Есеп саясатының негізгі қағидаттары



Кіріспе ... ... ... ..3
1.) ТАРАУ. БИЗНЕС ҰЙЫМДАСТЫРУ ... 4
1.1) Негізгі қызмет ... ... 4
1.2) Бизнесті ұйымдастыру, жалғасы ... ..5
1.3) Қаржылық есептілікті берудің негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.4) Бағамдарды пайдалану ... ... ... ...6

2.) ТАРАУ. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ ... ... ... .6
2.1) Шетелдік валютадағы операциялар ... ...6
2.2) Ақша ... ... ... ...6
2.3) Қаржы құралдары ... ... ... ... ... ... ... 7
2.4) Қаржы құралдары, жалғасы ... ... ... .8
2.5) Мойындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.6) Бағам ... ... ... 8
2.7) Қаржы құралдары, жалғасы ... ... ...9
2.8) Қаржы құралдары, жалғасы ... ... ... ..10

3.) ТАРАУ. КОМИССИЯЛЫҚ КІРІСТЕР ... ...13
3.1) ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ШЫҒЫСТАР ... ... ... .14
3.2) ТАБЫС САЛЫҒЫ ЖӨНІНДЕГІ ШЫҒЫСТАР ... ... ... ... ... ... ..14
3.3) Ақша ... ... ... ... 15
3.4) Банктердегі салымдар ... ... ... ... ..16
3.5)Сатуға арналған қолда бар инвестициялық бағалы.. қағаздар ... ..16

4.) ТАРАУ. ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ... ... ... ... ... .19
4.1) Географиялық тәуекел ... ... .19
4.2) Нарықтық тәуекел, жалғасы ... ... 20
4.3) Тараптармен байланысты перациялар...
4.4) Тараптармен байланысты операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

КОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ЕДЕБІЙЕТТЕР
Қор бастапқыда жеке тұлғалардан зейнетақы төлемдерін қабылдайтын «жанама» қор болып танылды, ол мемлекеттік емес зейнетақы қорларының міндетті зейнетақы жарналарын төлеу үшін таңдалмады. 2004 жылдың ақпанында зейнетақы заңнамаларының өзгеруі нәтижесінде Қор «жанама» қор деген өз мәртебесін жойды.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының экономикалық ахуалының ілгерілеуі байқалатындығына қарамастан, оның экономикасы нарықтық экономика қалыптасу кезеңіндегі елдерге тән сипаттамалық ерекшеліктерге орын беріп келеді. Өзгелерімен қатар мұндай сипаттамалық ерекшеліктерге елден тыс жерде еркін айырбасталатын ұлттық болмауы және биржа нарығындағы қағаздардың өтімділігінің төменгі деңгейі жатады.


Бұдан басқа, Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру секторы саяси, заң шығарушы, қаржылық және реттеуші өзгерістерге ұрымтал. Қазақстан Республикасының экономикалық тұрақтылығының болашағы басым деңгейінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қолдайтын экономикалық шаралардың тиімділігіне тәуелді. Тәсімнің қызметіне теріс әсер ететін қаржылық эәне экономикалық саладағы болжап болмайтын өзгерістердің орын алу
1. Леонтьев В. Экономические эссе. Теории, исследования, факты и
политика: Пер. с англ. -Москва,1990.
2. Экономическая теория. Учебник ІЮод ред. АИ.Добрынина,
Л.С.Тарасевича. СПб.: Изд. СПБГУЭФ, Изд. «Питер Ком»1999.
3. Курс экономики. Учебник ІЮод ред. Б. Арайзберга. - Моска,1999.
4. Носова С.С. Экономическая теория. Учебник. - Москва,1999.
5. Зайдель X., Теммен Р. Основы учения об экономике. Пер. с нем.
Москва,1994
6. Хейне Пол. Экономический образ мышления. Пер. с англ. -
Москва,1992
7. Долан Э. Дж., Линдсей Д. Рынок: микроэкономическая модель. Пер. с
англ. - СПб.: Печатный Двор, 1992. С. 496.
8. Долан Э. Дж. и др. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная
политика. Пер. с англ. - СПб.: АОЗТ «Санкт-Петербург оркестр», 1994.
с. 496.
9. Соловьев В.А, Рыбалкин В.Е., Дякин Б.Г. Основы рыночного
хозяйства. - Москва. Международные отношения, 1992. С. 128.
10. Корнаи Я. Путь к свободной экономике (Страстное слово в защиту
экономических преобразований). Пер. с англ. - М.: Экономика, 1990. С.
149.
11. Фишер с, Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. Пер. с англ. -
Москва.І993. с. 864.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
кіріспе

Қор бастапқыда жеке тұлғалардан зейнетақы төлемдерін қабылдайтын жанама
қор болып танылды, ол мемлекеттік емес зейнетақы қорларының міндетті
зейнетақы жарналарын төлеу үшін таңдалмады. 2004 жылдың ақпанында зейнетақы
заңнамаларының өзгеруі нәтижесінде Қор жанама қор деген өз мәртебесін
жойды.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының экономикалық ахуалының ілгерілеуі
байқалатындығына қарамастан, оның экономикасы нарықтық экономика қалыптасу
кезеңіндегі елдерге тән сипаттамалық ерекшеліктерге орын беріп келеді.
Өзгелерімен қатар мұндай сипаттамалық ерекшеліктерге елден тыс жерде еркін
айырбасталатын ұлттық болмауы және биржа нарығындағы қағаздардың
өтімділігінің төменгі деңгейі жатады.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру секторы
саяси, заң шығарушы, қаржылық және реттеуші өзгерістерге ұрымтал. Қазақстан
Республикасының экономикалық тұрақтылығының болашағы басым деңгейінде
Қазақстан Республикасының Үкіметі қолдайтын экономикалық шаралардың
тиімділігіне тәуелді. Тәсімнің қызметіне теріс әсер ететін қаржылық эәне
экономикалық саладағы болжап болмайтын өзгерістердің орын алу
активтер немесе міндеттемелер келісім-шартта бастапқыда көрсетілген ақша
қаражаты ағынын айрықша өзгертетін бірге құрылған туынды құралдан тұратын
болса, кірістер мен шығыстар арқылы әділ құн бойынша қаржы активтері мен
міндеттемелерін анықтайды.
Кірістер мен шығыстар арқылы әділ құн бойынша бағаланған қаржы активтері
мен міндеттемелер кейінгі мойындау кезінде қайта сыныпталмайды. Кірістер
мен шығыстар арқылы әділ құн бойынша бағаланған қаржы активтері мен
міндеттемелер сауда бағалы қағаздарынан, кірістер мен шығыстар арқылы әділ
құн бойынша бағаланған басқа қаржы құралдары мен міндеттемелерден, сондай-
ақ туынды қаржы құралдардан тұрады.

1.БИЗНЕС ҰЙЫМДАСТЫРУ

1.1) Негізгі қызмет
ГНПФ Жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 қыркүйектегі № 1372
Қаулысына сәйкес 1997 жылғы 17 желтоқсанда құрылды. Қор дербес зейнетақы
жинақ ақшасы жүйесіне өтуге бағытталған зейнетақы реформасын жүргізуге
байланысты 1997 жылы құрылды. Зейнетақы активтерін басқаруды 1999 жылы
тамызда Қор лицензия алғанға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
(бұдан әрі ҚРҰБ) орындады, осыдан кейін зейнетақы активтерін басқару
жауапкершілігі Қорға өтті.

Қор зейнетақы активтерін инвестициялық басқаратын ұйымдардың және
белгіленген жарна мөлешері бар зейнетақы кестесі жөніндегі жинақтаушы
зейнетақы қоларының қызметтерін қатар орындайды (бұда әрі – Тәсім).

Қордың негізгі қызметтері зейнетақы жинақ ақшаларын мемлекеттік бағалы
қағаздар, корпоративтік бағалы қағаздар, шетел эмитенттерінің бағалы
қағаздар және шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздар және
халықаралық қаржы ұйымдары анықтаған банктік депозиттер мен бағалы
қағаздарда инвестрлеуде жасалады. Қор Тәсіммен басқаруды жүзеге асырады
және зейнет жасына жеткен кезде, қайтыс болған және Қазақстан
Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа жағдайлар болған кезде
зейнетақы төлемдерін жүргізеді.

2006 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қор 163,695,040 мың теңге
мөлшеріндегі (2005ж.:126,215,626 мың теңге) салымшылардың 3,321,828
(2005ж.:3,242,865) зейнетақы активтерін басқарды. Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау мен реттеу агенттігі (бұдан
әрі – Агент) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтерін мемлекеттік
реттеу үшін жауапты жалғыз мемлекеттік орган болып табылады. 2006 және 2005
жылдардың 31 желтоқсанында Тәсімнің зейнетақы активтері ҚРҰБ қоймасында
болды.

Қор бастапқыда жеке тұлғалардан зейнетақы төлемдерін қабылдайтын жанама
қор болып танылды, ол мемлекеттік емес зейнетақы қорларының міндетті
зейнетақы жарналарын төлеу үшін таңдалмады. 2004 жылдың ақпанында зейнетақы
заңнамаларының өзгеруі нәтижесінде Қор жанама қор деген өз мәртебесін
жойды.

Қор зейнетақы активтерін басқару нәтижесінде алынған таза инвестициялық
кіріс сомасынан 15 аспайтын мөлшерде және басқарудағы зейнетақы
активтерінің жалпы сомасынан 0.05 пайыз мөлшерде зейнетақы активтерін
басқару жөніндегі комиссиялық сыйақыны алуға құқығы бар (4 ескертпе).

Қордың бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Бұдан өзге, Астана
қаласында филиалы және Қазақстан бойынша 16 өңірлік өкілдіктері бар
(2005ж.: 16). Қызметкерлердің орташа саны 2006 жылы 359 адамды құрады
(2005ж.: 325 адам).

1.2) Бизнесті ұйымдастыру, жалғасы

Қазақстанның экономикалық ахуалы 2005 және 2006 жылдары халықаралық рейтинг
агенттіктерімен бағаланған болатын. 2006 жылы Standard & Poor’s ұзақ
мерізмді валютті рейтингті ВВВ дейін және ұлттық валютада қарызға алу
ұзақ мерзімді рейтингін ВВВ+ ретінде, ұлттық валютада қарызға алу қысқа
мерзімді рейтінгін А-2 деңгейінде бағалады және шетелдік валютадағы қысқа
мерзімді рейтинг А-3 (2005: тиісінше ВВВ-, ВВВ, А-3 және А-3)
деңгейінде белгіленді. Сонымен қатар 2006 жылы Moody’s Investors Service
шетелдік валютадағы борыштық облигациялар бойынша рейтингіні Ваа2 ретінде
(2005: Ваа3) және ұлттық валютадағы борыштық міндеттемелер бойынша
рейтингіні Ваа1 ретінде (2005: Ва1) бағалады. Fitch 2005 жылы
шетелдік валютада ұзақ мерзімді қарызға алу рейтингісін ВВВ дейін (2005:
ВВВ-), ал ұлттық валютада – ВВВ+ дейін (2005: ВВВ+) көтерді.

Қордың қызметі Қазақстанда бизнес жүргізуге тән экономикалық, саяси және
әлеуметтік тәуекелдіктерге ұрымтал. Аталған тәуекелдіктерге үкімет
саясатының, экономикалық шарттардың, салық және құқық салаларындағы
өзгерістердің, валюта бағамдарының ауытқуының және контрактілік құқықтардың
іске асырылуының салдары кіреді.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының экономикалық ахуалының ілгерілеуі
байқалатындығына қарамастан, оның экономикасы нарықтық экономика қалыптасу
кезеңіндегі елдерге тән сипаттамалық ерекшеліктерге орын беріп келеді.
Өзгелерімен қатар мұндай сипаттамалық ерекшеліктерге елден тыс жерде еркін
айырбасталатын ұлттық болмауы және биржа нарығындағы қағаздардың
өтімділігінің төменгі деңгейі жатады.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру секторы
саяси, заң шығарушы, қаржылық және реттеуші өзгерістерге ұрымтал. Қазақстан
Республикасының экономикалық тұрақтылығының болашағы басым деңгейінде
Қазақстан Республикасының Үкіметі қолдайтын экономикалық шаралардың
тиімділігіне тәуелді. Тәсімнің қызметіне теріс әсер ететін қаржылық эәне
экономикалық саладағы болжап болмайтын өзгерістердің орын алу мүмкіндігі
бар. Басшылық экономикалық қиыншылықтардың не деңгейін, не олардың орын алу
уақытын мөлшерін болжай алмайды, тиісінше бірге тіркеліп отырған қаржылық
есептілікте орын алған дүдәмал жағдайлардың анықталуы нәтижесінде қажет
болуы мүмкін түзетулер жоқ. Ондай түзетулер қажет болған жағдайда, олар
анықталған кезеңдегі Тәсімнің қаржылық есептілігінде мазмұндалып,
бағаланатын болады.

1.3) Қаржылық есептілікті берудің негіздері

Бірге тіркеліп отырған қаржылық есептілік қаржылық есептіліктің халықаралық
стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес әзірленді.
Бұл қаржылық есептілік нарықтық бағамдарға сүйеніп әділ құны бойынша
бейнеленген, сатуға арналған, қолда бар инвестициялық бағалы қағаздарды
қоспағанда, бастапқы құны бойынша есепке алу қағидаттарына сәйкес
дайындалған.
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы болып қазақстан теңгесі (бұдан
әрі – теңге) табылады. қордың басшылығы теңгені бернелік валюта ретінде
анықтады, өйткені теңге Қордың экономикалық оқиғалары мен операцияларының
мәнін бейнелейді. Теңге сонымен қатар осы қаржылық есептілікті ұсыну
мақсаты үшін пайдаланылатын есептілік валютасы боып табылады.
Теңгеде ұсынылған барлық қаржылық ақпарат жақын мыңдыққа дөңгелектелген.

1.4) Бағамдарды пайдалану
Осы қаржылық есептілікті дайындау үшін Қаржы есептілігінің халықаралық
стандарттарына сәйкес басшылық активтер мен міндеттемелердің есептілігін
белгілеуде, сондай-ақ есептілікте шартты активтер мен міндеттемелерді ашуға
қатысты бірқатар бағамдар мен болжамдар жасады. Нақты алынған нәтижелер
болашақта бұл бағамдар өзгеше болуы мүмкін.

2.) Есеп саясатының негізгі қағидаттары
Осы қаржылық есептілікті дайындау кезінде есеп саясатының төмендегідей
негізгі қағидаттары қолданылды.

2.1) Шетелдік валютадағы операциялар

Шетелдік валютадағы операциялар операция жасалған күні қолданыста айырбас
бағамы бойынша бейнеленеді. Шетелдік валютадағы ақша активтері мен
міндеттемелері операция күні қолданыста болған ресми айырбас бағамы бойынша
теңгеге аударылады. Тарихы құны бойынша шетелдік валютадағы ақшалай емес
активтер мен міндеттемелер операция күні қолданыста болған ресми айырбас
бағамы бойынша теңгемен аударылады. Активтер мен міндеттемелерді аудару
кезіндегі бағам айырмашылығының нәтижесінде болған кірістер мен шығыстар
таза активтердегі өзгерістер туралы есепте бейнеледі.

2006 жылғы 31 желтоқсанда Тәсімнің шетелдік валютадағы қалдықты аудару үшін
пайдаланған айырбас бағамы төмендегідей болды:

Валюта 2006 2005
1 АҚШ доллары 127.00 133.77
1 еуро 167.12 158.54

2.2) Ақша
Ақшалай қаражат қозғалысы туралы есепті құру мақсатында ақша кассадағы және
банк шоттарындағы ақшаның қолма-қол болуына жатады.

2.3) Қаржы құралдары
Кірістер мен шығыстар туралы есеп арқылы әділ құны
бойынша бағаланатын қаржы активтері мен міндеттемелері болып саудаға
арналған бастапқы тану кезінде әділ құны бойынша бағаланған қаржы құралдары
және туынды қаржы активтері мен міндеттемелері.
Қаржы құралдары негізінен жақын арада сату мақсатында сатып алынған болса,
саудаға арналған болып сыныпталады немесе қаржы құралдарымен жақын арада
болған мәмілелер қысқа мерзімді негізде нақты кіріс алу туралы
куәландыратын қаржы құралдары қоржынының бөлігі немесе туынды құралдар
болып табылады.
Қор:
активтер немес міндеттемелер әділ құны бойынша есепке алынатын және
бағаланатын болса;
мұндай бағам кері жағдайда туындайтын бухгалтерлік сәйкессіздіктерді
болдырмайтын немесе барынша кемітетін болса;
активтер немесе міндеттемелер келісім-шартта бастапқыда көрсетілген ақша
қаражаты ағынын айрықша өзгертетін бірге құрылған туынды құралдан тұратын
болса, кірістер мен шығыстар арқылы әділ құн бойынша қаржы активтері мен
міндеттемелерін анықтайды.
Кірістер мен шығыстар арқылы әділ құн бойынша бағаланған қаржы активтері
мен міндеттемелер кейінгі мойындау кезінде қайта сыныпталмайды. Кірістер
мен шығыстар арқылы әділ құн бойынша бағаланған қаржы активтері мен
міндеттемелер сауда бағалы қағаздарынан, кірістер мен шығыстар арқылы әділ
құн бойынша бағаланған басқа қаржы құралдары мен міндеттемелерден, сондай-
ақ туынды қаржы құралдардан тұрады.
Берілген кредиттер мен дебиторлық берешек Тәсім дереу немесе жақын арада
сатуға ниеттілерінен, және Тәсім бастапқы мойындаудан кейін таза зейнетақы
активтеріндегі өзгерістер туралы есеп арқылы әділ құны бойынша
бейнелейтіндерден немесе кредиттік қабілетінің төмендеуі салдарынан басым
бөлігін иегері өтей алмайтындардан басқаларынан белсенді рынокта
бағаланбайтын беркітілген немесе анықталған төлемдері бар туынды емес қаржы
активтерінен тұрады.
Өтегенге дейін ұсталатын активтер – беркітілген немесе анықталған төлемдері
және беркітілген өтеу мерзімі бар туынды емес қаржы активтері, оларға Тәсім
берік ниетті және төмендегі активтерден басқаларын өтеу мерзімі жеткенге
дейін иелене алады:
Қор бастапқы мойындаудан кейін таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістер
туралы есеп арқылы әділ құны бойынша бейнелейді;
Қор сатуға арналған ретінде сыныптады; немесе
Қарыздар мен дебиторлық берешек анықтамасына енгізілген.

2.4) Қаржы құралдары, жалғасы
Саудаға арналған қолда бар активтер саудаға арналған қолда бар деп
анықталған немесе қарыз немесе кредиторлық берешек ретінде сыныпталмаған
туынды емес қаржы құралдары, өтелгенге дейін ұсталып қалатын инвестициялар
немесе таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістер туралы есеп арқылы әділ
құны бойынша есепке алынатын қаржы активтері.

2.5) Мойындау
Қаржы активтері және міндеттемелер Тәсім сол қаржы құралы туралы келісім-
шарт бойынша Тараптың бірі болып саналған сәттегі таза зейнетақы активтері
туралы есепте мойындалады. Негізгі қызмет барысындаға барлық қаржы
активтерінің сатып алынымы төлем күніне мойындалады.

2.6) Бағам
Бастапқы мойындау кезінде қаржы активі немесе қаржылық міндеттемелер әділ
құны бойынша бағаланады, қосымша, таза активтердегі өзгерістер туралы есеп
арқылы әділ құн бойынша бағаланбайтын қаржылық активі немесе қаржылық
міндеттеме жағдайында, қаржы активтін немесе қаржылық міндеттемелерді сатып
алумен немесе шығарумен тікелей байланысты мәміле бойынша залалдар.
Бастапқы мойындаудан кейін қаржы активтері, оның ішінде активтер болып
табылатын туынды құралдар олардың әділ құны бойынша Тәсім сату кезінде
мәмілеге кеткен шығыстарды және басқалай залалдарды есептен шығарып
бейнелейді. Төмендегі қаржы активтері есепке кірмейді:
сыйақының тиімді мөлшерлемесі әдісін пайдаланып, амортизациялық құны
бойынша бағаланатын қарыздар мен дебиторлық берешектер;
кірістіліктің тиімді мөлшерлемесі әдісін пайдаланып, амортизациялық құны
бойынша бағаланатын, өтелгенге дейін ұсталынып қалатын активтер;
белсенді рынокта бағаланатын рыноктық бағасы жоқ және құны сенімді
бағаланбайтын, өзіндік құны бойынша бағаланатын үлестік құралдарға
инвестициялар.
Кіріс пен залал арқылы әділ құны бойынша есептелетіндерден және қаржы
активтерін әділ құны бойынша аудару мойындауды кері қайтаруға келмейтін
кезде туындайтындардан басқа барлық қаржылық міндеттемелер амортизациялық
құны бойынша бағаланады. Сыйлықақылар мен дисконттар мәміле бойынша
бастапқы залалдармен бірге тиісті құралдың баланстық құнына енгізіледі және
аталған құралға тиесілі сыйақының тиімді мөлшерлемесі негізінде
амортизацияланады.

2.7) Қаржы құралдары, жалғасы
Қаржылық құралдардың әділ құны мәмілелер бойынша қандай-да залалдарды
шегерместен, есеп беретін күнгі жай-күй бойынша олардың бағаланатын
рыноктық бағалары негізінде анықталады. Қаржы құралдарының бағаланатын
рыноктық бағалары болмаған жағдайда, әділ құн бағамдық үлгілерді немесе
ақша ағынын дисконттау әдістерін пайдаланып, анықталады.
Ақша ағынын дисконттау тәсілін пайдаланған кезде болжалды ақша ағындары Қор
басшылығының барынша мүмкін болжамы негізінде анықталады, ал дисконттау
мөлшерлемесінің сапасында ұқсас шарттары бары қаржы құралдары бойынша есеп
беретін күнгі жай-күй бойынша рыноктық мөлшерлеме қолданылады. Бағамдық
үлгілер пайдаланылған кезде шығыс деректері есеп беретін күнгі жай-күй
бойынша рыноктық көрсеткіштер негізінде анықталады.
Биржада бағаланбайтын туынды қаржы құралдарының әділ құнын Қор ағымдағы
нарықтық шарттарды және мәміле бойынша контрагенттердің кредиттік
мүмкіншілігін есепке алып, есеп беретін күнгі жай-күй бойынша келісім-
шартты бұзу кезінде алуы немесе төлеуі мүмкін сома ретінде анықталады.
Қаржы активтінің немесе міндеттемелерінің әділ құнын өзгерту кезінде
туындайтын кірістер мен залалдар төмендегідей сипатта танылады:
– кірістер мен шығыстар туралы есеп арқылы әділ құны бойынша бағаланатын
қаржы активі ретінде сыныпталатын қаржы құралы бойынша кірістер немесе
шыңыстар таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістер туралы есепте танылады;
– сатуға арналған қолда бар қаржы активтерінен кірістер мен шығыстар
меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп арқылы капиталда танылады
(құнсынданудан болған шығындардан және валюта бағамдарындағы өзгертулерден
өзге). Мұндай жағдайда, капиталда бастапқыда танылған кірістер мен шығыстар
жиынтығы кірістер мен шығыстар туралы есепте танылады. Сатуға арналған
қолда бар қаржылық активтерден тиімді мөлшерлеме әдісін қолдануымен
есептелетін сыйақы мен шығыстар туралы есепте танылады.
Амортизациялық құны бойынша есептелінетін қаржы активтері мен міндеттемелер
бойынша кірістер мен шығыстар таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістер
туралы есепте қаржы активін немесе міндеттемесін тануды немесе
құнсыздандыруды тоқтату сәтіне, сондай-ақ амортизация рәсімі арқылы
танылады.

2.8) Қаржы құралдары, жалғасы
Қаржы активтерін тану қаржы активтерін пайдалану ақша ағындарын алуға
келісім-шарт құқықтарының іс-әрекет ету мерзімі өткен соң немесе Тәсім
қаржы активтерін иелену өұқығынан шығатын барлық айрықша тәуекелдіктер мен
пайданы тапсыру кезінде тоқтатылады. Осындай табыстау кезінде туындайтын
немесе сақталатын құқықтар мен міндеттемелер бөлек актив немесе міндеттеме
ретінде танылады. Қаржы міндеттемелерін тану олар өтелген кезде
тоқтатылады.
Сату және кері сатып алу (РЕПО) жөніндегі мәлілелер бойынша сатылған
сатылған бағалы қағаздар қамтамасыз етілген қаржы операциялары ретінде
есепке алынады және таза зейнетақы активтері туралы есепте РЕПО келісімі
бойынша қамтамасыз етумен бой көтеретін бағалы қағаздар ретінде сыныпталады
және әділ құны бойынша есепке алынады; келісім-шарт бойынша контрагенттің
міндеттемелері тиісінше сипатта банктердің немесе өнім берушілердің
кредиторлық берешегінің сомасына енгізілген. Сату бағасы мен кері сатып алу
бағасының арасындағы айырмашылық сыйақы түріндегі шығынды білдіреді және
осындай келісімдер іс-әрекет ететін мерзім ішіндегі кірістер мен шығыстар
туралы есепте танылады.
Кері РЕПО келісімі бойынша алынған бағалы қағаздар тиісінше сипатта
банктердің немесе өнім берушілердің дебиторлық берешегінде мазмұндалады.
Сату алу бағасы мен кері сатып алу бағасының арасындағы айырмашылық сыйақы
түріндегі кірісті білдіреді және сыйақының тиімді мөлшерлемесі әдісінің
негізінде осындай келісімдер іс-әрекет ететін кезең ішінде есептеледі.
Қаржылық активтер және міндеттемелер өзара есепке алынады және егер
танылған сомаларды өзара есептеу үшін заңды негіз болатын болса сомалар
жиынтығы бухгалтерлік баланста бейнеленеді.

Негізгі қаражат объектілері жинақталған тозулар мен құнсызданудар болғын
шығындарды шегере отырып, өзіндік құны бойынша көрсетілді.
Егер негізгі қаражат объектілері пайдалы қызметтің түрлі мерзімі бар
бірнеше компоненттерден тұрса, мұндай компоненттер негізгі қаражаттың
жекелеген объектілері секілді есептеледі.
Тозу жекелеген активтердің пайдалы қызмет мерзімі ішінде тіке сызықты әдіс
негізінде кірістер мен шығыстар туралы есепте есептеледі. Тозу активтердің
пайдалуға дайын болған күнінен бастап немесе (меншікті құрылыс жайында)
активтерді жасап аяқтау және оны пайдалануға дайын болған сәттен бастап
есептеледі. Жер тозуды есептеу объектісі болып табылмайды.

Активтер тобы Пайдалы қызмет мерзімі
Компьютерлік жабдықтар 4 жыл
Көлік жабдықтары 14 жыл
Кеңсе жабдықтары 10 жыл

Лицензия сатып алуға кеткен шығындар капиталдандырылады. Бағдарламалық
қамсыздандыруды әзірлеу және қызмет етуімен байланысты шығындар кезең
шығыстарына жатқызылады. Алайда, Қор бақылайтын бірегей бағадарламалық
қамсыздандырумен байланысты кеткен және бір жылдан аса уақыт ішінде оның
құнынан асатын экономикалық пайдасы бар шығыстар материалдық емес активтер
ретінде танылады.
Бағдарламалық қамсыздандырулар және лицензия 7 жылдан аспайтын пайдалы
қызмет мерзімі ішінде тіке сызықты әдіс бойынша амортизияланады.
Амортизациялық құны бойынша есепке алынатын қаржы активтері негізінен
сатуға арналған қолда бар кредит, басқалай дебиторлық берешек немесе
бағаланбайтын қарыз қағаздарынан тұрады. Қор өзінің кредиттік қоржынын оның
құнсыздану мәніне тұрақты негізде талдап отырады. Қарыздар мен дебиторлық
берешек құнсызданып отырады, және Тәсім, қарызды және дебиторлық берешекті
бастапқы тану күнінен кейін болған бір немесе бірнеше жағдайлардың
негізінде, тек құнсызданудың объективті себептері болған жағдайда ғана және
мұндай жағдай (немесе жағдайлар) сенімді бағалануы мүмкін қарыздар бойынша
болашақ ақша ағындарына әсер еткен кезде, құнсыздану салдарынан шығын
тартады.
Әрқайсысы айрықша болып табылатын клиенттер заемдар мен аванстар және
әрқайсысы айрықша болып табылмайтын заемдар мен аванстар үшін жиынтығында
құнсызданудың объективті себептерінің бар екендігін бағалайды. Егер тексеру
нәтижесінде Қор оның айрықша немесе айрықша емес екендігіне қарамастан
бөлек бағаланатын бағалық қағаздың құнсыздануының объективті себептерінің
жоқ екендігін анықтаса, мұндай бағалы қағаздар сатуға арналған қолда бар
кредиттік тәуекелдігі ұқсас бағалы қағаздар тобына қосылады, және Қор
сатуға арналған қолда бар мұндай бағалы қағаздар тобын олардың жиынтығында
құнсыздану мәніне тексереді. Сатуға арналған қолда бар, құнсыздануына бөлек-
бөлек сынақтан өткізілген, құнсызданудан келетін шығыны танылған немесе
танылып жатқан бағалы қағаздар жинытығында құнсыздану мәніне
тексерілетіндер қатарына енбейді.
Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздардың құнсыздануының объективті
себептері болған кезде, құнсызданудан болған залалдың сомасы сатуға
арналған қолда бар бағалы қағаздың баланстық құны мен қарыз кепілдері және
бағалы қағаздардың сыйақысының бастапқы тиімді мөлшерлемесі бойынша
дисконтталған қамтамасыз ету бойынша дебиторлық берешекті есепке алғанда
болжалды болашақ ақша ағындарының ағымдағы құны арасындағы айырмашылық
ретінде анықталады. Ағымдағы экономикалық шарттарды мазмұндайтын тиісті
шолу деректері негізінже түзелтілген контракт бойынша ақша ағындары және
тарихи залалдар болжалды ақша ағындарын бағалау үшін негіздеме болады.
Кейбір жағдайларда бағалы қағаздың құнсыздануынан болған залал сомасын
есептеу үшін қажетті мұндай шолу деректері шектеулі немесе ағымдағы
экономикалық шарттарға толық көлемінде сәйкес келмейтіндей болуы мүмкін.
Мұндай ахуал егер қарызгер қаржылық қиыгшылықтарға ұшыраған болса және
ұқсас қарызгерлер бойынша жеткілікті деңгейдегі тарихи деректер болмаса,
туындауы мүмкін. Мұндай жағдайларда залал сомасын құнсызданудан анықтау
мақсатында Тәсім басшылығы өзінің тәжірибесі мен пікіріне сүйенеді.
Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздардың құнсыздануынан болған барлық
залал таза зейнетақы активтері туралы есепте танылады және егер өтелетін
құнның кейінгі өсімі құнсызданудан болған залал танылғаннан кейін орын
алған жағғдайға объективті жатқызылуы мүмкін жағдайда ғана түзетіледі.
Дивиденттер Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекше ережелерінің пәні
болып табылады.
Әдеттегілік акциялар бойынша дивиденттер жариялануына қарай таратылмаған
кірістерді пайдалану секілді қаржылық есеп беруде қамтылады.
Жыл ішіндегі табыс салығы ағымдағы және мерзімі ұзартылған салыққа кіреді.
Табыс салығы кірістер мен шығыстар туралы есепте танылады, тікелей
капиталда танылатын баптарға жатқызылатын жағдайларды қоспағанда.
Мерзімі ұзартылған салық қаржылық есеп беру мақсатында пайдаланылатын
активтер мен міндеттемелердің баланстық құны және салықтық мақсатта
пайдаланылатын сомалар арасындағы уақытша айырмашылықтар есебімен,
міндеттемелер әдісін пайдалана отырып анықталады. Мерзімі ұзартылған салық
сомасының есебі есептік күнде қолданыста болған салық мөлшерлемелерін
пайдалана отырып активтер немесе міндеттемелердің баланстық құнын іске
асыру немесе реттеудің болжалды тәсіліне негізделеді.
Мерзімі ұзартылған салықтық активтер өз деңгейінде ғана бейнеленеді, онда
болашақта салық салынаты кірістің болу мүмкіндігі бар, оның есебінен
активтер жабылуы мүмкін. Мерзімі ұзартылған салықтық активтер өз деңгейінде
төмендетіледі, онда салық активтерін іске асыру мүмкін болмайды.
Сыйақы түріндегі пайдалар мен шығындар олардың есепке алыну шамасына қарай
кірістер мен шығыстар туралы есепте, активтің немесе міндеттеменің тиімді
кірістілігін немесе қолданылатын қозғалмалы мөлшерлемені есепке ала отырып,
танылады. Сыйақы түріндегі пайдалар мен шығындар дисконт немесе
сыйлықақыдан, немесе пайыздық құралдың бастапқы баланстық құны мен оның
өтеу күнгі құны аралығындағы, сыйақының тиімді мөлшерлемесі бойынша
есептелген басқа айырмашылықты құрайды.

Комиссиялық кірістер қызмет көрсету кезеңі ішінде есептеу әдісі бойынша
бейнеленеді. комиссиялық кірістерді есептеу тәртібі 4 ескертпеде неғұрлым
егжей-тегжейлі ашылған.
Сыйақы түрінде есептелген кірістер, оның ішінде есептелген купонды кіріс
және амортизациялық дисконт таза зейнетақы активтері туралы есептің тиісті
бабындағы баланстық құнына енгізіледі.
2006 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша кейбір жаңа стандарттар,
стандарттарға түзетулер және интерпретациялар күшіне енген жоқ, сондықтан
осы қаржылық есептілікті жасау кезінде қолданылған жоқ. Стандарттар мен
интерпретациялардың деректерінің арасында төмендегілер Қор қызметіне
ықтимал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары және қағидаттары
Ақша – несие саясатының түрлері
Пәннің оқу - әдістемелік кешені "мемлекеттік қаржы"
Қазақстанның қаржы нарығы қалыптасу кезеңдері, қазіргі жағдайы және даму мәселелері
Ұлттық Банк мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзу мақсатында
Қаржы саясатын құқықтық ресімдеу
КОРПОРАТИВТІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК
Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы туралы
Экономикалық өсу процесіндегі мемлекеттің қаржы саясатының жағдайы
Бюджет және бюджет құрылысы
Пәндер