Бастауыш сыныптарда интербелсенді әдістерін қолдану


Бастауыш сыныптарда Интербелсенді әдістерін қолдану
Жоспар:
- Интербелсенді оқыту дегеніміз не?
- Интербелсенді оқудың шарттары.
- Интербелсенді сабақтың құрылымы.
- Бастауыш сыныптарында Интербелсенді әдістерінің түрлері.
Кіріспе
ҚР ның Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2007 жылдың 1 қыркүйегінде Білім күнін интербелсенді сабақ түрінде өткізуі Елбасының интербелсенді әдістеменің тұлғаны дамыту мен маман қалыптастырудағы ерекше маңызын баса көрсеткендегі деп түсіну керек.
Интербелсенді оқыту ұғымы жан-жақты, кең мағыналы болғандықтан, оның философиясы мен әдістемесін көптеген оқыту жүйелерінен көруге болады. Олардың қатарына біздің еліміздің педагогикалық жұртшылығы, арасында кеңінен танымал педагогикалық қолданыста жүрген «Модульдік оқыту технологиясын» және де басқа жобалармен бағдарламаларды жатқызуға болады.
Таным әрекетерін ұйымдастырудың арнаулы әдістемесі ретінде интербелсенді оқыту білім игеру процесіне қатысушылардың тиімді қарым қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген «Interactiv» сөзіде осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act», «әрекет жасау» дегенді білдіреді. Яғни Интербелсенді әдістер үйренуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер.
Басқаша айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян қолтық қарым қатынаста болуы, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Ал «интербелсенді оқу» дегеніміз өзара қарым қатынасқа негізделген оқу, диалог арқылы үйрену немесе үйретуші форматтарында жасаған қарым қатынас (әңгіме, сұхбат, пікірлес, бірлескен әрекеттер жатады)
Интербелсенді оқу білім игеру процесін келесідей ұйымдастырғанға ынталы.
- Барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау.
- Әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау.
- Үйренушілер білімді өздігімен құрастыратын орта құру.
Интербелсенді оқыту әрекетпен және әрекет арқылы оқыту, ал мұндай ұстаным қомақты нәтижелерге жеткізетін ең тиімді жүйе деп есептелінеді, өйткені адамның жадында бірінші мезетте тек өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасағаны ғана қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций былай деген екен: «маған айтып берсең-ұмытып қалам, көрсетсең есімде сақтармын, ал өзіме жасатсаң-үйренемін деген екен». Сол себептіде интербелсенді оқыту үйренушілердің оқу процесіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары мен тәсілдері ретінде таниды. Сондықтанда интербелсенді оқыту оқу процесінің тиімділігі мен нәтижелігін үйренушілердің есте сақтау дәрежесімен өлшемей, олардың әрекеттерімен бағалайды, тек әрекет арқылы ғана үйрену ықтимал деген қағида ұстанады.
Интербелсенді оқытудың негізгі қағидалары мен мақсаттары
- Білім алушы оқып/үйренуде өз әрекеттерінің жемісті екендігін сезінеін жағдайлар жасау;
- Үйренушілер арасында ашық, еркін, шығармашылық қарым-қатынас орнату;
- Үйренушілерге білімді дайын күйде бермей, оны ізденуге бағыт-бағдар сілтеу.
- Үйренушілерге білімнің өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде меңгерілетіндігін дәлелдеу
- Үйренушілерді белсенді әрекеттерге баулып, олардың білім игеру ірекеттерін ұйымдастыру.
- Үйренушілердің дайын жауаптарын қанағат тұтпай, оларды ой толғаныс арқылы өзіндік пікір құрастыруға, проблема шешуде өзіндік тұрңыдан жауап табуға ынталандыру (егер оқушы жауап бере алмаса, дұрыс жауапты өзі бермей, оны басқа оқушының табуына ықпал жасау) ;
- Үйренушілерге сыни және аналитикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру (күмәндану, өзіндік түсінікке ұмтылу, ақпараттан әртүрлі мағынаны көре білу, дәлелдеме келтіру) .
Интербелсенді оқуда білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді
- терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;
- өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;
- ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алу;
- ақпаратты жан-жақты талдау;
- өздігмен жаңа түсінік пен білім құрастыру;
- оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып, белсенді өмірлік позиция ұстану;
- пікір таластарға қатысып, өз ойымен пікірін дәлелдеу;
- басқада балама пікірлерді ескеру;
- шешім қабылдау және қиың мәселелерді шешу;
- ортақ жұмысқа жұмыла білу;
- басқалармен тиімді қарым қатынас құру, өз ара әрекеттесу;
- үйренушілер ұжымына ортақ бірлесе жұмыс жасаудың рухани және моральдік ережелерді қабылдау;
- студенттік топты ұжым ретінде қабылдау.
Бұл біліктер тұлғаның тұрақты қасиеттеріне айналып, тек оқушылардың сыныпта орын алып қана қоймай, сонымен бірге өмірдің басқа да жақтарынан тиянақты түрде көрінеді.
Интербелсенді оқудың шарттары
Интербелсенді оқу дәстүрлі оқытудың негізгі идеялары мен ұстанымдары болып келге авторитарлық пен үстемдікті, үйретушінің мызғымас беделін, монологты, сырттан күштеуді демократиялық коммуникациямен алмастырады.
Іскерлік пен ынтымақтастыққа, үйренушілердің мүдделері мен қызығушылығын ескеріп, өзара сыйласымдылық пен тәуелділікке, бірлескен іс-әрекеттерге негізделген мұндай қарым қатынас үйренушілерге саналы және ерікті түрде білім ауқымын айқындап, оқу үйренудің нысандары мен әдістерін өздігімен таңдау мүмкіншілігін беру арқылы олардың өз біліміне деген жауапкершілін нығайтады. Сол себепті интербеленді оқуда келесі шарттарды қадағалау міндетті деп тану керек;
- жағымды психололгиялық орта орнату;
- үйренушілерде білім игеруге деген қызығушылықты (мотивация, ынта, ұмтылыс) тудыру;
- білім игеруде үйренушілерді сәттілікке бағыттау;
- білім игеру процесін коммуникативтік процесс деп түсініп, бірлескен әрекеттерді қолдау.
Интербелсенді оқуда үйренушілер қомақты нәтижелерге өзара қарым қатынас пен әрекеттесу, бірлескен әрекеттер арқылы жететіндігін біледі, сол себепті де олар үйренудің нәтижесіне деген өз жауапкершіліктерін түсінеді. Сондықтан мұндай сабақтарда жағымды психологиялық климаттың, сенім атмосферасының алатын орны аса маңызды. Инербелсенді оқытуда оқытушы бұрынғыдай барлық күш жігерін үйретуге жұмсамай, оқушылардың бірлесе отырып, өздігімен білім алуына тиімді жағдайларды жасайды.
«Білім берудің басты мақсаты-ешкімге ұқсамайтын дербестігі, рухани әлемі, шығармашылық потенциалы бар адамның қалыптасуы мен дамуы үшін орта құру»(С. Мирсеитова)
Бұл секілді ортада бірінші кезекте жағымды психологиялық климт құрылады, яғни оқушылар сынып ішінде тұлғаның жан жақты дамуы, бірлескен өнімді әрі тиімді жұмыс жасауына қолайлы тұлға аралық қатынастар мен жағдайлар жасалады.
Жағымды психологиялық климат сынып құрамына кіретін үйренушілердің еркіндігін меңзейді. Бұл еркіндік өзара сыйласымдық, жолдастық, бір біріне бейімделу және бөтен пікір мен көзқарастарды жағымды тұрғыдан қабылдау мен оларды түсінуге деген ұмтылыстан, оларға төзе білуден тұрады. Оқышулар тек осындай жағдайда ғана оқу үйрену процесі тиімді сипат алатындығын түсінуі керек. Жағымды психологиялық климат құру-әр сабақтың және жалпылама алғанда бүкіл білім игеру процесінің басты мақсаты. Үйренушілер әр сабақта жағымды атмосфераны орнатуға ұмтылу-жақсылық пен ізгілік нышаны деп түсінгені абзал.
Жағымды психологияық климат құру үйретуші мен әрбір үйренушіден келесі ережедерді сақтауды талап етеді:
1) Үйрену процесіне қатынасушылардың әрқайысымен өзара сыйластыққа негізделген жеке қарым қаатынас орнатуға мүдделі болу.
Сыйластық қарым қатынасты оқу процесінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл өміріміздің мәні мен мағынасы деген философиялық түйін ұстанып, осындай жүздесуді сабақтың негізіне айналдыру керек.
2) Қарым қатынаста қысымынан бас тартып, «жұмсақ» әдістерді қолдану.
3) Әрбір үйренуші мен бүкіл топ жұмысына көмекпен жәрдем жасау, қол ұшын беруге дайындық.
4) Әрбір пікірді тыңдай білу, оны сыйлау және онымен санасу.
5) Жағымды әртүрлі тәсілдер мен құралдарды қолдану арқылы үнемі жаңалықтар енгізіп отыру.
6) Жұмысқа әртүрлі тәсілдер мен құралдарды қолдану арқылы үнемі жаңалықтар енгізіп отыру.
7) Шығармашылыққа негізделу, шығармашылық тұрғыдан қатысушылардың ашылуына мүмкіндік беру.
Шығармашылық дегеніміз жаңалық ашу. Әр сабақта оқушы біреудің айтқаның қайталамай, жаңалық жасауға, ашуға ынталандырып отырған абзал.
Жағыды психологиялық климат құруда бастауыш сыныптарында сабақ басында(қажет болған жағдайда сабақ ортасында) оқушылардың көңілін көтеру үшін және олардың назарын сабаққа аудару мен жұмысқа ынталандыру иақсатында ойсергектер (немесе кейде ойашар депте аталады) қолданған тиімді. Ойсергектер оқушыларды еркін сезіндіріп, оларды секемдік пен сенімсіздіктен арылтудың тиімді амалдары болып табылады.
Қызығушылықты тудырудың кейбір тәсілдері
1) Қызықты оқиға сипаттап беріңіз
2) Қандайда бір талқыланған мәселе бойынша оқушылардың пікірін білу үшін олардың қол көтеріп, дауыс беруін сұрау керек.
3) Сұрақ қойыңыз.
4) Уәде беріңіз.
5) Оқушыларды күлдіріңіз
6) Даулы немесе басқалардың көзқарасына қарама қарсы пікір айтыңыз.
7) Әдеттен тыс мәліметтер келтірініз.
8) Көрнекіліктер мен үлестірмелі материалдарды қолданыңыз.
9) Оқушының шешімін қажет ететін проблемалық ситуацияны суреттеңіз.
Интербелсенді сабақтың құрылымы.
Барлық дерлік оқыту жүйелері, жобалар және технологиялары сабақтың үш кезеңдік құрылымын ұстанады.
Бұл ұстаным Г. Гегельдің диалектикасынан бастау алатындығы сөзсіз. Адам өз санасындағы ұғымдардың барлығын да обьективтік деңгейге дейін жеткізеді дейтін бұл диалектикалық ілімге сәйкес, біздің түсініктеріміз үш кезеңнен тұрады: тезис, антитезис, синтез. Таным процесінде біз әлем туралы қандайда болмасын түсінік қалыптырсақ, міндетті түрде оған қарама қарсы тұжырымда табылады. Сол себептіде обьективтік білім алуымыз үшін, біз ой толғаныс арқылы тезис пен антитезистің қажетті жақтарын салғастыра келе, орта мағынаны табуымыз керек. Гегельдің пайымдауы бойынша, екі қарама қарсы тұжырымдар мен пікірлердің тоғысуынан шынайы түсінік пен білім пайда болады.
Жан Пиаже балалардың ойлау ерекшеліктерін анықтайтын тәжірбиелерден олардың ойлауы үш кезеңнен тұратындығын байқаған: «Бірінші кезеңде балалар өзінің көзқарасын келтіреді, екінші кезеңде басқалардың көзқарастарын жақтайды, ал үшінші кезеңде тіпті қарапайым заттарды да ескере отырып, салыстырмалы көзқарас таңдайды. Сонымен бұл процесс ойдың бірте бірте әлеуметтендіру процесіндей болады: алдымен таза эгоцентризм, одан кейін әлеуметтендіру және аяғында толық обьективтендіру . . . Бұл үш кезең біздің ұғымымыздағы ойлаудың да үш кезеңін көрсетеді: трансдукция, қарапайым дедукция және толық дедукция»
Сонымен Гегельдің және Ж. Пиаженің ілімдеріне сүйене отырып, таным және ойлау процестері үш кезеңнен тұрады және олар біртұтас құбылыстың, қозғалыстың бір бірімен тығыз байланысты, бір бірінен туындайтын және бір бірінсіз қызмет жасамайтын ажырамас бөліктері болып табылады деп ұйғаруға болады,
Таным кезеңдері
Гегельдің диалектикасы бойынша
Ойлау кезеңдері
Ж. Пиаже бойынша
Интербелсенді тәсілдердің сабақ кезеңдерінде қолданылуы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz