Бие сүтінің құрамындағы пайдалы витаминдер


Бие сүтінің құрамындағы пайдалы витаминдер
Сүттің тағамдық құндылығы онда белоктардың, майдың және углеводтардың ғана емес, сондай-ақ адам үшін маңызы бар витаминдердің де болуына байланысты.
Бие сүтінде адамның денсаулығына керекті барлық витаминдер бар. Әсіресе ол А және С витаминдеріне бай. Бие сүтінің 1 литрінде 0, 092-0, 690 миллиграмдай А витаминімен каротин, 86, 94-135 миллиграмдай С витамині бар екендігін байқауға болады. Оның сүтте неғұрлым көп болуының қаншалықты маңызды
Сүттегі аскорбин қышқылының мөлшері де малдың әр түрлі тұқымында түрліше 1 литрінде 100-200 мг аралығында (орта есеппен 145 мг) болады. Егер бұл цифр-ды басқа авторлардың мәліметтерімен (8-таблица) салыстыратын болсақ, онда қазақ жылқысы биесінің сү-тінде С витамині едәуір көп екендігін байқаймыз. Ю. Шило мен Г. Рахимованың тәжірибесінде, бақылау-дағы барлық биелердің ішінде С витамині ең көбі (99, 98 мг/л) қазақтың жетілдірілген жылқысы биесінің сүті болды. X. Дүйсембиннің тәжірибесінде, үш-төрт жа-сында, бірінші рет құлындаған бие сүтінде С витамині ең көп кездесетіні (161, 2 мг/л), ал 15-17 жастағы көп қүлындаған бие сүтінде азырақ (124, 2 мл/л) кездесетіні байқалды. Қымыздағы С витаминінің мөлшері ондағы ашу процесіне байлаиысты және әр литрінде 150- 240 мг аралығында болды.
Бие сүтінде А және С витаминдерімен қоса басқа да витаминдер бар. Мәселен, ол Д витаминіне бай. Бұл ви-тамин күн сәулесінің және ультракүлгін сәуленің әсерінен құралады. Міне, сондықтан да күн сәулелі Қазақстан жеріндегі биелер жыл бойы далада жайылатындықтан, оның сүті Д витаминіне бай. Оның үстіне сүттен гөрі уызда бұл витамин көбірек.
Бие сүтінде Е витаминінің мөлшері (Р. Давидов пен М. Ермакованың мәліметі бойынша) бір литрінде 0, 65- 1, 05 мг шамасында болады. Е витамині малдың қалыпты өсіп-жетілуі үшін қажет. Ол жеткіліксіз болса, малдың ұрықтану қабілеті жойылады.
Ғ витаминінің де айрықша маңызы бар, ол холестерин алмасуды реттеуге қатысады. Мәселен, майдың физиологиялық құндылығы ең алдымен онда Ғ витаминінің (линол, линолен және арахидон қышқылдары) болуына байланысты. Бие сүті бұл витаминге де бай.
Бие сүтінде, сонымен қатар, В тобына жататын ең маңызды витаминдерден - тиамин, рибофлавин, никотин және пантотен қышқылдары, биотин, фоли қышқылы, Ві 2 витамині және т. б. бар. Қазіргі кезде В тобында - Ві-ден Ві-ге дейінгі он екі витамин бар. Биенің сүті мен қымызы бұл витаминдерге бай. Бие сүтінде (П. Берлин бойынша) : В 1 -291, В 2 -261, РР-299 және В 12 -3, 3 Гамма /литр қымызда: В 2 -194, В 2 -275, РР-1060 және Ві 2 - 3, 25 гамма/литр.
В тобына жататын барлық бұл витаминдер организмнің қалыпты тіршілік етуі үшін қажет. Мәселен, адамның тағамында Ві витамині жоқ болса, онда ол бери-бери (нервтердің қабынуы) ауруына шалдығады. Бұл ауруға шалдыққан адамның қозғалғыш және сергек сезім нервтері зақымданады, параличке айналады, сондай-ақ басқада функциялары бұзылады, қарын сөлінің бөлінуі азаяды, тәбеті нашарлайды, бұлшық еті әлсірейді, ұйқысы қашады, тітіркендіргіштігі күшейеді. В 2 витамині А витаминімен қоса көру органдарына қолайлы әсер етеді. РР витамині адамды пеллагра ауруынан қорғайды, тері, ішек-қарын жолдары және орталық нерв жүйелерін зақымдайтын пеллагра ауруынан сақтайды. Фоли қышқылы мен Ві витамині қалыпты қан құрауды күшейтеді, сондықтан бұларды қан аздыққа қарсы дәрі-дәрмек деп атайды. Ві 2 витамині жеткіліксіз болса жілік майында қан құрау бұзылып, қан аздық пайда болады.
Бие сүтіндегі және қымызындағы В тобындағы витаминдердің мөлшері тұрақты болмайды, бұған 9-таблицаға талдау жасағанда толық көз жетеді.
Бұл таблицадан бүкіл жаз бойы Ві 2 витамині мен биотиннің мөлшері едәуір өзгеріске ұшырайтындығын, ал тиамин, рибофлавин, пантотен және фоли қышқылдары шамалы ғана өзгеретіндігін байқауға болады.
Қымыз ашытқанда кейбір витаминдердің мөлшері өзгереді: біреулерінің (биотин, тиамин, Ві 2 витамин) мөлшері кемиді; екінсі (рибофлавин, фоли қышқылы сол күйінде қалады, үшіншісі (пантотен қышқылы) артады.
Гриценконың жорамалдауынша, ашытқы мен сүт қышқылды бактериялар сүттегі тиамин мен биотинді пайдалана отырып, қымыздағы жоғарыда аталған витаминдердің мөлшерін төмендетеді; ашытқылар рибофлавин мен фоли қышқылдарын шамалы ғана синтездейді. Гриценконың пікірінше, пантотен қышқылының аздап көбеюі осы қышқылдың лактозаны ашытатын ашытқыларды синтездеуінен.
Т. Гриценко тәжірибе жүзінде мынаны анықтады: қымыз микрофлораларының табиғи ұйтқысына, сүт қышқылды бактерия мен ашытқылардан басқа, сірке қышқылды бактерия да кіреді. Қымыздағы сүт қышқылды және ашытқы флоралар Ві 2 витаминін синтездей алмайды, сондықтан да оның сырттан келуін қажет етеді. Ал, сірке қышқылды бактериялардың, керісінше, Ві 2 витаминін синтездейтін қабілеті күшті.
Сүтте витаминдермен қоса ферменттер де бар, бірақ олардың құрамы толық анықталған жоқ. Витаминдер мен ферменттердің байланысы ғана анықталды. Ферменттерсіз организмде зат алмасу процесі болмайды, ал витаминдерсіз ферменттердің әрекеті болуы мүмкін емес.
Мәселен, ферменттердің әсерінен көмір қышқылының организмдегі кейбір органикалық қышқылдардан бөлініп шығуы бұл Ві витаминінің (тиамин) қатысуымен болады.
Амин қышқылдарынан аммиак түріндегі азоттардың бөлініп шығуы ферменттердің қатысуымен болады, онда В 6 витамині (пиродоксин) бар және т. б.
МИНЕРАЛДЫ ЗАТТАР ЖӘНЕ МИКРОЭЛЕМЕНТТЕР
Қымыздың организмге қолайлы әсер етуі, бәлкім, оның құрамындағы тұздарға, атап айтқанда, туберкулезді емдеуде айрықша маңызы бар кальций тұзына байланысты болуы мүмкін. Суттегі кальцийдің жартысына жуығы сүт белогының құрамына кіреді де, организмге жақсы сіңеді. Н. Қ. Горяевтің мәлімдеуіне қарағанда, кальций тез еритін күйінде организмдегі минералдық алмасуға әсер етіп, өкпе туберкулезінен пайда болған қуыстарда ізбес тұздарының жиналуына қолайлы жағдай туғызады.
Қан құрауда маңызды роль атқаратын кобальт пен мыс сияқты элементтер сиыр сүтінен гөрі бие сүтінде едәуір көп: кобальт онда (В. Лихачевтіц мәліметі бойынша) 1, 5 есе, ал мыс -- 3, 2 есе артық. Бір литр қымызда 1, 60 мг мыс бар. (А. Кособрюховтың мәліметі бойынша) .
ҚҰрамындағы микроэлементтерінің мөлшері жөнінен бие сүті ана сүтІне жуықтау, бҰл жөнінде Донецк медицина институтының ғылми қызметкері Е. П. Гребенникованың және басқаларының деректері дәлел бола алады.
ФИЗИКАЛЫҚ-ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТІ
Бие сүті ақ түсті, көкшілдеу реңді келеді. Оның өзіне тән тіл үйретіп дәмі бар, бұл онда қанттың көп болуына байланысты. Жаңа сауылған бие сүті бейтарап реакция береді. Алайда сүтті сауылған жерден тасығанда, оған сүт қышқылды микробтар түседі де, өңдейтін жерге әкелгенде қышқыл реакция береді әрине, мұның өзі қымыздың сапасына қолайсыз әсер етеді. Қосылған ашытқы-қордың әсерінен бие сүті өзінің дәмдік сапасын және физикалық-химиялық қасиетін күрт өзгертіп қышқылтым дәмі бар көпіршіген сусынға-қымызға айналады. Қымызды ашытқанда тығыздығын білу арқылы оның ашу барысын анықтауға болады. Қымыздың тығыздығы өте көп төмендеп, қышқылдығы баяу ғана жоғарыласа, онда спирттік ашу процесінің өріс алғандығын танытады; мұндай жағдайда, бие сүтінің сыбағалы салмағын сипаттайтын сүт қанты, негізінен, ұшпалы көмір қышқылына және спиртке айналады. Спирт судан. Қымыздың адам организмін әлдендірумен қоса, оған емдік әсері де бар екендігі ғылыми тұрғыдан анықталып отыр. Емдеу жұмысы күллі санаториялық-курорттық шарттарды тиімді пайдаланып және қымызбен емдеудің нормасын анықтағанда әр адамның жеке ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі.
Әсіресе қымызбен өкпе туберкулезін емдеу ойдағыдай нәтиже береді. Бұл ауруға шалдыққан адамның белгілі бір дәрежеде зат алмасу процесінің бұзылғаны, тамаққа тәбеті нашарлағаны, кейде ішек-қарын жолдары мен жүрек-қан тамырлары жүйелерінің қызметі бұзылғаны байқалады. Ал қымыз болса, осындай функциясы нашарлаған организмдерге қолайлы әсер етеді.
Жалпы емдеу жұмыстарында қымыз айрықша орын алады, дегенмен белгілі бір режим сақтаудың, яғни дұрыс тамақтанудың, бір мезгіл демалып, бір мезгіл серуендеудің де айтарлықтай тиімділігі бар.
Ауру адам қымызды белгілі бір уақытта, тамақтан бір-бір жарым сағат бұрын ішкені жөн. Ал түскі немесе кешкі тамаққа бір-бір жарым сағат қалғанда қымыз ішуді тоқтады. Қымызды бөлме температурасындай мөлшерде жылытып, жайлап сіміреді. Қымыз құрамында көмір қышқылы болатындықтан, ол ішкеннен кейін кекіртіп, аздап мұрынды ашытады.
Алайда қымызды жатар алдында ішуге болмайды, өйткені оның зәр айдайтын қасиеті бар, сонымен қоса ол нерв жүйесін қоздыратын болғандықтан, адам жайсыз ұйықтауы мүмкін. Керісінше, кейде жатар алдында аздаған мөлшерде (0, 2-0, 3 л) ішкен қымыз жөнді ұйықтай алмай жүргендерге қолайлы әсер етіп, ұйқысын келтіреді.
Қымызбен емдегенде ауру адамның хал-ақуалына, асқа зауқына, дәретіне және ұйқысына, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары жүйесіне зер салу керек. Кейде қымыз ішкен адам лоқсығанын, жүрегі қыжылдағанын шағым етеді. Мұндай құбылыстар алғашқы күндері ғана байқалып, кейіннен бірте-бірте басылып кетеді.
Климат жағдайына қарай қымызбен емдеудегі ең басты жағдайдың бірі-ауру адамның санатория режимдерін дәл сақтауы және бұлжытпай орындауы.
Туберкулезбен ауырған адамдарды қымызбен емдеу режимінде дәрігердің бақылауымен бір қалыпты дене жаттығуларын жасатудың айрықша маңызы бар. Кей жағдайда ғана болмаса, ауру адамға дене жаттығуларын жасату емдік шара ретінде мұқият жүргізіліп отыруы қажет. Ауру адамды әрбір кезекті қарап шыққанда, қымыздың, диеттің, физиотерапиялық процедуралардың мөлшерін белгілеумен қатар, дене жаттығуларына да күш жұмсалуын мөлшерлеу керек. Қымызбен емдеудің алғашқы аптасында туберкулезбен ауырған әлсіз адамдарға жаттығулар жасауға, серуендеуге, әсіресе күн көзіне шығуға болмайды.
Туберкулезге шалдыққан, тамаққа зауқы соқпай жүрген адамдар курортқа келіп қымыз іше бастасымен бірнеше күнде-ақ өзінің күндік нормасын түгел тауысып жей бастағанын жиі байқауға болады. Мұндай адамдардың тамаққа тәбеті жақсарумен қатар, олар салмақ қосып, оңала бастайды. Ал кейбір ауру адамдар екі айдай қымызбен емделгеннен кейін 8-12 килограмдай, тіпті одан да артық салмақ қосып қайтады.
Кейде емделіп жүрген адамдардың тамаққа зауқы соқпайды. Оның басты себептері - тамақты жиі ішуден, тамақтың бір-ақ түрін қабылдаудан, ет пен майлы тамақтарды орынсыз жеуден болады. Алайда мұндай адамдарға жас овощ пен жеміс берсе, тәбеті күрт жақсара бастайды. Өкпе туберкулезіне шалдыққандардың көпшілігінде қарын сөлінің қышқылдығы төмендейді. Мұндай адамдардың асқа тәбетін көтеру үшін түсте тамақтанар алдында 0, 1 миллилитрдей миллиграмдай қымыз берген және қою тамақ ішер алдында да қымыз берген пайдалы. Қымыз туберкулезбен ауырған адамның тәбетін жақсартуға, жақсы ұйықтауға және көңіл-күйіне әсер етумен қатар, жүрек-қан тамырлары жүйесі мен өкпенің жұмысына да қолайлы әсер етеді. Оның әсерінен өкпенің тыныс-алу қозғалысы күшейеді, жөтелі басылады, тамыр соғуы толық болады, қан қысымы қалпына келеді, қан-ның түсі жақсарады.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫМЫЗБЕН ЕМДЕЙТІН САНАТОРИЙЛЕР ЖӨНІНДЕ ҚЫСҚАША АНЫҚТАМА
Бурабай курорты - Қазақстандағы ең ірі мемлекеттік маңызы бар климаттық қымызбен емдейтін курорт. Көкшетау облысының Щучье ауданының орталығынан 25 километр жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен биікті-гі - 300-400 метр. Қлиматы континенталды. Жазы жы-лы (июньде 17, 7°, июльде 19, 8°, августа - 16, 8°) . Қысы суық (-40°-қа дейін) . Жауын-шашынды күндері онша көп емес, ауасы құрғақ (орташа салыстырмалы ылғал-дығы июнь айында 57, июльде - 68 процент) . Курорттағы шуақ күннің ұзақтығы Совет Одағының европалық бөлегіне қарағанда едәуір көбірек.
Курорттың тұрған жерінің табиғаты өте көркем. Бурабай мен Үлкен Чебачье көлінің айналысы Булықтау, Теміртау, Қызылтас жартастарымен және қарағайлы ормандармен қоршалған. Курорт Көкшенің тау баура-йында орналасқан, оның ең биік шыңы курортты солтүстік-батыс жақтан соққан ызғырық желден қорғайды. Ең биік шыңның баурайында кептеген кәлдер бар. Оның біразы Көкшетау массивінің гранитті алқабында, екіншілері - жазықта орналасқан.
Курорт екі санаториядан тұрады: оның біріншісі 400 -орындық, туберкулездің асқынған түрімен ауырған адамДар жатады, екіншісі 350 орындық, тек жазда істейді. Онда - рентген және тіс, құлақ, тамақ ауруларының кабинеттері, лаборатория, кітапхана бар. Курортта бір, екі, үш қабатты корпустар және ағаштан салынған дачалар бар. Курортқа іргелес жерде физиотерапевтикалық, гинекологиялық, тіс ауруларының және басқа да кабинеттері бар поликлиника орналасқан.
... жалғасыБурабай көлінің жағасында қайық станциясы, күнге қыздырынатын және шомылатыи алаң, душ бөлмесі бар. Сондайақ оңда гимнастикалық жаттығулар жасайтын, волейбол, теннис және крокет ойнайтын алаңдар салын-ған. Курортта 400 орындық клуб бар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz