Бейнелеу өнерінің оқушылардың білім сапасын және танымдық белсенділігін арттыруда ықпалы



Кіріспе ... ... ... ... ... .. 4
І Бейнелеу өнері материалдары арқылы оқушылардың білім сапасын арттырудың теориялық мәселелері.
1.1. Бейнелеу өнерінің оқушылардың білім сапасы мен танымдық іс.әрекетін арттырудағы рөлі ... .

1.2. Жеткіншек жастағы оқушылардың бейнелеу өнері негізінде танымдық іс.әрекетін қалыптастыру және білім сапасын арттыру ерекшеліктері ...

ІІ Орта сыныптарда бейнелеу өнері материалдары арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары.


2.1. Орта сыныптарда бейнелеу өнері пәнін оқытудың білімдік, танымдық мазмұны мен міндеттері..


2.2. Орта мектептің 5.8 сынып оқушыларының бейнелеу өнері сабақтарында танымын және білім сапасын арттыру әдістері...
Қорытынды..

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазіргі таңда Қазақстан күрделі тарихи бет бұрыстармен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Осы кезеңде елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін білім беру жүйесін, мектептердегі жас ұрпақты тәрбиелеп, оқыту мәселесінің жаңа қарқынмен дамуға бет алуынан байқауға болады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына кезекті Жолдауында білім беру саласын дамытуда алдағы онжылдыққа арналған бағдарламаларды қарқынды жүзеге асыру межеленді[1].
Кемелделген тұлға тәрбиелеу ісі ең алдымен оған қажетті алғы шарттар мен жан-жақты тәрбиелеу құралдарына тікелей байланысты. Осындай парасаттылыққа, ізгілікке және әсем талғамға тәрбиелеу құралдарының бірі - өнер болып табылады. Өнердің жас ұрпақтың қалыптасуына, тәрбиесі мен білімін жетілдіруде әсері ұшан-теңіз[2].
Атап айтсақ, оқушының өзін қоршаға ортаны танып - білуіне ұшқыр қиялы мен нәзік сезімдерінің дамуына, ғибрат пен саналылыққа, биік адамгершілік сезімдерге, яғни рухани жағынан дамып, жан-жақты жетілуіне ықпал ете алады. Өнерге жаны құштар, өз ісінің білгірі, терең ойлы бала жүрегін ұға алатын педагог өз кезегінде бала тәрбиесінде өнердің маңызын жете түсініп, өз мамандығын шығармашылы еңбекпен ұштастырары сөзсіз. Түрлі өнер саласы бойынша хабардар болып, жалпы көркемдік бағыттағы тәрбие туралы мәліметтер жинақтауы педагог беделін арттыра түседі. Әсіресе бейнелеу өнері материалдарын пайдаланудың маңыздылығы да, көлемі де үлкен болып табылады. Бұл мәселелерге қатысты зерттеулер, оларды талдау мәселелері Б.М.Неменский[3], Л.С.Выготский[4], В.А.Сухомлинский[5], Б.Юсов[6], Т.Я.Шпикалова[7], М.Н.Ростовцев[8], С.Герасимов[9], С.Қасиманов[10], Қ.Ералин[11], А.Қамақ[12], Қ.Болатбаев[13], Қ.Жеделов[14], Ж.Балкенов[15] т.б. еңбектерінде орын алған. Әсіресе бейнелеу өнерінде білім, түсінік біліктерді қалыптастыру В.С.Кузиннің «Бейнелеу өнері және оны орта мектепте оқыту әдістемесі» еңбегінде кеңінен қамтылған.
1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2011 жыл 28 қаңтар.
2. Ќазаќстан Республикасы мєдени-этникалыќ білім беру т±жырымдамасы /Егемен ќазаќстан. -1996, 7 тамыз.
3. Неменский Б.М. Мудрость красоты. -М., Просвещение.-1997.
4. Выготский Л.С. Игра и ее роль в психическом развитии ребенка. Вопросы психологии. -1986. -№6. -72 с.
5. Сухомлинский В.А. О воспитании. -М., 1982. 4 издание. -160 с.
6. Юсов Б.П.Проблема творчества и художественного воспитания. М., 1985.
7. Шпикалова Т.Я. Изобразительное искусство в 3 классе. М., Прсвещение, 1989.
8. Рисунок. Живопись. Композиция. Хрестоматия. /сост. Н.Н.Ростовцев и др. - М., Просвещение. -1989. 207 с., 18-19 с.
9. Герасимов С.А. Система эстетического воспитания школьников. -М., Педагогика. 1983. 264 б
10. Қасиманов С. Қазақтың ұлттық қолөнері. А., 1985.
11. Ералин Қ. Қазақстан бейнелеу өнері арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. -Алматы. -1988.
12. Қамақов Ә. Ұлттық мектеп оқушыларын имандылық-эстетикалық бағытта тәрбиелеу жүйесі. -Тараз. -2002. -130 б.
13. Болатбаев Қ.К. Халықтық педагогиканы бейнелеу өнері пәнінде қолдану. -Алматы, Абай атындағы АлМУ, 1996.- 150 б.
14. Жеделов Қ. Бастауыш мектептегі бейнелеу өнері әдістемесі. А., 1998.
15. Балкенов Ж. Өрнек өнері арқылы болашақ мұғалімдерді көркем шығармашылыққа даярлау (Монография). -Алматы. Ғылым. -2001. -372 б.
16. Философия Я.А. Коменского. Джибладзе Г.Н. -М. -1982. -125 с.
17. Песталоцци И.Г. Избранные педагогические сочинения в 2-х томах. -М. -1981. -334 с.
18. М.Жәмеков, С.Жұмабеков, О.Исақов. Орта мектептегі бейнелеу іс-әрекетінің теориясы мен методикасы. Алматы, «Мектеп», 1983 жыл. 23-116 беттер.
19. Єл-Фараби. Єлеуметтік-этикалыќ трактаттар. -Алматы. -1975. -419 б.
20. Коменский Я.А. Ұлы дидактика. А., 1985.
21. Коменский Я.А., Локк Дж., Руссо Ж.-Ж., Песталоцци И.Г. /сост. Кларин В.Е., Джуринский А.Н. Педагогическое наследие. -М., Педагогика. -1987. -416 с
22. Неменский Б.М. Культура. Искусство. Образование. Цикл бесед.-М., Центр ХКО. -1991.
23. Песталоцци И.Г. /сост. Джуринский А.Н. Педагогическое наследие. -М., Педагогика. -1988.
24. Ростовцев М.Н. Методика преподавания изобразительного искусства в школе. Второе издание. -М., Просвещение. -1980. -С. 239.
25. Чистяков П.П. Письма. Записные книжки. Воспоминания. -М., 1983. -С. 437-443.
26. Герасимов С.А. Любить человека. -М., 1985.
27. Сорокун П.А. Формирование пространственных представлений у младших школьников. -Л. -1968.
28. Сабыров Т.С. Оќыту теориясы негіздері. -Алматы. -1993. -8 б.
29. Талызина Н.Ф. Формирование познавательной деятельности младших школьников. Москва. Просвещение 1988.
30. Занков Л.В. Обучение и развитие /под. ред. Занкова Л.В. -М. -1975.
31. Скаткин М.Н. Совершенствование процесса обучения. -М.-1971.-260 с
32. Теоритические основы содержания общего среднего образования /под. ред. В.В. Краевского, И.Я.Лернера. -М. Педагогика. -1983.
33. Бейсенбаева А.А. Пәнаралыќ байланыс негізінде оќу процесін ±йымдастыру. -Алматы. Республикалыќ баспа кабинеті. -1995. –117 б.
34. Выготский Л.С. Воображение и творчество в детском возрасте. 3-е издание. -М., Просвещение. -1991. -93 с.
35. Крупская Н.К. Эстетическое воспитание в советской школе. М., 1981.
36. Сухомлинский В.А. О воспитании. М., 1982. 4 издание. 160 с.
37. Каптеров П. Ф. Избр. Пед. Соч. М., 1982. С. 170.
38. Теплов Б.Н. Проблемы индивидуальных различий. -М., 1981.
39. Ушинский К.Д. Избранные педагогические сочинения в 2-х томах. -Т.2. -М. Педагогика. -1974. –438 с.
40. Тєжібаев Т. Жалпы психология. -Алматы. -1993. -240 б.
41. Макаренко А.С. О воспитании. М., 1985.
42. Флерина Е.А. Эстетическое воспитание школьников. -М., 1981.
43. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. -Минск. -1999. -720 с.
44. Юон К.Ф. Об искусстве. В 2-х томах. -М., 1979. Т.1. 297 с., 307 с.
45. Пиаже Ж., Инхельдер Б. Психология ребенка. 18-издание. -Питер. -2003. -160 с.
46. Болатбаев Қ.К. Оқушыларға ұлттық қолөнер арқылы эстетикалық тәрбие беру. А., 1997.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Студенттердің және магистранттардың
кезекті ғылыми-теориялық конференциясы

БАЯНДАМА

Тақырыбы: Бейнелеу өнерінің оқушылардың білім сапасын және танымдық
белсенділігін арттыруда ықпалы

5B010700 – мамандығы – Бейнелеу өнері және сызу

Орындаған: ӨБС-011
тобының студенті

Мисирова Азиза

Ғылыми жетекшісі
п.ғ.к., доцент м.а.:
Әуелбеков Е.

Түркістан 2012

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

І Бейнелеу өнері материалдары арқылы оқушылардың білім сапасын
арттырудың теориялық мәселелері.

1.1. Бейнелеу өнерінің оқушылардың білім сапасы мен танымдық іс-
әрекетін арттырудағы
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...

1.2. Жеткіншек жастағы оқушылардың бейнелеу өнері негізінде танымдық
іс-әрекетін қалыптастыру және білім сапасын арттыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ІІ Орта сыныптарда бейнелеу өнері материалдары арқылы оқушылардың
білім сапасын арттыру жолдары.

2.1. Орта сыныптарда бейнелеу өнері пәнін оқытудың білімдік,
танымдық мазмұны мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.2. Орта мектептің 5-8 сынып оқушыларының бейнелеу өнері
сабақтарында танымын және білім сапасын арттыру
әдістері ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі таңда Қазақстан күрделі тарихи
бет бұрыстармен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Осы кезеңде
елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін білім беру жүйесін,
мектептердегі жас ұрпақты тәрбиелеп, оқыту мәселесінің жаңа қарқынмен
дамуға бет алуынан байқауға болады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы
28 қаңтардағы Қазақстан халқына кезекті Жолдауында білім беру саласын
дамытуда алдағы онжылдыққа арналған бағдарламаларды қарқынды жүзеге асыру
межеленді[1].
Кемелделген тұлға тәрбиелеу ісі ең алдымен оған қажетті алғы шарттар
мен жан-жақты тәрбиелеу құралдарына тікелей байланысты. Осындай
парасаттылыққа, ізгілікке және әсем талғамға тәрбиелеу құралдарының бірі -
өнер болып табылады. Өнердің жас ұрпақтың қалыптасуына, тәрбиесі мен
білімін жетілдіруде әсері ұшан-теңіз[2].
Атап айтсақ, оқушының өзін қоршаға ортаны танып - білуіне ұшқыр
қиялы мен нәзік сезімдерінің дамуына, ғибрат пен саналылыққа, биік
адамгершілік сезімдерге, яғни рухани жағынан дамып, жан-жақты жетілуіне
ықпал ете алады. Өнерге жаны құштар, өз ісінің білгірі, терең ойлы бала
жүрегін ұға алатын педагог өз кезегінде бала тәрбиесінде өнердің маңызын
жете түсініп, өз мамандығын шығармашылы еңбекпен ұштастырары сөзсіз. Түрлі
өнер саласы бойынша хабардар болып, жалпы көркемдік бағыттағы тәрбие
туралы мәліметтер жинақтауы педагог беделін арттыра түседі. Әсіресе
бейнелеу өнері материалдарын пайдаланудың маңыздылығы да, көлемі де үлкен
болып табылады. Бұл мәселелерге қатысты зерттеулер, оларды талдау
мәселелері Б.М.Неменский[3], Л.С.Выготский[4], В.А.Сухомлинский[5],
Б.Юсов[6], Т.Я.Шпикалова[7], М.Н.Ростовцев[8], С.Герасимов[9],
С.Қасиманов[10], Қ.Ералин[11], А.Қамақ[12], Қ.Болатбаев[13],
Қ.Жеделов[14], Ж.Балкенов[15] т.б. еңбектерінде орын алған. Әсіресе
бейнелеу өнерінде білім, түсінік біліктерді қалыптастыру В.С.Кузиннің
Бейнелеу өнері және оны орта мектепте оқыту әдістемесі еңбегінде кеңінен
қамтылған.
Бейнелеу өнері – бұл адам баласының заманнан заманға рухани,
эстетикалық байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы, ал сурет – бұл
шежіре, ондаған ғасырлар бойы бүкіл адам тарихтарын, тіршілік тарихын
шашауын шығармай, жоғалтпай жеткізген бірден-бір куәгер. Бейнелеу өнерімен
айналыса отырып, адам тек суретшінің практикалық дағдыларын ғана меңгеріп,
шығармашылық ойларын жүзеге асырып қана қоймайды, сонымен бірге өзін
талғампаздыққа тәрбиелейді.
Мектеп кезеңіндегі оқушылардың бейнелеу әрекеті туралы
Я.А.Коменский[16], И.Г.Пестолоцци[17] т.б. еңбектерінде көркемдік-
шығармашылық әрекет баланы көңілсіз жағдайдан шығарып, жүйкеге түскен
салмақты азайтып, эмоциональдық көңіл-күй, жағдай туғызатындығымен
түсіндірілген. Сондықтан мектепте оқушының басты әрекетінің бірі ретінде
педагогикалық үдеріске бейнелеу өнерін енгізген маңызды болып саналады.
Белгілі ғалым Д.Лилов шығармашылықтың жалпы заңдылықтарына тоқтала келе,
оны әлеуметтік мәнділігі басым, қоғамға қажетті және пайдалы құндылық
туғызатын, қоғам қажеттілігін өтейтін құбылыс және объективтік шындықпен
бірлескен саналы қоғамдық субъектінің жасампаздығы екендігін тап
көрсеткен. В.Г.3лотников өзінің зерттеулерінде көркемдік шығармашылықты
таным мен қиялдың, практикалық әрекет пен психикалық үдерістің үздіксіз
тұтастығы ретінде сипаттап, рухани-тәжірибелік әрекеттің нәтижесінде
ерекше материалдық өнім, яғни өнер туындысы пайда болатындығын
тұжырымдаған[18].
Орта сыныптарда бейнелеу өнері сабағын жүргізудің негізгі мақсаты -
оқушыларды өмір шындығына, өнерге, көркем мәдениет және халық дәстүрлеріне
болған белсенді эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу болып есептеледі.
Бейнелеу өнері мектеп оқушыларына көркем өнер жайлы білім береді
және олардың сол өнерге деген ынта- ықыласы мен бейімділігін арттырады.
Мектеп оқушыларының бейнелеу өнері сабақтарындағы білімін, түсінік
біліктерін қалыптастыру - олардың ептіліктері мен дағдаларын арттыра
отырып, эстетикалық білім беруге ықпал жасаушы негізгі педогогикалық
түрткі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: Оқушылардың білім сапасын және танымдық
белсенділігін арттырудағы бейнелеу өнерінің ықпалын анықтап, оның
теориялық және әдістемелік негіздерін ашу.
Осыған сәйкес туындаған зерттеудің міндеттері:
1) бейнелеу өнері іс-әрекеті арқылы оқушылардың танымын,
білімін арттырудың теориялық мәселелерін айқындау және
оқушылар танымын арттырудағы рөлін ашу;
2) жеткіншек жастағы оқушылардың бейнелеу өнері негізінде
танымдық іс-әрекетін қалыптастыру және білім сапасын арттыру
ерекшеліктерін анықтау;
3) орта сыныптарда бейнелеу өнері пәнін оқытудың білімдік,
танымдық мазмұны мен міндеттерін айқындау;
4) орта мектептің 5-8 сыныптарындағы бейнелеу өнері
сабақтарында оқушылардың танымын және білім сапасын арттыру
әдістерін көрсету.
Зерттеу нысаны – орта сыныптардағы оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні - орта мектептегі оқушылардың түсініктері мен білім
сапасын арттыру.
Зерттеу әдістері - ғылыми-педагогикалық еңбектерді, әдебиеттерді
сараптау, талдау, сауалнама жүргізу, әңгімелесу, бақылау, проблеманы
баяндау әдісі, кітаппен жұмыс жасау.
Зерттеу көздері: Елбасының жолдаулары, Білім заңы, білім беруді
дамытудың тұжырымдамалары, орта мектептегі бейнелеу іс-әрекетінің
теориялық және әдістемелік әдебиеттері, оқулықтар, журналдар.
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, бірінші және екінші
тараулардан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І Бейнелеу өнері материалдары арқылы оқушылардың білім сапасын
арттырудың теориялық мәселелері.
1.1 Бейнелеу өнерінің оқушылардың білім сапасы мен танымдық іс-
әрекетін арттырудағы рөлі.
Оқыту процесінің әртүрлі қырларын педагогикалық дидактика, сондай-
ақ жекелеген пән методикалары қарастырады. Дидактиканың осы мәселеде
зерттеуге орай ерекше сүйенетін тірек ғылымы - психология. Соңғысының
басты салаларының бірі - оқыту психологиясы, ол оқу процесінің екінші
жағын, яғни шәкірттердің оқу мазмұндарын ұғынып, әр түрлі тапсырмаларды
қалайша орындай алу мүмкіндіктерін зерттейді. Шәкірттің оқуға талпынысы
мен ынтасын қалыптастыру жолдарын, оның түрлі білім, дағды, әдеттерді
қалайша меңгеріп отыратынын, әртүрлі мазмұндағы материалды ұғынып, түсіну
ерекшелігін т.б осы іспеттес мәселелерді қарастыру - оқыту психологиясының
зерттеу объектісі.
Оқу материалдары адам психологиясына зор талап қоятыны белгілі.
Өйткені шындықтағы құбылыстардың сыр-сыйпатын, мән жайын ұғыну - өте
күрделі әрекет. Мұның өзі бірнеше кезеңдерден тұратыны қазірде ғылымға
белгілі болып отыр. Мәселен, сабақта матералды ұғынып, түсініудің алғашқы
кезеңінде (таныстыру кезеңі) шәкірт нені қалай оқу керектігі жайлы жалпы
мағлұмат алады. Бұдан соңғы кезеңде, ол мұны тәжірибеде байқап көреді.
Үшінші кезеңде, түсінгенін, ұғынғанын сөзбен тұжырымдайды. Төртінші
кезеңде, олар ойына ұстап тұрады да, бесінші кезеңде шәкіртте зат пен
құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын болады. Ақыл-ой амалдарын меңгеру
арқылы оқушы шындықтағы заттардың байланыс-қатынастарын меңгереді, бір
затты екіншісімен салыстырып, дәлелдей алуға, олардың айырмашылық,
ұқсастықтарын айыра білуге үйренеді. Ұғыну, түсіну дегеніміздің өзі де -
нәрседе себеппен қатар нәтиже болатындығына оқушының көзінің жетуі.
Оқу материалдарының мәнісіне тереңдеп бара алмай, оларды жай жаттап
алу, өз бетінше пікір айтуға шорқақтық оқушыда талдау (анализ), жинақтау
(синтез) тәсілдерінің әлде де оншама дамымағанын көрсетеді.
Мұғалім шәкірт ойлауындағы талдау тәсілінің қалыптасуына жеткіліксіз
көңіл бөлетін болса, ондайда оқушы материалдың бір-бірімен байланысының
жеке жақтарын ғана меңгереді, әр ұғымның мәнін, өзіндік ерекшелігін жете
түсінбей қалады. Сондай-ақ мұғалім сабақ беруде жинақтау тәсілін ойдағыдай
пайдалана алмаса, онда берілетін мағлұмат бұрынғы материалмен дұрыс
байланыспай қалады, бұл берілген мағлуматтың практикалық мәнінің
төмендеуіне әкеліп соғады. Кейбір мұғалімдер оқушыда белсенді ойлау
процесін дамытудың орнына олардың ес, жаттау қабілетін өсіруге ғана ерекше
мән береді. Әрине, бұдан оқушының есін дамыту онша мәнді нәрсе емес деген
қорытынды шықпайды. Шәкіртке ойлаттырып, әр нәрсені бір-бірімен
салыстырғызып, талдатып-жинақтатып, дәлелдеткізіп үйретсе ғана олардың
танымы мен білімі мазмұнды болады.
Білім – адамзаттың жинақталған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды,
табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне
айналдыру үшін оны ойлау операциясы, талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу
және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп
өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі,
яғни оқушылардың таным іс-әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге,
зерттей білуге және жаңа білімді еркін игеруге үйрету.
Оқушылардың білімі – оқыту процесін, ең бірінші кезекте оқу
материалдарын меңгерудің нәтижесі. Сондықтан оқушылардың білімді
меңгерген, меңгермегенін оқыту жобаларымен – бағдарлама, оқулықтарымен
салыстырып анықтайды.
Білім – қандай да бір іс-әрекетті жасау негізі. Іс-әрекет жеке
тұлғаны қалыптастырады.
Білім – қоғамдық-өндірістік тәжірибеде қолданылады, менгерілген
білім көмегімен адам жаңа білімдер жасауға қатысады, еңбекке дағдыланады,
қоғамдық-материалдық байланыстың артуына, рухани мәдениетінің дамуына өз
үлесін қосады. Осылайша жеке тұлға сапалы білім керектігін, оның пайдасын
көреді. Білім жеке тұлғалық бөлікке енеді. Бұл жағдайда оқыту балаға тек
білім беретін процесс емес, ол оқушының жеке тұлғалық бағыттарын, жақсы
мен жаманға көзқарастарын қалыптастырады.
Әл Фараби Бақытты болу, кәмілетке келу, қоғамдық тіршілікті
жақсарту – барлығы да білімділікке байланысты. Білім мен өнерді
менгермегеннен кейін адамда іскерлік пен өз бетінше әрекеттену, одан соң
парасаттылық пайда болады - деген[19].
Бейнелеу өнерінің жалпы білім беру пәні ретіндегі пайдасын педагог
Я.А.Коменский(1592-1670) де белгілеп берді. Ол өзінің Ұлы дидактика
еңбегінде өнерді үш талап негізінде үйренуді анықтады, яғни, өнерді дұрыс
пайдалану; өнерді сапалы бағытта оқыту; жиі жаттығулар жасау[20].
Ағылшын философы және педагогі Джон Локк (1632-1704) өзінің
Тәрбие туралы ойлар еңбегінде балаларға сурет салуға үйрету туралы жалпы
пікірлермен шектелсе де, өнерді игеруді сурет салу арқылы жетілдіруді,
жаттығулармен жүзеге асыруды дәріптеп жазды [21, 178 б.].
Француз педагогі, философ-энциклопедисі Ж.Ж.Руссо (1712-1788) сурет
салуды жалпы білім беретін пән ретінде тұжырымдап берді. Ол Эмиль
кітабында оқушының затқа қарап сурет салуы арқылы дамитын сезім ағзалары
дүниені танып білуде маңызды рөл атқаратынын ашып берді. Ж.Ж.Руссо сурет
салудың табиғат аясында жүргізілуін, сөйтіп балалардың қоршаған орта
заттары мен құбылыстарын бетпе-бет кездесіп, танып, қабылдауын
ќажеттілікке жатќызды [21].
Неміс ақыны, ойшылы Иоганн Вольфганг Гете (1749-1832) жалпы білім
беретін пән ретінде сурет салуға өте үлкен мән беріп, оның дүниені кең әрі
терең тануға көмектесетіндігін айта келе, ақын-жазушыларға да сурет салу
қажеттілігін көрсетеді. Ол: Сурет салу мен өнерді оқып білу кедергі
жасаудың орнына ақындық шығармашылыққа көмектеседі. Жазуды азайтып, сурет
салуды көбейту керек, -деп жазды[22; 18-19 б].
И.В.Гете сонымен бірге, барлық педагогтардың сурет сала білуін
қолдады, өйткені олардың б±л жаѓдайда өз пәндерін кеңірек ашуларына
мүмкіндік алатындығын түсіндірді.
Осындай тұжырымдардың, идеялардың кµп болѓанына ќарамастан бейнелеу
өнерінің, сурет салудың мектептерде пән ретінде жүргізілуіне ХІХ ғасырда
ғана қол жеткізілді. Оның жүзеге асырылуына көрнекті педагог Иоганн Генрих
Пестолоццидің зор ықпалы болды, сондықтан да Пестолоцциді сурет салуды
мектептердіњ оќу баѓдарламаларына пєн ретінде енгізген педагог ғалым деп
санайды.
И.Г.Песталоцци мектептегі сурет салуды жалпы білім беретін пән деп
есептеп, барлық білімнің сандар, пішіндер мен сөздерден, ±ѓымдардан
тұратынын тұжырымдады. Дүниені, қоршаған табиғатты дұрыс тану арқылы дұрыс
ойлау мүмкіндігі сурет салумен туатындығын көрсетті. Ол µнерді талқылай
отырып, игеру үшін арнайы жаттығулар, яғни көзді барлық заттар мен
құбылыстарға салыстыра, талдай, топтастыра отырып қарауға үйрететін
жаттығуларды ұсынды. Бұның шешілу жолын қарапайым геометриялық
пішіндерден іздеді.
Бастауыш мектептегі сурет салуға И.Г.Пестолоцци өте үлкен мән берген.
Оның µз баласын тәрбиелеу туралы күнделігінде сурет салу басты орында
тұрған. Онда күнделікті сабақтар бейнелеу өнері немесе сурет салудан
басталып отарѓан. Мысалы:
16-сы Сурет салу. Әріптерді жазу
17-сі Сурет салу. Әріптерді жазу
18-і Сурет салу...
И.Г.Пестолоцци жазудан бұрын сурет салуды үйренудің пайдалы
екендігін, яғни сурет салу жазудың жеңіл үйретілуіне себепші болатындығын
тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Сөйтіп, сурет негіздеріне барлық баланы
үйретуге болатындығын, сондықтан оның жалпы білім берушілік мәнін ескере
отырып, басқа пәндермен қатар мектептегі өз орнын алуын қолдады [23; 90-
б.].
Бейнелеу өнерінің адам өміріндегі тәрбиелік мәнін, дүниетаным
қалыптастыруға қажетті пән ретінде маңыздылығын айқындауда неміс суретшісі
педагог И.Д.Прейслердің теориясының орны бөлек. Ол 1735 жылы неміс және
орыс тілінде жарық көрген Основательные правила или краткое руководство
к рисовальному художеству еңбегінде суретке үйрету негізіне геометрия мен
затқа қарап сурет салуды кіргізеді. И.Д.Прейслерге дейін сурет салудың
неғ±рлым нақты, ауқымды көрсеткен басқа ѓылыми-технологиялыќ жұмыстар
болмады және осы еңбек 1834 жылға дейін ұзақ уақыт бойы Ресейдің барлық
жалпы білім беретін мектептерде пайдаланылды. Б±л еңбектің негізінде
Ресейдегі бейнелеу өнерін оқытудың технологиялары мен жолдары көрсетілген
А.Л.Сапожниковтың Курс рисования деп аталған алғашқы оқулығы басылып, ол
1834 ж. жарыќ кµрді.
А.Л.Сапожниковтың бұл тарихи еңбегінің маңыздылығы затқа қарап сурет
салуға негізделгендігінде. Ол оқушыларды затты қарап сурет сала отырып,
оларды ойлануға, талдауға, талқылауға үйретуді өзінің алдына мақсат етіп
алды.
Сөйтіп, сурет салудың А.Л.Сапожников көрсеткен технологиялары оқу-
тәрбиелеу жұмыстарында ауқымды жаңалық әкелді, яғни бұғанға дейінгі құр
көшіру мен шала ойлауды тоқтатуға көмектесті. Бейнелеу өнерінің нақты
міндеттері, оған үйретудің жолдары мен әдіс-тәсілдері көрсетіліп, білім
нақтылана бастады.
Жалпы білім беретін мектептерде бейнелеу өнерін оқытуды терең
негіздеп берген маңызды еңбектердің бірі - бұл Г.А.Гиппиустың Суреттің
жалпы пән ретіндегі теорияларының очерктері (1844ж) атты еңбегі.
Г.А.Гиппиус - И.Г.Песталоццидің шәкірттерінің ішінде бейнелеу өнерін
оқытуды дамытуға зор үлес қосқан педагог. Ол әсіресе бейнелеу өнеріндегі
пәнаралық байланыс мәселесін айқындауда көп еңбек сіңірді. Ғалым еңбегінде
бейнелеу өнеріне оқытудағы, тәрбиелеудегі басқа оқу пәндерінің бала ойына
біртұтас бірігуі керектігіне, ғылымның бір пәні басқа пәннің құралы
ретінде пайдаланылуы қажеттігіне үлкен мән берді. Бейнелеу өнерінің
оқытушылары бұл мәселені бұған дейін қарастырмағанын жазады. Сонымен
бірге, сурет салуды үйрену үшін талдауға, ойлауға үйрену қажеттілігін, ал
бұл барлық адамдарға қажет болғандықтан, талдау мен ойлай білуді балалық
жастан дамыту керек екендігін тұжырымдады [24; 59-б.].
ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында бастауыш сынып оқушыларын сурет салу
пәніне үйрету, оқу-тәрбие үрдісінде балалардың дүниетанымын қалыптастырып,
кеңейтуге бағытталған тарихи кезеңдер болды. Сурет салу пәнінің әлі де
болса жалпы білім беретін пән ретіндегі өз деңгейін таппауына байланысты
бейнелеу өнерінің оқытылуына және оның пән ретінде қалыптасып, басқа
пәндермен байланыста жүргізілуіне ғалымдармен бірге өзіндік үлес қосқан
орыс мұғалімі Н.К.Зарянко болды. Ол сурет салу пәнініњ мұғалімдеріне сын
көзбен қарай отырып, сурет пәнінің дұрыс бағаланбауына қарсы пікірлер
жазды. Ол: Сурет - табиғатта заттар қандай болса, оларды сондай етіп
көруге үйрететін жалғыз пән, - деп жазады [24; 62-б.].
Сурет пәнінің дамуына көп ықпал жасағандардың бірі – суретші педагог
П.П.Чистяков (1832-1919) болды. Ол сурет пәнінің бастауыш мектепте
жүргізілу сапасын арттыруға, сурет пәнінің басқа пәндермен тығыз
байланыста жүргізілуіне көп мән берді. П.П.Чистяков оқушылардан тек
геометриялық пішіндер туралы білімдері мен техникалық ептіліктерді талап
етудің жеткіліксіз екендігін көрсетіп, сурет пәніне үйретуде табиғатты,
қоршаған жағдайды зерттеуге негізделген байқағыштық, шығармашылық қиял,
пішіндер мен түстерді есте сақтау қасиеттерін дамытуды көздеді. Сурет
пәнінің басқа пәндермен тығыз байланыста болып, олардың әрдайым серігі
болып жүруін талап етті. Осындай талаптар көптеген педагогтардың сол
кездегі ресми бағдарламаларды сурет пәнінің беделінің өсуіне қарай баѓыт
жасауына себепші болды[25].
Бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу өнері арқылы білім сапасын
арттыруда олардың кеңістіктік түсінік, ұғымдарын, ойларын дамытудың ерекше
ролі бар. Оқушылардың кеңістіктік қабылдауын дамыту мәселелері жөнінде
Б.Г.Ананьев, Е.Ф.Рыбалко, С.А.Герасимов, П.А.Сорокун, Қ.Ералин, Қ.Жеделов
т.б. сынды ғалым-педагогтар шұғылданып, балалардың кеңістікті көрсете
білу деңгейі олардың жалпы даму көрсеткіші болып табылатындыѓы туралы
тұжырымдамалар жасады.
Балалардың кеңістіктік елестетулерінің, қиялының дамуы олардың ойлау
қабілетімен тікелей байланыста болады. Кеңістіктік ойлаудың әлсіз болуы
ғылымдар негізін игеру міндетін орындауды қиындатады.
С.А.Герасимовтың зерттеулерінде оқушылардың салған суреттеріне тән
кеңістіктік графикалық бейне компоненттерінің жіктемелері жасалынды. Ғалым
бейнелеу өнерін оқыту бағдарламасындағы кеңістікті игерудің маңызды
буындарына көп мән беру керектігін жазды. Балалардың кеңістікті
бейнелеудің жалпы тәсілдерін, атап айтқанда, тігінен және ұзынынан
берілген қағаз кеңістігін игеру - ең бірінші міндет болып табылады,-
деді[26; 192-б.].
Ол ашық кеңістіктегі кеңістік құбылыстарының мән-мағынасын түсінуді
былай көрсетеді:
- қағаз бетін толтыру (тігінен және ұзынынан), алыс заттарға
қарағанда жақын заттардың табандарын төмен орналастыру;
- жақын заттарды үлкен етіп кескіндеу;
- бір заттың кеңістіктегі басқа заттардың алдын жауып қалу
қасиетін көрсету;
- кеңістіктің тереңдеген сайын бөліктерге бөлінуі туралы түсінік
беру (кеңістік жоспары).
С.А.Герасимов жабық кеңістікті де осындай жолмен анықтауды
көрсетіп, келесі кезеңде кеңістіктің геометриялық қасиеттерін натюрморттық
заттар жиынтығы арқылы зерттеуді ұсынады. Ең соңында, бір заттың
айналасындағы кеңістік құбылыстарын ғылыми перспектива элементтерін ескере
отырып анықтау керектігін айтады.
Оның зерттеулері бойынша, оқушылардың көпшілігі пейзаж салуда
кеңістік бейнесінің графикалық компоненттерін көбірек қолданатындығы
анықталған (14,4%), ал бір ғана заттың суретін салғанда ол компоненттерді
азырақ (7,4 %) қолданғандары мәлім болды.
Қорытындысында, оқушылардың кең көлемдегі кеңістіктік дамуының әлсіз
екендігін айта келе, жалпы бастауыш білім беру бағдарламасының көбінесе
жеке-жеке заттардың суретін салуға бағытталатындығына қынжылыс білдіреді,
сөйтіп бағдарламалардың оқушылардың күрделі кескіндермен жұмыс істеуіне
қажетті мөлшерде дайындық көруге мүмкіндік бермейтіндігін анықтап
көрсетеді. Сонымен бірге оқушылардың сурет салуда кеңістікті көрсетудің
анағұрлым жалпы, көрнекі перспективаны түсіну алдындағы кезењдерін игеруі
қажеттігін жазды [26; 192-б.].
П.А.Сорокун оқушылардың кеңіcтіктік елестету ойлауын арттыру -
олардың бейнелі ойлауының күрделі психикалық үрдістерінің дамуына ықпал
етуші факторы деп есептеді[27].
Көптеген психологтар оқушылардың дүниенің кеңістіктік қасиеттерінің
игерілуі кешенді түрде болатындығын көрсетті. Суреттерде заттардың
кеңістіктік қасиеттерін анықтау оқушының жалпы өмірлік тәжірибесімен, оның
кеңістікте бағдарлау қабілетімен бөлінбес байланыста болатындығын
айқындады.
Оқушылардың кеңістіктік құбылыстарды бейнелеу тәсілдерін меңгеру
бейнелеу өнері сабақтарында кешенді жүргізіледі және ол жапсыру,
аппликация, жазықтықта және көлемді түрдегі құрастыру сияқты бейнелеу іс-
әрекетінің түрлерімен бекітіліп отыруы тиіс.
Оқушылардың бастауыш мектеп кезеңінде бейнелеу өнері пәнін оқу
арқылы бойында түзген кеңістікте ойлау қабілетінің ауқымды әрі күшті болуы
оның бүкіл ойлау қабілетіне, дүние келбетін шынайы түсіне білуіне,
дүниетанымын кеңейтуіне көмектеседі. Сонымен қатар, келешекте тұлға
қалыптастырудың күрделі сатысына жетелейді, ой операцияларының дамуына
ықпал жасай отырып, математика, дүниетану, ана тілі, еңбекке баулу, музыка
сияқты пәндердегі көптеген ұғымдар мен түсініктерді қиналмай қабылдап,
білім деңгейін арттыруға мүмкіндіктер тудырады.
Білім толық, жинаққы, жүйелі, берік, пәрменді болу керек. Аталған
белгілер ақыл-ой сапаларын қалыптастырады. Олар: белсенділік, өздік,
өнімділік, сыншылдық, ұғымталдық, тұрақтылық, тереңдік.
Білім өздік жұмыс және сабақтан тыс шығармашылық іс-әрекетте
қолданылады, сөйтіп, ой жұмысы тұрақты, терең жүреді.
Ой тұрақтылығы дегеніміз – ойдың маңызды, оқу материалдарына
тоқталуы, оларды ойда сақтау, керек жерде қолдана білу. Ойдың тұрақтылығы
ақыл-ой жұмысының жоғары деңгейіне, ұзақ уақыт ақыл-ой жұмысымен
айналысуға байланысты.
Ойдың тереңдігі оқылған объектіні терең, оны өз бетімен зерттеп,
ішкі байланыстарын, басқа объектілермен байланыстарын аша білуден
көрінеді.
Материалға шығармашылық тұрғыдан қарау, ашылған білімдерді теориялық
және тәжірибелік жұмыста қолдану, білімнің ішкі мотивтерге және сенімге
айналуы ойдың тереңдігін көрсетеді.
Меңгеру – ақиқатты білу арқылы болмысты тану процесі. Меңгеру
нәтижесінің сапасы оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын бағалау арқылы
анықталады. Білім сапасы – білімді меңгеру нәтижесі.
Іскерлік – бұл кез келген іс-әрекет емес, ол табысты, тиімді
орындалатын іс-әрекет. Іскерлік дегеніміз – іс әрекетті жақсы істеуге
керекті жұмыс тәсілдерін белгілі бір жағдайларға байланысты таңдау жіне
қолдану, адамның жұмысты жаңа жағдайда өнімді, сапалы, уақытында істей
білу қабілеті.
Іс-әрекет іскерлікке айналу үшін педагогикалық жағдайлар жасалады.
Іскерліктің құрылымы күрделі. Оған елес, ұғым, білім, дағды,
зейінді шоғырландыру, бөлу, ауыстыру, қабылдау, ойлау, іс-әрекет процесін
реттеу және өзін-өзі бақылау дағдылары енеді. Осы бөліктердің бірлігі
арқылы оқушы өз жұмысының нәтижесін түсініп, оған жету үшін іс-әрекеттің
тиімді тәсілдері арқылы жұмыс істеп жақсы нәтиже алады.
Оқыту процесінің өзіне тән қызметтері бар. Олар оқытудың білім беру,
оқытудың білім беру, оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту қызметтері.
Оқытудың білім беру қызметі – бұл адам баласының білім байлығымен
қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға, іскерлік пен дағдыны игеруге
даярлау. Білімді игеру үшін қойылатын талаптар, бұл:
1. білімнің толықтығы – оқу материалдарын түсіру үшін танымдық іс-
әрекетті іске асыру;
2. білімнің түсініктілігі – оқушылардың өз бетімен ізденіп ақыл ойын
дамытуы;
3. білімнің әрекеттілігі – жаңа білім алу үшін оқушыға бұрынғы
білімнің шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау.
Оқытудың дамыту қызметі. Оқыту процесі, білімді меңгеру оқушыны
дамытады. Оқушының тілі, ақыл-ойы, сенсорлық және қозғалыс аймағы, сезімі,
ерік-жігері, қажеттіліктері, мотивтері дамиды. Оқыту – жеке тұлғаны дамыту
құралы. Қазіргі оқыту тек білім берумен шектелмей, оқушыны әр жақты
дамытуға, алдымен ақыл-ойды дамытуға бағытталған[28].
Оқыту процесінің негізгі құрамдық бөліктері. Дидактика тарихында
оқыту мақсаты туралы екі көзқарас болды. Біріншісі: мақсат – жеке тұлғаның
ақыл-ойын, есін және басқа қабілеттерін дамыту деген тұжырым. Екіншісі:
мақсат – ғылым негіздерін менгеру, өмірге қажет нақты білімдер беру.
Қазіргі оқыту мақсаты білім туралы мемлекеттік құжаттарда
белгіленген. Ол мұғалімнің сабақ жоспарларында нақтыланады. Оқу материалын
меңгерудің әрбір кезеңінде мұғалім өзінің алдына 4 түрлі дидактикалық
мақсат қояды. Олар:
- оқушыны оқу материалымен таныстыру және оны бірінші рет бекіту;
- оқығанды еске түсіру, іс жүзінде репродуктивтік және продуктивтік
деңгейде қолдану;
- білім және іскерлікті қолдану арқылы жүйелеу;
- білім, іскерлікті бақылау және есепке алу.
Оқыту мазмұны – оқыту процесінде оқушы меңгеретін ғылыми білімдер,
тәжірибелік іскерлік, дағды, іс-әрекет және ойлау тәсілдері, оқыту мазмұны
пән бойынша жасалған мемлекеттік оқу жоспарында, мемлекеттік оқу
бағдарламаларында, оқулықтарда жазылған.
Оқыту процесінің бастапқы кезінде мұғалім оқушыларды оқу
материалдарымен және оны қолдану әдістерімен таныстырады. Оқу материалының
жаңа бөлігін меңгеру және бекіту қатар жүреді. Оқытудың мақсаты – оқу
материалының негізгі ойын және тәжірибелік маңызын оқушыға меңгеру.
Екінші кезеңде оқу материалы қайталанады және оқушылар алған
білімдерін қолданады. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты – алған білімді
нақтылау, кеңейту, кең түрде жаңғырту, тәжірибелік қолдану.
Үшінші кезенінде мұғалім оқушылардың тәжірибелік жұмыстарын
ұйымдастырады, сол арқылы ұғымдарын жүйеге келтіреді. Оқушы алған білімін
мұғалімнің көмегімен де және өзбетімен де қолданады, меңгерген білімдерін
бір-бірімен салыстырады.
Оқытушы іс-әрекеті мұғалімнің іс-әрекеті, яғни оқыту болып табылады.
Оқыту – оқыту процесінің негізгі бөліктерінің бірі. Оқушының іс-әрекеті
оқушымен тікелей де, жанама да байланысты жүзеге асырылыды. Оқыту процесі
оқу процесінің белсенділігін талап етеді. Бұл талапты орндау оқушылардың
іс-әрекетін мұғалімнің ұйымдастыруына, бақылауына, өздігінен білім алуды
жолға қоюына, өз мақсаты мен оқушы мақсатын сәйкестендіруіне байланысты.
Оқытушы:
- оқу ақпараттарын іріктейді, жүйелейді, бөліктерге бөледі және
оқушыларға ұсынады.
- Осы ақпараттарды үйретеді, меңгертеді, олармен істелетін жұмыс
әдістерін белгілейді.
- Әр оқушының білімдер жүйесін меңгеруін және оларды оқу-өндірістік
жұмыстарда қолдануын ұйымдастырады.
- Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетіне басшылық етеді.
- Оқушы оқушылардың белсенділігін және саналылығын ынталандырады,
білімнің және оқу іс-әрекетінің сапасын бақылайды, оқыту нәтижелерін
талдайды, оқушының жеке тұлғасын одан әрі дамытуды жоспарлайды.
Оқушының оқу-танымдық іс-әрекетінде оқу – оқушылардың танымдық іс-
әрекеті. Оқушының оқыту процесіндегі іс-әрекеті бір нәтижеге жетуге
бағытталған.
Осы іс-әрекеттің маңызды белгілері: өзін-өзі сынау және өз бетімен
жқмыс істей білу, қызығушылық, қажеттілік, танымдық белсенділік,
табындылық, жігерлілік, өзінің алдында тұрған міндеттерді дұрыс түсіну,
керекті іс-қимылдарды таңдау.
Оқу іс-әрекетінің өнімдері – білімдерде, іс-әрекетте, рухани өмірде,
қоғамдық қатынастарда, бағаларда бейнеленген. Оқу іс-әрекетінде тұлғаның
барлық сапалары көрінеді және қалыптасады.
Оқу әс-әрекеті мазмұны, жеке іс-қимылдар, мотивтер сияқты
бөліктерден тұрады. Оқу іс-әрекеті арқылы оқу міндеттері шешілсе, оның
құрамында мынадай бөліктер болады: міндеттерді талдау; міндеттерді орындау
туралы шешімге келу; оларды шешуге керекті білімдерді еске түсіру;
міндеттерді шешу жоспарын жасау; жүзеге асыру, шешілетін міндетті бақылау
және бағалау; оқу міндеттерін шешу процесіндегі іс-әрекет тәсілдерін
түсіну.
Оқыту нәтижелері, оны бағалауда оқыту қол жеткен нәтижелерді
талдаумен аяқталады. Бірінші сабақтағы ең басты назар оқушыға жаңа білім,
іскерліктерді меңгеруге көмектесуге аударылып, келесі сабақтарда бақылау
және талдау күшейтіледі.
Қоғамның барған сайын күрделеніп, қарқындап даму барысында
оқушылардың қызығу жүйелерін Ф.Гусейнова зерттесе, оқушылардың танымдық іс-
әрекетін ұйымдастыру, білімді игеру үдерісін басқару мәселелерін
Н.Ф.Талызина қарастырды[29], ал, оқушылардың танымдық дамуы мен
қызығушылығына оқу құралдарының әсеріне А.Дусавицкий зерттеулер жүргізді.
Мектеп оқушыларының білімін, танымдық қабілеттерін дамыту туралы
Л.В.Занков[30], М.Н.Скаткин[31], И.А.Лернер[32] т.б. тұжырымды ұсыныстар
мен пікірлерлер айтты.
Орыс психологы П.Я.Гальперин өзінің ақыл-ой әрекетін жоспармен,
сатылап қалыптастыру дейтін тұжырымдамасында оқушы қандай да болмасын бір
мәселені шешу үшін алдымен сыртқы материалдық әрекеттерді (яғни, затты
ұстап көру, оның тұрқын, көлемін ажырату, шамасын білу т.с.с) пайдаланады
да, кейіннен оның бейнесін миында елестетеді, содан соң барып дауыстап,
кейін іштей айта алатын болады, сөйтіп сыртқы заттың іс-әрекет
(экстериоризация) біртіндеп ішкі ой әрекетіне (интериоризация) айналады
дейді. Ақыл-ой әрекетінің қалыптасуының әр кезеңінде екі бөлім: бағдарлау
мен орындау болады. Бағдарлау оқытудың қалай жүргізілетіндігіне
байланысты. Шәкірт өзіне берілген, оқып-білетін жалпы ережелерді, негізгі
заңдарды пайдаланса, онда бағдарлау анағұрлым өнімді болады. Бағдарлау -
шешілуге тиісті нақты мәселенің шарттары мен мәліметтерін саралау,
құбылыстың негізгі және мәнді белгілерін ажыратуға ұмтылу.
Оқушының білімді меңгеруі, ұғынуы, мұғалімнің сабақ оқытуы, екеуі де
- инемен құдық қазғандай қиын нәрсе. Мәселен, мұғалім оқушыға бұрыннан
таныс нәрсені ығыр қылып айта берсе, осы жағдай онда ақыл-ой керенаулығын,
кейде тіпті оқудан жиренушілікті тұғызуы мүмкін. Сондықтан ұстаз әркез
оқушының рухани тілектерін, таным белсенділігін шөліркетпей, оны ұдайы
қанағаттандырып, оның табиғатты, өмірді, адамдар еңбегін білуге
құштарлығын дамытып отыруы қажет.
А.А.Бейсенбаева оқушылардың білім сапасын арттыруға тікелей ықпал
жасаушы танымдық әрекеттердің өзіне тән ерекшеліктерін былай көрсетеді:
1. Таным процесінің ғылымдағы объектісі - белгісіз құбылыстар.
2. Оқушылардың таным процесі үнемдірек. Ғалымдардың, әдіскерлердің,
ұстаздардың көмегімен әрбір мектеп пәні бойынша маңызды білімдер негізі
іріктелініп алынады.
3. Оқыту процесінің ерекшелігі оқуды әрі қарай жалғастыруға және өз
бетінше еңбек әрекетіне дайындалуына қажетті іскерлік пен дағдыларды игеру
мен оның байланысы болып табылады.
4. Мектептегі таным процесі тек білім берушілік емес, сонымен бірге
тәрбиелеушілік, дамытушылық сипатта болады. Білімді игеру барысында ақыл-
ой қабілеттері дамиды, олардың көзқарастары мен сенімдері қалыптасады.
5. Оқушылардың таным процестері олардың жастарына сай
ұйымдастырылады.
6. Таным процесі мұғалімнің бағыттаушылық рөлімен, оқушылармен тығыз
өзара байланыста іске асырылады [33; 73-бет].
Яғни, таным үдерісін жандандыру оқушылардың бүкіл білім ауқымын,
дүниетанымдық түсініктерін арттыруға септігін тигізіп, олардың оқу іс-
әрекеттерін жемісті болуына әсер етуші бірден-бір фактор болып табылады.
Орта сыныптарда мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы
олардың қабілеттерінің дамуына жол ашады. Мұғалім алғашқы күннен бастап
оқушының ынта-ықыласы мен бейімділігін, оның қолынан не істеу
келетіндігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығы қандай екендігін есепке алып, оқу
үдерісін осы негізге орайластыра жүргізгені дұрыс.
Кейбір мұғалімдер оқушының қабілеттілігін оның оқу материалын тез
ұға алушылығымен ғана байланыстырады. Бұл жерде де мұғалімнің аса
сезімталдығы қажет. Өйткені жүйке жүйесінің, тума қасиеттеріне байланысты
табиғатынан баяу (флегматиктер мен меланхоликтер) болып келетін оқушылар
да аз емес.
Оқыту үдерісі білім беру, тәрбие және даму үдерістерімен байланысты.
Сондықтан оқыту жеке адамның жан-жақты дамуына көмектесе отырып, білім
беру, тәрбие және даму функцияларының бірлікте іске асуына мүмкіндік
тұғызады. Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша оқыту дамудың алдына шығып
отырса, ол бала дамуына ең таяу даму зонасын жасайды, баланы ізденуге
талаптандырады және дамудың бірнеше ішкі үдерістерін қозғалысқа келтіреді.
Ең таяу даму зонасы одан әрі актуальды даму зонасына көшуі тиіс, яғни
бұл зонада оқушы тиісті тапсырмаларды өз бетімен орындайды[34].
Оқыту - шәкірт пен ұстаздың өзара бірлесіп, ынтымақтасып жасайтын
ортақ іс-әрекеті. Оқыту - мұғалімнің тәлім-тәрбие берудегі басты әрекеті
болса, оқу - шәкірттің дүниені танып-білуге бағытталған өзіндік әрекеті.
Оқу - еңбек әрекетін орындауға қажетті білім, дағды, икемділіктер
жүйесін игеру процесі. Оқу арқылы шәкірт біртіндеп білім, дағды,
икемділіктерді, тиісті ғылыми ұғымдарды меңгереді, мұның нәтижесінде оның
жан қуаттары (ес, қиял, ойлау), эмоция, ерік-жігер т.б процестері дами
түседі.
Оқыту үдерісінде оқушының таным белсенділігі кеңейеді, тереңдейді,
ақыл-ой қабілеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың
мәнін, ғылими ұғымдарды терең түсінеді, іздену нәтижесінде пайда болған
сұрақтардың жауаптарын табады. Түсініктілік принципі оқытуды оқушылардың
дайындық деңгейіне сай ұйымдастыруды талап етеді. Сонымен бірге оқушыларға
тапсырма ең таяу даму зонасына сәйкес берілуі тиіс, яғни тапсырманы
мұғалімнің басшылығымен терең ойлап орындауды оқушылардан талап ету керек.
Егер тапсырма аса ауыр болса, онда оқушылардың ықыласы төмендейді, сенімі
азаяды.
Түсініктілік принципінен оқыту ережелері туады. Мысалы:
1. Жеңілден қиынға көшу. Мұнан оқушыларды таным іс-әрекетіне
бірте-бірте үйрету, яғни нақты фактілерден жалпы қорытындыға
көшу ұғымы туады. Дара фактілерді жинақтау негізінде жеке
нәрседен жалпы қорытындыға көшуді индуктивті жол деп атайды.

2. Қарапайымдылықтан күрделілікке көшу, мәселен, оқушыларға
ағаштың суретін салдыру үшін, оларды алдымен жайлап оның
бұтақтарымен, жапырақтарымен, қабығымен біртіндеп таныстыру
қажет.
3. Белгіліден белгісізге көшу деп оқушылардың өткен сабақтан
алған біліміне сәйкес жаңа сабақ материалын меңгеруін,
түсінуін, яғни сабақ үстінде білімді терең түсініп, игеруін
айтады. Мектеп жасындағы оқушыларды өнерге баулу қашанда
басты міндеттердің бірі боп саналады.
Өнердің негізгі саласының бірі - бейнелеу өнері. Бейнелеу өнері -
адамның өз ортасын түсінуіне, әдемілік пен әсемдікті, жақсы мен жаманды
ажырата білуіне бағыттайтын білім сатысының басы.
Сурет салуды сүю - өнерді, табиғатты, яғни қоршаған ортаны сүю. Ол
адамның ақыл-ой, парасатын өсіреді, танымы мен білімін кеңейтеді,
ізгілікке үйретеді. Өмірдегі келеңсіз құбылыстармен күресуге тәрбиелеп,
халқына, елі мен жеріне деген сүйіспеншілікке баулиды. Өнер қашанда
қамқорлықты және асқан жауапкершілік пен жанашырлықты қажет етеді.
Бейнелеу өнері сабағы мектеп қабырғасында көп жүргізілетіндіктен,
өнерді үйретуге оның әсері өте мол. Сондықтан оны жүйелі, қызықты өткізу,
оқушылардың өнерге деген қызығуын арттыру - осы пән ұстазының басты
міндеті.
Көбінесе, бейнелеу өнерін ұлттық сана-сезімді қалыптастырудың бір
ғана жолы деп қараймыз. Сол себепті тек ұлттық өнерді үйрету жеткілікті
деп ойлаймыз. Бұл дұрыс емес. Егер өзіміздің өнерімізбен ғана шектелетін
болсақ, онда жастарымыздың жан-жақты білімді болып тәрбиеленуіне
мүмкіншілік тұғызбайтынымыз мәлім.
Орта мектеп жасындағы оқушылардың сұлулықты танып-білуі негізгі
эстетикалық түсініктерінің келеңсіздігі мен көркемдігі түсініктерін
танумен байланысты. Бұларды оқушылар санасында әбден бекітіп алмай тұрып,
олардың дүниені сезінуі мен дағдыларын жетілдіру қиынға соғады. Орта
мектеп оқушыларының кейбір дүниетанымдық ерекшелік белгілерін олардың
салған суреттерінен, жазған шығармалары мен айтқан әңгімелерінен көріп,
естіп, байқауға болады. Көптеген оқушылар өздерінің өмірге көзқарасын
немесе кейбір қуаныш-шаттығын, назарлық-ашуларын тілмен жеткізе алмаса,
оны сурет арқылы жеңіл көрсете алады. Тек сол ойларын, өзіндік
тұжырымдарын дұрыс түсіну қажет. Себебі олардың шын, таза ойынан шыққан
тұжырымдар өмірдегі бүкіл шындықтың көрінісі болып шығады.
Пән материалдарын оқып-үйрену, оның мазмұнын толық түсіну - оқушылар
үшін күрделі психологиялық үдеріс болып табылады.
Оқу материалын меңгеріп, ұғыну оңай жүзеге аспайды. Сондықтан да
оқушы оқулықтағы материалдарды ұғынуда, түсінуде кедергілер мен
қиындықтарға кездеседі. Тәжірибеде байқалғаны, мұндай қиындықтарды жеңуде
пәнаралық байланыс ерекше роль атқарады. Мысалы: орта сыныптарда Бейнелеу
өнері сабағындағы кіріспе әңгімелер, өлеңдер, музыкалық шығармалар,
жұмбақ-жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, поэзиялық минуттар, экскурсиялар осы
пәнді тереңірек ұғымдыруға көмектеседі. Бұлар оқушылардың ұғымталдығын,
оқиғаны ұзақ есте сақтауын, тіл шеберлігін, ой ұшқырлығын, тапқырлығын
шыңдауға ықпал жасайды. Осы орайда әдебиет мен бейнелеу өнері сабақтарын
байланыстыра оқытуға мүмкіндік мол. Себебі әдебиет сабағында оқушылардың
ой-өрісі дамып, тіл байлығы, сөздік қоры жетіле түссе, бейнелеу өнері
сабағы кезінде оқушының ойлау жүйесі, әр нәрсені байқағыштығы ізденісі,
қоршаған дүние заттары мен құбылыстарын танып-білу іскерліктері
қалыптасады, салыстыру, абстракциялау, қиял сияқты күрделі психикалық
үдерістер дамытылады. Мұндай сабақ оқушының есінде берік сақталады.
Орта сынып оқушыларының жеке бастық қасиеттерін қалыптастыруда
бейнелеу өнері сабағының әсері күшті. Бейнелеу өнері пәні мектепте екінші
дәрежелілер қатарындағы пәндерге қосылып жүр. Дегенмен, бейнелеу өнерінің
балаға әсерін басқамен алмастыру, басқамен толықтыру мүмкін емес. Бұл
пәнде жеке бастық қасиеттердің басқа пән үстінде қалыптаспайтын түрлері
дамиды. Бала өзін қоршаған ортадағы оқиғалар мен құбылыстарды бейнелей
отырып, оларды бақылай және түсіне білуге, олардың әсемдігін көріп, оған
эстетикалық баға беруді үйренеді. Эстетикалық сүйсіну оқушының сезімін
дамытады, сезім күйін қалыптастырады. Оқушылар айналадағы дүниені бақылау,
көргенін бейнелеу арқылы бейнелеп отырған құбылыстың адамгершілік жағынан
алғандағы құндылығын анықтауға әрекет жасайды. Оқушының әсемдік өлшемі,
сонымен бірге оның моральдық өлшемдерін игеруі болып табылады. Бейнелеу
қызметі үдерісінде қалыптасатын эстетикалық сезімдер оқушылардың мінез-
құлқына, әрекетеріне және бүкіл біліміне оң ықпал жасайды.
Өмірдің фактілері суретпен бейнелеу арқылы оқушы танымдық жағынан
ілгерілей түседі, оның есте ұстау, ойлау, елестету қабілетері, дамиды.
Бейнелеу өнері пәнін орта сынып оқушыларының әлі де жаппай әуестенетін ісі
деп атауға болады. Іс жүзінде оқушылардың бәрі де бейнелеу өнеріне
бейімділік қана емес, қабілеттілік танытады, қолайлы жағдай жасалған кезде
бұл қабілет жемісті түрде дамып, жетіле түседі.
Бейнелеу қызметі оқушының болмысты қабылдауын белгілі бір дәрежеде
мақсат етіп қояды. Бұл ретте тиісті үдеріс бейнелеу міндетерімен ғана
шектеліп қалмайды, сонымен бірге оқушының рухани өмірінің басқа жақтарын
да қамтиды, оның тұтастай түйсіну қабілетіне, біліміне әсер етеді.
Өмірді бақылау сурет салу сабағының міндетті түрдегі шарты болып
табылады. Адамдардың мінез-құлқын бақылау ерекше маңызға ие. Адамды
бейнелеу оқушының адамдар жөнідегі түсініктерін терендететіндігін, оның
бойында мінез-құлықтын адамгершілік мәнін эстетикалық құралдарымен
бағалауға деген қажеттілікті тудыратындығын Н.К.Крупская атап өткен[35].
Бала мектепте, отбасында адамдардың әр-түрлі қылықтарына куә бола
отырып, олардың мінез-құлықтарының адамгершілік мәніне назар аудара
бермейді. Педагог оқушыларды бақылай білуге үйретеді. Адамгершілік
қасиеттердің көрініс беруіне себепші болған жағдайларды бақылау - оқушының
адамгершілік тәжірибесінің жинақталуына жәрдемдеседі. Ал бақылауларды
суреттер арқылы бейнелеу оның бойында адамның мінез-құлқына адамгершілік
тұрғыдан баға беруге деген қажеттілікті тудырады.
Бақылау алғашқы кезде адамдардың мінез-құлқының кез-келген мазмұнды
жағына жасалады. Мәселен, мұғалім оқушыларға: мектепке келе жатқан жолда
нендей қызықты жайлар көрдіндер? - деген сұрақтын төңірегінде ойластырып,
бақылауды ұсынады. Содан сон оқушылар осы тақырыпты сурет арқылы
бейнелейді. Әрине, балаға суреттеудің бәрі бірдей қолайлы емес. Сол
себепті де мұғалім оқушыларға бақылау үшін жанына жақын тақырып береді,
оқушының айтпақ ойы түсініктірек болу үшін оны бейнелеу керек екенін
бірлесе отырып талқылайды. Уақыт өткен сайын бақылаулардың мазмұны
күрделене түседі, сурет арқылы бейнелеу үшін өмірлік материалды таңдап
алуда оқушының дербестік дәрежесі арта түседі.
Педагог мұндайда әсіресе адамдар мінез-құлқының адамгершілік жағына,
оның күшті жан толқыныстарына бақылау жасауға жиі назар аударатын болады.
Картиналарды, суреттерді көріп тұрған бала оларды бақылау үстінде
адамдардың жан толқыныстарының сыртқы белгілеріне, мимикасына, жүріс-
тұрсына, дене қимылына қарап баға беруге үйренеді.
Оқушылардың адамдар сезімін түсіну тәжірибесін жинақтауы олар салған
суреттердің мазмұнынан, адамдар реакциясын өмір оқиғаларын бейнелеу
тәсілдерінен көрініс табады. Адамдарды бейнелеу, олардың көңіл-күйін сурет
арқылы көрсету міндетінің өзі-ақ баланы өзін қоршаған ортаны түсінуге
батыл араласып, адамдардың өз сезімдерін қалай білдіретінін бақылауға
мәжбүр етеді.
Н.К.Крупская оқушының басқаларды түсіне білуі оның өз
құрбыластарының арасында дұрыс мінез-құлық көрсетуіне көмектесетіндігін
анықтаған. Бала сурет арқылы өзін қоршаған өмір құбылыстарына баға береді:
сурет кейіпкерлерінің мінез-құлықтары оқушының мағлұматтары, қажет етуі
мен мұраттары арқылы айқындалады. Сурет - оқушының бейнелеу творчествосы
үдерісінің үстінде оның қиялымен жасалған жаңа өмірдің көрінісі болып
табылады. Оқушы бұл өмірді жасап қана қоймайды, оның өзі сол өмірге
қатысып отырады. Бейнелеу өнері үдерісінің осы ерекшелігі баланы тәрбиелеу
үшін аса маңызды, өйткені толқыныс үстінде баланы оқиға қаһарманына
айналдырады, кейіпкердің бойындағы қасиеттерді өз бойына көшіреді. Оқушы
бұл арқылы сан түрлі рөлдерді меңгереді. Орта сынып оқушысы, әсіресе 5-6
сыныптарда, сурет салғанда өзінің көңіл толқыныстарын білдіріп отырады:
біреулері қолдарын ерсілі-қарсылы сілтейді, дауыстап әңгімелеседі, өлең
айтады, басқалары жай ғана сыбырлап сөйлеседі, енді біреулерінің бет
бейнесі өзгереді. Мұның бәрі де жан толқынысынан немесе басқаның ренішін
өзіне қабылдай білуден, өзін басқаның орнына қоя білу қабілетінен келіп
туады. Мұның өзі орта сынып оқушыларының өз әрекеттерін талдай білуге
байланысты болады да, түбінде өзін-өзі тәрбиелеуге көмектеседі.
Сурет кейіпкерлерінің іс-қылықтарына ортақтасу, психологиялық
жағынан алғанда басқалардың ойын үстіндегі мінез-құлқына ұқсас болып
келеді. Бала тәрбиесі үшін мұның маңызы зор. Өйткені ойын сияқты суретте
де, мінез-құлықтағы адамгершілік нормаларын игеру шын мәнісіндегі қарым-
қатынас жағдайындағыдан гөрі тиімдірек, ал олардың өзі әлдеқайда түсінікті
болып келеді.
Орта сынып оқушыларының салған суреттерінің тақырыптарының маңызы
зор. Бұл тақырыптар мейлінше әртүрлі болып келуі мүмкін. Бірақ оқушылар
өмірімен байланысты тақырыптар бойынша тапсырма берудің оқушының жеке
басын қалыптастыру үшін маңызы зор деп есептеген жөн. Мәселен, бесінші
сыныпта оқушылар өз жасындағы оқушылардың өмірінен шағын оқиғаны
бейнелейді. Бұл тапсырма оқушының әдеттегі, күнделікті жайдың өзінде-ақ
адамгершілік-эстетикалық мән жататынын, ол жағдай әр оқушының өзіндік
мағлұматтарына сай шешім қабылдауын, тоқтам жасауын керек ететінін көріп,
түсінуіне, оқу материалын талдауға көмектеседі.
Орта сыныптардағы кейбір жекелеген мұғалімдердің тапсырманы былайша
қойғанын көрдік: Педагог оқушыларға бір парақ қағазға екі сурет салуды –
оның бірінде өмірде қалай жасалғанда дұрыс болатынын, ал екіншісінде
қайкенде қате болатынын көрсетуді тапсырады.
Оқушылардың мұндай жағдайдағы суреттерінің мазмұны белгілі шындықты
ғана көрсетеді, ол әртүрлі оқушыларда қайталанатын болады және әр оқушының
өмірлік тәжірибесін дәл көрсете алмайды. Оқушылардың мұндай суреттердің
астына жазған сөздері көп ретте: Жақсы қыз шешесіне көмектеседі, ал жаман
қыз көмектеспейді, Жақсы бала құсқа ұя жасайды, жаман бала рагаткамен
атады деген сияқты болып келеді де, суреттің мазмұнын толық ашып қояды
немесе суретте белгіленбеген жайлардан асып-түсіп жатады.
Бейнелеу өнері сабағы орта сынып оқушыларының бойында адамның ішкі
жай-күйін, оның сезімдері мен толғаныстарын дұрыс түсініп, сурет арқылы
дұрыс бейнелеу қабілетін, сол арқылы жаны ашуы қасиетін дамытуға күшті
әсер етеді. Бейнелеу өнері сабағы оқушының бойында адамның өмірге қарым-
қатынасын адамгершілік тұрғыдан түсіну, эстетикалық баға беру қабілетін
қалыптастырады, өзіне және басқа адамдарға қайырымдылық пен қарым-
қатынасты түсініп, бағалай білуге үйретеді. Бұлардың соңғысы орта сынып
оқушыларының бойында шындық құбылыстарына адамгершілік-эстетикалық
тұрғыдан баға берудің ұжымдық өлшемдеріне қалыптастыруға көмектеседі. Бұл
сабақ оқушылардың бойында табиғатқа деген дұрыс көзқарасты, табиғатты
бағалай білу қабілетін дамытады.
В.А.Сухомлинский оқушыларды табиғат тамашаларын көре білуге үйретіп,
оқушыларға айналадағы, төңіректегі тамаша құбылыстарды көріп, ұнағанды
суретке салуға бағыттау керектігін дәріптеген[36]. Оқушыларды бақылау
арқылы ол бала салған сурет, сурет үдерісі – оқушының рухани өмірінің бір
бөлігі болып табылатындығы туралы қорытынды жасаған. Яғни, оқушылар өзін
қоршаған дүниенің бір бөлшегін ғана қағаз бетіне көшіріп қоймайды, өздері
осы дүниеде өмір сүреді, сол дүниеге әсемдік жасампазы ретінде енеді, сол
әсемдікті тамашалайды.
Оқу пәндері оқушылардың білуге деген құмарлығын арттыруға
бағытталған бай мүмкіндіктерге ие.

1.2. Жеткіншек жастағы оқушылардың бейнелеу өнері негізінде танымдық
іс-әрекетін қалыптастыру және білім сапасын арттыру ерекшеліктері
Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуының жетекші
ролін атқарады. Сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің
қалыптасып дамуының жалпы шарттары философиясының негізгі мәселесі -
рухтың материяға, сананың болмысқа, қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім -
таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылими теориялардан
түбірлі айырмашылығы ол - білімнің қалыптасуымен негізделуінің жалпы
ұстанымдарын, объективтік қатынастарды қалыптастыру болып табылады.
Танымдық әрекет - оқушының білімге деген өте белсенді ақыл-ой
әрекеті.
Танымдық әрекет - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының бейнелеу өнері сабағында танымдық қызығушылығын дамыту
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖАЙЛЫ
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын айқындау
Бейнелеу өнерін оқытуда ұжымдық оқыту техникасын қолдану
Бейнелеу өнері пәнін оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Эстетикалық талғам - әсемдікті дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу
Эстетикалық тәрбие - тәрбиенің құрамды бөлігі
Оқушылармен жүргізетін музыкалық жұмыста кездесетін өнердің жақын түрлерінің өзара байланысы
Студенттердің шығармашылық құзыреттілігін қалыптастыру
Бейнелеу өнерінің пейзаж жанрының жасалу барысы
Пәндер