Сыртқы экономикалық саясат жайлы түсінік



I. Кіріспе
1.1. Сыртқы экономикалық саясат жайлы түсінік
II. Негізгі бөлім
2.1. Қазақстан . Қытай экономикалық қатынастары
2.2. Қазақстан . Ресей экономикалық қатынастары
III. Қорытынды бөлім
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Сыртқы экономикалық саясат (СЭС) — бұл сыртқы экономикалық байланыстарды реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралык еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеттері.
Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі құраушыларына жататындар:
• сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық саясат кіреді);
• шетел инвестицияларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын реттеу саласындағы саясат;
• валюталық саясат.
Сонымен бірге, сыртқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен, аймақтармен сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысқан.
Сыртқы экономикалық саясат — сыртқы экономикалық қызметті де (СЭҚ) реттейді, оның айрықша белгілеріне мыналар жатады:
• тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда-саттығы;
• материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысы.
Көптеген мемлекеттерде сыртқы экономикалық саясат құралдарының кең ауқымды жиынтығының болуы — өздерінің сыртқы экономикалық байланысының құрылымы мен даму бағыттарын құруға ғана емес, сонымен бірге басқа елдермен сыртқы экономикалық байланысы мен сыртқы экономикалық саясатын да белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық саясат құралдарының бұл жиынтығын саудалық-саяси механизм ретінде қарастыруға болады.
1. Райханұлы Н. Өткен жылдың қорытындысы не көрсетті? //Ақиқат.-2003-№3-41-43б.
2. Райханұлы Н. Экономиканың жарты жылдық қарқыны. //Ақиқат.-2004-№9-11-12б.
3. Райханұлы Н. Экономикалық дағдарыстан қайтсек шығамыз? // Ақиқат.-1994-№4-14-17б.
4. Есентүгелов А. Қазақстандағы макроэкономикалық жағдай. // Ақиқат.-1996-№11-14-17б.
5. Елшібекова Қ. Инвестициясыз экономика өрге баспайды. //Саясат.-1998-№2-15-18б.
6. Шыңғыс М. Экономикадағы дүбәралық. //Жас Алаш.-2006-№12-1-2б.
7. Сәбден О. Инвестиция салынған негізгі салалар. // Ақиқат.-1997-№2-15б.
8. Құлымжанов М . Нарықтық экономиканың мәні, құрылымы және тиімді жұмыс істеудің шарты. //Агробизнесс теориясы мен тәжірибесі. А.-1997-19-21б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе
1.1. Сыртқы экономикалық саясат жайлы түсінік
II. Негізгі бөлім
2.1. Қазақстан - Қытай экономикалық қатынастары
2.2. Қазақстан - Ресей экономикалық қатынастары
III. Қорытынды бөлім
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Сыртқы экономикалық саясат (СЭС) -- бұл сыртқы экономикалық байланыстарды реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралык еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеттері.
Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі құраушыларына жататындар:
:: сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық саясат кіреді);
:: шетел инвестицияларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын реттеу саласындағы саясат;
:: валюталық саясат.
Сонымен бірге, сыртқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен, аймақтармен сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысқан.
Сыртқы экономикалық саясат -- сыртқы экономикалық қызметті де (СЭҚ) реттейді, оның айрықша белгілеріне мыналар жатады:
:: тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда-саттығы;
:: материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысы.
Көптеген мемлекеттерде сыртқы экономикалық саясат құралдарының кең ауқымды жиынтығының болуы -- өздерінің сыртқы экономикалық байланысының құрылымы мен даму бағыттарын құруға ғана емес, сонымен бірге басқа елдермен сыртқы экономикалық байланысы мен сыртқы экономикалық саясатын да белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық саясат құралдарының бұл жиынтығын саудалық-саяси механизм ретінде қарастыруға болады.
Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі принциптері.
Тиімді сыртқы экономикалық саясатты кұру үшін оның негізгі принциптерін нақты түрде анықтап алу керек. Сыртқы экономикалық саясаттағы негізгі орын -- сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың іс-әрекеттерін экономикалық-құқықтық реттеуге берілген, оның себебі -- бұл реттеу жалпы ұлттық мүдделерге жауап беруі тиіс.
