Бастауыш сыныпта математика сабағында оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру



Кіріспе
I тарау. Бастауыш сыныпта математиканы оқыту барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері

1.1. Оқу.әдістемелік және психология.педагогикалық әдебиеттердегі танымдық қабілет туралы түсініктер ...
1.2. Бастауыш сыныпта оқушылардың танымдық іс.әрекетін ұйымдастырудың кейбір мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ІІ. Бастауыш сыныпта математиканы оқыту барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытудың әдістемелік негіздері

2.1. Бастауыш сыныпта матеметианы оыту барысында оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуы..
2.2. Бастауыш сыныпта матеметика сабағында оқушылардың оқу.танымдық қабілеттерін арттырудағы танымдық іс.әрекеттері ... ... .


Қорытынды...
Пайдаланылған әдебиеттер ... .
Қосымша ... ... ... ... ...
Сабақ жоспары
Бүгінде ұрпақ алдында: “Қазақстан-2030” бағдарламасындағы “Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеу қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы деген ұзақ мерзімдік міндетті үшінші мыңжылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр.
Ұлттың болашағы, тәуелсіз мемлекеттің ертеңгі ұрпағының рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты” .
Осыдан келіп, егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жаткан талпыныстар оқытудың әт түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде.
Ендеше, бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын кеңейтуде, танымдық қабілеттерін арттырып, білім және біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор деген сөз.
Дарынды, білімді жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік, экономикалық дамуына үлес қоса алады.
1.Р.М.Қоянбаев., Ж.Б.Қоянбаев “Педагогика”, Алматы-2000
2. Р.М.Қоянбаев, Қ.Т.Ыбыраимжанов “Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы ”, Түркістан-2005.
3.Т.Сабыров “Дидактика”, Алматы-1993.
4. И.С.Якиманская “Личностно-ориентированное обучение в современной школе”, Москва-1996.
5.В.И.Попова “ Развитие математических способностей как средства развития личности школьника”., Москва.
6.О.Н.Кузнецова “Активизация познавательный деятельности на уроках математики”.
7.Н.В.Малышева “Развитие интереса на уроках математики”.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Тарих-педагогика факультеті
Бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН
АРТТЫРУ

Түркістан - 2011 ж.

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ
ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ

М а з м ұ н ы

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...

I тарау. Бастауыш сыныпта математиканы оқыту барысында оқушылардың
танымдық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері

1. Оқу-әдістемелік және психология-педагогикалық әдебиеттердегі танымдық
қабілет туралы
түсініктер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
2. Бастауыш сыныпта оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың
кейбір мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...

ІІ. Бастауыш сыныпта математиканы оқыту барысында оқушылардың танымдық
қабілеттерін дамытудың әдістемелік негіздері

2.1. Бастауыш сыныпта матеметианы оыту барысында оқушылардың танымдық
қабілеттерінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Бастауыш сыныпта матеметика сабағында оқушылардың оқу-танымдық
қабілеттерін арттырудағы танымдық іс-әрекеттері ... ... .

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
Сабақ
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..

КІРІСПЕ

Бүгінде ұрпақ алдында: “Қазақстан-2030” бағдарламасындағы “Барлық
Қазақстандықтардың өсіп өркендеу қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы деген
ұзақ мерзімдік міндетті үшінші мыңжылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр.
Ұлттың болашағы, тәуелсіз мемлекеттің ертеңгі ұрпағының рухани байлығы,
мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне
байланысты” .
Осыдан келіп, егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік
деңгейге жету үшін жасалынып жаткан талпыныстар оқытудың әт түрлі әдіс-
тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде
шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке
тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде.
Ендеше, бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын кеңейтуде, танымдық
қабілеттерін арттырып, білім және біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор
деген сөз.
Дарынды, білімді жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды етіп,
қоғамның әлеуметтік, экономикалық дамуына үлес қоса алады.
Оқу әрекетінің өзге әрекет түрлерінен ең басты ерекшелігі оқушының
үнемі жаңа дүниеге енуімен, әрбір жаңа әрекетті игеруімен әрдайым оның
бірінен екіншісіне ауысып отыруымен байланысты. Сондықтанда оқу үрдісінде
баланың білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл-
ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық қабілетті арттырудың маңызы
жоғары.
Еліміздегі психология және педагогика саласындағы ғалымдардың,
мамандардың назарын аударып отырған мәселелердің бірі –– оқушының жеке
дамуы, өзіндік жұмысы, өз бетінше білім алуы, білім дағдыларды
қалыптастырудың тиімді жолдары С.Т.Сабыров., Н.Д.Хмель., М.А.Құдайқұлов,
Т.С.Садықов, Р.К.Төлеубекова, М.С.Молдабекова т.б. ғылыми еңбектерінде
қарастырылған.
Оқу үрдісінде оқу белсенділігін жолдары мен тәсілдерін танымдық
ізденімпаздық, танымдық қабілеттерін қалыптастыру мәселелері туралы
жазылған еңбектерді атап өтсек: Я.А.Коменский, Ы.Алтынсарин,
Н.А.Половникова, Т.И.Шамова, А.Е.Әбілқасымова, Т.С.Сабыров, С.Смаилов,
А.Ж.Қараев, Р.С.Омарова еңбектері.
Зерттеуда оқу-танымдық әрекетті арттыруға әсер ететін оқу үрдісінің
жеке факторлары мен құралдары, әдістері туралы құнды ой-пікірлер айтылады.
Осы еңбектердің құндылықтарына ғылыми-теориялық, әдістемелік-практикалық
жағынан көз жеткізуге болады.
Елімізде әлемдік білім кеңістігіне ену мен жаһандану талабына орай
орта мектептердегі білм беру сапасын жақсартуды жүзеге асыратын,
оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту мәселесі әлі де зерттеуді қажет
етеді. Олай болса, бастауыш сынып оқушыларының танымдық теориялық және
әдістемелік зерттеу қажетіне орай, ана тіліндегі қазіргі ғылыми
әдебиеттерде жеткіліксіз қарастырылуы, танымдық қабілеттің анықтамалық,
ғылыми негіздемесін жасауда, оқушылардың оқу-танымдық қабілетінің даму
деңгейі мен қазіргі талаптар жүйесі арасындағы қайшылықтардың болуы курстық
жұмысымның тақырыбын: “Бастауыш сыныпта математиканы оқыту барысында
оқушылардың танымдық қабілетін дамыту” деп таңдауыма себепші болды.
Зерттеу обьектісі: Бастауыш сыныпта математика сабағында оқушылардың
оқу процесі.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныпта математика оқыту барысында танымдық
қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттар жиынтығы.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сыныпта математика сабағында оқушылардың
танымдық қабілетін дамытуды теориялық тұрғыдан негіздеп, әдістемесін
жасау.
Зертеудің болжамы: егер оқу процесінің әр кезеңінде оқушыларыдң
танымдық қабілетін дамыту ғылыми педагогикалық оқу тәлімдік мәні
айқындалдалса және ол әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілсе, онда
бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабіілетінің артуы негізінде білім
деңгейі көтеріліп, дербестігі мен шығармашылығы, ізденімпаздығы
калыптасады.
Зерттеудің міндеттері: 1. Бастауыш сыныпта математика сабағын оқыту
процесінде танымдық қабілетін дамытудың проблемаларын теориялық тұрғыдан
қарастыру және оны қазіргі кезеңде жағдайында дамытудың персрпективалық
бағыттарын айқындау.
2. Бастауыш сыныпта математика сабағын оқыту процесінде танымдық
қабілетін дамытудың нақты әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибе
жүзінде тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы:
Оқушылардың оқу-танымдық қабілеттеін арттыру –– оқу үрдісін жетілдіру
құралы болуымен қатар, бастауыш сынып оқушыларының қазіргі заман талабына
сай жеке тұлғасын қалыптастыру болып табылады.

1.1. Оқу-әдістемелік және психология-педагогикалық әдебиеттердегі танымдық
қабілет туралы түсініктер

Бүгінгі таңда мектеп қабырғасында білім алып, тәрбиеленіп жатқан жас
ұрпақ алдында “Қазақстан-2030” бағдарламасындағы “Барлық қазақстандықтардың
өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы” деген ұзақ мерзімдік
міндетті үшінші мыңжылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр. Оқытудың
мәңгілік сауалы “Нені оқыту, қалай оқыту, оқушыны қалайда жетектеу”
күрделеніп барады.
Білім саласы адам айтқысыз кеңейіп психология дамып, ақпаратты
таңдап алуы алдыңғы қатарға шықты.
Қазіргі кезде оқушылардың жүйкесіне , денсаулығына, психологиясына
күш түсірмей ғылыми жұмыстарға баулу заман талабына сай өз ойын еркін
жеткізе алатын дарынды, білімді, салауатты тұлғаны қалыптастыру жолындағы
жасампаз еңбек адам баласы қызметкерінің ең күрделі түріне жатады. Қай
заманның болсын мұғалімі , алдымен Абайдың “Ұстаздық еткен жалықпас,
үйретуден балаға”- өсиетіне сай, тәлім-тәрбие ісінде жалықпайтын
шығармашылығы мол, еңбекшіл парасатты азаматы болуы керек. Өйткені баланы
өзіне тарта алатындай шын тәлімгерлігі бар адам ғана ұстаз деген атаққа
ие бола алады. Сондықтан қазіргі заман мұғалімі білімді болумен ғана
шектелмей танымы мол , саяси экономикалық және педагогикалық-псмхологиялық
сауатты болуы тиіс. Сонымен қатар балаға ата-анадан кейінгі ақыл-ой,
адамгершілік, эстетикалық, сана сезімдік дене тәрбиесі мен ұлттық тәрбиені
сіңіруші адам болуы шарт.
Елбасымыз білім мен ғылым қызметкерлерінің II– съезінде “Болашақта
еңбек ететін, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды
қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, сондықтанда ұстазға
жүктелетін міндет өте ауыр” - дегені жоғарыдағы сөзімізді айқындай түседі.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалыкты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық
қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жолына нұр құятын
ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.

Танымдық іс-әрекет туралы түсінік

Қазіргі педагогикада, оқыту адамның танымдық іс-әрекетінің түрі
ретінде сипатталады. Оқушы әрбір сабақта, кез келген сыныпта адамзаттың
қоғамдық тарихи тәжірибесін зерттейді.
Оқыту – арнайы ұйымдастырылған танымдық іс-әрекет. Оқыту арнайы
ұйымдастырылған іс-әрекет ретінде биологиялық, психологиялық, әлеуметтік
және басқа да заңдылықтардың негізінде қалыптасатын жеке дамуды қарқынды
үдетеді.
Оқыту екі жақты сипатта жүретін мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-
әрекеті ретінде көрінеді. Мұғалім іс-әрекетіне сәйкес алға қойған мақсат,
мазмұн және бағдарлама негізінде жүзеге асырылады, оқу белгіленген нәтижеге
жеткізетін басқарылатын барысқа айналады.
Таным іс-әрекеті барысында бастауыш мектеп оқушылары ойдың нақтыдағы
абстрактылыққа өту кезеңінде болады.
Таным теориясы (гносеолегия немесе эпистеминология) –– айналадағы
қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен
мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамдық тәжірибе негізінде іске
асатын таным таным үрдісінің заңдылықтарын , оның түрлерін, жорамалдар
мен теорияларды құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология
ғылымының саласы.
Білімнің қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негізгі
мәселесі –– рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан
зерттейтін ілім – “таным теориясы ” деп аталады.
Таным теориясының басқа ғылым теорияларынан түбірлі
айырайырмашылықтары бар. Ол – білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы
ұстанымдары оның ақиқаттық жалпы шарттарының обьективтік қатынастарының
қалыптасуы.
Бастауыш сынып оқушыларының бойында кездесетін таным
қабілеттіліктері –– білімді өз сапасында белсенді және нәтижелі түрде
бейнеленуі. Мұндай бейнелеу әрекеті аса күгделі үрдіс. Ол оқушылардың
сыртқы дағды мен әрекеттерін қалыптастыру нәтижесінде жүзеге асады.
Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру, таным қабілеттілігінің
оянуына түрткі болу -оқытудың негізгі мәселелерінің бірі. Оқушылардың
танымдық белсенділігі өз кезеңінде қабылдау , есте сақтау, қиялдау
үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Оқушылардың өзіндік сезім
танымы (қалауы, ынтасы, құштарлығы, әсерленуі) негізінде қабылдаған білім
мен дағдысы, ептілігі мен шеберлігі әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады.
Ақыл-ой әрекеттерінің кезеңмен қалыптасу теориясының идеясы мынадай: білім
алу оқушылардың белгілі бір әрекеттер жүйесін орындауы нәтижесінде жүзеге
асырылады. Ақыл-ой әрекетін табиғаттан даяр күйінде алмайды, ал ойлауды
үйренеді, ойлау операцияларын игереді. Мұғалімнің міндеті осы үрдісті
басқара білу, тек ойлау іс-әрекеттерінің нәтмжелерін ғана емес, оны
қалыптасу барысында бақылап отыру.
Ақыл-ой әрекеті сезімдік қабылдау негізінде алған жүйелі білімі
арқылы қалыптасады. Оқу барысында әрекеттердің белгілі бір жүйесін орындау
кезінде мұғалімнің басқаруымен сезімдік қабылдау қабілеттілігін жетілдіріп
отыру жүзеге асырылады. Оқушылардың психикалық даму ерекшеліктері оқу
әрекеттерінде жетекші қызмет атқарады. Оқу үрдісінде оқушылардың танымдық
белсенділігі мен құштарлығының қабілеттілігін арттырудың сан алуан түрлері
бар.
Оқу тәрбиелеу үрдісі мұғалім мен оқып үйренушінің әртүрлі іс-
әрекеттерінен тұрып, осы іс-әрекеттердің барлығы оқып үйренушінің
білімінің мазмұнын меңгерту мақсатында орындалады. Дидактикада осы іс-
әрекет түрлерінің сипатына, жинақтау тұтастығы мен орналасуына көп көңіл
бөлу бөлінеді. Білім – мұғалімнен оқушыға беріліп қана қоймайды , оның
шығармашылығын дамытуға жұмылдырылады. Өйткені, оқыту әдісі – белгілі
білімді игерьу үрдісімен тікелей байланысты. Оқыту әдісі –– мұғалім
қолындағы өзіндік педагогикалық құрал.
Педагогикалық үрдісте оқушы мен мұғалімнің арасында өзара әрекеттесу
жүріп, ол әрекеттесу әртүрлі әдістер арқылы іске асады. Әдістерді анықтау
мен классификациялауда көптеген жақтары бар.
В.Краевский: “Оқыту әдісін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекет
моделі, белгілі білім мазмұнын оқып үйренушілерге игеру үшін беретін
нормативтік жоспары”, - деп түйіндесе, И.Лернер: “Оқыту әдісі оқып
үйренуші мен мұғалімнің сатысы әрекеттесу жүйесі, мазмұнын игеруді
ұйымдастыруға болады ” ––деп тұжырымдайды.
Дидактик В.Оконьнің пікірінше, “оқыту әдісі – сыналған оқып
үйренушінің жеке өзгерістерін іске асыру мақсатында қолданылатын оқушы мен
мұғалімнің біріккен қызметі”. Сондықтан да біз оқыту әдісінің сипатына
мақсаты, ұйымдасқан және игерілген әдіс , оқыту субьектілерінің әрекеттесу
белгілерін жатқызамыз. Әдістерге технологиялық жағынан жақындау әдістің
өнімділігін тиімді арттыру мақсатына бағытталған, яғни мұнда оқып
үйренушінің танымдық мүмкіндігі, жеке адамның белсенді танымдық
қабілеттілігі ескерілмейді.
Қазіргі кезде бастауыш мектептерде оқыту мазмұнын жаңарту
жұмыстары жүргізіліп,одан әрі жетілдіре түсіруге даңғыл жол ашылды.
Бастауыш мектеп жасындағы баланың танымдық іс-әрекеті оқыту
үрдісінде жүзеге асырылады. Осы жаста қарым-қатынас шеңберінің кеңеюінің
маңызы артады.
Баладағы осы өсіп жатқан өзгерістер педпгогтерден бүкіл оқыту
тәрбиелеу жұмысн нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді. Негізгі іс-әрекет
түрі – оқу. Осы оқу арқылы олардың таным үрдісі (қабылдау, зейін, ес, қиял,
сөйлеу) дамиды.
Бастауыш мектеп оқушыларының қабылдауы тұрақсыз болып келеді және
ұйымдаспауымен ерекшеленеді, сонымен қатар оларда білуге құмарлық,
әуестікте байқалады. Олар өздеріне күнделікті жаңа бір нәрсені ашып,
отыратындықтан қоршаған ортаны қызығуымен қабылдайды.
Олардың зейіні де еріксіз, тұрақсыз болып келеді. Сондықтан
бастауыш мектепте балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісі неізінен зейінді
тәрбиелеуге бағытталады. Мектеп өмірі баладан ерікті зейінді жаттықтыруды,
назарын бір орталыққа біріктіру үшін ерік күшін жинақтауды талап етеді.
Балалардың ерікті зейіні оқу мотивтерімен бірге дамиды.
Баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүріп жатады. Даму
үрдісінде таным қабілеті арта түседі. 6-7 жастағы балалар заттарды түсіне,
түріне, көлеміне қарап ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану
тәсілін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің
құбылыстары мен заттарын анықтай білуге , адам баласының жинақтаған бай
тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге
талаптануын таным ынтасы дейді.
Бала өмірінің негізгі мазмұны –– оқу. Оқу –– баланың негізгі іс-
әрекеті, сондықтан ол бірінші кезекте қызықты болуы керек. Бұдан басқа бала
еңбекпен, спортпен айналысады, мұражай, үйірме және басқа да мәдени
мекемелерге брады. Баланың дәл бүгінгі өмірі саналы, парасатты, мазмұнды
және қызықты болуы керек.
Соңғы жылдардағы қоғамдық және әлеуметтік өмірде болып жатқан елеулі
өзгерістер мектеп жағдайында білім берудің қызметіне жаңаша қарауды, қол
жеткен табыстарға сын көзбен саралай отырып бағалауды, жастардың
шығармашылық әлеуетін дамытуды талап етеді.
Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін
жасалынып жатқан талпыныстар, оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана
отырып, терең білімді ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт
ұсынатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын маман етіп тәрбиелеу
ісіне ерекше мән берілуде.
Білім беру және оқыту теориясының әдістемелік негізі – таным
теориясы, оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы
ілімі болып табылады. Бұл теория білім беру және оқытуды арнайы
ұйымдастырылатын іс әрекет ретінде қарастырылады. Білім беру және оқыту
теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптардың бірі – танымдық
қабілет пен белсенділік, саналылық. Бұл талаптардың орындалуы оқушылардың
оқу материалын түсінуге өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен
қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз
пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді. Білімді саналы меңгеру
өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ақыл-ой еңбегінің өзіндік
тәсілдерін игермейінше іске аспайды. Оқушылардың белсенділік танымдық іс-
әрекеттерінің көздейтін мүддесі – білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға
қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды. Оқушы ақпаратты іс-
әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және жеке адам
игерген ұжымдық тәрбиенің фрагменті жөнінде мұғалімнің беретін білімімен
шектеліп қана қоймай, оны әрі қарай өз бетінше белсенді, мысалы танымдық іс-
әрекеті нәтижесінде игеруі тиіс. Осыдан келіп, оқыту барысында оқушылардың
іс-әрекетінде танымдық белсенділікті қалыптастыру талабы туындайды.
Танымдық қабілетті дамытудағы оқыту әдістемесінің негізін
алғашқылардың бірі болып қалаған ұлы педагог Я.А.Коменский ХVІ ғаысрда
жазған “Ұлы дидактика” атты еңбегінде “ заттың не құбылыстың түп тамырына
жету, анықтау қабілетін дамыту, оны шынайы түсіну және оны қолдана білу
қажет” деп ерекше атап өтті. Я.А.Коменский дидактикалық принциптерді ұсына
келіп, танымдық белсенділікті дамытуда мұғалімнің рөлі туралы жазған
болатын. Ол: “Таным бастамасы – сезімнен, бала сезіне білмесе, оның ой
өрісінде ешқандай өзгеріс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол
затты бақылау арқылы шәкірттің ойын дамыту керек ” деп жазады.
“Мен өз шәкіртімнің әрқашанда өзбетінше бақылауын практикада
өздігінен тұжырым жасауын дамытуды – білім берудегі негізгі жету құралы
ретінде қарстырамын” деп жазды Я.А.Коменский. Я.А.Коменскийдің оқушының
өзбеттілігі туралы идеясын Д.Локк одан әрі дамытып, оқу әрекетіндегі мотив
пен ұмтылыс туралы сөз етіп, сұрақ қоюы арқылы бала дамуындағы өзбеттілік
әрекетін реттеу қажеттілігін атап көрсетті.
ХYІІІ-ХІХ ғасырларда танымдық әрекет, оқыту әдісінің психологиялық
қайнар көзін іздеуде И.Г.Песталоции еңбектің маңызы зор болды.
И.Г.Песталоции: “Көзбен қабылдау әліппесі” деген еңбегінде баланың сезім
тәжірибелеріне сүйенеді. Ол ақыл-ой тәрбиесінің алғашқы сатысы – танымдық
қабіетті дамытуға қажетті оқытудың эвристикалық бақылау әдістемесін
жасайды.
К.Д.Ушинскийдің “ ақыл-ой дегенің өзі жақсы ұйымдастырылған білім
жүйесі” дегенін ескерсек, ақыл-ойды қандай бағытта қандай формада дамыту
керектігі туралы қарастыра келіп, ең негізгі дидактикалық шарт – мұғалім
мен оқушының оқу барысындағы еңбегінің дұрыс болуы мен жүйелі жинақталуында
екендігін айтып өтті.
Қазақтың көптеген педагог ғалымдары да А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,
Ж.Аймауытов, С.Көбеев баланың танымдық қызығушылығын тудыра отырып,
танымдық қабілеттерін дамытуда құнды пікірлер айтты.
А.Байтұсынов бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек,
мұғалімнің міндеті балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру және
белгіленген мақсатқа қарай бағыттап отыру керек екендігіне көңіл бөледі.
М.Жұмабаев оқыту прцесінде қарапайымнан күрделіге көше отырып, өз
бетінше оқуға, өз бетінше білім алуға үйрету қажеттігін көрсетеді. Ол:
“Бала заттарды, көріністерді ұқсас сындары бойынша тап-тапқа бөліп
үйренсін..., жеңілден ауырға көшуді естен шығармауы керек, көріністердің
ойлардың араларындағы һәм олардың қайсысына себеп екенін тауып үйренсін.
Бұл балаға мысалдардан ереже заң шығартқызып үйрету сықылды істермен
болады”, – деп жазды.
С.Көбеев: “дегенмен баланың оқуға ынталы болуы, огның оқу
жасына дейінгі үйдегі тәрбиесіне де байланысты... Бала неғұрлым ынталы
болса, соғұрлым жақсы оқиды. Мектепке түскеннен кейін де бала жақсы оқу
үшін үй тәрбиесінде ділгер болады. Ал осы тәрбиені беретін оның ата-анасы,”
деп жас ұрпақтың саналылығы, оқуға ынтасы үйдегідей тәрбиесіне
байланыстылығын айтты.
Атақты ғалымдардың еңбектерінде баланың ұғымына сыйымды етіп шебер
әңгімелеу қызықтыру, кітап оқу арқылы білім көзіне қызықтыруды оқушылырдың
өз бетімен жұмысын ұйымдастырады, білімдерін үздіксіз қалыптастыру
қажеттілігіне тоқталады.
Танымдық мотивтердің критерийлерін оқушыларлың танымдық қабілетін,
белсенділігін, оқушылардың дербестігін, өз бетінше ізденуін,
шығармашылығын, білімге ұмтылысын –– сабаққа қойылатын басты талап ретінде
көрсетуге болады.
Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық қабілет қалыптасады.
Танымдық қабілет –– оқушыны оқуға, білуге деген ынта ықыласының
құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы, мұғалімнің баяндап тұрған жаңа
материалын түсіну үшін, оқушының оның зейін қойып тыңдауы, алған білімін
кеңейту үшін өздігінен кітап оқып, бақылау, тәжірибе жасау сияқты жұмыстар
жасауы қажет. өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім
алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес.
Яғни, оқушының қабілеттілігі оқу процесінің барлық кезеңінде орын алуы
қажет. Сабақ барысында оқушының бойында танымдық қабілет пайда болса,
сонда оқушыларды ақыл-ой қабілетінің мынадай элементтері дамиды:
зеректілік, зейінділік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б.
ХХІ ғасырға дейінгі прогресшіл бағыттағы педагогикалық еңбектер өз
бетінше ойлауды дамытуға бағытталады, ғалымдар мен көрнекті ойшылдардың
айтқан пікірлері, тұжырымдары оқушылардың танымдық іс әрекеті мен қабілетін
қалыптастыру мәселесінде өте маңызды болып табылады.

1.2. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың кейбір мәселелері

Бүгінгі таңдағы еліміздің жүріп жатқан экономикалық-әлеуметтік
дамулар келешек ұрпаққа білім берудің мақсаттары мен мазмұнын түбірімен
жан-жақты қайта ойластырып, жаңа сапаға жету міндетін көздейді. Сондықтан
да білім беру саласындағы өзгерістер жеке тұлғаны қалыптастыруға, оқу
үрдісіне тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіруге, баланың шығармашылық, рухани
мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты беріу ұстануға
бағыттауға тиістіміз.
Алайда қазіргі практика көрсетіп отырғандай мектепті бітірген
түлектердің оқу міндеттерін шеше білуге бейімділігі танымдық
ізденімпаздығы, шығармашылық ойлау деңгейінің төмендігі байқалып отыр.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытуда көзделетін мүдде ––
білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету
қажеттілігін ұғындыру. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі – оқушылардың
алған білімдерін өмірде тәжірибеде нәтижелі пайдалануы болып табылады,
яғни оқушының алған білімі өзіне қызмет етуі тиіс. Оқушы ақпаратты, іс-
әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және жеке адам
игерген ұжымдық тәжірибе тағылымдары жөнінде оқытушының беретін білімімен
шектеліп қана қоймай, оны әрі қарай өз бетінше белсенді танымдық іс-
әрекеті нәтижесінде игеруі тиіс. Осыдан келіп, оқыту барысында оқушының
іс-әрекетінде танымдық белсенділікті қалыптастыру талабы туындайды.
Ғалымдардың ой тұжырымдары мен әдебиет беттеріне талдау танымдық іс-
әрекет ұғымы мен танымдық белсенділікті қалыптастыру проблемасына
педагогтер, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналғандығын
көрсетеді.
Ы.Алтынсарин: “Балалармен қысқа, ашуланбай, байсалды сөйлеу
әрбір пәнді бар пейілмен және қарапайым тілмен түсіндіру керек, мұғалім жан-
жақты, білімді, өз ісінің шебері болуы керек”, – дейді.
Ы.Алтынсарин оқытудың жеке әдіс-тәсілдеріне мыналарды
жатқызады:
А) Оқыту әдісі – бұл оқушының білімге құштарлығын оятатын, алған
білімдерін тереңдету мақсатында өз бетінше білім көтеруіне бастайтын жол;
Ә) Сабақта оқушының белсенді ой-әрекетін жаттықтыру. “Маңыздысы –
оқушының өз бетінше ойлана білуі...”
С.Смайловтың пікірінше, танымдық іс-әрекет ынтаның пайда
болуымен тығыз байланысты. Ынталылық белгісінің сипаты мыналар: оқу ісіне
белсене кірісуі, материалдарды қызыға қабылдауы, зейінін сол объектіге
шоғырландыруы, оқу үрдісінде сұрақтар қоюы. Демек, танымдық ынтасы оқушының
түрлі құбылысты қамтып, білуіне көмектесетін, оны тақырыпты түсінуіне
қозғаушы себеп ғана емес, шығармашыл ойлау жүйесін дамытушы бола алады.
Таным – объективтік шындықты адамның ойына бейнелейтін және
қайта жаңартатын қоғамдық іс-әрекет барысы. Таным барысында ойлаудың түрлі
тәсілдері пайдаланылады ( анализ, синтез, дедукция, индукция, абстрактілік
пен нақтылыққа және т.б) .
Танымдық әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-
ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен , мақсаттан, таным қисындарынан және
әрекетті орындау тәсіл амалдарынан тұрады. Танымдық әрекеттің негізінде
оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады.
Танымдық белсенділік –– оқушыынң оқуға, білуге деген ынта
ықыласының, құштарлығының еркеше көрінісі. Мысалы, мұғалімнің баяндап
тұрған, жаңа материалын түсіну үшін оқушының зейінін қойып тыңдауы, алған
білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып, бақылау, тәжірибе жасау сияқты
жұмыстар жасауы қажет. Өйткені өтілген материалдарды саналы қайталауда,
жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз
мүмкін емес. Яғни оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде
орын алуы қажет.
Дидактик, педагог Т.Сабыров оқыту процесінде оқушының
белсенділігі негізінен, екі түрлі сипатта болатындығын айтты. Олар: сыртқы
белсенділік және ішкі белсенділік.
Сыртқы белсенділік дегеніміз –– оқушы әрекетінің сыртқы
көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, практикалық әрекеттер, мұғалімге
зейін қойып қарауы т.б). Бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да
мүмкін.
Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті
жатады. Белсенділік жеке тұлғаға тән маңызды бір қасиет болып саналады. Бұл
қасиетсіз адамның қандайда болсын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес.
Оқушының оқу – танымдық мотивтерін тудыруға ішкі сезімдеріне
қозғау салуда мынадай тәсілдер тиімді:
а) оқуға жағымды психологиялық жағдай туғызу;
ә) жаңа материалды түсіндіруде әртүрлі мәліметтерді тебірентетіндей
фактілер келтіріп, оқушыны қызықтыру, белсенділігін арттыратындай етіп
ұсыну;
б ) өмірден алынған қызықты жағдайларды қазіргі ғылым мен техникалағы
жаңа табыстарды сабақ мазмұнымен байланыстыру;
в) мұғалім мен балалар арасындағы қарым қатынас.
Сабаққа әртүрлі бейнелі көрнекіліктер мен логикалық сызбаларды,
шартты графикалық құралдарды қолдану оқу үрдісінде оқушының танымдық
белсенділігін, іс-әрекетін жандандырып, өз бетімен жұмыс жасауға және оны
меңгертуге төзімділігін арттырудың негізгі тәсілі болып табылады.
Әр пәннің жеке ерекшеліктеріне орай ізденіп, әдіс-тәсілдерді
қолдану арқылы оқушының оқу белсенділігін арттыруда ой түйіндеп, жоспар,
тезистер құруға, конспект жазып, баяндама, реферат жасауға оқушыларды
үйрету керек.
Сабақ барысында оқушынығ бойында танымдық белсенділік пайда
болса, сонда оқушыларда ақыл-ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды:
зеректілік, зейінділік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б.
Оқушының танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру мұғалімнен үлкен
шеберлікті қажет етеді.
Оқу әрекеті –– балның дамуының басты шарты, оқыту үрдісіндегі
маңызды мәселелердің бірі, оқушылардың танымдық қабілеттері мен дербестігін
арттыру, өздігінен жұмыс істеуге баулу, танымдық белсенділігін арттыру
құралы.
Оқушының танымдық іс-әрекеті – күрделі үрдіс. Оған мынадай
құрамды бөліктерді қамтуға болады, іс-әрекет мақсаты, мазмұны мен
қорытындысы, іс-әрекет түрлері мен әдістері, мониторингтері мен қарым
қатынасы, танымдық әрекет деңгейлері.
Қорыта келгенде оқыту үрдісінің тиімділігін арттыру –-
оқушылардың оқу-әрекетінің психологиялық ерекшеліктеріне сай дидактикалық
әдіс-тәсілдерді қолдануды, оқытудың дамытушылық қызметін толық пайдаланып,
танымдық іс-әрекетін жетілдіру жолдарын қарастыруды талап етеді.

2.1. Бастауыш сыныпта матеметиканы оқыту барысында оқушылардың
танымдық қабілеттерінің дамуы

Бірде атақты физик Альберт Эйнштейннен: “Жаңалықтар қалай ашылады?” деп
сұрағанда , ол: “Былайша бәрі мұның мүмкін еместігін біледі.Бірақ сол кезде
бұл жағдайды білмейтін адам пайда болады. Міне, сол адам жаңалықты ашады”-
деп жауап берген екен.Әрине, бұл әзіл еді. Бірақ та Эйнштейн өзінің бұл
сөздерінің астарында терең мағынаны айтып жеткізген болатын. Мүмкін ол
сонымен қоса бұл жерде өзінің жаңалығын назарға алған болар. Мүмкін, ол
мағыналы ойды әзіл сипатында айтып жеткізген шығар. Бұл жерде әңгіме
“Білмеуде” емес. Білу керек! Мұнда “екілену”, аталар үйреткендей өзінің
сеніміне бәрін кірістірмеу процесі жүреді. Аяқ астынан үйреншікті жайлардың
әсері тоқтатып тастамайтын адам пайда болады. Міне, жаңалықты сол ашады.
Данышпан, дарынды деп саналатын адамдардың мүмкіндіктері қалып,
аномалия еместігін ғалымдардың қазіргікездегі зерттеулері көрсетті.
Танымдық қызығушылық –– жеке тұлғаның заттарға және құбылыстарға деген
таңдамалы бағыттылығы. Бұл бағыттылық тануға, жаңа білімге деген үздіксіз
ұмтылыспен сипатталады. Танымдық қызығушылық дамып жүйелі нақтыланып, оқуға
қатынастың негізі болады. Мұның әсерінен адамда өзі үздіксіз және белсенді
іздейтін жауаптар аясында түрлі сұрақтар туып отырады. Танымдық қызығушылық
іс-әрекеттің нәтижесіне ғана жағымды әсерін тигізіп қана қоймай, сонымен
бірге, ес, ойлау, қиял, зейін сияқты психикалық процестердің дамуына өз
үлесін тигізеді. Бұл процестер танымдық қызығушылық арқылы ерекше
белсенділік пен бағыттылыққа ие болады.
Танымдық қызығушылықтар –– бұл оқушылардың оқу мотивіндегі маңызды
процесс. Оның әсері өте күшті. Оқу әрекетіндегі әлсіз оқушылардың жұмыстары
осы танымдық қызығушылықтың әсерінен продуктивті түрде жүреді.
Егер де оқушылардың іс-әрекеттері педагогтар тарапынан дұрыс әрі
жүйелі, бір мақсатқа бағытталып ұйымдастырылса, онда бұл оқушылардың
дамуына күшті әсерін тигізеді.
Танымдық қызығушылық, сонымен қатар, оқу процесінің күшті бір құралы.
Классикалық педагогиканың қағидасы – “Мұғалімнің жалықтырғыш болуы – бұл
оның басты күнәсі”. Егер бала мұғалімнің таяғының астында жұмыс жасаса, ол
мұғалімге артық проблема тудыруы мүмкін. Ал, егер оқушы өз ынтасымен
беріліп оқыса, мұнда бәрі керісінше орын алады. Оқушы бойында танымдық
қызығушылықтың болмауы, оның танымдық әрекетінің жүзеге асуына бөгет
болады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектептегі математика сабағында жаңа технологияларды қолдану
Бастауыш сынып математикасын оқытуда оқушымен жеке дара жұмыс
Дамыта оқыту технологиясы туралы баяндау
Бастауыш сынып математика сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін ұлғайту
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Бастауыш сыныптың оқыту процесі
Бастауыш сыныпта математика сабағында дидакикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Бастауыш сыныптарда математика пәнінде пайдаланылатын дидактикалық ойындар жүйесі
Бастауыш сыныпта математика пәнінен дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу
Пәндер