Бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыру



КІРІСПЕ
1 Өркениетті қоғамда дарынды балаларды бөлектеп оқыту
2 Арнаулы дарындылық
3 Білім алудың ішінде ең төтесі . жақсы мектеп, білімді мұғалім
3.1. Бастауыш сыныптарда компьютермен оқыту
4 3.сыныпта Информатиканы оқыту бағдарламасы
5. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі
Білім алу үдерісінде оқушылар дұрыс еркін, тез әрі түсінікті оқуға, өз ойларын ауызша, жазбаша дұрыс қорытуға, мазмұндауға, төрт амал көлемінде әлементарлық математика бойынша есептер шығаруға баулынады, оларға табиғат жөнінде кейбір түсініктер беріледі.
Білім беру саласында оқыту прцесінің мәні өте зор, өйткені осы кездегі қоғамдық өндірістік қатынастың дамуы оқытудың ғылымы-практикалық деңгейіне байланысты.
Оқыту үдерісіін ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы бір жағынан оқыту объектісі, екінші жағынан оқыту субъектісі болады. Осыған орай, оқыту үдерісіінде мұғалімдермен балалар ынтымақтастығы, олардың шығармашылық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады. Оқытудың субъектілері мен объектілері арасында әр түрлі байланыстар пайда болады.
Оқытуды іске асыру адам баласына белгілі зандылықтарды, білімді меңгеру негізінде ғана игі әсер етеді. Егер оқушы оқуды өзімнің міндетім деп санамаса, өзінің жауапкершілігін сезінбесе, онда оқытуды да жақсы ұйымдастыруға болмайды.
Оқыту үдерісіінде баланың таным белсенділігі кеңейеді, тереңдейді, ақыл-ой қабілеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың мәнін ғылыми ұғымдарды терең түсінеді, іздену нәтижесінде пайда болған сұрақтардың жауаптарын табады.
Оқушылардың білімді, шеберлік пен дағдыларды игеру үдерісііне білімді қабылдау, ұғыну, бекіту және оларды практикада қолдану енеді. Бұл буындар сабақта сан алуан үйлесуімен көрініп, оның сан қылы құрылысын анықтай алады.
1. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. «Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математика оқыту әдістемесі». Алматы 2005. 28б.
2. Кенелбаева М.А. «Бастауыш және негізгі мектепте математиканы дамыта оқытудағы сабақтастық мәселелері» Астана 2005. 3-11 б.б.
3. Ералиева М. «Білім мазмұнын іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру». Бастауыш мектеп №10/ 4 б. 2005ж.
4. Әуелбеков Е. «Пән аралық байланыс және оқушылардың дүниетанымы». Бастауыш мектеп №10/ 2005.
5. Файзулдаева С. «Мектеп жасына дейінгілер мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастық». Бастауыш мектеп №1 / 2006
6. Сәдірмекова Д. «Математикалық сауаттылықты қалыптастыру». Математика және физика. №5 / 2003.
7. Ж.Әбиев «Педагогика тарихы» Алматы 2003ж.
8. Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова «Педагогика» Дарын-Алматы 2004ж.
9. Ж.Қоянбаев «Педагогика» Астана 1998ж.
10. С.Мырзамұратова «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту» Бастауыш мектеп. №6. 2006ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыру

Түркістан

КІРІСПЕ

Білім алу үдерісінде оқушылар дұрыс еркін, тез әрі түсінікті оқуға, өз
ойларын ауызша, жазбаша дұрыс қорытуға, мазмұндауға, төрт амал көлемінде
әлементарлық математика бойынша есептер шығаруға баулынады, оларға табиғат
жөнінде кейбір түсініктер беріледі.
Білім беру саласында оқыту прцесінің мәні өте зор, өйткені осы кездегі
қоғамдық өндірістік қатынастың дамуы оқытудың ғылымы-практикалық деңгейіне
байланысты.
Оқыту үдерісіін ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы бір
жағынан оқыту объектісі, екінші жағынан оқыту субъектісі болады.
Осыған орай, оқыту үдерісіінде мұғалімдермен балалар
ынтымақтастығы, олардың шығармашылық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады.
Оқытудың субъектілері мен объектілері арасында әр түрлі байланыстар пайда
болады.
Оқытуды іске асыру адам баласына белгілі зандылықтарды, білімді меңгеру
негізінде ғана игі әсер етеді. Егер оқушы оқуды өзімнің міндетім деп
санамаса, өзінің жауапкершілігін сезінбесе, онда оқытуды да жақсы
ұйымдастыруға болмайды.
Оқыту үдерісіінде баланың таным белсенділігі кеңейеді, тереңдейді, ақыл-
ой қабілеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың мәнін
ғылыми ұғымдарды терең түсінеді, іздену нәтижесінде пайда болған
сұрақтардың жауаптарын табады.
Оқушылардың білімді, шеберлік пен дағдыларды игеру үдерісііне білімді
қабылдау, ұғыну, бекіту және оларды практикада қолдану енеді. Бұл буындар
сабақта сан алуан үйлесуімен көрініп, оның сан қылы құрылысын анықтай
алады.
Сабақта білімді игеру үдерісіінің негізгі буындарының әр алуын
комбинациясын оқу материалының сипатына, сабақтың дидактикалық мақсаты,
оқушылардың жас және дербес ерекшіліктеріне, сондай-ақ коллектив ретіндегі
сол сыныптың ерекшелігіне байланысты.
Сабақтың құрылуына оқушылардың жас ерекшіліктері, олардың дербес
сабақгарға дайындық дәрежесі шешуші ықпал етеді. Оқушы әлі де болса, ұзақ
уақыт бойына өзінің назарында болса, ұзақ уақыт бойына, өзінің назарын іс-
әрекеттің белгілі бір түріне шоғырлауды үйренбеген оқытудың алғашқы
кездерінде мұғалімге сабақ түрін жиі өзгертіп отыруға тура келеді.
Оқушылардың, жасына, оқу шеберлігіне және дағдыларының жинақталуына қарай
мұғалімнің басшылығымен істелгін жұмыстар мен сабақтағы оқушылардың дербес
істерінің ара-қатынасы да өзгереді. Мұғалімге коллектив ретінде,
сыныптың ерекшеліктерімен, оның ұйымшылдығымен санасуға тура келеді.
Мәселен, бастауыш мектепте сабақ өткізуде сан алуан ойын жаттығулары
едәуір орын алатындығы мәлім. Бірақ, егер мұғалім ойынды іріктеп алғанда
сыныптың ерекшеліктерін ескермес, онда ойын оқушылардың жұмыс қабілетін
ширықтырып, қалпына келтірудің орнына оқу тәртібін бұзуға әкеп соғуы
мүмкін. Мұның бәрі сабақтардың бір типті бола алмайтындығына көз жеткізеді.
Оқушылар мектепте білім ала отырып, тәрбиеленеді де. Тәрбие оқудан
ажыратылмайды. Мектеп беделі ең алдымен сабақтарда көтеріледі. Оқу сабағы,
грамматика, математика сабағы - ұдайы тәрбиелеу. Тәрбие сәттері сабақ
үстіндегі мұғалімнің сұрақтары, оқушының жауаптары, мұғалімнің іс-әрекеті,
оқушының іс-әрекеті сияқты дағдылы жұмыстары мен ұштасып жатады.
"Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген
талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмандар. Еңбек қуанышы еңбекқор
адамның мақтаныш сезімі осы оттың тұтанар бірден бір көзі".
(В.А.Сухамлинский).
Егер барлық балалар алдарына қойған міндеттерді орындаса, егер бір
біріне өзара көмектесіп сергек рахаттана жұмыс істесе, егер өткерілген оқу
күніне риза болып, үйлеріне тарасса және ертеңгі күнді асыға күтетін болса,
онда оқуға деген ынта арта түседі. Ал мұның өзі — мұғалім еңбегімен
оқушылар үлгерімі нәтижелерінің көрсеткіштерінің бірі. Біздерге,
мұғалімдерге В. А. Сухамлинскийдің: "Еңбектегі табыс-бұл табысқа жеткен
адамның мақтанышы өз еңбегін мақтан тұтпаған нағыз адам бола алмайды" -
деген сөздерін ұдайы есте ұстауымыз керек.
Оқудағы үлгерім жолындағы күресу-балаларды оқи білуге үйрету, әр
қайсысының өз мүмкіндігіне сенуіне көмектесуі, уйымшылдыққа,
дербестікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақты түсіндіре басқару, үлгі-тірек жұмысы сабақта өтілгендердің
бәрін балалардың сезініп ой елегінен өткізуіне, өз іс-әрекеттерін,
түсіндіріп, негіздеп отыруына көмектеседі.
Сабақгың құрылуына оқушылардың жас ерекшеліктері, олардың дербес
сабақтарға дайындық дәрежесі шешуі ықпал етеді. Оқушы әлде болса, ұзақ
уақыт бойына, өзінің назарын іс-әрекеттің белгілі бір түріне шоғырлауды
үйренбеген оқытудың алғашқы кездерінде мұғалімге сабақ түрін жиі өзгертіп
отыруға тура келеді.
Оқыту үдерісісінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке
алу - бұл оқыту үдерісіінің негізгі заңдылығының бірі болып табылады.
Оқыту және тәрбие беру ісінде осы зандылықты мұғалім әр уақытта
басшылыққа алады. Жас ерекшеліктері төмеңгі жағдайда есепке алынады.
а) оқу жоспарларын
ә) оқу бағдарламаларын
б) оқулықтар және оқу құралдарын т.б жасағанда. Балалардың жас
ерекшеліктеріне сай мектептің ішкі тәртіп-ережелері, сабақ және тәрбие
жұмыстарының кестелері жасалынады. Осылардың негізінде мектептегі оқу және
тәрбие жұмыстарының мазмұны, формалары мен әдістері оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сай іс жүзіне асырылады. Оқу және тәрбие жұмыстарының
барысында балалардың жас кезеңдерін еске алу қажетті шарттардың бірі.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Әр баланың жеке
қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын,
талантын, қабілетін дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр. Себебі
ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге
шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті
мамандар қажет. Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап
келеміз - деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі жай айтыла салған жоқ.
"Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі
ұрпақ бейнесімен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік пен
қабілеттерін ашу және оларды шығармашылыққа баулу туындайды. Дүниежүзілік
озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни, әр баланың
табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдай жасай отырып, оны жан-жақты
дамыту керек. Оның қандай мектеп болсын, инновациялық үрдіс сатысынан өтпей
даму мүмкін емес екеніне көзіміз жетіп отыр.
Сондықтан, қазіргі кезеңде мектептің негізгі жұмыстарын баланың жан-
жақты дамуы мен қалыптасуына, олардың белсенділіктерін, жауапкершіліктерін
арттыруға, мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруға, озат
тәжірибені жинақтауға, ғылыми негізде білімді тәжірибемен ұштастыру қажет.
Дарындылық - адам бойындағы тума қасиет деп есептеледі. Талантты, дарынды
балалар жөнінде 1975 жылы дүниежүзілік Кеңес құрылды. Көптеген елдерде
дарынды балаларды әлеуметтік, психологиялық жағынан қолдау мақсатында
арнайы бағдарламалар жасақталды Өркениетті қоғамда дарынды балаларды
бөлектеп оқыту XX ғасырдың 50-60 жылдарында басталып, оқытудың саралап,
даралап білім беру принципіне көшкені мәлім. Ол Францияда, Германияда,
Америкада, Жапонияда т.б. елдердің білім беру жүйесінде қазір жоғары
деңгейде жүргізілуде. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек мектеп жасындағы
балалардың 20 пайызы осы топқа жатқызылады екен. Біз дарынды деп белгілі
бір қабілеті көпшіліктің орташа қабілетінен ерекшеленетіндерді айтып
жүрміз. Өмір сүретін орта, берілетін тәрбие осы ерекшіліктің одан әрі
дамуына көмектеседі немесе оны мүлдем жоқ қылады. Мәселен, саусағынан бал
тамған зергердің табиғи алмазды бриллиантқа айналдырғаны сияқты, қолайлы
ахуал, тамаша кәсіби ұстаздық кез келген қабілетті оқушыны дарынға
айналдыра алады. Міне, осы бір айдай анық мәселе педагогика мен
психологияда көптеген қиыншылықтардан өтіп, өз жолын енді тауып келеді.
Әлбетте, дарындылықтың тұқымқуалайтындығы, ұрпақтан ұрпаққа берілетіндігі
сөзсіз. Ендеше Абайдай ұлы тұлғаны өмірге әкелген Құнанбайды дарын емес деп
кім айта алады?
Канада ғалымы Д.Хебб генотиптік интеллект деген ұғымды енгізді. Бұл
таза тұқым қуалайтын интеллект сыртқы ортамен қарым-қатынас орната отырып,
фенотиптік интеллектіні құрайды. Соңғысының деңгейі бәрімізге белгілі
тест әдісімен анықталады. Д.Хеббтің ойынша ген арқылы берілу мен сыртқы
ортаның әсерінің арасындағы қатынас 8:2. Мұнда 8-түқым қуалаушылық, 2-
сыртқы орта. Осыдан ол мынадай қорытындыға келеді: ой-

өріс (интеллект) - бұл мәдени-әлеуметтік орта мен индивидтің (адамның)
тәжірибесінен пайда болатын өнім, ал осы тәжірибені ассимиляциялап
(жинақтап) тиімді пайдалана білуінің 80% генотиптік құрылымға байланысты.
Д.Хеббтің және басқа да гендік дарындылықты жақтаушылардың тұжырымдары
практик-ғалымдаф мйй. %т ^ъүшеташрлері тарапынан қатты сынға алынды.
Олардың бірінші қарсылығы қатып қалған интеллектініжоққа шығарудан
басталады. Сегіз бен он алты жас арасындағы сынақтан өткен оқушылардың 50%
ғылымның әртүрлі саласынан әр дәрежеде ой-өріс деңгейін көрсете білген.
Сонда оқушы 8 жыл ішінде түрақсыз интелектуалды дарындылығын танытқан.
Нақты, шүбә келтірмейтін немесе көпшілік мойындаған дарындылық туралы
тұжырымдама болған емес және бұл бағыттағы жақсы жетістіктерге қарамастан
оны жоқ деуге болады. Әйтсе де, бұл жағдай дарындылықты ғылыми түрғыдан
зерттеушілерді көп қиналта қоймайды. Тіпті, кейбіреулері мұны дұрыс заңды
нәрсе ретінде қабылдау керектігін алға тартады. Белгілі ағылшын психологы
Г.Айзенк осы мәселе жайындағы көзқарасын былай түйіндейді: Термометрді
алғаш ойлап тапқанда ғылымда жылу құбылысы, оның өлшем бірліктері туралы
мәлімет өте мардымсыз болды, түбінде жылулық теориясы термометр және басқа
да құралдармен өлшеулер жүргізу арқылы дамыды емес пе?. Сөйтіп, Г.Айзенк
дарындылық туралы түбегейлі, тұрақты қорытынды шығаруға асықпаған жөн деп
тұжырымдайды. ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында ассоциативтік психологияда
дарындылық мәселесіне функционалдық көзқарас туындады. А.Бән, В.Вундт,
Д.Милль, Г.Спенсер, Т.Циген сияқты психологтар ой-өріс дарындылығын
диагностикалау үшін бес негізгі функцияны өлшеп, зерттеу керектігін айтады.
Олар: ой, зейін, ерік, қабылдау және есте ұстау. Тек XX ғасыр басында ғана
ғалымдар нағыз дарынды ғылыми қызмет, ғылыми ойлаудан іздеу керектігін айта
бастады. Содан әр түрлі, өзара қарама-қайшы шиеленіскен көзқарастарды
жүйелей отырып, ғалымдар дарындылықты жалпы және арнаулы деп екіге бөліп
қарастыруға көшті. Неміс ғалымы В.Штерн жалпы дарындылық - интеллектіден
өзгеше, оны индивидтің өз ойын жаңа талаптар, мақсаттар мен міндеттерді
орындауға саналы түрде бағыттай алатын қабілеті деп түсінеді. Арнаулы
дарындылық дегеніміз - бұл белгілі бір бағытта ерекше қабілеттер таныта
білуі. Мысалы, қолөнер, сурет, ақындық және т.б. Сонда көптеген біріне-бірі
байланыссыз арнаулы факторлар түбінде ақыл-ой қабілетін, яғни интеллектіні
құрайды. Дегенмен, іс-әрекеттің әр алуан саласында ұлы жетістіктерге жету
үшін интеллекті емес, психикалық одан да күрделі ерекшеліктері: жаңа, ұшқыр
ойлар мен идеяларды туындату және қисыны көп, стандартты емес есептердің
шешімін таба білу қабілеті болу керек. Мұны психологияда креативтілік деп
атайды. XX ғасырдың 50-60 жылдары Креативтілік ұғымы интеллект ұғымының
дарындылықты сипаттаудағы монополистік құқығынан толығымен айыра бастады.
Сонымен жоғарыда қарастырып отырған мәселе бойынша ойымызды қорытындыласақ,
дарындылық - тұлғаның жалпы интегралды қасиеті екендігі анық көрініп тұр.
Тек қана бір салада ерекше

қабілетті болып, ал өмірдің басқа жақтарынан дәрменсіз болу
табиғатта сирек кездесетін құбылыс. Атақты суретшілердің көпшілігі өлең
жазған және керісінше атақты ақындардың біразы сурет, қолөнермен қосымша
шұғылданып, жақсы туындылармен халқын тамсандырған. Дарындылықты немесе
ерекше қабілеттілікті балалық шақта жалпы, универсалдық түрғыдан
қарастырған жөн. Ал уақыт өтісімен, тұлғаның есеюімен бұл қабілет өзінің
арнаулы қырларын көрсетеді, пәндік дәрежеге, мазмұнға ие болады. Қазақстан
Республикасында соңғы жеті жылда қолға алынып, жүйелеуден өтіп жатқан
Дарын бағдарламасының педагогтар алдына қойып отырған мақсаты - тұлғаның
жалпы қабілеттерін дамыта отырып, белгілі бір саладағы ерекшелігін
танытуына жан-жақты әдістемелік және психологиялық қолайлы жағдайлар
тудыру. Жалпы Республикалық Дарын ғылыми-практикалық орталығының
бағдарламасының басты мақсаты: әрбір шәкірттің жеке дара қабілеттерін
ілгері дамыту, дарындылығы анықталған оқушыны қабілетіне сай
шығармашылықпен ойлай алатын азамат етіп тәрбиелеуге жағдайлар жасау,
дарынды балалармен жұмыс жасау аясында ғалымдар мен өнер қайраткерлерін,
ізденімпаз ұстаздар ұжымын топтастыру. Психикалық қасиеттер - бір адамды
екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы
ерекшеліктер. Бұған әрбір адамның мінезі мен темпераменті, қабілеті мен
дүниетанымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады. Біз балаға қабілетті
деген мінездеме береміз. Қабілеттілік әр алуан. Мектепте оқушыларға түрлі
жұмыстар жүктелгенде де олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екінші
біреуінің музыкалық, ал үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып, бұған
ерекше мән беріліп отырады. Бұл мысалдар әр адамның әрекеттің бір түріне
жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын байқатады. Ерекшеліктер
іс-әрекетті орындау үстінде, әсіресе, оның нәтижесінен жақсы көрінеді.
Мысалы: біреу қолға алған ісін тез бүрқыратып тастайды және оны нәтижелі
етіп шығарады. Ал, екінші біреуі өте баяу қимылдап әрі сапасыз орындайды.
Бұл жерде бірінші адамның екінші адамға қарағанда іске деген қабілеттілігі
әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр. Қандай да болсын бір нәрсеге
қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі
мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екенін дәлелдейді.
Адамның өзгеше қасиеттері ана құрсағында пайда болады. Анатомиялық
нышан - баланың ата-анасына ұқсап тууы. Физиологиялық нышан - жүйке
жүйесінің кейбір анализаторының ерекшеленуі. Анализатордың ерекшелігі
қабілеттің көрінуіне себін тигізеді. Егер адамның туысында нышан болып, ол
тәрбиеленбесе, оның қабілеті дамымайды. Қолайлырақ жағдай туса, қиыннан
қиыстырып мәселе шешуде ізденімпаз болып шыға келеді. Нышанның ықпалымен
қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық деп атайды. Дарынды балалар мектеп
бағдараламасын жылдам меңгереді. Зеректік, байқағыштық қасиеттері жоғары
болады. Олардың көпшілігі өз уақыттарын шығармашылық жұмысқа арнайды. Сурет
салады, өлең жазады. Мысалы, Ч.Дарвин көп уақытын көбелек қуып коллекция
жинауға бөлген екен.
Дарын өкілдерінің қуат-қабілетінің шарықтайтын шегі болады. Мұндайда
олардың санасының барынша өткірленіп, мейлінше айқындалады, бақылампаздығы
одан сайын арта түседі. Ж.Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік
табиғи қасиеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді
дамытатын - оқыту мен тәрбие. Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын
дамытуға ертерек көңіл бөлінсе соғүрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады.
Бала бойындағы ерекше қасиеттерді, оған жақын жасы үлкендер дұрыс
жеткілікті бағаламаса, оның өзгелер сияқты болып қалып қоюы мүмкін, дейді
америкалық ғалымдар. Жалпы білім беретін орта мектептерде оқушыларға білім
берудің тиімді жолдарын іздестіру, жаңа технологиясын ойластыру қазіргі
заманның көкейкесті мәселесіне айналған.
Сол мәселелерді шешудің бірден-бір жолы педагог қауымның іс-тәжірибесін
жарыққа шығару.
Елбасымыз Заманымыз - мәдениет заманы, ал мәдениетке білім жеткізеді.
Білім алудың ішінде ең төтесі - жақсы мектеп, білімді мұғалім, -дегені.
Шығармашылық үшін икемді жас - орта буын. Бұл жастың ерекшелігі ойлау
үдерісіінің өзіндік ерекше стилі қалыптасады, түрлі болжамдар, ой, қиял,
сезім шапшаңдығы көркем шешім таба алады. Бұл жастағы балалардың жан
дүниесі нәзік, қаламы тез төселеді.
Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің әлемдік тәжірибелері, ғылыми
бағыттары ескеріліп, негізгі төмендегі идеялар басшылыққа алынады:
- дарынды балаларды әлеуметтік және құқықтық қорғаудың ізгілігі мен
бұқаралығы;
- дарынды балаларды іріктеу және олармен жұмыс істеуде биологиялық
және әлеуметтік факторларды ескеру;
- дарынды балалармен үздіксіз, жүйелі жұмыс жүргізу;
- дарынды балаларды іріктеу үшін диагностикалық әдістердің жиынтығын
қолдану;
- жеке тұлғаның дарындылық деңгейінің қалыптасуына орай оқу мен
оларды одан әрі жетілдіруде арнайы жасақталған бағдарламалардың сәйкестігі;
- дарынды балалар мен оқытатын мұғалімдерді арнайы дайындау;
- инновациялық технологиялар мен әдістерді пайдалану арқылы оқушылардың
шығармашылық қабілетін дамыту;
- дарынды балалармен жұмыс істейтін жеке бағдарламалар дайындау.
Дарынды оқушылардың білімге деген талпынысы басқа оқушылардан өзгеше болып
келеді. Дарынды оқушылар білім мазмұнын тез әрі терең түсініп, оған талдау
жасай біледі. Дарынды оқушылармен жұмыс істеу үшін психолог мұғалімдер,
сынып жетекшілері, тәрбиешілер арнайы дайындықтан өтуі қажет.

2.1. Бастауыш сыныптарда компьютермен оқыту үйретуші бағдарламаларды
қолдануды басталады. Олар: жаттығу жұмысына берілген бақылау жұмысына
арналған және оқушылардың жаңа материалды меңгеруіне арналған бағдарламалар
болып бірнеше топқа бөлінеді. Бұл бағдарламалар мұғалімінің өзінің әр пәнге
байланысты құрған жоспарына сай жүргізіледі.
Сабақты компьютермен жұмыс істегенде әр түрлі тиімді жақтарын көруге
болады:
- оқушының ойлауы арқылы жеке бағдарламалар құрып, оқушымен дербес жұмыс
жасауға;
- компьютер алдында оқушы еркін жұмыс істей алады;
- компьютер алдында оқушы еркін жұмыс істей алады;
- компьютерді сабақта пайдалану уақытты үнемдейді, оқушылардың сабаққа
қызығушылығын арттырады.
3-сыныпта өткізген бейнелеу өнері сабағында оқушылар графиктік редактор
бағдарламасы негізінде компьютердегі сурет және конструкциялауда бірнеше
мақсатқа жету көзделеді. Оқушының кәсіби жүйеде жұмыс істеуіне, суреткерлік
мүмкіндіктерін дамытуға, графиктік редакторлық шығармашылықтың мүмкіндігін
меңгеруге дайындайды. Сол себепті бастауыш сыныптарда компьютермен жұмыс
істеуі тиімді, технологиялық құралдардың бірі екендігін, оның көмегімен
сабақты қызықты тартымды етіп түрлендіруге болады. Компьютермен өткен әр
сабақ баланың көңіл-күйін көтеріп, нашар деген оқушының компьютермен жұмыс
істеуде қызығушылық қабілетін арттыруға мүмкіндік береді, шеше алмаған
жауапты мұғалімнің көмегімен шешуге тырысады. Мұндай сабақтар оқушылардың
білімін, мүмкіндігін толығырақ бағалауына бағалауына және оны түсінуге,
жаңаша шығармашылық тәсілдермен жұмыс істеуіне, ізденуіне сан алуан әдіс-
тәсілдерді таңдауна жол ашары сөзсіз.
Бүгінгі ақпараттық қоғам жағдайында өскелең ұрпақтың ақпараттық
мәдениетін қалыптастырудың негізі болып табылатын Информатика пәніне жете
мән берілуде. Соған сәйкес орта білім беру жүйесіндегі оның рөлі қазіргі
әлемдегі ақпараттық білім мен технологияның мән-мағынасына сәйкес артып
отыр.
Бастауыш сыныптарда информатика пәнінен оқытудың мақсаты – оқушыларға
ақпаратты өңдеу, жеткізу және оны пайдалану туралы білімдердә меңгерте
отырып, ақпараттық технологияны оқу үрдісінде өзіндік дамуы мен оны іске
асыру құралы ретінде саналы да тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру болып
табылады.
Информатиканы 2-12 сыныптарда пән ретінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сабақтан тыс уақытта кіші мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын жетілдіру жолдары
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі. Әдістемелік құрал
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негізі
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ерекшеліктерін қарастыру
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінен функционалдық сауаттылығын арттыру
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы
Функционалдық сауаттылықты дамыту
Пәндер