Малайзия



Малайзия- Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекет. Ол Оңтүстік Қытай теңізімен бөлінген екі бөліктен құралады. Батыс Малайзия (Малайя) – Малакка түбегінің оңтүстігінде, Шығыс Малайзия (Саравак және Сабах) – Калимантан (Борнео) аралының солтүстігі мен солтүстік батысында. Ынтымақ (Британ) құрамына кіреді. Жері 332,8 мың км, (Батыс Малайзия – 131,8 мың км, Саравак – 124,9 мың км, Сабах – 76,1 мың км). Халқы 11 млн-ға жуық (1972), оның ішінде Батыс Малайзияда - 9,2 млн., Саравакта – 975,0 мың, Сабахта – 655,3 мың. Астанасы – Куала-Лумпур қаласы. әкімшілік жағынан 13 штатқа бөлінген.
Мемлекеттік құрылысы. Малайзия — конституциялы монархия. Қазіргі конституциясы 1957 қабылданған. Оған түзету 1963 жылы акт бойынша енгізілген. Мемлекет басшысы – Билеушілер Советі 5 жылға сайлайтын. Жоғарғы билеуші (оны сайлауға тек султанат билеушілері ғана қатынаса алады). Жоғарғы билеуші федерация жоғары лауазым иелерін тағайындайды, парламентті шақырады және таратып жібере алады, заң жобаларын бекітеді,қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшы да сол. Ол бұл праволарын үкіметтің ұсынысы бойынша ғана жүзеге асырып отырады. Заң шығарушыжоғары өкімет органы екі палаталы парламент-сенат пен өкілдер палатасынан құралады. Сенаттың 58 мүшесі бар. Оның 26-сы штатардың заң шығарушы жиналыстарында сайланады, 32 мүшені премьер-министрдін ұсынысы бойынша Жоғарғы билеуші тағайындайды. Сенаторлар өкілдерінің мерзімі 6 жыл. өкілдер палатасынаң 144 депутаты 5 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау правосы беріледі. 1957 жылғы 31 тамызда тәуелсіздік алған малайзиялық өздерінің тарихи дәстүріне, тіптен еуропалықтар көзқарасы бойынша ескіріп қалған сияқты көрінер көне
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Тоқаев Қ.
Қазақстан Республикасының дипломатиясы. Алматы, 2002 жыл.
2. Қазақ совет энциклопедиясы. 7 том. Алматы 1975 жыл.
3. Малайзия. Справочник. М., «Наука» 1987.
4. Страны и народы мира. Ростов-на-Дону, «Феникс» 1999.
5. Саясат, 1995 жыл. №4
Р.Абазов, Ә.Абазова.Малайзиялық даму тәжірибесі.
Жас жолбарыстың үлгісі.75-85 беттер
6. Саясат, 2001жыл. №5, 72-бет.
Исабек Ж.А. Современные тенденции развития Юго-Восточной Азии и Казахстан.

Пән: Экономикалық география
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Малайзия- Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекет. Ол Оңтүстік Қытай теңізімен бөлінген екі бөліктен құралады. Батыс Малайзия (Малайя) –Малакка түбегінің оңтүстігінде, Шығыс Малайзия (Саравак және Сабах) –Калимантан (Борнео) аралының солтүстігі мен солтүстік батысында. Ынтымақ (Британ) құрамына кіреді. Жері 332,8 мың км, (Батыс Малайзия –,8 мың км, Саравак –,9 мың км, Сабах –,1 мың км). Халқы 11 млн-ға жуық (1972), оның ішінде Батыс Малайзияда - 9,2 млн., Саравакта –,0 мың, Сабахта –,3 мың. Астанасы –Куала-Лумпур қаласы. әкімшілік жағынан 13 штатқа бөлінген.
Мемлекеттік құрылысы. Малайзия —конституциялы монархия. Қазіргі конституциясы 1957 қабылданған. Оған түзету 1963 жылы акт бойынша енгізілген. Мемлекет басшысы –Билеушілер Советі 5 жылға сайлайтын. Жоғарғы билеуші (оны сайлауға тек султанат билеушілері ғана қатынаса алады). Жоғарғы билеуші федерация жоғары лауазым иелерін тағайындайды, парламентті шақырады және таратып жібере алады, заң жобаларын бекітеді,қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшы да сол. Ол бұл праволарын үкіметтің ұсынысы бойынша ғана жүзеге асырып отырады. Заң шығарушыжоғары өкімет органы екі палаталы парламент-сенат пен өкілдер палатасынан құралады. Сенаттың 58 мүшесі бар. Оның 26-сы штатардың заң шығарушы жиналыстарында сайланады, 32 мүшені премьер-министрдін ұсынысы бойынша Жоғарғы билеуші тағайындайды. Сенаторлар өкілдерінің мерзімі 6 жыл. өкілдер палатасынаң 144 депутаты 5 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау правосы беріледі. 1957 жылғы 31 тамызда тәуелсіздік алған малайзиялық өздерінің тарихи дәстүріне, тіптен еуропалықтар көзқарасы бойынша ескіріп қалған сияқты көрінер көне жоралғыларына да барынша мұқият қарайды және оларды либералды демократияның қазіргі заманғы ұғымдарымен астастаруға ұмтылады. Малайзия секілді үлкен емес ел үшін саяси да, экономикалық та мәселелерді реттеуде мемлекет рөлі орасан зор. Атазаңға сәйкес, өкімет заң, атқару және сот билігіне бөлінеді. Малайзияның жоғарғы заңшығарушы органы сенат пен өкілдер палатасынан тұратын федералды парламент болып табылады. Сенат төрағасы мен өкілдер палатасының спикері парламент мәжілісінің басталар күнін белгілейді. 1995 жылғы сәуірде өткен сайлауда қазіргі Премьер-министр Махатхир және билік басындағы “Барисан Националь” партиясы қарсыластарын айдалаға қалдырған тамаша жеңіске жетті де, тағы бес жыл мерзімге үкімет құру құқығын алды.
Көптеген кәсіпорындар мен үкімет үйінің маңдайшасынан көз тартып тұратын “2020” санын көруге болады. Осы уақытта мемлекет анық сезінген әрі жол-жобасы сызылған көрсеткіштерге жетуді жоспарлап отыр. Бұл –жалпылама “жарқын болашақ” емес, әлде бір жағынан Швейцарияға, әлде бір жағынан Жапонияға, әлде бір жағынан АҚШ-қа ұқсай отырып, соның өзінде Малайзия боп қалуға ұмтылған ұлттың нақты мұраты. Әрбір штатта өзінің конституциясы, өкімет және басқаруоргандары бар. Әрбір монархиялық штатты мұрагерлікпен тағайындалған немесе сайланып қойылатын билеуші (сұлтан, раджа), ал монархиялық емес штаттарды Жоғарғы билеуші 4 жылға тағайындалады губернаторлар басқарады. Сот жүйесі федералдық сот және екі жоғарғы сот, округтық соттар мен магистрат соттарынан құралады. Әрбір штатта мұсылмандық және әдет право соттары бар.
Табиғаты. Малайзия экваторлық белдеуде орналасқан. Жағалауы аз тілімделген, көбінесе аласа, батпақты келеді. Калимантан аралын солтүстік-шығысынан маржан рифтері қоршайды. Малайзия жерінің көпшілік бөлігін Малакка түбегінің төбешіктері, аласа және орташа таулары (1000-2000 м, ең биігі –Тархан тауы, 2190 м) алып жатыр.Оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жағалаулар, Малакканың оңтүстігі мен Калимантанның жағалаулары да –аллювиалдық ойпат. Малайзияның ең биік жері –Кинабалу тауы (4101м).Малакка мен Саравактың оңтүстігінде экваторлық, солтүстікке қарай субэкваторлық, муссондық климат. Ауаның айлық орташа температурасы жыл бойына азғана өзгереді. Жағалаулық өңірлерде жылына 2000-2500 мм, тауда 4000 мм-ге дейін, Кинабалу массивінің беткейлерінде 5000 мм-ден астам жауын-шашын түседі. Өзен торы жиі. Ұзын өзендері Калимантан аралында (Раджанг,Барам, Кинабатанган). Малакка түбегінің өзендері қысқа келеді (ең ұзын Паханг өзені 320 км). Ірі өзендердің саға тұсы кеме қатынасына жарамды. Жері көбінесе күлгін латерит топырақты, ойпаттар аллювиал топырақты. Малайзия жерінің үштен-төртіне жуығын мәңгі жасыл ылғалды тропиктік, көп ярусты биік діңдіағаш (пальма, панданус, бамбук, мәңгі жасыл емен, лавр, рододендрон) өскен орман алып жатыр. Жануарлары Үнді-Малайя зоо-географиялық облысына жатады. Түр-түрі өте көп: піл, мүйіз тұмсық, гималай аюы, жолбарыс, жабайы өгіз, адам тәрізді маймылдар (орангутан, гиббон), крокодил, айдаhaр жылан кездеседі. Орман сүт қоректілерінен тупай, тиін, сусар, жартылай маймыл мекендейді.

Халқының этникалық құрамы күрделі. 54% -тен астамы малайя полинезиялық семья тілдерінде сөйлейтін халықтар, 37% -тейі қытайлар, 8,6%-і үндістер. Малайялықтар бүкіл ел бойынша, әсіресе солтүстік-батыс және шығыс бөліктерінде тығыз қоныстанған. Қытайлар мен үндістердің көбісі батыс жағалауда, сонымен бірге ірі қалаларда тұрады. Мемлекеттік тілі- малайя тілі, мемлекеттік діні-ислам, ресми календары-григориян календары. Табиғи өсімі (жылына 3%-тей) және Үндістан, Индонезиядан т.б. елдерден иммиграция есебінен Малайзияның халқы тез өсуде. 1957 жылғы санақ бойынша, еңбекке жарамды халықтың 57,6%-i ал шыныңда, 6,3%-і өңдеу өнеркәсібінде істеді. Халықтың орташа тығыздығы 1 шаршы км-ге 30 адамнан асады. Қала халқы Батыс Малайзияда 45,3%, Саравакта 19,2%, Сабахта 16% . Ірі қалалары (1972): Куала-Лумпур (шамамен 1млн.), Пинанг, Ипох, Джохор-Бару, Кланг, Малакка.
Тарихы. Малайзия жерін адам баласы ерте палеолит кезінен мекендей бастаған. Ежелгі тұрғындары –негроавстриялық текті тайпалар. Б.з.б. 3-1-мың жылдықта Малакка түбегіне Қытайдың оңтүстік-батысынан австронезия тайпалары келді. Б.з.б. 1- мың жылдықтың аяқ шенінде бұл тайпалар арасында алғашқы қауымдық құрылыс ыдырай бастады.Б.з.б. 1- мың жылдықтың бас кезінде осы күнгі Малайзия жеріне Орталық Суматра ауданынан қазіргі малайзиялықтардың бабалары қоныс аударды. Малакка түбегінде таптар мен мемлекет қалыптасуында Үндістанмен сауда және мәдени байланыстар,үнді қоңыстанушылары, буддизм мен индуизмнің енуі елеулі роль атқарды. Үндістаннан Қытайға өтетін сауда жолдары қиылысқан жерлерде, Малакка түбегінің солтүстігінде алғашқы мемлекетттер (Ланкасука,Тамбралинга,Такола,Кедах т.б.) пайда болды.Билеуші таптың негізі табысы саудадан түсті. Әдетте бұл қала-мемлекеттерге тәуелді болды, 3-6 ғасырларда Фунанға, 8 ғасырда суматралық Шривиджай империясына қарады. 13 ғасырдың ақырында солтүстік князьдықтар (негізгісі Тамбралинг) тайлердің қол астына көшті. 14 ғасырдың 2-жартысында түбектің оңтүстігінде князьдықтар Маджапахит өкімет билігін мойындады. 15-16 ғасырларда Малакка түбегі, Риау архипелагы және Суматра аралының шығыс бөлігі Малакка сұлтандығына бірікті. 1511 жылы бұл сұлтандықтың жерін португал отаршылдары басып алды. Малайзияның батыс бөлігі- Малайяда бірнеше сұлтандық құрылды. Олардың ең негізгісі-Джоһор еді. 16-18 ғасырларда феодалдық қатынастар одан әрі дамып, феодалдық жеке меншік қалыптасты, феодалдық бөлшектену күшейе түсті. Товарлы-ақша қатынасының дамуына байланысты қарыз кіріптарлығы өсті. Құл иеленушілік сақталып қалды. 16-18 ғасырларда Джохор Малайяның барлық жерін өз қол астына қаратпақ болды. Джохордың басты бәсекелестері португалдықтар мен голландықтар және солтүстік-суматралық Аға сұлтандығы еді. 1641 жылы голландықтар Джохормен одақтасып, португалдықтардан Малакканы тартып алды. 17 ғасырдың 2 –жартысында Джохор Малайяның едәуір бөлігі мен Суматраның шығыс жағалауына өз билігін жүргізді. Малакка бұғазы арқылы өтетін сауда жолын бақылауды өз қолына алуды мақсат еткен Голландия отаршылдары 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың бас кезінде ішкі 1712 жылдары халық көтерілісі) және сыртқы (1666-83 жылдары Джамбимен соғыс) елеулі саяси қиыншылықтарға ұшырап отырған Джохорға қарсы шықты. 1722 жылы Джохорда өкімет басына келген буг феодалдарының қарсылығын тойтарған голландықтар екі соғыста да (1756-58 және 1783-87) жеңіске жетті. 18 ғасырдың ақырында Малайя мемлекеттеріне ағылшын отарлау экспансиясы өз ықпалын жүргізе бастады. Ағылшындар алғашқыда (1786-1824) Малайзияның біраз жерін басып алды. 1826 жылы Малайядағы Ұлыбритания иеліктері Үндістан президенттігі –Стрейтс-Сетлментске бірікті. Экспанссияның екінші кезеңінде (1824-67) Малайя түгелдей дерлік Ұлыбритания ықпалына көшті. 1867-1914 ж. ағылшын экспансиясының үшінші кезеңі басталды. Сөйтіп, Ұлыбританияның Малайядағы иеліктерінен Британ Малайясы отары құрылды. 19 ғасырда ағылшын отаршылдары Бруней сұлтандығы кіретін басып алды. 1841 жылы Бруней сұлтаны ағылшын авантюрисі Джохор Брукке Саравакты берді де, мұнда “ақ радждар” әулиетінің негізі қаланды. 1881-1882 жылдары солтүстік Борнео Британ компаниясы құрылып, 19 ғасырдың ақырында Сабахқа билік жүргізді. 1888 жылы Саравак пен Сабахта ағылшын протектораты орнады. Ағылшын экспансиясы жергілікті халықтың наразылығын туғызды. Отаршылдарға қарсы: 1791жылы Кедах, 1831- 32 жылы Нанинг соғыстары, 1875-1876ж. Перак, 1894-1900 ж. Мат Саллех көтерілістері туды. Малайя, Сабах, Саравак бірте-бірте Ұлыбританияның аграрлы шикізат көзіне айналды, отарлық шаруашылық жүйесі құрылды. Британиның Малайяны дүние жүзіндегі капититалистік шаруашылық жүйесі тартуына байланысты капиталистік қатынастар дами бастады. Экспорттық дақылдар плантациялары, ірі қалайы рудниктері, банктер, сауда үйлері, қамсыздандыру және транспорттық компаниялары пайда болды. 1914-18 жылдары 1-дүние жүзілік соғыс кезінде тұтыну заттары шығарыла бастады. Жергілікті буржуазия мен жұмысшы табының қалыптасу ерекшеліктерінің бірі – 1939-45 жылдары 2-дүние жүзілік соғысқа дейін бұл таптар қытайлар мен үнді имигранттарынан тұрды. “Азияның ояну” Саравак дәуірінде ұлттық және таптық сана-сезім қалыптасып, ұлт-азаттық қозғалысы өрістей түсті. Россиядағы 1905-07 жылдарғы революциның және Қытай мен Үндістандағы буржуазиялық-демократиялық азаттық қозғалысының ықпалымен буржуазиялық- демократиялық ұйымдар пайда болды. Россиядағы Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін Малайзияда марксизм-ленинизм идеялары тарай бастады. 20 жылдары Малайяда маркстік үйірмелер мен демократиялық кәсіподақтар туды. Қытай мен Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалысының ықпалы күшті болды, әсіресе 1925-27 жылдары Қытай революциясының әсерімен Малайяда М. гоминданының революциялық комитеті, Жұмысшы-шаруалар қозғалысы сияқты ұйымдар құрылды. 1930 ж. Малайя Коммунистік партиясы (МКП) ұйымдастырылды. 1934 жылы Малайяда тұңғыш жаппай көтеріліс болып өтті. Екінші дүние жүзілік соғыс кезеңінде Малайя жерін жапон әскерлері басып алып, әскери-отарлық тәртіп орнатты. Елді жаппай жұмыссыздық пен аштық жайлады. Бұл кезде малайяда отаршылдарға қарсы қозғалыс өрістеп, 1943 жылы Малайя халықтарының антижапондық армиясы қалыптасты. Оған антижапондық азаматтық одақ көмектесті. Қозғалысты МКП басқарды. Ол Малайяның негізгі үш ұлтын “Үш жұлдыз қозғалысына” жұмылдырды. Жапония жеңілгенннен кейін (1945жылы 2 қыркүйек) антижапондық армия әскерлерін қарусыздандырып, өкіметтің демократиялық органдарын –халықтық комиттерді құрды. Саравактағы жапон басқыншыларына қарсы күрескен Антифашистік лига ұйымының негізгі ұйытқысы комунистер болды. 1943 жылдың ақырында Сабахта антижапондық көтеріліс болып өтті. 1945 жылы Малайя жеріне қайта оралған ағылшын отаршылдары бұрыңғы тәртіпті орнатуға тырысты. Демократиялық партиялар мен ұйымдарды қудалауға тырысты. 1946,1948 жылдардағы конституциялық реформаларға сәйкес Сингапур Малайядан бөлінді. Малайя ағылшын отары болып қалды да, 1946 жылы Малайя Одағы, 1948 жылы Малайя федерациясы деп аталды. 1946 Саравак пен Сабах Ұлыбританияның отарлар мин-лігінің қарауына көшті. 1948 жылы маусымда ағылшын өкіметі Малайя Федерациясындағы ұлт-азаттық қозғалысын қару күшімен басу мақсатымен елде төтенше жағдай енгізілді. МКП-ге және Бүкіл малайялық біріккен қимыл Советі құрған демократиялық ұйымдарға тыйым салынды. МКП астыртын жұмысқа көшіп, ағылшын өкіметіне қарсы партизан соғысын өрістетті. 1949 жылы февральда Малайя халықтарының Азаттық армиясы құрылды. Ағылшын отаршылдары партизандарға қарсы әскер шығарғанымен, феодал қорғайтын партияларға ғана емес (Біріккен Малайя ұлттық ұйымы, Малайяның қытайлық ассоциациясы, Малайяның үндістік конгресі, 1953жылы құрылған Үш партия одағы, 1957 жылы саяси блокқа біріккен Одақ партиясы), ұсақ буржуазиялық партияларға да рұқсат беруге мәжбүр болды. 1955 жылы Малайя Федерациясының Заң шығару советі сайлауында британ Ынтымағы көлемінде Федерацияның тәуелсіздігі жолында күресіп отырған Үш партия одағы жеңіске жетті. Үш партия одағының басшысы А. Рахман үкімет құрды. Бірақ экономиканың шешуші салаларында және саясатта ағылшын империализмінің ықпалы сақталып қалды. Малайядағы өкімет Одақ партиясы ұсынған саяси блоктың қолына көшті. 1956 жылы парламент сайлауында Одақ партиясы 104 орынның 73-не ие болды. А.Рахман жаңа үкімет құрды. 50-60 жылдары Сабах пен Саравакта саяси партиялар пайда болды. 1963 жылы 9 маусым Лондонда Малайя Федерациясының құрылуына байланысты британ Ынтымағы көлемінде Ұлыбритания, Малайя Федерациясы, Сингапур, Сабах және Саравак арасындағы келісімге қол қойылды. 1963 жылы 16 қыркүйекте Малайя Федерациясы жарияланды. Федерация құрамына солтүстік Калиманттанның қосылуына қарсы дауыс берген Индонезиямен, Филиппинмен сауда және дипломатиялық қатынастары үзілді. 1965 жылы Малайя үкіметі мен Сингапур арасындағы қатынастар шиеленісе түсті. 1965 жылы 9 тамызда Сингапур Федерациясы құрамынан шықты. 1968 жылы Малайя Халық қозғалысы партиясы мен Малайя ұсақ буржуазиялық Мархаэншілдер партиясы пайда болды. 1969 жылы Батыс Малайяда өткен сайлаудан соң малайя мен қытай қауымдағы арасындағы ірі қақтығыстарға байланысты Малайядағы төтенше жағдай енгізілді (1971жылы жойылды). 1970 жылы Шығыс Малайядағы (Саравак пен Сабахта) сайлауда Саравактың Біріккен халық партиясы блогы мен Одақ партиясы жеңіске жетті. Ұлыбритания мен арадығы 1957 жылғы соғыс және өзара көмек келісімі күшін жойған соң 1971 бесжақты келісімге қол қойылды (Австрия, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Малайя және Сингапур). 60-жылдардың 2-жартысынан Малайя жаңа бағыт - бейбіт қатар өмір сүру және бейтараптық саясатқа көшті. 1970 жылы премьер-министр Абдул Разак Оңтүстік- Шығыс Азияны бейтараптандыру жоспарын ұсынды. Сыртқы саясаттағы бұл жаңа бағыт, әсіресе Малайяның СССР-мен және т.б. социалист елдермен арадағы қарым-қатынасынан айқын байқалды. Малайя мен СССР арасында дипломатиялық қатынас орнады (1967жыл 3 апрель.),сауда келісімдеріне қол қойылды; 1969 жылы Куала-Лумпурде тұңғыш сов.өнеркәсіп-сауда көрмесі ашылды. Малайя сондай-ақ Болгария, Венгрия, Польша, ГДР,ВДР,КХДР және т.б. соц. Елдермен дипломатиялық және сауда қатынастарын орнатты. 1972 жылы Малайяның премьер-министрі А.Разак СCСР-ге келген сапарында СССР мен Малайя арасындағы экономикалық және техникалық, мәдени және ғылыми байланыс жөніндегі келісімдерге қол қойды.
Саяси партиялар мен кәсіподақтары. 1974 жылы мынадай негізгі партиялар болды: Малайя Одақ партиясы, 1952 жылы құрылды. Малайядағы малайя, қытай, үнді феодалдарының мүддесін көздейді. Халық-прогрестік партиясы, 1955 жылы негізі қаланды; Ислам партиясы,1951 жылы құрылды. Әлеуметтік әділет партиясы (Пекемас), 1971 жылы құрылды.малайя Коммунистік партиясы (МКП), 1930 жылы құрылды, 1948 жылдан астыртын жұмыс істейді; Саравак ұлттық партиясы, 1961 жылы құрылды; Сабах одақтық партиясы, 1962 жылы құрылды. 1969 жылы 260 кәсіподақ ұйымы тіркелді. Негізгі кәсіподақ орталығы- Малайя кәсіподақтарының конгресі, 1949 жылы негізі қаланған. 100-ден аса кәсіподақты біріктіреді.
Экономикасы. Ұзаққа созылған отарлық езушілік Малайяның халық шаруашылығына әсер етпей қалмаған, ол осы күнге дейін негізінен шетел капиталына тәуелді. Шаруашылығынығ негізі –каучук, ағаш материалдары, майлы және кокос пальмасының және ауыл шаруашылығының өнімдерін, минералдық шикізатты экспортқа шығару. Мемлекет шаруашылықтың дамуын жоспарлауға әрекет жасауда. 1966-1970 жылдары ұлттық табыс 6,5% артты. Мемлекеттік сектор біртіндеп ұлғаюда. Өнеркәсіпте және экономиканың басқа салаларында шешуші позицияны шетелдік (көбінесе ағылшын, американ, жапон фирмалары) капитал ұстап отыр.
Ауыл шаруашылығының үлесіне жалпы ұлттық өнімінің үштен-бірдейі тиеді. Ауыл шаруашылығының ең маңызды саласы –каучук өндіру. 1972 жылы каучукты өсімдіктің жер көлемі 2 млн. га, ал оның өнімі 1345 мың тонна болды (дүние жүзі бойынша өндірілген табиғи каучуктың 44%-і). Екінші маңызды дақылы майлы пальма (370 мың га 658 мың тонна май, 1971). Кокос пальмасының өнімдерін, ананасты, бұрышты экспортқа арнап өндірудің маңызы зор. Негізгі азықтық дақылы- күріш (552 мың га, 1005 мың тонна өнім). Овощь, түрлі жемістер, темекі, шай өсіріледі. Мал шаруашылығы нашар өркендеген. Жағалау маңындағы судан жылына 400 мың тонна балық ауланады.
Малайяның қазіргі экономикасы,- “Asiaweek” сарапшылары жылына 8,9 % деп бағалайды,-шарықтай өсуді бастан кешірулі. Аумағы Қырғыстаннан сәл ғана үлкен, 19 млн. халқы бар ел электронды өнеркәсіп үшін микроплат, микропроцессор және басқа да компоненттер жөнінде аса ірі өндірушінің бірі болып отыр. Оның тұрмыстық техникалары (салқындатқыштар, теледидарлар, телемониторлар және т.б.), сондай-ақ автомобильдер мен басқа да тауарлары дүниежүзілік нарықта өз сатып алушыларын сенімді түрде табуда. Соңғы 12 айда экспорттың жалпы көлемі 58,1 млрд. АҚШ долларын құрады (салыстыру үшін –сондай мерзім ішіндегі Ресей экспорты- 38,1 миллиард АҚШ доллары). Сарапшылар 1995 жылы тек қана электрондық және электротұрмыстық өнімдер экспорты 34,2 миллиард АҚШ долларына дейін (1994 жылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Малайзия экономикасы
Малайзияның туристік орталықтары жайлы
Малайзия туралы
Махатхир Мохамад бастаған үлкен жол
Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі рекреациялық туризмнің дамуы
Малайзияның туристік орталықтары
Венгрия
Малайзия мемлекетіндегі туризм
Қазақстан мен Малайзия арасындағы диломатиялық қатынастар 1992 жылдың 12 наурызында орнатылды
Малайзияның этносаяси құрылымының қалыптасуы және этносаралық жағдайы
Пәндер