Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуда ерекшеліктер мен педагогикалық негіздердің тигізетін ықпалын анықтау



І. КІРІСПЕ...
1.1 Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылығын дамыту.
1.2.Бастауыш мектепте пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашылығын дамыту әдістемесі...

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЖЫМДЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС.ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ.
2.1 Оқушылардың шығармашылығын қалыптастырудың жаңа технологиялары..
2.2 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың әдіс.тәсілдері ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылған «Орта білім алу міндеттілігі» қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабын оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашыл тұлға қалыптастыруын қойып отыр.
Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» жолдауында
«Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жа уапты да жігерін, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады…» деген сенімі жай айтылған сөз емес. Бүгінгі білім беру талабына орай білім беру мазмұны, мақсаты қайта қаралып, түбегейлі жаңартылуы керек.
«Орта білім берудің мақсаты жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» - деп Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында нықтап атап көрсетілген.
1. Ж.Б.Қоянбаев,Р.М.Қоянбаев “Педагогика” Алматы, 2002
2. Бастауыш білімнің міндетті мемлекеттік стандарты. Алматы, 1998
3. І Республикалық педагогикалық кеңестен. Астана, 2001
4. ҚР Конституциясы, ІІ бөлім, 30-бап.
5. Т.А.Ильина. Педагогика. Алматы, 1977.
6. И.П.Волков. Педагогикалық ізденіс. Алматы, 1989.
7. С.Б.Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы, 2003.
8. В.Белов. Татулық. Алматы, 1978.
9. Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері. Алматы, 2002.
10. А.Тұрғынбаева. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000.
11. Ұ.Жазықбаева. Жаңа адамды тек жаңашыл ұстаз тәрбиелейді. Шымкент,2000.
12. Т.Ш.Оралбекова Технология оқулығы. Алмвты, 2003
13. Т.Ш.Оралбекова Әдістемелік құрал (технология), Алматы, 2003.
14. Педагогическая энциклопедия. ІІІ том
15. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2004.
16. Төлеубекова Р.К. Адамгершілік тәрбиесінің негіздері, Алматы, 1991
17. К.Маркс және Ф.Энгельс шығармалары, 16 том 158-196 б
18. Сейтешев К.Б. Тәрбие теориясы. Алматы, 1986
19. Ильина Т.А. Педагогика Алматы, 1977
20. Марьенко И.С. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны, Алматы, 1978
21. Єбдіразаќов Е. Адамгершілік, имандылыќ тєрбиесі, Шымкент,1994ж.
22. Богословский В.В. Жалпы психология 1958ж.
23. Бастауыш мектеп. 2003,4-5. А.Әбішева, Ж.И.Сардарова.
24. Қазақстан мектебі. 2002, 1,2,5.
25. Тәрбие құралы. 2004.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

І.
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...

1.1 Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылығын дамыту.
1.2.Бастауыш мектепте пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашылығын дамыту
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЖЫМДЫҚ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ.

2.1 Оқушылардың шығармашылығын қалыптастырудың жаңа
технологиялары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың әдіс-тәсілдері ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Көкейкестілігі:
Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылған Орта білім
алу міндеттілігі қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін
қанағаттандыру талабын оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке
қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашыл
тұлға қалыптастыруын қойып отыр.
Ел Президентінің Қазақстан халқына Қазақстан-2030 жолдауында
Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп кемелденеді, біздің
балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз
ұрпағының жа уапты да жігерін, білім өресі биік, денсаулығы мықты
өкілдері болады... деген сенімі жай айтылған сөз емес. Бүгінгі білім
беру талабына орай білім беру мазмұны, мақсаты қайта қаралып,
түбегейлі жаңартылуы керек.
Орта білім берудің мақсаты жылдам өзгеріп отыратын дүние
жағдайларында алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін
бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз
бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға
қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру - деп Қазақстан Республикасы 2015
жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында нықтап атап
көрсетілген.
Бүгінгі таңда еліміздегі білім беру ісі балалардың жас
ерекшелігіне
сай бағытталуы, ортаның әлеуметтік - мәдени өзгеруіне икемделіп
отыруы , ең алдымен оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен жалпы
дамуға дайындығы мәселелерінің бірлігін шешуі керек. Мемлекеттік күш-
қуаты ең алдымен өз ісіне шығармашылықпен қарайтын, ғылымның ,
техниканың , өнердің, өндірістің ойдағыдай дамуына өзінің жекелей
еңбегімен ықпал етуге қабілетті адамдардың санымен анықталады.
Сондықтан да баланың әр уақытта қоғамдық санасының, жеке тұлғасының
жан-жақты дамыған еңбек білігі мен шығармашылық қабілеті қалыптасқан
адам болып өсуі өзекті де көкейтесті мәселе болып отыр.
Шығармашылық- бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға
ұмтылуы, ізденуі, еңбек етуге құлшынысы. Өмірге дұрыс жол табу
үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабыл

дай білуге үйренуі керек.
Осы мақсатта педагогика ғылымын дамытуға үлес қосқан ірі
тұлғалы ғалымдар, философтар, педагогтар ертеден-ақ аз болмады.
Аристотельдің Жан туралы еңбегі, Я. А. Коменскийдің Ұлы
дидактикасы, И.Г.Пестолоцци мен А.Дистервег еңбектері оқытудың
негізгі теориялық мәселелеріне сүйеніп, жеке тұлға дамуы шығармашыл
әрекет арқылы қалыптастыру мәселесінің маңыздылығын көтереді.
Халық ағарту ісінің белгілі қайраткерлері К.Д,Ушинский Ана тілін
оқытуға басшылық еңбегінде, В.А.Сухомлинский Балаларға жүрек жылуы
еңбегінде, В.Ф.Шаталов, Н.А.Менчинская, П.П.Блонский, Я.А.Пономарев
т.б. өздерінің еңбектерінде, Қазақстанда ағартушылық идеяны көтерген
Ы.Алтынсарин Таңдамалы педагогикалық мұралары, М.Жұмабаев
Педагогика, Қ.Бержанов , Т.Сабыров Оқыту теориясының негіздері,
Ж.Әбиев Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері т.б. еңбектерінде
жастарға білім беру саласында өскелең өмір жағдайында қабілеттілікті
дамытудың маңыздылығына көп тоқталады.Қаншама осы мәселеге көңіл бөлініп
жатса, тәрбие мен білімге бағытталған жұмыстар жеткіліксіз.
Зерттеу жұмысының мақсаты – бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық
қабілетін дамытуда ерекшеліктер мен педагогикалық негіздердің
тигізетін ықпалын анықтау.
Зерттеу жұмысының әдістері – талдау, жинақтау, іздену, бақылау, оқушы
жұмысын зерттеу, анкета, тест т.б.

І . БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЖЫМДЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-
ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ.
1. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылығын дамыту.

Адамның ойлау процесі қандай да бір сұраққа жауап беру,
белгілі бір тапсырманы орындау, іс-әрекеттің қандай да бір түрін табу
және тағы басқа да қажеттіліетер туғанда активті қызмет жасауға
көшеді. Мұның барлығы танымға объктілер мен шынайылық құбылыстарын
бейнелеуден, ұғынудан көрініс табады.
Кез-келген тарихи кезеңде өмір сүріп отырған мемлекеттің
өзіне тән білім беру жүйесі болады. Білім беру тұжырымдамасында
ұсынылып отырғанжүйенің қазіргі және белгіленген мерзімде жүзеге
асатын, мүмкін болатын құрамалары айқын белріленген.
Тұжырымдама – ғылыми–теориялық, әдіснамалық құжат. Онда Қазақстан
Республикасының білім берудегі мақсаттары, міндеттері, құрылымы,
мазмұны, дамуының негізгі стратегиялық бағыттары анықталған. Соған
сәйкес құрылған бағдарламаның негізінде біз мектептегі сабақ
процесін ұйымдастыруымыз керек. Өркениетті елдер қатарына қосылу үшін
әлемдік деңгейдегі білім кеңістігінен орын алуға ұмтылыс жасау
қажет. Ұлы ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсынұлы Басқадан кем болмас
үшін біз білімді, бай, әм күшті болуымыз керек. Білімді болуға
оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек деп
сара жол сілтеді.
Өсіп келе жатқан ұрпаққа шығармашылық тәрбие берудің
тиімді нұсқаларын әр түрлі жас мөлшеріндегі балаларға мақсаттың
қолайлы құрылысын анықтаудан бастау керек. Мұнсыз оқушылардың білімін
жетілдіру жемісті бола бермейді.
Затқа, объектіге т.б. көңіл аудару көп жағдайда оқушылардың
оршаған ортаны тануда жетістікке жеткізеді, себебі, ол көзбен
қабылдаудың толықтығын және тереңдігін қамтамасыз етеді , ойлаудың
активтілігіне құбылыстардың қандай да бір нысанасын үйренуге
бағытталған оқушының ерік – күшінің жиналуына жағдай жасайды.
Оқушының көру және есту қабілеттерін қалыптастыруда әр түрлі
құбылыстар мен фактілерді байқау, шынайылық объектілерінің мағынасын,
аз байқалатын жақтары мен белгілерін есепке алу қажет. Көз алдына
елестету функциясының сөйлеуді дамытуға тәуелді екенін Л.С.Выготский
тауып айтқан еді. Оның тұжырымында көз алдына елестету сөйлеу
дамуына тәуелді, яғни балалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасының
негізі болып саналатын ұжымдық - әлеуметтік кепілі. Жоғарыда айтылған
тұжырымнан көріп отырғандай, егер бала көркемөнермен байланысты
болмаса, сурет салу, ән айту, өлең оқу дағдысы болмаса, оқуға, еңбек
етуге ынтасы болмаса сөйлеу процесі тежеледі, көз алдына елестету
қабілеті жойылады. Ал бұл жағдай баланың шығармашылық әрекетін
тоқтатады. Сократтың өзі-ақ оқыту барысында шәкірттің танымдық іс-
әрекетін арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен-ді.
Ы.Алтынсариннің пікірінше, педагогикалық жұмыстағы ең шешуші
нәрсе: мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде,
балалармен дұрыс тіл табыса білуінде. Үлгілі жолға қойылған, дұрыс
тәртібі бар жаңа типті мектеп оқушыларды қызықтырып, оларды
мәдениетке, жұмысқа және айналасын, өз ортасын тануға, ой еңбегін
үйретуге тиіс,- деп атап көрсетті.
Шығармашылық қабілетті дамытудың психологиялық, педагогикалық
ережелерін басшылыққа алып қарастырғанда мұғалімнің дидактикалық
дайындығына мына компоненттер кіруі керек:
- педогогикалық қызметті толық берілуі, оны дұрыс атқаруы;
- ақыл – ой әрекетін кезеңмен қалыптастыру теориясын білу;
- бала психологиясының жасқа байланысты ерекшеліктерін білу;
- шығармашылық процестің негізін меңгере білу;

Оқытушы шәкірттің білім, білік деңгейлерін анықтап, олармен
жеке дара жұмыстар жүйесін пайдалануы керек.
Жүйелі, дұрыс ұйымдастырылған шығармашылық әрекет түрлері
нәтижесінде шәкірттің білімі, біліктілігі кеңейіп, шығармашылық
ізденімпаздығы қалыптасады.
Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны ұйымдастыра білуі,
танымдық іс-әрекет түрлерін таңдап, оны жоспарлай білуі,
ізденімпаздығын арттыру маңызды жұмыс. Оқушылардың шығармашылық іс-
әрекеттерді жоспарлау және іске асыру біліктерінің қалыптасуына оқу-
танымдақ тапсырмаларды шығармашылық тұрғыда шешудің маңызы зор.
И.Д.Левитовтың пікірінше, оқушылардың шығармашылық қабілеттері деп іс-
әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және оқушылардың
даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің, тәжірибелерінің көрінуі
болып табылады. Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз,
импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі болады. Баланың
жасырын, тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік
жасау тек оқыту үрдісі кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге
асады.
Оқушылардың жалпы шығармашылық қабілетінің құрамдас
компоненттерін анықтауға бағытталған еңбектер де жеткілікті, атап
айтсақ, И.Л.Лернердің, А.Н.Луктың, В.И.Андреевтің, А.Л.Яковлевтің,
Д.Б.Богоявленскаяның еңбектері.
А.Н.Лук шығармашылық қабілеттің компоненттерінің құрамына басқа
көзқарас тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қабілеттерді үш
негізгі топқа бөліп қарастырады:
1) ынтамен байланысты қабілеттер (қызығушылық және икемділік)
2) темпераментпен байланысты қабілеттер (көңіл-күй)
3) ақыл-ой қабілеттері.
А.Н.Луктың оқушылылардың шығармашылық қабілеттерінің компоненттері
құрамына қатыстыайтқан пікірі құнды және оны төмендегі себептерге
сәйкес түсіндіруге болады:
1) оқушы кез-келген іс-әрекет нәтижесінде жақсы нәтиже алу немесе
белгілі бір қабілет түрін дамыту үшін алдымен осы іс-әрекетке,
қабілетке деген оның қызығушылығы, ынтасы болмаса, оның нәтижесі
де төмен болатыны сөзсіз.
2) көңіл-күй бұл кез-келген істі орындауға негізгі, қажетті
көрсеткіш деуге болады. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылық қабілеттерін дамытуда олардың осы бағыттағы іс-
әрекеткедеген көңіл-күй деңгейі маңызды, сондай-ақ олардың жұмысының
нәтижелілігіне әсер ететіні белгілі.
3) кез-келген іс-әрекетті біз ақыл-ой қабілеттері негізінде ғана
іске асыра аламыз. Сондықтан да оқушылардың шығармашылық бағытта
жұмыс істеулері де алдымен оны ақыл-ой қабілеттері арқылы
жоспарлап алып, оны практика жүзінде іске асыруларын талап
етеді.
Я.А.Пономарев Знание, мышление, умственное развитие атты еңбегінде
кез-келген шығармашылық бағыттағы іс-әрекеттің негізгісі-шығармашылық
ойлау дей отырып, оның даму критериі ретінде іштей жоспарлау
әрекетін немесе ойша әрекеттену қабілеттерін алады.
Автор пікіріне қосылуға болады, себебі ешбір іс-әрекеттің,
соның ішінде шығармашылық бағыттағы іс-әрекеттің ойша
әрекеттенуінсіз іске аспайтыны анық. Сондай-ақ балалардың ойша
әрекеттенуі, яғни ойша санауы, талқылауы, жоспарлауы және т.б.- бұл
адам интеллектісінің айрықша көрсетбастауыш болып табылады.
Біріншіден, адам ойша әрекеттене отырып нәтижесінде не алатындығын,
яғни болашақта алатын нәтижесінің бейнесін көз алдына елестете
алады. Екіншіден, қойылған мақсатқа жету жолын жоспарлап, алынбақшы
нәтижеге жету тәсілін ойша құрастыра алатындығын көреміз.

1.2. Бастауыш мектепте пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашылығын
дамыту әдістемесі.
Бастауыш мектеп - бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы
қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да
бастауыш білім берудің алғашқы сатысы. Бастауыш мектеп балаға
белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамытуды, яғни
сөйлеу, оқу, талдау жасауға үйретуді және ойын толық, дұрыс
жеткізуді қамтиды. Ғылым мен техниканың кең өріс алып, жедел
қарқынмен дамуы білімнің негізі болып табылатын- бастауыш мектепке
де өз әсерін тигізуде. Соған сәйкес бүгінгі таңда Қазақстан
Республикасы бастауыш білімнің міндетті мемлекеттік стандарты
жетілдірілді. Оқу жоспарына сай зерделенетін пәндердің барлығы да
білімдік және тәрбиелік рөлі жағынан бірдей маңызға ие болып
негізгі пән, қосымша пән деп бөлінбей оқытылады. Барлық пәндер
біртұтас оқу-тәрбие үрдісінің ерекше қырларын ұйымдастыра отырып,
сананың этикалық, эстетикалық түрлерін дамытудың, оқушының
шығармашылық әлеуетін практикалық іс-әрекет арқылы ашуды
қалыптастырады. Мемлекеттік стандартта дамыта оқыту ұстанымына сәйкес
білімнің теориялық деңгейін көтеру, оқу әрекетін қалыптастыруда
білімнің танымдық, шығармашылық рөлін мақсат етіп қойды.
Демек, бұл мақсатты жүзеге асыруда оқу, жазу, математика,
дүниетану, ән, еңбек, бейнелеу т.б. пәндерді оқытуда баланың
шығармашылық дағдыларын, еңбек біліктерін қалыптастыру – негізгі жұмыс
формасы. Пәндерді оқыту арқылы ұлттық және әлемдік тәлім нәрімен
сусындаған, болашақ халық игілігін жасайтын азамат тәрбиелеу. Ал
міндеті- оқушылардың танымдық деңгейін кеңейту, шығармашылық және
еңбек біліктерін, қабілеттерін дамыту, рухани байлықты дамытуға
жағдай жасай, салауатты өмір салтын насихаттау. Соның негізінде
ұшқыр ойлы, жаны сұлу, тәні сау, шығармашылықпен ойлай білетін
дара тұлғаны тәрбиелеуге ұмтылуымыз қажет.
Шығармашылық әрекет – білім беру мазмұнының негізгі
элементтерінің бірі. Мұның өзіндік мазмұны бар, оқушыларды жаңа
роблемаларды ізденіп шешуге, өмірді шығармашылықпен қайта құруға
дайындайды. Балалардың шығармашылық күші тек білім көлеміне
байланысты емес және адамдардың табиғи қабілетінің болуы да
жеткіліксіз. Дайын күйінде меңгерілген білім көлемі де, үлгі
бойынша меңгерілген іскерлік те баланың шығармашылық мүмкіндіктерін
қамтамасыз ете алмайды. Бала өз бетінше ойланып әрекет етіп
үйренбейінше өзінің табиғат берген нышаны мен қабілетін көрсете,
шығара алмайтын жағдайға жетеді.
Шығармашылық қабілеті дамыған ұрпақтың болуы – бүгінгі қоғам
талабы.
Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ адам болмайды деп
дәлелдейді. Сол себепті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете
дамытуда мектепте пәндерді жүйелі оқыту мақсатты түрде ықпал ете
алады.
Оқушылардың белсенділігі мен танымды іс- әрекеттері арқылы
шығармашылығын дамыту, еңбек білік дағдыларын қалыптастыру қажетті
жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау
сабақты дұрыс ұйымдастыруды талап етеді.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту деп, ең алдымен оған
қатысты адам сапаларын қалыптастырамыз. Оған ойлау белсенділігі,
тездете үйрену, ептілік пен тапқырлық, нақтылы практикалық жұмысты
орындауға қажетті білімді игеруге талпыну, еңбексүйгіштік, әр түрлі
құбылыстардағы өзгешелікті көре білу қабілеті және т.б. жатады.
Дербес жасалатын шығармашылық өнім: үлгі, макет, өлең, ойыншық, т.б.
шығармашылық, іскерлік қызметке қажетті сапалардың осыншалық ауқымды
әрі тиімді дамуының нәтижесі болуы тиіс.
Мектеп қабырғасындағы оқу үрдісі барысында оқушылардың жеке
психологиялық ерекшеліктері мен қабілеті арасындағы айырмашылықтарды
естен шығармау керек. Бастауыш мектеп жасындағы
балалардың өзіндік дербес мүдделері, қабілеттері, икемдері ьолса,
онда оқу процесінде еңбектің түрлі саласын енгізіп, олардың
шығармашылық ынтасын көтермелеп отыру керек.
Білім – шығармашылықтың тірегі. Оқушылардың шығармашылық
қабілеттері оның білімінен тысқары кете алмайды. Бастауыш сынып
оқушыларында шығармашылық қызметі басталуға дейін жұмысты орырдауға
қажетті білімі жетіспей жатады. Сондықтан олар тек бірегей
шығармашылық ғана емес, жалпы кез-келген өнімді жасай алмайды. Демек
балаларды қажетті негізгі білімдер мен шығармашылық өнімдерді
жасауға керек болатын дағды, әдістерге үйрету керек. Ол пәндерді
оқыту барысында жан-жақты іске асады.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылар көп нәрсенің бәрін бірдей
меңгеріп кете алмайды. Егер оқытылатын материал мөлшері оның ақыл-
ой, ерік- жігер мүмкіншілігінен асып кетсе, онда бала артық білімді
игермек түгіл, өз мүмкіндігіне сай келетін қалған материалды
іріктеген кезде балалардың белгілі бір уақыт өлшемінде тиімді игере
алмайтын материал санына шек қоямыз. Ал бірақ іс-әрекетін оның
дербестігімен бірлікте қараймыз. Өйткені, олар бір-бірімен тығыз
байланысты және бірінің дамуына екіншісі ықпал жасайды. Баланың
еңбекке деген бейімділігі бала күннен бастап қалыптаса бастайды.Оқу
және еңбек үстінде ол әрі қарай дамып нығаяды. Дарындылық оқу
және шығармашылық болып екіге бөлінеді. Бұл екеуі егіз ұғым
секілді. Өмірді танып білу әдетте оқып үйренуден басталады. Сонан
соң бала сол білімін шығармашылықпен пайдалануға ұмтылады. Яғни,
оқушы бір деңгейден екінші деңгейге көтеріліп, әрі қарай толыса
түседі. Оқу және шығармашылық қабілеттің арасындағы байланыстарды
ескеру өте маңызды. Адамның ақыл-ойы биіктеген сайын шығармашылық
қабілеті де жоғарылай түспек. Америка психологі М.Корненің
пайымдауынша олар былайша тұжырымдалады:
1. Бағдарлама талабына сәйкес келмейтін оқу үрдісі;
2. Оқу бағдарламасының әлсіздігінен туындап жатқан сабаққа деген
салқын көзқарас және тәртіптің нашарлығы;
3. Дарынды балалар әдетте күрделі істер мен ойындарды ғана ұнатады.
Сондықтан оларды орта дәрежедегі құрбы – құрдастарының іс –
қимылдары қызықтыра қоймайды;
4. Олар стандартты талаптарды қаьылдай білмейді.Өйткені, олар
қызғылықсыз болып көрінеді;
5. Өз шама – шарқын бағалай білмеу, өз кінәсін өзгеге аудара салуға
бейім тұру;
6. Алдына орындалмайтын мақсат қою, қиялға берілушілік;
7. Өзара сенімсіздік;
8. Өзіне сын көзбен қарауды білмеушілік.
Қабілет, дағды, білім және икемділік арасындағы байланыс жай сөз
еткенде осы байланыстың екі жағы туралы айтпасқа болмайды. Еңбек
психологиясында білімдарлық – қабілеттілікті анықтаудың бірден – бір
параметрі. Н.А.Менчинскаяның пайымдауынша білімді игеруге деген
қабілеттілік білімдарлықтың негізі болып табылады. Білімділіктің
қасиеттері ретінде біз мыналарды негізге аламыз:
1. ойлау қызметін жинақтап қорыту;
2. іс-әрекет пен ойлаудың ұғынықтылығы;
3. ойлак мен еңбектің икемділігі;
4. ойлау мен еңбектің тұраұтылығы;
5. ойлау мен еңбектің дербестігі.
Бұл білімдарлық оқушының мектепте оқу пәндерін барынша мол игеруге
деген құлшынысы.
Бүгінде республикамыздың көрнекті ғалымдары Ж.М.Әбділдин,
Қ.Б.Жарықбаев, М.М.Мұқанов т.б. еңбектерін жеке тұлғаны дамыту
мәселесінің теориясы мен практикасына қосқан зор үлес деп білеміз.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттері әсіресе ән,
ойын, еңбек сабақтарында, жаңа бір нәрсені ашумен, құрастырумен,
білумен байланысты көрінеді. Қазіргі таңда шығармашылық қабілеттің
дамуы басты нысаны болып, ол оқушыда шығармашылықтың белгілерінің
болмауы үлкен мәселе болып көтеріліп отыр. Өйткені, өмірдегі сан
алуан қиыншылықтарды шеше білу, мемлекетімізді өркениетке жеткізу
тек шығармашыл адамдардың ғана қолынан келмек.Мұндай күрделі
мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісі алғашқы сатыларының бірі
болып саналады. Білім беру ісі дегенде мұғалім еңбегі айтылады.
Педагогтардың айтуынша қабілетсіз ұстаз болғанмен, қабілетсіз шәкірт
болмайды. Бұл пікірді орыстың заңғар жазушысы және ұлы ойшылы Лев
Толстойдың: Барлық мүмкіндіктер балалардың бойында деген даналық
сөзі де тереңдете түскендей. Демек, біз, ұстаздар сол ашылмай
бұйығы жатқан мол мүмкіндікті дер кезінде аша біуіміз, дұрыс жолға
бағыт сілтеуіміз керек-ақ! Сайып келгенде, бұл бәрімізден де аса
үлкен жауапкершілікті, ыждағаттылықты талап етері сөзсіз.
Қазіргі педагогиканың оқушылардың бойында шығармашылықпен қызмет
ету сапасын қалыптастыруға бағытталуы педагогикалық іс-әрекеттің
ұстанымдарының да өзгеруіне соқтырып отыр. Білім бару жүйесі
қарекетінің мәні- сынып жөнінде болатын іс-әрекетке тәуелді.
Сондықтан мұғалім тек дайын білімді беруші, жеткізуші емес,
оқушының оқуын, дамуына көмектесуі,ол ақпарат көзі емес ойлау
әрекетін ұйымдастырушы болуы тиіс.
Сонымен оқушының өзінің шығармашылықпен ойлау қабілеттері оқу үрдісін
қайта құрудың басты факторы болып табылады. Ол шін мұғалім ойлау
әрекетінің негізі болып табылатын методологияны меңгерген шығармащыл
тұлға болуы тиіс. Бірақ әзірге мұғалімнің педаогикалық үрдістегі
ойлау әрекетін кәсіби басқарушы ретіндегі әдістемелік те,
психологиялық та дайындығы жеткіліксіз.
Білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесінде оқу
бағдарламалары, негізінен, фактілерді жинақтап есте сақтауға, басқа
да шығармашыл емес әрекет түрлеріне құрылған. Сондықтан мектепте
жақсы оқыған оқушылардыңкөпшілігі, егер одан кейінгі оқуы немесе
жұмысы одан шығармашылықты талап етсе, бұған ьарынша қарсылық
көрсетеді. Егер шығармашылық әрекетке білім беру курсының басынан
бастап, тіпті, мектепке дейінгі мекемеден бастап, баланың бүкіл
шығармашылық әрекетінде дем беріп отырса, мұндай қиыншылықтарды
жоюға болады.
Шығармашыл тұлғалардың қасиеттерін зерттей келе, психологтар
шығармашылық қабілеттердің табиғаты жаратылыстану және гуманитарлық
бағыттар үшін бірдей екенін анықтады.
Еліміздің егемендік алуы нәтижесінде қоғамдық өмірдің ьарлық
салаларында, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан
демократияландыру ізгіліктендіру мектепті осы күнге дейінгі
дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Бұған дейінгі дәстүрлі білім беру оқушыларға тек пәндік білім,
білік, дағдылардың белгілі жиынтығын меңгертуге ғана бағытталып,
олардың жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуынакөңіл
бөлінбеді.
Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі
жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.Бұл
педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге
байланысты болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа
көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда.
- Білім беру мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау
қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық
жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи
түсуде;
- ақпараттың дәстүрлі әдістері- ауызша және жазбаша, телефон және
радио байланыс- қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын
беруде;
- баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына,
азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
- мектеп, отбасы және қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі
бірлігіне ұмтылыс жасалуда.
Бастауыш мектеп жасындағы баланың еркін шығармашылықпен ойлауына,
оның қабілеттерін жан – жақты дамытуға, өз күші мен мүмкіндігіне
деген сенімінің болуына әрқашан жағдай жасап отыруымыз қажет. Бұл
проблеманы шешуде жоғарыда айтылған педагог – психологтардың пікірлері
мен тұжырымдарын басшылыққа аламыз. Сонда ғана бала шығармашылығын
дамытудағы еткен еңбегіміз өз жемісін бермек.
Баланы оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесі – бұл көп
жылдар бойы көптеген ғалым психологтардың, педагогтардың, практик –
мұғалімдердің пікірталас тудырып келген және күні бүгінге дейін күн
тәртібінен түспей жүрген мәселесі.
Психологиялық-педагогикалық бағыттағы әдебиеттерге, теориялық
материалдарға сүйенсек, баланың жалпы дамуы негізгі үш факторға сай
жүзеге асады. Біріншісі – биологиялық фактор, екіншісі -әлеуметтік
орта немесе қоршаған орта, үшіншісі – тәрбие, яғни оқу-тәрбие
үрдісі.
Ғалымдардың пікірінше осы үш фактордың ішінде тәрбиенің, яғни
оқу-тәрбие үрдісінің ролі зор.
Туғаннан дені сау баланың белгілі дәрежеде дамитыны сөзсіз.
Алайда әрбір баланың педагогикалық-психологиялық тұрғыдан даму
ерекшеліктерін ескерсек, барлық баланың бірдей дәрежеде дамуы мүмкін
емес.
Көптеген ғалым- педагогтардың, практик- мұғалімдердің тәжірибесіне
сүйенсек, оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесінде басты
рольді ең алдымен оқушының өз бетімен әрекеті, белсенділігі
атқарады.
Себебі, сабақ қанша сапалы болсын немесе мұғалімнің білімі,
тәжірибелік шеберлігі мол болсын, бірақ бала тарапынан өзіндік
белсенділік әрекет болмаса, жұмыстың нәтижелі, сапалы орындалуы
мүмкін емес.
Сол себепті, біз өз кезегімізде оқушыны өзіндік әрекетке
бағыттайтын өз бетімен жұмыс, оның түрлері, бала дамуындағы орны
сияқты мәселелер төңірегінде сөз етпекшіміз.
Қазіргі кезеңде оқу жүйесін қайта құруға бағытталған
талпыныстарға қарамастан, оқыту процесінде оқушыларға дайын
ақпараттыжеткізіп беруге негізделген әдістемелер орын алып келеді.
Бұндай әдістемелер арқылы оқушылар еске сақтау, қайталап айту
қабілеттерін ғана дамытып, біржақты ғана жұмыс жасайды. Оқытушы
оқушының бұрынғы сабақтарда дайын күйінде берілген материалды
қайталап айту жағына көңіл бөліп, соны ғана бағалайды.
Оқушының дарындылығы, шығармашылық қабілеті бағалаусыз
қалады. Осындай жағдайда қоғам сұранысын ескеретін болсақ,
шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған оқыту әдістемелерін
қарастырып, ғылыми тұрғыда зерттеп, жаппай практикаға енгізуді қолға
алу керек. Оқу жүйесін қайта құру кезеңінде оқыту әдістемелеріне
де көңіл бөліп, заман талабына сайларын ғана қолдау көрсетіп
іріктеген жөн болар еді. Етек жайған нарық заманында шығармашылық
қабілеттері бар оқушылардыанықтай отырып оларды әрі қарай оқытудың
ғылыми тұрғыдан негізделген біртұтас әдіснамасын құрастырудың маңызы
үлкен.
Оқыту жұмысының табысты болуы, оқытудың озық
әдістерін қолдануға ғана байланысты ьолып қоймай, оқушылардың
шығармашылық қабілеттерінің әртүрлілігін ескеруге де байланысты
болатындығы ғылыми тұрғыдан дәлелденген.
Шығармашылық қабілеттің балада қалыптасуы кең диапазонды:
ақыл-ой қалыстығынан бастап жоғары дәрежедегі таланттылық, жалпы
дарындылыққа дейінгіні қамтиды. Сондықтан да барлық оқушыларды бір
нұсқалы бағдарламамен оқытар болсақ, дарындыбалалардың қабілеті
дамуына зиян келтірген болар едік.
Біздің қазіргі кездегі оқыту жүйесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекке баулу сабағында кіші мектеп оқушыларының шығармашылығы мен еңбек біліктерін дамытудың жолдары
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық негізі
Бастауыш мектепте пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашылығын дамыту
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуда педагогикалық негіздердің тигізетін ықпалын анықтау
Бастауыш мектеп оқушыларының еңбек біліктері мен шығармашылық қабілетін дамыту
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдары
Оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудағы сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны
Мектептен тыс мекемелердегі тәрбие жұмысы
Салауатты өмір сүру сапасы
Пәндер