндiрушiлердiң келу жылдамдығына көп нәрсе
байланысты, тез келсе, өрт тез сөндіріліп, оның зардабының көлемі аз
болады, қауіпті аймақтардағы адамдарға тез арада көмек көрсетіліп,
құтқаруға мүмкіндік туады.
Өрт туралы телефонмен хабар бергенде, келесi тәртiптi сақтаған жөн:
- өрт туралы хабар беру;
- өрт болып жатқан ғимараттың нөмiрiн, қабатын, көшенiң атын анық және
дұрыс айту;
- өртке қысқаша сипаттама беру: не жанып жатыр, қай жерде жанып жатыр
және т.с.с.
- өрттiң сыртқы көрiнiсiнен хабардар ету;
- адамдарға төнген қауiптiң белгілерінен хабардар ету;
- өрт машинасы қалай кiре алатындығы жайлы айту.
2. Адамдарды құтқаруға әрекет жасау. Өрт сөндiрушiлердi шақырумен қатар
оны сөндiруге әрекет ету қажет, ал егер адамдарға тiкелей қауiп төнсе,
оларды көшiруге қимыл жасау керек.
Егер өрт ағаштан тұрғызылған ғимаратта басталса, онда өрттiң орнына,
көлемiне қарамастан адамдарды жедел эвакуация жасаған жөн. Эвакуация
кезiнде сабыр сақтап, әрi дәл қимылдаудың маңызы зор.
Өртте іс-қимыл және құтқару жұмысын сол жердегі беделді, сабырлы адам
қлоға алғаны дұрыс.
Бiрiншi кезекте балаларды құтқаруға әрекет жасаған жөн, себебi өрттен
қорыққан олар, төсектiң, столдың астына, шкафтың iшiне, көрпеге тығылады,
шақырғанда дыбыс бермеуi де мүмкiн. Сондықтан неғұрлым тез арада оларды
құтқаруға кiрiседi, сол құрлы тәуір нәтижеге жетуге болады. Өрт болып
жатқан баспанадан ересектердi iздестiргенде дауыстап дыбыс берген жөн.
Оларды терезенiң, есiктiң, дәлiзден iздеу керек.
Адамдарды мансардтың немесе жоғарғы қабаттан құтқару кезiнде iшкi
баспалдақты түтiн басқан болса, онда сол маңайдағы терезелердi сындырып,
таза ауаның кiруiне жол беру керек. Түтiн басқа бөлмелерден кiрiп тұрса,
онда ол бөлменiң (пәтердің) есiгiн жауып, саңылауларын тығындап тастаған
дұрыс.
Егер iшкi баспалдақ өртенiп жатса немесе түтiн қалың болса, онда
адамдарды саты қойылған терезе арқылы шығарады. Жанып жатқан жерге ауа
кiрмес үшiн, осы жердегi терезе, есiктiң барлығын толық жауып тастайды.
Саңлауларды мата, киiм, шүберектерді сулап, тығындап тастаған дұрыс.
Түтiн басқан бөлмелерден, баспалдақтардан еңкейiп не еңбектеп шығады,
себебi түтiн көбiне жоғарыға көтерiледi. Қатты түтінденген бөлмелерге
кiргенде қабырғаны жағалай жүрiп, жолдағы кездескен заттарды есте сақтап
отыру керек.
Түтiнде қалып, тұншыққан адамдарды тапқаннан кейiн, оған алдымен тыныс
жүйелерi арқылы уланбас үшiн, ылғал шүберектен байлама жасап беру керек.
Осындай ылғал байламаның бiрнешеуiн құтқарушы өзiмен ала жүруі керек.
Құтқару жұмыстары аяқталғанда, ғимараттан адамдар тегiс шығарылды ма,
соған көз жеткiзу қажет. Ол үшiн барлық бөлмелердi аралап қарап шыққан
дұрыс. Кейбiр уақытта ересек адамдар бағдар жасай алмай, құжаттарын алуға,
т.с.с. себептермен отқа қайта кiрiп кетуi мүмкiн. Өрт болып жатқан жерге
жедел жәрдем машиналарында шақырған жөн.
3. Заттар мен жан-жануарларды эвакуация жасау. Заттардың құрып кету
қаупi туған кезде, оларды өрттен шығара бастауға адамдарды құтқарған соң
кiрiседi және бұл iс-әрекет өрт сөндiрушiлердiң жұмысына кесiрiн тигiзбеуi
қажет.
Мүлікті құтқаруды басқышты, дәлiздердi кептеп қалуы мүмкiн көлемдi
үлкен заттарды шығарудан бастамаған дұрыс. Заттарды шығару өрт сөндiруге де
залалын тигiзбегені жөн.
Өрт секілді жүрек ұшырар жағдайды көрген кейбір адамдар есi шығып,
көрiнген, қажет емес заттарды шығарып әлекке түседi.
Өтетін жерді бөгеп тастағандықтан заттарды шығаруда, адамдарды
құтқаруда, отты сөндіруде айтарлықтай қиындық туғызады. Сондықтан
заттардың, жан-жануарлардың эвакуациясын ұйымдасқан түрде жасауға әрекет
етуге қам жасау керек.
Өрт сөндіру машиналарының жүріс-тұрысына кесірін тигізбеуі үшін, оттан
шығарылған заттар, бұйымдар алысырақ жерлерге жинақталуы керек.
4. Өрттi өшiру. Өрт сөндiру құралдары, онымен жұмыс iстеу ережелерi.
Өрттiң басталуына жанатын заттың, оттегiнiң, ауаның және заттардың
тұтануына қажетті температура беретін жылу импульсі керек. Ал оны өшiру
үшiн, осы қажет заттарды салқындату немесе отқа керек оттегі мен ауаның
жолын кесу қажет. Сондықтан осы мақсатқа өрт сөндiргiш құралдар арналған.
Олар мыналар:
- судың ағын, шашыраған және бу түрін пайдаланатын құралдар;
- химиялық және ауа-механикалық көбiктер;
- инерттiк газдар (көмiрқышқылы, азот және т.б.)
- ұнтақ құрғақ заттар (мысалы, құм), хлорлы металл түріндегі арнайы
флюстер.
Өрттi сумен сөндiру
Өрт сөндiруге суды пайдалану, ең қарапайым, оңай әдiстердiң бiрi.
Өрттiң жану шартына және жанып жатқан заттардың қасиетiне, түрiне
байланысты суды бағытталған ағым, шашырату түрiнде пайдаланады. Үлкен
қысымның әсерiмен шыққан су ағыны жалынды өшiредi. Ал суды шашыратып себу
бағытталған ағымнан гөрi тиiмдiрек, себебi бұл ретте су үлкен ауқымды өшiре
алады.
Өрттi көбiкпен сөндiру
Тез тұтанатын сұйықтарды, ток қуаты жүрiп тұрған қондырғыдағы өрттi
сумен сөндiрмейдi, себебi электр тоғының ұру қауіпi бар. Яғни осы
жағдайларда газ бен сұйықтан құрылған көбiктi пайдаланады. Көбiк, өзiнiң
тығыздығы төмен болғандықтан, жанып жатқан заттардың бой-бойымен, сай-
сайымен жылжи ағып, ауаның отқа келу жолын жабады әрi салқындатады.
Өрт сөндiруде көбiктiң екi түрiн пайдаланады:
- химия көбiгi – тұздардың судағы ерiтiндiлерiнен тұратын көмiрқышқыл
газымен толтырылған көбiршiктер. Бұл көбiктi ПГ-50, ПН-100 деген көбiк
генераторларынан тұздардың судағы құрғақ ерiтiндiсiнiң көбiк ұнтағын
араластыру арқылы алады.
- ауалық-механикалық көбiк – бұл көбiк 3-5 атм қатты үш су ағымы ауа-
көбiк ұнғысына келiп, көбiк шығарғышпен араласып шығады. Ауалық-механикалық
көбiктi жанған кезде аса улы өнiмдердi шығаратын заттарды, тұтанғыш
сұйықтарды өшiруге пайдаланады.
Көбiк генераторлары және ауалық-механикалық көбiк қондырғылары қолмен
де, автоматпен де iске қосыла алады.
Өрттi газбен сөндiру
Газбен сөндiру құралдарына өртті көмiрқышқылмен және галоидтелінген
көмiрсутегiмен сөндiрудi жатқызады. Сұйық түрiндегi көмiрқышқылы баллоннан
шыққан соң, қар тәрiздес болып, -78,50С температурасындағы қатты күйге
айналады. Ал қызған кезде лезде газ түріне қайта айналып, өз көлемiнен 400-
500 есе үлкен көлемдi жабады. Көмiрқышқылы галоидтi көмiрсутегiне қарағанда
заттарға да адамдарға да залалын тигiзбейдi, істеп тұрған электр
қондырғыларындағы өрттердi сөндiруге жарайды.
Өрттi газбен сөндiруде төмендегі құралдарды пайдаланады:
- көмiрқышқылының автоматты қондырғыларын;
- жылжымалы көмiрқышқылы өртсөндiргiштерін;
- қол өртсөндiргiшiн.
Өрттi бумен сөндiру
Өрттi бумен сөндiру әдiсi жанып жатқан заттарға оттегiнiң келуiн
шектеуге негiзделген. Будың 35 көлемдiк пайызы отқа жинақталған кезде жану
тоқтайды. Өрт сөндiрудiң бұл әдiсi шағын өрттi тез сөндiруге болатын оңай
әрi қолайлы әдiс болып есептеледi.
Егер өртсөндiргiш жоқ болса, үй тұрмыс жағдайында қолда бар құралдар
пайдаланылады:
- су;
- құм, құм құрғақ әрi майда болу керек;
- киiз, киiз жанған затқа ауа жiбермеу үшiн, пайдаланады. Киiздiң
орнына ауыр жүн, мауыты (сукно) жаймаларды, ескi пальтоларды және т.б.
пайдалануға болады. Жанған жердi тез жауып, от өшкенше басып тұру керек.
Өрт сөндірудің химиялық құралдары
Өрт сөндірудің кең тараған құралдары болып: көмірқышқылы, сулағыштар,
химиялық және ауалық-химиялық көбік, галойдталған көмірсутектер, түйіршікті
қоспалар, бромэтилды қосылыстар, СО2, инертті газдар және т.б. табылады.
Осы аталған өрт сөндіру құралдары келесі түрлерге жіктеледі: суытатын және
оқшаулайтын, яғни жану аймағына оттегінің түсуін көбік қабатын жабу немесе
құрғақ түйіршіктерді себу арқылы оқшаулау жүргізіледі. Электр
өткізгіштігіне қарай: электр өткізетіндер (көбік, су, бу) және электр
өткізбейтіндер (түйіршіктер мен кейбір газ түрлері) болып бөлінеді.
Уыттылығы жағынан: уытты еместер (су, көбік, түйіршіктер), орташа уыттылар
(көмірқышқылы және азот) және уыттылар (бромэтилды қоспалар, фреондар)
болып бөлінеді.
Өртті сөндіру тәжірибесінде әртүрлі сулағыштар, көбіктер, инертті
газдар мен механикалық құралдар кең ауқымды қолданысқа ие.
Сулағыштар жанатын нәрселердің (резеңке, көмір шаңы, шымтезек,
талшықты жабдықтар және т.б.) суланғыштығын жақсарту үшін қолданылады. Бұл
жерге сабынды, синтетикалық қоспаларды, амилсульфаттарды,
алкилсульфонаттарды жатқызуға болады.
Көбік – жылуды аз өткізетін, қозғалмалы, жылуды сәулелендіру әсері
бар, түтіндеудің тығыздығын төмендететін, бірақ механикалық төзімділігі
төмен қасиеттерге ие.
Көбіктер – химиялық, ауа-механикалық және жоғары еселі болып бөлінеді.
Химиялық көбікті өрттің шығу көзіне жіберу алдында ерітінділерді
(сілтілік және қышқылдық) араластыру немесе судың ағынымен көбіктенетін
түйіршіктерді (көбік түзуші) араластыру арқылы алады. Көбікті түйіршік –
күкірт қышқылдық аммоний мен натрий бикарбонатының, көбіктендіргіштер мен
судың қоспалары. 1 кг түйіршік пен 10 литр судан 40-60 литрға дейін көбік
алуға болады. ПО-1 ПГП түйіршіктерінен алған көбіктермен – мұнай өнімдерін;
спирттер мен ацетондарды, ішіне 2% сабын қосылған ПГПС түйіршіктерімен
өшіреді. Химиялық көбік жану аймағында оттегі мөлшерін 14% дейін азайтады,
жабдықтардың беттерін жауып, оларды от жалынынан оқшаулайды, суытып, жануды
тоқтатады.
Ауа-механикалық көбіктерді ауа-көбікті оқпанның көмегімен, суды
қысылған ауамен және көбік түзгішпен араластыру арқылы алады. Ауа қысымына
және көбік түзгіштердің қасиеттеріне байланысты орта және жоғары еселі
көбіктерді алуға болады. Көбік еселігі – көбік көлемінің, өзі алынатын
барлық сұйықтардың көлеміне қатынасы. 5-100 еселікті көбіктер аз және орта
еселіліктілерге, ал 100-ден жоғарылары жоғары еселіліктілерге жатады.
Жоғары еселі көбіктерді, қысылған ауа мен су қоспасын және көбік
түзгішті араластыру нәтижесінде, үздіксіз көбіктің пайда болуы әсерінен
алады. Едәуір жоғары еселі (1000-ға дейін) көбікті алу үшін атмосферадан
алынатын ауадан басқа, қосымша ауа (немесе инертті газ) пайдаланылады.
Жоғары еселі көбіктің өртті сөндіру қабілеті басу әсеріне негізделген,
себебі өрт ошағына көбіктің түсуі кезінде ол оның бүкіл ауданын жабады.
Инертті газдар (азот, аргон, гелий, түтіндік немесе өңделген газдар)
газды-дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде құралдар мен жабдықтарды
толтыру үшін қолданылады.
Механикалық құралдар (брезент, киіз, құм, топырақ) жанатын заттар ысып
үлгермеген жағдайда, яғни жанудың бас кезінде қолданылады.
Өртті химиялық құралдармен сөндіру үшін әртүрлі қол өрт сөндіргіштері,
сонымен бірге жылжымалы және стационарлы өртті сөндіру қондырғылары
пайдаланылады.
Қолмен сөндіруге арналған өрт сөндіргіштер
Жанудың бастапқы кезеңінде өртті сөндіруге арналған құралдар.
ОХП-10 типті химиялық көбікті өрт сөндіргіштер қатты және сұйық
заттарды сөндіруге арналған. Олар 5-ке тең еселікпен әсер етеді, ұзақтығы
60 секундқа жақын. Баллондардың сиымдылығы - 8,7 және 9 л. Осы өрт
сөндіргіштердің заряды сілтілік және қышқылдық бөліктерден тұрады. Қыс
мезгілінде өрт сөндіргіштер қатып қалмас үшін, оның сілтілік бөлігіне
этиленгликольді немесе рас көбіктендіргішін қосады.
ОХП-10 өртсөндіргіші (1-сурет) ішінде стақан орнатылған (2), шойыннан
пісірілген корпустан (1) тұрады. Стақан күкірт қышқылды темір тотығымен
толтырылған.
1-Сурет. ОХП-10 типті химиялық көбікті өртсөндіргіш.
Корпус мия экстракты бар екікөміртекті натрий қышқылының (сілті)
қоспасымен толтырылады. Тұтқаны (3) 180°-қа бұрған кезде, соташық (4)
резенке тығынды жоғары көтереді де, түбін жоғары қаратып аударғанда
қышқылдық және сілтілік бөліктері араласады. Нәтижесінде, көміртек қос
тотығы көбік түрінде түзіліп, шашырау арқылы жану ошағына бағытталады.
Ағынның ұзындығы 8 м жетеді. Қышқылдық пен сілтілік бөліктерінің араласуы
нәтижесінде келесі әрекеттесу жүреді:
Fe2(SO4)3+6NaHCO3 = 2Fe(OH)3+3Na2SO4+6CO2
Өрт сөндіргіштің корпусы бір жылдан кейін 25 % мөлшерде, 2 жылдан кейін
50 %, 3 жылдан кейін 100 % 2 МПа қысымда зерттеуден өтеді. Жылына бір рет
зарядталынып тұрады.
ОХП-10 өрт сөндіргіші оңай жанғыш, жанатын сұйықтарды және қатты
заттырдың көбін сөндіруге арналған. ОХП-10 өрт сөндіргішін сумен араласатын
сұйықтарды сөндіру үшін қолданғанда оның әсері болмайды, көбіктің
қасиеттері өзгереді. Химиялық көбікті құнды заттарды сөндіру үшін
пайдаланбаған абзал, оның әсерінен олар бүлінеді. Көбіктік өрт
сөндіргіштердің көбіктерінің ток өткізу қабілеті болғандықтан, электр
құрылғыларын сөндіру үшін де пайдаланылмайды.
ОВП-5 және ОВП-10 типті (2-сурет) қолмен сондіруге арналған ауа-
көбікті өрт сөндіргіштердің, сиымдылығы 5 және 10 л сәйкес 5% көбіктүзуші
қоспамен толтырылған сұйыққоймасы бар.
2-сурет. ОВП-10 типті қолмен сөндіруге арналған ауа-көбікті
өртсөндіргіш
Балонның (2) қысу тұтқасын (3) бұрған кезде көміртек қос тотықты көбік
cұптама (4) арқылы жоғары еселік қоспа шашырайды. Өрт сөндіргіштің жұмыс
істеу уақыты 20 секунд, ағын ұзындығы 4-5 м дейін жетеді.
Өрт сөндіргіштің заряды химиялық бейтарап. Соның негізінде алынған
жоғарғы еселі көбік те өрт сөндірілгеннен кейін жоғалады. Сол себепті өрт
сөндіргіштің айналадағы заттарға зиянды әсері жоқ. Мұндай өрт
сөндіргіштерді электроқондырғыларды, сілтілік металдар мен заттарды сөндіру
үшін қолданбайды.
Кішігірім өрттердің барлық түрін сөндіруде қолданылатын, сиымдылығы 2,
5 және 8 л тең ОУ-2, ОУ-5 және ОУ-8 (3-сурет) қолмен сөндіруге арналған
көмірқышқыл өрт сөндіргіштері.Бұл өрт сөндіргіштер қысым вентилінің
маховикті айналдыруы арқылы іске қосылады. Қар тәрізді көмірқышқыл ағыны 2
м қашықтыққа 30-40 секунд уақыт ішінде әсер етеді. Балондағы көмірқышқыл
сұйығы 6 мПа қысымда болады да, тұтқаның вентилін ашқанда ондағы қысым
0,98*105 Па дейін төмендейді. Нәтижесінде сұйық көмірқышқыл температураның
төменгі көрсеткішінде газ тәрізді күйге өтеді. Сондықтан өрт сөндіру
құралдарымен жұмыс істегенде сақ болу керек.
3-сурет. ОУ-2 қолмен сөндіретін көмірқышқыл өрт сөндіргіш
Көмірқышқыл өрт сөндіргіштерді таразыға тарту арқылы тексеруден
өткізеді. Егер салмағы 6,25 (ОУ-2); 13,35 (ОУ-5) және 19,7 (ОУ-8) кг аз
болса, оларды зарядтау қажет.
Көмірқышқыл материалдарды бүлдірмейтіндіктен, оларды құнды заттарды
және кітап сақтау орындарын сөндіру үшін пайдаланады. Ал ток өткізбеуіне
байланысты (380 В дейін) электр құрылғыларын сөндіруде қолданады.
ОУБ-3а, ОУБ-7а (4-сурет) көмірқышқыл-бромэтил өрт сөндіргіштері, 3,2
және 7,4 л сиымдылықты шойын баллонан тұрады, оның ішінде 97% бромды этил
мен 3% сұйық көмірқышқылы болады. Ерітінді 0,843 мПа қысымда болады.
Вентильді ашу кезінде шығару түтігінен бұлт тәрізді өрт сөндіру заты
шашырайды. Өрт сөндіргіштің жұмыс істеу уақыты 40 секунд, ағын ұзындығы 4-5
м дейін жетеді. Олар қатты, сұйық жанғыш және электр құрылғыларын сөндіру
үшін қолданылады.
.4-сурет. ОУБ-7 көмір қышқыл – бромэтил өрт сөндіргіші
Түйіршікті ОПС-10 (5-сурет) өрт сөндіргіші кальциланған құрғақ
түйіршікпен толтырылған, сиымдылығы 10 л баллоннан (1) тұрады.
5-сурет. Түйіршікті ОПС-10 өрт сөндіргіші
Корпусқа 15 МПа қысымдағы инертті газ (азот) толтырылған баллон
бекітілген.
Вентилді ашу кезінде газ күшімен түйіршік шлангқа (3) итеріледі де,
раструб (4) арқылы өртке шашыратылады. Іс-әрекет ұзақтығы шамамен 30 с.
Түйіршікті өрт сөндіргіштер кішігірім жану аймағына: автотранспорт,
электр құрылғылар (100В дейін), сілтілік металдар (Na, К), ағаш, пластмасса
және т.с.с. қолданылады.
Өндіріс ғимараттарының әртүрлі жүйелерінде қолданылатын өрт
сөндіргіштердің қажетті саны келесі формуламен анықталады:
N0= M0* S,
мұнда, S ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz