ГРАММАТИКАЛЫҚ ІЛІМДЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ (Қ.ЖҰБАНОВ ЕҢБЕКТЕРІ БОЙЫНША)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ГРАММАТИКАЛЫҚ ІЛІМДЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ (Қ. ЖҰБАНОВ ЕҢБЕКТЕРІ БОЙЫНША)
ТҮРКІСТАН - 2014
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Қорғауға жіберілді:
Қазақ тілі кафедрасының
меңгерушісі, ф. ғ. к., д. м. а.
С. Мағжан
(қолы)
«___»2014 ж.
Дипломдық жұмыс
ГРАММАТИКАЛЫҚ ІЛІМДЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ (Қ. ЖҰБАНОВ ЕҢБЕКТЕРІ БОЙЫНША)
мамандығы: 050205- филология: қазақ тілі
Дипломшы
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Ғылыми жетекшісі,
ф. ғ. к., доцент Г. Қ. Жылқыбай
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Мазмұны
Кіріспе . . . . . . . . . 3
1 Қазақ тілінің морфологиясы және Қ. Жұбанов зерттеулері . . . 6
1. 1 Қ. Жұбановтың қазақ тіліндегі сөз тұлғаларына қатысты көзқарастары . . . 6
1. 2 Қ. Жұбанов еңбектеріндегі етістік категориясының саралануы … . . . … . . . 27
2 Профессор Қ. Жұбанов және қазақ тіліндегі синтаксис мәселелері . . . 52
2. 1 Қ. Жұбановтың сөйлемнің негізгі белгілеріне байланысты ұстанымы . . . 52
2. 2 Қ. Жұбанов- қазақ тіліндегі сөйлем мүшелерін жаңа қырынан сипаттаған ғалым . . . 62
2. 3 Қ. Жұбановтың сөз тіркестері синтаксисіне қосқан үлесі . . . 69
Қорытынды . . . 78
Пайдаланылған әдебиеттер . . . ……… . . . 80
К і р і с п е
Жұмыстың жалпы сипаты. Қазақ тілі білімінің негізін қалыптастырушылардың бірі Қ. Жұбанов еңбектеріндегі құнды деректердің көбісінің орнын заманауи саналатын қазіргі тіл білімінің өзі баса алмайтындығын әлі күнге ғалымдар мойындап келеді. Тіпті, бір ғасырға жуық уақыттан бері олардың еңбектері тілші ғалымдарға үлгі ретінде қолданылып қана қоймай, олардың қалыптастырған терминдерінің өміршеңдігі байқалады. Рас, А. Байтұрсыновтың тіл білімі мен әдебиеттану саласына қатысты мұрасын, сондай-ақ ақын-жазушылығын зерттеу еш уақытта толастаған емес. Соған орай, оның шығармашылығы мен өмір жолына байланысты «Ахметтану» пәнінің бастамалары жасалып, жолға қойылды. Ал қазақ тіл білімін жаңа қырынан алғаш қарастыра бастаған профессор Қ. Жұбановтың елеулі еңбектері мен оның қалыптастырған тұжырымдары, өзекті мәселелерге арналып айтылған пікірлері ғылыми еңбектерде анда-санда ауызға алынғанымен, кейбір мәселелер төңірегіндегі еңбектері әлі күнге арнайы зерттеу нысанына айналмай отырғандығы ғылым үшін сын. Тіпті, академик Ісмет Кеңесбаев айтқандай: «Қазақ лингвистикасының негізін салған деп ауыз толтырып айтарлық ірі ғалымдарымыздың қатарындағы терең білімдарлық пен зор дарын иесі, ірі оқымысты әрі қайраткері осы бір жанды шын мәнінде елдің бәрі біле бермейді» [1. 9] .
Әйткенмен де, ғалым Қ. Жұбановтың қысқа ғұмырының өзінде қазақ тіл білімінің кез келген саласына үлкен еңбек сіңіре кеткендігін оның соңында мұра болып қалған біршама ғылыми еңбектерінен байқауға болар еді. Халық жауы атанып, ату жазасына кесілген профессордың жазылған еңбектерінің өртеліп, жоғалғандығы ғылымға біраз соққы болғаны да рас. Соның өзінде, бізге жеткен бірнеше ғылыми монографиялық еңбектеріндегі, оқулықтары мен оқу құралдарындағы, мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған бағдарламаларындағы, жаңа латын әліппесі мен емле ережесін жасаған еңбектеріндегі, түркітануға байланысты зерттеулеріндегі қадау-қадау мәселелер оның ірі тұлға, кең ауқымды түркітанушы, аса көрнекті ғалым екендігін, әрі оның қазақ арасында тұңғыш рет профессор атағын орасан еңбегінің арқасында мойындатып алғандығын танытады. Осыған орай жиырма жыл бойы жұртшылық назарынан тыс қалып келген оның еңбектері жайлы 1957 жылдан бері әр жылдары көптеген ғылыми-конференциялар өткізіліп, жыл сайын ғалымның өмір-тіршілігі, адамгершілігі мен қасиеттері, артында қалған мұралары, мәдениет пен қоғамға қосқан үлесі жөнінде естеліктер, тіл білімі мен әдебиеттану саласына қосқан еңбектеріне, өзіндік көзқарастары мен принциптеріне байланысты ғылыми-теориялық мақалалар мен баяндамалар жарияланып, олардың ұзын саны мыңға тартып жығылады. Сондай-ақ, Қ. Жұбанов еңбектерін тақырып етіп алған он шақты диссертация қорғалған. Ол зерттеулер ғалым еңбектерін педагогикалық-әдістемелік, психологиялық, когнитивистік аспектіде қарастыруды мақсат еткен.
Ғалым жайында сөз қозғағандардың арасында ірі-ірі М. Әуезов, І. Кеңесбаев, Е. Жанпейісов, Р. Сыздықова, Ғ. Мұсабаев, А. Ысқақов, Қ. Есенов, М. Серғалиев, Х. Есенжанов, Ә. Ибатов, М. Балақаев, М. Қаратаев, Ә. Жүнісбеков, Ы. Маманов, Н. Оралбаева, М. Томанов, Ө. Айтбаев, Б. Шалабаев, Б. Хасанов, Н. Уәлиев, Ә. Қайдаров т. б. секілді әр түрлі саладағы тұлғалар болды.
Ол еңбектер ғалым зерттеулерін енді қай қырынан қарастыру қажет екендігіне бағыт сілтеп тұрғандай. Мәселен, сөз тіркесі синтаксисі, сөйлем синтаксисі, сөз тұлғаларына қатысты тұжырымдарының саралануының жетімсіздігін байқауға болады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қ. Жұбановтың лингвистикалық, оның ішінде грамматикаға қатысты көзқарастарын аракідік тілге тиек етумен ғана шектелу қазақтан шыққан тұңғыш профессорға жасалып жүрген қиянат деп ойлаймыз. А. Байтұрсынов десе қазақ тіл білімі, қазақ тіл білімі десе А. Байтұрсынов ойға оралатыны секілді, Қ. Жұбановтың да қазақ тіл біліміне қосқан орасан зор үлесі барын ұрпақ санасына сіңдіру парыз. Оның терең зерттелген қазақ тіл білімінің теориясына байланысты ғылыми еңбектеріндегі өзекті мәселелерін арнайы зерттеу нысанына айналдырып, ғылыми еңбекке өзек етуіміз де осының әсерінен болып отыр. Қазіргі тіл білімінде жаңадан қалыптасып келе жатыр деп есептелетін кейбір бағыттардың бастауы қай кезеңнен басталатындығына көз жеткізіп, әрі профессор Қ. Жұбанов еңбегінен соң зерттелуден тыс қалған кейбір мәселелердің төңірегінде сөз қозғап, соған орай тереңірек қайта зерттеуге ұсыныстар жасаудың өзектілігін басты мақсат етіп алдық.
Зерттеу жұмысының нысаны. Жұмысымыздың негізгі нысаны профессор Қ. Жұбановтың қазақ тіліндегі сөз тұлғалары, сөз тіркесі синтаксисі мен сөйлем синтаксисіне және синтаксистің іргелі мәселелеріне қатысты ізденістері мен ұстаным, қағидаларынан туындаған пікірлері мен тұжырымдары.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері . Жұмыстың мақсатына сай мынадай міндеттер көзделді:
- Қ. Жұбановтың лингвистикалық көзқарастарын, ұлттық терминдерінің өміршеңдігін жаңа бағыттағы ғылыми сараппен дәлелдеу;
- Қазақ грамматикасын зерттеуде жаңашылдығымен танылған Қ. Жұбановтың тұжырымдарындағы өзекті мәселелерді қазіргі ғылым тұрғысынан қарастыру міндеті;
- Ғалым Қ. Жұбановтың еңбектері бойынша сөз тіркесінің табиғаты туралы танымын ғылыми негізде саралау міндеті;
- Ғалымның сөйлем мүшелеріне қатысты ұстанымдарын өзге ғалымдардың ұстанымдарымен салыстыра отырып, өзі қалыптастырған қағидаларын айқындау міндеті.
Зерттеу жұмысының әдістері . Қазақ тіл білімінің алғашқы баспалдағы ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қалыптасты десек, оған тікелей әсер етушілердің бірегейі - Қ. Жұбанов. Сондықтан да, оның еңбектеріндегі теориялық принциптермен бірге өзіндік ой-пікірлерді қазіргі тіл білімінің жаңалықтарымен салыстыра зерттеу тәсілі- негізгі бағытымыз, сондай-ақ тарихи, лингвистикалық, сипаттамалы әдістерге басымдық беріледі. Ішінара этимологиялық әдістер тұрғысынан зерттеу де көзделді.
Зерттеу жұмысының дереккөздері . Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негіздері ретінде Қ. Жұбановтың морфология, синтаксис салаларына қатысты еңбектері мен қазақ тіл білімі саласындағы ғалымдардың зерттеу қағидалары теориялық-әдіснамалық тұрғыдан басшылыққа алынып, жұмыстың орындалып шығуына ғылыми негіз болды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысының негізгі бағытына сәйкес Қ. Жұбановтың қазақ тілінің емле ережесін және ұлттық терминдерін қалыптастырушы ретіндегі үлесі сөз болды, тіл білімінің грамматика саласына арналған еңбектеріне ғылыми-теориялық талдау жасалынып, соның ішінде оның жаңа грамматикасындағы жаңалықтардың қазақ тіл біліміне тигізген зор үлесі кеңінен қаралды.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы . Зерттеу жұмысының нәтижелері жоғары оқу орындарының филология факультеттеріндегі грамматика, морфология, сөзжасам мәселелеріне байланысты оқу құралдарын толықтыруға жәрдемін тигізеді деп есептейміз.
Диплом жұмысының құрылымы . Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлім екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау
Қазақ тілінің морфологиясы және Қ. Жұбанов зерттеулері
- . Қазақ тіліндегі сөз тұлғаларына қатысты Қ. Жұбанов көзқарастары
Ғалым С. Исаевтың «Қ. Жұбанов зерттеулері дүниеге келген 1930 жылдардың орта шенінде қазақ тілі білімінің тарихи грамматикасы, оның ішінде тарихи морфологияның негізгі және басты мәселелері (жекелеген морфологиялық единицалардан - морфемалардан, жеке формалардан, грамматикалық мағыналардың ерекшеліктерінен бастап, ірі-ірі морфологиялық топтардың, грамматикалық немесе морфологияық категориялардың туып, қалыптасып, даму жолдары, сөз таптары жүйесінің қалыптасып даму т. б. ) жүйелі ғылыми түрде зерттеу обьектісі болмақ түгіл, қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрылысы диахрондық аспект былай тұрсын, статистикалық тұрғыдан да жан-жақты сипатталып беріле қойған жоқ еді» дегеніндей [2. 116] қазақ тіл біліміндегі морфология саласына байланысты алғашқы зерттеулер Қ. Жұбанов есімімен тікелей байланысты.
Қазақтың алғашқы тілші ғалымдарының бірі Құдайберген Қуанұлы Жұбанов жалпы қазақ тілінің біраз мәселелеріне қалам тартқан болатын. Ол 38 жыл ғұмырында «…қазақ тілінің ерекшелігіне лайықталған жаңа қазақ жазуы мен емлесін түзіп, қалыптастыруда елеулі еңбек етті. Қазақ тілінің алғашқы оқулықтарын жазу оның грамматикасы мен тарихын зерттеу Қ. Қ. Жұбанов қаламының үлесіне тиген-ді» [4. 529-531] . Атап айтқанда, сол таңдағы мектептерде оқытылып келе жатқан оқулықтардың олқылықтарын толтыру мақсатында грамматика саласында құнды еңбектері дүниеге келген еді. Соның бірі 1936 жылы «Қазақ тілінің грамматикасы» атты оқулығы сол кездегі ғана емес, қазіргі ғылымда да маңызын жоғалтпаған дүние. Жалпы V сыныпқа арналған бұл еңбектің негізі морфологияның біршама қырларын ашуға арналады. Өз еңбегінде тілдік құбылыстарға қатысты ғылыми тұжырымдарын тұрмыстық қағидалар мен жағдайлардан мысал келтіріп отырып, салыстыра көркем тілмен баяндайды. Осының ішінде әсіресе грамматикалық тұрғыдан арнайы қарап сөздердің түрлеріне сипаттама бергенде көп жайға аса көңіл бөлгендігін байқаймыз. Ғалым морфология шынтуайтында сөздердің қай сөз табына жататындығын, ол сөз таптарының жасалу жолдары мен түрленуін зерттейтін ғылым екендігін сөз ете келе, «Сөз тұлғасының түріне қарай, мынадай алты арыс болады», - деп жақсы аңғарады, яғни: түбір сөз, қосымшалы сөз, кіріккен сөз, қиюлы сөз, қосар сөз, қосалқы сөз, - деген топтардан тұратындығын дәлелдеуге тырысады. [6. 164] .
Олардың кейбір топтарының атаулары (терминдері) қазіргі таңда қолданыстан шығып қалса да, қай ғалымның болмасын пікірі жіктеу нәтижесін жоққа шығаруға себеп бола алмайды. Әсіресе, айта кетерлігі ол таңда әлі де сөз етіле қоймаған морфемаларға байланысты мынадай тұжырымдары қазірде аса бағалы. Ғалым қазақ тіліндегі сөздердің кейбіріндегі түбір мен қосымшалардың дербестігі жоқтығын байқап, ол сөздер мен қосымшаларға байланысты топтарды өлі қосымшалар және өлі түбірлер деп атағанды жөн санайды. Яғни, сіңісу құбылысының нәтижесінде кейбір негізгі түбірлер келе-келе мағынасын жоғалтқандығын, олардың белгілі бір қосымшасыз лексикалық мағынасы болмайтындығын ерекше атап өтеді. «Түбірдің де өлісі, тірісі болады. Мысалы: күрес, жарыс деген түбірлердің соңғы -с, -ыс дыбысы осы күні де қосымша. Мұны соқ деген түбірге қоссақ, соғыс, айт деген түбірге қоссақ, айтыс болады. Соңындағы -с үстеу болған соң, оның алдыңғысы - түбір болмақ.
Сонда, күрес, жарыс деген сөздердің түбірі күре, жар болып шығады. Бірақ, қазақ тілі күресу, жарысу мағынасындағы күре, жар деген түбірлерді білмейді. Сондықтан: бұларды өлі түбірлер дейміз» [6. 168] . Осы күнгі еңбектерде -(ы) с, -(с) жұрнақтарын ортақ етістің формасына жатқызып, олардың көп кездесетіндігін және зат есім мағынасында да, етіс мағынасында да қолданылатындығын айтады.
Ғалым сонымен бірге, кейбір қосымшалардың жоғарыда атап өтетін күре, жар деген түбірлер секілді кейбір белгілі бір сөздерде болмаса өте кем таралған қосымша түрлерін анықтайды. Яғни, « . . . темір-ші, ойн-а, колхоз-дың, ауыл-да деген сөздердегі -шы, -а, -дың, -да қосымшалары . . . тірі қосымшалар», - деп көрсетіп, ал « . . . ертең деген сөзде - ерте, соңыра деген сөзде - соң, жоңқа деген сөзде - жон түбірлері бөлек шығып тұр. Өйткені, ерте , жон, соң деген түбірлер жеке тұрып та қолданыла береді. Бірақ, ертең -дегі -ң, соңыра- дағы - ра , жоңқа -дағы -қа ана сөздерден бөлініп, басқа сөзге жалғанбайды. Олар бір кезде тірі қосымша болып жүрген де, бүгінде қосымша болуды қойып, түбірмен бірігіп қатып қалған», - деп, аталып өтілген қосымшалардың түрлерін сипаттайтын «бүгінде қолданудан шығып қалған қосымшаларды өлі қосымша дейміз», - деп өте орынды түйін айтады. Мұның барлығы да сөз тұлғаларының түбір және қосымша морфемасынан келіп шығады. Қ. Жұбанов жалпы, түбір морфеманы - түп мүше , қосымша морфеманы - жамау мүше деп атайды. Өз мақаласында осы мәселе жайлы пікір білдірген тілші ғалым А. Ибатов қазіргі таңда аталып жүрген түпкі түбірді « . . . Қ. Жұбанов «түп мүше» деп атаған. Түпкі түбір деп тілімізде жеке айтылмайтын, сөздің дербес қолданылатын, түбір негізін ары қарай тарихи (этимологиялық) тұрғыдан бөлшектеп түптегенде ғана анықталатын сөз тұлғасын, сөздің түп тұлғасын айтамыз. Бұл тұлғаның түпкі түбір деп аталуы да осыған байланысты. Мысалы: онша ( он -ша), ондай ( он -дай) дегендегі - он; қалай ( қа- лай), қашан ( қа- шан) дегендегі - қа, бұғаз ( бұғ -аз), бұғақ ( бұ- ғақ), бұғау ( бұ- ғау) дегендегі бұғ -; кірбең ( кірб- ең), кірби ( кірб -и), кірбік ( кірб -ік), кірбік ( кірб -ік), кірбің ( кірб -ің) дегендегі кірб -; кіржи ( кірж -и), кіржің ( кірж -ің) дегендегі кірж -; Осы кірб - пен кірж - дегенді ары қарай кір-б-, кір-ж - деп бөлшектеп, -кір тұлғасын бөліп алуға болады. Міне, осылай етіп жігі белгілі морфемдік тұлғаларды біртіндеп тұлғалап бөліп алу жүйесімен тарихи тұрғыдан ғана анықтауға болатын түп тұлғалар түпкі түбірлер деп аталады. Мұндай тұлғалар қазіргі кезде жеке қолданылмайды, мағыналық жағынан да күңгірт болады» [15. 128], - дейді.
Қ. Жұбановтың еңбектерінде өзіне дейінгі қазақ тілін зерттеген Ахмет Байтұрсынов еңбектерінің кейбір тұстарын сынап, кейбір олқылықтарын жиі атаса да, зерттеулерін «Тіл құралға» сүйеніп жазғандығы шүбәсіз. Мысалы, ғалым А. Байтұрсынов жариялаған көптеген терминдерді өз қажетіне жаратады, әрі кейбір берілген мысалдар тарапынан кеткен қателіктер болмаса, әр мағыналық топтарға ұсынылған анықтамалар мен тұжырымдарды жалғастырушы, дамытушы ретінде көрінеді. Шындығында, әлі де қазақ тіліне байланысты еңбектердің өте аздығынан «Тіл құралдың» жетілмеген тұстары бар болатын. Соның бірі, Қ. Жұбанов «Жаңа грамматика» еңбегінде нақты қарастыратын - асырмалы-күшейтпелі дәрежені көрсететін ең, нақ, тым көмекші сөздерінің үстеулердің құрамына жатпайтындығын дәлелдеп берген болатын. Бірақ, осы мәселе әлі күнге бір ізге қойылмай келе жатыр, себебі, екі ғалым тарапынан да ұсынылған тұжырымдар біржақты етуге мүмкіндік бермейді. Сонымен бірге, А. Байтұрсынов айтқандай ең, нақ, тым дегендер зерттеп қарағанда үнемі үстеу болады деу қиын. Олай дейтініміз аталған сөздердің жеке тұрғанда дербес мағынасы жоқ сөздер, сондықтан жеке тұрып сөз табы қызметін атқара алмайтындығын ескеруіміз міндетті. Ал оны Қ. Жұбановтың еңбегіне сүйеніп шылау дей салуға да болмайды. Жоғарыдағы аталған сөздерде осы күнгі шылау делініп топталып жүрген сөздерге жеке тұрғанда дербес мағынасы жоқтығы жағынан ұқсас болғанымен, екеуінің қасиеті екі бағытта сипатталады. Ең, нақ, тым сөздері сын есімнің күшейтпелі-асырмалы шырайын жасайтын тұлғалары, ал шылау сөздердің қай түрі болмасын бұл қасиетке ие бола алмайды. Яғни, шылау сөздердің бірсыпырасы сөз бен сөздің не сөйлем мен сөйлемнің арасын байланыстырса, енді біреулері жеке сөзді толықтырып не нақтылап, грамматикалық мағына жасайды [8. 85] дегендегі соңғы сипаты ұқсас болғанымен, шылаудың нысанға алынып отырған сөздерге қарағанда белгілі бір сөзге көмекші болу міндеттілігі басым.
Аталуы жағынан қазіргі тіл білімінен сәл өзгешелеу келетін Қ. Жұбанов ұсынған тілдік терминдердің бірі - қосар сөздер еді. Ол өзіне дейінгі грамматикалық еңбектерді барлағанда қос сөздерге байланысты топтастыруларда да қателіктердің орын алғандығын аңғарып, нақты байламдар жасайды. Мысалы, қос сөздерге байланысты мәселеге келген де, ең алдымен синтаксистің қарайтындары мен морфологияның қарайтын шегарасын айқындап алады.
Сөз тұлғаларының ішіндегі қосар сөзге байланысты қағидалардың, осы күні қос сөздер деп аталуы қалыптасып кеткені болмаса, басым пікірлер бастапқы ғалымдардың жіктеуінен аса алмаған. Тек, кейінгі грамматикалық еңбектерде қос сөздерді қосарлама қос сөздер және қайталама қос сөздер деп екіге бөліп қарап, қайталаманың өзін іштей сөздес, матаулы, тіркеулі және қосақты деп төрт түрін атап көрсетеді. Яғни, қазіргі қосарлама қос сөздерді Қ. Жұбанов «теңдес қосар» деп атап, ал сөздес, матаулы, тіркеулі және қосақты қос сөздерді тура осылай атағанымен төртеуін бір ғана қайталама қос сөздердің құрамына жатады деп тұжырымдамай, «құрылысына қарай, қосар сөздер мынадай бес арыс болады» деп жоғарыдағы түрлерін жеке-жеке талдап өтеді. Тіпті, қосар сөздердің ішінара тұлғалық, мағыналық, құрамдық, дыбысталу жақтарын ескеріп классификацияларға ажыратады. Мысалы: теңдес қосарларға жататын сөздердің екі сыңарын салыстыра отырып, кейбірінің этимологиялық сыңарларын байқап олардың үш сипатын көрсеткен болатын. Олар:
Мәндес қосар (бала-шаға, қатын-қалаш, қыз-қырқын, бақсы-балгер т. б. ),
Қайшы мәнді қосар (үлкен-кіші, аға-іні, ұлы-қызы, азды-көпті, ұзынды-қысқалы)
Мәнді қосар (тау-төбе, әке-шеше, аяқ-табақ, ән-күй, оқу-жазу, қалам-сия т. б. ) . Мұндай зейінді жіктеу де әлі күнге морфологияның негізгі бағыттары.
Қ. Жұбановтың терең білімдарлығымен тағы да бір көз жеткізген грамматиканың негізгі мәселелерінің бірі - сөздерді бір-бірімен байланыстырушы аналитикалық формалар жөнінде ең алғаш азды-көп талдау жасап, шама-шарқынша оларды сөйлемде қолданылуына қарай ара-жігін ажыратып беруге тырысуы. Ол- бұл байланыстырушылық қасиетке ие сөздерге қосалқы сөздер деп қазақша сәтті баламасын ұсынады. Қосалқы сөздерге жататындардың бір тобын бүгінде бір ғалымдар күрделі етістіктің көмекшісі ретінде қарап, бір тобын енді бір ғалымдар көмекші есім сөздерге жатқызады. Ал кейбір еңбектерде, атап айтқанда Н. Оралбаева мен А. Қалыбаеваның «Қазіргі қазақ тілінің мрфемалар жүйесі» атты еңбегінде мұндай дербес сөздер мен көмекшілердің тіркесін көмекшілі сөз [9. 142-148] деп атайды. Шындығында, бұл мәселе осы күнгі дейін шешімін таба алмай келе жатқандықтан, Қ. Жұбанов еңбегіндегі ұсынылған бағыттарда әлі де зерделеуді керек ететін тұстарының болуы заңдылық. Алайда, сөйлемдегі сөз алды, сөз соңы көмекшілерінің болатындығын ең алғаш қамтыған еңбегі толыққанды көрегендікпен сарапталған деуге болады. Сөз алдында келетін көмекшілерді дәйек қосалқылар , сөз соңынан келетін көмекшілерді аяқ қосарлылар деп жіктеген ғалым алғашқы топқа тым (ауыр), әрең(бітірдім), бек(жақсы), қас(батыр), өте(күшті), ең (оңайы), тап (осы) секілді т. б. сөздерді, аяқ қосарлы сөздерге (жазға) шейін, (ай) сайын, (қой) мен (сиыр), оқу (да), (жазу (да), (сен) ақ, көрдім (ғой) сияқты т. б. сөздерді мысал ретінде жатқызады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz