Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану жолдары


Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі . Қазақстанда мемлекет тәуелсіздігін нық ұстап тұру мақсатымен жүргізіліп жатқан шараларға қатысты ұлттық мәдениеттің қайта өркендеуіне кеңінен жол ашылды. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келеді. Өзінің тарихи мәдени тамырларына қайта оралу - бұл, әрине оң процесс . . . Қазақстанда ұлттық тілді, мәдениетті, экономиканы . . . дамытуға барынша қолдау жасап отыр», - деген сөзі осының айғағы [1] .
Ал Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында
« . . . азаматтықпен ел жандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, . . . әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу . . . », - деп айрықша атап көрсетілсе, бұл мәселені Президентіміз халыққа жолдауында «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап түлете береміз» - деп бекіте түседі [2] .
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім министрлігі «Қазақ мектептері мен мектепке дейінгі балалар мекемелеріңде имандылық-эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасын», «ҚР үзіліссіз тәрбие тұжырымдамасын», «Қазақстан Республикасының мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамасын» т. б. ұлттық тәрбие мазмұнын жандандыруға бағытталған ұсыныстарды республика мектептерінде оқу-тәрбие жұмыстарын қайта құруда басшылыққа алатын құжат етіп ұсынды. Бұл педагогикалық шаралар, егемен Қазақстан мектебінің жаңа үлгісін жасауға ықпал етті.
Ұлттық мектептің үлгісін жасаудағы қажеттіліктердің бірі - қазақтың дәстүрлі рухани мәдениегднің тәрбиелік мүмкіндіктерін жас ұрпақтың тілін дамыту барысында тиімді пайдалану. Халықтың бай тарихын, мәдени құбылыстарының сан-қилы ерекшеліктерін білмей, бүгінгі тәрбие жүйесін қалыптастыру мүмкін емес [3] .
Бұл туралы Қазақстан Республикасының әлеуметтік мәдени дамуының тұжырымдамасында «Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік мәдени дамуы - ең алдымен адамзат қазыналарына баса назар аудару, прогресшіл халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының толымды түлеуі, гуманитарлық ғылымдарда, өнерге, халықтардың рухани байлықтарына қайта оралу, мәдениеттің қазыналары мен дербестігін мойындау» - деп көрсетілген.
Бүгінгі таңда, едіміздің өткен дәуірлердегі салт - дәстүрлерін рухани-эстетакалық білу, оның бар мүмкіндіктерін жас ұрпақ тәрбиесінде пайдалану мәселелеріне байланысты «Этномәдениет тәрбиесі тұжырымдамасы», «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда. Олар, ұлттық мәдениетіміздің асыл арналары саналатын халықтық рухани қазыналарын, материалдық мәдениеті құндылықтарын, мектеп жасынан бастап әр азаматтың шығармашылықпен игеруіне мүмкіндік жасайтын мемлекеттік әрі педагогикалық міндеттерді қамтиды. Бастауыш мектеп оқушыларының өнер моральдық және мәдениеттілік шарттарында жатыр. Қоғамымызға адал, арлы адамдар қажет.
Қазіргі тандагы еліміздегі түбегейлі өзгерістер, яғни нарықты қатынастардың туындауына байланысты республикамыздың экономикалық, материалдық күйзелістерге ұшырауы - жас өспірімдерінің тәрбиесінің қалыптасуына ғана емес, сонымен бірге оның психикасының өзгеруіне де әсерін тигізуде. Сондықтан болашақ ұрпағымызды заманның талабы мен сүранысына қарай шынайы ұлттық тұлға болып қалыптасу процесінде қазақ тәлім-тәрбиесі мен ұлттық әдет - ғұрыптарының асыл мұрасын пайдалана білу бүгінгі тәрбие мәселесінде маңызды орын алады.
Қазақ халқының көне дәуірден бері сақталып келе жатқан салт-дәстүрлері жас баласын тәрбиелеуде, оның адамгершілік мінез - құлқын қалыптастыруда үлкен мәнге ие.
«Білім туралы» заңда білім беру жүйесінің міндеть- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру үшін қажетті жағдайлардың ең бастысы жалпы білім беретін қазақ ұлттық мектебін жасау. Қазір елімізде орын алып отырған имунопсихологиялық проблемаларды: Ана тілін, Ата тарихын, Төл мәдениетін, Ұлттық салт-дәстүрлерін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлерінде көздерінен қанды жастар ағып, жылап отырған әжелер мен аталар, ішкілік пен нашақорлыққа салынған жастар, қылмыстың қаулауы, сыбайлас жемқорлық, жұмыссыздық, жезөкшелік, қазақ мектептерінің жабылуы, мектептегі оқу-тәрбие жұмысының нашарлауы. Осы проблемаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы, мектептерде бастауыш сыныптардан бастап ұлттық тәрбиені негізге алып, ата-бабаларымыздың игі дәстүрлерін сақтай отырып, азаматық пен елжандылыққа, білімді, ақылды, иманжүзді, еңбекқор, ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеу бүгінгі құннің кезек күттірмейтін мәселесі [4] .
Егер шетел педагогикасының тарихында ұлттық тәрбиенің ғылыми негізін қалағандар белгілі ағартушы - педагогтар Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, Ф. А. Дистерверг, К. Д. Ушинский, В. Я. Стоюнин, П. Ф. Каптерев, С. И. Гессен, А. П. Ярош болса, ал шығыс педагогикасының тарихында ұлттық мектеп, ұлттық тәрбие туралы алғаш пікір айтқандар қазақтың ағартушы педагогтары А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Х. Досмұхамедов т. б. болған [5] .
Рухани мәдениетіміздің тарихына арналған және қазақ халқының педагогика тарихына байланысты жазылған ғылыми-зерттеу еңбектерде балаларға білім беру, тәрбие мәселесі оқу орындарының деңгейінде сөз болған Т. Т. Тәжібаев, А. С. Сыдықов, А. И. Сембаев, Г. М. Храпченков, т. б. жұмыстары бар. Бұл еңбектерде қазақ балаларының адамгершілік тәрбие беру мәселесі айтылған. Сонымен қатар Республикамызда білім беру, тәрбиелеу жөнінде К. Қ. Құнантаева, Ш. Беркімбаеваның еңбектері мен мақалалары, Ж, Т. Сарыбекованың, А. Е. Дайрабаеваның, Л. С. Сырымбетованың, А. Қ. Қасымованың, Б. Қ. Өтешованың еңбектері, ал қазақтың халық тәрбиесі мен дәстүріне бағышталған, елдік тәлімі еңбектері, ал қазақтың халық тәрбиесі мен дәстүріне бағышталған, елдік тәлімі туралы А. Х. Мұсамбаева, Қ. Б. Жарықбаевтың, баланың жан-жақты үйлесімді дамуын қамтамасыз ету үшін халықтық педагогика әлементтерін нысаналы пайдалануда Б. А. Тойлыбаевтың ғылыми-педагогикалық жұмыстары қазақ педагогика тарихында ерекше орны бар еңбектер [6] .
Қазақ халық педагогикасындағы тәрбие дәстүрлері, оның даму тарихы, эстетикалық мәні жөнінде С. А. Ұзақбаева, А. А. Қалыбекованың, С. Қалиевтің болашақ мұғалімдерді ұлттық тәрбие беруге дайындауда Қ. Бөлеевтің, халық педагогикасын оқу-тәрбие ісіне өндіруде Т. Қоңыратбаеваның, қазақ халқының салт-дәстүрлерін оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануда Л. А. Бөлееваның еңбектерін атап өтуге болады [7] .
Ал қазақ этнопедагогикасының тарихы бойынша К. Б. Жарықбаев, А. Көбесов, К. Кұнантаева, А. Ильясова, І. Халитова, А. С. Сыдықов, М. Тәнекеев, С. А. Ұзақбаева, К. Камалива, Е. Садуақасов, У. С. Иманкулов, К. Шаймерденова, М. Б. Көккөзова, Т. Әлсатов, Ш. Жалғасова, К. Ж. Ибраева, Б. М. Досқараев т. б. ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қазақ этнопедагогикасының дамуына ерекше үлестерін қосты.
Сонымен қатар шетелдерде этнопедагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін Г. Н. Волков (Шувашия), Ю. А. Рудь (Ресей), Я. Ф. Хинтибидзе (Грузия), А. Ш. Гашимов - (Әзірбайжан), С. М. Саипбаев (Қырғызстан), Г. С. Попова (Якутия), А. Б. Григорян (Хантыманен) т. б. өз зерттеулерінде жасаған [8] .
Педагогика, этнопедагогика салаларында жарық көргeн ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерге жасалған талдаудан біздің зерттеу мәселемізге сипаттас жұмыстардың өте аз екенін байқадық. Сонымен бүгінгі таңда мынандай мәселелердің шешімін табу қасиеттігі байқалады:
- бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын ана тілі сабақтарында толық іске асырылмауы арасындағы;
- оқушылардың тілін дамытуда әдет - ғұрып, салт - дәстүрлерге баулу қажеттігі мен оның практика жүзінде қолданбауы арасындағы.
Бұл қиыншылықтардың шешімін табу біздің зерттеу тақырыбымызды: «Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану» - деп алуымызға мүмкіндік береді.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын ана тілін оның үдерісінде пайдалану жолдарын теориялық, әдістемелік турғыда негізден практикада қарастыру.
Зерттеу нысанасы : Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын ана тілі пәнін оқыту үдерісінде пайдалану.
Зерттеу пәні : Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану.
Зерттеудің ғылыми болжамы : Егер бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдары ана тілі пәнін оқыту үдерісінде пайдалану дан танылса онда халықтың дәстүрмен сусындаған, әдет-ғурып, салт-дәстүрлердің негізі, қаланады; себебі бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика мастериалдарын пайдалануда теориалық білімдерін негізін қалайды.
Оқушылардың тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын қолдануға болады, егер:
- этнопедагогика материалдарын пайдаланудың педагогикалық, әдістемелік негізі анықталса:
- оқушылардың тілін дамытуда халық тағылымдарын мақсатты түрде пайдаланылса, онда этнопедагогика материалдарын саналы меңгерін, ана тілі пәні арқылы тілін дамытуға ықпал етеді.
Зерттеудің міндеттері:
-этнопедагогика материалдары арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың теориалық, әдістемелік жасау;
-этнопедагогика материалдары арқылы оқушылардың тілін дамыту мүмкіндіктері айықтау;
-ана тілі пәнін оқыту үдерісінде этнопедагогика материалдарын қолданып, олардың натижелерін тексеру;
Зерттеудің жетекші идеясы : Бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының біліммен тәрбие саласындағы заңдары мен тұжырымдамалары; Қазақсытан Республикасының этникалық -мәдени білім тұжырымдамасы, «Эномәдениет тәрбие»тужырымдамасы; «Мәдени мура» бағдарламасы; рухани мәдениет қундылықтары туралы психология, педагогика саласындағы ғылыми еңбектер.
Зерттеу әдістері : зерттеу мәселесі бойынша филасофиялық психалогилық тарихы- талдау жасау, озат педагогикалық тәжірибелермен танысу, бақылау, тест, оқушылардың шығармашылық еңбектерін талдау.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
1. Кезеңде (2007-2008жылдары) зерттеу проблемасы бойынша филасофиялық, мәдениеттану әдебиеттеріне талдау жасалды. Ғылыми аппарат қурылды.
2. Кезеңде (2008-2009жылдар) -қажетті материалдар жинау жалғастырылды; арқылы оқушылардың тілін дамыту мәселесі бойынша педагогикалық озық тәжрибелер мен идеялар қарастырылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
-жумыстың негізгі түсініктері «этнопедагогика», «халық педагогикасы», «тілін дамыту» уғымдарының мән мағынасы анықталып, этнопедагогика материалдарының түрлері, жолдары белгіленді;
-ана тілі пәні арқылы этнопедагогика материалдары қолдануға мүмкіндік беретін тақырыптар талқыланып, сабақ өтуің, түрлері, әдіс-тәсілдері қарастырылды:
- этнопедагогика материалдарын ана тілін оқыту үрдісінде қолданып нәтижесі сабақ үстінде пайдалану көзделді.
Зерттеу базасы : Түркістан қаласы М. Жұмабаев атындағы орта мектебінің бастауыш сыныптарында.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі.
- Этнопедагогика материалдарының өзіндік ерекшеліктеріне мазмұндық сипаттама беріліп, білімдің мүмкіндіктері айқындалды.
- Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогикалық материалдары теориялық әдістемелік тұрғыдан қарастырылып, оның педагогикалық дайындық жүйесіндегі маңызы айқындалды:
Зерттеудің практикалық мәні:
- Бастауыш сыныптағы этнопедагогика материладар бойынша білімдер мазмұны айқындалды:
- Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда ана тілі пәнінің маңызы нақтыланды этнопедагогика материалдары бастауыш сыныпта пайдалануға болады.
Қорғауға мына қағидалар ұсынылады :
- Этнопедагогика материалдары арқылы теориялық әдістемелік білім беру жолдары:
- Оқушылардың тілін дамытуда халық тағылымдарын пайдалану:
- Ертегі, жұмбақ, әңгіме, жаңылтпаш, санамақтардың сабақта пайдаланудың әдістемесі:
Диссертацияның құрылымы : Диссертация кіріспеден екі тараудан қорытылулар мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің кезектеліп, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері болжамы, әдіснамалық негіздері, әдістері және ғылыми аппараты сипатталады.
1. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудағы этнопедагогика материалдарын пайдаланудың теориялық негіздері.
1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудағы этнопедагогика
материалдарының педагогикалық - психологиялық мәселелері.
Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдында тұрған зор міидеттердің бірі - болашақ ұрпағын тәрбиелеу. Жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуді ор халықтың салт-дәстүрі мен дамуындағы бағалы байлықтын бірін - біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол төжірибесі, жиған-тергені, өзық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері бар. Осындай мол мұраның «дәнегін мәпелеп екпейінше» жастарды игілік пен парасаттылыққа тәрбиелеу мүмкіи емес.
Халықтың жазбаша жазылмаған, бірақ ұрпақ ссіпдс моціілікке сацталып, бір ұрпақтан бір ұрпаққа ауызша жалғасып келген нақыл-өсиет, өнеге қағида болып таралып келген тәлім-тәрбие тағылымынын бей мұрасы бар, ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтың педагогика отбасылық тәрбиеден басталып, ел - жұрт, ауыл-аймақ, тіпті бүкіл халықтық қарым - қатынастан берік орын алған тәлім-тәрбиенің түрі. Еңдеше халық педагогикасы қоғам дамуының барлық сатыларынап өтіп, тәжірибеде жүйеленіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткеншс ұрпақ тәрбиенің қайнар көзі, алтын діңгегі болып келгені даусыз. Міне, сол себептен де халық, педагоғикасы мен ғылыми педагогиканың өзара сабақтастығы және ұстанымдық - идеялық үндестігі туындайды. Бүгінгі ғылыми педагогика халық педагогикасынан бастау алып, оны ғылыми теориялар тұрғысынан жан-жақты зерттеп, өз керегіне пайдалануда.
Әр халықтын, қалыптасу, даму тарихында сол халықтың зиялы қауымы шешуші рөл атқарса, ал бүкіл бір мемлекеттің дамуыида эгпостардың өзара байланысының мәні зор. Әр этностың өзіне тән материалдиқ мәдени байлықтары және олардың өзіндік ерекшеліктері бар.
Археологтар тапқаи мәдени қазба ескерткіштер көмегімен этностар мәдениетінің гүлденуіне немесе құлдырауын анық аңғаруға болады.
Этнологиялық, этнографиялық. тұрғыда қарастырылған зерттеулерге сүйене отырып, этностар мәдениеті жөнінде бүгінгі ұрпаққа тәлім-тәрбие беруге болады. Сондай зертгеу қорытыидылары арқылы әр ұлттың мәдениетіндегі, салт-дәстүріндегі ерекшеліктерді айқыи байқау қиын емес.
Ал ұлт мәдениеті арқылы келер ұрпақты жан-жақты дамыту мен тәрбиелеу ісі этнопедагогика ғылымының негізгі мақсаты.
Халықтық педагогика-тәлім-тәрбиелік ой-пікірдің ілкі бастауы, халықтық рухани мұрасы.
Этнопедагогика - халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғалым саласы.
Г. Волков, К. Қожахметовалардың басқаруымен жарық көрген «Қазақстан халқының этнопедагогикасы» авторлар ұжымы еңбегінде «Біз этнопедагогиканы педагогикалық ғылымдардың құрамдас бөлігі ретінде қарастырамыз. Ол этнография, этнофилософия, этносалық мәдениет және этнопсихология гылымдарының тоғысында қалыптасқан педагогика ғылымының бір саласы. Этнопедагогиканың зерттеу пәні отбасы өмірінде және білім беру мекемелеріндегі үздіксіз іске асатын этникалық, тәрбие жүйесі болып табылады» деп көрсетеді.
Сонымен қатар ғалымдар «этникалық» деген ұғымды айтқанда оқыту мен тәрбие саласындағы этникалық сананы, ұлттың психикалық ерекшелігін, мәдениеті, тілі мен дәстүріндегі өзіндік өзгешеліктерді есепке алу деп түсіңдіреді. Демек, қазақ этнопедагогикасы ғылым саласында қазақ этносының тарихи даму сатысында оның наным-сенім, мәдениет, тілі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі әсерінен қалыптасқан, қазақтың этникалық тәрбие ерекшеліктерін зерттеу деп түсінуіміз керек екен. Осындай байланыс тұрғысында білім беру үрдісі күрделі тарихи және этнопедагогикалық құбылыс ретінде қарастырьшады. Ол тарихи, әлеуметтік, пмихологиялық, этномәдениеттік құбылыстар бірлігі, оқушы тұлғасының қалі, ппасуын өз этнос және өзіндік ұлтгық ерекшеліктері негізінде әлемді қабылдауы болып табылады.
Ең басшысы, халық педагогикасы ғылыми педагогиканың ережелері мен зандылықтарының қалыптасуына бастау бұлақ болтан. Демек, қай ғылымның болсын, логикалық құрылымымен бірге тұрақты ғылыми терминдері болатыны сияқты этнопедагогиканың да белгілі терминдері бар.
Олар - шәкірт, ұстаз, оқыту, тәрбие беру, өзін-өзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу, үлгі-өнеге көрсету, ақыл-өсиет айту, әдеттендіру, жаттықтыру және т. б. Ал тәрбие түрлерше мыналар кіреді: дене, еңбек, экономикалық, ақыл-ой, әсемдік, экологиялық, адамгершілік, ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұл және қыз тәрбиесі.
Профессор С. Қалиев қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда зерттеп анықтауда П. Плеханов ұсынған төмендегідей әдіснамалық қағидаларды басшылыққа алған жөн деп есептейді. Олар мына төмендегілер:
- идеялардың (ой-пікірлердің) жалпы қоғамның әлеуметтік даму процесіне тәуелді екендігін анықтау;
- гылымның, әлеуметтік психологияның, әдебиеттің, өнердің даму тарихын қоғамның даму үрдісімен ұштастыра қарастыру;
- тарихтың әр кезінде гылымның даму барысы біркелкі болмайтынын және әр елдің саяси , эканомсалық, кәсіби, мәдени, психологиялық өзіндік ерекшелігінің бар екенін ескеру.
Сонымен бірге ғалым бұл талаптармен қатар тарихи-педагогикалық зерттеулерге қойылатыи маңызды әдіснамалық талаптардың бірі: деректердің барлық түрін кешенді пайдалану, солар арқылы бір-бірін тексеру, толықтыру, барлық деректерді салыстыра отырып жинақтау, оларды зерттеуде шектес ғылымдардың (антропологая, тарих, этнология, фольклористика, логика, пси-хология, социология, археология) зерттеу әдістер жиынтығын кешенді түрде пайдалану, деректерді талдап, педагогикалық тұрғыда түсіндіру қажет екенін атап көрсетеді [9] . .
«Этнос» гректің - etnos - тайпа, халық деген сөзінең шыққан. Ғылымда «халық» терминінің орнына «этнос» термині орынды қолданыла бастады. Сондай-ақ, біз ғылыми-педагогикалық еңбектерді зерделей келе, этнос ұғымына ең алғаш ғылыми дәйекті анықтама берген тарихшы ғалым Л. Гумилев екенше көз жеткіздік Л. Гумилев соңғы уақытқа дейінгі этнос ұғымына берілген әр түрлі анықтама-түсінікгердің болғанын айта келіп, оларды төмендепдей алты топқа жіктейді [10] .
Біреулер «этнос» дегеніміз - шығу теп бір халықтар десе, келесі бір ғалымдар «этнос» - тілдің бірлігіне негізделген мәдениетпң тууы дейді.
Үшіншілері «этнос» - бір-біріне ұқсас адамдар тобы десе, төртіншілері «этнос» ~ сана-сезімдері бір адамдар тобы дейді. Ал бесіншілері «этнос»- белгілі бір қоғамдық формациядағы адамдардың шартты түрде топтасқан тобы десе, алтыншылары «этнос» - табиғаттың сыйы, этнос - әлеуметтік категория деп жіктейді.
Сондай - ак, Л. Гумилев осындай түрлі көзқарастарды зерттеп, қорыта келе олардың ішінен үш түрлі көзқарасты бөліп қарастыруды ұсынады. Олар:
- В Анучкин бастаган галымдар тобының «бірыңғай географиялық жағдайда этнос мүшелерінің бірлесіп еңбек етуі олардың табиғи тіршілік заңдылығын туғызды» деп қарауы;
- С Токарев А Агеев, И. Көзлов сияқты тарихшылар мен этнографтарының этносты адам баласының әлеуметтік бірлестігінен туған феномен деп есептеуі;
- Л Гумилев, М. Артомонов бастаған үшінші ғалымдар тобының адамның шығу тегін зерттеу үрдісінде материяның қоғамдық және табиғи-диалектика-лық даму заңдылықтарын, механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық қозғалу формасы мен қоғамдық-формациялық даму өзгерістерін кешенді түрде алып қарастырған жөн» деген көзқарастары .
Профессор С Қалиев өзінің «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы» еңбсгінде этностар тарихын зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздері мен қазақ этнопедагогикасының туу тарихы мен бүгінгі күнгі өзекті мәселелеріне жан-жақты ғылыми-педагогикалық тұрғыда терең талдау жасаған. Және ол еңбекте «қазақ» атауының этимологаялық мәніне тоқтала отырып, халық тәлімінің тарихи кезендерін шартты түрде 8 кезеңге бөліп қарастырған дұрыс деген пікір білдірген [11] .
Мәселен, алғашқы қауымдық құрылыс көзіндегі тәрбие. Мұнда тәрбие жас пен жыныс ерекшеліктеріне қарап қоғамдық сипатқа ие болды.
Екінші кезенді сақтар мен ғүндар империяларының мәдени-жауынгерлік тәрбие дәстүрлері кезеңі деп атаған. Онда өз ұрпақтарын ерлікке және қол-өнер еңбегіне тәрбиелеуге басымдық танытқан.
Үшінші кезең - Ұлы Түркі қағанаты және оның тәлімдік-танымдық мұрагерлері, бұл кезең 6-9 ғ. ғ. қамтиды деп көрсеткен.
Төртінші кезен, - Араб-шығыс мәдениетінің Қазақ даласына тарауы, орта ғасыр оқымыстыларының тәлімгерлік ой-пікірлері деп топтап, бұл 10-15 ғ. ғ. қамғиды делінген.
Бесінші кезең - Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлім-тәрбие, яғни жыраулар поэзиясындағы тәлімдік ойлар.
Алтыншы кезең - Ресей отаршылдыгыпа қарсы қазақ даласындағы ұлт-азаттық қөзғалыстар және ағартушылық-демократиялық идеялардың өркен жаюы.
Жетінші кезең - Кеңестік дәуірдегі қазақ педагогикасының ғылым ретінде дамып қалыптасуы.
Сегізінші кезең - сгсменді Қазақстап Рсспубликасында ұлтгық тәлім-тәрбиенің қайта жандануы.
Қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық мәселелерін сөз етпес бұрын біз алдымен этнопедагогикалық түсініктерге берілген анықтамаларға тоқталып, олардың ара-жігін анықтап алуды жөн көрдік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz