Қазақстанда XX ғасырдың 40 жылдарындағы білім беру тарихын жүйелеудегі Ә.Сембаевтың еңбегі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
« ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА » КАФЕДРАСЫ
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Қазақстанда XX ғасырдың 40 жылдарындағы білім беру тарихын жүйелеудегі Ә. Сембаевтың еңбегі.
«Бекітемін»
Қорғауға жіберілді Ғылыми жетекшісі оқытушы
Каф. меңгерушісі, п. ғ. д., профессор . . . Т. Г. Токқұлова
. . . Л. Керімов орындаған ППП - 515 тобының
« . . . » . . . 2009ж студенті . . . Г. Баймаханова
Хаттама№ . . . 050103 - «Педагогика - психология»
« . . . » . . . 2009ж мамандығы
Түркістан - 2009
Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3-5
I-Бөлім. Ә. І. СЕМБАЕВТЫҢ білім беру тарихын жүйелеудегі қоғамдық-тарихи алғышарттары.
1. 1 Ә. І. Сембаевтың тұлғалық қалыптасуындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар . . . 6-15
1. 2 Ә. І. Сембаевтың мемлекет және қоғам қайраткері ретінде қалыптасуының негізгі кезеңдері . . . 16-34
II-Бөлім. Ә. І. Сембаевтың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруы.
2. 1 Ә. І. Сембаевтың балалар үйiнiң жұмысын басқарудағы педагогикалық-ұйымдастырушылық қызметi . . . 35-49
2. 2 Ә. І. Сембаевтың Қазақстандағы мектептерде білім беру тарихын жүйелеуі . . . 50-64
Қорытынды . . . 65-66
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 67-69
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа қоғам жағдайындағы міндеттерінің бірі ұлттық құндылықтарымызды жаңаша зерделеп, оның озық тұстарын бүгінгі күн қажеттілігіне пайдалану әсіресе, еліміздің тарихи шежіресінде өзіндік қолтаңбаларын қалдырған, ұлттық мәдениетті және ғылымды дамытуға өз үлестерін қосқан дара тұлғалардың қоғамдық қызметтері мен шығармашылық мұраларын зерттеу нысанасына айналдыру өте өзекті болып отыр. Өйткені, тарихи-педагогикалық мұралар туралы білімді жетілдірмеу, білім беру жүйесіндегі маңызды мемлекеттік проблемалардың тиімді шешімін табуда қиындық туындатады.
Бұл жөнінде еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Келешек ұрпақ өз кезегінде, жаңа басталған тарихымыздың ең бір күрделі кезеңінде тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуына қазақ зиялыларының мейілінше игі үлес қосқанын дұрыс бағалауға тиіс, өйткені олар біздің ең жаңа тарихымыздың мәйегі іспеттес, кіндік тұлғалары», - дейді [1] .
Біз зерттеуімізге нысана етіп алып отырған Ә. І. Сембаевтың Қазақстандағы білім беру тарихын жүйелеуі, педагогикалық мұрасы ерекше маңызды, өйткені оның тікелей қатынасуымен қазақстандық педагогика ғылымының қалыптасуы, қазақ мектептерінің пайда болуы мен даму тарихы және жоғары оқу орындарындағы мамандықтардың ашылуы, жетім балаларға арналған мектеп-интернеттар жұмысының жүйесі қаланған.
Ал, Қазақстандағы педагогика ғылымының тарихы туралы Қ. Бержанов, Т. Тәжібаев, А. С. Ситдықов, Р. Г. Лемберг, Г. М. Храпченков, К. К. Құнантаева, Т. С. Садықов, А. И. Ильясова, А. Садықова, М. Есекешева және т. б. ғалымдардың зерттеулерінде; халыққа білім беру мекемелерінің пайда болуы мен даму тарихы және ондағы оқу-тәрбие үрдісінің ғылыми негіздерін, сонымен қатар мамандардың білімін жетілдіру туралы зерттеуші: Н. Д. Хмель, Г. А. Уманов, Р. Ж. Ержанова, Б. Р. Айтмамбетова, А. А. Бейсембаева, А. А. Кусаинов, Қ. Сейталиев, В. Г. Храпченков, Г. Ж. Меңлібекова, Г. К. Ахметова, Б. А. Әлмұхамбетов, Л. К. Керімов, А. Ғ. Қазмағамбетов, Е. О. Омар, Т. Сабыров, А. К. Игибаева және т. б. ғалымдардың ғылыми зерттеулеріне жасалған талдауда Ә. І. Сембаевтың педагогикалық мұрасына ішінара талдау жасалып оның қоғамдық қызметі мен жеке тұлғалық өмірбаянына сипаттамалар берілген.
Сонымен, аталған ғалымдардың зерттеулеріне жасалған талдау, бізге Ә. І. Сембаевтың білім беру тарихын жүйелеудегі ұйымдастырушылық қызметтеріне бүгінгі күнге дейін арнайы зерттеу нысанасына алынып, зерттелмегендігіне көз жеткізді.
Алайда, Қазақстанның оқу-ағарту ісі мен ғылымының қалыптасуына және білім беру мекемелерінің даму тарихына ерекше мән беріп ғылыми тұрғыдан зерттеген қоғам, мемлекет қайраткері болған Ә. І. Сембаевтың білім беру тарихын жүйелеуі, ұйымдастырушылық қызметтерінің тарихи-педагогикалық әдебиеттерде және қазіргі заман талабына сай педагогикалық теория мен практикасында жеткілікті түрде зерттелмеуінің арасында; педагогикалық мұрасын білім беру жүйесінің оқу-тәрбие үрдісіне ендіруге арналған арнайы нұсқаулардың жоқтығының арасында қарама-қайшылық бар екендігі анық байқалады. Осы қайшылықтарды шешу бізге зерттеу проблемасын анықтап, тақырыпты « Ә. І. Сембаевтың білім беру тарихын жүйелеуі . » деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты - Ә. І. Сембаевтың Қазақстандағы білім беру тарихын жүйелеудегі еңбектеріне тарихи-педагогикалық және теориялық талдау жасау және оларды қазіргі білім беру жүйесіне енгізу.
Зерттеудің міндеттері:
1. Ә. І. Сембаевтың тұлғалық қалыптасуындағы саяси және экономикалық жағдайлар.
2. Ә. І. Сембаевтың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
3. Ә. І. Сембаевтың Қазақстандағы мектептердің білім беру тарихын ұйымдастырудағы оқу-тәрбие үдерісін жүйелеу.
Зерттеудің нысанасы - Ә. І. Сембаевтың білім беру тарихындағы педагогикалық-ұйымдастырушылық қызметі.
Зерттеудің пәні - Ә. І. Сембаевтың Қазақстандағы мектептерде білім беру тарихын жүйелеуі.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері болып, адамзат қоғамындағы рухани мәдениеттің тарихи, ғылыми, шынайылық ұстанымдары және білім беруді дамытудағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық, қоғамдағы әртүрлі факторлардың өзара байласындағы иедяларын өзара тірек ететін философиялық тұжырымдама саналады. Қазақстандағы оқу-ағарту мен кеңестік дәуір мектептеріндегі білім мен тәрбиені және ғылыми-педагогикалық зерттеулерді дамытудағы проблемаларға мәдениетті дамытушылық көзқарастар тұрғысынан келу өте тиімді болып саналады. Себебі, Қазақстандағы халыққа білім беру ісі мен мектептердің даму тарихы және ғылыми-педагогикалық зерттеулер бірқатар мәдениеттің, саяси-қоғамдық жағдайлардың тоғысында көрініс алды: ол қазақ халқының Ресейге қосылуы мен Ұлы Отан соғысы жылдарында да өзіне тән ерекшелігін сақтап қалуға талпынды және алыс-жақын шетелдердің педагог кадрларының қызметі мен оқу-ағартудағы жетістіктерін де негізге алды.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасы үкіметінің нұсқаулары мен нормативті құжаттары, Қазақстандағы оқу-ағарту мәселесі бойынша материалдар жинақтары мен құжаттары, ҚР-ның мұрағат материалдары мен құжаттары (ҚР ОММ), мерзімді баспасөз материалдары, тарихи-педагогикалық және жалпыпедагогикалық әдебиеттер, сонымен қатар Кеңестік дәуірдегі Қазақстандағы білім беру жүйесінің дамуын сипаттайтын, педагогикалық ойлардың дамуына арналған зерттеу жұмыстары.
Зерттеу әдістері: Қазақстандағы халық ағарту комитетінің құжаттарын және тарихи деректерді салыстырмалы талдау, тарихи-пеадгогикалық, жалпыпедагогикалық әдебиеттерді, мұрағат материалдарын теориялық талдау, Ә. І. Сембаевтың білім беру тарихын жүйелеудегі қызметтеріне талдау жасап олардың өзіндік ерекшеліктерін айқындау.
Дипломдық жұмыс құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты: нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, әдіснамалық және теориялық негіздері, зерттеу көздері, әдістері, негізгі кезеңдері, қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар, ғылыми жаңалығы мен теориялық және практикалық мәні, нәтижелердің дәлелділігі мен негізділігі ашып көрсетілді.
«Ә. І. Сембаевтың ұйымдастырушылық-педагогикалық қызметінің дамуының қоғамдық-тарихи алғышарттары» атты бірінші бөлімде Ә. І. Сембаевтың тұлғалық қалыптасуына әсер еткен қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мазмұндалып, мемлекет және қоғам қайраткері ретінде қалыптасуының нгеізгі кезеңдері айқындалады.
«Ә. І. Сембаевттың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбие жұмыстарын жүйелеуі» Ә. І. Сембаевтың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, балалар үйінің жұмысын басқарудағы педагогикалық-ұйымдастырушылық қызметіне мазмұндық сипаттама беріледі.
Қорытындыда зерттеудің негізгі нәтижелері талданып, тұжырымдалады және оларды пайдалануға байланысты ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.
I-бөлім. Ә. І. СЕМБАЕВТЫҢ білім беру тарихын жүйелеудегі ҚОҒАМДЫҚ-ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРы
1. 1 Ә. І. Сембаевтың тұлғалық қалыптасуындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар
Тарихтың шұғыл бұрылыстарында, саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылым мен қарым-қатынас түбегейлі өзгеріске ұшырағанда, қоғам бұрынғы идеологиялық көзқарастар жүйесінен бас тартады, оны ауыстырады. Бүгінде бұл - барлық посткеңестік мемлекеттерге, соның ішінде Қазақстанға да тән құбылыс. Педагогикалық ғылымдарда бұл базалық компонентті марксистік философияға негізделген әдіснамадан бас тартудан көрініп отыр. Біздің тарихымыздың кеңестік кезеңінде әлеуметтік-формациялық (әлеуметтік таптық) әдісті абсолютке айналдырып, тарихи-мәдени әдістің рөлін кемітіп, көптеген марксистік философиялық және әдіснамалық доктриналарды абсолюттендіріп және догмаға айналдырып, ал мұның өзі тарихи және басқа ғылыми зерттеулердің нәтижелерін бұрмалап, жалғандыққа ұрындырғаны баршамызға мәлім [2] .
Тәуелсіз мемлекетіміздің әлеуметтік-эканомикалық жүйесі түбегейлі өзгерістерге ұшырап, біраз үрдісті даму жолына түсіп жатқан шағында рухани өмірімізде күні өткен Кеңес үкіметі тұсындағы білім мен ғылымның дамуына сыңаржақты теріс пікірлер айтылып жатқаны белгілі. Алайда, бүгінгі мемлекет білім мен ғылым тұтқасын ұстап отырған азаматтарымыз, сол кеңестік дәуірде білім алып бүгінгі мемлекет қайраткерлері деңгейіне көтеріліп отырғанын ұмытқандай. Алдағы уақытта олардың орнын батыстан білім алып келген жастарымыз алмастыратынын ескерсек, кеңес дәуірдегі ғұлама ғалымдар мен қоғакм қайраткері болған, бүгінгі күннің кірпішін қалаған тұлғаларымыз ұмыт болама деген күдік ой туады. Алайда, қоғамдық өміріміздің қай саласы болмасын, ұрпақтар сабақтастығына жүгінетіні белгілі. Олай болса, неге біз ғасырға жуық тарихымыздағы елдің елдігін паш еткен есімдерді естен шығармауымыз керек. Осындай адамдар қатарына қазіргі қауырт заманның қалтарыстарында ұмытыла бастаған кешегі байсалды басшы, үлкен ғалым, кеңес дәуіріндегі оқу-ағарту саласы ұйымдастырушыларының бірі болған Әбдіхамит Ібнияұлы Сембаевты жатқызуымызға болады. Сөзіміз дәлелді болуы үшін педагогика ғылымдарының докторы, профессор марқұм Г. М. Храпченковтың мына сөздерін келтіргенді жөн көрдік: «Однако, к сожалению педагогическое наследие члена-корреспондента АПН ССР, замечательного сына казахского народа А. И. Сембаева остается невостребованным, почти неизученным».
1905 жылы қаңтар айында бұрынғы Жезқазған облысының Шет ауданына қарасты Қарабұлақ селосында дүниеге келген Әбдіхамит Ібнияұлы Сембаев-Қазақстанда педагогика ғылымын дамытуға зор үлес қосқан, қазақ орта мектебінің қалыптасып өркендеуіне айрықша ықпал еткен тарихи тұлға. Ол еңбекқор ағартушы, көрнекті ғалым, шебер ұйымдастырушы. Оның еңбек жолының ерекшелігі: ауыл мұғалімінен оқу министіріне дейін өсуінде, партия, кеңес жүйесіндегі лауазымдарға қызықпай, тек білім саласында айрықша ынта жігермен жемісті қызмет етуінде.
Тарихи-педагогикалық құбылыс ретінде адамдардың тағдырына айтарлықтай әсерін тигізген тарихи оқиғалар, белгілі бір әлеуметтік-саяси себептермен бір кездері, бір аймақта жекелеген халықтардың басынан өткен үдерістер мүлде айтылмады. Осыған байланысты, зерттеуіміздің міндеттеріне сәйкес, бізге педагогикалық зерттеулерде қалыптасқан дәстүрлі стереотиптерден ауытқуға тура келді, мұнда әлеуметтік-экономикалық және басқа алғышарттар қорытындыланды нақты бір тұлғаға қатысты мәселелерді қамтымады.
Мысалы, Ә. І. Сембаевтың архивтік материалдарында оның 1923-1927 жылдардағы өмір деректері мен гениологиялық мағлұматтары сақталмаған. Бұл сірә, А. Сембаев қызметінің көп бөлігі репрессия кезеңі мен тоталитарлық ахуал жағдайында өткендігінен болса керек.
Қазақстандық ғалым Г. М. Храпченков: «Педагогика тарихының әдіснамасы тұтас тарихи-педагогикалық үдерістің компоненттік құрамы мен құрылымының сипаттамасын объективті ғылыми-тарихи тұрғыдан зерттеуді талап етеді, тек сонда ғана «педагогиканың тарихы» өзінің: а) теориялық-танымдық; б) әлеуметтік және аксиологиялық; в) дәлелдемелік және критерийлік; г) эвристикалық және болжамдық; д) тәрбиелік міндетін атқара алады. Сөйтіп, педагогика тарихы мен қазіргі заман бірлігі тұтас тарихи- педагогикалық үдерісте, оның уақыттық компоненттерін құрастыратын ішкі бірлікпен анықталады: өткен тарихи-педагогикалық - қазіргі заманғы - педагогикалық болашақ, бұлардың ешқайсысы да бір-бірінен бөлек жемісті зерттеле алмайды», - дейді. [3]
Олай болса, Ә. І. Сембаевтың қалыптасуына ықпалын тигізген саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалдағы әрбір тарихи-педагогикалық құбылысты жеке дара қарастыру қажеттігі шығады. Мұрағат мағлұматтарының көптеген материалдарына, күнделікті баспа сөзге, жақын туыстарының естеліктеріне сүйеніп, Ә. І. Сембаев тұлғасының қалыптасуына әсер еткен тарихи алғышарттарды былайша бөліп қарастыруға болады:болады:
- Ұлы Қазан төңкерісіне дейінгі қоғамның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайлары;
- Ұлы Қазан төңкерісінен кейінгі және бейбіт құрылыс кезеңіндегіқоғамның саяси әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайлар.
Біздің көзқарасымыз бойынша, бірінші тарихи алғышарт- Ә. І. Сембаевтың балалық-жастық шағындағы жағымды әлеуметтік-мәдени ахуалмен байланысты. Ал, екінші тарихи алғышарт - Ә. І. Сембаевтың елдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық оқиғаларға белсене араласа бастаған, толыса бастаған шағымен айрықшаланады. 40-шы жылдардан кейінгі мемлекет өміріндегі саяси-әлеуметтік-экономикалық ахуалды біз, Ә. І. Сембаев тұлғасының қалыптасуына ықпал еткен кезең ретінде өз зерттеуімізге енгізген жоқпыз. Себебі бұл кезеңде ол өзі осы ахуалды қалыптастыруға белсене қатысушы тұлғаға айналған еді.
Осылайша кеңістік уақытты бөліп қарастыру, оның ұқсастығы мен зерттелуі, біздің көзқарасымыз бойынша, Ә. І. Сембаев тұлғасының қалыптасуына қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайлары шынайы және құнды ғылыми мағлұматтар береді.
Мәселен, 1905-1922 жылдардағы қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық ерекшелігі мынада: ХХ ғасырдың басындағы ахуал ішкі Ресейдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге тікелей тәуелді еді. Ресейде аграрлық мәселенің шешілмеуі кішіресейлік және орта қара топырақты губерниялардан жүз мыңдаған қара шаруаларды жер ауғандардың ащы тағдырына душар қылды. Шығыста кең байтақ отар елдің бары жақсы болды. Патша өкіметі осылайша бірден екі мәселені шешті: өз елінде ушыға бастаған ахуалды бәсеңдетті, ал түкпір Азияны жаңа отарлаушыларға толтырды. Ресейдегі шаруашылықты жүргізу де, сонымен қатар, этникалық мәселелер де, тез арада шешіліп жатты.
1910 жылға қарай далалық аймақтардағы қазақтардың үлес салмағы 70% дейін төмендейді. Кей аймақтарда (Ақмола облысында) бұл сан 52%-ға дейін құлдырады. Қазақстанда өзге ұлт адамдары күрт көбейді - орыстардың саны 25%-ға, татарлар - 1, 5%-ға, эстондықтар мен латыштар - 0, 2%-ға, поляктар -0, 16%-ға, еврейлер - 0, 09%-ға, қалмақтар - 0, 04%-ға өсті. [4]
Ресейден ағылған көш Қазақстанның ұлттық құрамын ғана өзгертіп қоймай, жергілікті этносқа қатысты ауыр демографиялық салдарларға әкеп соқтырды.
Біріншіден, өкімет көптеген қазақ ауылдарын шаруашылыққа қолайлы жерлерін босқындарға босатып беруге мәжбүр етті. Жерсіз қалған оны не жаңа қожайындарынан жалға алуға тиіс болды, не оңтүстікке қарай шөл, шөлейт аймақтарға көшуге тура келді. Екіншіден, қазақтардың күн көрісі нашарлап, әр түрлі эпидемиологиялық ауруларға ұшырады, өлім көбейді. Жалпы XX ғасыр басындагы этникалық үдеріс қауіпті болды, өкіметтің әрекеті көбіне арандатуға кұрылды. Әлеуметтік қарым-қатнас көбіне этникалық атрибуттармен бүркемеленді. Шовинизм стихиялық ұлтшылдықты қоздырды.
Сонымен қатар, капитализмнің кең дамуы және халық ағарту саласындағы реформалар қазақ қоғамында мүлде жаңа құндылықтар тудырды. Дәстүрлі саяси институттары болмауы салдарынан бөлшектенген рулар мен тайпалардың стихиялық тобына айналған, көшпелі дағдарысынан жұтауға айналған тауарлы-ақша қатынасы мен ағарту ісінің кеңеюі барысында жаңа ұлт қалыптасады. Бұл үдерістің белгісі деп зиялылар мен сауда буржуазиясының пайда болуын айтуға болады. Көп реттерде XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларыны бұрынғы ақсүйек отбасыларынан шыққан. Бұл жерде тек ұрпақ жалғастығы ғана емес, сонымен бірге адалдық, халық тағдырына жауаптылық, ой-арманының тазалығы сияқты оларға тән бірқатар қасиеттер болды. Зиялы қауымның көзқарасы әсіресе тұңғыш газет-журналдар: «Қазақ» «Айқап» беттерінде айқын бейнеленді. Онда орыс-қазақ мектептерінің мұғалімдері, сол сияқты Петербург, Мәскеу, Қазан Жоғары оқу орындарын бітірген алғашқы қазақ зиялыларының ой-пікілерін білдірді. И. Букин көшпенді халық балаларының дене және ақыл-ой тәрбиелері жөнінде бірқатар мақалалар жазды. О. Альджанов «Қырғыз балаларының тәрбиесі туралы» мақаласында: «тәрбиенің жан-жақты, физикалық және ақыл-ой дамуын қамтитын, тәрбие мақсаты-адамды үйлесімді дамыту, жетілдіруге үнемі ұмтылыс болуға тиіс», екенін айтты. [5]
Төңкеріс алды жылдарында аймақтың педагогикалық ой-пікірлерін дамытуға ұзақ жылдар бойы Қазақстанда тұрған орыс ғалымдары айтарлықтай үлес қосты. Олар: А. В. Васильев, Н. А. Зеланд, М. И. Ронгинский, В. А. Обручев, Н. Иванов және т. б.
Бірінші кезең, біз атаған саяси, әлеуметтік-экономикалық ахуал, Ә. І. Сембаевтың балалық-жастық кезеңі үшін (1923 жылға дейін) неғұрлым жайлы, жағымды болды деп санаймыз, яғни оның белгілі бір әлеуметтік ортада қалыптасуын мемлекеттік аспектідегі, кең масштабы саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдай тек қосымша, жанама түрде ғана ықпалын тигізді. Себебі бұл дәуірде ол өзін қоршаған элиталық, этномәдени жүйенің ықпалында болды: атақты ру, ақсүйек отбасы, ауылдастарының әлеуметтік-мәдени ықпалы зор болды.
Көне заман философтарының жалпыға мәлім даналық сөзі «кімде-кім өзі өмір сүріп жатқан әлемді танығысы келсе, ол, ең алдымен, өзінің қарым-қатынас жасайтын ортасын айқындап алуға тиіс» деген еді. Бұл туралы М. Бахтин былай дейді: «Адам табиғатының өзі (сыртқы да, ішкі де) - терең қарым-қатынас. Тірі болғаның демек, қарым-қатынасқа түскенің», «Қарым-қатынас» ұғымынан шығарып айтар болсақ, Ә. І. Сембаевтың тұлға ретінде қалыптасуының балалық-бозбалалық кезеңі XX ғасыр басындағы қолайлы әлеуметтік-мәдени жағдайда өтті деп есептеуге болады.
«Мәдениет дегеніміз - әлеуметтік тұрмыстың туы, ол - материалдық өндірістің нәтижесі ғана емес, сонымен бірге адам рухының жемісі де» [6]
Бұл дәуір қазақтарының мәдениеті ұлттық дәстүрді, салт-сананы және өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудің дәстүрін барынша сақтап, дамытқан күйінше қалды, осындай қатал әлеуметтік-тұрмыстың жағдайда адамның физикалық, адамгершілік, ұлтжандылық, елжандылық қалыптасуы мен дамуы жүріп жатты. Мұны мынадай әлеуметтік-тұрмыстық ахуалдан көруімізге болады:
Қазақ халқының басым бөлігі киіз үйлерде тіршілік етті. Үйшілер анық сұлулығымен, сол сияқты барлық бөлшектерінің үйлесімді байлығымен ерекшеленетін киіз үйдің тамаша үлгілерін жасады: Көп ретте оларды әр түрлі этнографиялық көрмелерге жіберетін (Петербург, Москва, Париж) .
Әр түрлі көшіп-қону, әскери жорықтар, шаруашылық қажеттіліктерге киіз үйдің неғұрлым қарапайым түрлері:қос, жалым үй, абылайша және т. б. пайдаланылды. Орыс үкіметі киіз үйді көп мөлшерде әскер қажеттілігіне жаратты. (Әсіресе бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде) . «Қыстау» - қазақтардың қысқы баспанасы. Бұл сол аймақтың климаты мен табиғи-тарихи жағдайына, сол сияқты иесінің экономикалық күиіне қарай салынған әр түрлі қора-қопсы құрылыстары. Таулы аудандарда тас пен ағаштан, далалы жерлерде шым мен тастан, солтүстікте қам кесектен салынады. Терезелер төбеден шығарылды немесе есікке қарсы дуалдан жасалды, есік аулаға қаратылды. Қыстау, әдетте, екі бөлмеден тұрады (қоржын үй) . Тұрғын үйге жапсарлас шаруашылық бөлмелері салынды. «Қыстау» ұғымына жазда мал жайылатын өріс те кіреді.
Қазақтардың киім киісінде қоғам өміріндегі өзгерістердің әсері байқалады, татар мәдениетінің ықпалы күшті. Егер ғасыр басында жібек, барқыт, атлас, әсіресе дүрия (жартылай жібек) материалынан тігілген ортаазиялық өндірісті артық санаса, ғасыр соңында орыстардың фабрикадан шығарылған маталары көбірек енеді. Қазақтардың ескілікті киім формасы-саптама (ұзын қонышты етік), сәукеле (келіншектің бас киімі), айыр қалпақ (еркектердің шошақ бас киімі) - біртіндеп қолданудан шыға бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz