Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудағы дифференциациялық қатынас



1 Дене шынықтырудың оқыту теориясы мен практикасы туралы психологиялық, педагогикалық зерттеулерді талдау
2 Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби.педагогикалық қызметінің құрылымдық құраушысы
Дене шынықтырудың теориясы мен практикасында мұғалімнің кәсіби педагогикалық қызметі күрделі, көп құзыретті (полифункциональды) жүйе ретінде түрлендіруші, тасымалдаушы, басқарушы, субъект-субъектілі қатынас қалыптастырушы түрлерде қарастырылады. Ш.М.Бақтыбаева, Т.Ш.Қуанышев, Н.Э.Пфейфер, К.Х.Закирьянов, М.И.Виленский, Л.И.Лубышева, Ж.К.Холодов, В.М.Выдрин, В.В.Лобачев, Б.И.Орумбаев, т.б. еңбектерінде дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің мәнділігі терең зерттелген болатын[1].
Аталған ғалымдардың еңбектерінде дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің көп құзыреттілігі кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде мұғалім ұйымдастыратын және оқушы тұлғасын дамыту, оларды қимыл-қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын тәрбиелеуге бағытталған үрдіс болып сипатталады. Яғни, дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысы оның кәсіби педагогикалық қызметінің нәтижесі ретінде оқыту үрдісінде қалыптасады және оның көрінісі тәрбие тәсілдерінен, қатынастар жүйесінен, өзін-өзі таныту құралдарынан және субъектінің табиғи белгілерінен анықталынады.
Сол себепті дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудағы дифференциациялық қатынас қолдану аса маңызды дидактикалық қадам болып саналады[4].
1 Ермаков В.А. Теория и технология дифференциального физического воспитания детей и учащейся молодежи: Дис. ...докт. пед.наук.- Тула,1996
2 Бактыбаева Ш. Подготовка будущего учителя к работе по физическому воспитанию средствами спецкурса в условиях педвуза // Наука и образования Южного Казахстана, 2001, №1
3 Громова Л.А., Рябуха Н.Н. О модели учителя физической культуры // Межвузовский сборник научных трудов.- Алматы, 1999
4 Танаев Қ.Т. Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің әдістемелік дайындығының педагогикалық алғы шарттары // Бастауыш мектеп, 2008, № 2

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысын
қалыптастырудағы дифференциациялық қатынас

Дене шынықтырудың теориясы мен практикасында мұғалімнің кәсіби
педагогикалық қызметі күрделі, көп құзыретті (полифункциональды) жүйе
ретінде түрлендіруші, тасымалдаушы, басқарушы, субъект-субъектілі қатынас
қалыптастырушы түрлерде қарастырылады. Ш.М.Бақтыбаева, Т.Ш.Қуанышев,
Н.Э.Пфейфер, К.Х.Закирьянов, М.И.Виленский, Л.И.Лубышева, Ж.К.Холодов,
В.М.Выдрин, В.В.Лобачев, Б.И.Орумбаев, т.б. еңбектерінде дене шынықтыру
мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің мәнділігі терең зерттелген
болатын[1].
Аталған ғалымдардың еңбектерінде дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-
педагогикалық қызметінің көп құзыреттілігі кәсіби қызметтің ерекше түрі
ретінде мұғалім ұйымдастыратын және оқушы тұлғасын дамыту, оларды қимыл-
қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын тәрбиелеуге бағытталған үрдіс болып
сипатталады. Яғни, дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысы
оның кәсіби педагогикалық қызметінің нәтижесі ретінде оқыту үрдісінде
қалыптасады және оның көрінісі тәрбие тәсілдерінен, қатынастар жүйесінен,
өзін-өзі таныту құралдарынан және субъектінің табиғи белгілерінен
анықталынады.
Сол себепті дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысын
қалыптастырудағы дифференциациялық қатынас қолдану аса маңызды дидактикалық
қадам болып саналады[4].
Сонымен бірге, С.Л.Рубинштейн, В.В. Давыдов, А.Н.Леонтьев,
Л.С.Выготский, Н.М.Борытко, М.В.Буланова-Топоркова, Б.Т.Лихачев, Ашмарин
БА., Выдрин В.Н., Лубышева Л.И., Матвеев Л.П., Решетень И.Н., т.б.
психологтар мен педагогтардың еңбектеріне жасалынған талдау дене шынықтыру
мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметі ұғымының жеткілікті
зерттелмегендігін, әсіресе болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-
педагогикалық қызметі және болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-
іскерліктер мен дағдылары ұғымдарының кәсіби педагогикалық қызметтің
нәтижелік көрсеткіші ретінде қарастырумен шектелетіндігі анықтауға
мүмкіндік берді. Жоғары педагогикалық оқу орындарында мұғалімді дайындаудың
жалпыпедагогикалық дайындау мәселесі бойынша О.А.Абдулинаның,
В.А.Сластениннің, О.С.Анисимовтың, В.П.Беспальконың, В.И.Гороваяның,
Е.М.Ивановтың, В.В.Давыдовтың, Н.В.Кузьминаның, В.В.Лобачевтың,
Л.М.Митинаның, Н.Хмель, О.Сәлімбаев, М.Құдайқұлов, т.б. зерттеу
жұмыстарында болашақ педагогикалық мамандарды дайындаудың ғылыми-теориялық
негіздері кәсіби-педагогикалық қызметтің құрамдас бөліктерін зерттеумен
тоқталған, оның ішінде болашақ мұғалімнің кәсіби іскерліктері мен
дағдыларын кәсіби-педагогикалық қызметтің маманның тұлғалық сапаларымен
байланыстырмай қарастырады[2]. Соның нәтижесінде болашақ маманның
жалпыпедагогикалық іскерліктері мен кәсіби-педагоги-калық іскерліктері
арасындағы айырмашылық ашылмай қалады. О.С.Анисимовтың, Е.М.Ивановтың,
В.В.Давыдовтың, Н.В.Кузьминаның еңбектерінде болашақ педагогтарда кәсіби
іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру психодиагностикалық қызмет
деңгейінде қарастырылып, түсіндіріледі Ал дене шынықтыру мұғалімін
дайындауда кәсіби іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру көптеген жеке
жаттығулары арқылы қалыптасатын арнайы кәсіби қызмет деңгейінде
түсіндіріледі. Бұл біздің жоғарыда талдаған зерттеулеріміз болашақ дене
шынықтыру мұғалімін дайындаудың техникалық-тактикалық іскерліктер мен
дағдылармен шектеліп отырғандығын көрсетеді. Атап айтқанда, көптеген
теоретиктер дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-мәнді сапаларына маманның
қимыл-қозғалыс сапаларын дамытуды ғана жатқызатыны айқындалынып отыр. Оның
себебін зерттеушілер мектепте дене шынықтыру сабағының оқушыларда негізінен
спорттық жетілуді қамтамасыз ететін қимыл-қозғалыс іскерліктері мен
дағдыларын дамытуға бағдарланатынын дәйектейді.
Сондықтан, көптеген дене шынықтыру ғылымының теориялық негізін жасаушы
ғалымдар, атап айқанда В.К.Бальсевич, Г.М.Соловьев, Л.П.Матвеев, Б.А.
Ашмарин, т.б. дене шынықтыруды спорттандандыру арқылы беру керек деген. Бұл
тұжырымдамаға сәйкес мектепте дене шынықтыру спорттық жаттығулар арқылы
жүзеге асса нәтижелі болады, сондықтан болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін
дайындау спорттық-кәсіптік қызметке бағдарлануы тиіс деп санайды[3].
Дене шынықтырудың оқыту теориясы мен практикасы туралы психология-лық,
педагогикалық зерттеулерді талдау барысында дене шынықтыру мұғалімінің
кәсіби-педагогикалық қызметі ұғымы дәйектелген және оның құрылымдық
мазмұнын анықталған. Бұл мазмұнға сәйкес дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-
педагогикалық қызметі мұғалім мен оқушының субъект-субъект қарым-
қатынасының интегральды жүйесі болып табылады, ал оның басты мақсаты дене
дамуын түзету, денсаулық мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру,
арнайы қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын меңгерту болып саналады.
Сондықтан, дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметі
құрылымдық мазмұнды құрайды, оның құрылымдық және құзыретті құраушылары
болуы міндетті.
Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің құрылымдық
құраушысы дайындық мақсатын, мазмұнын, құралдарын, қызмет нысанасы мен
субъектілерін анықтаса, құзыретті құраушысы мұғалім орындаған міндетті
жалпы кәсібилік және арнайы кәсіби-педагогикалық іскерліктер мен дағдыларды
құрайды.
Сол себепті дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметі оқу-
әдістемелік, әлеуметтік-педагогикалық, мәдени-ағартушылық, ғылыми-
әдістемелік, ұйымдастыру-басқарушылық, спорттық-дене шынықтыру,
салауаттандыру әрекеттерін жүзеге асыруы тиіс.
Ал дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің құзыретті
құраушысы жалпыпедагогикалық және кәсіптену міндеттерін негізге алады.
Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің құрылымдық
құраушысы дайындық мақсатын, мазмұнын, құралдарын, қызмет нысанасы мен
субъектілерін анықтаса, құзыретті құраушысы мұғалім орындаға міндетті жалпы
кәсібилік және арнайы кәсіби-педагогикалық іскерліктер мен дағдыларды
құрайды.
Сол себепті дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметі оқу-
әдістемелік, әлеуметтік-педагогикалық, мәдени-ағартушылық, ғылыми-
әдістемелік, ұйымдастыру-басқарушылық, спорттық -дене шынықтыру,
салауаттандыру әрекеттерін жүзеге асыруы тиіс. Ал дене шынықтыру
мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің құзыретті құраушысы
жалпыпедагогикалық және кәсіптену міндеттерін негізге алады.
Осы тұрғыдан, М.Я.Виленский, В.А.Сластениннің жалпыпедагогикалық
міндеттерге рефлексивті-талдағыштық, құрастырушы-жобалаушы, ұйымдас-
тырушылық-әрекеттік, түзетуші-реттеуші қызметтерді жатқызу қажеттігі туралы
тұжырымдарына сүйенуді жөн көрдік.
Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық білімдері мен іскерліктерінің жүйесі
кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің моделі болып табылады. Бұл жерде кәсіби-
педагогикалық және іскерлік кәсіби-педагогикалық білімдерді оқыту мен
тәрбиелеу саласына үйреншікті, сондай-ақ жаңа күтпеген жағдайларда қолдану
әрекеттері ретінде қарастырылады.
Демек, кәсіби іс-әрекетке даярлықтың мазмұны болып табылатын болашақ
Л.П.Матвеевтің оқу құралында берілген тұжырымдамаға сәйкес дене шынықтыру
мұғалімінің білімдері мен іскерліктерін оның мамандыққа бейімделу іс-
әрекетінен іздеу керек.
Бүгінгі таңда дене шынықтыру мұғалімі мамандығының жобасын құру
жөніндегі педагогикалық еңбектерде негізінен үш үлгі қарастырылуда, оның
ішінде В.А. Сластениннің үлгісін негізге алуға болады. Олар қазіргі жағдай-
лардан туындаған мәселелер (немесе іс-әрекет түрлері); біздің еліміздің
қоғамдық-саяси құрылысының ерекшеліктерінен туындаған мәселелер (неме-се іс-
әрекет түрлері); кәсіптің, мамандықтың талаптарынан туған мәселелер (іс-
әрекет түрлері) ретінде шешуші орынға шығады.
Ол үлгінің бірінші блогы қазіргі маман ұғымына енетінді бейнелейді.
Жаңа заман маманға жаңа талаптар қояды. Ақпараттар тасқындап, білімдер тез
ескірген жағдайларда үздіксіз білім алу қажеттігі туады, яғни маман өз
бетімен жаңа білімдерді игеріп, жаңа мәселелерді шешуге даяр болуы тиіс.
Өзінің кәсіби іс-әрекетін әлеуметтік мәнді мақсаттарды есепке алып қайта
құру іскерлігі кәсіби іс-әрекеттің шартына айналады. Сондықтан маманды жаца
білім мен іскерліктерді игеруге үйрету, оқыту мақсаттарының бірі болып
табылады.
Үйрену іскерлігі өзінің қызметі бойынша іс-әрекеттің бірнеше түрлерін
қамтиды: жаңа ақпарат іздеу; жаңа ақпараттар алу үшін олардың көздерімен
(әдебиеттермен, компъютермен, Интернетпен, оқытушы-ғалымдармен және т.б.)
жұмыс істеуге тез бағдарлану; алған ақпараттан негізгіні ажырату оны
конспектілеп жазып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби қызметін қалыптастырудың ғылыми- педагогикалық негізі
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби даярлауды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру формалары және оларға ғылыми- әдіснамалық сараптама
Мұғалімдерді кәсіби қызметке даярлауды теориялық тұрғыдан негіздеу
Мұғалімдердің оқу және кәсіби қызметке даярлығын басқаруды ұйымдастыруда технологиялық қатынастың тиімділігін көрсету
Болашақ дене шынықтыру оқытушыларының кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру
Дене әдістемесінің теориясы мен әдістемесі, пәні
Мектеп оқушыларын тәрбиелеуде сынып жетекшісі мен ата-аналардың бірлескен жұмысының педагогикалық негіздері
Дене шынықтырудың міндеттері мен дене жаттығулары
Пәндер