Гормондарға жалпы сипаттама
I.Кіріспе
1.1 Гормондарға жалпы сипаттама
II. Негізгі бөлім
2.1. Гормондардың жалпы қасиеттері
2.2. Гормондардың жіктелуі
2.3. Ішкі секреция бездерін зерттеу әдістері
2.4. Аралас бездер. Ұйқы және жыныс бездерінің гормондары
III. Қорытынды бөлім
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Гормондар (гр. hormao — қоздырамын, қозғаймын) — эндокринді бездер немесе эндокриндік қызметке қабілетті жекеленген жасушалар бөлетін тым белсенді органикалық биологиялық заттар. Аталмыш бездер мен жасушалардың шығару өзектері болмағандықтан, олар өздері бөлетін гормондарын организмнің ішкі сұйық ортасына (ұлпа сұйығы, қан, лимфа) бөліп шығарады. Гормондар — өзінің химиялық табиғатына байланысты: стероидты гормондарға (жыныс гормондары, бұйрекұсті безі қыртысты заты гормоны), протеиндік және пептидтік гормондарға (гипофиз, қалқанша без, қалқаншамаңы безі, ұйқы безі, бұйрекүсті безінің бозғылт затының гормондары), ал нысандарға әсер ету қызметіне қарай: бірыңғай салалы ет құрылымдары мен бездерге салыстырмалы қысқа мерзім ішінде әсер ететін кинетикалық гормондарға (окситоцин, вазопрессин, адреналин, норадреналин), организмдегі зат алмасу процестерін реттейтін метабоддық гормондарға (тироксин, кальцитонин, паратгормон, инсулин, глюкагон) және жасушалар, ұлпалар мен мүшелердің өсуі мен жетілуін бақылайтын морфогенетикалық гормондарға (соматропты гормон, фолликулды жандандырушы гормон, эстрогендер, тестостерон) бөлінеді. Гормондар - ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін, биохимиялық процестерді реттейтін биологиялык белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі майтектес заттардан құралған.
1. Кедельбаев Б.Ш.
Медициналық және ветеринариялық биотехнология.- Алматы, 2009
2. Р.Ұ Бейсембаева
Медициналық және ветеринариялық биотехнология –Алматы,2013
3. Ж.Ж. Жатқанбаев. «Биотехнология» Алматы 2009ж.
4. www.google.kz- сайты

Жоспар:
I.Кіріспе
1.1 Гормондарға жалпы сипаттама
II. Негізгі бөлім
2.1. Гормондардың жалпы қасиеттері
2.2. Гормондардың жіктелуі
2.3. Ішкі секреция бездерін зерттеу әдістері
2.4. Аралас бездер. Ұйқы және жыныс бездерінің гормондары
III. Қорытынды бөлім
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
1.1. Гормондарға жалпы сипаттама
Гормондар (гр. hormao -- қоздырамын, қозғаймын) -- эндокринді бездер немесе эндокриндік қызметке қабілетті жекеленген жасушалар бөлетін тым белсенді органикалық биологиялық заттар. Аталмыш бездер мен жасушалардың шығару өзектері болмағандықтан, олар өздері бөлетін гормондарын организмнің ішкі сұйық ортасына (ұлпа сұйығы, қан, лимфа) бөліп шығарады. Гормондар -- өзінің химиялық табиғатына байланысты: стероидты гормондарға (жыныс гормондары, бұйрекұсті безі қыртысты заты гормоны), протеиндік және пептидтік гормондарға (гипофиз, қалқанша без, қалқаншамаңы безі, ұйқы безі, бұйрекүсті безінің бозғылт затының гормондары), ал нысандарға әсер ету қызметіне қарай: бірыңғай салалы ет құрылымдары мен бездерге салыстырмалы қысқа мерзім ішінде әсер ететін кинетикалық гормондарға (окситоцин, вазопрессин, адреналин, норадреналин), организмдегі зат алмасу процестерін реттейтін метабоддық гормондарға (тироксин, кальцитонин, паратгормон, инсулин, глюкагон) және жасушалар, ұлпалар мен мүшелердің өсуі мен жетілуін бақылайтын морфогенетикалық гормондарға (соматропты гормон, фолликулды жандандырушы гормон, эстрогендер, тестостерон) бөлінеді. Гормондар - ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін, биохимиялық процестерді реттейтін биологиялык белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі майтектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлініп, қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық - аралық мидағы гипоталамус. Оны көру төмпешікасты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар - нейрогормондар деп аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза қызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады. Қызметі - Зат алмасу қарқындылығын өзертеді; Ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделушілігі арттырады Өсу мен көбеюді реттейді Физиологиялық үдерістерді күшейтеді немесе бәсеңдетеді. Жасуша нысаны - Гормон нысанада болатын нәруыз - рецептормен байланысады. Осы рецепторлар гормонның деңгейінің кішкене ғана ауытқуын сезіп, ішкі секреция бездеріне сигналдар жібереді, нәтижесінде олар өздерінің белсенділіктерін арттырады немесе бәсеңдетеді. Нәтижесінде гормонның мөлшері қалыпты жағдайға түседі.Гормон деген ұғымды ағылшын физиологы Старлинг ұсынған. Гормондар адамдарда, жануарларда және микроорганизмдерде түзіледі, гормон тәрізді заттар (фитогормондар) өсімдіктерде де табылған.
2.1.Гормондардың жалпы қасиеттері
Гормондарға оларды биологиялық белсенді заттардың басқа топтарынан ерекшелендіретін бірнеше қасиет тән:
1. Алшақ (дистанциялық) әсер -- гормондар өздері түзілген бездер-
ден алшақ орналасқан мүшелер қызметіне әсер етеді.
2. Өзіндік әсер -- әрбір гормон организмде жүретін белгілі бір
процеске ғана әсер етеді. Дегенмен, жеке мүшелер қызметіне немесе
белгілі бір процесті реттеуге бірнеше гормон қатысуы мүмкін. Олар-
дың әсеріне бірыңғай (синергиялық), не кереғар (антагонистік) болуы мүмкін
3. Зор биологиялық белсенділік. Гормондардың аз мөлшерінің өзі
үлкен биологиялық жауап тудырады. Мысалы, 1г адреналин 10 млн
бақаның оқшауланған жүрегінің жиырылу күшін арттырып, жұмысын
жиілетеді. 1 г инсулин 125 мың қоянда гипогликемия тудырады.
4. Гормондар молекулалары ықшам болады, сондықтан олар ка-
пиллярлар қабырғасынан оңай өтеді.
5. Көптеген гормондарға түліктік-түрлік өзінділік сипат тән бол-
майды, сондықтан олардың практикада қолданылу аясы кең болады.
6. Гормондар ұлпаларда ұзақ сақталмай, тез бұзылады, сондықтан
ішкі секреция бездері оларды толассыз бөліп отырады.
7. Гормондар тек тірі организмде ғана әрекет етеді, олардың әсері
тірі торшалар мен құрылымдарға ғана бағытталған.
Гормондар өз бетінше жеке реттеуші жүйе құрамайды. Олардың түзілуі мен қанға бөлінуі организм функцияларын реттейтін біртұтас нервті-гуморальдық тізбектің бір ғана буыны болып табылады.
Гормондар нысана мүше торшаларына не тікелей, не нерв жүйесі арқылы әсер етеді. Олардың жеке мүшелер мен зат алмасу процесіне тікелей әсері ферменттік жүйе арқылы атқарылады. Гормондар ферменттер концентрациясы мен белсенділігіне әсер ете отырып, торша мембранасының ферментке деген өтімділігін өзгертеді, ферменттің субстратқа әсерін жандандырып, не тежеп, рибосомалар мен поли-рибосомалар белсеңділігін өзгертеді, митохондриялар мен лизосомаларға ықпал етеді.
Бір гормон бір мезгілде бірнеше ферменттерге ықпал етеді. Мысалы, кортизон митохондриялардағы а-кетоглютаратоксидазаның әрекетін тежеп, бауырда глюкозалы-р-фосфотазаның түзілуін жандандырады, аталық жыныс безінде тестостерон мен гиалуронидазаның белсенділігін күшейтеді, қуық безінде қышқыл фосфотазаның түзілуін жандандырады, тыныс ферменттерінің белсенділігін арттырып, ұлпалық тынысты жақсартады.
Гормон әрекетінің механизмі олардың өздерінің құрылым ерекшеліктеріне, қасиеттеріне молекулаларының мөлшеріне және әсер ететін нысана торшалардың ферменттік жүйелері мен беткейлік мембранасының құрылым ерекшеліктеріне байланысты. Гормондар әсері мембраналық және торшалық болып бөлінеді.
Мембраналық әсер белок тектес гормондарға тән. Олар торша ішіне енбей, оның мембранасындағы рецепторлық аппаратқа бекиді де, торша ішіндегі биосинтездік процестерге мембрананың ферменттік жүйелері, простагландиндер, кальций иондары т.б. элеметтер арқылы әсер етеді, Гормоңдардың бұл тобы торша мембранасындағы аденозинциклаза (АЦ) ферментінің белсеңділігін арттырады. Осы фермент пен торша ішіндегі фосфодиэстераза ферментінің қосарланған әсерінен аденозинүшфосфор қышқылы (АТФ) циклдік аденозинді -3-5 -- монофосфатқа (цАМФ) айналады. Бұл қосылыс торша ішіндегі алмасу процесінің әмбебап реттеушісі болып табылады және екінші медиатордың ролін атқарады (бірінші медиатор болып гормондар саналады). цАМФ белсенділігін магний иондары, простагландиндер, фосфодиэстераза жандандырады. Аденозинциклаза мен фосфодиэстераза цАМФ-пен біріге отырып ядро қызметіне және торша ішінде жүретін процестерге әсер ететін аденилциклазалық жүйе құрайды.
Торшалық әсер стероидты гормондар мен рилизинг -- гормондарға тән. Олар торша қабығының беткейлік құрылымдарымен әрекеттесіп, мембрананың ішілік қабатындағы фосфолипидтермен, натрий тұздарымен, сульфаттармен және глюкоранидтермен байланысады. Осының нәтижесінде суды тартатын қосылыстар мембранасының липидтік қабатын ажырап, торша ішіне өтеді де, ондағы рецепторлық белоктармен байланысқан соң, торшада жүретін әр түрлі процестерге әсер етеді. Стероидты гормондар торша ішіндегі РНК-полимеразаны жандандырып, белоктың түзілуін реттейді, қуат алмасуын және биосинтездік процестерді күшейтеді, торша мембранасының амин қышқылдары мен басқа да заттарға өтімділігін жақсартады.
Гормондар әрекеті антигормондар мен антагонист гормондар әсерімен шектеледі. Организмде олар бауыр мен басқа мүшелер торшаларында жойылады. Олар күкірт және глюкурон қышқылдарымен байланысады да, қосылыс түрінде әр түрлі экскреттер құрамына енеді. Кейбір гормондар ешқандай өзгеріссіз де бөлінеді.Гормондардың әсер ету тетіктері өте күрделі және биохимиялық тұрғыдан жан-жақты қарастырылған. Белгілі бір гормонның қажеттілігі артса, гормон -- белок кешені ыдырап, гормонның бос түрі пайда болады. Байланысқан гормондар кор болып табылады, керек уақытта тез әрі жеңіл пайдаланылады. Белок тасушымен байланысқан гормон ферменттердің әсерінен ыдырап, бүйрек арқылы несеппен шығарылмай денеде сақталады.
Гормондар қан ағысына ілесіп барлық тіндер мен ағзаларға жеткенімен белгілі бір гормонды қабылдауға дағдыланған, әрі мембрана құрылымында орналасқан арнайы гормондар рецепторлары бар, олар тек белгілі бір тін мен ағзаға ғана әсер етеді. Оларды нысана тіндер деп атайды. Жасушалық қабылдағыш арнайы белок болып келеді, оның молекуласының белгілі бір бөлігі гормонның арнайы фрагментіне сәйкес келеді. Бұл сигналды қабылдауды, яғни гормон мен жасушаның өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Егер берілген гормонды қабылдағыш болмаса, жасуша онымен қарым-қатынасқа түспейді, яғни оны танымайды.
Белоктық және пептидті гормондардың қабылдағыштары жасушаның цитоплазмалық мембранасында орналасқан. Бұл топтағы гормон-дар өз рецепторларымен қарым-қатынасқа түскенде аденилатциклаза ферментінің активтенуі жүреді. Оның әсерінен жасушада циклдік 3151-аденозинмонофосфат (ЦАМФ) пайда болады. Ал олар протеинокиназаларды -- белоктың синтезделуіне қажетті ферменттерді -- белсендендіреді, бұл гормондардың кейбіреулері циклдік 3151-гуанозинмоно-фосфат (ЦГМФ) арқылы әсер етеді.
Стероидті гормондардың қабылдағыштары жасуша іші құрылымына орналасқан және гормон-қабылдағыш кешені генетикалық аппаратқа әсер етеді, заттардың жасалуына ықпалын тигізеді. Кейбір гормондардың әсер етуі мембрана өткізгіштігі өзгеруіне байланысты. Қазіргі кезде гормондардың әсер етуінің бірнеше жолдары белгілі:
1. Гормондардың тіндер мен ағзаларға тікелей әсері болады. Мұндай әсердің себебі, гормондар мембрана арқылы жасушаға жеңіл өтеді, оған қоса мембраналарымен байланысқа түседі. Гормондардың тікелей әсерінің тетігі, жасушалық және субжасушалық деңгейлерде әлі толық зерттелмеген. Бар зерттеулерге қарағанда олардың түрлі әсер ету жолдары бар, олардың ішінде тікелей әсер ету тетіктерінің мынадай түрлері белгілі: а) Ферменттік жүйелерді, оның ішінде цитоплазма ферментін белсендендіру немесе бәсеңдету жолы. Бұл әсер жөнінде мәліметтер өте аз. Бұны адреналин мен гликогеннің фосфорилазды жүйеге адеіюзинмопофосфат арқылы циклды әсері дәлелдейді. б) Ядродағы генетикалық үрдістерді күшейту, мысалы, итбалықтың тез өзгерістеріне әсер ететін тироксин РНҚ алмасуын және арнайы белоктарды жасауды күшейтеді.
2. Гормондар ағзалардың қызметіне тікелей ғана әсер етіп қоймай, олардың қан тамырлары меп тіндердің әртүрлі хеморецепторларын тітіркендіре отырып, рефлекстік жолмен де әсер етеді. Гуморалдық жағынан жекешеленген, бірақ денемен жүйке арқылы байланысқан, кез келген ағза тамыры арқылы адреналинді өткізгенде әдетте кан қысымының, дем алудың, лимфа ағысының т. б. өзгерістері байқалады.
3. Гормондардың әсер стуінің үшінші тетіктері -- орталық жүйке жүйесі арқылы орындалуы. Гормондар бір жүйке орталығын құрайтын нейрондардың кернеуін жоғарылату не төмендету арқылы олардың қозғыштығын өзгертеді. Гейманстың тәжірибелерінде иттің миын қоректендіретін қан тамырына тікелей адреналин енгізгеп, иттің басы денесімен тек қана кезеген жүйке арқылы байланысқан жағдайда адреналин кезеген жүйке орталығының тонусын жоғарылатып, жүрек қызметін бәсеңдетеді. Ал адреналин жүрекке тікелей әсер еткенде оның қызметін күшейтеді.
4. Кейбір жағдайларда гормондардың, шартты рефлекстік әсерін байқауға болады.
Гормондардың әсер ету механизмдері өту үшін биологиялы жүйесінде белгілі бір мүше және оған жауап беретін бөлімі болу керек. Бұл жүйедегі сол процесс өту үшін, біріншіден гормон солбелгілі бір мүшені танып онымен байланысуы керек. Белгілі бір гормондар қанмен тасымалданып барлық мүшелерге бірдей әсерете бермейді, белгілі бір ғана мүшеге, ұлпаларға ғана әсер етеді. Оның себебі сол мүшелерде ұлпаларда тек өзіне тән сол гормонның әсерін қабылдайтын арнайы рецепторлары болады. Рецептор мен гормонның арасында бір-біріне тән байланысты өте тығыз. Сондықтан рецепторлар өзіне тән гормоның әсерін ғана қабылдайды. Қазіргі кезде 60 гормондардың рецепторлары ашылған. Оның жартысы клеткалардың мембранасында орналасқан, қалғандары клеткалардың ішкі жағында болады.
1959 жылы Саттерленд және басқалары глюкагон мен адреналиннің әсер ететін механизімін анықтағанда барлықгормондарға сәйкес жалпы механизмдерін ашты. Қорытып айтқандаа бұл процесске қатысатын гормондар аденилатциклаза деген ферменттің активтілігін күшейтеді. Аденилатциклаза ферменті- бұл липопротейд, клетканың мембранасында орналасқан, оның каталитикалық активтілігі АТФдеген химиялық затқа ( олклетканың ішкі жағында орналасқан) өте жоғары. Қанмен келегн гомон бұл жерде І-ш хабаршы деп аталады. Сол гормонның әсерінен адениатциклаза ферментінің активтілігі күшейеді де ол клетка ішіндег АТФ-ті цикл- ді АМФ-қа айналдырады. Бұл процесс бойынша пайда болатын циклді АМФ 2-ші хабаршы деп аталады.
Оның әсерінен клетканың ішіндегі протеинкиназа деген ферменттің
Активтілігін жоғарлатады да жалпы айтсақ гормонның биологиялық соңғы әсері осы процесстерді арқылы қамтамасыз етіледі.
Кейбір гормондарға 2-ші хабаршы болып Са+, фосфолипидтер, простагландиндер мүмкіншілігін көрсетеді.
Белокты емес гормондардың әсер ету механизмдерінің белокты гормондардың әсер ету механизмдерінен айырмашылығы бар.
2.2.Гормондардың жіктелуі
Химиялық табиғатына байланысты адам мен жануарлар гормондарын 3 топқа бөледі.
1) Белоктық және пептидтік гормондар (инсулин, глюкагон, сома-тотропин т. б.);
2) Стероидтық (бүйрек-үсті безі қабығының және жыныс бездері гормондары);
3) Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламиндер -адреналин, норадреналин).
Инсулин - карапайым нәруыз, қандағы глюкозаны реттейтін гормон. Инсулин гормонын Канада ғалымдары 1921 жылы жасанды жолмен бөліп алған. Инсулин жасушалардың жарғақшасы арқылы глюкозанын өтуін жылдамдатады және оның біраз бөлігін гликогенге айналдырады. Гликоген - глюкозаның жүздеген молекуласынан құралған полисахаридтер. Ол суда ерімейді, сондықтан қанда болмайды. Тағамнан алынған артық мөлшердегі көмірсулар гликоген түрінде бауырда, бұлшықеттерде қор ретінде жиналады.
Дені сау адамның қанында глюкозаның мөлшері 4,6-6,7 миллимоль л. Глюкоза - ағза үшін энергетикалык және пластикалық материал. Май мен нәруыз алмасуына да әсер етеді. Нәруыз түзілу кезінде жасуша жарғақшасынан аминқышкылдардың тасымалдануын күшейтеді. Инсулин зат алмасудың көптегеген реакциясына катысады. Инсулин гормоны жетіспегенде (азбөлінгенде) ағзада болатын ауытқулар: денеде инсулин гормоны жетіспесе, адам қант ауруына (сусамыр) шалдығады. Қант ауруы (сахарный диабет) көмірсу алмасуының бұзылуынан болады. Қанда глюкозаның концентрациясы 10 миллимоль л дейін жоғарылайды. Бұл аурумен ауырған адамның бауырында гликоген қоры азайып, қанда глюкоза мен май кышқылы көбейеді. Жасушада аминкышкылы реакциясы бұзылып, нәруыздың түзілуі нашарлайды. Қанда глюкозаның мөлшері 0,1%-дан - 0,4% -ға дейін көбейеді, зәрдің кұрамында глюкоза пайда болады.
Қанда глюкоза мөлшері артқандықтан, ол зәрмен бірге сыртқа шығарылады. Қантты бөліп шығару үшін косымша су мөлшері қажет.
Аурудың белгісі: адам шөлдей береді; тамақты да жиі қабылдайды; тез арықтайды. Бұл ауруды суды көп қажет ететіндіктен, сусамыр дейді. Қант диабеті ауруын емдеу үшін құрамында көмірсулары бар тағамдарды өте аз пайдалану; диета сақтау; денеге инсулин гормонын жіберу; толбутамид, надизан және т.б. дәрілерді ішу қажет.
Глюкагон -- ұйқы безі аралшықтарының альфа жасушалары (А клеткалары) бөлетін гормон. Химиялық табиғаты жағынан полипептидтерге жатады. Бауыр жасушалары - гепатоциттерде қорланған адам мен жануарлар организмдеріне тән крахмал тәріздес полисахарид -- гликоген глюкагонның ықпалымен глюкозаға айналып, қанға өтеді. Нәтижесінде, глюкозаның қандағы мөлшері артады.
Соматотропин жәй белок ацидофилдік жасушаларда түзіледі, денеде биосинтезді күшейтеді, барлық органикалық заттардың алмасуына, минералдық алмасуға әсер етеді, әсіресе белок түзілуін, айталық РНҚ, синтездік қасиетін күшейтеді, амин қышқылдарының қаннан жасушаларға өтуін, сінуін тездетеді, сөйтіп жасушалар мен тіндердің өсіп дамуың қамтамасыз етеді. Гормон сондай-ақ, азот тепе-тендігін өзгертіп, денеде азот көбейеді, кальций, фосфат, натрий тұздарының сақталуына себепкер, бүйрек тінінің өсіп дамуын, қатаюын тездетеді. Коллагендер түзілуін де (коллагенезді) үдетуі мүмкін.
Соматотропин гликогеннің ыдырауын (гликогенолиз), глюконеогенез үрдістерін тездетеді. Сондықтан СТГ шектен тыс көп шығатын болса қанда глюкоза, қант деңгейі жоғарылайды (гипергликемия). Бұл көбінесе гипофиздік диабет ауруына тән. СТГ липоидтар мен май ыдырауын әсіресе бауырда бета-тотығуын күшейтеді, қанда кетоде-нелерді көбейтеді де, бұл өнімдердің дене еттеріне сіңуін үдетеді, сөйтіп сан еттерінің тонусын, күшін өсіреді. Осы айтылған әсерлерді жүзеге асыру үшін денеде СТГ ғана емес, басқа бездердің гормондары да, әсіресе глюкокортикоидтар тироксин және инсулин жеткілікті болуға тиіс. СТГ әдеттегіден аз түзілетін болса адамның бойы өспей қалады, ол тіпті 1 метрден аспауы мүмкін. Мұндай адамды гипофиздік ергежейлі дейді. Ергежейлінің дене бітімі дұрыс қалыптасқан: бастың көлемі, аяқ-қолдың, кеуде-көкіректің ұзындық өлшемдері бір-біріне сәйкес болады, жыныс мүшелері өспейді, жыныс белгілері айқын емес, жетілмеген. Мұндай адам індет ауруларға төтеп бере алмайды, көбінесе оның ғұмыры кысқа болады.
СТГ шектен тыс көп болса, адамның бойы тез өсіп 240-250 см-ге, ал салмағы 150 кг-ға дейін жетуі мүмкін. Оны гипофизарлық алып (гигант) дейді.
Өсуі тоқтаған ересек адамда СТГ гиперсөлініссы акромегалия дертіне әкеліп соғады. Адам денесінің өсіңкі, шығыңқы жерлері (иегі, мұрны, ерні, жағы, мандай төмпешіктері, бармақтары) оседі, гипофизбен қызметтес бездердің жұмысы өзгереді. Мәселен, жыныс бездерінің қызметі нашарлап, ұйқы безінің инсулин боліп шығару қабілеті төмендеуі мүмкін. СТГ үзілместен өмір бойы шығарылады. Бұл үрдісті гипоталамус реттеп отырады.
Қалқанша без гормондары.
Қалқанша без жалғастырушы алқым және қалқанша шеміршегінен төмен мойындағы екі жақ трахеяда орналасқан.
Бездің тканьдері йод түзетін гормонда тироксин (тетрайодтиронин) және тиреглобулин белогымен қосылған трийодтиронинді коллоидпен толықтырылған фолликулдар түзеді. Фолликулдар аралық кеңістікте тиреокалцитонин шығаратын парафолликулярлы клеткаларда орналасқан. Қанда трийодтиронинге қарағанда тироксин көп. Трийодтирониннің белсенділігі тироксинге қарағанда жоғары. Бұл гормондар тиразиннің аминқышқылдарынан, оның йодталуынан пайда болады.
Организмде йод түзетін гормондар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz