Бастауыш сыныпта математикадан оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту


бастауыш сыныпта математикадан оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Шарипова Тәттігүл Шаймұратовна
№35 жалпы орта білім беру мектебі, бастауыш сынып
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейін әрбір оқушыда сапалы және терең білім іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Математика пәнін оқыту процесінің негізгі мақсаты - арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты жүйелі түрде пайдаланып оқушылардың интеллектін, шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады. Оқушылардың өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқушының пәнге деген қызығушылығынан және қажеттілігінен туады. Өз білімін көтеру жекелеген оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытып, шығармашылық белсенділігін арттырады. Оқушылар оқыту барысында білім алады, ал содан соң оны қолдану ары қарай шығармашылыққа үйлеседі. Шығармашылық - негізгі білім болғандықтан, оқушының білім деңгейіне сүйене отырып, олармен дайындық жұмыстарын, жоспарлы тұрақтылығын қалыптастыру жолдарын әр түрлі тапсырмаларды орнату арқылы бақылап отыру қажет. Математиканы оқытудың білімдік мақсаты барлық оқушыларды математика ғылымының негізгі болатын білімдер жүйесімен және ол білімдерді саналы түрде қолдана алудың іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқушылардың математикалық мәдениеттілігі мен математикалық іс-әрекеттері арқылы халық мәдениетінің элементерін қолдана алу іскерліктерін қалыптастыру. Әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуына, адамгершілікке ұмтылып, және шығармашылық дамуына мүмкіндік жасау. Оқытудың міндеттері білімдерін жалғастыруға басқапәндерді оқып үйренуге, күнделікті тұрмысқа қолдануға қажетті нақты математикалық білімдерін меңгерту. Жеке тұлға адамның психикалық рухани мәні, олардың өзінде адамның әлеуметтік маңызды қасиеттердің жиынтығы, өзіне және өзімен, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі, қажеттілік жүйесі, шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы жатады. Шығармашылық қабілетті дамыту - тұлғалық-дамытушылық оқытудың мақсаты. Тұлғалық-дамытушылық оқыту теориясы бойынша білім алу жеке тұлғаның дамуымен ұштасып жатуы тиіс. Кез келген оқыту дамыта алады, бірақ оның мазмұны мен әдістері дұрыс бағытталмағандықтан, нәтижесінде дамитын сапалар тар шеңберде қалады. Тұлғалық-дамытушылық оқытуға көшу дамытушы әсерлерді арттыру, оқу ісіндегі шығармашылық элементтерді күшейту дегенді білдіреді.
Барлық ғалымдар көрсеткендей, шығармашылық үрдістегі басты мәселе - есептің шартынан оның шешіміне барар жолдағы логикалық алшақтықты түйсік арқылы жеңу. Ақиқатқа қол жеткізер алдында эмоциялық қобалжу анық байқалады.
Математикалық қызметке тән және қоғамда адамның
толығымен қызмет жасауды қажетті ізденіс қабілеттерін
қалыптастыру, оқушылардың шығармашылығын дамыту.
Математика сабағында оқушылардың өзіндік және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін оқушының қабілетіне қарай оқу жұмысын істетуге қалыптастыру, іскерлік әрекет жасауға үйрету, шыңдау.
Оқушының ойлау қабілетін терең дамыту үшін көмекші, үйретуші, үлестірмелі, нұсқау беретін карточкалармен жұмыс істеу тәсілдерін қолдану әдістері.
Модульдік оқыту технологиясын оқушының қабілетіне қарай оқушылардың өз шығармашылығымен жұмыс істеуге, өз бетімен білім алуға, білімін практика жүзінде қолдана білуге, білімін күнделікті өмірмен байланыстырып отыруға бейімдеу жолдары (бір сабақтың жоспары арқылы көрсетемін) .
Математикалық есепті шығару процесі бұл үлкен еңбекке баулу процесі, адам дамуының қуатты қозғаушы күші- оның бойындағы табиғат берген қабілеті, сондықтан әр ұстаздың міндеті оқушының бойындағы қабілеті мен дарынының көзін ашу.
Қабілетті дегеніміз дамудың нәтижесі болғандықтан, оның педагогикалық ықпал аясындағы білім алу әрекеті. Оқушылардың іздену, ойлау қабілеттерін дамыту, білім деңгейін тереңдету, шығармашылыққа баулу, тез ойлап дәл жауап беруге қалыптастыру.
Біз көбіне математиканы білуді, оның оқу қабілетін байластырамыз. Мүмкін, ол да дұрыс шығар. Бірақ математиканы оқу қабілеті оқушының ойлау қабілетімен байланысты деп ойлаймын.
Математиканы оқу - ол формуланы қолдану деп түсінеді кейбір оқушы. Ал, математиканы оқу - терең ойлауды қажет етеді. Кез келген есепті шығару үшін, оның шығару жолын анықтау керек, қолданатын формулаларды, ережелерді тағы басқа ұғымдарды білу қажет.
Кез келген оқушы оқу әрекетінде күнделікті жинақтаған білімін меңгеріп, сонымен қатар шығармашылық іс - әрекеттерді орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.
Білім беру үрдісінде проблеманы өзі шешуге талпыныс жасау арқылы өз қызығушылығын, идеясын жүзеге асыруға әрекет етеді.
Оқушының шығармашылық, зерттеушілік қабілетін және іздеу әрекеттерін ұйымдастыру үшін оқушы өзінің осы уақытқа дейінбілетін амалдары мен тәсілдерінің жаңа жағдайда жеткілікті екенін ұғынып, одан әрі ізденуге, әрекеттенуге бағыттау керек.
Мектеп оқушыларының шығармашылық қызығуын қалыптастыру өте
маңызды, күрделі және көп салалы мәселе болып есептеледі.
Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіндеп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.
Шығармашылық іс-әрекет - мәселені қою, ойды тұжырымдап айту, аталған мәселені шешуде тиімді әдістерді қолдану, негіздеу, оны тәжірибе жүзінде қолдану барысында нәтиженің нақты көрініс беруі. Яғни, бұл - әр адамның өзін-өзі жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғамдық талаптар тұрғысынан һөзіне сыни баға бере алуы, айналаны өзгертуге қатыса алуы деген сөз.
«Шығармашылық қызығу» ұғымының мазмұнына ғалымдар төмендегідей сипаттама береді: жаңалықты сезінуге деген тұлғаның сезімдері, жаңалыққа ұмтылу, ойлаудың жоғары деңгейі, жаңа жағдайға қарай іс-әрекет түрлерін өзгерте алу қабілеті ( Ю. Кулюткин) ; тұлғаның шығармашылыққа негізделген бағыттылықтары ( А. Матюшкин) ; индивидтің шығармашылықпен өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігін көрсететін қасиет ( Л. Занков) .
Шығармашылық қызығу - бұл ішкі үрдіс, адамның орта әсеріне белгілі бір жауап беру тәсілі, өзіндік қарама-қайшылықтар әсерінен және қоршаған ортаға әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде өзінің субъективті қарым-қатынастарын есепке алу негізінде өзін саналы түрде жетілдіруге ұмтылысы. Ендеше ғылыми еңбектердегі «шығармашылық қызығу» ұғымдарын зерделей келе мынадай анықтама беруге болады: «Шығармашылық қызығу - жеке тұлғаның жаңа жағдайда өзекті мәселенің шешімін табуға танымдық бағдары негізінде, психологиялық сапаларын дамыта отырып, білімді-рухани құндылықтарға жетуге ұмтылысын сипаттайтын және шығармашылық қабілетті дамытуға жетелейтін танымдық сапасы».
Ғалым Р. Омарова өзінің докторлық зерттеуінде шығармашылық қызығуды шартты түрде үш топқа бөліп қарастыруға болатынын атап өтеді.
1) . Мақсатты қызығушылқ - оқушының белгілі бір мақсатқа болашақ мамандығына ынтасы мен тұрақты қызығушылығы
2) . Әрекеттік қызығушылық оқушының шығармашылық іс-әрекетінің өзекті мәселені шешуге ұмтылысы және жүргізіліп жатқан жұмыстың ағымында ғана қызығып, жолдастарымен бірлесіп жұмыс жасауы
3) . Танымдық қызығушылық - оқушының шығармашылық іс-әрекетке тұрақты қызығушылығы мен ынтасы, жаңашылдыққа ұмтылу, жаңа мақсаттарға сәйкес жаңа нәтижеге жету, білімді құндылық бағдары ретінде тануы.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіндее пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсат - мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Осы жағдайларды ескере отырып, профессор Жауынбай Қараевтың «Деңгейлік саралап оқыту» технологиясын таңдап алдым, яғни «Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, деңгейлік саралап оқыту технологиясын пайдалану». Бұл тақырыпты 4 жылға алып, әр жылға жекелей жоспар құрдым. Мұндағы мақсатым - өз бетімен дами алатын, әр түрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу. Бұл технологияда, біріншіден, дамыту оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, ынтасын, белсенділігін дамытып, білім спасының артуына көмектеседі. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz