1-сынып оқу үдерісінде қазақ тілі мен математиканы байланыстырып оқытудың тиімділігін анықтау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Бастауыш сыныпта пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері

1.1 Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың педагогикалық. психологиялық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 1.сыныпта қазақ тілі мен математика пәндерін байланыстыра оқытуды жүзеге асыру жолдары ... ... ... ... 17
2 1. сынып оқу . тәрбие үдерісінде қазақ тілі мен математика пәндерін байланыстыра оқытудың әдістемесі
2.1 1. сыныпта қазақ тілі мен математиканы оқыту барысында пәнаралық байланысты қалыптастыру ерекшеліктері ... ... ... 35
2.2 Жаңа технология элементтері арқылы пәнаралық байланысты жүзеге асыру мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ..50
2.3 1.сыныпта қазақ тілі мен математика пәндерін байланыстыра оқытуды ұйымдастыру әдістемесі ... ... ... .56

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ...65

Әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын, 2020 жылға қарай Қазақстандағы балаларды біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды., - деген болатын [1].
Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекетіміздің болашақ дамуына арналған «Қазақстан – 2030» бағдарламасында жоғарғы білімнің сапалылығы, адамсүйгіштігі және ғаламдануы арқылы мәдениет жасауға, интеграцияға ерекше мән бергені белгілі [2].
Еліміздің егемендік алуымен байланысты әлеуметтік - экономикалық салаларымыздың барлық жақтарында жаппай өзгерістер, жаңа бастамалар серпінді қадамдар жасалып жатыр. Білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы, өндіріс пен қоғамдық дамудың жаңару барысына тікелей ықпал жасайды. Осы орайда мектептің оқу - тәрбие үрдісінің пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырылуы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуы, адамның интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзінің де бірлігін, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді. Мектеп оқушылары жекеленген пәндерден алынған білімдерін тұтас біріктіріп қабылдай алмайды. Оның негізгі себебі, олар бір-бірімен байланыста, сабақтастықта қарастырылмайды. Осының нәтижесінде оқушыларда тұтас көзқарастың туындауына қиындық туғызады. Сондықтанда оқушы санасына дұрыс көзқарас қалыптастыру үшін мектептегі оқу пәндері арасындағы пәнаралық байланысты анықтап, дұрыс пайдалана білу қажеттігі туады.
1 Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты Алматы: //«Ақиқат» №1, 2013. - 18-19.
2 Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекетіміздің болашақ дамуына арналған «Қазақстан – 2030»
3 Төлеубекова Р.К. Бастауыш класс оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халықтық педагогиканың озық дәстүрлерін пайдалану: дисс. .., пед. ғыл. канд. Авторефераты. – Алматы, 1994. – 24б.
4 Бейсенбаева А. А. «Педагогика курсының лекциялары мектептегі оқу тәрбие процесіндегі пәнаралық байланыс» Алматы Абай атындағы КазПУ 1991.-245 б.
5 Коменский Я.А. Избр. пед. соч.: в 2-х т., Москва,1982, Т.1, 656 с. Т. 2-5
6 Локк Д. Как воспитать настоящего человека.-Минск, 1978, 288 с.
7 Песталоцци Педагогическое наследие. — Москва: Педагогика, 1989. — 416 с. — ISBN 5-7155-0164-4
8 Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. – Алматы, 1994. – 285 б.
9 Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш//Бес томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Алаш, 2003. – 1 т. – 188-226 б.
10 Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
11 Жұмабаев М. Шығармалар жинағы. 3–том. Аудармалар, ғылыми еңбек, мақалалар. – Алматы: Жазушы, 2005. –232 б.
12 Кедров В.М. Большая советская энциклопедия : в 30 т. / гл. ред. А. М. Прохоров. — 3-е изд. — М. : Советская энциклопедия, 1969—1978,2198 б.
13 Бектеньярова А.Р. Межпредметные связи как условие активизации познавательной деятельности учащихся: Автореф. канд. пед наук.- А, 1993.– 73
14 Толстой Л. Н. // Литературная энциклопедия / Под ред. А. В Луначарского. — М.: Гослитиздат, 1939. — Т. XI. — 824 с.
15 Ушинский К.Д. Собрание соч.: В 3т. - М.-Л.: АПН РСФСР, 1948. - 656с.
16 Чернышевский Н. Г. Основое усвоить на уроке. Кн. для учителя - М.: Просвещение, 1987. - 192с.
17 Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігі. -Алматы. Жауапты ред. Айтмамбетова Б.2000. - 185 б.
18 Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігі. -Алматы. Жауапты ред. Айтмамбетова Б.2000. - 203 б.
19 Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігі. -Алматы. Жауапты ред. Айтмамбетова Б.2000. - 256 б.
20 Алтынсарин Ы., «Қазақ хрестоматиясы»А.,-1986.-56 б.
21 Аль-Фараби. О разуме и науке. Алма-Ата, 1975.125 с.
22 Философский энциклопедический словарь./ Под ред. Л.Ф. Ильичева и др. - М.: Советская энциклопедия, 1983. - 839с.
23 Жүсіп Баласағұни., Құдатғу білік. А, 1990, 60-68 б.
24 Ушинский К.Д. Собрание соч.: В 3т. - М.-Л.: АПН РСФСР, 1948. Т.2. -2
25«Қазақстан Республикасының бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты».,- А., 2006ж
26 Сабыров Т. «Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары» Алматы Мектеп 1978 ж. 110 бет.
27 Бейсенбаева А. А. «Педагогика курсының лекциялары, мектептегі оқу тәрбие процесіндегі пәнаралық байланыс» Алматы Абай атындағы КазПУ 1991
28 Жұмабаев. Педагогика. Алматы. «Рауан», 1993. 154 б.
29 Мұсабеков О. «Пәнаралық байланысты жүзеге асыру» Қазақстан мектебі, 1989 ж. №13 49 – 50 б.
30 Сабыров Т. «Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары» Алматы Мектеп 1978 ж. 213 б.
31 Скакун В. Новая образовательная парадигма и контекстное обучение.– М., ИЦ ПКПС, 1999.– 84 с.
32 Абдрасилов А. Пәнаралық байланыс арқылы тұлғаны қалыптастыру. «Бастауыш мектеп» 2004ж.№12 50-51б.
33 Бейсенбаева А. А. «Педагогика курсының лекциялары, мектептегі оқу тәрбие процесіндегі пәнаралық байланыс» А. Абай атындағы КазПУ 1991.,45 б.
34 Безрукова В.С. Теоретические проблемы программированного обучения. М., 2001.-94 с.
35 Яковлева В.И. Дифференциация как условие осуществления вариативной образовательной подготовки одаренных детей //Дарын.- 2000.-№3.-С.71-81с.
36 Кедров В.М. ,- Советская энциклопедия, 1969—1978.125 с.
37 Самарин Ю.А.. Православие и народность. // Cборник статей, религиоведение, истори — М.: Институт русской цивилизации , 2008. — (Серия: Русская цивилизация) — 720 c.— ISB
38 Максимова В.Н. Акмеологическая теория в контексте проблемы качества образования // Педагогика. - 2002. - № 2. - С. 96 с.
39 Кулагин П.Г. Шестилетний ребенок. Психологическая готовность к школе.М. Знание. 1987.78 с.
40 Лошкараева Н.А Проблемные ситуации в мышлении и обучении. - М.: Педагогика, 1972. - 208с.
41 Сманов Б. «Сабақ беру тиімділігін арттыру жолдары» Құрастырған Алматы Мектеп 1989 ж.358 б.
42 Өтегенова Қ. Интеграциялық сабақ //«Бастауыш мектеп» 2002ж.№5 30-31б.
43 Абдрасилов М., Мектептегі пәндер интеграциясы. «Бастауыш мектеп» - №4. 2006 ж. 4-8 б.
44 Балтаев А.Д. «Пәнаралық байланыс арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің педагогикалық психологиялық негізі» А.-1994., 30
45Тюнников Ю.Н. теория интеграции в образовании -М.:1972.-203с.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Бастауыш сыныпта пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері

1.1 Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге
асырудың педагогикалық- психологиялық
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ..6
1.2 1-сыныпта қазақ тілі мен математика пәндерін байланыстыра оқытуды
жүзеге асыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 17

2 1- сынып оқу - тәрбие үдерісінде қазақ тілі мен математика пәндерін
байланыстыра оқытудың әдістемесі

2.1 1- сыныпта қазақ тілі мен математиканы оқыту барысында пәнаралық
байланысты қалыптастыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
5
2.2 Жаңа технология элементтері арқылы пәнаралық байланысты жүзеге асыру
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50
2.3 1-сыныпта қазақ тілі мен математика пәндерін байланыстыра оқытуды
ұйымдастыру
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .56

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..65

Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...67

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасы Президенті
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар.
Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын, 2020 жылға қарай
Қазақстандағы балаларды біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Әлемдік
білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге
көтеруді талап ететіні сөзсіз. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен
оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды., - деген болатын [1].
Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекетіміздің болашақ дамуына арналған
Қазақстан – 2030 бағдарламасында жоғарғы білімнің сапалылығы,
адамсүйгіштігі және ғаламдануы арқылы мәдениет жасауға, интеграцияға ерекше
мән бергені белгілі [2].
Еліміздің егемендік алуымен байланысты әлеуметтік - экономикалық
салаларымыздың барлық жақтарында жаппай өзгерістер, жаңа бастамалар
серпінді қадамдар жасалып жатыр. Білімнің мазмұны ғылымдардың өзара
байланысы, өндіріс пен қоғамдық дамудың жаңару барысына тікелей ықпал
жасайды. Осы орайда мектептің оқу - тәрбие үрдісінің пәнаралық байланыс
негізінде ұйымдастырылуы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуы, адамның
интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар
көзінің де бірлігін, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы
ғылыми көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді. Мектеп оқушылары
жекеленген пәндерден алынған білімдерін тұтас біріктіріп қабылдай алмайды.
Оның негізгі себебі, олар бір-бірімен байланыста, сабақтастықта
қарастырылмайды. Осының нәтижесінде оқушыларда тұтас көзқарастың туындауына
қиындық туғызады. Сондықтанда оқушы санасына дұрыс көзқарас қалыптастыру
үшін мектептегі оқу пәндері арасындағы пәнаралық байланысты анықтап, дұрыс
пайдалана білу қажеттігі туады. Бірақ, бұл міндетті жүзеге асыру үшін
қазіргі бәсеке заманда жастардың қажыр-қайратын, ынта-жігерін, тынымсыз
ізденісін қалыптастыруды қажет етеді. Осыған орай, қазіргі университеттік
білім беру жағдайында студенттің бейімділігі бар, өзін-өзі жүзеге асыра
алатын, қарым-қатынас жасай алатын, қалыптастыруды міндеттейді.
Қазақстан Республикасы жоғары білім беру мемлекеттік стандартының
тұжырымдамасында: жоғары оқу орындарын бітірушілердің дайындық деңгейіне
қойылатын талаптар түрінде белгіленген қоғамымыздың жаңа әлеуметтік
тапсырыстары, өз кезегінде оқыту бағдарламаларын өзгертуді сондай-ақ
студенттердің алатын білім сапасын көтеріп, бүгінгі күнге сай кәсіптік
дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа технологияларын енгізуді
көздейді, - деп көрсетілген. Зерттеу тақырыбының көне заманнан бастап,
қазіргі кезеңге дейін болашақты да, қоғам алдында тұрған ең бір жауапты
міндет қазіргі өсіп келе жатқан оқушылардың, яғни қоғам мүшелерін ойлы
азамат ретінде адамгершілік қасиетке тәрбиелеп білім беру.
Бүгінгі таңдағы қолданысқа ие болып жүрген Жалпы білім беретін
мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасы, Бастауыш
білім берудің мемлекеттік стандартынан үзіксіз білім беру жүйесіндегі басқа
буындармен тек сабақтас болумен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасын
қалыптастырудың құнды негізі екендігі анықталған. Осы бағытта пәнаралық
байланыс бастауыш сатыда жекелеген пәндер ең алдымен оқушыда мәдениеттің
базистік қырларын қалыптастыруда, оның жеке бас тұлғасын тәрбиелеуге қызмет
еткендіктен білім мазмұнының интегративті, біртұтастығын қамтамасыз етудің
маңызы зор. Тұлға дарындылығының табиғаты, қабілеті, дамуының қайнар көзі,
шығырмашылық мүмкіншіліктерінің психологиялық құрылымы болып табылады.
Мұның барлығы арнайы ізденісті қажет етеді.Пәнаралық байланысты жан - жақты
педагогикалық - психологиялық, әдістемелік жағынан зерттеуге бұрынғыдан да
зор маңыз беріліп отыр. Бұл мәселені көптеген ғалымдар: М. А. Данилов, В.В.
Давыдов, И.Д. Зверев, Р.Г. Лемберг, В.Н. Максимова, В.Н. Малахов, С.А.
Рубинштейн, Д. Б. Эльконин, Д. Локк, И. Г. Песталоций, Ж. Руссо, Я.А.
Коменский т.б. шұғылданып келді. Олар пәнаралық мәнін, құрылымын
әдіснамалық деңгейде қалыптастырған [3].
Республикамызда пәнаралық байланысты зерттеп, өзіндік пікір айтып
жүрген ғалымдарымыз баршылық, мәселен: П.М.Иванов (1956), Қ.Мұханов (1967),
С.Мұсабеков (1966), А.А.Бейсенбаева (1970), Р. Абасова (1991),
С.В.Илларинов (1991), Ж.Ә. Шоқыбаев (2000) т.б.[4].
Қазіргі таңда жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің халықтық
педагогикаға қарай бағытталуы, ұлттық салт - саналарымыздың қайта түлеуі,
оқушылардың ата - бабалар қалдырған бай мәдени мұраларына деген биік құрмет
сезімімен жандандыру секілді маңызды мәселелердің барлығы да қазақ тілі мен
математика пәндерін оқыту ісін жетілдіруге келіп саяды.
Баланың пәнге дұрыс оң қатынасын қалыптастыратын бір жүйе - қазақ тілі
мен математика пәндерін тек қолданушы деңгейінде қалдырмай, оның болашағы
үшін жауапты екенін сезіндіру.
Атап айтқанда, оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру, жеке пәндер арасындағы
ортақ ұйымдарды, заңдылықтарды бір - бірімен өзара байланыста қарастыру.
Оқушылардың танымдық, ізденушілік қабілеттерін, іс - әрекеттерін дамыту,
алған білімдерін жинақтау, тәжірибеде қолдана білуге үйрету т.б. мәселелер
дидактикалық тұрғыдан шешуді қажет етеді.
Қазіргі психология, педагогика ғылымдарында осы мәселеге қатысты
зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Чех педагогы Я.А.Коменский [5], Д.Локк [6]
Л.Н.Толстой,И.Г.Пестолцци [7] және қазақ ғалымдары Ы.Алтынсарин [8],
А.Байтұрсынов [9], М.Дулатов [10], М.Жұмабаев [11], т.б. оқытудағы пәндерді
бір-біріне интеграциялау мәселесі бойынша өз еңбектерінде атап өткен.
Бастауыш мектепте пәнаралық байланыс бірқатар педагогикалық ұйымдастыру
мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді. Пәнаралық байланыстың философиялық
негізіне дүниеде барлық заттың, құбылыстардың бірімен-бірінің өзара
байланыстылығы туралы тұжымдалған дүние туралы білімдер де бірімен-бірі
байланыста болады. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту,
жаңа рухани күш беру, білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.
Негізінен, оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен, олар бір-
бірінен өз алдына оқшауланып, бөлектенбейді. Қай заманда болмасын адамзат
алдында тұратын ұлы мақсат-саналы, білімді, тәрбиелі ұрпақ өсіру. Болашақ
ұрпақ-келешек қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген,
ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық адамзат етіп тәрбелеу біздің де
қоғамның алдындағы борышымыз. Сондықтан бастауыш сыныптарды оқытуда
пәнаралық байланысты жүзеге асырудың тиімділігі жолға қойылуда дипломдық
жұмысымның тақырыбын 1-сыныпта қазақ тілі мен математика пәндерін
байланыстыра оқыту деп алдым. Тақырыптың өзектілігі, қажеттілігі жұмыстың
зерттеу мақсаты мен міндеттерін айқындыйды.
Зерттеудің мақсаты: 1-сынып оқу үдерісінде қазақ тілі мен математиканы
байланыстырып оқытудың тиімділігін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1. 1-сыныпта қазақ тілі мен математиканы байланыстырып оқытудың
теориялық негіздерін анықтау.
2.Зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, психологиялық,
педагогикалық, тарихи еңбектерді талдау негізінде пәнаралық байланыстың
мәні мен мазмұнын айқындау;
3. Қазақ тілі мен математиканы байланыстырып оқытудың тиімділігін
көрсету.
4. Қазақ тілі мен математиканы байланыстырып оқытудың әдістемелік
жолдарын анықтау.
Зерттеу нысаны: 1- сыныпты оқыту барысындағы пәнаралық байланыс.
Зерттеу пәні: 1- сынып, қазақ тілі мен математика.
Зерттеу әдістері: Теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен, жаңашыл
педагогтардың тәжірбиелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді
жинақтау, сұрыптау, талдау, тест әдістерін қолдану, өзіндік жұмыстарының
түрлерін ұсынып нәтижесін көрсету. т.б.
Зерттеудің теориялық мәні мен ғылыми жаңалығы:
- Тақырыпқа байланысты көрнекті, жаңашыл педагогтардың еңбектерін
талдау, жинақтау, зерттеу, теориялық негіздерін анықтау.
-пәнаралық байланыс, байланыстыра оқыту ұғымдарының мәні мен
мазмұнын айқындау
-1-сыныпта қазақ тілі мен математиканы байланыстырып оқытудың
әдістемелік жолдарын анықтау.
Зерттеудің практикалық маңызы: ізденістің теориялық тұрғыда
негізделген, сыналған, іс жүзінде тексеруден өткен материалдарын, оның
қорытындылары мен нәтижелерін зерделеу, мектеп оқушыларының ролін айқындау,
оқушыларды пәнаралық байланыс арқылы шығармашылыққа тәрбиелеуге негіз бола
алады.
Диплом жұмыс: кіріспеден, екі бөлім, қорытынды және пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың
теориялық негіздері

1.1.Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында пәнаралық байланысты іске
асырудың педагогикалық мәселелері

Білім беру қазіргі ғылымның, мәдениеттің, ғылыми-техникалық прогрестің
даму деңгейіне сай болуы керек. Жалпы білімнің мазмұны ғылымдардың өзара
байланысы, өндіріс пен қоғамдық дамудың жаңару процесіне тікелей ықпал
жасайды. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік,
экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай,
сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру.
Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар - шығармашылық,
белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.
Сондықтан қазіргі таңда мектептегі оқыту процесінде пәнаралық байланыс
ерекше көкейтесті орын алып отыр және жалпы педагогикалық маңызға ие
болуда. Осыған байланысты мектеп баланың дамуында негізгі рөл атқарады.
Баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуы, өзіндік көзқарастың қалыптасуы
мен ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында қаланады.
Сондықтан жоғарыдағы айтылған мәселелердің шешімі - оқыту үдерісінде
пәнаралық байланыс ерекше педагогикалық маңызды мәнге ие болуда. Қазіргі
кезде мектептегі қайта құру білім берудің мазмұнын жетілдіруді, ғылыми
пәндердің өзара байланыста жүргізілуін талап етеді. Мектеп оқушылары
жекеленген пәндерден алған білімдерін тұтас біріктіріп қабылдай алмайды.
Оның негізгі себебі олар бір-бірімен байланысты сабақтастықта
қарастырылмайды. Осының нәтижесінде оқушыларда тұтас көзқарастың туындауына
қиындық туғызады. Сондықтан да оқушы санасында дұрыс көзқарас қалыптастыру
үшін мектептегі оқу пәндері арасындағы пәнарлық байланысты анықтап, дұрыс
пайдалана білу қажеттігі туады. Осы орайда мектептің оқу-тәрбие үдерісінің
пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырылуы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға
тоғысуы, адамның интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық
құндылықтар көзінің де бірлігін, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе
екендігі туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді.
Ал, мектеп тәжірибесінде пәнаралық байланысты жүзеге асыруда мұғалімдер
біршама қиындықтарға кездесіп отырғаны белгілі. Атап айтқанда, оқыту
үдерісін тиімді ұйымдастыру, жеке пәндер арасындағы ортақ ұғымдарды,
зандылықтарды бір-бірімен өзара байланыстылықта қарастыру, оқушылардың
танымдық, ізденушілік қабілеттерін, іс-әрекеттерін дамыту, алған білімдерін
жинақтау, тәжірибеде қолдана білуге үйрету тағы басқа мәселелер
дидактикалық тұрғыдан шешуді қажет етеді.
Бірақ соңғы кезде пәнаралық байланыс өзекті мәселе ретінде
көтерілгендігін байқатады. Дегенмен, жалпы білім беретін мектептерде бұл
мәселе әлі толық өз шешімін таппағанын байқаймыз.
Пәнаралық байланысты мектеп мұғалімдері өз тәжірибелеріне сүйеніп
жүргізеді, сондықтан да оқулық пен оқу құралдарындағы тапсырмаларда
пәнаралық байланыстың жете қамтылуын жүйелі ойластыру қажет.Пәнаралық
байланыс мәселесі кеше немесе бүгін ғана көтеріліп, сөз болып отырмағандығы
белгілі.
Білім беру қазіргі ғылымның, мәдениеттің, ғылыми-техникалық прогрестің
даму деңгейіне сай болуы керек. Жалпы білімнің мазмұны ғылымдардың өзара
байланысы, өндіріс пен қоғамдық дамуы жаңару процесіне тікелей ықпал
жасайды.
Пәнаралық байланыстың классикалық педагогикадағы қалыптасқан идеясының
өзіндік даму тарихы бар.
Қазірде пәнаралық байланыс педагогика ғылымының басты мәселесі болып
отырған жағдайда оны жан - жақты қарастыру барысында біздер көрнекті
философ, психолог, педагог еңбектеріне талқылау жасадық. Мұнда философ
В.М.Кедров [12] адамның дүниетанымын қалыптастыруға әртүрлі пәндердің
өзара әсерінің мәнін көз жеткізе баяндаған.
В.М.Кедров өзінің еңбектерінде ғылымда пәнаралық байланыс мәселесіне
жаңа әдістемелік тұрғыдан қарауды талап етеді. Пәнаралық байланыс мәселесі
бүгінгі күнге дейін бір ғылымға бір пән, керісінше бір пәнге бір ғылым ғана
бір-бірімен өзара байланысты болып шектеліп тәжірибеде қолданып келгенін
көрсетіп, ал қазіргі кезде бір пәнді бірнеше ғылым өзара әрекеттесіп жан-
жақты қарастыра бастағанын дәлелдейді Сонымен ғылымның зерттеуінде бір
ғылым тек өзіне тиісті пәнмен ғана емес, қайта көптеген басқа пәндермен
бірлікте болуы қажеттігі айқындалды.
Көптеген педагогтар мен психологтардың пікірлеріне қарағанда,
оқушылардың түрлі пәндердегі білімдер мен бірліктерді, бейімділіктердің
жеке элементтері арасындағы байланыстарды байқап және қабылдауы олардың
білімдерін бір жүйеге келтіреді, ақыл-ойына серпіліс тудырады, таным
қызметіне шығармашылық сипат береді.
Пәнаралық байланыстың классикалық педагогикадағы қалыптасқан идеясының
өзіндік даму тарихы бар.
ХҮІ – ғасырдан бастап батыстың ұлы педагогтері Я.А.Коменский (1592 -
1670), Л.Локк (1632 - 1704), Ф. И. Гербат (1776 - 1841), Ж. Ж. Руссо (1712
– 1778), И. Г. Песталоцци (1746 – 1827) [13] өздері өмір сүрген замандардан
бері педагогика ғылымының күрделі мәселесі ретінде пәнаралық байланысқа
баса назар аударған. Мысалы, Я.А.Коменский: Өзара байланысы бар
нәрселердің бәрі, сондай байланыс күйінде оқытылуы керек- деп жазды.
Прогресшіл педагогтар білім беру ісіндегі схолостикаға қарсы күресе
отырып, шәкірттерге табиғат құрылыстарының өзара байланысы жөнінде
қарастыратын қалыптастырудың маңызы екендігін атап айтты. Мысалы:
Я.А.Коменский Өзара байланысы бар нәрселердің бәрі, сондай байланыс
күйінде оқытылуы керекдеп жазды.
Сондай-ақ бертін келе ХІХ-ғасырдың 60-шы жылдарында қоғамдық –
педагогикалық қозғалыстың кең өріс алуына прогресшіл педагогтер А.И.Герцен
(1812 – 1870), Л. Н. Толстой [14] (1828 – 1870), К. Г. Ушинский (1814 –
1820) [15], Н. Г. Чернышевский [16] (1828 – 1889) т.б. ғылыми еңбектерімен
үлес қосты. Мәселен, педагог-классик К.Д.Ушинский өзінің ғылыми
еңбектерінде Балалар әлемі, ана тілі, Педагогикалық антропология,
Адам тәрбиенің жемісі т.б. пәнаралық байланыстың дидактикалық тұрғыдан
маңызды екендігін дәлелдеп берді.
Ол мәселенің психологиялық негіздерін ашып, әртүрлі байланыстардың жеті
түрін айқындайды; қарама-қарсылығы, ұқсастығы, уақыт және оны реті жағынан
еске салу, пайымдаушылық байланыс, жүрек сезімі бойынша байланыс, өркендеу
немесе ұғыну байланысы.
К.Д.Ушинский қандай да ғылым болмасын беретін білімдер мен идеялар
әлемге және өмірге табиғи түрде қабысып, жақын мүмкіндігіне қарай кең
құлашты көзқарас дарытуы керек деп есептеді.
Ол сонымен қатар бізді қоршаған нақтылы өмір жөнінде айқын, толық және
біртұтас ұғымдар беріп қалыптастыруға көмектесетін пәнаралық байланыстың,
көзқарастық үлкен ролін атап көрсетті.
Халқымыздың ардақты ұлдары өз елін прогресс жолымен алға қарай бастаған
Шоқан [17] (1835 - 1865), Абай [18] (1845 - 1904), Ыбырай [19] (1841 -
1889) сол дәуірде қазақ даласына мәдениеттің, білімнің қажеттігін
дәріптеген.
Қазақтың ұлы ағартушысы, әрі ойлы педагогі артына өшпес, өлшеусіз мұра
қалдырған халқымыздың адал перзенті Ы. Алтынсарин [20] Қазақ
хрестоматиясы және Қазақ мектептерінде орыс тілін үйренуге басшылық -
деген екі оқулығын жазды. Бұл еңбектерінде білім мазмұнын дидактикалық
қағидаларға сай негіздеді. Оқулықтарда балалардың ойлауын сөз қорын,
өзіндік таным қабілетін дамытуға ықпал жасайтын табиғат құбылыстары айнала
қоршаған тіршілік-тұрмыс көріністері туралы әңгімелер, суреттемелер, аңыз-
ертегілер, еңбек әрекеттері тағы басқа материалдар алынған.
Пәнаралық байланыс педагогика ғылымында философиялық, психологиялық,
дидактикалық және әдіснамалық жағынан қарастырылатын күрделі комплексті
сала.
Педагогикалық сөздікте – жалпы ғылымдар жүйесінің негізінде
дидактикалық мақсаттардан туындайтын оқу бағдарламаларының өзара шартты
байланыстар пәнаралық байланыс - деп аталған.
Сонымен бірге шығыстың ұлы ойшылдары Әл - Фараби [21] (870 - 968), Ибн
Синаның [22] (930 - 1037) және Жүсіп Баласағұнидың [23] (1021) т.б.
мұраларында, ал бертін келе қазақтың ағартушылары мен педагогтерінің
еңбектерінде пәнаралық байланыс идеяларына мән бергенін көреміз.
Қазақ халқының ортамызға қайта оралған ірі зиялылар Ж. Аймауытов (1889
- 1931), А. Байтұрсынов (1873 - 1937), М.Дулатов (1885 - 1935), М.Жұмабаев
(1893 - 1938), Ш.Құдайбердиев (1858 - 1931) т.б. бұл мәселені қарастырған.
Мысалы: М.Жұмабаев өзінің Педагогика оқулығында психология, физиология,
әдебиет, тарих, тәнтану ғылымдарының өзара байланысы негізінде, адамның
тұлғалық дамуында тәрбие мәселелерін жан-жақты айқындаған. Педагогика
бөлімдері (жалпы педагогика, дене тәрбиесі, жан көріністері т.б. )
педагогика, психология ғылымының негізгі мәселелері адам тәрбиесінің
заңдылықтарымен өзара байланыста берілген. Бұл оқулығында М.Жұмабаев ұғым
және оның жасалуында заттар мен құбылыстардың, сондай-ақ адамдардың қасиет-
салалары мен білім-тұлғалық ерекшеліктері жеке дараланып, бір-бірімен
салыстырылып және барлығына ортақ белгілері сипатталады. Бір-біріне ұқсас
бірнеше заттарды бір-бірімен салыстырамыз. Біз бір затты бір затпен
салыстырғанда, олардың әрқайсысының өздеріне ғана арналған дербес сындарын
алып тастап, ортақ сындарын ғана аламыз. Ортақ сындарды екеуін де табамыз,
ортақ сындарды жалпылаймыз. Яғни екі заттың яки көп заттың ортасынан оймен
жасалған бір зат шығады. Міне, осы көп заттардың ортақ сындарын алып жия
білу, екінші түрлі айтқанда, зат туралы ой-ұғым деп аталады.
Ұғым туралы айтылатын материалдар білім мазмұны арқылы көрсетіледі.
Себебі ғылыми дидактикада оқушылардың дүниетанымын, ұғымдар жүйесін
қалыптастыруда білім мазмұны шешуші фактор болып табылады.
Ал білім берудің мазмұны өте күрделі және көп жақты ұғым. Білім берудің
мазмұны қоғамның экономикалық және ғылыми-техникалық даму қажеттіліктеріне
байланысты қарастырылады.
Білім берудің мазмұны деп оқушылардың ақыл-ойын, дене күш-қуатын жан-
жақты дамыту, дүниеге ғылыми көзқарастарын қалыптастыру және олардың
қоғамдық өмірге, еңбекке дайындауға қажетті негіз болатын білімдер мен
іскерліктердің және дағдылардың көлемі мен бағытын айтамыз.
Білім берудің мазмұны ең алдымен қоғамның, мектептің алдына қоятын
мақсаттары және міндеттерімен анықталады. Сонымен бірге оқудың мазмұнын
анықтауда дидактиканың талаптары да ескеріледі, себебі соның негізінде ғана
қай жаста, қандай көлемде, қандай пәндерді оқуға болатындығын дұрыс шешуге
болады.
Пәнаралық байланыс педагогика ғылымының басты мәселесі болуымен бірге
қазіргі заманғы ғылымдардың интеграциялану тенденциясы жағдайында мектептер
жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып саналады.
Адам баласы қоғамның дамуына әртүрлі сатысында білім беру мазмұны
талқыланып келді. Білім мазмұны теориясы педагогика тарихында бірнеше
бағытта қарастырылған. Мәселен: философиядағы рационалистер білімдердің
көзі мен көрсеткіштері объективті шындық және қоғамдық тәрбие емес, оның
көзі ақыл ғана деген. Сөйтіп олар білімді өмірден, ойлауды сезім
қабылдауынан бөледі. Бұл формальдық білімді жақтаушылардың айтуынша жалпы
білім берудегі негізгі міндет - оқушының білім танымдық қабілеттерін ғана
дамытуға бағытталған ғылымдарды үйрету немесе оқу деген ақылдың
гимназиясы - жаттықтырылуы тұрғысынан түсіндіріледі.
Формальдық білім теориясын жақтаушылар осылай рационализм бағытында
бола отыра, оқу жұмысының мазмұнына ең алдымен, сол білушілік
қабілеттіктерді (латын, грек) ерте дүние әдебиетін, тарих, математиканы
енгізген, осылар классикалық білімнің негізін құрайтынын дәлелдейді.
Классикалық білім қайта өркендеу дәуірінде ерте дүние мәдениетінде
әуестенушілік күшею кезінде қалыптасқан. Бұл білім орта ғасыр мектебінің
тар деңгейіндегі діни-схолостикалық оқу мен күрестің өрістеу дәуірінде
дамыған. Сондықтан сол бастапқы кезде бұл оқудың сөзсіз прогресшіл мәні
болды. Ал енді кейіннен бұл классикалық оқу бірбеткей формальдық-
грамматикалық бағытта болды. Соның салдарынан шамадан тыс тілдерді оқу
басқа оқу пәндерге зиянын тигізе бастады, әсіресе табиғат жөнінен білім
кеми түсті.
Ал ХІХ ғасырдың екінші жартысында классикалық білім Ресейдегі орыс
редакциясының білім берудегі демократияшыл бағыттарымен күресу құралына
айналды. Ресейдегі классикалық білімнің мақсаты жастарды реалды шындықтан
алшақтату, оларды прогресшіл материалистік көзқарастардың ықпалынан болды.
Білім берудегі классицизм осы кездің өзінде Батыс Европаның кейбір
елдерінде Латын Америкасында, Испания, Партугалия т.б. елдердің
мектептерінде сақталған. К. Д. Ушинский [24] Шындықтың деректерінен нәр
бермейінше, жалпы түрде ғана оқыуды дамыту деген ретсіз, болмайтын іс,
себебі адамның ойлауы деректерді жиыстырып, соларды өңдеу арқылы ғана
дамиды - деген.
Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептердің барлық типтерінде білім
беру гуманитарландыру бағытына негізделген. Атап айтқанда, тарихи
оқиғаларды, жекелеген адамдардың қызметін мемлекеттегі басқару нысандарын
түсіне білу және оларды нақтылы бағалай білуі: демократиялық және
экономикалық кеңістікте өмір сүру нормаларын үйрене, әлемдік және отандық
мәдениеттің ортақ мәселелерін бағалай білу, ұлттық сана-сезімге ие болу,
адамзаттың өркениетті дамуының негізгі кезеңдерін білу. Осы мақсатта
әдебиетке, тілдерге, тарихқа, қоғамтануға, өнерге, дене мәдениетіне ерекше
көңіл бөле отырып, орта білім беретін мектептерге арналған мемлекеттік
базалық оқу жоспарының түрлі нұсқаулықты көздейтін бөлігіне гуманитарлық
пәндердің кең жиынтылығы енгізіледі.
Сонымен қатар табиғаттағы құбылыстарды ғылыми түрде түсінуге, оны
өзгертудің жолдарын үйренуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, егеменді ел болуына байланысты
жалпы білім беретін мектептердің мемлекеттік базистік оқу жоспары жасалуда.
Бұл білім беру жүйесінің жаңартуға бағытталған талпыныс. Базалық оқу
жоспары бұрынғыларымен салыстырғанда құрылымы жағынан жетілдірген. Мұнда
тек пәндер жиынтығы, сағат саны, оқу сатысы жөніне ғана мәліметтер беріліп
қоймайды, сонымен қатар оқу мазмұнының (инварианттық) тұрақты және
(варианттық) вариантивтік жылжымалы бөлігі туралы мәліметтер берілген.
Жоспардың тұрақты бөлігінде барлық оқушылар оқуға міндетті, ал жылжымалы
бөлігінде әр мектептің қалауы бойынша даярланып алынатын мектептік құрамы
кіреді. Оқу жоспарының жылжымалы бөлігінің ішкі құрылымы оқу сатысында
балалардың жас ерекшеліктеріне, физиологиялық мүмкіндіктеріне қарай әртүрлі
болады. Бастауыш мектепте бұл қосымша сабақтар мөлшері әрбір сыныпта 2 – 3
сағат болуы мүмкін. Негізгі мектептің екінші сатысында оқу сатысының оқу
мазмұнының жылжымалы бөлігіндегі қосымша сабақтар, факультативтік курстар
оқу жүктемесінің 10 - 15%-тей мөлшерін қамтиды. Ал орта мектептің 3 -
сатысында, яғни бағдарлы мектептің оқу мазмұнының жылжымалы бөлігінде
барлық оқу жүктеменің үштен бір бөлігі беріледі [25].
Сонымен жалпыға білім беретін мектептердің оқу жоспарлары жан-жақты
тәрбиенің барлық саласын қамтиды, оларға жалпы білім және ақыл-ой
тәрбиесінің беретін пәндерімен бірге еңбек, білім дене шынықтыру және
эстетикалық тәрбиеге қажетті пәндер (музыка, ән-күй, сурет) енгізіледі.
Оқушылардың интелектілік қабілеттерін дамыту көзделеді.
Келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мәселелердің бірі - біртұтас
педагогикалық үрдіс кезіндегі сабақтарда пәнаралық байланысты жүзеге асыру.
Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті - оқыту үрдісінде
білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру.
Классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық байланыс идеясы
тарихи дамуда дәлелденіп, қазіргі педагогика ғылымының, оның ішінде пәнді
оқыту әдістемесінің басты мәселесіне айналып отыр. Сонымен қатар пәнаралық
байланыс - қазіргі заманғы ғылымдардың кірігу тенденциясы жағдайында
мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып табылады.
Қазіргі педагогика ғылымында дидактикалық ұстанымдар білім мазмұнының
негізін құраушы құрылым бөлігі болып есептеледі. Сол себепті оқыту
үрдісіндегі пәнаралық және пәнішілік байланыстылық ұстанымының да өзіндік
маңызы бар.
Жалпы білім беретін мектеп пән мұғалімдерінің пәнаралық білімдер мен
іскерліктерді игеруі - оқу үрдісін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру
үшін алғы шарт.
Пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың икемділік пен дағдылары
анағұрлым күшті дамитындығын педагог-ғалымдар дәлелдеген. Оқу үрдісі
нәтижесіндегі игерілген икемділік пен дағды оқушының алған білімінің
қаншалықты берік екендігінің белгісі болып табылады. Оқу пәндерінің
ерекшеліктеріне қарай оқушыларда түрлі икемділік пен дағды пайда болады.

Профессор Т. Сабыров [26] оларды бірнеше топқа бөледі.
1.Интелектік пен дағды (оқу, жазу, есептеу, кітаппен жұмыс істеу,
т.б.);
2.Еңбекке икемділік пен дағды (сызба, оқи білу, еңбек құралдарымен
жұмыс істей білу, т.б.);
3.Спорттық икемділік пен дағды;
4.Өнерге деген икемділік пен дағдылар, т.б.
Оқу үрдісінің барысында оқушылар танымдық, тәжірибелік мақсатты-
бағдарлы іс-әрекеттермен шұғылданады. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде
оқушыда пәнаралық байланыс іскерлігі қалыптасады.
А.Бейсенбаева [27] Пәнаралық іскерлік ұғымын былай тұжырымдайды:
Пәнаралық іскерлік оқушылардың бір пәннен меңгерген білім, іскерлік,
ептілік, дағдыларын екінші пәндерді меңгеруде пайдалана, қолдана білу
қабілетін анықтайды. Бұл пәнаралық іскерлік бастауыш сынып оқушыларында
орта, ал жоғарғы сынып оқушыларымен салыстырғанда өзінше қалыптасып дамиды.
Яғни, пәнаралық іскерлік бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне
сәйкес және олардың өзіндік даму сипатына орай жасалынады.
Бастауыш мектепте қазақ тілі пәнін оқытудағы пәнаралық байланыс,
негізінен, бес пәннің байланысын қажет етеді. Ол пәндерге музыка, еңбекке
баулу, ана тілі, математика және дүниетану жатады. Бірақ, алдыға қойылған
мақсат-міндеттерге және оқушылардың ықылас, белсенділігіне қарай география,
тарих, ботаника, т.б. пәндердің қарапайым элементтері де қолданылып,
байланысқа түсе береді.
Қазақ тілі пәні, негізінен, оқушыларға сауаттылыққа, тіл дамытуға,
тәрбие беруге бағытталады. Мектептерде қазақ тілі мен ана тілі пәндерін,
тіл дамытуға, тіл саласының элементтерін пәнаралық байланыста оқыту оқу
пәндерінің сөйлеу бағыттылығын жүзеге асыруға негізделеді.
Бұдан шығатын қорытынды, бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарын ана
тілі, математика пәнімен мейлінше көбірек үйлестіру қажет. Әр сабақ сайын
өткізілетін тақырыпқа байланысты, сабақтың мақсатына қарай шығармаларды
молынан қолданған жөн. Бастауыш сыныптардың барлығында өтілетін қазақ тілі
пәнінің шығармашылық жұмыстармен байланыстыратын тақырыбындағы сабақтардың
өтілу желісін қазақтың ауыз әдебиетімен байланыстыру көп пайдасын тигізіп,
оқу нәтижесінің жоғары болуына мол ықпал жасайды. Халық ауыз әдебиеті,
ұлттық күйлер, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының қабылдау ерекшеліктеріне
байланысты сезіміне зор әсер етіп, қиялы мен ойлауына позитивті түрде ықпал
етеді. Тек ескеретін жайт: күйді ырғағына қарай таңдап алып, дыбысын қатты
етпей, сабаққа кедергі жасамайтындай етіп пайдалану.
Пәнаралық байланыстың құрылымын іске асыру барысында педагогика
ғылымындағы көптеген қозғаушы факторларды ескеру керек. Оқыту үрдісінде
пәнаралық байланысты іске асырудың құрылымдық белгілері мынадай:
- пәнаралық байланысты анықтау мақсаты;
- өзара байланысқа түсетін оқу пәндерін саралап, іріктеп алу;
- байланыс бөлігі немесе бөлігі болған оқу пәндерінің әрқайсысының
ерекшелігі;
- пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру жолдары.
Сабақ беруде пәнаралық байланысқа мән бермеу оқу пәндері
материалдарының бірін-бірі қайталауға, оқушылардың көптеген ұғымдар мен
заңдылықтарды тар шеңберде түсінулеріне әкеп соғады. Білім мазмұнын
меңгеру, пәнаралық байланысты ескермейінше мүмкін емес. Өйткені ол - өзара
жақын пәндердің бағдарламасындағы оқу материалын үйлестірудің және
іріктеудің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Бастауыш мектеп оқушыларына қазақ тілі пәнін оқытуда ана тілінің алатын
орны ерекше. Себебі, оқушыларда ауыз әдебиеті туралы білімдерді, аңыз,
ертегі кейіпкерін танып-білу ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру нақты
тіл, сөз арқылы әңгімелеу, түсіндіру әдістері көмегімен, әрі көрнекілік пен
тәжірибелік әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесінде іске асырылады. Сондықтан
бастауыш мектеп мұғалімдері қазақ тілі сабақтарында мейлінше әдеби тілде
әрі әсем сөйлеуі қажет.
Қазақ педагогы Мағжан Жұмабаев [28] өзінің Педагогика деген еңбегінде
балаларда сұлулық сезімдерді қалыптастыру жөнінде былай жазды: Баланың
маңайында сөйленетін сөздер әдепті, сұлу болуға тиісті. Баланы сұлу
сөздермен терең таныстыру керек. Бала неше түрлі сұлу үндерді естісін, неше
түрлі сұлу түрлерді, түстерді көрсін, сұлу сөздер, сұлу өлеңдер жаттасын.
Түрлі музыка құралдарының үндерін тыңдасын, сурет салып үйренсін. Ән салып,
музыка құралдарында ойнап үйренсін. Міне, осыларды істесе, баланың сұлулық
сезімдері өркендейді.
Математикалық, оның ішінде геометриялық ұғымдар мен түсініктер,
заңдылықтар мен сызба есептердің бейнелеу өнері сабақтарында өте көптеп
кездесуі - пәнаралық байланыстар үшін қажет оқу материалдары. Математика
ғылымы - барлық ғылымдардың патшасы деген тарихи-ғылыми тұжырымды ескере
және ол ғылымның оқушының ойлау, ес, қайта жаңғырту үрдістерін дамытуда
ерекше маңызы барын анықтай отырып, оның бейнелеу өнерімен байланысына
тереңірек мән берген абзал. Қарапайым геометриялық фигураларды салу мен
күрделі пропорция, симметрия сияқты заңдылықтарды біліп, оларды игеру
математика мен геометрияның көмегінсіз мүмкін емес.
Кез келген бейнеленетін зат пен құбылыс элементтерінің жалпы кескіні
(силуэті) сурет салушының көзіне фронтальды жағдайдағы көрінісінде үшбұрыш,
ромб, дөңгелек, элипс, т.б. сияқты геометриялық фигураларға ұқсас келеді.
Қоршаған ортадағы сұлулық атаулының барлығы дүниетану пәнімен тікелей
байланысты. Алуан түрлі гүлдер, жеті түсті әсем кемпірқосақ, ғажайып
табиғат көріністері, бәрі-бәрі оқушыларды сұлулық сезімге бөлейді. Ол
заттарды, көріністерді көру және сезіну - дүниетанушылық және эстетикалық
міндет.
Әдемілікті сезіну үшін, оны түсіну үшін, ең алдымен, бейнелеу өнері,
музыка және ән саласынан әрбір адамда білім болу қажет. Білім адамды
әдеміліктің объективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам
сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық,
эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық
дамуының негізі болады.
Бастауыш сынып оқушыларының қабылдау белсенділігі мен деңгейі өте
жоғары болып табылады. Сондықтан олардың зейіні мен ықыласын әрдайым дамыта
жүргізу шарты ретіндегі жаңа материалдардың біршама көп болуы және олардың
міндетті түрде қызықты болуы - әрбір өтілетін сабақтың негізгі тірегі.
Қазақ тілі пәнінің элементтері ана тілінде, әсіресе ондағы тәжірибелік
оқу іс-әрекетінде анық көрінеді. Мәтіндерді талдау барысында, шығармалармен
танысып, олардан қажетті мағлұматтар алу, ертегі кейіпкерлерінен
көрнекіліктер жасау, кейіпкерді бейнелеу сияқты сабақтарындағы
эпизодтарында оқушылардың еңбектік ептіліктерінің көркемөнер және көркем-
суреттік икемділіктерімен ұштасуы жүргізіледі.
Бейнелеу іс-әрекеті ойлау, байқау, талдау, есте сақтауға негізделген
көру байқағыштығын, сезім мүшелерін дамытады, жан-жақты дамыған тұлғаны
қалыптастыруға, қоршаған ортаны тануға септігін тигізеді, еріктік
сапаларды, шығармашылық қабілеттерді, көркемөнерлік талғамды тәрбиелеп,
өнерді түсінуге қажетті эстетикалық сезімді (пішіндердің, қозғалыстың,
пропорцияның, түстің, түс сәйкестігінің сұлулығын көре білу) дамытады.
Бейнелеу өнері сабақтарында таным жорықтар, өнер туралы әңгімелер,
жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, поэзиялық минуттар, көрмелер, көптеген
иллюстрациялық материалдар мен ұлттық және классикалық музыка туындыларын
пайдалану осы пәнді тереңірек ұғындыруға, игеріп, меңгертуге көмектеседі.
Жалпы орта білім беру жүйесінде іргетасы бастауыш білім беруден қаланатыны
белгілі. Бастауыш білім беру - жалпы білім беру жүйесінің алғашқы маңызды
буыны. Бастауыш сыныпта баланың оқуы мен психикалық дамуының алғашқы
негіздері қалыптасады. Бастауыш білім беру арқылы оқушыларды жалпы орта
білім берудің келесі сатысында дайындау мақсаты көзделеді. Осыған орай
келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мәселелердің бірі - біртұтас
педагогикалық үдеріс кезіндегі сабақтарда пәнаралық байланысты жүзеге
асыру. Бұл жалпы білім мазмұнын анықтауда, оқу бағдарламалары мен
оқулықтарды жазып шығаруда ескеретін маңызды принцип. Интеграция - әртүрлі
пәндердегі негізгі принциптер мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық
бірлікте қарастыруды көздейді. Сондай-ақ мазмұны жағынан бір-біріне жақын
пәндердің ( қазақ тілі мен ана тілінің, әдебиет пен тарих, математика мен
информатика, өнер мен еңбек, этика мен эстетика т.б.) өзара және жеке
пәннің ішіндегі материалдық арасындағы байланыстарын анықтап, оқушылардың
білімін тереңдетуге болады. Осыған орай интеграцияланған пәндердің,
сабақтардың ролі ерекше.
Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті- оқыту үдерісінде
білім, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру. Оқыту
мазмұнындағы білім мен іскерліктің адамның интеллектуалдық өрісін
байытудағы, ақиқат дүниенің бір тұтас жүйе екендігі жөніндегі ғылыми
көзқарасты қалыптастырудағы, алуан білімді өмірмен, қоғамдық тәжірибемен
байланыстырудағы құралдарының бірі- пәнаралық байланыстар. Пәнаралық
байланыстар өткен ғасырдың соңғы 20 жыл төңірегінде кеңінен зерттелген
мәселенің бірі ретінде де қарастырылады. Зерттеулердің нәтижесінде сәйкес
пәнаралық байланыстар оқытудың қағидасы және білім берудегі міндетті
элемент ретінде де айқындалады (В.Краевский, И. Лернер, А.Бейсенбаева,
И.Зверев, В.Максимова) және т.б [29] .
Классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық байланыс идеясы
тарихи дамуда дәлелденіп, қазіргі педагогика ғылымының, оның ішінде пәнді
оқыту әдістемесінің басты мәселесіне айналып отыр. Сонымен қатар пәнаралық
байланыс - қазіргі заманғы ғылымдардың кірігу тенденциясы жағдайында
мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып табылады.
Қазіргі педагогика ғылымында дидактикалық ұстанымдар білім мазмұнының
негізін құраушы құрылым бөлігі болып есептеледі. Сол себепті оқыту
үдерісіндегі пәнаралық және әр пәннің пәнішілік байланыстылық ұстанымының
да өзіндік маңызы бар.
Жалпы білім беретін мектеп пен мұғалімдерінің пән бойынша пәнаралық
білімдер мен іскерлікті игеруі - оқу үдерісін пәнаралық байланыс негізінде
ұйымдастыру үшін алғы шарт.
Пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың икемділік пен дағдылары
анағұрлым күшті дамитындығын педагог - ғалымдар дәлелдеген. Оқу үдерісі
нәтижесіндегі игерілген икемділік пен дағды оқушының алған білімінің
қаншалықты берік екендігінің белгісі болып табылады. Оқу пәндерінің
ерекшеліктеріне қарай оқушыларда түрлі икемділік пен дағды пайда болады.
Профессор Т.Сабыров [30] оларды бірнеше топқа бөледі.
Интеллектік пен дағды ( оқу, жазу есептеу, кітаппен жұмыс істеу, т.б
)
Еңбекке икемділік пен дағды ( сызба, оқи білу, еңбек құралдарымен
жұмыс істей білу, т.б)
Спорттық икемділік пен дағды;
Өнерге икемділік пен дағды;
Оқу үдерісінің барысында оқушылар танымдық, тәжірибелік мақсатты
бағдарлы іс - әрекеттермен шұғылданады. Осы әрекеттердің нәтижесінде
оқушыда пәнаралық байланыс іскерлігі қалыптасады.
А.Бейсенбаева Пәнаралық іскерлік ұғымын былай тұжырымдайды:
Пәнаралық іскерлік оқушылардың бір пәннен меңгерген білім, іскерлік,
ептілік дағдыларын екінші пәндерді меңгеруде пайдалана, қолдана білу
қабілетін анықтайды. Бұл пәнаралық іскерлік бастауыш сынып оқушыларында
орта, ал жоғары сынып оқушылармыен салыстырғанда өзінше қалыптасып дамиды.
Яғни, пәнаралық іскерлік бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне
сәйкес және олардың өзіндік даму сипатына орай жасалынады.
Пәнаралық байланыс ұғымы ғылыми- педагогикалық әдебиеттермен жаңа
мәнмен енгізіле бастады және оны білімдердің, танымдардың, сенімдердің,
адамның психологиялық ойлауының жиынтығы деп түсінуіміз керек. Пәнаралық
байланыс ұғымы табиғат-қоғам-адам ойы жүйесінде білім негізін, пәнішілік
қатынастарды және ғылымдардың интеграциялануын реттеуші қызметін жүзеге
асырады. Пәнаралық байланыстың құрылымын іске асыру барысында педагогика
ғылымындағы көптеген қозғаушы факторларды ескеру керек. Оқыту үдерісінде
пәнаралық байланысты іске асырудың құрылымдық белгілері мынадай:
Пәнаралық байланысты анықтау мақсаты;
Өзара байланысқа түсетін оқу пәндерін саралап, іріктеп алу;
Байланыс бөлігі немесе бөлігі болған оқу пәндерінің әрқайсысының
ерекшелігі;
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру жолдары.
Сабақ беруде пәнаралық байланысқа мән бермеу оқу пәндері
материалдарының бірін - бірі қайталауға, оқушылардың көптеген ұғымдар мен
заңдылықтарды тар шеңберде түсінулеріне әкеп соғады. Білім мазмұнын меңгеру
пәнаралық байланысты ескермейінше мүмкін емес. Өйткені ол- өзара жақын
пәндердің бағдарламаларындағы оқу материалын үйлестірудің және іріктеудің
маңызды көрсеткіштерінің бірі.
В.Скакун [31] пәнаралық байланыстағы оқушыларды тәрбиелеу және дамыту
әдістері мен құралдарын пайдалануда әрбір пәннің дүниетанымдық идеясын
ашуға, қоғамдық құрылыстың өмірмен байланысына, оқушылардың танымдық
белсенділігін өз бетінше жұмыс жасауын дамытуға көп мән берді. Пәнаралық
байланыстардың тәрбиелеу функциясы оқушыларда диалектикалық - материалистік
дүниетанымды дұрыс дүниеге көзқарасты қалыптастыруды көздейді.
Дүниетанымның маңызды элементтерінің бірі әлемнің тұтас бейнесі- онда
адамның ролі мен орнын құрайды.
Осыған сәйкес бастауыш мектеп оқушыларына білім және тәрбие берудің
дүниетанымын қалыптастырудың аса маңызды құрылымының бірі- пәнаралық
байланыс болғандықтан пәнаралық байланыстың негізгі міндеттерін көрсетсек:
-Оқушылардың оқыту әдісіндегі пәнаралық байланысты түсінуін, саналы
қабылдауын,танымдық белсенділігін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру.
-Мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстардың пәнаралық байланыста
жүргізілуі. Бұл міндетті шешу озық тәжірибелерді жинақтауды, жұмыстың
неғұрлым тиімді түрлерін практикада пайдалануды қажет етуі;
-Оқу пәндерінің оқушыларға білім мен тәрбие беру, пәнаралық байланыс
орнату мүмкіндіктерін айқындау мақсатында білім беретін орта мектептің
оқу жоспары мен бағдарламаларына талдау жасау. Барлық мұғалімдердің
пәнаралық байланысты практикалық қызметінде әрдайым пайдалану;
-Мұғалімдердің оқушыларға пәнаралық байланыс негізінде білім мен
тәрбие беру дайындығын және қандай жағдайда екендігін білу.
Пәнаралық байланысты жүзеге асыруда А.Абдрасилов [32] өзінің ғылыми
зерттеуінде мұғалімдердің 41 пайызының ғылыми- әдістемелік әдебиеттермен
жеткілікті қамтамассыз етілмегендігін, 28 пайызы оқушылардың аралас пәндер
бойынша білімдерінің әлсіздігін, яғни төмендігін тілге тиек етеді, мұны
мұғалімдердің 21 пәндерінің аралас пәндер мұғалімдермен қатынасының жоқ
себептерінен деп біледі.
А.Бейсенбаеваның [33] зерттеуі бойынша пәнаралық байланысты үнемі
жоспарлап, сабақ өткізетіні- 30%, анда-санда ғана жоспарлайтыны - 35%,
мүлде жоспарламайтыны- 20%, жауап бермегендері- 15%. Педагог ғалымның
зерттеуі бойынша мұғалімдердің пәнаралық байланыс негізінде өткізетін
сабақтарының түрлерінде қарастыратыны, оның ішінде тақырыптық жоспарда
пәнаралық байланысты 38%, жеке сабақ жоспарында белгілейтіні- 32%,
пәнаралық байланысқа арналған арнайы жоспар жасайтыны- 20%, пәнаралық
байланысты сабақ беруде мүлде ескермейтіні - 10% болғандығы сипатталады.
Кез келген пәнді зерделеудегі мақсат - нақтылы болмысты көрсететін
ғылыми білімдер жүйесімен оқушыларды қаруландыру және қоршаған ортаға
адамның қатынасы негізінде жатқан жеке тұлғаның әр түрлі сапалық
қасиеттерін, дүниетанымын, этикалық және эстетикалық нормаларын
қалыптастыруға қабілетті ету.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың негізгі бағыттарында: пән
бойынша оқулықтарды, оқу құралдарын жазу кезінде, оқу жоспарларын және
бағдарламаларды даярлауда, жеке әдістемелерді және ғылыми әдістемелік
әдебиеттерді жазуда басты назарда ұстаған жөн.
Ендеше бастауыш сынып оқушыларына пәнаралық байланыс материалдарын
кеңінен пайдалануды жан-жақты дамыту - біртұтас оқыту үрдісін жаңаша
тұрғыдан ұйымдастырудың ұтымды әрі табысты педагогикалық шарттарының бірі.

1.2 1- сыныпта қазақ тілі мен математика пәндерін байланыстыра оқытуды
жүзеге асыру жолдары

Келешектің бүгінгіден нұрлы болуына әсер етіп, адамзат қоғамын алға
апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі,
өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне,
даму бағытына байланысты.
Жер бетін мекен еткен адамзаттың бір бұтағы – бір халықтың қандай дара
қасиетке ие болып, қандай бет-бейнемен көрінуі – сол халықтың мектебінің
бет-бейнесіне, өзіндік ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Халқымыздың
маңдай алды педагогы Мағжан Жұмабаев кезінде мектеп жайлы былай деп жазған:
Әрбір ел келешегіне негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебінде
салмақ. Бар елдің тағдыры мектебінің құрылысына байланысқан нәрсе. Бұл –
ескірмейтін игі сөз, өзгермейтін бар шындық.
Қазіргі заман мұғалімінен пәнаралық байланыс пен интеграцияны кеңінен
қолдануды талап етеді. Мектеп бағдарламасында интеграциялауды қажет ететін
тақырыптар да аз емес. Интеграциялық байланыстың ең негізгі дидактикалық
міндеті-оқыту үдерісінде білім, тәрбие беру, дамытушылық сипатттылық
арасындағы байланысты құру. Оқыту мазмұнындағы білім мен іскерліктің
оқушылардың интелектуалдық өрісін қалыптастырудағы, алған білімді өмірмен,
қоғамдық тәжірибемен байланыстырудағы басты құралдардың бірі
интеграциялық байланыстар.
Педагогикалық сөздікте интеграция (лат. Integratio-қалпына келтіру,
толықтыру, integer- бүтін) - педагогикалық тұтастықты қалыптастырып,
білімді жүйелеу мен жинақтауда әртүрлі ғылымдарды біріктіру деп
көрсетілген. Пәндер интеграциясы - өзара жақын пәндердің
бағдарламаларындағы оқу материалын үйлестірудің және іріктеудің маңызды
көрсеткіштері. Оқу жоспарларын жасау кезінде пәнаралық байланыстың оқу
материалдарының тұрақты орналастырылуына тәуелді көп сатылы екендігін
көруге болады. Пәндерді оқытудың мерзімдеріне қандай да бір өзгерістер
енгізу пәнаралық интеграцияны жүзеге асыру үшін дидактикалық жағдай жасауға
мүмкіндік бермейді. Пәнаралық интеграция жекелеме оқу пәндері бойынша
білім мазмұнын жасаудың қайнар көзі болып табылады. Пәнаралық интеграция
ғылыми интеграцияның қазіргі жағдайдағы оқу пәндерінің мазмұны мен
құрылымының қалыптасуындағы ерекше мағызды фактор, ол оқу пәндерінің
құрылымының өзі олардың түрлері мен функцияларының әр алуан обьективті
көздерінің бірі болып қызмет етеді: Біліктілік пен білімнің пәнаралықтығы
бұл олардың әртүрлі оқу пәндерінен тасымалдау және тәсілдерді жалпы
қорытындылау іс әрекеті үдерісінде алынған функциональдық сапа. Пәнаралық
ғылыми интеграция үдерісінде әртүрлі ғылымдардың тоғысуынан жаңа білімдер
мен әдістердің пайда болуындағы білім мен дағды сапасының генезисін
қамтиды.
В.С.Безрукова [34] интеграцияның функциональды өзара бағыныштылық
идеясын ұсынды. Интеграция:
●өзара байланысты жүзеге асырудың қазіргі білім беру жүйесіндегі заңды
түрде дамуының соңғы бір логикалық түрі болып табылады.
●өзара байланыстың ғылыми білімінің жалпы даму тенденциялары болып
көрінуі үшін мәселелерді қазіргі кезде лайықты дәрежеде шешу деңгейіне
жетуге мүмкіндік туғызады:
●өзара байланысты жүзеге асырудың шегі болады.
Педагогикалық интеграцияны жүйелік негізде жалпы және кәсіптік білім
беруде өзара байланысты дамудың жоғары формасы деп есептеуге барлық негіз
бар.
Бастауыш мектептегі интеграция мәселесін барынша терең зерттеуді
ұсынған Н.Н.Светловская болып есептеледі. Ол өзінің мақалаларында
бастауышта оқытуда интеграцияны әдістемелік құбылыс деп танып, оның
мүмкіндігі туралы мәселені көтерді және білім берудің алғашқы кезіндегі
интеграция терминіне мұғалімдер мен ғалымдардың көңілін аударды.
Интеграция - іс әрекеттің кезектесуі, балалар меңгерген қарапайым білім
немесе іс-әрекеттің бір пәннен, екінші пәнге ауысуы. Балалардың білімдерін
бекіту үшін оқыту процесін шапшаңдату деп есептейді.
Интеграция-бастауыш мектепке байланыстырып алғанда-бұл пәндердің өзара
байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру.
В.И.Яковлева [35] қазіргі мектептегі әр пәннің бағдарламасы
бастауыш мектепке арналған, сондықтан оның тұтастығын бұзуға болмайды,
мектептану, дидактика, жеке пәндер әдістемелері толық интеграцияға дайын
емес деп тұжырымдады.
Н.Ф.Виноградова алты жастан бастап оқытатын бастауыш мектептің жаңа
модельін жасай отырып оқу іс-әрекетін жетілдіру үдерісін аяқтау, әр түрлі
мұғалімдер стильі мен пәндік оқытуға біртіндеп бейімдеу, интеграцияланған
курстар есебінен білім беруді жалғастыру қажет деп түсінік береді.
Интеграция бастауыш мектепте байланыстырып алғанда бұл пәндердің өзара
байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Интеграция іс
әрекеттің бір пәннен екінші пәнге ауысуы. Балалардың білімдерін бекіту үшін
оқыту үдерісін шапшаңдату.
Бастауыш мектепте жаңа бағдарламаға сәйкес оқу мен жазу дүниетану
интеграцияланған курстары енгізіліп, мектеп тәжірибесінде жүзеге асырылуда.
Сонымен, мектеп тәжірибесі бастауыш мектепте сабақтарды интеграциялауды
мұғалімдердің жай қолдануы, әртүрлі ғылыми білімдерді жинақтау есебінен оқу
тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыратындығын көрсетіп отыр.
Оқушының дүниетанымын қалыптастыру барлық пәндердің міндеті. Пәнаралық
байланыс дүниетанымды бір жүйеге келтіреді, бірізді, үйлесімді дамытады.
Білімді жалпылау, жалпыны бірлікте көру, жалпы тұрғыдан ерекшелікті таныту-
әлемнің біртұтас бейнесін танытудағы бірден бір жол. Негізгі нысаны-адамды
жан жақты дамыту болып табылатын қазақ тілі мен ана тілі пәндері өзара
байланыса отырып табиғи ортаның қоғамның әлеуметтік ортаның даму
заңдылықтарын тереңдете танытатын неғұрлым ірі интеграциялық байланысқа,
қоғамдық ғылымдармен байланысқа ұласады.
Біз интеграциялау бастауыш мектепте пәндердің өзара байланысы
жағдайында, бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың таным ерекшелігіне сай
тиімді нәтижелер күтуге болады деп есептейміз. Интеграцияның айтылып
отырған деңгейі бастауыш мектепте анағұрлым тиімді. Интеграцияланған
бағдарламаларды кейбір пәндердің өзара байланысы деңгейінде құрып, бастауыш
сынып мұғалімдері нәтижеге жетіп жүргенін ескере отырып, педагогикада
пәндер арасындағы өзара байланыс мәселесі терең зерттелгендігі қазіргі
педагогика ғылымында пәндердің өзара байланысы, дидактикалық принцип
ретінде түсіндіріледі.
Интеграция мен пәндердің өзара байланысы ұғымдарын мәндес ұғымдар
ретінде түсінуге болмайды, дегенмен ғылыми білім жүйесін жетілдіру
міндетімен қамтамасыз етіледі. Интеграция-жоғарыда айтылғандай, тұтастықты
қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі ғылымдарды
байланыстырып өзара жақын тұстарын біріктіруге өте қолайлы.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың жолдары
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытудың жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне қызығушылығын арттыру (анализ және синтез әдісі негізінде)
Пәнаралық байланыстың негізі
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚЫТУДЫҢ СПИРАЛЬДІ ҚАҒИДАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Бастауыш мектепте тест әдісін қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесі
Бастауыш мектеп оқушыларының математикадан білімдерін тексеруде тест әдісін қолдану ерекшеліктері
1-сыныпта «Қазақ тілі» мен «Ана тілі» пәндерін байланыстырып оқыту
Бастауыш мектепте оқыту барысында пәнаралық байланысты жаңа технологиялар арқылы ұйымдастыру
Пәндер