Енді сол төрт принципті жеке-жеке атап өтейік:
1) мемлекеттік қайта өзгерту (жаңарту) қызметі. Бұл қызмет салалар мен аймақтардың даму саясатын қалыптастырады. Осы саясатқа сәйкес елдің сыртқы экономикалық саясаты да кедендік құралдары және шетел инвестициялары үшін арнайы тәртіп бар) қалыптасады;
2) ұлттық фирмаларының сыртқы экономикалық саясатының, бір реттік сыртқы экономикалық байланыстардан сыртқы нарықтарын кеңейту мақсатында, жалпы шаруашылық қызметі тұрақты бөлігі ретіндегі, сыртқы экономикалық саясатқа бағытталуы нәтижесіндегі өзгерісі;
1) үкімет тармақтары, ведомстволары сонымен бірге федерация және оның субъектілері арасында сыртқы экономикалық саясатты да жүзеге асыру қызметтерін айқын түрде бөлу;
4) сыртқы экономикалық саясат -- кез келген мемлекеттің сыртқы саясатының құрамдас бөлігі.
Егер дипломатия соғысқа қызмет етпесе, онда саудаға қызмет етеді, сондықтан әлемдік нарықта ресейлік экспортерлар үшін қолайлы жағдайлар жасау -- ресейдің сыртқы саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі болуға тиіс.
Сыртқы экономикалық саясат -- сыртқы экономикалық қызметтің бүкіл жиынтығын, яғни тауарлар мен қызметтердің материалдык, еңбек, ақшалай және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысын реттейді.
Ал сыртқы экономикалық саясаттың құрамдас бөліктеріне: сыртқы сауда саясаты, өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы саясат, несиелік саясат, шетел швестициялары саласындағы саясат, технологиялармен айырбас жасау саласындағы саясат, жұмысшы күші миграциясы саласындағы саясат және тағы басқалар жатады.
Сыртқы сауда саласындағы саясатты жүзеге асыруі құралдарына: кедендік тарифтер, шеттен әкелу және шетке шығаруды реттеудің бейтарифтік шаралары, саудалық эмбарго, кедендік одақтар және еркін сауда аймағы; валюталық қатынастар саласына: валюталарды сатып алу-сату операциялары, коммерциялық және басқа мақсаттардағы валюталық
операцияларға шектеулік белгілеу жатады. Төлемдік қатынастармен несиелік саясат сферасында займдар (қарыз) экспорттық несиелер және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша есептеу мөлшерлемелері мен процентерінің деңгейлері реттеледі.
Шетел инвестициялары саласындағы саясатты жүзеге асыру формаларына жататындар: шетелдік капиталдарды енгізуге рұқсат беру шарасы, экономиканың бір салаларына шетелдік инвестициялардың енгізілуіне тыйым салу және шектеу, ал кейбір салаларына қолайлы жағдай жасау, жергілікті компаниялардағы шетелдік қатысудың үлесін шектеу және т.б.
Технологияларды айырбастау және жұмысшы күші миграциясы саласындағы құралдар: белгілі бір елдерге технологиялардың белгілі бір түрін экспорттауға тыйым салу немесе шектеу, шетелдік жұмысшы үшін импорттауға шек қою. Бұл шарттардың барлығы дерлік халықаралық келісім-шарттар мен келісімдерде бекітіледі.
Сыртқы экономикалық саясат құралдарының қазіргі кезде кең арналы мемлекеттерге өзінің сыртқы экономикалық байланыстарының құрылымы мен бағыттарының қалыптасуына, сонымен бірге басқа елдердің сыртқы саясаты мен экономикасын белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді.
Өзіміз білетіндей, кез келген мемлекеттің қызмет ету ұлттық және мемлекеттік мүдде категорияларына сүйенеді. Бірақ та, кез келген қоғамда оның элитасының негізгі сегменттері, белгілі бір ұлыстары өз мүдделерінің терең мәнін әр түрі қөзқарастарда түсінеді.
Бұл түсініктің мазмұндылығы -ұзақ мерзімдік мақсатта жүйесімен түсіндіріледі. Оларды үкімет өзінің ішкі және сыртқы саясаттарында жүзеге асыруға ұмтылады.
Әр түрлі мемлекеттердің сыртқы экономикалық саясат векторларының тоғысуы кезінде мүдделерді түсінуі үшін біз халықаралық құқық нормаларын қолдануға мәжбүр боламыз, өйткені соңғы оншақты жылдар ішінде бұл нормалар статусына жалпы адамзаттық құндылықтар кірді. Бірақ ұлттық деңгейде біркелкі емес мемлекеттерде мұндай заңдылықтың түсіндірілуі жеткіліксіз болып есептеледі.
Егер ұлттық және мүдде деген терминдерге терең талдау жасалса, онда ұлттық мүдде деген түсініктің белгілі бір дәрежеде шартты сипатта екендігі анықталады. Бірақ осы категориямен қазіргі таңда міндеттердің басымдылығы анықталады. Ол міндеттерді елдің ішкі немесе сыртқы саясаттарында шешу қажет. Бұл түсінікке деген көп векторлық көзқарас оның субъективті де, объективті де мазмұндылығын қарастыруға мүмкіндік береді. Аман қалу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әлеуметтік орталықты қажет ету -- абстрактылы нәрсе емес, ол тарихи және құрылымдық мағынасы бар нақты сапалы жағдай.
Қазақстан басқа көптеген мемлекеттер сияқты өз алдына белгілі бір мақсаттарды алға қоюға қабілетті. Белгілі бір тарихи кезеңдерде мақсаттардың сипаты өзгеріп отырады. Сөзсіз түрде, ол мемлекет ретінде мақсаттарды алға қоюға және оларды жүзеге асыруға қабілетті болуы тиіс.
Осы көзқарас тұрғысынан алғанда, осындай қабілеттілік белгілі бір бағыт-бағдар ретінде қарастырылады, яғни ол мемлекеттік саясатқа ұлттық мүдде сипатын береді. Ұлттық мүдде ең алдымен мемлекеттік мүддені айқындайды, ұлттық ресурстарды ұлғайту, ұлттық қауіпсіздік қатеріне қарсы әрекет ету сияқты мемлекет қажеттілігі ретінде анықталады. Мемлекеттік мүдде көп қырлы түсінік және де геосаясат көзқарасын қолдану жағдайларында оның бірқатар құраушылары ұлттық мүдде түріне айналады.
Оны өлшеу үшін екі әдіс қажет: құндылық және ұтымдылық.
Кез келген мемлекеттің қоғамы -- мемлекеттік саясаттың территориялық бағыттылығын мойындауда ортақ, біртұтас. Қазақстан мен Ресей экономикаларының тығыз байланысуы Ресейдің империялық мүддесін айқын көрсетті.
Қазіргі кездегі дуниеде үлттық мүдде саясаты бір түр^ рөлдерді атқарады, олардың бірқатары жабық түрде айқындалады. Атап айтқанда, шетел баспасөзі НАТО-ны Шыгыск карай кеңейту шараларын, бір жагынан, текті өкілеттілп ретінде, яғни Еуропага бейбітшілікті ныгайтатын үлі өкілетгілігі ретінде, екінші жагынан -- Шығыс Еуропага әскері саяси және экономикалық бақылау қою ретінде түсіндіреді.
Кез келген елдің ұлттық мүддесі әр түрлі елдердің ұлттық мүдделері ықпалымен шектеледі. Ол халықтардың ұйымдасқан мүдделерге қол жеткізуі үшін мемлскеттердің күш-әрекеттер біріктіруге ұмтылуынан көрінеді.
Демек, республиканың халықаралық арнаға табысты түрі енуіне сәйкес, оның әлемдік шаруашылық жүйесіндегі орны анықталады.
Бұл кезде ұлттық мүдделердің сәйкес түрде жүзеге асуына ұлттық рухани және мәдени құндылықтармен қатар әлеуметті экономикалық және саяси фактор құрушыларының жүйеле де ықпал етеді. Әлемнің саяси картасында, әсіресе ТМД кеңістігінде Ресей Федерациясының ұлттық мүдделері айқын формада белгіленген. Ол өзінің ұзақ мерзімдік мақсаттарын қоғамдық қатынастардың гуманистік сипатымен қатар, әлемнің ірі және дамыған державасы ретіндегі Ресейді құруға ұмтылады.
Сонымен бірге, орташа мерзімдік мақсаттар да нақты түр; белгіленген, олардың құрамына мыналар кіреді: ТМД шеңберіндегі тұрақты өзара байланыстар, жалпы еуропалық қауіпсіздікті сақтау, сонымен бірге белгілі бір жергілікті аймақта сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруда ресейлік кәсіпорындарға жағдайлар жасау.
Осы айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады яғни сыртқы экономикалық саясат белгілі бір міндеттер жүзеге асырудың формаларын, әдістерін негіздеуді, сонымен бірге оны жүзеге асыру үшін белгілі бір технологиялар қолдануды талап етеді.
2.1. Қазақстан - Қытай экономикалық қатынастары.
Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың дербес тұлғасы ретінде өмір сүрген алғашқы күннен бастап, елдің басшылығы ұлы көрші Қытай Халық Республикасымен ұзақ мерзімді, тұрақты тату көршілік, достық және өзара ынтымақтастық қатынастарын қуаттап, өрістете беру ұлттық мүддемізге сай келетінін айқындады. Қазақстан Республикасысының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев былай деп атап көрсетті: Меніңше, адамзаттың ХХІ ғасырдағы дамуы көбіне - көп Қытаймен байланысты болады. Көптеген елдер Қытаймен арақатынасты өз саясатының негізгі өзегі деп түсінеді. Ал Қазақстан үшін осынау болашағы зор, экономикасы қарышты қадаммен дамып келе жатқан мемлекетпен ойдағыдай қарым-қатынас орнату айрықша маңызға ие.
1992 жылғы 3 қаңтарда екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен мазмұндама жарияланды. Сол жылы ақпан айында ҚХР Алматыда өз елшілігін ашқаннан кейін желтоқсанда Қазақстан Республикасы Пекинде өз елшілігін ашты.
1993 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Пекинде болып Қытай Халық Республикасының төрағасы Цзян Цзэминьмен кездесіп ұзақ мерзімге арналған келісімге қол қойды. Онда екі ел арасында дипломатиялық қатынастың ресми түрде орнағаны атап айтылды. Қытайда Қазақстан елшілігінің ашылуы, Қазақстан-Қытай шекара келісіміне қол жетуі республикамыз дипломатиясының зор табысы. Жібек жолы қайта жаңғырып, бұл магистраль толық іске қосылғанда Тынық мұхит жағалауымен Еуропаны тұтастыратын жол Қазақстан арқылы өтпек.
Екі ел қара, түсті металлургия, ауыл шаруашылығы, химия өнеркәсібі, машина жасау, транспортты дамыту үшін бір-біріне көмек көрсетуге дайын екендіктерін айқын көрсетті.
1995 жылғы 11-14 қыркүйек аралығында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға ресми сапары болып, онда келіссөздердің нәтижесінде екі елдің мемлекет басшылары Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дрстық қарым-қатынасты одан әрі дамыту мен тереңдету жөніндегі бірлескен Декларацияға қол қойды.
1995 жылғы 8 ақпанда ҚХР тарапынан Қазақстан қауіпсіздігіне берілетін кепілдіктер туралы, яғни Қазақстанның саяси тәуелсіздігіне, аумақтық тұтастығына қарсы күш қолданбауға экономикалық зорлық көрсету деп бас тартуға міндеттеме алған келісімге қол қойылды.
Қазақстан мен Қытайдың өзара қатынасына қаяу түсірген ядролық қауіпсіздік проблемасындағы ең өзекті мәселе - Алматыдан 700 километр қашықтықта орналасқан Лобнор полигонындағы ядролық сынақтар туралы мәселе еді. Лобнор полигоны 1964 жылы құрылды. Сол жылы 16 қазанда атом бомбасы атмосферада жарылды.
Қытай Халық Республикасының төрағасы Цзян-Цзэминнің Қазақстанға 1996 жылғы шілде айындағы тұңғыш ресми сапары өзара қатынастар тарихының жаңа бетін ашты.
Цзян Цзэминь: Қытай мен Қазақстан басшылары екі елдің дәстүрлі достық қарым-қатынастарын дамытуға зор маңыз береді. Соңғы жылдары менің және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арасында осы күнге дейін көп кездесулер болып өтті. Біздің арамызда қазірдің өзінде бірлескен саяси құжаттарда өз бейнесін тапқан және екі жақты қарым-қатынастарымыздың тұрақты дамуы үшін саяси және заңды іргетасы болып отырған, екі жақты қарым-қатынастардың және ірі халықаралық проблемалардың үлкен тобы бойынша ортақ түсіністіктің бір қатарына қол жеткіздік деп атап көрсетті.
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы Алматыдағы жоғары деңгейдегі келіссөз қорытындысы бойынша бірлескен Декларацияға қол қойды. Онда екі ел Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан арасындағы 1996 жылғы 26 сәуірде қол қойылған шекара ауданындағы әскери саладағы сенімді нығайту туралы келісімді жоғары бағалайды, осы келісімді жүзеге асыру жөніндегі пәрменді іс-шаралар қабылдауға және шекара ауданындағы әскери күштерді өзара қысқарту туралы келісімді жедел түрде әзірлеу үшін одан әрі қарай күш-жігер жұмсауға бел буғаны туралы мәлімдейді, -- деп көрсетілген.
Сонымен қатар онда екі жақты ынтымақтастықты кеңейтумен қатар Азияда ХХІ ғасырда бірлесіп даму мәселелерін талқылау қажеттігі айтылды. Қытай Халық Республикасының төрағасы тұңғыш рет Лобнордағы ядролық сынақтарға тиым салу шешімі туралы тарихи мәлімдеме жасады.
Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы саяси және экономикалық қатынасты дамыту 1991 жылғы шілде айында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың осы елге бірінші сапарынан басталды. Ол кезде Қазақстанның Қытайға баратын темір жолы Ресей арқылы өтетін. Ендігі бағыт - сыртқа шығатын балама жолдар құрастырыла басталды. Осыған орай Қытай жағы Үрімжіден Дружба (Достық) стансасына дейін 460 шақырымдық темір жол тартып, 1991 жылғы 1 қыркүйекте бірінші жүк поезды жолға шықты.
1991 жылғы желтоқсанда Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты дамыту мақсатымен достық, ынтымақтастық, теңдік және өзара тиімділік негізінде сауда-экономикалық келісімін жасады, ол бес жыл мерзімге күшінде болды. Ал, 1992 жылғы ақпанда Қазақстан -- Қытай үкіметаралық мазмұндамасына қол қойылды. Онда азаматтық авиация, темір жол және автомобиль транспорты, экономика, сауда, ғылым мен техника саласында екі жақты ынтымақтастықты жолға қойып, дамыту көзделді. Тауар несиесі туралы келісім бойынша Қазақстан 1993-1995 жылдары Қытайдан 30 миллион юаньға әртүрлі тауарлар мен жабдықтар алатын болды.
Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы мен Қазақстан арасында сауда-экономикалық қарым-қатынастар 1992 жылдың сәуір айынан бастап темір жол қатынасы орнатылғаннан кейін дамыды. 1992 жылдың тамыз айында Қазақстан мен Қытайф өзара өкілдіктер ашу туралы келісімге қол қойды. 1995 жылы Достық - Алешанькоу темір жол өткелдері арқылы жүк тасымалының көлемін арттыру туралы келісімге қол қойылды. 2003 жылы жүк тасымалының көлемі 7,2 млн. тоннаға жетті. 2004 жылғы 19 наурызда Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: Дружба стансасының жүк тасымалын өткізу қабілетін он миллион тоннаға дейін ұлғайтуды қамтамасыз ету қажет деп көрсетілді.
1997 жылы Қазақстанның басынан ҚХР-ның Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағының шекарасына дейінгі аралықта мұнай құбырын төсеу (қашықтығы 3 мың шақырым), Ақтөбе мұнайгаз акционерлік қоғамына үш мыңдай кен орындарын көркейфту, оны пайдалану, қоршаған ортаны сауықтыру, аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымын жетілдіру, акционерлік қоғамның 71 миллион АҚШ долларына жуық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономика пәнінен дәрістер
Халықаралық бизнес
ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ – ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛ РЕТІНДЕ
Мао Цзэдун
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландыру
Марксистік философия
«Қоғамдық білім негіздері»
Әлеуметтанудың құрылымы мен атқаратын қызметі
Саяси жүйе туралы түсінік.
Корей саясатының ерекшеліктері
Пәндер