Лениннің қоғамдық көзқарастары


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны.

І. Кіріспе . . . 3

ІІ. Негізгі бөлім.

  1. Тарау. Лениннің қоғамдық көзқарастары.

1. 1. В. И. Ленин және марксизм ілімі . . . 7

1. 2. В. И. Ленин теоретик және практик . . . 18

ІІ тарау. В. И. Ленин мемлекет басшысы ретінде.

2. 1. Мемлекет құрудағы В. И. Лениннің стратегиялық қабілеті . . . 30

2. 2. Халықшаруашылығы мәселелерін шешудегі . . .

В. И. Лениннің қызметі . . . 41

ІІІ. Қорытынды . . . 50

Кіріспе.

Владимир Ильич Ульянов (Ленин) 1870 жылы 22 апрельде Симбирск қаласында туды.

Ленин орыстың интеллигенттік семьясында өсті. Әкесі, Илья Николаевич, Симбирск губерниясының халық училищелерінің инспекторы, ал кейін директоры болды. Мещандардан шыққан бұл кісі көп жыл бойы сіңірген еңбегі үшін дворян атағын алды. Оқу-ағарту ісі саласында И. Н. Ульянов өз заманына қарағанда озат көзқарастарды жақтады. Еңбек сүйгіш, табанды, езіне де, басқаларға да қатаң талап қоятын И. Н. Ульянов осы қасиеттерді өз балаларына да сіңіруге тырысты. Лениннің анасы, Мария Александровна, білімді, ерік күші мол және берік мінезді адам еді. Бұл кісі өзінің балаларын адал, білімді, идеялы адамдар етіп тәрбиелеуге тырысты.

Ульяновтардың балаларының бәрі революционерлер болды: тұңғыш баласы Александр - народоволец; қалғандары, ерте өліп кеткен Ольгадан басқасы, - Анна, Владимир, Дмитрий, Мария - коммунистер болды.

Ленин еті тірі, бала болып өсті. Ол бес жасында оқуды үйренді; тоғызында - Симбирск гимназиясының. бірінші класына түсті. Владимир Ильич ерекше зерек болды, сабаққа мұқият қарады, өте жақсы оқып, кластан класқа өткенде наградтар алып отырды.

Ленин өзінің бала шағы мен жасөспірім шағын Поволжьеде өткізді. Ол осы жерде еңбек адамдарымен араласып, шаруалар мен қала кедейлерінің қайыршылығын, қараңғылығын, правосыздығын көрді. Жасөспірім кезінде-ақ ол халық бұқарасының наразылығы мен ашу-ызасының өсіп келе жаткандығын байқап, таптық және ұлттық езгіні жек көретін.

Лениннің жасөспірім шағы Россия тарихындағы ең қара түнек дәуірлердің бірінде өтті. 1881 жылы народоволецтер Александр II патшаны өлтіргеннен кейін патша өкіметі самодержавиеге, жартылай крепостниктік құрылысқа наразылық атаулының бәрін қатал түрде басып тастап отырды, полициялық режимді барлық шаралармен нығайтуға тырысты.

Ленин айналадағы өмірдің жай-күйін ерте ойлана бастады. Ол көп оқыйтын және Россияның революциялық-демократиялық әдебиетіндегі таңдаулы шығармалардың бәрін жас кезінде-ақ оқып шыққанды. Ленин 14-15 жасында орыс рtволюционер-демократы Н. Г. Чернышевскийдің «Не істеу керек?» деген романымен танысты, бұл роман оған әсер етті. Ол В. Г. Белинскийдің, Н. А. Добролюбовтың, Н. А. Некрасовтың, Д. И. Писаревтің шығармаларын жақсы білді және жоғары бағалады. Орыстың революцияшыл демократтарының идеялары жас Лениннің қоғамдық көзқарасының қалыптасуына үлкен әсер етті.

1885 және 1886 жылдары Петербург университетінде оқып жүріп жазғы каникулға келгенінде Александр К. Маркстік «Капиталын» ала келді. Ленин осы шығармамен сол кездің өзін-де таныса бастаған болатын.

Гимназияиың жоғары кластарында-ақ Ленин революциялық пікірде болды. Бұл пікір оның мектептегі шығармаларынан да көрініп жүрді, осы үшін ол бір жолы гимназия директорынан ескерту алып қалды. Директор оның шығармасын қайтарып беріп жатып: «Сіздің осында езілген таптар деп жазғаныңыз кімдер өзі, бұл жерде оның қандай қатысы бар?» деді қиқтанып.

1887 жылы көктемде Ульяновтар семьясы үлкен қайғыға кез болды: Александр III патшаға қастандық жасау дайындығына қатысқаны үшін Александр Ульянов-1 мартта Петербургте қамауға алынды. Осымен бір мезгілде Петербургте оқыйтын апасы Анна да қамалды. 8 майда Александр Ульянов қастандыққа қатысқан басқа адамдармен бірге Шлиссельбург қамалында өлтірілді.

Ағасын патша жендеттерінің өлтіруі Лениннің революциялық жолмен кетуге бекіген шешімін бұрынғыдан бетер қатайтты. Бірақ Ленин самодержавиеге қарсы күрестің народоволецтер таңдаған жолын қате жол деп, мақсатқа жеткізбейтін жол деп санады.

Ленин гимназияны алтын медальмен бітірді де, 1887 жылы августа Қазан университетінің заң фақультетіне түсті. Ол көп ұзамай алдыңғы қатарлы студенттермен байланыс жасап, студенттердің кұпия жерлестігінің ісіне белсене қатсты. Ленин студенттер арасында революцияшыл жастардың ұйымдастырушысы ретінде тез көзге түсті. Ол өзінің революциялық көз-қарастарын насихаттады.

Патша үкіметі университет кафедраларын реакционер-профессорларға қаптатып жіберді, студенттік ұйымдарды қуғынға салды. Студенттерге қатал бақылау қойылды. Полициялық қудалаулар саясаты студенттердің қатты наразылығын туғызды. 1887 жылы ноябрьдің аяғында Москвада студенттік толқулар бұрқ ете түсті; кейін мұның өзі басқа қалаларға да жайылды. 4 декабрьде Қазан университетінде де толқулар басталды. Сту-денттік жиындарға қатысқандарды жандармдардың жазалауына және революцияшыл студенттерді патша өкіметінің қуғынға салуына наразылық білдіру ретінде Ленин өзінің университетті тастап шығатыны туралы ректорға арыз берді.

Студенттердің революциялық қозғалысына қатысқаны үшін Ленин декабрьдің 4-нен 5-не қараған түні қамауға алынды.

5 декабрьде Ленин университеттен шығарылды, ал екі күннен кейін, 1887 жылы 7 декабрьде, полицияның астыртын бақылауымен, Қазан губерниясы, Кокушкино деревнясына жер аударылды. Ульяновтардың бүкіл семьясын жандармдар дамылсыз қадағалаумен болды.

Ленин осы кішкене, оқшау деревнясымақта бір жылға жуық болды. Ол көп оқыды, өз бетінше білімін арттыруға мықтап кірісті. Жасеспірім шағынаи-ақ оның жұмысқа өте қабілетті екендігі және жете ойланылған жоспар бойынша үнемі жұмыс істей білетіндігі көрінді.

1888 жылы октябрьдің басында Лениннің Қазанға қайтып баруына рұқсат берілді. Бірақ ол университетке алынбады. Оқуын аяқтау үшін шет елге баруына рұқсат сұрап Лениннің жазған өтінішіне қанағаттандырылмады.

Ленин Қазанда құпия революциялық үйірмелерге қатысушылармен танысты. Бұл үйірмелерде К, Маркс шығармаларының түп нұсқалары мен аудармалары, сонымен қатар Г. В. Плехановтың халықшылдыққа қарсы бағытталған еңбектерімен танысты.

Ленин 1888 жылы күзде Қазандағы марксистік үйірмелердің біріне кірді; мұны жұмысшы ісіне берілген, 1898 жылы Сибирь айдауында қайғылы қазаға ұшыраған революционер Н. Е. Федосеев ұйымдастырған еді. Ленин К. Маркс пен Ф. Энгельстің шығармаларын терең зерттеп, сенімі кәміл марксист болып алды. К. Маркстің «Капитал» еңбегі Ленинге ұмытылмастай әсер етті.

Ол кезде алдыңғы қатарлы жұмысшылардың және революциялық пікірдегі интеллигенцияның арасында халықшылдық қөзқарастар басым болды. Халықшылдар қоғамдық дамудың зандарын түсінбеді, Россиядағы капитализмді «қездейсоқ» құбылыс деп білді. Олар революциялық қозғалыста жұмысшы табының алдыңғы қатарлы ролін мойындамады, Россияда социализмге өту ісін шаруалық қауым арқылы жүзеге асыруға болады деп соқты. Патша үкіметі «Народная воля» партиясын талқандағаннан кейін халықшылдардың көпшілігі революциялық күрестен бас тартты. Олар патша үкіметімен татуласуды, келісімге келуді уағыздады, кулактардың мүдделерін жоқтап кетті.

Оның бержағында Россияда ұйымдасқан революциялық күреске қабілетті пролетариат түріндегі алдыңғы қатарлы қуатты күш құрыла бастады. 1861 жылы крепостниктік право жойылғаннан кейін Россияда өнеркәсіп капитализмі едәуір тез дамый бастады. Фабрикалар, заводтар, темір жолдар салынып, қалалар өсіп жатты. Фабрикалар мен заводтарда айуандық қанау мен озбырлық үстем болды. Жұмысшылар барған сайын капиталистерге қарсы күрестің жолына батыл түсе берді, стачкалық қозғалыс басталды. Капиталистермен ойдағыдай күрес жүргізу үшін ұйым керек екендігін алдыңғы қатарлы жұмысшылар түсіне бастады. Тұңғыш жұмысшы одақтары: «Оңтүстік россиялық жұмысшылар одағы» (1875 ж. ) және «Орыс жұмысшыларының солтүстік одағы» (1878 ж. ) пайда болды. БатысевропалыҚ жумысшы қозғалысының табыстары да Россиядағы революциялық қозғалысқа әсер етті. 1883 жылы шет елде тұңғыш рет орыстың марксистік тобы - Россияда марксизмнің тарауына негіз салған Г. В. Плехановтың бастауындағы «Еңбекті азат ету» тобы - құрылды. Осының ізінше Россияда да марксистік үйірмелер пайда бола берді.

Бірақ марксизмнің өзіне жол салуы зор қыйыншылықтарға түсті. Марксизм Россиядағы жұмысшы қозғалысының идеялық негізі болуы үшін жылдар бойы табанды күрес жүргізу керек болды. Ленин кейініректе былай деп жазды:

«Марксизмге, бірден бір дұрыс революциялық теорияға, Россия жан естімеген азаптар мен құрбаңдықтардың, жан көрмеген революциялық ерліктің, орасан жігердің, жан аямай ізденудің, практика жүзінде үйреніп, сыналудың, түңілушіліктердің, Европа тәжрибесін тексеріп, салыстырудың жарты ғасырлық тарихын шын басынан кешіріп барып жетті».

І Тарау. В. И. Лениннің қоғамдық көзқарасы.

1. 1. В. И. Ленин және марксизм ілімі.

Ол кезде Россияда маркстік ілімді жақтаушылардың саны мейлінше аз еді. Владимир Ильич орыстың тұңғыш марксистерінің бірі болды. Ол: марксизмнің теориясы революцияның жеңуі жолындағы күрестің құдіретті қаруы, ал жұмысшы табы - өзін және бүкіл халықты самодержавие мен капитализмнің езгісінен азат етуге қабілетті, ақырына дейін бірден-бір дәйекті-революциялық күш деп білді.

Қазанда революциялық жұмыстың жандануы жандармдарды үрейлендірді. 1889 жылы июльде Н. Е. Фе-досеев қамауға алынды. Лении қатысқан үйірме де талқандалды. Бірақ Ленин бұл жолы қайта қамалу-дан аман қалды. Бұған себеп, марксистік үйірмелер сәтсіздікке ұшыраудан екі ай бұрын, 1889 жылы 3 майда, Ульяновтар семьясы Қазаннан Самара губерния-сына көшіп кеткен еді. Ленин алғашқы кезде семьясымен бірге Самарадан (кәзіргі Куйбышев) 50 шақырым жердегі Алакаевка деревнясының жанындағы бір хуторда тұрды, ал 1889 жылдың күзінен бастап - Самарада тұрды. Бұл жерде де Ленинді және бүкіл Ульяновтар семьясын жандармдар дербес бақылап отырды.

Университетте оқу мүмкіншілігінен айрылған Ленин университеттік курске экстерн ретімен емтихан тапсыру үшін рұқсат алуға әрекет жасады. Бірақ патша үкіметі оның бұл өтінішін де қабылдамады. Ақырында, 1890 жылы кектемде Ленинге Петербург университетінің жанындағы заң факультетіне емтихан тапсыруға рұқсат етті.

Қыстың күні Самарада, жазда Алакаевка хуторында Ленин талмастан жұмыс істеді. Ол өзінің жұмыс тәртібін дәлме-дәл белгілеп алып, мұны ерекше дәл орындап отырды. Владимир Ильич бір жарым жылдың ішінде төрт жылдық бүкіл университеттік курсты өз бетінше оқып шықты. 1891 жылдың көктемі мен күзінде ол емтихан тапсыру үшін Петербургке барып қайтты. Барлық емтихан тапсырғандардың ішінде барлық пәннен ең жоғарғы баға алған тек сол болды; оған бірінші дәрежелі диплом берілді.

Ленин Петербургте марксистермен кездесті. Солардан марксистік әдебиет алып, оны Самараға әкелді.

1892 жылы январьда Ленин адвокаттар кемекшілерінің тізіміне енгізіліп, март айынан бастап Самара округтік сотында қорғаушы болып істей бастады. Оның қорғауындағылар көбінесе кедей шаруалар мен мастеровойлар болды.

Лениннің Самараға келген қарсаңында мұнда халықшылдардың ықпалында жүрген, революциялық пі-кірдегі оқушы жастардың бірнеше үйірмелері бар еді. Осы құпия үйірмелерде Ленин марксистік ілімді наси-хаттады, Қ. Маркстің «Философия бишаралығы» деген кітабы туралы реферат оқыды. Ленин сол кездегі бел-гілі халықшылдардың: Н. Қ. Михайловскийдің, В. П. Воронцовтың, С. Н. Южаковтың және басқа-лардың еңбектерін қатты сынады, бұлардың теріс, антиреволюциялық көзқарастарын әшкереледі. Ленин сол кездің өзінде-ақ марксизмді терең білуші еді. Са-мара үйірмелеріне қатысушылар өздерінің достарына жазған хаттарында Самарада бақылауда жүрген Улья-нов дейтін студент бар, ол өзі ақылы мен білімі жа-ғынан үздік адам деп хабарлайтын.

Ленин Самарада Маркс пен Энгельстің шығармала-рын онан әрі оқып-үйрене берді, үйренгенде көбінесе нөміс және француз тілдерінен үйренді, өйткені ғылы-ми коммунизмнің негізін салушылардың еңбектері орыс тілінде өте аз еді. Ленин Маркс пен Энгельстің «Қом-мунистік партияның манифесін» орыс тіліне аударды. Аударманың қолжазбасы Самара үйірмелерінде оқы-лып жүрді; қолжазба полициялық тінту қезінде жойы-лып жіберілген.

Маркстік теорияны кітап бетінше, дерексіз қабыл-дау Ленинге жат нәрсе болатын. Ол үшін қашан да марксизм өлі догма емес, революциялық қыймылға нақты жетекші болатын. Маркс- Энгельс іліміменқа-руланып алған жыйырма жасар Ленин Россияның экономикалық жағдайын тәптештеп зерттеді. Ол шаруа шаруашылығы туралы коптеген материалды, әсіресе земстволыіқ статистиканың мәліметтерін зерттеді. ДІа-руалар тұрмысымен тжелей танысу арқылы, ол өзініқ қорытындыларын практика жүзінде тексеріп отырды.

Ленин осы зерттеуінің нәтижелерін «Шаруалар тұр-мысындағы ж. аңа шаруашылық қозғалыстар» (1893 жылы көктемде жазылған) деген мақаласында - сақ-талып қалған әдеби еңбектерінің алғашқысында - баяндады; мүнда ол В. Постниковтың «Оңтүстік-орыс шаруасының шаруашылығы» деген қітабын сынады.

Ленин осы мақаласында, халықшылдық теорияға қарамастан, Россияда капитализмнің тоқтаусыз дамып бара жатқандығын, шаруалар шаруашылығының ішін- де терең экономикалық қым-қыйғаштықтың пісіп-жеті-ліп, тап қайшылықтарьшың пайда болғандығын, шаруалардың негізгі үш топқа - кедейлерге, орташа-ларға және кулактарға-^бөлініп отыріғандығын дәлел-деді. Бұл мақала орыс өмірінің аса шытырман мәселе-леріне анализ жасауға марксизмді жас Лениннің қандайлық шебер және өздігімен қолданғандығын көрсетеді.

Ленин осы мақаласын сол кездегі жария журнал-дардың біріне бастыруға әрекет жасады. Алайда, оны бастыра алмады. Мақала архивтерде 30 жыл жатты да, тек 1923 жылы табылып, жарияланды.

Ленин Самарада төрт жылдан артық түрды. Ол осында халықшылдарға қарсы алғашқы ұрыстарды жүргізді, рөволюцияшыл жастарға үлкен әсер еткен самаралық марксистік үйірмелерді ұйымдастырды. Ол Нижний-Новгородтағы, Владимирдегі, Петербургтегі марксистермен байланыс жасады, Владимир түрмесіне жабылған Н. Е. Федосеевпен хат алысып тұрды.

Бірақ пролетарлық қозғалыс орталықтарынан шалғай жатқан провинциялық Самарадағы іс Ленинді қанағаттандырмады. Ол өнеркәсіп пролетариатының қалың ортасына, кең революциялық күрестің аренасына баруға талпынды.

1893 жылы августа Ленин Самарадан Петербургке жүріп кетті. Ол жол-жөнекей Нижний-Новгородқа тоқтап, осындағы марксистік үйірмеде халықшылдарға қарсы баяндама жасады. Онан соң Ленин жол-жөнекей Москвада болды; ол бұл жерде де марксистермен байланыс орнатты.

1893 жылы 31 августа Владимир Ильич Петербург-ке - Ленин күрған революциялық марксистік партия-ның басшылығымен жұмысшы табының жанқыярлық күресінің арқасында пролетарлық революцияның бесі-гі болған, Россияның саяси орталығына келді.

Ленин Петербургке жұмысшы қозғалысының өр-леу қарсаңында барды. Қапитализмнің дамуы негізінде Россияда жұмысшы табы тез өсіп, пролетариаттың тап күресі күшейіп бара жатты. Жұмысшылар арасына марксизм идеялары ене бастады.

Марксистік үйірмелер көптеген ірі қалаларда: Пе-тербургте, Москвада, Харьковта, Киевте, Екатерино-славта, Нижний-Новгородта, Қазанда, Самарада, Одес-сада, Ростов-на-Дону қаласында, Тулада, Минскіде. болды. Бірақ бұлар жұмысшы қозғалысымен байланы-сы өте нашар, үсақ, бытыранды үйірмелер еді.

Ол кездегі марксистер социализмді жұмысшы қоз-ғалысымен біріктіру үшін жағдайлардың пісіп-жетіл-гендігін көрмеді. Бытыранды марксистік үйірмелерді мақсат пен күрес құралының бірлігі негізінде топтас-қан орталықтанған, тәртіпті ұйымға біріктіру міндеті-нің, оны марксистік теориямен қаруландыру және жү-мысшы табының саяси басшысы ету міндетінің күн тәр-тібіне қойылғандығын олар түсінбеді. Бұл міндетті бі-рінші болып түсініп, шешкен адам Ленин болды.

Ленин Петербургке барған бойда осы тарихи мін-детті шешуге кірісті. Сол кезде Ленин 23 жаста ғана еді, бірақ сол кездің өзінде-ақ ол әбден қалыптасқан тамаша білімді, жұмысшы табына жан-тәнімен беріл-ген, қорқу дегенді білмейтін революционер-марксист еді.

Ленин Петербургке келгенге дейін жұмысшы үйірмелерінде марксизмді насихаттау ісі елдің саяси өміріне және жұмысшы табының таяудағы міндеттеріне байланыстырылмай жүргізілуші еді. Орыс марксистері марксизмді елдің экономикалық және саяси жағдайын зерттеуге және түсіндіруге қолдана білмеді және практикалық революциялық қорытындылар жасай алмады. Ленин марксистердің Петербург тобын пролеариат арасында практикалық саяси жұмыс жүргізу жолына түсірді.

Марксизмді терең білудің, Россияның сол кездегі іл экономикалық және саяси жағдайына марксизмді қолдана білудің, жұмысшы табының жеңіп шығатындығына кәміл сенудің және ұйымдастырушылық үздік талантының арқасында Ленин Петербург марксистерінің нағыз басшысына айналды.

Г. В. Плеханов және оның «Еңбекті азат ету тобы» марксизмді тарату үшін көп еңбек сіңірді, халықшылдардың қате көзқарастарына соққы берді, сөйтіп олардың революцияшыл интеллигенцияның арасындағы

ықпалын әлсіретті. Бірақ халықшылдықты идея жағынан талқандау әлі тіпті аяқталған жоқ еді. Марксизмнің жауы болған халықшылдықты жеріне жеткізе талқандау міндеті Лениннің үлесіне тиді.

1893 жылы күзде Петербургтегі марксистік үйірмелердің бірінде Ленин «Рыноктер туралы дейтін мәселе жөнінде» реферат оқыды. Ленин осы рефератта капиталистік қатынастардың пайда болуы мен дамуын марксистік жолмен түсіндірді және Россияның шаруашылық тәртіптерін зерттеуге Маркстің теориясын қалай қолдану керек екендігін көрсетті. Ол мұнымен бірге Россиядағы капитализмнің даму мәселелері жө-нінде кейбір Петербург марксистерінің теріс көзқарас-тарын сынады; бұл марксистер капитализмнің прогрес-тік сыйпатын мойындай отырып, капиталистік қай-шылықтарды, капитализм тұсында еңбекші бұқараныд қайыршылығы мен күйзелісі күшейетінін ескермеді жә-не пролетариаттың белсенді революциялық күресінің маңызын түсінбеді. Халықшылдықпен күресу үшін Петербург марксистерін теория жағынан қаруланды

Лениннің 1894 жылы январьда Москвада, өзінің туыстарына келген жолы болған кұпия мәжіліс кешіндегі сөзі де халықшылдыққа қарсы күресте елеулі роль атқарды. Ленин либералшыл халықшылдардың көсемшелерінің бірі Воронцовқа қарсы шығып, оның көзқарастарын өлтіре сынады.

Жастардың марксист бөлегі жеңіс салтанатын құрды».

Москва марксистерін топтастыру үшін Лениннің келуінің үлкен маңызы болды. Ленин Москвадан Нижний-Новгородқа барды, онда да халықшылдарға қарсы өзінің рефератын оқыды.

Бірақ жеке халықшылдарға қарсы ауызша шығып сөйлеудің бір ғана өзі жеткіліксіз еді. Халықшылдықты белгілі бір бағыт ретінде тұтасынан талқандау керек болды. Мұның тағыда бір қажет болған себебі, либералшыл халықшылдар, әсіресе олардың басты теоретиктері мен публицистерінің бірі Михайловский, 1893 жылдың аяғында өзінің жария журналы «Русское Богатствода» марксизмге қарсы жорық ашты.

1894 жылы көктемде және жазда Ленин өзінің: ««Халық достары» деген не және олар социал - демократтарға қарсы қалай күреседі?» деген атақты кітабын жазды. Ленин осы шығармасында марксизмнің үздік теоретигі ретінде, жалынды революционер және жұмысшы табы ісінің шабытты күрескері ретінде танылды.

Лениннің кітабында халықшылдық, оның дүние тануы, экономикалық көзқарастары, саяси платформасы және тактикасы толық және аяусыз сыналған.

Халықшылдар, қоғам дамуының заңдылығын түсінбей, жеке «үздік» адамдардың қалауына сай тарихтың барысын өз еркінше бағыттауға болады деп ойлады. Ленин осы субъективистік көзқарастарды талқан-дады, қоғам өмірін материалистік жолмен түсінуді бұл көзқарастарға қарсы қойды. Ол тарихтың барысы экономикалық дамудың объективтік заңдарына байланысты екендігін, адамдардың санасы, идеялары және әдет-ғұрыптары қоғамның материалдық өмірінің жағдайларына байланысты екендігін көрсетті. Тарихта халық бұқарасының ролін жоққа шығарған субъективистерге қарама-қарсы, Ленин тарихты жасаушы нақ халықтың өзі екендігін, жеке адамдардың әрекеттері таптардың әрекеттеріне барып тірелетіндігін, қоғамның дамуын осы таптардың күресі белгілейтіндігін баса көрсетті.

Россияда капитализмнің дамуын жоққа шығарып, жұмысшы қозғалысына елеулі мән бермей, 90-шы жылдардағы халықшылдар шаруалардың бишаралық халін және күйзелуін, деревнядағы тап күресін, кулактардың кедейлерді қанауын бүркемеледі және кулак шаруашылығын мадақтады. Олар өздерінің барлық үмітін буржуазиялық-помещиктік құрылысқа қарсы күреске емес, патша үкіметінің қайырымдылығына арт-ты, олар патша үкіметі самодержавиені және жерге помещиктік меншікті сақтай отырып, шаруалардың жағдайын жақсарта алады деп дәмеленді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Марксистік философия тарихы
Орыс философиялық ойлары
Маркстік философияның шығу тегі
Шығыс Қазақстан шекарасының және әкімшілік территориясының қалыптасуындағы қоғам қайраткерлерінің рөлі (ХХ ғасырдың 20-30 жылдары)
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
В. И. Ленин
Мемлекет және құқық теориясының пәні жайында
ХІХғ. ІІ жартысы мен ХХ ғ.І жартысындағы Ресейдегі саяси ойлар
Тоталитарлық жүйенің қазақ халқы және оның зиялы қауымы үшін зардаптары
Маркстік философияның пайда болуы мен алғышарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz