Бастауыш сынып оқушыларының еңбекке баулу процесінде көркемдік талғамын қалыптастыру


Мазмұны
Кіріспе . . 3
1 Бастауыш сынып оқушыларының еңбекке баулу процесінде көркемдік талғамын қалыптастырудың теориялық негіздері . . .
1. 1 Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі эстетикалық тәрбие беру мәселелері … . . . . . . 11
1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының көркем талғамын қалыптасу ерекшелігі . . . .
2 Бастауыш сынып оқушыларының еңбекке баулу процесінде көркем талғамын қалыптастырудың тәжірибелік-педагогикалық жұмыс мазмұны
2. 1 Бастауыш сынып оқушыларының көркемдік талғамын қалыптастырудың жүзеге асырылуы. .
2. 2 Еңбекке баулу сабағының оқушылардың көркемдік талғамын қалыптастыру бойынша тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі . . .
Қорытындылар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстан Республикасында соңғы онжылдықта білім беру саласындағы болып жатқан өзгерістер бастауыш мектеп оқушыларын оқыту және тәрбиелеуге жаңа талаптар қоюда. Соның ішінде сұлулықты түсінетін, мәдениетті, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруда ерекше рөлді эстетикалық тәрбие атқарады Осыған байланысты болашақ ұрпақты эстетикалық талғамы жоғары етіп тәрбиелеу мәселесі мұқият талдауды талап етеді. Жеке тұлғаның эстетикалық мәдениетін көркем талғамын қалыптастыруды зерттеу маңызды және өзекті мәселе болып келеді. Өйткені соңғы уақытта қазіргі жастардың рухани және адамгершілік әлеуетінің төмендеуі байқалады. Дамыған көркем талғам шын мәнінде әдемі нәрсені эстетикалық тұрғыдан дұрыс бағалауға, өмірде, тұрмыста және еңбекте эстетикалық нәрсені эстетикалық емес нәрселерден ажыратуға, әсемдікті түсінуге көмектеседі. Сол себепті көркем талғамды, қабілеттерді қалыптастыру, шынайылықты эстетикалық қабылдау эстетикалық тәрбие берудің аса маңызды міндеті болып табылады.
Тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастыратын негіз салушы құрамдаушы болып эстетикалық тәрбие беру мәдениеті танылған, оның маңызды факторы - әлемдік және отандық эстетикалық құндылықтар, әсіресе тек қана өз халқының ғана емес, басқа да халықтардың көркем, көркем-шығармашылық тәжірибесі - рухани байлықты қалыптастырушы маңызды фактор. Адамдардың тіршілік әрекетінің барлық салаларын қамтитын эстетикалық тәрбие беру мінезді қалыптастырады, оларсыз не қоғам өмірінің кез келген саласындағы, оның ішінде ғылыми, педагогика, еңбек, шаруашылық, техника және т. б. салалардағы, шығармашылық қызмет, не шынайы рухани байлық болмайтын тұлға қасиеттерін дамытады. Ол адамды тек қана сұлулықты сезініп, түсінуге қабілетті етіп қана қоймай, оған өзінің рухани байлығын еркін түрде, белсенді, шығармашылықпен эстетикалық түрде көрсету қабілетін бере алады.
Ұстаздың өнерге эмоционалды-құндылықты қатынас тәжірибесін жеткілікті мөлшерде тиімсіз табыстауының, оқушылардың эмоционалды және көркем дамуын ол туралы үстірт білімдермен алмастыруының нәтижесінде, тек қана мектеп оқушысының көркем талғамының басым түрде стихиялы түрде қалыптасуы ғана емес, сондай-ақ оның тұлғасының рухани әлеуетінің белгілі мөлшерде деформациялануы пайда болады. Сол себепті бастауыш сыныптан бастап эстетикалық қасиеттердің арасындағы маңыздыларының бірі - көркемдік талғамын қалыптастыру.
Эстетикалық тәрбие беру, көркем білім беру теориясы мен практикасына атақты жаңашыл педагогтар С. Т. Шацкий, В. А. Сухомлинский үлкен үлес қосты, сондай-ақ осы мәселенің ғылыми тұрғыдан зерттелуі О. А. Апраксина, А. А. Балян, Н. А. Ветлугина, Д. Б. Кабалевский, В. С. Кузин, Б. Т. Лихачев, Н. Н. Ростовцев, Н. П. Сакулина, А. С. Хворостов, Ю. В. Шаров, В. Н. Шацкая, Е. В. Шорохов және т. б. секілді ғалымдардың еңбектерінде орын тапқан.
Зерттеушілердің өскелең ұрпақтың эстетикалық тәрбиесінің бөлек аспектілерін ғылыми тұрғыдан қарастыруға деген қызығушылығының арту тенденциясын ерекше атап кеткіміз келеді (З. И. Третьякова, Л. П. Ильенко, А. Н. Андреюшин, Г. Д. Лихачев, Э. А. Верб, Е. И. Радюхина, В. А. Разумный, И. П. Волков, М. Г. Плохова, И. В. Арановская, Л. Е. Петункина ) .
Л. П. Ильенконың және А. Н. Андреюшиннің ғылыми еңбектерінде эстетикалық тәрбиенің теориясы жөніндегі зерттеулердің нәтижелері талданып қорытылған және жүйелендірілген, оны дамытарлық оқыту жағдайларындағы дамытудың жолдары анықталған.
Г. Д. Лихачевтың зерттеу жұмысында гносеологиялық және әлеуметтік-мәдени талаптарға жауап беретін эстетикалық сана мен көркем мәдениеттің арақатынастарының жалпы түрі философиялық тұрғыдан талданған.
Э. А. Верб өз зерттеу жұмысын оқыту процесіндегі жоғары сынып оқушыларының эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары мен технологиясын анықтауға арнап, мектеп оқушысы тұлғасының эстетикалық мәдениетінің теориялық моделін жасады.
Зерттеліп отырған мәселенің жеке жақтарының жалпы және жас ерекшелігі психологиясы, балалардың бейнелеу психологиясы, эстетикалық тәрбие беру мен қабылдау психологиясы, кеңістіктік ұғымдар мен шығармашылық қиял салаларындағы шешімін біз: Б. Г. Ананьевтың, Л. С. Выготскийдің, В. В. Давыдовтың, Е. И. Игнатьевтің, В. А. Крутецкийдің, П. М. Якобсонның, Г. И. Щукинаның, Н. С. Лейтестің, Я. А. Пономаревтың, Б. М. Тепловтың еңбектерінен табамыз.
Қазіргі уақытта тұлғаның дүниетанымы мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған болашақ ұрпақтың көркем білім алуы мен эстетикалық тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау қажет. Оқыту процесінде мәдениетті игеру мұғалімнен оқушыға қарай жүреді. Осыған байланысты мұғалімдердің жоғары және орта мектептегі мәдениет жетістіктерінің белсенді жол бастаушы ретіндегі әлеуметтік жауапкершілігі арта түседі.
Шығармашылықтағы көркем талғамның қалыптасуы тек қана көркем шеберліктер мен дағдыларды игеруге ғана сайып қоймайды, тұлғаға шынайы өмір құбылыстарын, қоғамда болып жатқан процестерді іріктеу мен оларға эстетикалық баға берудің ішкі критериі қызметін атқаратын тұлғаның қасиеттері мен сапаларының тұтас кешенінің, тұлғаның рухани-адамгершілік әлеуетінің одан әрі дамуына бағытталуының қалыптасуы болып табылады.
Осыған байланысты оқыту әдістерін жетілдіру жолдарын барынша іздеу мен жоғары мектептегі оқыту процесін толығымен қазіргі заман талаптарына сай берік ғылыми негізге қою талпынысы жүзеге асады.
Жоғарыда аталған авторлардың жұмыстарын талдай келе, біз бастауыш сынып оқушыларының еңбекке баулу сабағында және тәрбие жұмыстарында олардың эстетикалық және көркем талғамын қалыптастыру саласында жаңа оқыту мен тәрбие технологияларын барынша іздеу жүріп жатыр деген қорытындыға келеміз.
Көркем талғамды оның эстетикалық тәрбие берудің көптеген аспектілерімен байланысында қалыптастыру мәселелерімен А. И. Буров, Г. Г. Лебедева, А. С. Молчанова, В. А. Разумный, В. К. Скатерщиков, Р. А. Тельчарова айналысты.
Аталған мәселенің түрлі аспектілерін зерттеумен айналысатын қазақстандық ғалымдардың арасынан Е. С. Асылхановтың, С. А. Ұзақбаеваның, М. Х. Балтабаевтың, Э. И. Шыныбековтың, Б. А. Әлмұхамбетовтың, О. Сатқановтың, К. О. Жеделовтың, А. Т. Ерімбетованың және т. б. жұмыстарын атауға болады.
Бейнелеу өнері мен эстетикалық тәрбие беру теориясын оқыту әдістеріндегі жаңа бағытты өзінің зерттеу жұмысында Е. С. Асылханов ұсынады. Ол Қазақстанның мектептері мен жоғары оқу орындарында бейнелеу өнеріне синтезделген оқытуды дамытудың жаңа перспективасын анықтады.
С. А. Ұзақбаеваның зерттеулері оқушыларды қазақтың халық педагогикасы құралдарымен эстетикалық тәрбиелеу мәселелеріндегі әдіснамалық негіз болып табылады. М. Х. Балтабевтың зерттеулерінде оқушы жастарды қазақ дәстүрлік көркем мәдениетінің құралдарымен музыкалды-эстетикалық тәрбиелеудің негіздері ашылған.
К. О. Жеделов бейнелеу өнері сабақтарындағы бастауыш мектеп оқушыларының көркем қабылдауын қалыптастырудың әдістемесін әзірлеп, оның педагогикалық шарттары, нысандары мен әдістері анықтаған. А. Т. Ерімбетова жоғарғы сынып оқушыларының көркем қабылдауы мен көркем-аналитикалық ойлау қабілетіне әлеуметтік-педагогикалық баға беру ұсынылған. О. Сатқанов қазақтың қолөнер туындылары арқылы көркемдік талғамын қалыптастыруды өзінің әдістемелік оқу құралдарын айтып кетіп жүрді.
Осылайша, ғалымдардың біз зерттеп отырған мәселеге деген қызығушылығының арта түсуіне қарамастан, бастауыш сыныптағы оқулықтарда көркем еңбек деп аталуына қарамастан еңбек әрекетінде көркем талғамын қалыптастыру мәселелері жеткілікті түрде толығымен зерттелмеген. күйінде қалып отыр.
Бастауыш сыныптан бастап еңбекке баулудың бір міндеттерінің бірі көркемдік талғамын қалыптастыру болып, оның іс-жүзінде жүргізілмеуі арасындағы қарама-қайшылық біздің зерттеудің мәселесін құрайды. Осы зерттеудің өзектілігі біздің қоғамның түбегейлі қайта құрулардың қазіргі кезеңіндегі эстетикалық тәрбие ролінің артуына байланысты болғандықтан да күшейе түседі; к бастауыш сынып оқушыларының көркемдік талғамын қалыптастыру процесі және жалпы алғандағы олардың көркем мәдениетінің қалыптасуы қоғамның қазіргі талаптарының шектерінде теорияда да, практикада да жеткілікті түрде зерттелмегендіктен «Бастауыш сынып оқушыларының еңбекке баулу процесінде көркемдік талғамын қалыптастыру» деп аталатын біздің зерттеуіміздің тақырыбын таңдаудағы негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының еңбек әрекетінде көркем талғамын қалыптастырудың теориялық негізделуі және әдістемесін тәжірибеде жүзеге асырылуы
Зерттеу объектісі: көркем талғамды қалыптастыру процесі.
Зерттеу пәні : бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулу
Зерттеу болжамы: бастауыш сынып оқушыларының еңбекке баулу сабағы көркем еңбек бөлімінде көркемдік-шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдай жасалса, оқытудың технологиясы үйлесімді пайданылса, онда көрвкемдік талғамының дамуына ықпал етеді.
Зерттеудің міндеттері:
- бастауыш сынып оқушыларының еңбек әрекетінде көркемдік талғамын қалыптастыруды ғылыми-теориялық тұрғыда негіздеу;
- оқушылардың көркемдік талғамын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау.
- еңбекке баулу процесінде көркем талғамын қалыптастыру әдістемесін әзірлеу және оны тәжірибелік-педагогикалық жұмыста тексеру.
Зерттеу көзі: философия мен психологияның тұлғаның әрекеттегі дамуы туралы маңызды ережелері; таным теориясы, сана мен әрекеттің біртұтастығы теориясы, эстетикалық тәрбиелеудегі рационалдылық пен эмоционалдылықтың өзара байланысы; көркем талғамды қалыптастыру теориясы; тұлғаның әлеуметтік мәні мен оның тұлғаның дамуындағы ролі туралы ілім құрайды.
көрнекті философтардың, психологтардың, педагогтардың, мәдениет пен өнер қайраткерлерінің қоғамдағы, тұлғаның дамуындағы өнердің ролі туралы, көркем мұраның тәрбиедегі, көркем құндылықтарға бет бұруындағы ролі туралы еңбектері; тәрбие мен білім мәселелері жөніндегі ресми материалдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік құжаттары; оқу-әдістемелік кешен; суретші педагогтардың тәжірибесі. Зерттеудің негізіне сондай-ақ автордың жеке тәжірибесі де алынған.
Зерттеу әдістері: ғылыми, психологиялық-педагогикалық әдебиетті, эстетика мен өнертану жөніндегі әдебиетті талдау, модельдеу, бақылау, құжатнаманы зерттеу, еңбектен шығармашылық көрмелеріне қойылған студенттердің шығармашылық жұмыстарын талдау; сұхбаттасу, сауалнама, тестілеу, іскерлік ойындар, тәуелсіз сараптама әдісі, алынған материалды математикалық өңдеу, педагогикалық тәжірибе (констатациялайтын және қалыптастырушы) .
Зерттеудің ғылыми жаңалығы :
- бастауыш сынып оқушыларының еңбек әрекетінде көркемдік талғамын қалыптастыруды ғылыми-теориялық тұрғыда негізделді;
- оқушылардың көркемдік талғамын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықталды;
- еңбекке баулу процесінде көркем талғамын қалыптастыру әдістемесін әзірлеу және оны тәжірибелік-педагогикалық жұмыста тексеріліп тиімділігі анықталды.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде 2004-2005 жылдар зерттеудің теориялық негіздерін анықтауда алынған мәселенің қаншалықты зерттелгендігі тұжырымдалды.
Екінші кезеңде 2005 -2006 жылдар аралығында аталған мәселе төңірегінде озық тәжірибелермен танысып, эксперимент жүргізілді.
Үшінші кезеңде 2006 жылы тәжірибелік-эксперимент жұмыстардың нәтижесі қорытындыланды.
Диплом жұмысы құрылымы. К іріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Бастауыш сынып оқушыларының еңбек процесінде көркемдік талғамын қалыптастырудың теориялық негіздері
1. 1 Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі эстетикалық тәрбие беру және көркем талғамды қалыптастыру мәселелері
Эстетикалық тәрбие берудің түрлі теорияларын зерттеу және танысу барысында біз түрлі дәуірлер теоретиктерінің еңбектің, өнердің ролін эстетикалық тәрбиенің аса маңызды құралы ретінде бағалап, оған жастарға адамгершілік тәрбие беру жүйесінде ерекше орын бөлгендігін аңғардық. Эстетикалық тәрбиедегі қол өнердің айрықша ролі оның шынайылықты эстетикалық игеру әдісінің, эстетикалық әрекеттің жоғарғы нысаны болып табылатындығымен түсіндіріледі. Сол себептен өнер, қай ғасырда болмасын, қоғамдық өмірде маңызды орынға ие болды.
Философиялық тұрғыдан алып қарайтын болсақ “эстетика” деген сөздің өзіне былайша түсініктер берген. “Эстетика”-көркемдік таным теориясы, әсемдік туралы, көркем шығарманың жалпы заңдары туралы, адамның болмысқа эстетикалық қатынасы туралы ғылым, өнерге деген көзқарас, өнерді қабылдау, сезіну, түйсіну, түсіну.
Ал , ” эстетикалық” дегеніміз не, бұл сөз нені білдіреді? Бұл гректің сөзі, оның тікелей аудармасы “сезінушілік” (чувственное) дегенді білдіреді: Мұнда көру, есту, түйсіну, талғам арқылы - бұл адамдардың сезінуі.
Эстетикалық тәрбие адамның рухани бейнесін қалыптастырудың соншама ауқымды саласын қамтиды. Кейде эстетикалық тәрбие деген ұғымды “көркемдікке тәрбиелеу ” деген ұғыммен қатар алып жүрміз.
“Көркемдікке тәрбиелеу” дегеніміз - өнер құралдарымен тәрбиелеу деген сөз. Ал эстетикалық тәрбие дегеніміз - Ильишаның айтуы бойынша өнердегі, табиғаттағы және бүкіл қоршаған өмірдегі әсемдік құралдары арқылы тәрбиелеу деген сөз. Сондықтан көркемдікке тәрбиелеу эстетикалық тәрбиемен пара пар емес оның өте маңызды, бірақ құрамдас бөлігі болып табылады.
Батыстың белгілі философы И. Кант (1724-1804) “Прекрасное есть символ нравственного, бодрого и только принимая это во внимание, оно нравится” деген еді. Ғұлама бұл жерде этикалық тәрбие адамның эстетикалық тыныс - тіршілігімен байланысты деп тұр емес пе? Этика мен эстетика бір-бірінсіз өмір сүре алмайтыны шындық. Ал бұл екеуінен де жұрдай, не бұлары бір-бірімен қиыспайтын адам бұрын да болған, қазір де бар. Эстетикалық талғамды тәрбиелеу - адамның көңіл-күйіне, мінезіне қатысты мәселе. Айталық, көркем сөз бен картиналарды адам іштей бағалап, жан дүниесімен сезініп, терең ойға шомылып, ұнағанына қуанып, ұнамағанына реніш білдіріп отырады. Егер адам осындай көңіл күйіне түспесе, эстетикалық тәрбиеміздің пәрменсіз болатындығы түсінікті. Эстетикалық талғамнан эстетикалық ұғымды ажырата білу ләзім. Эстетикалық талғам - адамның түрлі өнер салаларынан алған түсініктерінің жиынтығы. Эстетикалық ұғым оның іргетасы, ол шәкірттердің жас өзгешеліктеріне байланысты өзгеріп отырады.
Эстетикалық (сұлулық) тәрбие беру балалардың өскен ортасына, жасына және ұлттық ерекшелігімен байланысып жатады. Мысалы, біздер төменгі сынып оқушыларын шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне таң-тамаша болып қайран қалатыны, олардың кейіпкерлерге баға беріп, өздеріне үлгі ететін кісінің жан-жүйесінің нәзік жақтарына көңіл қоя білмейтіні шығарманың көркемдік мәнін түсіне бермейтіні, ал олар адамның сыртқы тұрпатына ғана көңіл аударып, бұлардың ішкі астарына зейін қоймайтындығы, шығармаларда құйқылжытып жылдам орындалатын әуездерді ұнататыны байқалса, жоғары сыныптардағы ересек шәкірттердің музыкалық шығармалардың орындалу шеберлігімен дауыс ырғақтары гармониясына көңіл бөле бастайтыны белгілі.
Дала ойшылдары жас өскіннің эстетикалық тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген, олардың жыр-толғауларынан жақсы байқалады.
Шығыс ойшылдары, философиялық ой толғап, әсемдік, эстетикалық және адамгершілік тәрбие беру мәселелері бойынша пікірталастар жүргізген. Олардың әсемдік, адамгершілік туралы этикалық және эстетикалық көзқарастары мен идеялары тұлғаны барлық жас сатыларындағы тәрбиелеу мәселелерін қамтитын. Шығыстың ұлы ойшылы Фараби оқыту мен тәрбиенің өзара байланысы туралы, сөз арқылы оқытудың қажеттілігі туралы, әрекет арқылы, білімдердің негізінде тәрбие беру туралы ой-пікірін айтқан. Ол түрлі ойлау операциялары арқылы рационалды интеллетуалды білім беру мен рухани даму процесі жүреді, ал алынған білімдерді шығармашылық тұрғыдан қолдану қажет деп айтқан еді. Ойлау мен сөйлеуді дамыту, сондай-ақ қатынасқа рухани әлемді қалыптастырудың маңызды факторы ретінде ерекше маңыз беретін. Бируни мақсаттылықты, дәйектілікті, жүйелілікті, көрнекілікті білім және тәрбие берудегі жетекші принцип деп таныған. Ол білім алу мен оны басқаларға табыстау -адам үшін бақыт, ақиқат ләззат деп айтатын. Ақиқатты іздеу таным әдісі ретінде тәжірибе арқылы жүреді. Ибн-Сина ойлау, эстетикалық және адамгершілік тәрбиені бірлікте жүзеге асыруға шақырды. Балаларда өнерді түйсініп, оған ләззаттану (тиісті дайындық пен белгілі тәрбие болған жағдайда) қабілетін жетілдіру қажеттілігі туралы ой толғады. Зарнуджи ғылымдарды зерттеуге деген саналы ықыластың қажеттілігін, дербес алынған білімдер басымдылығын мойындаған. Сонымен бірге, оқыту мен тәрбие беруді оңай қол жеткізу мен түсініктілік принциптеріне негіздеп құрып, оқу материалын біртіндеп күрделілендіру қажет деп, әңгімелер мен сұхбаттарға үлкен роль бөлді. Бердах балалардың жан-жақты дамуын қолдады, тұлғаның жетілуі, тәрбие объектісін жан-жақты зерттеу туралы сөз қозғады. Өнерге үлкен көңіл бөлуге, оның ұлы қуатын ұмытпауға шақырды. Авлони де білімдерге адамды жоғары мәдениет әлеміне ендіретін жоғары қасиеті ретінде үлкен көңіл бөлді. Ол мұғалім тәрбиеленуші үшін жауапты, сондай-ақ ол өз пәнін жақсы біліп, сабақтарды тәжірибемен байланыстырып, өмірдегі мысалдарды келтіру керек деп айтатын. Айни әсемдікті, сұлулықты тамашалауға шақырды. Ол тәрбие берудегі үлкен ролді әдебиет пен өнерге жатқызды [10; 76] .
Эстетикалық тәрбие теориясы бірқатар принципиалды философиялық-этикалық және психологиялық-педагогтық бастапқы ережелерге негізделеді. Эстетикалық тәрбие теориясының аса маңызды методологиялық алғышарттарының бірі - бала тұлғасының эстетикалық орнығуындағы мақсатқа бағытталған педагогикалық ықпал етудің жетекші ролі туралы ереже. Эстетикалық тәрбие теориясының келесі ережесі адам үшін сұлулық құбылыстарының: асқақтықтың, әсемдіктің, көркемдіктің мәңгі маңызы мен рухани құндылығын мойындаудан тұрады.
Осыған байланысты эстетикалық тәрбие беруде живопись, музыка, еңбек, қол өнер туындылары, сәндік-қолданбалы өнердің теориялық мәселелерін қарастырумен шектеліп қана қоюға болмайды. Өйткені, эстетикалық тәрбие - өнермен айналысу, оқушылардың қабілеттері мен мүдделеріне сәйкес келетін көлемдердегі шығармашылық әрекет. Көркем фактілер мен құбылыстарды тек қана эстетикалық цикл пәндерін зерттеу процесінде ғана игеру мен сезіну жеткілікті болмайтындығы баршаға мәлім. Оқушылардың көркем-шығармашылық дарындарын дамыту тек өнер түрлерінің тарихы жөніндегі білімдер мен көркем фактілер мен құбылыстарды игерумен қатар шынайылықты сөз арқылы, көру-көрнекілік және дыбыстық бейнелеудің көмегімен ұсынудың икемділіктері мен дағдылары қалыптастын болған жағдайда ғана мүмкін болады. Тек осылай эстетикалық тәрбиенің диалектикалық аспектілерін қарастыра отырып қана әрекет кез-келген өнердің негізгі техникалық ерекшеліктері мен көркем өзіндік ерекшеліктерін білусіз мүмкін болмайтындығындай, эстетикалық цикл пәндерін оқытудың мақсаты әрекетсіз теория көмегімен ғана мүмкін бомайды деп тұжырымдай аламыз.
Бұл ереже осы қол өнер түрінің тарихи дамуы, нәті мен сипатын оқушылардың өнер туындыларын дұрыс бағалау қабілеттері мен икемдерін қалыптастыруға көмегін тигізетін тәжірибелік білімдермен дұрыс үйлестірудің қажеттілігі туралы айтады. Осы ережені жүзеге асыру арқылы бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбиелеу, оларды оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге даярлығы мәселесі бойынша зерттеулерге айтарлықтай дәрежеде көмегін тигізеді.
Эстетика мәселелерімен айналысатын көрнекті ғалымдар Н. И. Киященко мен Н. Л. Лейзеров [11] «мектеп білім берудің және болашақ қоғам адамдарын даярлаудың бүтін жүйесіндегі өзінің орны бойынша өскелең ұрпақтың қазіргі адамға аса қажетті абстрактілі және көркем-образдық ойлауға деген қабілеттердің үйлесімділігін қалыптастыру ісінде орталық тізбек болып табылады» деп есептейді. Олар мұны мектеп негізінде адамның барлық ойлау қабілеттерін дамытудың бастапқы сатысы болып табылатындығымен түсіндіреді. Тек мектепке ғана оқушылардың сезімдік-эмоционалды және рационалды-интеллектуалды шығармашылық әлеуеттерін бүтінге үйлестіре біріктіру, олардың белгілі бір қызмет түріне жеке қабілеттіліктерін дамыту мүмкіндігі берілген [12, 24] .
Мектептегі білім беруге қатысты көптеген үкіметтік құжаттарда оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру міндеті ерекше аталады, осыған байланысты оқушыларға көркем білім мен эстетикалық тәрбие беруді айтарлықтай жақсарту қажеттілігіне ерекше көңіл бөлінеді [13; 89] .
Осы орайда болашақ мұғалімдердің оқушыларды эстетикалық тәрбиелеуге деген кәсіби даярлығын қалыптастыру мәселелерін қарастыратын З. Р. Ахметованың [14] жұмысын атауға болады.
Р. Ш. Абенбаеваның зерттеу жұмыстары да айтарлықтай қызығушылық тудырады[15] . Бұл жұмыстың ерекшелігі онда эстетикалық-педагогикалық икемділіктер мен дағдылардың мәні мен өзіндік еркшеліктерін ашу әрекеті жасалып, оларды жіктеу нұсқасы жүзеге асырылып, оларды игерудің деңгейлері, критерийлері мен көрсеткіштері анықталғандығында.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz