Бастауыш сынып оқушыларының техникалық шығармашалық қабілетін қалыптастыру


ТАҚЫРЫБЫ: БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШАЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
мазмұны
Кіріспе
1. Бастауыш сынып оқушыларының техникалық шығармашылық қабілетін дамытудың теориялық негіздері . . .
1. 1 Техникалық шығармашылығын қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері . . .
1. 2. Бастауыш сынып оқушыларын техникалық шығармашылық қабілетін қалыптастытыру педагогикалық міндет ретінде . . .
2. Бастауыш сынып оқушыларының техникалық-шығармашылық қабілетін қалыптастыру әдістемесі және мазмұны . . .
2. 1 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың техникалық шығармашылығын қалыптастыру жағдайы . . .
2. 2 Бастауыш сынып оқушыларының қазіргі жағдайда техникалық шығармашылық қабілетінің жағдайы . . .
2. 3 Бастауыш сынып оқушыларының техникалық шығармашылығын қалыптастыру тәжірибесі . . .
3. Қорытынды . . .
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
К і р і с п е
Зерттеудің өзектілігі бастауыш сынып оқушылары бойындағы техникалық мүмкіндіктердің дамуына өз уақытында бағыт-бағдар беру қажеттілігіне байланысты. Қазіргі таңдағы нақты жағдайларда болжам жасау, еркін таңдау, өз орнын анықтау сияқты компоненттерді күшейту негізінде әлеуметтік және заттық дүниедегі негізгі қатынастар өзгере түсуде. Қалыптасқан жағдайда бастауыш сынып оқушыларының қоршаған дүниедегі объективті құндылықтарға бағдарлануы, өткен және қазіргі оқиғаларға бағдарлануы, мүмкіндіктері мен қабілеттерін өз мерзімінде анықтап, кейінен белгілі бір шығармашылық түріне түзеуі күрделі мәселе болып табылады.
Мұның өзі өмірде жаңа педагогикалық ой тудырып, сұранысы мен тұлғаның өзін-өзі іске асыруына жауап бере алатын қошымша білім берудегі оқу-тәрбие үдерісін құруды талап етеді. Бағдарлау үдерісінің педагогикалық мән-жайы қоршаған ортаның шындығын ересек адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы өзін-өзі тануға, өскелең адамды қарастырады. Бұл бағытта ересектер балаларға мақсатты көмек беріп отырады. Бағдарлау үдерісі техникалық бағыттағы үйірмелерде тікелей шығармашылық қызмет барысында іске асырылады, техникалық шығармашылыққа бағдарлану үдерісі үйірмелердегі дәрістер шеңберімен шектеліп қалмайды, оған қазіргі ақпараттық техналогиялардың дамуы ықпал етеді.
Бір атап өтерлік жағдай, ғылымда бастауыш сынып оқушыларын техникалық шығармашылыққа бағдарлау мәселесін қою мен шешуін қажетті білімдер жиынтығы бар. Мұның өзі балалардың техникалық шығармашылығымен байланысты ғылыми әдістерде теориялық, тәжірибелік әдістемелерде көрініс тапты балалардың техникалық шығармашылық әдістемесі шығармашылық қызметке психологиялық талдау жасау негізінде Я. С. Виготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн әзірленді; теориялық турғыдан ресей психологиясы қабілеттер мен дарындылық саясында маңызды зерттеулерге ие Д. Б. Багоявленская, Н. С. Лейтис, Б. М. Теплов техникалық шығармашылықтың пайда болуы мен дамуының тарихи - педагогикалық тәжірибесі техникалық шығармашылықтың мазмұны мен бағыттары мәселелеріне бағдарлануға мүмкіндік береді. Елімізде психолог М. Мұқанов, Темірбеков, Балаубаев, Қ. Жарықбаев, Ә. Алдамұратовтың еңбектерінде көрсетілген. И. Н. Андрианов, И. И. Волков, В. А. Горский, А. Н. Журавлева, Д. М. Комский, Ю. С. Столяров бағдарлану үдерісі тұлғаның қоғам құндылықтарына қарай көтерілу үдерісі ретінде берілген: Т. К. Ахаян, А. В. Кирьяков, А. Н. Тряницына: бағдарлау әдісінің маңызы білім беру, кәсіп шығармашылыққа бағдарлаудың озық идеяларын талдау жолымен ашылады (З. И. Васильевва, Е. С. Заир-Бек, Е. И. Казакова: бағдарлау үдерісінің операциялық жаға ізденіс жүргізу, бағалау, таңдау және бейнелеу механизмдерінің келісімді әрекетімен қамтылады А. Е. Голомшток, Т. Н. Громова, А. И. Крьякова, С. А. Коваль, Р. Тидикас: техникалық шығармашылықтан балаға әсер етуінің эмоциялық жағын, қабылдаудың эмоциялылығын, қарым-қатынас саласындағы эмоциялық-адамгершілік қатынастарда - осы үдерістердің маңызын К. Д. Радина, Т. Рибо, А. П. Тряпицына ашып көрсетеді. Адамды әрекет жасауға жұмылдыратын білімін, көзқарастарға деген эмоциялық-құнды қатынастар Т. К. Ахаянның көзқарастары теориясында бейнеленген. Бағдарлау деңгейлерінің педагогикалық аспектілер Р. Б. Перри, Г. И. Щукина: мен бағдарлау үдерісіне қажет жағдайлар К. Ю. Бабанский, Э. А Галубева, А. Маслоу, Н. Ф. Талызина: анықталды педагогпен оқушының өзара қатынасының сипаты айқындалды З. И. Васильев, Н. Ф. Радионова, С. А. Расчетина: оқушылардың кәсіби бағдарлану тәжіриебесі зерттелінді А. Д. Сазонов, М. Н. Скаткин, Н. Д. Чернешенко. Бастауыш сыныпта балаларды еңбекке баулуды О. Сатқанов, Райымжанов, Оралбекова, С. Қаңтарбаевтың еңбектері бар. Жалпы мектептегі оқушылардың техникалық шығармашылығын қалыптастыру Қаламқалиевтің еңбегінде зерттелген.
Педагогика және психология ғылымында түрлі көзқарастардың тұрғысымен балалардың техникалық шығармашылығына арналған қажетті білімдер жетерлік, алайда бастауыш сынып оқушылары үшін қолданалынатын «техникалық шығармашылық» термині өте сирек кездеседі. Осы жас ерекшелігіндегі оқушылар үшін «бастапқы техникалық модельдеу» ұғымын қолдану қабылданған. Бұл ұғым бастауыш сынып оқушыларының техникалық шығармашылықтағы мазмұнына сәйкес келмейді. Бастауыш сынып оқушыларын түрлі техникалық шығармашылық бағыттарына тікелей бағдарлауға арналған нақты бағдарлама жоқ, дегенмен осы балалардың бойында кейіннен олардың өмір жолын анықтайтын жарқын әсерлермен барлық ғалымдардың негізі қалана бастайды. Бұл жаста бала әлі де болса ақпаратпен жеткілікті түрде үстемеленбейді, демек мұғалім, психолог және ата-аналар үйірмелердегі сыныптан тыс сабақтар арқылы баланың қабілеттері мен мүмкіндіктерін өз уақытында анықтай алады, қоршаған ортада әлеументтенуіне жол ашады. Мәселенің өзектілігі осы зерттеудің тақырыбын « Бастауыш сынып оқушыларының техникалық шығармашылығын қалыптастыру (еңбекке баулу үрдісінде) » деп анықтады.
Зерттеудің нысаны: Балалардың техникалық шығармашылық бағдарлану үиірмелері.
Зерттеу пәні : Техникалық бағыттарға балалардың үйірмелерінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылыққа бағдарлану үдерісі.
Зерттеудің мақсаты: техникалық бағыттағы үйірмелерде бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа бағдарлауда теориалық тұрғыдан негіздеу мен тәжірибе ретінде іске асыру.
Зерттеу міндеті:
- Балалардың техникалық шығармашылығы үйірмелерінің пайда болуы мен дамуына тарихи-педагогикалық сипаттама беру.
- Бастауыш сынып оқушыларының бастапқы техникалық шығармашылық үйірмелеріне қатысуға бағдарлау деңгейін анықтау.
- Бастапқы техникалық шығармашылық үйірмелері бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулитын жағдай құру.
Қойылған мінденттерді шешу үшін біздің тарапымыздан зерттеу әдістерінің кешендері пайдаланылды: филасофиялық, әлеуметтану және психалогия-педагогикалық әдебиетке, бағдарламалық-әдістемелік және құжаттарға, мектеп пен балалардың техникалық шығармашылық орталығы және қала көлемінде техникалық шығармашылыққа бағдарлаудың педагогикалық және әкімшілік тәжірибесіне теориялық тұрғыдан талдау жасау; бастауыш сынып оқушыларын техникалық шығармашылыққа бағдарлау бағдарламасын модельдеу; бағдарлау үдерісінің даму динамикасын реттеуге мүмкіндік беретін бақылау; сауалнама жүргізу, тестілеу, сұхбаттасу, байқау деректерін нақтылау үшін интервью алу; шығармашылық қызмет өнімдеріне талдау жасау; статистикалық өңдеу әдістері; монографиялық сипаттамалар әдісі.
Зерттеудің болжамы: біздер техникалық шығармашылық үйірмелері бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық қызметке бағдарлаудың бастапқы сатысы болып табылады деп қарастырамыз, ол үшін келесі түрдегі жағдайлар жасалуы қажет:
- бастауыш сынып оқушылары мен олардың ата-аналарынан сұрастыру, отандық және шетелдік педагогика ғылымы мен тәжірибесінің жетістіктерін ескеру арқылы құрастырылған білім бағдарламасынан болды.
- кезеңділіктің (ақпарат, бағалау, әрекет) бағдарлау үдерісінде сақталуы.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
-бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа бағдарлау үдерісін ұйымдастыру кезінде ғылыми негізделген ұсыныстар берілді:
- бастапқы техникалық шығармашылық арқылы бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа бағдарлау диагностикасы әзірленді.
- бастапқы техникалық шығармашылық үйірмелерінде бастауыш сынып оқушылары түрлі шығармашылық сабақтардың мазмұнын әзірлеу.
1. Бастауыш сынып оқушыларының техникалық шығармашылық қабілетін дамытудың теориялық негіздері
1. 1 Техникалық шығармашылығын қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері
Қазақстан Республикасының алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық міндеттерінің аса күрделілігіне қарамастан, оның егеменді мемелекет ретінде қалыптасуының сипаты, халықтың рухани, адамгершілік көзқарастары жастар арасындағы тәрбиеге байланысты. Ал, ұрпақ тәрбиесі Қазақстанда өтіп жатқан реформалар мен ғылыми-техникалық прогрестің алғы шарттарының бірі.
Бүгінгі кезеңде егемен елімізде жалпы орта білім беретін мектептегі тәрбие жұмысын қазіргі заман талабына сай ойдағыдай ұйымдастыру және демократияландыру мәселесі - жалпы, ұлттық, бүкіл халықтық, мемлекеттік деңгейде жұмыла көтеруді қажет ететін аса маңызды мәселе болып саналатыны белгілі жайт.
Ел президенті Н. Назарбаев “Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде” атты еңбегінде біздің елімізде оқушыларды дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру оларды оқытудың, тәрбиелеудің және жетілдіріп дамытудың бөлінбес бір бөлігі мектептегі бүкіл оқу жылдары бойында жүзеге асырса дұрыс болатындығын, ол оқушлар арасындағы сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында жүзеге асырылуы тиіс екендігін атап көрсетті. [1]
Техникалық шығармашылық мәселелерімен айналысқан ғалымдардың (П. Н. Андрианов, И. П. Волков, В. А. Горский, А. П. Журавлева, В. В. Колотилов, Ю. К. Столяров) еңбектерін зерттей отырып, біздер балалардың техникалық шығармашылығы - қызмет түрі болып табылады, оның нәтижесінде пайдалы әрі жаңашыл белгілерге ие нысандар құрылған деген пікірді қолдаймыз. Жаңалық бұл жағдайда объективті және субъективті болуы мүмкін, яғни тек баланың өзі үшін ғана жаңалық болады.
Ю. К. Столяровтың пікірінше «Техниналық шығармашылық дегеніміз - оқушыладың кәсіби бағдарының қызметтік құралы болып табылады, өйткені балалық және жасөспірім шақтағы қызығушылық кейіннен мақсатқа ұласып жатады»(188. 5б. ) .
Балалардың шығармашылығының дамуына түрлі тарихи кезеңдерде мән беріліп келді, бірақ ол негізінен түрлі балалар мекемесінде қол еңбегі болып келді.
«Еңбек тәрбиесі және политехникалық оқыту» анықтамаларында Ресейде қол еңбегі мектептерінде 1884 жылдан бастап енгізіле бастады. Еңбек оқушының алғашқы қалыптасу кезеңіндегі еңбекке оқытудың танымал педагог - насихатшылары Уно Цигнеус пен К. Ю. Цирулдің есімдерімен байланысты деп көрсетілді.
Олар балаларды еңбек заттарымен, олардың қасиеттерімен және құралдардың құрылымдарымен таныстыру қажеттілігін атап көрсетті, мұның өзі тиімді тынығуға мүмкіндік беретін білім, икемділік және дағдыларды береді. (180. б. 399) .
Біздің жүргізген зерттеуіміз барысында жалпы шығармашылық және балалардың техникалық шығармашылығы мәселесімен айналыстын ғалымдардың жұмыстары, сондай-ақ Ресейде балалардың техникалық шығармашылығымен байланысты материалдар мен құжаттар реттелді (П. Н. Андрианов, Б. Т. Журавлева, Н. С. Лейтис, Ю. С. Столяров) . Біз зерттеген жұмыстар балаларды техникалық шығармашылыққа өз уақытында бағдарлау қажеттілігін көрсетеді. Тарихи материалдарға жасалған талдаулардың көрсетуінше, балалардың техникалық шығармашылығының 80 жылдық тарихында оқушыларды техникалық шығармашылыққа бағдарлау әр түрлі болғанын көрсетеді.
«КСРО Халыққа білім беру ісі» құжаттар жинағының деректері бойынша, 20 жылдардың басында балалардың өмірінде алғашқы еңбек кітапшалары пайда болды, олар балалар үйлерінде құрала бастады. Осы үйірмелерде жас техниктер тұрмыстық сипаттағы заттарды жасай бастады, оларды жетілдіруге ұмтылды. Мұның өзі балалардың техникалық шығармашылығына бастау берді. (133б. 31) .
П. Н. Андрианов, В. А Горский, Ю. С. Столяров сияқты балалардың техникалық шығармашылығы саласындағы теориялар мен тәжірибелер ғалымдар балалардың техникалық шығармашылығын кезеңдеу мәселесімен көптеп айналысты. Осы ғалымдар тарапының бөліміне дәуірлер саны тым ұлғайтылып жіберілгендей болып көрінеді. (П. Н. Андрианов - 9 кезең, Ю. С. Столяров - 12 кезең) . Тарихи материалдар және құжаттармен танысу арқылы біздер Ресейде балалардың техникалық шығармашылығының қалыптасуы мен дамуын 4 кезеңге бөлуге мүмкіндік алдық. 1 кезең (1921 - 1941 жж. ) . Тарихи материалдар мен құжаттарды, атап айтқанда: үкімет қаулылары мен БЛКЖО ОК материалдарын зерттеу біздерге оқушылардың техникалық шығамашылыққа бағдарлануы дамуының бірқатар себептерін көрсетуге мүмкіндік берді:
- кеңес өкіметінің орнауы;
- елдің электірлендірілуі;
- өнеркәсіптің қарқынды дамуы;
- мектептен тыс білім беру жүйесінің пайда болуы;
- бағыттарды, формаларды, әдістерді іздестіру;
- оқушыларды техникалық шығамашылыққа баулу тәсілдерін іздестіру. 2 кезең (1941 - 1958 жж. ) . «КСРО Халыққа білім беру ісі» жинағында ұсынылған балалардан техникалық шығармашылығы бойынша материалдар мен құжаттарды зерттеу арқылы біздер 1945 - 1958 жылдар аралығын, яғни соғыс және соғыстан кейінгі мектептен тыс білім беру жүйесінің қалыптасу жолдарын ерекше кезең ретінде бөлу қажет деп санаймыз, өйткені бұл кезеңде техникалық шығармашылық мазмұнына өзгерістер енгізілді. 3 кезең - (1958 - 1990 жж. ) . Түрлі тарихи сәттердегі балалардың техникалық шығармашылығына зерттеу жөніндегі ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, біздер үшінші кезеңді 1958 - 1980 жылдар арасындағы кезең ретінде болу қажет деп шештік. Осы кезеңді бөліп көрсетуге мыналар негіз болып келеді:
- ғылым мен техниканың дамуындағы табыстар;
- мектептен тыс мекемелердің материалдық базасын нығайту; 4 кезең - (1990 жылдар мен қазіргі уақыт) . 90 жылдары жүргізілген В. А. Горьскийдің зерттеулері балалардың техникалық шығармашылығы қалыптасуының төртінші кезеңін балалардың техникалық шығармашылығындағы жұмыс бағыттарын, формаларын, әдістерін жетілдіру кезеңі ретінде көрсетуге мүмкіндік береді. Бөлінген кезеңдерге қысқаша сипаттама берейік.
Техникалық шығармашылықтың алғашқы қалыптасу кезеңі Ресейде өтіп жатқан тарихи оқиғалармен, атап айтсақ бүкіл елдің электрленуімен байланысты - бұл В. И. Ленин ұсынған алғашқы ғаламат міндет болып табылады. 1921 жылы Тула қаласында №37 теміржол мектебінде алғашқы электротехникалық үйірме жұмысын бастады, ол мектептің 20 оқушысын біріктірді. Жас электротехниктердің үйірмелері нағыз алғашқы техникалық үйірмелер болып, техникалық шығармашылық элементтері бар, балалардың техникалық өнерін ұйымдастыруға негіз болады (В. А. Горский) . Авиацияның дамуы, А. С. Попова, азаматтық соғыстың аяқталуымен, балалардың пионер ұйымының 1992 жылы құрылуымен байланысты тарихи оқиғалар - мұның өзі балалардың техникалық шығармашылығын дамытуға қуатты ынта әкелді.
1917 - 1973 жылдардағы «КСРО халыққа білім беру ісі» құжаттар жинағының көрсетуінше, 1929 жылы Халкомағарту жүйесінде Н. К. Крупскаяның басшылығымен мектептен тыс жұмыс жөніндегі кеңес ұйымдастырылды, ол жергілікті орындарды мектептен тыс мекемелердің қызметін үйлестіру және басқарумен, білім органдарына ұйымдастыру - әдістемелік көмек көрсетумен, озық тәжірибесін таратумен, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды мектептен тыс жұмысқа тартумен айналысты. (138. т. б. 5) .
Балалардың техникалық шығармашылығын дамытудың алғашқы сатысындағы жұмыстың негізгі формасы - үйірме болды. Сондай-ақ үйірмелермен қатар көрме, байқау түріндегі бұқаралық іс-шаралар сияқты жас техниктермен жұмыс істеу формалары таралды. Бүкілодақтық пионерлер слетінің жұмыс барысында оқушылардың бүкілодақтық техникалық шығармашылық көрмесі ашылды.
Балалардың техникалық шығармашылығы саласында электротехника, радиотехника және авиомоделизм жетекші бағыттар болды. Сондай-ақ енді балалардың техникалық шығармашылығының жаңа түрлері туындады. Конструкциялардың әзірленуі, қолдан автомабильдер құрастыру бастау алды. Оқушылардың мұндай түрдегі шығармашылық түрі эксперименттік - конструкторлық бағытты иеленді, өйткені оқушылар керемет машина үлгілерін жасай бастады.
20 жылдардың соңында балалардың техникалық шығармашылығында қызметтің бірнеше түрі бөлініп шықты.
- модель түрінде жай және таныс заттарды жасау: электр қоңыраулары, стол шамдары, трамвай модельдері. (Негізінде, бұл жұмыстар қоршаған орта заттарын зерттеу мен оны қайта жасауға байланысы жүргізілді) ;
- танымдық - зерттеу. (Оқушылар түрлі приборларды, электр моторларының схемалық модельдерін жасайды) ;
- өнертапқыштық (жас техниктер өз модельдерінен электрдің жаңаша қолданылуын табуға тырысады. Мәселен, электрлі автобустың және су троллейбусының моделі) .
- нәтижелі, қызықты, қиялдар туындайтын қолдан жасалған модельдерге сүйену (Ю. С. Столяров) . 70 жылдары жас техниктер автоматикамен, радиомен басқарылатын құралдар моделімен, ұшақ модельдеріне реактивті құрастырыла бастады (Д. М. Комский) . 1970 жылдардан бастап жаңа формалар пайда бола бастады - техникалық мамандықтарға балалар темір жолдарындағы, балалардың теңіз порттарындағы еңбек қызметіне балаларды тікелей тарту арқылы баулу, приборлар мен көрнекі оқу құралдарын жасауға ерекше зор көңіл бөлінді (В. А. Горский) .
Техникалық шығармашылықта олимпиада сияқты жұмыс формасы пайда болды (Ю. С. Столяров) . Техникалық шығармашылық үйірмелерінде сабақ өткізудің әдістемесін анықтау бойынша алғашқы маңызды қадамдар 1936 жылы орталық балалар техникалық станциясы өтінішімен жасалды. Осы мақсатта балалардың техникалық шығармашылығының тақырыбын әзірлеу мен жасауға қатысатын ғалымдар шақырылды. 1936 жылы желтоқсанда БЛКЖО ОК жас техниктердің үйірмелері бағдарламасы туралы мәселе бойынша жиын өткізді. Жиында алғаш рет жас техниктердің үйірмелеріне айқын жіктеме жасалды, үйірме жұмысын ұйымдастырудың жолдары педагогикалық тұрғыдан негізделді. Жас техниктердің жас ерекшеліктеріне жауап беретін әрі сатылы - бағдарламалап жұмыс мазмұнын қамтамасыз ететін үйірмелердің келесі үш негізгі түрі белгіленді:
- жаңадан бастаған оқушылардың үйірмелері;
- жоғары типтегі үйірмелер;
- еркін тақырыптағы үйірмелер.
Әр үйірме түріне керегі жеке бағдарлама жасау қажет деп танылды. Сабаққа бөлінген барлық уақыттың 75-80%-ын құрайтын тәжірибелік жұмыс барлық үйірмелердің негізін құрайды деп белгіленді. Үйірмелерде дәріс өткізудің әдістемесі эксперименттеудің техникалық сауаттылығы, модельдеуді әрлеу мәдениетін, ғылыми - техникалық әдебиетінен жұмыс істеуді қарастыруы тиіс (56. б. 46-49) . Әдістемелік қондырғылар үйірме жұмысының алдыңғы барлық тәжірибелерін талдау және қорғау негізінде жасалды. Кейіннен олар (әдістемелік қондырғылар) дамытылды әрі жетілдірілді, алайда қызметтің негізгі бағыттары көптеген жылдар бойына өз маңыздылығын сақтап келді.
Балалардың техникалық шығармашылығы мазмұнында көптеген қолөнер элементтері қалап қойды, мұнда барлық үйірме сабақтары жұмыстың қарапайым икемділіктері мен дағдылары меңгерілді. Мұның өзі техникалық шығармашылық үшін тым аз еді.
Балалардың техникалық шығармашылығының қарқыны мен қажеттілігінен біршама кейін қалып отырды, мұның өзі өз ісіндегі бағдарлылықтың ретсіздігімен, мектеппен байланыстың нашарлылығымен түсіндіріледі.
Мектепте еңбекке оқытуды алып тастау көптеген техникалық үйірме басшыларының бағыт - бағдарын бұзып, мектепте техникалық шығармашылық үйірмелерін ұйымдастырудың дұрыстығына күдік келтірді.
Соның салдарынан балалардың техникалық шығармашылығы сапалы жоғары деңгейге көтерілуін жалғастыра отырып, өзінің тақырыбын байытқанымен, сандық өсуін тоқтатты. Сабақтар пионерлер үйі мен балалардың техникалық станцияларында ғана өткізілді. Мұның өзі техникалық шығармашылықпен айналысатын оқушылардың санына әсер етті. 1937 жылы БЛКЖО ОК бастамасымен мектептен тыс мекемелер алдында «Жұмыста түбірлі жақсарту, орын алған кемшіліктерді жою, еңбекке тәрбиелеуді және техникаға қызығушылықты күшейту қажеттілігі туралы» мәселе қойылды. (172. т. 2. б. 143) .
1940 жылдың желтоқсанында Бүкілодақтық СЮТ директорларының, пионерлер сарайы мен үйлері техникалық бөлімдерінің мүшелері жиыны өтті. Жиында техникалық үйірмелер мен жас техниктер станцияларының қызметіне терең талдау жасалды, жақын арадағы мақсаттар мен міндеттер белгіленді. Жас техниктермен мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты мектептің маңызды міндеттерінің бірі - еңбек ете білетін, техниканы меңгерген адамдар тәрбиелеуге ықпал ету ретінде анықталды. Жас техниктердің жұмысын өзіне-өзі қызмет көрсету және оқушыларды болашақта тәжірибелі еңбекке дайындау талаптарына бағындыру қажет. Оқушылардың техникалық шығармашылығы еңбекке тәрбиелеу және еңбек дағдыларына бөліп беруі тиіс. Жиында еңбек дағдыларының қажетті минимумы әзірленді, ол жас техниктердің барлық үйірмелерінде меңгеру үшін ұсынылды. Қызмет жүргізу құқығын жойылып кетпеген қолөнер үйірмелері иеленді. Олардың рөлі оқушыларды училищелер мен еңбек резервтері жүйесіндегі мектептерге түсуге бастапқы дайындаудан көрінеді. Жалпы ортақ пайдаға негізделген еңбек ерекше маңызды тәрбие факторына айналды. Жас техниктердің ізденістік сипатына айналды. Жас техниктердің ізденістік сипатына көңіл бөлінеді (КПСС в резолюциях създов) (97. т. б. 147) . Зерттеу нәтижесінде біздің тарапымыздан мына жағдай белгіленді: Елімізде балалардың техникалық шығармашылығының алғашқы кезеңі - бұл оқушылардың техникалық шығармашылығындағы техникалық қызметтің негізгі түрлерін орнату кезеңі.
Материалдарды, құжаттар мен материалдарды зерттеу келесі түрдегі қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
- біріншіден - осы тарихи кезеңге балалардың техникалық шығармашылығының пайда болуы және қалыптасуымен байланысты өзгерістер тән. Пионер ұйымдары мен отрядтары негізінде техникалық шеберханалар мен үйірмелер ұйымдастырылуда. Клубтар, пионерлер үйлері құрылды, техникалық үйірмелерге басшылық жасау үшін қоғамдық қызметкерлер арасынан қамқоршылар пайда болды.
екіншіден - осы кезеңде балалардың техникалық шығармашылығының мазмұны мен формалары еңбекке оқыту жене техникалық әуесқойлық барысында дамытылды. Жаңа қоғамдық құрылыс ретінде туындаған және политехникалық білімнің бір формасы ретінде пайда болған осы бір әлеуметтік - педагогикалық құбылыс жас техниктер қозғалысын өзіндік бір жүйе ретінде құруға алғышарт болды. Мұнда балалардың техникалық станцияларын құру техникалық шығармашылықтың барынша айқын мазмұн мен формаға ие болуын мүмкін етті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz