Бейімбет Майлин (1894-1938)
1 Қазақ совет әдебиетінің негізін салушы
2 Б. Майлиннің еңбек жолы
3 Жиырмасыншы жылдардағы ақын поэзиясының тақырыбы
4 Б.Майлин поэзиясы

Қазақ совет әдебиетінің негізін салушы көркем сөз шеберлерінің бірі - Бейімбет Майлин. Творчестволық жолын революциядан бұрын бастаған жазушы Совет үкіметі тұсында әдебиеттің поэзия, проза, драматургия саласында бірдей қажырлы да жемісті еңбек етіп, көркемдік жағынан ңұнды, көлемі жағынан мол, тәрбиелік мәні зор мұра қалдырды.
Оның өлеңдері мен поэмаларында, әңгімелері мен очерктерінде, новеллалары мен фельетондарында, повестері мен ромаидарында, скетчтері мен пьесаларында еңбекші бұқараның бұрынғы ескі өмірі мен советтік дәуірдегі жаңа тұрмысы пеалистік шындығымен суреттелініп отырды.
Б.Майлин совет заманының ірі саяси-әлеуметтік оқиғаларының бәріне үн қосып, саяси өткір, үгіттік және дүние-танытқыштық мәні зор өлеңдерін жазды. Сондықтан да оның поэзиясы совет дәуірінің алғашқы жиырма жылдық өмірінің тарихи шындығын суреттейтін мағыналы да реалистік поэзия болып саналады.Оның шығармаларынан біріне-бірі ұқсамайтын, әрқайсысы өзіндік іс-әрекетімен танылған геройларды ондап кездестіруге болады. Еңбек адамы Мырқымбайдың типтік тұлғасы да Б.Майлин поэзиясындағы кесек тұлғау Қазақ совет әдебиетінде прозалық жанрды дамытуға Б.Майлин айрықша үлес қосқан суреткер.

БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН (1894-1938)
Қазақ совет әдебиетінің негізін салушы көркем сөз шеберлерінің бірі -
Бейімбет Майлин. Творчестволық жолын революциядан бұрын бастаған жазушы
Совет үкіметі тұсында әдебиеттің поэзия, проза, драматургия саласында
бірдей қажырлы да жемісті еңбек етіп, көркемдік жағынан ңұнды, көлемі
жағынан мол, тәрбиелік мәні зор мұра қалдырды.
Оның өлеңдері мен поэмаларында, әңгімелері мен очерктерінде,
новеллалары мен фельетондарында, повестері мен ромаидарында, скетчтері мен
пьесаларында еңбекші бұқараның бұрынғы ескі өмірі мен советтік дәуірдегі
жаңа тұрмысы пеалистік шындығымен суреттелініп отырды.
Б.Майлин совет заманының ірі саяси-әлеуметтік оқиғаларының бәріне үн
қосып, саяси өткір, үгіттік және дүние-танытқыштық мәні зор өлеңдерін
жазды. Сондықтан да оның поэзиясы совет дәуірінің алғашқы жиырма жылдық
өмірінің тарихи шындығын суреттейтін мағыналы да реалистік поэзия болып
саналады.Оның шығармаларынан біріне-бірі ұқсамайтын, әрқайсысы өзіндік іс-
әрекетімен танылған геройларды ондап кездестіруге болады. Еңбек адамы
Мырқымбайдың типтік тұлғасы да Б.Майлин поэзиясындағы кесек тұлғау Қазақ
совет әдебиетінде прозалық жанрды дамытуға Б.Майлин айрықша үлес
қосқан суреткер. Ол шағын әңгімелері мен новеллаларында талай айңын
мүсіндер мен кескіндер, жарңын бейнелер жасады. Оның проза саласындағы
тұңғыш еңбегі 1915 жылы жазылған Шұғаның белгісі атты повесі - тақырыбы,
тіл көркемдігі, жазылу шеберлігі жағынан қазақ әдебиеті тарихындағы шоқтығы
биік, кезеңді шығармалардын бірі. Раушан - коммунист повесі мен Азамат
Азаматыч романы - Б.Майлин творчествосының ғана емес, бүкіл Қазақ совет
әдебиетінің табысы, көрнекті шығармасы.
Б.Майлин әдебиетіміздің драматургия саласында да елеулі еңбек қалдырды.
Оның қолынан Майдан, Біздің жігіттер, Шұға, Талтаңбайдың тәртібі,
Жалбыр, Көзілдірік тәрізді пьесалар туды. Драматург бұл еңбектерінің
қайсыбірінде өткен заманның оқиғаларына бүгінгі күннің тұрғысынан бага
берсе, ал екінші бір топ пьесаларында жаңа заманды, совет системасының
жеңісін қуана көрсетіп, еңбекші халықтардың тап күресіндегі жеңіс,
табыстарын көтере жырлады.
Бейімбет (Бимағамбет) Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы бұрынғы Торғай
облысының Қостанай уезі, Дамбар болысы, 8 аулындағы Ақтөбе деген жерде
(қазіргі Қостанай облысы, Тобыл ауданындары Бейімбет Майлин атындағы
совхозда) туран Жазушының арғы атасы Майлы да, өз өкесі Жармағамбет те
момын, кісі есігінде жалшылықпен өмірін өткізген кедейлер болған. Әкеден
жастай қалған Бейімбет шешесі Кұлғизар екеуі әжесі Бойдастың қолына кешеді.
Жесір шеше байдың сауыншысы болып жүріп, жас қалған жетім ұлына тәрбие
беруді аңсайды. Ее біліп, ержете бастаган шағында Бейімбет шешеден де
айрылады, үлкен әжесінің тәрбиесінде қалады. Болашаң жазушының әжесі Бойдас
ісіне пысық, сөзі өтімді, ептеп өз жанынан өлең шығара білетін кісі екен.
Бейімбетке кішкентай күнінен өлең жаттатып үйреткенде осы әжесі. Баяғы
мені оқытуға құмартқан үлкен шешем де өлеңге өте әуес адам еді, ескі
қиссаларды тыңдап болып, бірер күрсініп алып, өзі өлең айтар еді. Кейде
маған қарап күлімсіреп:
- Қарағым-ау, сен жоқта мен өлең шығарып қойдым, - дер еді, - дейді
әжесі туралы естелігінде Бейімбет.
Бейімбет жас кезінде өз аулындағы Ыбырай Есжанов деген молдадан сауатын
ашады. Сонан соң Троицкіден келген Сатыбалдин деген татар "мұғалімнен аздап
оқып, білімге ықыласы арта түседі, сол жылы Бейімбет Арғынбаев Әбді-Рахман
дегеннің медресесіне түсіп бір жылдай оқиды.
Білімнің ептеп дәмін татқан Бейімбет Троицкідегі Уәзифа медресесіне
түсіп, оны бітірген соң Уфадағы Медресе Ғалияға барып оқуды армандайды.
Сөйтіп, 1914 жылдың күзінде осы медресеге оқуға алынады. Онда көбінесе
ауқатты, әлді адамдардың балалары оқитын. Қаржысы жоқ кедей балаға бұл
медресенің оқу жағдайына төзу оңай соқпайтын. Сондықтан да бір жылдан кейін
қаражаттан қысылып, Бейімбет мұны да тастап кетеді. Осы кезде ол өзінің
Мұқтаждық атты бірінші өлеңін жазады.
Аи, мұқтаждық, кесел болып тұндық ғой,
Талапкерге қарсы тұзақ құрдың ғой.
Қолды созып, бойды жазып жүргізбей,
Ауруы жоң бір мүгедек қылдың ғой...
Бейімбет өз аулында Октябрь революциясы жеңіп, Совет үкіметі нығайғанша
мүғалім болып қызмет істейді, бір жағынан, ауылдағы Қазақ кедейлерінің
балаларын оқытып сауатын ашса, екінші жағынан, өлең жазумен шүғылданады.
Сонымен қатар татар әдебиеті арқылы (өйткені Бейімбет осы кезде татар,
башқұрт жазушылары Ғалымжан Ибрагимов, Сайфи Құдашпен жақын қатынаста
болған) И.Крыловтың, Н.Гогольдің, Л.Толстойдың, А.Чеховтың, М.Горькийдің
шығармаларын құмарта оқып, орыс әдебиетімен нәрденудің қажеттілігін
сезінеді.
Тіл арасында мұғалімдік қызметте жүрген Бейімбет 1916 жылгы ұлт-азаттық
көтерілісіне аттанған азаматтарға оң сапар тілейді, тұйыққа тірелген
жұрттың ауыр халіне ортақтасып, халықты күреске шақырады. Сол жылғы июнь
жарлығына арналған Қанды тұман атты өлеңінде ол:
Ойбай-ау, қайдасыңдар? Аттаныңдар!
Бері кел, шашау шықпа, топтаныңдар!
Қапыда, мылтығы боп жайратпасын
Болыстан әсіресе сақтаныңдар, -
дейді.
Ұлт-азаттық қозғалысы жер-жерде сәтсіздікке ұшырағанын көрген Бейімбет
бір сәт келешектен үміт үзіп, сары уайымға салынды. 1916 жылгы Даң болу
деген өлеңінде акын серпілмеген тұман, ашылмаған күмән бар деп дағдарады.
Б.Майлин февраль революциясын да үстірт түсініп, асығыс шешімге
келеді. Ол патшаның тақтан түсуін барлық мәселенің шешіліп бітуі, арманның
орындалуы деп қарады. Сол тұстағы ұсақ буржуазияшыл-демократ жазушылар
сияқты Бейімбет те ұлтшылдық қателіктерге ұрынды.
Қазаққа деген өлеңінде ол:
Келді кеңдік, туды теңдік басыңа,
Қатын, еркек, кәрі менен жасыңа,
Туысқанды, құрдастықты асыға
Алалықты араңдағы жой, қазақ.
Іздегенің өзі келді алдыңа...
Зарлағаның бекер босқа қалды ма?
Туды теңдік: бай мен қатар жарлыңа
Міне рахат, міне шаттық, той қазақ -
деді.
Бірақ Бейімбет теріс ұғымның ауанында ұзақ болмайды. Октябрь
революциясының жеңісі шындықтың бетін ашып, жазушының өз қатесін тез
түсінуіне ықпал жасайды. 1917 жылдары жазған Съезд, Сайлау деген
өлеңдерінде ақын февраль революциясының нәтижесі күткен үмітті ақтамағанын
анық айтады.
1918 жылдары алашордашылар ұранының бекер, жалған екеніне көзі жеткен
ақын алаштың алдауына еріп адасқандарды жөнге салу мақсатымен Әкесінен
хат, Садақбай атты өлеңдерін жазды.
Бейімбеттің еңбекші бұқараның мүддесін көздеп, арманын жоқтаған халық
жазушысы екендігін оның замандасы Сәбит Мұқанов: Қазақ кеңес әдебиетінің
ірі жазушысының бірі жолдас Майлыұлы Бейімбет 1917-1918 жылдары ол үлкен
саяси қате жасады. Бірақ төңкерістен бүрын да бұқарашыл Бейімбет бұл
қатесін тез түзеді, - деп ашық айтты.
1916 жылдың жазынан бастап 1918 жылдың аяғына дейін Бейімбет өз елінде
мұғалімдік қызметті атқарады. 1919 жылы Б.Майлин Торғай губерниялық оқу
бөлімінің Дамбар болысы бойынша инспекторы, 1920-21 жылдары губерниялың жер
бөлімінің бастығы, болыстың оқу бөлімінің меңгерушісі тәрізді советтік
қызметтерде болады.
1922 жылы Бейімбетті Сәкен Сейфуллин республикамыздың сол кездегі
орталығы Орынбор қаласына шақыртып алады да Еңбекші қазақ газетіне әдеби
қызметкер етіп орналастырады. І922 жылдың августынан 1923 жылдың июль айына
дейін Бейімбет осы Еңбекші қазақ газетінде Сәкен Сейфуллиннің қарамағында
істейді. Сәкенмен бірге қызметтес болған жылдардың Бейімбетке идеялық-
творчестволық зор әсері болады, ол өзінің саяси багытын мықтап айқындайды.
Осы жылдары ол Кедейге, Құтты болсын, мейрамың атты өлеңдерін жазып,
өзін езілген кедей табының жыршысы екендігін танытады. Еңбекші қазақта
жазушы көптеген өлең, әңгімелерін жариялайды.
1923-25 жылдары Қостанай қаласындағы губерниялық Ауыл газетінде
редактордың орынбасары әрі хатшысы қызметін атқарады. Бұл газетте Б.Майлин
жазушылық жағынан көп өседі. Мұнда оның Айранбай атты әңгімесі, Раушан
коммунист повесінің алғашқы нұсқасы жарияланады.
1925 жылы апрельде Қазақстан өлкелік партия комитетінің шақыруымен
Б.Майлин Еңбекші қазақ газетіне барып 1927 жылдың ортасына дейін оның
жауапты хатшысы болады. 1927-29 жылдары республикалық Ауыл тілі газеті
редакторының орынбасары қызметін атқарады. Бұл жылдары Бейімбет Майлиннің
жазушылық, журналистік әлеуметтік қызметі әбден әйгіленген уақыт еді.
Б. Майлин Қазақстан жазушылар одағын құру мәселесің ұйымдастыруға да
белсене араласады. 1925 жылы Қазақстан пролетариат жазушылар ассоциациясын
ашу туралы С. Сейфуллин мен Б. Майлиннің қолы қойылған үндеуі жарияланады.
Б. Майлин ҚазАПП-тың ұйымдастыру бюросына мүшелікке сайланады. 1927 жылы
шыға бастаған Жыл құсы альманағы мен 1928 жылдан шыға бастаған Жаңа
әдебиет журналын шығарысады.
Б.Майлин 1924 жылы Қостанайдағы Ауыл газетінде жүргенде Ленин
партиясына кандидат болып өтеді де, 1926 жылы Еңбекші қазақ газетінде
қызмет істеп жүрген кезде өзінің ұстамды қоғам қайраткері екендігін, әдеби
творчестволық дарындылығын танытуы нәтижесінде КПСС-тің мүшелігіне өтеді.
1928 жылы Бейімбет Қазақстан мемлекет баспасына ауысып редакторлық
қызметті атқарады, кейінірек 1934 ж. Қазақ әдебиеті газетінің редакторы
болады. Қазақ әдебиеті жайында оқулықтар жазуға ат салысады.
1923-1937 жылдары арасында Бейімбет Майлиннің шығармалары елуге тарта
жеке кітап болып жарияланады. Олардың ішінде ең күрделілерін атасақ
мыналар: Бейімбеттің өлеңдері (1923), Шүғаның белгісі (1926), Раушан
коммунист (1929), Он жылда (1927), Колхоз, Асулардан асқанда (1930-
31), Сойқанды содырлар (1928), Кесінділер (1929), Майдан (1933),
Алыптарды аралағанда (1934), Мырқымбай, Азамат Азаматыч (1935), төрт
томдық шығармалар жинағы (1933-1936) және басқалар-Сонымен қатар
Қоңсылар, Қызыл жалау атты көлемді романдарын жазып аяқтайды, олардың
үзінділері республикалық газет-журналдарда жарық көреді. Дударай атты
опералық либереттосы жазылып біткенмен жарық көре алмай кетті.
Көркем сөздің шебері, көп қырлы дарын иесі Бейімбет талантының
толықсып, кемеліне келіп тұрған шағында, творчестволық өр биікке құлап
ұрып, өсіп келе жатқан кезінде қаза болды.
Көрнекті қазақ совет жазушылары: Сәкен, Ілияс, Сәбит тәрізді Бейімбет
те әдебиетімізге әуелі өлеңмен келді. Мұқамжар байдың делбешісі болып жүріп-
ақ жаттанды өлеңді тақпақ етіп, кейде домбыраға қосып, өзі де ауық-ауық
жанынан өлең шығарған Бейімбет 1913 ж. Мұсылмандық белгісі атты өлеңін
Уфадағы қолжазба Садақ журналында жариялайды.
1914-1915 жылдары жазылған Мал, Байлыққа, Жазғы қалып өлеңдерінде
бүкіл дүние қызығы малдынікі, байдікі деп, кедей сорлы мұң-мұқтаждан
арылмай қойғанына налиды?
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының дабылы шыққан күннен бастап-ақ
халық жағында болған жазушы көп кешікпей көтерілістің нәтижесіз
аяқталғанын көріп налиды, келешекті болжай алмай қиналады.
Революцияға дейінгі және революция мен азамат соғысы жылдарындағы ақын
поэзиясы көлем жағынан көп емес. Олардың тақырыбы: еңбектеніп жүрген
кедейлердің өмірі, еңбекші ауылдың көрінісі, адамгершілік өмір сипаты,
халқына қызмет еткісі келіп талаптанып жүрген оқыған жастар мен қараңғы
елге білім ырысын шашқан мұғалімдердің қызметі т. б.
Ақынның жиырмасыншы жылдардағы поэзиясында ақылсыз, топас байлар да көп
көрінеді. Ыбыраймыз, Ыбараймын атты атақты өлеңінде ақын сол кездегі
кескілескен тап күресінің нәтижесінде бұрыңғы өктемдіктің бәрінен жұрдай
болып рухани шөгіп, адам қарағысыз бейшаралық күйге түсе бастаған байлардың
күйкілі өмірін реалистікпен келістіріп суреттейді.
1917 жылы жазған Қарынға деген өлеңінде ақын жуандарға:
...Жауыздың ойлараның жан біткенге
Игілік істен кейін қашқандайсың
Аузыңнан өткен күннің дәмі кетпей,
Әлі де ел билеуден жасқанбайсың.
...Тізгінді бермесең де жастар тартар,
Ұранға даны қызып жігері артар.
Жүрмесін согып кетіп, жолда тұрма,
Ескіні ұмыт, қарын, бұрыл бастар! -
дейді. Мұнда Бейімбет жуандарға қоса қожа-молдаларды да, алашшылдарды да
сынайды.
Жиырмасыншы жылдардағы ақын поэзиясының тақырыбы - Октябрь революциясы
әкелген ұлы бостандық, жаңа өмір, жаңа салт-санялар мен қазақ әйелдерінің
бас бостандығы туралы болды. Сондықтан да революцияның алғашқы дәуірінде
ақын бұл тақырыпқа қайта-қайта оралып, ғасырлар бойы күндікте, қорлықта
келген қазақ әйелдерінің енді теңдікке, махаббат бостандығына жеткендігін
жырлады. Мысалы, Разия қыз (1920) атты поэмасында ақын оқыған кедей
жігіт" Әлім мен бай қызы Разияның арасындағы адал махаббатын суреттеп,
сүйіскен екі жастың жау қолынан қаза тапқанын көрсетеді. Ал, Қашкын
келіншек деген өлеңінде бір кезде күйеуге еріксіз" кеткен жас қыздың
келіншек ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz