Буддизмнің пайда болуы



1 Будда өмірінің аңыздық түрі
2 Діннің пайда болуы.
3 Қасиетті кітаптары.
4 Буддизмнің негізгі ұғымдары.
Буддизмді қарастырғанда оның негізін салушы Будданың тұлғасы басты ұстын ретінде алынады. Будданың аңыздық және тарихи өмірі бар екендігі белгілі. Қазіргі ғылым оның өмір жолының қайсысы шын немесе жалған екендігін дәл айта алмайды. Будда туралы әңгімелер мен жазбалар б.д бірінші ғасырына дейін пайда болған. Джатаки аталатын бұл халық аңыз әңгімелері қазірде халық арасында өте танымал және діннің қасиетті жазбалары ретінде саналады.
Будда өмірінің аңыздық түрі: болашақ Будда 550 рет қайта туылған және әр туылғанда жаңа бейнеде - патшадан егеуқұйрыққа дейін (83 рет әулие;58 рет патша; 24 рет монах; 12 рет тауық; 18 рет маймыл; 13
рет саудагер; 8 рет қаз; 6 рет піл, сонымен қатар балық, ұста, құрбақа, қоян және т.6) түрлі бейнеде келген. Бұл тізім сансара (қайта туылу тізбегі) заңы бойынша әрбір адамға мүмкіндік берілетінің, тіпті Будданың өзіде бұл заңнан аса алмайтындығын көрсетеді. Аңызда құдайлардың "Бақыт мекенінде" жиылып, енді Будданың адам болып туылуына уакыты келді, адамдарға ақикатты көрсетсін- деп шешкендігі айтылады.Сөйтіп Будда патша отбасында дүниеге келеді. Одан кейінгі өмірі аңыздық және
нақты тарихи тұрғыда аралас беріледі.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Буддизмнің пайда болуы.
Буддизмді қарастырғанда оның негізін салушы Будданың тұлғасы басты ұстын ретінде алынады. Будданың аңыздық және тарихи өмірі бар екендігі белгілі. Қазіргі ғылым оның өмір жолының қайсысы шын немесе жалған екендігін дәл айта алмайды. Будда туралы әңгімелер мен жазбалар б.д бірінші ғасырына дейін пайда болған. Джатаки аталатын бұл халық аңыз әңгімелері қазірде халық арасында өте танымал және діннің қасиетті жазбалары ретінде саналады.
Будда өмірінің аңыздық түрі: болашақ Будда 550 рет қайта туылған және әр туылғанда жаңа бейнеде - патшадан егеуқұйрыққа дейін (83 рет әулие;58 рет патша; 24 рет монах; 12 рет тауық; 18 рет маймыл; 13
рет саудагер; 8 рет қаз; 6 рет піл, сонымен қатар балық, ұста, құрбақа, қоян және т.6) түрлі бейнеде келген. Бұл тізім сансара (қайта туылу тізбегі) заңы бойынша әрбір адамға мүмкіндік берілетінің, тіпті Будданың өзіде бұл заңнан аса алмайтындығын көрсетеді. Аңызда құдайлардың "Бақыт мекенінде" жиылып, енді Будданың адам болып туылуына уакыты келді, адамдарға ақикатты көрсетсін- деп шешкендігі айтылады.Сөйтіп Будда патша отбасында дүниеге келеді. Одан кейінгі өмірі аңыздық және
нақты тарихи тұрғыда аралас беріледі.
Будданың тарихи бейнесі: Будданың өмірі жайлы нақты деректер мардымсыз, оны б.д.д VII-ҮІғғ өмір сүрген деп жорамалдайды. Ол тарихта бірнеше есіммен белгілі: Сидхаратха Гаутама Шакьямуни (Сидхаратха есімі-мақсатқа жеткен; Гаутама шыққан I руының аты; Шакьямуни-шакья тайпасынан шыққан данышпан) және Будда (санскрит тілінде-ақиқатты таныған, көкірек көзі ашылған орыс.просветленный).
1956 жылы мамыр айында әлем буддашылары Будданың қайтыс болғанының 2500 жылдығып атап өтті.Оның (80 жыл) б.д.д 624-544ж.ж өмір сүргендігі айтылады,ал басқа деректерде 566-486ж.ж деп көрсетеді.
Сидхаратха Гаутама солтүстік Үндістандағы Шакья патшалығының билеушісінің отбасында дүниеге келген.Анасы ол туылғаннан жеті күннен кейін қайтыс болып, оны әпкесі асырайды. Патша әкесі ұлынынан еш нәрсе аямай, оған арнап жыл мезгілдеріне сай үш сарайда салдыртады. Әкесінің бұйрығымен оның көңілін тұсіретін жамандық атаулы көрсетілмеген, сөйтіп ол қам қатерсіз тіршілік етеді. Ханзада өзінің алғырлығы және білімімен үстаздарынан асып түседі. Уақыты келгенде үйленіп, балалы болады.
Ол қарт адамды, науқасты, өлікті және тақуаны кездестіріп кызметшісінен адамның дәрменсіздігінің себебін сұрап, өмірде қартаюдың, өлімнің, қасіреттің бар екендігін білді, тақуаның сөздсрі одан бетер ойға қалдыртады. Ақырында ол адамзатты қасіреттерден құтқарудың амалын іздеп дүниені тәрк етіп тақуалық жолына түседі. Бұл кезде ол жиырма тоғыз жаста еді.
Діннің пайда болуы.
Алғашында екі данышпанға шәкірт болып, олардан сансара, карма заңдарын және дүниенің елес екендігі ілімін үйренеді, бірақ сондада ақиқатқа жете алмайды. Енді ол орманға кетіп, алты жыл төнін азапқа салады, бірақ жоғарғы акиқатты таба алмайды.Сонда ол тені мен жанын азапқа салу арқылы ақиқатқа жете алмаитындығын түсінеді. Найраджуна озеніне шомылып, тамактанып, қуат жинап, бақыт ағашының түбіне отырады, өзіне бұл жерден ақиқатты танығанға дейін тұрмауға уәде етте. Тұңғыйық ойтолғауға шомып өзінің қайта туылуларын еске алады, соңында көкірек козі ашылып ақиқатқа жетеді. Осылай Сидхаратха Гаутама "Будда" (акикатты таныған, көкірек көзі ашылған) болды.

Түбінде тағы біраз күндерін өткізеді. Кейін"бодхи"(таным аңызы) буддашылардың қасиетті саналды. Содан кейін Будда қасына алғашкы күндерден еріп жүрген бec монахын алып ақикатты жұртқа тағыздау үшін жолға шығады. Бенарес қаласының маңында Бұғылар бағы деген жерде алғащқы тағызын айтады. Осы уағызында ол дүниенің мәні мен құтылудың жолы туралы өз ілімін тұжырымдайды. Оның қасында болған бес тақуа жаңадан құрылган монахтық қауымның (сангхи) алғашкы мүшелері болады. Будда 40 жыл бойы ел аралап уағыз айтумен жүрді. Аңыздарда оған шәкірт болуға бай және кедей адамдардың келгендігі айтылады. Сексен жасында Кушинагар каласына барар жолда ауырып, бау ішіне жатты, арыстанның жатысы мыңдаған шәкірттері мен қарапайым адамдар, ол не айтады екен деп аңтарылып қарап тұрады. Ол барлық нәрсенін соңы келеді-деп, сосын демі үзіліп "нирванаға" кетеді. Кейінгі әуерлерде Будданың өлер алдындағы арыстан жатысы буддизм еркениеті елдерінде мусіндердің, кескінінің үлгісі болды.
Будданың денесін көне үнді рәсімі боиынша өртеп жібереді, күлін шәкірттері бөліп алады. Оның күлін сегіз жерге көмеді (күлін сегіз адам алған), үстіне күмбез секілді ғимарат (ступа) салады.
Қасиетті кітаптары.
Будданың ілімі ұрпақтан ұрпаққа ауызша беріліп, бірнеше жүз жылдан кейін қасиетгі кітаптар Трипитика (үш қоржын) алғашқы рет Цейлонда пали тілінде, ал санскрит тіліндегі нұскасы Үндістан жазылды. Қазіргі кезде бұл жазбаның бірнеше тілдердс аудармасы бар. 1871 жылы Бирмада әлемнің әр түкпірінен 2400 дінданалар жиылып, қасиетті жазбалардың түрлі шекары мен мәтіндерін сақталып бірыңғай мәтінің жасады, мәтіндерді 729 мәрмер тастарға қашап жазып, әрбір мәрмәр тасты арнайы салынған храмға орналастырды,. Осылай бұл елде қала кітапханасы Кутодо бой көтерді, бұл жер әле буддашыларының қасиетті мекені.
Қасиетті кітабы Трипигака үш бөліктен тұрады: І.Винайа питака жарғы қоржыны. 2.Сутта питака өсиеттер З.Абхидхамма питака-шынайы білім.
І.Винайа питака-рәсім, ғұрып, салтанаттар, жүріс тұрыс ережелері және т.б. қамтылған.
2.Сутта питака-бес жинақтан тұрады. Будда мен оның шәкірттерінің
өсиеттері, түсініктемелер және поэмалардан тұрады. Бұл тараудағы маңызды шығармасы Дхаммапада (ілімнің түсіндірілуі) 423 қысқа нақылдарды (сутра). Дхаммапада матіні кейбір елдерде мектептерде оқытылады.

З.Абхидхамма питака-адам және әлем туралы философиялық ойтолушылар

Сенім ілімі.
Буддизмнің сенім негіздері "төрт қасиетті акиқат" ілімінде ашық көрсетілген. Бұл төрт ақиқаттың Будданың өзі танып біліп шәкірттеріне үйреткен.
І.Бірінші ақиқат: өмірдің мәні қасірет. Адамның өмірінің барлық кезеңдері туылуы, есеюі, қартаюы, өлуі-барлығы қасірет. Жағымсыз нәрсемен бірге болу, көнілдегі қалаған нәрседен ажырау, ойлағаныңа жете алмау-қасірет. Жалпы айтқанда өмірде баітан тіршілік етуге-қасірет. 2.Екінші ақиқат: адамның өмірге, байлыққа, рахатқа деген қанағатсыз іліктері, қасірет себептері Буддизм түсінігінде өмірге деген құштарлық үш қайнардан шығады кеккөрушілік, өтірік, және сезімге берілгендік. Адамның өмірге құштарлығы ақиқатты білмеуімен, барлық нәрсенің идеалды табиғатын танымауынан. Білмегендіктен әрекет етуге деген қате ұмтылыс шығады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Буддизм негізіндегі дүниетаным
Будда дінінің уағыздары
Будда өмірі және буддизм
Шығыс діндері
Буддизм философиясы - буддизмнің әртүрлі бағыттары мен мектептері аясында қалыптасқан әлемге, адамға және танымға ұтымды негізделген көзқарастар жүйесі
Буддизм iлiмi туралы
Буддизмнің негізгі бағыттары
Ежелгі Үнді діні
Буддизмнің әлемге таралуы
Буддизмдегі әдептілік қағидалар
Пәндер