Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін үйретудің мақсаты мен міндеттері, сабақты түсіндіру жолдары, әдістері, тыңдап түсіну ерекшеліктері



І КІРІСПЕ ... ... ... .3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Ағылшын тілін үйретудің мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... .6
2. Сабақты түсіндіру жолдары ... ... ... ... ...11
3. Тіл үйрету әдістері ... ... ... ... ..16
4. Тыңдап түсіну ерекшеліктері ... ... ... 22

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... .28
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ағылшын тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде ағылшын тілі сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлынғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән- мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.
Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару - біздің казіргі кездегі міндетіміз. Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді. Мектебімізде биылғы жылдан бастап 1 сыныптан ағылшын тілі оқытыла бастады. Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады.
1. Черемошкина Балалардың есте сақтауын дамыту 1996
2. Миншник. Л.М. Балаларды есте сақтауға үйретіңдер 1985
3. Баланың танымдық процесін дамыту В. Д. Щадрикова 1991
1. Мектеп психологиясына көмекші құрал. Мамашбаева, Н. Байтелиева, Момынова Қазақстан мектебі. 2006 ж. №4 «Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану тетіктері»
1. Верещагина И.Н.,Рогова Г.В. «Методика обучения английскому языку на начальном этапе в общеобразовательных учрежденях.»
2. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі .Алматы.“Мектеп”(1987ж)
3. Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері. 2008 ж. №5
4. Амандықова Г.Н,Мұхтарова Ш.Е, Баймұқанова Б.С «Шет тілін оқыту әдістемесі»
5. www.wikipedia сайты
6. Старков А.П. Диксон Р.Р. Остроковская О. Учебник для 7 класса средней школы Книга для учителя к учебнику 7 класса.
7. Қазақстан мектептерінде ағылшын тілін үйрету журналы. – Алматы:
8. Овчарова Р.В. Практическая психология в начальной школе.- М.:ТЦ Сфера, 2002.
9. Ковдикова Ж. У «Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясына сәйкес өтетін сабақтардың үлгісі »Бастауыш мектеп №9,2003
10. Қараев Ж.А “Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы’ 1994
11. English. Play and Learn.№7\2006
12. Scrivener J. Learning Teaching. A. Guidebook for English Language teachers, 2-nd.ed. – Macmillan Education, 2005. – 431p.
13. Aitken R. Teaching Tenses. – ELB, 2002.
14. Carter Ronald, Hughes Rebecca, McCarthy Michael Exploring Grammar in Context. – Cambridge University Press, 2000.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҮРКІСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін үйретудің мақсаты мен
міндеттері, сабақты түсіндіру жолдары, әдістері, тыңдап түсіну
ерекшеліктері

Қабылдаған:________________
Орындаған:_________________
Тобы: ________________

Түркістан – 2012 ж.

ЖОСПАР

І
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Ағылшын тілін үйретудің мақсаты мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... 6
2. Сабақты түсіндіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 1

3. Тіл үйрету
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 16
4. Тыңдап түсіну
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...22

ІІІ
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 28
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..30

КІРІСПЕ

Ағылшын тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға
мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса
маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының
сапалық өзгерістері адамның практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде
ағылшын тілі сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология
бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып
табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлынғыр болмайды дегендей, жас
ұрпаққа саналы, мән- мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің
талабы.

Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта
ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-
қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып
шығару - біздің казіргі кездегі міндетіміз. Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-
жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасының
тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін
жетік меңгертуді талап етеді. Мектебімізде биылғы жылдан бастап 1 сыныптан
ағылшын тілі оқытыла бастады. Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты –
оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі
болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті
даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік
береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл
ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге
қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу – уақыт талабы.

Осыған байланысты мектеп мұғалімдері 1-4 сыныптарға арнап авторлық
бағдарлама жасады.
Бағдарламаның мақсаты: оқушыларды әр түрлі соңғы әдістемелер арқылы
еркін де сенімді сөйлеуге үйрету, коммуникативті тәсіл арқылы алған білімін
өз ортасында, қоғамдық орында қолдануға дағдыландырып, білім деңгейін
тереңдету, ағылшын және қазақ елдері туралы ауқымды мағлұмат беру,
таныстыру.
Міндеттері:
-Оқушының бойына тілдерге деген қызығушылығын, оны үйренуге
құштарлығын сіңіру;
-жеке тұлғаның заман талабына сай өмірге икемделуіне бағыттау және оның
басқа елдің тілін, мәдениетін, тарихын және әдет-ғұрпын танып білуіне ықпал
ету;
- Оқушының сезімтал, шығармашыл, әлеуметтік, танымдық және тілдік
қабілеттерінің дамуына жағдай жасай отырып, оның жалпы дамуына едәуір үлес
қосу;
-бастауыш сынып оқушыларын шетелдік құрдастар әлемімен, әндермен,
тақпақтармен, оқулық және ертегі кейіпкерлерімен таныстыра отырып, тілді
тез меңгеруге және өздерін еркін сезінуге көмек тигізу.
Оқыту барысында тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу дағдылары біртіндеп дамиды.
Тыңдауға үйрету мүмкіндігінше барлық сабақтарда жүреді, оқушы мұғалімнің,
достарының айтқанын тыңдап түсіне алады. Сөйлеу көбіне жұптық, топтық
жұмыстар кезінде іске асады.
Бағдарлама бойынша 1 сыныпта ауызша кіріспе курсы жүреді, оған ең
негізгі деген тақырыптар таңдалып алынды. Мысалы: Жанұя, түр-түс, 1-10
дейінгі сан, жануарлар, ауа-райы, спорт, дене мүшелері ең жиі кезігетін
етістіктер, модалды етістік, болу бар болу етістіктерін қолдану. Ал 2
сыныптың бірінші жарты жылдығында өткен сынып материалдарын қайталау болып
табылса, екінші жарты жылдықта әріптерді танып, жазуға үйренеді, сөздік
қорын кеңейтеді. Келесі сыныптарда тақырып ауқымы кеңіп, граматикалық
материалдар қосылып білім аумағы кеңейе береді.
Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың қызығушылығын ояту -басты мәселе.
Шетел тілін меңгеруде көп қиыншылықтар кездеседі. Бұл қиыншылықтарды жеңу
үшін пәнге деген ынтасын әуестігін арттыру керек.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Ағылшын тілін үйретудің мақсаттары мен міндеттері
Жаңа заманның озық ойлы, терең мінезді, тәрбиелі жастарын қалыптастыру
мектептегі тәрбиешілердің басты міндеті. Мұғалім жеке тұлғамен тікелей
байланысты жүзеге асыра отырып, жұмысының негізі бағыттары мен жұмыс
бөліктерін дұрыс та сапалы ұйымдастыра алуы қажет.
Ойындар, тесттер арқылы балалардың мектепке дайындығын, таным
процестерінің даму деңгейін, ақыл-ой қабілеттерінің жетілу барысын
анықтауға болады.
Керн-Йирасектің мектепке дайындығын анықтайтын тесті баланы жан-жақты
зерттеуге мүмкіндік береді.
-          Диагностикалық тапсырмалар қысқа мерзімді уақытта жүзеге
асатындықтан бірнеше оқушының бірігіп орындауына ыңғайлы.
-          Гудинаф – Хрисстің тесті, Ганс-Айзенктің сөздік тестін
пайдалану баланың ақыл ойын анықтауға және логикалық, эвристикалық ойлау,
қиял процестерін дамытуға тиімді.
Кімге не жетпейді? бұл әдістеме баланың 5-6 жас аралығындағы ойлау
деңгейінің психодиагностикасын жасауға арналған. Бұл әдістемеге кірген
тапсырманы бастамас бұрын балаға сурет көрсетіледі. Және бұл суретте әр
балаға бір нәрсе жетіспейтіні айтылады. Ал жетіспеген зат астыңғы жақтағы
суреттерде көрсетілген. Баланың басты тапсырмасы, тез арада кім не
жетпейтінін табу.
Он сөз әдісі. Ерікті есте сақтау процесін зерттеу кезінде Он сөз
деген әдісті қолдануға болады. Берілген сөздер зейіннің қасиеттерін,
тұрақтылығын және шоғырлануын зерттеуге бағытталады. Бұл әдісті балалар мен
жұмыста қолдану мұғалімге баланың белгілі бір іс-әрекетке бағыттаушылығының
қасиеті туралы қосымша ақпарат береді. Зерттеуді жүргізу үшін мағынасы
жағынан байланыспайтын он сөз керек болады. Сараптаманы толық тыныштықта
өткізген дұрыс. Сараптаманың алдында түсінік беріп кету керек: Қазір мен
сенің сөздерді есіңде қалай сақтайтыныңды білгім келеді? Мен саған сөздер
айтамын, ал сен зейініңді қойып тыңда және оларды есте сақтауға тырыс. Мен
барлық сөздерді айтып болған соң сен оны қайталайсың. Есте сақтағандарыңды
қандай ретпен босада айтуға тырыс
Орташа есеппен алғанда тәжірибе 5-7 минут уақытты алу керек. Бірінші
тәжірибеде   қабылдау 5-6сөз, бесінші тәжірибеде 8-10 сөз есте қалу керек.
Бір нәрсенің суретін сал әдісі. Балаға қағаз, түрлі-түсті қарындаштар
беріп және ойланып ерекше бір нәрсенің суретін салуды ұсынады. Тапсырманы
орындауға 4 минут беріледі. Баланы бағалау бала қиялының ерекшелігімен
қорытындылады.
Балаларға дыбыстарды дұрыс айтуды үйрету.
Бала оқуды бастағанға дейін оның дыбыстарды дұрыс айтуын қадағалау
қажет.
Бір дыбысты басқа дыбыстар мен алмастырмаын қадағалау қажет. (мысалы:
қарбыз-қалбыз, т.б)
Балаға айтуы қиын әріп дыбыс сөздің басында, ортасында, аяғында
орналасуы қажет.
С- сағат, мысық, тас
Р – рахат, қара, қар
Ж – жаз, Маржан, тәж
Ш – шана, алша, шаш
Есте сақтау қабілетін зерттеу.
Есте сақтау қабілетін зерттеу үшін Шатастырғыш әдістемесін қолдануға
болады. Ондай суреттерді С.Д. Забрамныйдың Қабілеті нашар балаларды арнайы
мектепке беру деген әдістемелік кітапшасынан алуға болады. Мұғалім суретті
балаға әншейін бергендей Сен мына суретті бос отырғанша көре тұр, ал мен
жұмысқа дайындалып алайын деп береді. Бала суретті алады. Мұғалім өз
жұмысын істейді. Балаға назар аудармайды. 30 секундтан кейін суретті алып
баланың пікірін сұрайды. Егер ол бала үндемей отырса, 15 секундтан кейін
сұрақ қоя бастайды: саған сурет ұнада ма?, саған не ұнады?, ненің суреті
бар?, тағы да не көрдің? Сурет қызық па? Неге қызық?
Бұл жерде бірнәрселердің орны ауысқан сияқты? Егер де бала бұл суретті
шатасқан екенін бірден біліп өз пікірін айтса онда сұрақтар қоймайсыз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың еркіндігін бағалау.
Үлгі мен ереже әдісі (А.Л. Венгер) берілген тапсырмаларды жан-жағына
қарамай, өз бетінше орындай алуы зерттелінеді. Мұның қорытындысы 5 жасар
баланың көруін ой-пікірін деңгейлеп дамытады.
Бұл әдісті зерттеу үшін кітапшалар тапсырмасымен қажет. Ол кітапқа бала
туралы және зерттеу мерзімі жазылады. Балаларға кітапшалар таратылады:
сендердің барлығында осындай кітапша бар. Осы кітапшада нүктелер тұр. Осы
нүктелерді қоссаңдар үшбүрыш шығады, мына мысалға көз аударыңдар деп ,
мысалды көрсетеді. Жанында тағы нүктелер бар енді қараңдар нүктелер бірдей
ме? (нүктелер әр түрлі. Бірдей нүктелерді қосуға болмайды, тек әр түрлі
нүктелерді қосасыңдар)
Қазіргі кезде бастауыш білім беру саласында оқытудың жаңа
технологияларын тәжірибеде қолдану 12 жылдық оқытудың негізгі бағыты болып
отыр. Баланың айналаны өз бетімен танып білуге деген табиғи ұмтылысы
негізінде құрылған оқытудағы зерттеу тәсілін пайдалану ерекше орын алады.
Зерттеуге оқытудың басты мақсаты – адамзат мәдениетінің кез келген
саласындағы іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін баланың өз бетімен,
шығармашылықпен меңгеру қабілеті мен дайындығын қалыптастыру.
Балаларды оқытуда зерттеу тәсілін қолданудың қажеттілігі бала
болмысының білмекке құмарлығымен, оның қоршаған дүниені зерделеуге деген
қызығушылығы мен түсіндіріледі.
Оқушылардың өзіндік зерттеулері, олардың жеке қажеттіліктері мен
сұраныстарын қанағаттандыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, өзіндік
зерттеулер интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерді, ойлау және
зерттеу біліктерін дамытуға мүмкінлік береді. Өзіндік зерттеулердің
көмегімен оқушылар қоршаған дүниені тани келе, өздері үшін жаңа білімдерді
Дайын күйде алмай өз бетінше ашады.
Сонымен қатар, балаларға білім беруде тұлғаға бағдарланған тәсілді іске
асыруда тиімді бағыттардың бірі болып табылады. Бұл бағыт тұлғаны
қалыптастыру мен оның қазіргі заманғы серпінді қоғамға бейімделу
мүмкіндіктерін арттыруды, баланы өнімді дамуды көздейді.
Жеке тұлғалық қасиеттерге бағдарланған оқыту – проблемалы бағытқа және
шығармашылық сипатқа ие. Оның басты бағдары – білім беру, жаңа дүниені ашу
мен іздеу арқылы білімді практикада қолдану: баланың жалпы және арнайы
қабілеттерін дамыту, білім, біліктерді меңгеру мүмкіндіктерімен оларды
қолдану тілектерін ескеру.
Оқу процесінде ойын технологиясын қолдану – оқушының оқудағы танымдық
іс-әрекетін және қалыпсыз жағдайларда өз білімін қолдануға мүмкіндік
береді. Ойын технологиясы арқылы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартында мәлімдеген құзіреттіліктерді оқушы бойында қалыптастыру
міндеттерін шешеді.
Жоғарыда жіктелген барлық технологияларды дұрыс орынды шеберлік пен
қолдана білсе, үлкен нәтижеге жетуге болады және жоғары дидактикалық
жетістіктерді байқауға болады.

2. Сабақты түсіндіру жолдадары
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім –біліктілік, танымдық,
коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың
маңызы зор. Ойын – ақыл-ой мен сезім күшін талап ететін ерекше
ұйымдастырылатын сабақтар. Ойын әрқашан шешім қабылдауды ұсынады – қалай
істеу, не айту, қалай ұту қажет? Осы мәселелерді шешу тілегі ойнаушылардың
ойлау әрекетін арттырады. Ал егер оқушы сонымен қатар шетел тілінде
сөйлесе, ол оқытудың бай мүмкіндігін ашады. Балалар ол туралы ойланбайды.
Ойын олар үшін ең бастысы – еліктіргіш сабақ. Сонысымен ол оқытушыларды,
соның ішінде шет тілдер оқытушыларын қызықтырады. Ойын кезінде барлығы тең.
Ол тіпті нашар оқушылардың да қолынан келеді.Тіпті тіл даярлығынан нашар
оқушы ойында бастаушы болуы да мүмкін: кей кезде бұл жердегі тапқыштық пен
түсінгіштік пәнді білуден де маңызды болады. Теңдік сезімі, қуаныш
атмосферасы, тапсырманың қолынан келетіндігін сезіну – сөзінде басқа тіл
сөздерін еркін қолдануға бөгет жасайтын балалардың ұялшақтық сезімін жеңуге
мүмкіндік береді және оқыту нәтижесіне жағымды әсерін тигізеді. Байқаусыз
тіл материалы меңгеріледі – мен басқаларымен бірдей сөйлесе алады екенмін
деген ой оқушы жадына келеді.
Сонымен бірге ойынды оған тән белгілермен – сөйлеу ықпалының
мақсаттылығымен, күтпегендігімен, әсерлілігімен шынайы сөйлеу арқылы
араласуға барынша жақындатылған сөйлеу үлгісінің көп қайталанатын пысықтауы
үшін мүмкіндік туатын жағдайдағы түрлі-жағдайлы жаттығу ретінде қаралады.
Ойындар маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік
туғызады:
1. Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын
жасауға;
2. Олардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті
қамтамасыз етуге;
3. Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын
оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтыруға.
Міндеттері:
1. Ойын әдістемелерін ағылшын тілі сабағында жасөспірімдердің танымдық
белсенділігіне ынталандыру құралдары ретінде пайдалану проблемалары
жөніндегі әдебиетті зерделеуге.
2. Ойын әдістемелерін топтастыруға әртүрлі көзқарастарды талдауға.
3.Жасөспірімдердің ағылшын тілін үйренудегі ойын әдістемелерін
пайдалану ерекшеліктерін атап көрсетуге. Сабақ үрдісінде оқушыларға
ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды
рөл атқарады. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың, пәнге деген қызығуын
арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның
жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта
білуге жаттығады. Жақсы құрастырылған және де үздік әдіспен ұйымдастырылған
ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан оқыту тәсілі болып
табылады. Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
1.Ойынның мақсаты нақты болуы керек.
2.Ойын тәртібі әбден түсіндірілуі керек
3.Көрнекіліктер мен материалдар алдын ала таныс болуы керек
4.Оқушылар түгел қамтылуы тиіс. Дұрыс шешім қабылдауға дайын болу
керек.
Оқытушы ойынның жүру барысында оқушылардың түгел қатысуын қадағалаумен
қатар оларды ойын үстінде дұрыс шешім қабылдай білуге жетелеуі маңызды
болып табылады. Жеке тұлғаны қалыптастыру үстінде оқушы қабілетін
зерттеудің тиімділігін де пайдаланған абзал. Біздің мақсатымыз –ақыл –ойын,
сезімін, білімін, құзыреттілігін еркін үйлесімділікте ұстай білетін,
өнегелі мінез қалыптастырып, адамгершілік қағидаларды меңгерген тұлға
тәрбиелеу. Бұл ретте білім мен тәрбиені ұштастыра отырып оқушылардың
бойында өзіне сын тұрғысында қарау түсінігін қалыптастыруға күш салуымыз
қажет. Ол үшін әңгіме, пікірталас, және басқа әдіс –тәсілдерді, сондай –ақ
ролдік, іскерлік ойындарды енгізіп отырған жөн.
Ағылшын тілін үйрету барысында музыканың ықпалы зор. Ән тілідік қарым-
қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестері құралып оқушының
сөздік қорының көбеюіне ықпал етеді. Ән, өлең тыңдау кезінде таныс лексика
оқушы есінде тез жатталады. Шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы
дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, сөйлемге дұрыс екпін қояды. Әнмен жұмыс
барысында оқушының көңіл күйі көтеріліп, тілге деген қызығушылығы арта
түседі.Сабақ барысындағы әндер мұқият жас ерекшелігі ескеріліп таңдап
алынуы керек. Сонымен қатар электронды оқулықтардың пайдасы өте зор.
Сабақта электронды оқулықтарды пайдалану арқылы оқушының шығармашылық
қабілетін арттыруға, ізденісін ұлғайтуға, танымдық көзқарасын
қалыптастыруға, өзіндік жұмыстарды тез орындауға машықтануына негіз
қаланады.
Электрондық оқулықта тәжірибелер мен басты кейіпкерлердің өмірі,
анықтамалық сөздік, әр тарау бойынша тестік сұрақтар бар. Бұл мәлімет
оқушылардың өзіндік ізденісін тудырады және осы бағытта жұмыс істеуге
дағдыландырады.
Қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқу-тәрбие
үрдісінің барлық деңгейінде пәнаралық байланыстарды тереңдетуге мүмкіндік
туады. Бұл оқушының ақпаратты, қоғам жағдайында ойлау қабілетін арттыра
түседі. Осындай бағыттағы білім оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілікке,
достық пен ынтымаққа баулиды.
Оқушылдарының оқу-танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыра отырып,
танымдық іс-әрекет белсенділіктерін арттыру үшін, көрнекі құралдар,
техникалық құралдарды жиі пайдалану қажет.
Мұнда оқушыда кез-келген ақпаратты алғаннан кейін немесе мәтінді
алғаннан кейін сол мәліметке қатысты өзіндік көзқарас туындайды. Яғни,
адамның ішкі жан дүниесінде сезімдік, эмоционалдық із қалдырады, сол
себепті мұғалім берілетін ақпараттарға жағымды қатынас туындатып, білімнің
негізін қалайды.
Бастауыш сынып барлық білімнің қалануының негізі.Бастауыш сынып
оқушыларына нені үйретсең соны санасына сіңіретін нағыз қабылдау жасында
болғандықтан, мейлі қандай тіл болмасын өте тез игеріп алуға болады.3
тұғырлы тілді алға ұстаған қазіргі кезде біздің мектебімізде ағылшын тілі
бірінші және үшінші сыныптан бастап өтуді негіз етіп отыр. Балдырғандарымыз
тіл жағындағы қадамын нық басса, алдағы болашақта нұрлы жолға қадам
тастауына негіз қаланар еді. Бастауыш сынып оқушыларының тілі толық дамып
жетілмегендіктен әрине, ағылшын тілі басында қиынырақ сезлігенімен, соңына
келе біртіндеп қалыптасып, жаттық әрі әдемі ағылшын тілін сөйлеуіне болады.
Бастауыш сынып оқушлары ауыр сабақ жүгін алып жүре алмайтындықтан біз
балаларды ағылшын тілінен жалқпауы үшін көбінесе жаңаша үйретіу
тәсілдерімен тәрбиелеуіміз қажет. Елдің болашағы келешек ұрпақтың қолында,
яғни олар мұратты, мөралды, тәртіпті болумен қатар мықты білім иесі болуы
тиіс. Бұнымен қоса дүниенің қай бұрышында болмасын өзін алып шығатын
қабілетке ие болулары керек емеспе? Бұған қазіргі заманда дүние жүзінің
ортақ тіліне айналған ағылшын тілінің қатысы қалай болмасын.

3. Тіл үйрету әдістері
Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдинеттілік
жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті
түлға қалыптастыру – өзекті мәселелердің бірі.Еліміздің Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ
сессиясында сөйлеген сөзінде: Біз алдағы уақытта осы алған бағытымыздан
таймай әлемдік биіктерді бағындыра беретін боламыз. Сондай биік белестердің
бірі – Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына
кіруі. Ол мақсатқа жету үшін, ең алдымен, әрбір қазақстандық бәсекеге
қабілетті болу керек деген болатын. Сонымен қатар осы мақсатқа жету
жолдарымен де таныстырып өтті. Тіл мәселесін сөзге тиек ете отырып,
Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді біліп,
қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты. Сонымен
қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы
қабылеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата-
аналарды балаларын үш тілде оқытуға шақырды.
Шәкірттер қазақ тілін толық әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі мен
ағылшын тілін еркін білу қажет. Ал ғалымдардың зерттеуінше, бала жас
кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Осы ретте Білім және Ғылым
министірлігінің ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап үйретуге назар
аударуы – дұрыс талап. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік
әрі мықты болмақ. Ал осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға
ұялататын әрине мұғалім.
Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын
жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерды, жаңа
технологиялар мен әдістерді барынша қолдануда.
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау
үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын
тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке
келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын
дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты
нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді
білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін
сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-
ой жұмыстары тәсілге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетел тілін оқыту әдістемесін меңгеру
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ТИІМДІ ОРЫНДАУ ТӘСІЛДЕРІ
Бастауыш сыныпта ағылшын тілінен оқуға үйрету жолдары
Ортаңғы сыныптарға тыңдап түсінуді үйрету
«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы»
Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды ауызша сөйлеуге үйретудің жолдары
Ауызша сөзге үйрету
Ауызша сөз түрлері
Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және ерекшеліктері
Бастауыш білім деңгейіне арналған шет тілін оқыту
Пәндер