Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің ғылыми-теориялық негіздері


Лекция № 1
Лекция тақырыбы: Дене тәрбиесінің курсының негізгі категориялары, пәні, міндеттері.
Лекция жоспары:
1. Дене тәрбиесінің курсының пәні, міндеттері.
2. Дене тәрбиесі жүйесінің тарихы алғы шартары.
3. Дене тәрбиесінің қызметі, негізгі ұғымдары.
4. Дене тәрбиесі жүйесінің қалыптасуы.
5. Дене тәрбиесі ғылыми-әдістемелік зерттеу әдістері
1. Дене тәрбиесінің курсының пәні, міндеттері.
Дене тәрбиесі теориясы-адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым.
Дене тәрбиесінің кеңестік теориясы дене тәрбиесінің кеңестік жүйесінің мақсатын міндеттерін, принциптерін зерттейді, тәрбиенің басқа түрлерімен - ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбиесімен дене тәрбиесінің заңды байланысын ашып көрсетеді. Дене тәрбиесі құралдарын оқып білуге, дене жаттығуларын үйрету принциптерімен әдістерін ашып көрсетуге, қозғалыс дағдыларын қалыптастыруға және дене қасиеттерін дамытуға, спорттық жаттығулардың жалпы негіздерін, денені жаттықтыру сабақтарының әр түрлі формаларын (дене тәрбиесі сабақтары, ертеңгі гимнастика, қозғалысты ойындар т. б. ) сондай-ақ дене тәрбиесі жөніндегі жұмысты жоспарлауға және есепке алуға көп көңіл бөлінеді. Осымен бірге мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы балалардың, жастардың, ересек және жасы ұлғайған адамдардың дене тәрбиесінің өзіндік ерекшеліктері анықталады.
Дене тәрбиесі теориясы практиканы ғылыми негіздермен қаруландырады. Сөйтіп оның одан әрі дамуына көмектеседі. Ол сондай-ақ практикаға жол ашуға, адамның күш қуатын кемелдендіруде қандай құралдар және әдітер арқылы жақсы нәтижелерге жетуге болатындығын болжауға тиіс.
Біздің елімізде дене тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттері адамның жан-жақты дамуы жөніндегі ілім өзінің нақты бейнесін тапқан. Жеке адамның жарасымды дамуы қоғам құру шарттарының бірі ретінде қаралады. Біздің елімізде дене тәрбиесінің мақсаты - өмірге, отанды қорғау болып табылады. Бұл мақсат дене тәрбиесін жүзеге асыратын барлық мекемелер мен ұйымдар үшін бірдей болады.
Дене тәрбиесінің аталып көрсетілген мақсатына сәйкес мына төмендегідей міндеттерді шешу қарастырылады:
1. Сауықтыру міндеттері: денсаулықты нығайту, денені жан-жақты дамыту, организмді шынықтыру, совет адамдарының творчестволық ұзақ өмірін қамтамасыз ету.
2. Білім беру міндеттері: қозғалыс дағдылары мен іскерлікті қалыптастыру, дене қасиеттерін (жылдамдық, ептілік, икемділік, күш, төзімділік т. б. ) қалыптастыру, арнаулы білімді меңгеру, ұйымдастырушылық қабілеттерді бойға сіңіру.
3. Тәрбиелеу міндеттері: коммунизм құрылысының моральдық кодексі принциптері рухында ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек трбиесіне ықпал ету.
Бұл міндеттер дене тәрбиесімен айналысушылар контингентіне байланысты - олардың жас ерекшеліктеріне, денсаулық жағдайына, дене дамуының деңгейіне, дене әзірлігіне, сондай-ақ кәсіптік ынта-ықыласына қарай нақтыланады.
2. Дене тәрбиесі жүйесінің тарихы алғы шартары.
Халықтық және ғылымилық дене тәрбиесі жүйесінің негізгі белгілері болып табылады. Дене тәрбиесі процесінде дене тәрбиесімен айналысушыларда дүниетаным қалыптасады, адамгершілік қасиеттер тәрбеленеді.
Дене тәрбиесі жүйесінің халықтығы - оның мақсатының халықтың өмірі талабына сәйкестігінде. Біздің еліміз тұрғындарының денсаулықты нығайтудағы, денені дамытуды жақсартудағы табыстары жалпы еңбек өнімділігінің өсуіне, сондықтан да бүкіл халық игілігінің артуына бағытталады.
Біздің еліміздің барлық халқы дене жаттығуларымен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тартылады. Бұл үшін қажетті жағдайлар жасалады: стадиондар, бассейндер салынады, гимнастикалық залдар жабдықталады, спорт жабдықтары, киімдері, аяқ киімдері және т. б. шығарылады.
Ұлтына, біліміне, атқаратын қызметіне қарамастан барлық совет азаматтарының денені жаттықтырумен және спортпен айналысу правосы бірдей.
Ғылымилық дене тәрбиесі жүйесінің сипатты белгісі болып табылады. Зерттеулер негізінде бірегей мемлекеттік программалар, оқулықтар, оқу құралдары жасалады және жетілдіріледі, физкультуралық құрал-жабдықтарға қойылатын талаптар анықталады, әрбәр жас кезеңіне қарай және дамуының, дене әзірлігінің нормативтік көрсеткіштері жасалады.
Зерттеулер нәтижесінде алынған жаңалықтардың бәрі мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың және семьялардың практикасына ендіріледі.
Дене тәрбиесі мәселелерін негіздеу жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізуге жұмылдырылатын ғылыми-педагогика кадрларын даярлау жөнінде үлкен істер жүргізіледі.
3. Дене тәрбиесінің қызметі, негізгі ұғымдары.
Дене тәрбиесі теориясында әр түрлі ұғымдар қолданылады: дене дамуы, дене әзірлігі, дене жетілуі, дене тәрбиесі, дене машықтығы, дене тәрбиесі білімі, дене жаттығулары, спорт, дене тәрбиесі мәдениеті және т. б. әр үрлі құбылыстарды көрсете отырып, олар бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген ұғымдар қоғамның тарихи дамуының әр дәуірінде пайда болған. Олардың мазмұны дене тәрбиесі жөніндегі ғылымның және оның практика жүзінде жүзеге асырылуының дамуына қарай тереңдеп, нақтыланып келеді.
«Дене тәрбиесінің теориясы мен методикасы» курсын оқып үйренуге кірсуге мүмкіндік болмайтын негізгі ұғымдар ғана қарастырылады, басқа ұғымдардың анықтамасы тиісті тақырыптарды әңгімелеу кезіндеберіледі.
Дене дамуы - адам организмі формалары мен қызметінің индувидуалды өмір барысындағы өзгеру процесі. «Дененің дамуы» термині организмнің дамуы деңгейін білдіре отырып, тар мағынада қолданылады, ол бой, салмақ, кеуденің ауқымы (демді ішке тартқанда, дем шығарғанда, үзіліс жасағанда) өкпенің тіршіліктік сиымдылығы, омыртқа иілістерінің сипаты мен көлемі, дене тұрпатының жағдайы, жауырын бұрыштары арасындағы қашықтық, табан күмбезін өлшеу көрсеткіштері, оң және сол жақ қол басының бұлшық еттерінің күші, тұла ой күші, бастың көлемі т. б. антропометриялық және биометриялық көрсеткіштермен анықталады.
«Дене дамуы» терминін кең түсінікте қолданғанда оған дене қасиеттері де (шапшаңдық, оңтайлылық, икемділік, көзбен шамалағыштық, тепе-теңдік сақтағыштық, күш, төзімділік) кіреді.
Дене әзірлігі - бұл қозғалыс дағдыларының, іскерліктің дене қасиеттерінің даму деңгейі.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін денені жаттықтырудың барлық негізгі түрлері бойынша нормативтік көрсеткіштер және оларды орындаудың сапасына қойылатын талаптар («балабақшадағы тәрбие программасы») талдап жасалған.
Дене жетілуі - бұл дене дамуының тарихи шартты деңгейі және денсаулықтың, өмірге, еңбекке және Отанды қорғауға жан-жақты дене дайындығының жоғары дәрежелігі.
«Дене жетілуі» ұғымының белгілері өскелең қоғамдық қажеттіліктер - өндіріс қажеттіліктері, сондай-ақ адамның өзінің ынта-ықласы әсерінен өзгеріп отырады. әр тарихи дәуір үшін дене жәтілуінің өзіндік өзгеруі тән. Құлдық пен қанаушылықтан азат етілген елдерде дене жетілуінің мейлінше жоғары деңгейіне қоғамның барлық мүшелерінің қолы жете алады.
Кәсібі, жынысы, жасы әр түрлі дамдардағы дене жетілуінің өзіндік ерекшеліктері бар.
Дене тәрбиесі - тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дара әзірлігінің жоғары деңгейіне жетілуіне бағытталған.
Бұл анықтама дене тәрбиесінің салыстырмалы түрде даралық ерекшелігін көрсетеді. Ол тәрбиенің басқа түрлері - адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой еңбек тәрбиелерімен байланысты.
Дене тәрбиесі білімі - дене тәрбиесі салаларының бірі; ол арнаулы білімді, қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерді меңгеріп қамтиды.
Дене машықтығы дене тәрбиесінің дене әзірлігін талап ететін еңбекке немесе басқа бір қызметке деген қолданбалы бағыттылығы. Дене машықтығы нақты бір кәсіптің, белгілі бір қызметтің ерекшелігіне байланысты дене жатығуларын жасаудың міндеттердің өзіндік ерекшеліктерімен, құралдары мен методикасымен сипатталады. «Жалпы дене дайындығы» термині дене тәрбиесінің әр алуан қызметте табысқа жетудің жалпы алғы шартын жасау үшін ағытталған процесін білдіреді. Арнаулы дене машықтығы кәсіптік және спорттық қызметке арнайы дайындалуға бағытталған.
Дене жаттығулары - бұл дене тәрбиесі міндеттерін шешу құралдары ретінде іріктеліп алыған қозғалыстар, қимыл-қозғалыс әрекеттері, сондай-ақ қозғалыстық қарекеттердің күрделі түрлері. Қозғалыстық қарекет деп адамның қозғалыс аппаратының белсенділігі өзіне тән компонент болып табылатын әрекеттің бірін айтады.
«Жаттығу» термині қозғалысты бірнеше рет қайталау процесін белгілеу үшін де қолданылады.
Спорт - бұл денені жаттықтырудың белгілі-бір түрінен жарыс барысында неғұрлым жоғары нәтижеге жетуге бағытталған арнаулы әрекет.
Дене тәрбиесі мәдениеті - жалпы мәдениеттің бір бөлігі қоғамның адам денесін жетілдіру саласында қоғамдық тарихи практика процесінде жиналған табыстарының жиынтығы. Материалдық игілікке спорт құрылыстары (стадиондар, спорт залдары, бассейндер және т. б. ) құрал жабдықтар, арнайы киім, аяқ киім және т. б. кіреді. рухани игілігі болып табылытындар: ғылым, өнер шығармалары (әдебиет, скульптура, кескіндеме, графика, музыка т. б. ) жатады.
Дене тәрбиесі мәдениеті дене тәрбиесі теориясының барлық ұғымдарының ішіндегі ең кең ұғым. Ол жоғарыда қарастырылған ұғымдардың бәрінің мазмұнын қамтиды.
4. Дене тәрбиесі жүйесінің қалыптасуы.
Дене тәрбиесінің жүйесі тәрбиенің бүкіл жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады және дене тәрбиесін жүзеге асырушы және бақылаушы ұйымдар тұтастығының кепілі.
Патшалық Россияда қоғамның тек ақсүйектері ғана дене жаттықтырумен айналыса алатын еді. Үстем таптардың дене тәрбиесін жүзеге асыру үшін үкімет шетелдік жүйелерді (сокольск гимнастикасы, неміс түрнегі, швед гимнастикасы т. б. ) пайдаланады. П. Ф. Лесгафт жасаған отандық дене тәрбиесі білімі жүйесі қолдау таппады. Бірақ патша үкіметінің еңбекші бұқараның спортпен айналысуына кедергі болатын саясатына қарамастан спорттың ұлттық түрлері дамиды және халықтан көрнекті, дүние жүзіне белгілі жеке орыс спортшылары шықты: палуан И. Поддубный, коньки тебушілер Н. Струнников, және П. Ипполитовтар, ескекші М. Свешников және т. б.
Дене тәрбиесінің біртұтас жүйесін жасау үшін халық талабына сай жағдай жасалды. Мұның өзінде біздің елімізде және шетелде жасалған прогрестік нәрсенің бәрі ескерілді.
Азамат соғысы және соғыс интервенциясы кезінде дене тәрбиесі еңбекшілерді Октябрь жеңістерін қорғауға дайындауға бағытталды. Дене тәрбиесіне басшылық ету жаппай әскери оқу (Всевобуч) органдарына жүктелді (1918) .
Халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында еңбекшілердің денсаулықтарын нығайтуға, оларды еңбекке дайындауға көп көңіл бөлінді. Бұл жылдары өз беттерімен әрекет ететін дене тәрбиесі үйірмелері, қоғамдары ұйымдастырылды. Ғылыми-зерттеу физкультура институттарын ашу дене тәрбиесі жүйесін жетілдіруге көмегін тигізді. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің советтік жүйесін жасауда ғылыми қызметерлер мен методистердің үлкен тобы - Е. Г. Леви-Гориневская, М. М. Конторович, А. И. Быкова, Н. А. Метлов, Л. И. Михайлова және басқалар үлкен энтузиазм көрсетті.
Ұлы Отан соғысы жылдарында физкультура ұйымдарының барлық қызметі халықты Отан қорғауға жаппай әскери-дене шынықтырушылыққа дайындық міндетіне бағындырылады.
5. Дене тәрбиесі ғылыми-әдістемелік зерттеу әдістері.
Дене тәрбиесі теориясы мен методикасы зерттейтін мәселелердің ауқымы кең. Сондықтан зерттеу кезінде педагогикалық әдістер ғана емес, шектес ғылымдарда - социологияда, психологияда, физиологияда, антропологияда, биохимияда т. б. пайдаланылатын әдістер де қолданылады.
Дене тәрбиесі теориясында теориялық талдау және талдап қорыту, педагогикалық зерттеу және эксперимент әдістері пайдаланылады.
Теориялық талдау және қорыту әдістері. Кез келген зерттеу әдеби мәліметтерді оқып-білу, талдау мен қорытудан басталады. Бұл үшін зерттеуші библиографиямен танысады және өзі талдап шығу тиіс әдеби түпнұсқаларды іріктеп алады, оларды нақты мәселелер бойынша жүйелейді, содан соң әр мәселе ішінде материалдарды әр түрге (ағымдағы, шолу жасайтын, қорытындылық) бөледі.
Библиографияны іріктеген соң оны оқып игеру жоспарын жасау, жазба жұмыстар жүргізу және оларды талдау методикасын ойластыру керек.
Әдеби мәліметтерді талдау және қорыту теориялық, сондай-ақ эксперименттік зерттеуде де қолданылады. Теориялық зерттеуде бұл әдіс бірден-бір әдіс болуы мүмкін, оның көмегімен, мәселен, нақты тарихи жағдайларға байланысты белгілі бір қағидалар, көзқарастар қалайша дамығандығын аңғаруға болады. Эксперименттік зерттеулер жасау үшін қандай мәселелер зерттеліп қойғандығын, олардың әдебиетте қандай дәрежеде баяндалғандығын және олардың қайсысының эксперименттік тексеруді талап ететіндігін анықтау керек.
Дене тәрбиесі теориясы үшін маңызды көптеген мәліметтерді мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері құрастырған әр түрлі документтерді (мысалы, балаларға арналған дене жаттығуларын бір жылға таратып бөлу графигі, бір апталық жұмыстың календарлық жоспары, дене тәрбиесі сабақтарының, таңертеңгілік гимнастиканың, қимыл-қозғалыс ойындарының жоспар-конспектілері, тәрбиешінің күнделігі, педагогикалық мәжілістердің протоколдары, денсаулық жағдайын, дененің дамуын дене әзірлігін т. б. есепке алу журналдары) талдау кезінде табуға болады. Осындай документтерді талдау нәтижесінде табылған мәліметтерді жұмыс жорамалы ретінде (эксперименттік зерттеулерден күтілетін нәтижелер) пайдаланыла алады.
Зерттеушіні қызықтыратын материалдар әңгімелесу кезінде алдын ала жасалған жоспар бойынша жиналуы да мүмкін. Сұрақтар еркін түрде қойылып, татамды жауап алынуына ықпалы тиюі керек. Мысалы, тәрбиеші баладан: «Дұрыс тұра білесің бе? Қалай тұру керектігін көрсетші. Ал енді қалайша дұрыс тұруға болатынын айтшы», - деп сұрайды.
Педагогикалық талдап қорыту әдістері. Әдістердің бұл тобына педагогикалық бақылау енеді. Күнделікті бақылаудан мұның айырмашылығы - ол арнайы ұйымдастырылады, айқын тұжырымдалған міндеті, анық белгіленген бақылау заты, сондай-ақ бақылау фактілерін түйіндеу жүйесі болады. Мұның өзінде зерттеуші педагогикалық процесс барысына араласпайды. Ол фактілерді жинау, оларды түйіндеу жүйесінің бірізділігі көрсетілетін (жазба жұмысты жүргізудегі шартты белгілер т. б. ) бақылау өткізу және өңдеу жоспарын алдын ала жасайды. Бақылау тапқыр, нақты (мысалы, түсіндіру сипаты, дене жаттықтыруды орындау сапасы т. б. ) болуы керек.
Педагогикалық бақылаудың артықшылығы - ол объектілерді табиғи жағдайда зерттеуге мүмкіндік береді.
Эксперименттік әдістер. Эксперименттің мәні мынада: зерттеуші арнайы жағдай туғызып, жанама құбылыстарды жояды, қажетті материалды жинақтауда кездейсоқтықтар мен кідірістерге жол берілмейді. Бұған қоса ол құбылыстар арасындағы себептік байланыстарды дәлірек анықтау үшін эксперимент шарттарын түрлендіре алады. Қажетті жағдайда, мәселен, фактілер жеткіліксіз болған кезде, эксперимент қайталанады. Зерттелініп жатқан мәселеге тікелей қатысы жоқ жанама факторлар әсерін жою үшін эксперимент көбіне әдеттегіден басқаша жағдайда жүргізіледі.
Әдеттегі жағдайдың өзгеруіне қарай эксперимент табиғи және лабораториялық болып бөлінеді.
Т а б и ғ и э к с п е р и м е н т кезінде сабақтар кәдуілгі дене жаттықтыру сабақтары жағдайынан алшақ кету болмайтын күйде өткізіледі; алшақтаулар болғанның өзінде олар шамалы ғана болады.
Л а б о р а т о р и я л ы қ э к с п е р и м е н т жасанды жағдай туғызудан және жанама әсерлерді жоюдан тұрады.
Эксперименттер белгілі бір фактілерді немесе олардың тәуелділіктерін (абсолютті эксперимент) анықтау мақсатында жүргізіледі.
Кейбір эксперименттер қайсыбір көрсеткіштерді (оқыту құралдарының, методикаларының тиімділігі және т. б. ) салыстыруға бағытталады. Мұндай эксперимент - салыстырмалы эксперимент деп аталады.
Эксперимент жүргізер алдында міндеттерді анықтау және зерттеулердің жоспарын жасау, жұмыс жорамалын қалыптастыру, эксперименттік сабақтардың методикасын, фактілерді тізімге алу және оларды өңдеу методикасын талдап жасау қажет.
Математикалық әдістер. Дене тәрбиесі теориясы жөніндегі зерттеулерде сыннан өтушінің әр түрлі көрсеткіштерін сипаттайтын материалдар алынады. Зерттеушінің міндеті - алынған көрсеткіштер арасындағы тәуелділікті анықтаудын тұрады. Осы мақсатпен шыққан қорытындылардың қаншалықты тиянақты екенін, оларды ұқсас жағдайлардың бәріне де таратуға болар-болмастығын анықтауға мүмкіндік беретін нәтижелерді математикалық өңдеу әдісі пайдаланылады.
Дене тәрбиесі теориясында қолданылатын ғылыми зерттеулердің әр түрлі әдістерінің біршама өзіндік ерекшеліктері бар. Дене тәрбиесі процесін бір зерттеуде жан-жақты біліп шығу өте жиі жүзеге асырылады. Осыған байланысты зерттеудің әр түрлі әдістері бір мезгілде пайдаланылады. Мұның өзінде бір әдіс екінші әдісті толықтырып отырады.
Зерттеу әдістері өзгереді, нақтыланады, жаңа мәліметтер алуға мүмкіндік береді және дене тәрбиесі теориясын дамытуға көмектеседі.
Лекция № 2
- Лекция тақырыбы:Дене тәрбиесі басқа ғылымдармен байланысы
- Лекция жоспары:
1. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің басқа ғылымдарымен байланысы.
2. Қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулердің маңызы.
3. Дене тәрбиесі жүйесін дамытудағы озық тәжірибелердің маңызы.
4. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің қазіргі кездегі даму бағыттары.
- Лекцияның мазмұны.
1. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің басқа ғылымдарымен байланысы.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы мамандандырылған ғылыми пәндердің тұтас комплексімен байланысты. Олардың біреулері гуманитарлық сипатта болады (дене тәрбиесінің жалпы теориясы, жалпы педагогика, мектепке дейінгі педагогика, дене тәрбиесі мен спорт психологиясы, спорттың жеке түрлерінің теориясы мен методикасы, физкультура тарихы және ұйымдастыру, физкультура социологиясы), физкультураның дамуы мен ұйымдастырылуының әлеуметтік заңдылықтарын, дене жаттығуларының адам (бала) психикасына әсерін, сондай-ақ педагогикалық әсер ету құралдарын, формалар мен әдістерін қолдану заңдарын зерттейді. Басқа ғылымдар - биологиялық және шектес жаратылыс ғалымы пәндері (дене жаттығуларының физиологиясы мен биохимиясы, динамикалық анатомия, биохимия, медицина, педиатрия, дене жаттығулары гигиенасы, дәрігерлік-физкультуралық бақылау, емдеу физкультурасы) адамның (баланың) биологиялық даму процесін, оның жас өзгерісінің заңдылықтарын, дене жаттығуларының, сондай-ақ сыртқы ортаның түрлі әсерлерінен болып жататын өзгерістерін зерттейді, бұған қоса адамның (баланың) қозғалыстарында көрініс беретін физикалық және биологиялық заңдарды зерттейді.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясының табиғи-ғылымдық негізін ғылыми пәндер комплексі құрайды, олардың міндеттері баланың биологиялық даму процестерін зерттеу болып табылады.
Ғылыми білімдердің бұл комплексі орыстың ұлы физиологтары И. М. Сеченовтың, И. П. Павловтың, В. М. Бехтеревтің және олардың ізбасарларының ілімі негізінде құрылды.
Организм мен ортаның бірлігі туралы. Адам дүниеге келген сәттен оның сыртқы ортамен өзара әрекеттесуі басталады, бейімделу, тепе-теңдігін сақтау қабілеті пайда болады. И. П. Павлов осы тепе-теңдікті өмірдің негізгі заңы ретінде қарастырды.
Индивидуалдық бейімделу түрлері өте көп. Олар табиғи өмір жағдайында пайда болады және оларды адам арнайы, әдейі жасауы мүмкін.
Адам организмінің қызмет ету мүмкіндігінің артуы немесе кеңеюі дене тәрбиесі процесінде ерекше мақызды болып табылады.
Баланың дене тәрбиесі белгілі бір ғылыми негілделген режиммен, организмді шынықтырумен, қозғалыс дағдыларын қалыптастырумен байланысты екені белгілі. Шынықтыратын процедуралармен (салқын сумен ысқылану, шайыну т. б. ) үйлестірілген ертеңгі гимнастикамен жүйелі айналысу, физкультура сабақтары, ойындар, ауаның, судың температурасы төмен жағдайдағы спорттық жаттығулар - осының бәрі организмнің сыртқы орта өзгерістеріне төзімділігін арттырады, нерв жүйесі, жүрек және өкпе жұмысын, бұлшық еттерінің жұмыс қабілетін жақсартады, жағымды эмоциялар тудырады.
Шынығу және дене жаттықтыру адам (бала) организмінің қызмет ету мүмкіндіктерінің кеңеюіне көмек ететіні түсінікті бола түседі. Осының барысында шыныққандық және белгілі мөлшерде жаттыққандық әркімнің өзгеріп отыратын сыртқы ортаға индивидуалды бейімделуін көрсететін болады.
Адам организмінің қоршаған ортаға бейімделуінде адам миының, жоғары нерв жүйесінің қызметінің дамуы үшін жетекші мәні бар және оған себепші болатын әлеуметтік ортаны ерекше бөліп көрсеткен жөн.
Баланың айнала қоршаған әлеуметтік ортаға индивидуалды бейімделуіне әр түрлі дағдылар, пайда бола бастаған әдеттер, қалыптасқан тіршілік режимі және айнала қоршаған өмір талаптарына саналы қарым-қатынасқа негізделген барлық мінез-құлық тәртібі жатқызылуы мүмкін.
2. Қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулердің маңызы.
Дене тәрбиесі теориясы қоғамдық, жаратылыс және педагогика ғылымдарымен байланысты.
Дене тәрбиесі теориясының жаратылыс ғылымдық негізі ғылыми пәндер комплексінен (анатомия, физиология, гигиена, биомеханика, биохимия т. б. ) тұрады. И. М. Сеченовтің, И. П. Павловтың ілімі және қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасу және дене қасиеттерінің даму заңдылықтарына үңілуге, оқыту мен тәрбиелеу процесін дұрыс құруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы жоғарғы нерв қызметін зерттеу бұл комплексте маңызды орын алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz