Өртке қарсы қызметті ұйымдастыру және атқару



Кіріспе
1 Бөлім. Өртке қарсы қызметтің күштері
1.1. Өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік жарғысы
1.2. Өрт сөндіру техникалары
1.2.1. Өрт сөндіру автомобилі
1.2.2. Өрт сөндіру депосы
2 Бөлім Ұйымдастыру мен атқару
2.1. Өртке қарсы қызметті ұйымдастыру және атқару
2.2. Өрт сөндіру кемесі
2.3. Өрт сөндіру сатысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Өндіріс объектілерінің өртке қарсы қорғанысы – жаңа мекемелерді жобалағанда инженерлі-техникалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені болып табылады. Осылайша, өндірістегі өрттік өрттік қауіпсіздік, өрттің алдын алу шараларымен және өрттің шығу ошағынан белсенді қорғану әрекеттері арқылы жүзеге асады.
Еліміздегі халық шаруашылығының белсенді дамуы, өнеркәсіптің жаңа салаларының және материалдардың пайда болуы, өрт қауіпсіздігінің алдына көптеген жаңа талаптарды қойды, сонымен қатар, жаңа өртке қарсы техникалардың пайда болуына үлес қосты.
Соңғы жылдары өрт қауіпсіздігі саласы жаңа, осы заманға сай жабдықтармен (автоцистерналар, автосорғыштар, көпіршік генераторлары, мотопомпалар, өрт сөндіру құралдары және тағы басқа) қамтамасыз етілді. Автоматтық өрт сөндіру құралдары мен дабылдары қолданылады.
1. «Азаматтық қорғау саласындағы ақпараттықөәдістемелік материалдар» (№1 (49) шығарылым, 2012)
2. ҚР ТЖ саласындағы заңдары
3. Ұйымдардағы ТЖ және АҚ бойынша сабақтарға арналған оқу құралы (Алматы-2012)
4. «Құтқарушы» оқу құралы (I кітап) (Алматы-2009)
5. «Құтқарушы» оқу құралы (II кітап) (Алматы-2009)
6. «Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туралы» ҚР заңы, 05.07.1996.
7. ТЖ жүйесінде қолданылатын орысша-қазақша терминдер сөздігі. Алматы – 2004.
8. ҚР «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңы. 07.05.1997 ж.
9. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық. Алматы, 2000 ж.

Жоспары

Кіріспе
1 Бөлім. Өртке қарсы қызметтің күштері
1.1. Өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік жарғысы
1.2. Өрт сөндіру техникалары
1.2.1. Өрт сөндіру автомобилі
1.2.2. Өрт сөндіру депосы
2 Бөлім Ұйымдастыру мен атқару
2.1. Өртке қарсы қызметті ұйымдастыру және атқару
2.2. Өрт сөндіру кемесі
2.3. Өрт сөндіру сатысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1 Бөлім. Өртке қарсы қызметтің күштері
1.1. Өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік жарғысы ... ... ... ... ... 4
1.2. Өрт сөндіру техникалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10
1.2.1. Өрт сөндіру автомобилі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.2.2. Өрт сөндіру депосы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2 Бөлім Ұйымдастыру мен атқару
2.1. Өртке қарсы қызметті ұйымдастыру және атқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2. Өрт сөндіру кемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
2.3. Өрт сөндіру сатысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Өндіріс объектілерінің өртке қарсы қорғанысы - жаңа мекемелерді жобалағанда инженерлі-техникалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені болып табылады. Осылайша, өндірістегі өрттік өрттік қауіпсіздік, өрттің алдын алу шараларымен және өрттің шығу ошағынан белсенді қорғану әрекеттері арқылы жүзеге асады.
Еліміздегі халық шаруашылығының белсенді дамуы, өнеркәсіптің жаңа салаларының және материалдардың пайда болуы, өрт қауіпсіздігінің алдына көптеген жаңа талаптарды қойды, сонымен қатар, жаңа өртке қарсы техникалардың пайда болуына үлес қосты.
Соңғы жылдары өрт қауіпсіздігі саласы жаңа, осы заманға сай жабдықтармен (автоцистерналар, автосорғыштар, көпіршік генераторлары, мотопомпалар, өрт сөндіру құралдары және тағы басқа) қамтамасыз етілді. Автоматтық өрт сөндіру құралдары мен дабылдары қолданылады.

1 бөлім. Өртке қарсы қызметтің күштері
1.1. Өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік жарғысы
Осы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік жарғысы (бұдан әрі - Жарғы) өрттерді сөндіруді және олармен байланысты бірінші кезектегі апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуді (бұдан әрі - өрттерді сөндіру) ұйымдастырудың негізін анықтайды.
Осы Жарғының талаптарын орындау мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының (бұдан әрі - өртке қарсы қызмет) барлық жеке құрамы және басқа да өрт сөндіруге жұмылдырылатын күштер (бұдан әрі - өрт сөндіруге қатысушылар) үшін міндетті болып табылады.
Өрт сөндіру бөлімшелерінің аварияларды, су тасқындарын, жер сілкіністерін жою кезіндегі және басқа да ерекше жағдайлардағы іс-қимылдары, сондай-ақ олардың басқа қызметтермен және ведомстволармен өзара іс-қимыл жасауы арнайы тәлімдемелермен, нұсқаулармен, тапсырмалармен ұйымдастырылады.
Азаматтардың өз еріктерімен өрттерді сөндірулері осы Жарғымен реттелмейді.
Өртке қарсы қызмет заңнамада белгіленген тәртiппен елдi мекендердің қоныстандырылған аумақтарында және шаруашылық жүргізу объектілерінде өрт сөндiруге және олармен байланысты бірінші кезекті авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге бейімделген.
Өртке қарсы қызметі жеке құрамының негізгі міндеті адамдардың өміріне қауіп төнген жағдайда оларды құтқару мен көшіру және өртті жұмылдырылған күштер мен құралдардың тактикалық мүмкіндіктерімен белгіленген мерзімде және көлемде жою болып табылады.
Өртті сөндіру кезінде:
- барлық командирлер мен өрт сөндірушілердің жоғары тактикалық шеберлігі, белсенді, табанды іс-қимылдар, тәртіптілік, ақталған кәсіптік тәуекел;
- шешуші бағытты дұрыс анықтау;
- шешуші бағытқа күштер мен құралдарды дер кезінде шоғырландыру және енгізу, оларды шебер басқару;
- бөлімшелерді соңғы үлгідегі өрт техникасымен, өрт-техникалық құралдарымен қамтамасыз ету арқылы табысқа қол жеткізіледі.
Өртке қарсы қызметтің және басқа да өртке қарсы қызметтер мен құрылымдардың жеке құрамы үшін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі белгіленген тәртіппен бекітілген регламенттеуші құжаттардың (тәлемдемелердің, нұсқаулардың, ережелер мен кепілдемелердің) талаптарын орындау міндетті болып табылады.
Осы Жарғыда мынадай негiзгi терминдер қолданылады:
- авариялық-құтқару жұмыстары - төтенше жағдайлар аймағында адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды құтқару, қоршаған ортаны қорғау, оны шектеу және басу немесе оған қаупі бар жағдайларды мүмкіндігінше ең төмен деңгейге жеткізумен байланысты іс-қимылдар жасау;
- жауынгерлiк қанат жаю - жауынгерлiк тапсырманы орындау үшiн күштер мен құралдарды дайындыққа келтiру;
- жауынгерлік есептоп - өзара міндеттері бөлінген көлік құралының экипажы;
- жауынгерлік іс-қимыл - негізгі жауынгерлік тапсырманы орындауға осы Жарғыда көрсетілген өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдарын ұйымдасқан түрде пайдалану;
- жауынгерлік шеп - адамдарды және мүліктерді құтқару, өрт сөндіргіш заттарды беру, өртте арнайы жұмыстарды атқару үшін тікелей жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізетін өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдарының орналасу орны;
- газ-түтіннен қорғау қызметі - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің басқару органдарында, өртке қарсы қызметінің бөлімшелерінде, орталықтары мен оқу орындарында ұйымдастырылатын арнайы қызмет. Газ-түтіннен қорғау қызметі өрт сөндіру бойынша жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуді қамтамасыз етуге және тыныс алуға жарамсыз ортадағы авариялардың зардаптарын жоюға арналған;
газ-түтіннен қорғаушы - өртті сөндіру және авариялардың зардаптарын жою бойынша жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге дайындалған және аттестатталған өртке қарсы қызметтің қызметкері;
- өрт хабарлағыш - өрт туралы дабылды шығарушы жабдық;
- өртті жою - жану тоқтатылған және оның өздігінен жану жағдайы жойылған өртті сөндіру сатысы (кезеңі);
- өртті шектеу - адамдарға (жануарларға) қауіп төндірмейтін немесе жойылған, өрттің жайылуы тоқтатылған және қолда бар күштер мен құралдардың көмегімен оны жою үшін жағдай жасалған өртті сөндіру сатысы (кезеңі);
- өрттің нөмірi (рангі) - шығу кестесiнде өртті сөндiруге жұмылдыратын гарнизонның күштері мен құралдарының құрамы көрсетілген өрт күрделігінің шартты белгісі;
- өрт сөндіргіш зат - жануды тоқтатуға жағдай жасауға мүмкіндік беретін физикалық-химиялық қасиеттері бар зат;
- өрттiң қауiптi факторы - жарақатқа, улануға немесе адам өлiмiне, сондай-ақ материалдық құндылықтың жойылуына (зақымдалуына) әкелiп соқтыратын өрттiң факторы;
- өрттегі жедел штаб - өрт кезінде күштер мен құралдарды басқару үшін өрт сөндіру жетекшісінің уақытша құрған органы;
- өрттегi жағдайды бағалау - өрттi барлаудың нәтижесiнде алынған мәлiметтi жинақтау мен талдаудың негiзiнде құрылған қорытынды;
- өрттерді сөндірумен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстары - адамдарды, мүліктерді, жеке меншікті құтқарудағы және көшірудегі, өрт кезінде зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетудегі өрт сөндіру қызметінің жауынгерлік әрекеті;
- өрт сөндiру жоспары - өршіген өрттi сөндiрудi ұйымдастыру жағдайын болжайтын және негiзгi мәселелерді айқындайтын жедел құжат;
- күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспары - ауылдық аудан әкімі бекітетін және өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің, ұқсас қызметтер мен құрылымдардың, шаруашылық объектілерінің, шаруа қожалықтарының өртті сөндіруге жұмылдырылатын күштер мен құралдарының тәртібін және санын ауданның әкімшілік шекарасы шегінде айқындайтын жедел құжат;
- өрт кезінде көшiру жоспары - көшiру жолдары мен шығу есіктері көрсетілген, адамдардың жүрiс-тұрыс ережесі белгіленген, сондай-ақ өрт шыққан объектiдегі қызмет көрсетушiлердің iс-қимылдарының тәртiбi мен жүйелiгi көрсетiлген құжат;
- өрт - адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне зиян, материалдық залал келтiретiн бақылаусыз жану;
- өрт қауiпсiздiгi - адамдардың, мүлiктiң, меншiктiң, қоғам мен мемлекеттiң өрттен қорғалу жай-күйi;
- өрт техникасы - өртті болдырмауға, өрістеуіне шек қоюға, сөндіруге, өрттен адамдар мен материалдық құндылықтарды қорғауға арналған техикалық құралдар;
- өрт-техникалық жарақтар (өрт жарағы) - мақсатына байланысты нақты өрт сөндіру машиналарына арналған өрт сөдіру жабдықтарынан, қолмен өрт сөндіру және авариялық-құтқару жабдықтарынан, өрттен қорғану құралдарынан және шағын тетік құралдарынан тұратын жиынтық;
- өрт жабдығы - өрт сөндіру коммуникациясының құрамына кіретін жабдық (өрт жеңдері, өрт сөндіру тармақтары, өрт оқпандары, өрт сөндіру бастиектері, өрт гидранттары және т.б.), сондай-ақ осы жабдық пен оның құрамдас бөліктеріне техникалық қызмет көрсету құралдары;
- өрт сөндіру бөлімшесі - өртке қарсы қызметтің құрылымдық бірлігі;
- өрт сөндіру машиналары - өрттерді сөндіру кезінде қолдануға арналған мотормен жабдықталған құралдар;
- өрт сөндіру автомобилі - өрт орнына жауынгерлік есепті, өрт-техникалық жарақты, өрт сөндіргіш құралдарды жеткізуге және оларды өрт ошағына беруге арналған автомобиль;
- оқпаншының бағыты - өрттi сөндiру бойынша жауынгерлiк тапсырманы орындау кезіндегі оқпаншының орналасу орны;
- өртке қарсы қызмет - белгіленген тәртіппен құрылған басқару органдарының, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарынығ күштері мен құралдарының, оның ішінде өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыруға, олармен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жиынтығы;
- өртке қарсы сумен жабдықтау - су тарту мен тасымалдау, оның қорын сақтау және өрт сөндiруге пайдалану үшiн арналған инженерлiк-техникалық құрылыстардың жиынтығы;
- жану орнына су беру - өртті жойғаннан кейін жанған құрылымдар мен материалдарды бақылау түрінде бөлшектеу (тексеру) үрдісіне жалғасатын жану орнын салқындату бойынша іс-қимимылдар жасау;
- өрттiң өрiстеуi - уақыт пен кеңiстiктегі өрт өлшемдерінің өзгеруi;
- бөлiмшелердiң шығу ауданы (бұдан әрі - шығу ауданы) - шығу кестесінде бөлімнің бірінші кезектегі өрт сөндіру бағыты көрсетілген аумақ;
- шығу кестесi - қаладағы немесе елді мекендердегі өрттерді сөндіруге гарнизонның күштері мен құралдарын жұмылдырудың заңға және осы Жарғыға сәйкес бекітілген тәртібі;
- өрттегi күштер мен құралдар - өрт сөндіру бөлiмдерiнiң жеке құрамы, ерiктi және басқа құрылымдар, сондай-ақ өрт сөндіру техникасы, байланыс және басқару құралдары, өрт сөндіргіш заттар және өрттегі басқа техникалық құралдар;
- өртте адамдарды құтқару - өз бетiмен өрт аймағынан шыға алмайтын және оларға қауiптi фактордың әсер ету мүмкiндiгi туындағанда адамдарды құтқарудың iс-қимылдары;
- бөлiмнiң тактикалық мүмкiндiктерi - белгiлi уақыт iшiнде жауынгерлiк тапсырманы орындайтын, техникалық құрылымдармен жарақталған жеке құрамның мүмкiндiгi.
- өртті сөндіру - адамдарды, мүліктерді құтқару мен өрттерді жоюға бағытталған жауынгерлік іс-қимылдар. Өрттерді сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
- өрттегi тыл - жауынгерлiк шепте жауынгерлiк iс-қимылдарды жүргiзудi қамтамасыз ететiн күштер мен құралдар;
- өртте күштер мен құралдарды басқару - жағдайды бағалау негiзiнде жауынгерлiк iс-қимылдарды табысты жүргiзу мақсатында өрт сөндіру басшының (өрттегi жедел штабтың) әрекетi;
- өртте адамдарды көшiру - адамдардың сыртта немесе оларға өрттің қауіпті факторларының ықпал етуі мүмкін орынжайлардан қауіпсіз аймаққа ұйымдасқан тұрде дербес қозғалу, сондай-ақ халықтың қозғалыс мүмкіндігі шектелген тобына жататын, қызмет көрсетуші персонал жүзеге асыратын өз адамдардың өздігінен қозғала алмау үрдісі.

1.2. Өрт сөндіру техникалары
Өрттен адамдарды құтқаруға, материалдық және табиғи байлықтарды қорғап қалуға арналған техникалық құралдар. Өрт сөндіру техникасының негізін өрт сөндіру машиналары (өрт сөндіру автомобилі, өрт сөндіру пойызы, өрт сөндіру кемесі, өрт сөндіру ұшағы мен тікұшағы) құрайды. Өртенген жерлерге от сөндіргіш заттар шашуға арналған өрт сөндіргіш орнықты қондырғылар, өрт сөндіргіштер, өрт гидранттары, тағы басқа өрт сөндіру құрал-жабдықтары өрт сөндіру техникасы қатарына жатады. Өрт сөндіру техникасын жасау ісі өте ерте кезден-ақ қолға алынған. Біздің заманымыздан бұрынғы ежелгі грек механигі, әрі өнертапқышы Ктесиби суды жоғары қарай шашатын машина жасаған. Бұл - су сепкіш машинаның ең алғашқы үлгісі еді. 16 ғасырларда өрт сөндіргіш қол насосотары жасалды. Бу машинасы шыққаннан кейін онымен жұмыс істейтін өрт сөндіргіш қондырғылар жасалды. Бұлар ат арбамен тасылды. Кейіннен ат арбаның орнына бу автомобилі пайдаланылды. Алғашқы кезде іштен жанатын қозғалтқыш орнатылған автомобильдер өрт сөндірушілерді ғана тасыса, бертін келе оған өрт сөндіру сорғылары орнатылды. 1907 жылы автомобильге механикалық өрт сөндіру сатысы орнатылды. Өрт сөндіру ісінде автомобильді пайдалану өрт сөндіру техникасына түбегейлі өзгеріс әкелді. Ұзақ уақыт бойы өрт сөндіруге су пайдаланып келді. Кейбір жағдайларда, яғни май мен мұнай жанған кезде сумен өшіру мүмкін болмады. 20 ғасырлардың бас кезінен өрт сөндіру ісіне химиялық көбіктер пайдаланылуда.

1.2.1.Өрт сөндіру автомобилі (ӨСА)
Өрт шыққан орындарға өрт сөндіру күзеті бөлімшесінің мүшелері мен өрт сөндіруге арналған құрал-жабдықтарды жеткізеді. ӨСА негізгі, арнаулы және көмекші деп үш түрге бөлінеді. Негізгі ӨСА-не автоцистернамен, қол сорғылармен, автосорғылармен, сорғы станцияларымен жабдықталған газды су, көбіктенген ауа, ұнтақты өрт сөндіргіш заттар шашатын автомобильдер жатады, олар өрт ошағына сөндіргіш заттар шашады. Автоцистерналы ӨСА өрт ошағына шашылатын өрт сөндіргіш заттармен бірге өрт сөндірушілерді де алып жүреді және өрт сөндіруге қажет әр түрлі құрал-жабдықтармен жабдықталады. Өрт сөндіру сатысы, жарықтандыру, техникалық, тағы басқа мақсаттарға арналған құралдармен жабдықталған автомобиль арнайы ӨСА деп аталады. Техника қызметтің ӨСА өрт ошағына өрт сөндірушілерді, бөлме ішінен түтін соратын және оған таза ауа айдайтын, үйді бұзатын не төсейтін, жөндейтін, тағы басқа құрал-жабдықтарды тасиды. Көмекші ӨСА ірі өрт сөндіру кезінде өрт сөндіру техникасының жұмысына көмек (жанар май құяды, жөндейді, техникалық қызмет көрсетеді) көрсетеді, тағы басқа мақсаттар үшін пайдаланылады. Барлық ӨСА-н өзге көлік түрлерінен оңай ажырату үшін қызыл түске (немесе қызыл және ақ) бояйды. ӨСА көк сәулелі шамшырақпен және сиренамен жабдықталады.

1.2.2.Өрт сөндіру депосы (ӨСД)
Өрт сөндіру бөлімшелерінің кезекшілері, өрт сөндіру автомобильдері мен құрал-жабдықтары орналастырылған ғимарат. ӨСД-ның құрамында: тұрақ, байланыс пункті, класс бөлмелері, кезекшілер тынығатын бөлмелер, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, өрт сөндіру жабдықтарын күту посттары, өрт сөндіруге қажет құралдар мен жабдықтар қоймасы, тағы басқа бөлмелер болады. ӨСД-нда 2-ден 8-ге дейін (кейде одан да көп) өрт сөндіру автомобилі болады. Автомобильдер тұрақта бірқатар болып тұрады. Депо ауласында оқу-жаттығу қалашығы, жанар май станциясы болады. Біздің республикамыз бойынша ең алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі 1877 жылы Верный (қазіргі Алматы қаласы) қаласында ұйымдастырылған. Ол кезде өрт сөндірушілер және сорғылар мен су құйылған бөшкелер ат арбамен тасылған.
Өрт сөндіру кемесі (ӨСК)
Кемелерде және порт аймағындағы өртті сөндіруге арналған кеме. Ол арнаулы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады. ӨСК-нде суды лафеттік оқпанға айдайтын сорғы бар. Сорғы кеме қозғалтқышы немесе арнайы жетекпен жұмыс істейді. Сорғы сағатына 1000 м3-ге дейін су айдай алады. Су атқыш лафеттік оқпан кеменің тұмсық жағына не кормасына орнатылады. Лафеттік оқпандар алыстан басқарылады. ӨСК-нде көбікті от сөндіргіш заттар толтырылған ыдыстар болуы себепті танкерлер мен жағалаулардағы мұнай қоймаларында шыққан өртті сөндіруге де болады.
Өрт сөндіру сатысы (ӨСС)
Өрт сөндіру сатысы (ӨСС) - өрт болып жатқан үйдің үстіңгі қабатына өрт сөндірушілерді және құралдарды шығаруға әрі ол жердегі адамдарды өрттен құтқаруға арналған ұзын саты. ӨСС-ның қол саты, автомобильдік және орнықты саты деп аталатын түрлері бар. Қол сатысы жиналмалы және аспалы болады. Жиналмалы қол сатысы созылған кезде 10 метрге дейін ұзарады. Автомобильдік ӨСС (ұзындығы 16, 30 және 45 метрге дейін жетеді) және иінді автокөтергіш (18 не 30 метр биіктікке дейін көтереді) деп екіге бөлінеді. ӨСС-ның жоғары иініне су атқыш лафеттік оқпан орнатылады. Орнықты ӨСС әр үйдің сыртына орнатылады.

2 бөлім Ұйымдастыру мен атқару
2.1. Өртке қарсы қызметті ұйымдастыру және атқару
Гарнизондар Қазақстан Республикасы облыстарының, Астана және Алматы қалаларының аумағында (аумақтық), қала және ауылдық аудандарда (жергiлiктi) құрылады.
Қала және ауылдық гарнизондар Қазақстан Республикасының облыстық гарнизондарының тиісті құрамына кiредi.
Өртке қарсы қызметтің аумақтық гарнизонының және оның құрамына кіретін барлық жергілікті гарнизондардың шекаралары жергілікті атқарушы органмен келісіледі және Министрліктің тиісті аумақтық органның бастығымен бекітіледі.
Гарнизондық қызметтiң негiзгi мақсаттары:
- гарнизонның күштер мен құралдарын өрт сөндiруге тиiмдi пайдалану үшiн қажетті жағдай жасау;
- гарнизонның күштерi мен құралдарын басқарудың біртұтас жүйесін құру;
- өмiрлiк маңызы бар қызметтермен өзара әрекеттерді ұйымдастыру;
- бүкiл гарнизондық iс-шараларды ұйымдастыру және жүргiзу болып табылады.
Гарнизондық қызметтiң мақсатын орындау үшiн:
- гарнизонның күштер мен құралдарының жай-күйін бақылау және есепке алу;
- гарнизонның күштер мен құралдарын өрт сөндiру үшiн қолданылуын, оның iшiнде күштер мен құралдарды жұмылдыру тәртiбiн жоспарлау, шығу кестесi және басқа да өрт сөндiру қызметiн анықтайтын құжаттарды дайындау;
- жеке құрамның, оның ішінде гарнизонның лауазымды тұлғаларының, кәсіптік және басқа да әр түрлі дайындығын гарнизондық өрт-тактикалық жаттығулар, жарыстар, жиындар және басқа да гарнизондық iс-шаралар жүргiзу арқылы қамтамасыз ету;
- өрт байланысын ұйымдастыру, өртке қарсы қызметiн басқарудың автоматтандырылған жүйелерін құру;
- шақыруды қабылдау және тiркеу жүйесiнiң, сонымен қатар өрт сөндiру қызметiнің ақпараттық қамсыздандыру жүйелерiнiң жұмысын қамтамасыз ету;
- гарнизон бөлiмдерiнiң гарнизондық және қарауылдық қызметтердi атқарудан бос жеке құрамын ірі өрттерді сөндіруге және төтенше жағдай зардаптарын жоюға қатыстыру бойынша iс-шараларды дайындау;
- өмiрлiк маңызы бар қызметтермен бiрлесiп қимыл жасау бойынша келiсiмдер (нұсқаулар) жасау және бекiту;
Гарнизондық қызметтiң мақсатын орындауға қажетті басқа да iс-шараларды iске асыру керек.
Гарнизондық қызметтi қамтамасыз ету мен жетілдіруді реттеу мақсатында осы Жарғыға 4-қосымшаға сәйкес гарнизон бастығы бекіткен гарнизондық iс-шаралар жоспары жасалады.
Өртке қарсы қызметтің көршілес гарнизондарының аумағында өрт сөндіру жөнінде өзара көмек көрсету тәртібі өрт қауіпсіздігі саласындағы өкілетті органмен, Министрліктің Өртке қарсы ықзмет комитетімен (бұдан әрі - Комитет) бекітілген, бірлескен күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарымен анықталады.
Басқа мемлекеттердiң өртке қарсы қызметiнiң күштер мен құралдарын қатыстыру мемлекетаралық келiсiм негiзiнде iске асырылады.
Өртке қарсы қызмет гарнизонына кіретін күштер мен құралдарды пайдалану тәртібі гарнизонның бастығымен әзірленіп, тиісті жергілікті атқарушы органмен бекітілетін және тиісті аумақтық орган басқармасы бастығының бұйрығымен жарияланатын өрт сөндіру бөлімдерінің шығу кестесі осы Жарғыға 5-қосымшаға сәйкес, ал ауылды мекен аудандарында - күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарымен (кестесімен) осы Жарғыға 6-қосымшаға сәйкес анықталады. Гарнизонда автоматтандырылған басқару жүйесі болғанда шығу кестесінің электронды нұсқасы да қолданылады (күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспары).
Шығу кестесіне оқу орындары және Министрліктің басқа бөлімшелері де қосыла алады.
Оқу орындарының жеке құрамы оқу жоспарында көрсетілген уақытқа байланысты гарнизон бөлiмдерiнде қарауыл қызметiн атқаруға қатыстырылады.
Оқу орындарының жаттықтыру өрт сөндіру бөлімдері гарнизондық қызмет атқарады. Оларда қарауыл қызметi ұйымдастырылады.
Министрліктің аумақтық органдарының, мемлекеттік өрт сөндіру мекемелерінің, өрт сөдіру-техникалық оқу орындарының басшылары басқармаға бағынышты органдар мен бөлімшілірінде осы Жарғы талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Гарнизонның лауазымды тұлғаларына:
- гарнизон бастығы;
- гарнизон бастығының орынбасары;
- жедел кезекшi;
- гарнизон аға диспетчерi, диспетчерi;
- газ түтiннен қорғау қызметiнiң бастығы;
- техника қызметiнiң бастығы;
- байланыс қызметiнiң бастығы жатады.
Гарнизонның лауазымды тұлғалары өздерiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына, берiлген құқықтардың дұрыс және толық пайдалануына, белгiленген құпия тәртiптi сақтауға, өртке қарсы қызметтiң мүлiктерiнiң сақталуына жауап бередi.
Осы Жарғыда көрсетілген гарнизонның лауазымды тұлғаларының мiндеттерi олардың негiзгi қызмет орынында орындайтын функционалдық мiндеттерiне енгiзiледi.
Гарнизон бастығы - Министрліктің аумақтық органының бастығы гарнизондық және қарауылдық қызметті ұйымдастыру мәселері бойынша басшылық етеді.
Гарнизон бастығы:
- гарнизондық қызметтi ұйымдастыруға және бақылауға;
- қызмет атқарудың, дайындық пен өрт сөндiрудiң озық тәжiрибелерiн енгiзуге;
- гарнизондық қызметтi атқару кезiнде еңбектi қорғау, техникалық және өрт қауiпсiздiгi ережелерінің орындалуын қамтамасыз етуге және қадағалауға;
- ӨҚҚОЖЖ талаптарына және туындаған жағдайға сәйкес өртке, апатқа және зілзалалар болған жерге шығуға;
- өрт сөндiрудi басқаруға;
- сумен жабдықтаудағы, байланыстағы, жедел бөлiмдердiң өмiрлік маңызды жүйелеріндегі кемшiлiктердi жою, сондай-ақ гарнизон аумағында өрт техникаларының өту мүмкiндiктерiн қамтамасыз етуге ұсыныс енгiзуге міндетті.
Гарнизон бастығы:
- белгiленген тәртiп бойынша гарнизондық және қарауыл қызметтерiн ұйымдастыру туралы шешiм қабылдауға, соның iшiнде гарнизон шекарасын, шығу кестесiн белгiлеуге, күштер мен құралдарды жұмылдыру тәртібін анықтауға және шығу кестесін бекітуге ұсынуға;
- белгiленген тәртiп бойынша гарнизон қызметiнiң тапсырмаларын орындауға қажетті мәлiметтер мен жедел ақпараттарды сұратуға және алуға;
- гарнизон бөлiмдерiнiң жауынгерлiк дайындығын тексеруге;
- ірі өрт кезiнде, күрделi жедел өрт жағдайларында немесе айрықша жағдай туындағанда мемлекеттік өрт сөндіру бөлiмшелерiнiң қайта орналасуын жүзеге асыруға;
- өрттi сөндiрудiң штаттан тыс штаб құрамын және оларды өрт сөндiруге қатыстыру тәртiбiн, сондай-ақ гарнизон бойынша жедел кезекшiлiктiң кестесiн бекiтуге;
- гарнизондағы лауазымды тұлғалардың өзара келiспеушiлiгiн шешуге;
- белгiленген тәртiп бойынша ерекше көзге түскен қызметкерлердi Мемлекеттік марапаттауға және құрметтi атаққа ұсынуға,
- белгіленген тәртіп бойынша өртке қарсы қызмет гарнизонының қызметтерін анықтайтын құжаттарды бекітуге.
Мемлекеттік өрт сөндіру мекемелерінің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерімен, министрлік пен ведомстволардың авариялық және арнайы қызметтермен өрт сөндіруге дайындық жөнінде өзара әрекеттестік нұсқаулар мен келісімдер әзірлейді.
Гарнизон бастығының орынбасары - өрт сөндіру мемлекеттік мекемесінің жетекшісіне гарнизонның барлық өрт бөлімдері және лауазымды тұлғалары бағынады.
Гарнизон бастығының орынбасары:
- гарнизонда өрт-тактикалық дайындықты ұйымдастыруға;
- осы Жарғыға 7-қосымшаға сәйкес айқындама құжаттардың жүргізілуін ұйымдастыруға;
- МӨҚҚОЖЖ талаптарына және туындаған жағдайға сәйкес өртке, апатқа және зілзалалар болған жерге шығуға;
- өрт болған жерге гарнизон бастығы келгенге дейін өрт сөндіруге басшылық жасауға;
- сумен жабдықтаудағы, байланыстағы, жедел бөлiмдердiң өмiрлік маңызды жүйелеріндегі кемшiлiктердi жою, сондай-ақ гарнизон аумағында өрт техникаларының өту мүмкiндiктерiн қамтамасыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өртке қарсы қызметтің гарнизондық қызметі
Өртке қарсы қызметтің күштері
Өртке қарсы қызмет құралдары
Азаматтық қорғаныс мәселелері
Азаматтық қорғаныстың міндеттері
Тіршілікті қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері
«Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің негізгі міндеттері»
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай басқармасының органдарында шешім қабылдау жөнінде информациялық және техникалық қолдау
Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылының мазмұны мен маңыздылығы
Еңбекті қорғауды басқару жүйесі
Пәндер