Білім беру жүйесіндегі жаңаша бағыттардың теориялық негізі



КІРІСПЕ ... ... ... ..3

Негізгі бөлім. Білім беру жүйесіндегі жаңаша бағыттардың теориялық негіздері
1.1 Білім беру жүйесінің басты сипаты ... . 5
1.2 Саралап оқыту технологиясы ... ... ... . 7
1.3 Дамыта оқыту технологиясы ... ... ... 10
1.4 Деңгейлеп оқыту технологиясы ... ... ..13
1.5 Ақпараттық технолоиялар ... ... ... ... 15
1.6 Қашықтан білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
1.7 Сын тұрғысынан ойлау ... ... ... ... ... .20
III. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... .23
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиясы жолдауында, 1999 жылдың маусымында қабылданған Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында, 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған «Білім» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей қоғамның эканомикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл –ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан республикасы жарияланған білім беру басымдылығына, «жалпыға білім беру» моделін «әр адамға таңдау бойынша білім беру» моделіне көшуге негізделген.
Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу – тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгереді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым – қатынас пайда болды. Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық техналогияларды ендіруді міндеттейді.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. өйткені жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс - әрекеттің нәтижесі болып табылады. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру оқу – тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияны ендіру міндеттейді. Жаңа педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басында мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу–тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда іс-әрекет оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.
1. Жалпы білім берудің мектептің ұлттық моделінің қалыптасу жағдайындағы дамуы.
2. Ғылыми басылым, І бөлім. А.: ЖШС Мерсал 2003
3. Шаталов В. Ф. Баршаны да, әркімді де оқыта білейік. // Педагогикалық ізденіс.- А.:- 166 б.
4. К.өстеміров, А.Айтбаева // Қазіргі білім беру технологиялары. Алматы.2006 ж. 1560 б
5. Жұматаева Б.Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы. // Биология және салауаттылық негізі-2005.-№2.- Б.34-44.
6. Ж. Мұханбетов «Топқа бөліп оқыту» Алматы №5 2005ж. 16 – 18б.
7. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. – Алматы: Кітап, 2000. – 87б.
8. К.Ж.Бұзаубақова // Жаңа педагогикалық технология. Алматы. 2004 ж. 208 б.
9. Кобдикова Ж.У. Орта мектепте білім алуды технологияландыру.
10. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р. М. Педагогика .- А.: - 2000.- 206-207-208 б
11. Омарова Р.С. Оқу процесінде студенттердің ізденімпаздығын қалыптастыру. Алматы – 1998
12. Баженова И.Н. құрастырушы.Педагогикалық ізденіс - А; Рауан, 1990
13. Педагогический поиск. Москва: Педагогика. 1987.
14. И.Б.Жексенбаева «Балалардың дарындылығын диогностикалау» Әдістемелік құрал. Алматы. «Радиал» 2005 ж
15. Махмутов М.М. Проблемное обучение. Основные теории. Москва:Педагогика.1975

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Негізгі бөлім. Білім беру жүйесіндегі жаңаша бағыттардың теориялық
негіздері
1.1 Білім беру жүйесінің басты сипаты ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .. 5
1.2 Саралап оқыту
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... . 7
1.3 Дамыта оқыту
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..10
1.4 Деңгейлеп оқыту
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...13
1.5 Ақпараттық
технолоиялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
1.6 Қашықтан білім беру жүйесінің негізгі
ұғымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
1.7 Сын тұрғысынан
ойлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
III. ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

К І Р І С П Е
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан - 2030 стратегиясы жолдауында,
1999 жылдың маусымында қабылданған Қазақстан Республикасы Білім туралы
Заңында, 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған Білім мемлекеттік
бағдарламасында көрсетілгендей қоғамның эканомикалық және әлеуметтік
жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін
дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл –ой қорын жинау
сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан республикасы жарияланған білім
беру басымдылығына, жалпыға білім беру моделін әр адамға таңдау бойынша
білім беру моделіне көшуге негізделген.
Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт
алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу – тәрбие үрдісіндегі елеулі
өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгереді, білім
берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым – қатынас пайда болды.
Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа
педагогикалық техналогияларды ендіруді міндеттейді.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты
міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және
қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде
мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми – педагогикалық негіздерін
меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. өйткені жаңа педагогикалық технологияны
меңгеруге мұғалімдерді даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау
аспектісінің бірі және тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс - әрекеттің
нәтижесі болып табылады. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту
үрдісін ұйымдастыру оқу – тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияны
ендіру міндеттейді. Жаңа педагогикалық технологиялар - бұл білімнің
басында мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу–тәрбие
үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан
міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық
жүйелері, мұнда іс-әрекет оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын
құрайды.
Оқытудың жаңа технологияларының принциптері – оқытудың ізгілендіру,
өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп,
өсіруші, тәрбиелеуші жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа технологияларын
меңгермейінше сауатты, жан-жақты жетік маман болу мүмкін емес. Жаңа
технологияны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін
тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған
заманында оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалану оқушылардың білім
деңгейін заман талабына сай арттырады. Осындай әдістердің бірі – Англиядан
шыққан оқытудың интерактивті әдісі. Интерактивті әдіс – диалогтық әдіс,
нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір-бірімен байланыса отырып, мәселелерді
шешеді:
Міндеттері:
- Қазақ тілін оқытуда интербелсенді әдіс-тәсілдерді енгізу және
оқушылардың білімі мен біліктілігін қалыптастыру;
- Интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушылардың танымдық
қызығушылығын және білім сапасын арттыру;
- Интербелсенді әдіс-тәсілдің дәстүрлі білім беруге қарағанда
оқушыларда алған білімді жүйелеу;
- Интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланғанда мұғалімнің уақытын
үдемдеу және ны оқытуда тиімді пайдалану.

1.1 Білім беру жүйесінің басты сипаты
Қай мемлекеттің де негізгі тірегі – асқақтаған күмбездер де,
ғимараттар да, эканомикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де,
де белсенді адамдар. Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен
фирмалар, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен
дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады (Қазақстан -2030
бағдарламасы). Әрине, келешектің иесі – жастар. Жастар өзінің ата –
анасынан гөрі заманына көбірек ұқсас келеді. (И.С.Кони). Сондықтан қоғам
талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең
маңызды мәселе екені даусыз. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың
деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай
маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер
мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы
келеді [1]. Білім беру саласында жаћандану да бірқатар үрдістермен
сипатталады. Гордон Драйден мен Джанет Востың “Білім беру революциясы “
кітабында (2003ж) білім беру саласында осы заманғы әлемнің көптеген
елдеріне тән проблема тамаша баяндалған: “Әлем сондайлық жедел өзгеруде, ал
білім жүйесі сондайлық оралымсыз да жігерсіз, ол бейнебір уақыттың торына
түсіп қалғандай, әлдеқашан аяқталған өткен дәуірге қызмет көрсетуін
жалғастырып келеді.” Бұл біздің атымызға айтылған секілді.
Білім ақпараттық қоғамда құнның негізгі көзіне айналып барады. Білім,
инновациялар мен оларды нақты қолданудың әдістері барған сайын пайда көзі
ретінде көрінуде.
Экономикалық дамудың жаңа тұрпаты қызметкерлер үшін өз өмірінде
бірнеше рет мамандығын ауыстыру, өз біліктілігін үнемі арттыру қажеттілігін
туғызады. Білім беру саласы ақпараттық қоғамда экономикалық саламен елеулі
түрде астасады, ал білім беру қызметі ақпараттық қоғамның экономикалық
дамуының аса маңызды құрамдасына, артта қалушылықты еңсерудің факторына
айналады.
Білім беру ұғымының өзі өзгеруде және кеңеюде. Білім беру барған
сайын көп ретте мектепте және тіпті жоғары оқу орнында оқумен бірдей
түсінілуден қалады.
Жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны
дамыту тұжырымдамасына көшу жүріп жатыр. Жаңа тұжырымдама білім берудің
даралық сипатын көздейді, ол әрбір нақты адамның мүмкіндіктерін және оның
өзін-өзі іске асыруы мен өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге
мүмкіндік береді.
‡здіксіз білім беру, ересектердің білім алуы барған сайын үлкен мәнге
ие болуда. Жақсы жазу қарттыққа дейінгі тыныш та қамсыз өмірдің кепілі
болғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Соңғы онжылдықтарға адам қызметінің
түрлі салаларындағы технологиялар мен білімнің жаңару жеделдігі тән.
Бүгінде тіпті жоғары білімнің өзі көпке жетпейді.
Дженерал Моторс корпорациясының президенті бұл туралы былай дейді:
“Бізге төрт және тіпті алты жылдық емес, қырық жылдық білімі бар мамандар
қажет.“
Ақыр соңында, білім берудің халықаралық интеграциясы жүріп жатыр.
Білім беруді дамытудың маңызды белгісі оның жаћандылығы болып табылады. Бұл
белгі осы заманғы әлемде интеграциялық үдерістердің орын алуын, қоғамдық
өмірдің түрлі саласында мемлекеттер арасындағы интенсивті өзара
ықпалдастықты бейнелейді. Білім беру ұлттық басымдық категориясынан әлемдік
басымдық категориясына өтуде.
Аталған үрдістер Қазақстанда ғылым мен білім беру жүйесін дамытудағы
негізгі бағыттарды анықтауы тиіс.
Білім беру жүйесі реформасының орталық буыны осы заманғы ақпараттық
технологиялар мен білім беру үдерістерін жаппай ендіру болуы тиіс. Бұл
кезеңде негізгі назарды оқытушыларды қайта даярлау мен біліктілігін арттыру
қажеттігіне аударған жөн. Бұған қоса оқу бағдарламаларын олардың
халықарарлық стандарттар мен осы заманғы әлемнің талаптарына сәйкестігі
тұрғысынан қайта қарастыру керек.
Бәсекеге қабілеттілік мәселесі – бұл, ең алдымен, сапа мәселесі.
Қандайлық жақсы және кәсіби болса-дағы бір де бір оқытушы егер оқушының өзі
білімге ұмытылмаса, егер оқушының өзі кәсіби, жоғары білікті маман болғысы
келмесе, оны ештеңеге үйрете алмайды.
Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени – ғылыми прогреспен
қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары
құндылық. Оның ең негізгі қызметі – адамның менталитетін, адамгершілігін,
творчествалық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз
өзінің дамуының ең басты алғы шарты – білім беру жүйесінің Білім
ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді [2].
Білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру
процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді
басқарудың демократиялық сипаты,білімнің, ғылымның және өндірістің
интеграциялануы, ақпараттануы, оқушыларды кәсіптік бағдарлау, білім беруді
саралау, ізгілендіру, гуманитарландыру және т.б. – білім беру саласындағы
мемлекеттік саясаттың негізгі принцптері.Сонымен қатар Қазақстан
Республикасының ғылым және ғылыми – техникалық саясат тұжырымдамасында да
ғылымды демократияландыру, интеграциялау, инновациялық процестің білім,
ғылым саласында кең өріс алуы да атап көрсетілген [3].
Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты – ұлттық білім
моделін жасау. ¦лттық білім үлгісінің негізгі бағыты – адамды қоғамның ең
негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік
жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани
жан – дүниесінің байуына, саяси көзқарасының, творчествалық еркіндігі мен
белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік
беру. Яғни, ХХI ғасырдың маманы – жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар
бойынша ой - өрісі кең, жан – дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары,
кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым – қатынас жасай алатын,
басқаның пікірімен санасатын, кез – келген ситуациядан шығудың жолын таба
алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын,
қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ал мұндай мүмкіндіктің негізі -
жоғары білімде. өйткені жоғары білім – үздіксіз білім беру жүйесінің
шешуші тетігі. Сондықтан білімгерді тек маман ретінде ғана қарамай, оны өз
қоғамының азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған
мүмкіндік жасау қажет [4].
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде
білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру
мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол
ашты.
Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің
дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру
бағдарламаларының нақтылануымен баий түсуде. Атап айтқанда:
- Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді
пайдалана отырып, ақыл – ой дамытатын оқуға көшу;
- Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл – ой әрекетінің динамикалық
құрылым жүйесіне көшу;
- Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп,
саралап оқыту бағдарламасына көшу [5].
Кез – келген елдің экономикалық қуаты, халқның өмір сүру
деңгейінің жоғарлылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол
елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа
технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға
қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.
Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым және
мәдениеттің қарқанды дамуының екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі
заманның ақпараттық технологиясын игеру міндетіміз [6].

1.2 Саралап оқыту технологиясы
Білімді даралап, саралап берудің басты бір бағыттарының бірі – дарынды,
талантты балалар мен жас өспірімдерді оқыту. Кейінгі кезде мұндай өзекті
мәселеге әлемдік педагогикалық қызығушылық бары байқалады. Соның бір
айғағы ретінде жоғарғы қабілетті Еуропалық ассоциация құрылды.
Ассоцацияның басты мақсаты – дарынды балаларды зерттеу, қолдау және
мадақтау. Мұндай саясат Қазақстанда да жүріп жатыр. ( Болашақ
бағдарламасы, Дарын орталығы.) Ғалымдардың есептеуі бойынша әрбір жас
ерекшелігіне байланысты топта 3 пайызға дейін өте талантты оқушылар
болады. Бірақ олардың барлығы мадақтала бермейді. Дүние жүзінде болып
жатқан мұндай құбылыстан Қазақстан да қалыс қалып отырған жоқ. Ел
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында Біздің
балаларымыз біліктілігі жоғары мамандар болады, оларға жағдай жасау
керек делінген. Танымал француз педагогы дұрыс атап көрсеткеніндей:
"Оқыту, дегеніміз – екі есе оқу". Шын мәнінде, мұғалімдердің үздіксіз оқу
және дайындалуынсыз жақсы нәтиже күтуге болмайды. Сондықтан да үстіміздегі
жылдан бастап оқытушылар өздері оқытатын пәнге қатысты білім деңгейі
бойынша тестіден өткізіледі. өйткені тек солардың біліктілігі – білім
жүйесіндегі нақты анықтауыш. Егер сөзде, істе, әрбір әрекетте сенімділік
пен нақтылық болмаса, онда көз алдаудың орын алары сөзсіз. Ал мұғалім
қызметіндегі көз алдау орын толмас өкінішке ұрындырады. Себебі ол – бұл
дүниедегі ең құнды материалмен жұмыс істейтін тұлға.
Бүгінгі ұлдарымыз бен қыздарымыз жылдар жылжып өткен кезде қандай болатыны
тікелей оқытушыға байланысты. Сондықтан да билік – қоғам – мұғалім үш
бұрышы ырғақты, түсіністікпен жұмыс істеп, жалпыұлттық мүддеге қызмет етуі
тиіс. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі Қазақстанның оқытушысы жан-жақты, терең
білімді тұлға болуы керек. "Бір салада құнсыз болған адам келесі бір
салада айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуі мүмкін емес" деп Мераб
Мамардашвили бекерге айтпаған. Бұл, әсіресе, әлемнің бәсекелестікке
қабілетті 50 елінің сапында болуды мақсат тұтқан біздің жас
мемлекетіміздің білім беру жүйесі үшін ерекше маңызды. өйткені білімді
жастарсыз, талантты топ-менеджерлерсіз мақсат еткен биік асуды алу мүмкін
емес. Ал оларды даярлау еліміздің мектептері мен жоғары оқу орындарына
жүктелген.
Данышпан ұстаз Ыбырай Алтынсарин бұдан ғасырдан астам уақыт бұрын
"Бір Аллаға сыйынып, кел, балалар, оқылық" деген екен. Бұл сөзді бүгін
қайталаушы біздер жас бүлдіршіндерге: "мемлекет сендердің жақсы білім
алуларыңа қолайлы жағдай туғызды, енді сіздер сол қамқорлыққа жақсы
оқуларыңызбен жауап беріңіздер" демекпіз. өйткені білімділер ғана бар
мақсатына жетеді [7].
Республикада Дарын ғылыми - практикалық орталығы құрылған.
Мақсаты - еліміздегі талантты да дарынды балаларды тауып, сапалы білім
беру. Көптеген авторлық мектептер, гимназиялар, лицейлер және жекеменшік
мектептер ашылуда. Ең таңдаулы жастар шет елге оқуға жіберіліп тұрады.
Балаларды саралап оқытуда тестік жүйе кеңінен тарап келеді. Білім беру
саласында әлемде болып жатқан үрдіске қосылуымыздың өзі егемендік
алуымызбен тікелей байланысты. Саралап оқыту идеясы әлемде 30 –
жылдардан басталса, Қазақстан мектептері үшін инновациялық (жаңаша)
бастамалардың оң нәтижелері аз зерттеліп отыр
Саралап оқытудың басты бағытының бірі - толықтыра оқыту, яғни
үлгерімі төмен оқушыларға қосымша педагогикалық күш жұмсау. Толықтыра
оқыту дегеніміз – үлгермеушілікті жою мақсатында өзіндік бағдарламамен
оқыту.
Мектепшілік саралап оқытуда елеулі жетістіктерге жету үшін мынандай
мақсаттар қою керек:
• нақтылы бағдарлама жасау:
• педагогикалық ұжым білім беру мен оқытуда саралаудың теориясы мен әлем
педагогикасының іс – тәжірибесімен қаруланған болуы;
• материалдық базаның жеткілікті болуы [8].
Қазақстан мектептерінің осы бағытта қандай жетістіктерінің толық
зерттелмегенімен, аз – кем жұмыстар істелініп жатыр деуге толық негіз бар.
Сондай – ақ Қазақстанда білім берудің мемлекеттік емес саласы да кеңейе
түсуде. Қазіргі таңда мемлекеттік емес мектептерде 15 мың бала оқып
жүр. Білім жөніндегі қызмет рыногы құрылды, кез келген рынок сияқты ол
да бәсекелестік заңдарымен дамып келеді. Білім туралы жаңа заң, Білім
атты мемлекеттік бағдарлама, осы көкейкесті мәселе бойынша бірқатар
маңызды шешімдер қабылданады. Осы арқылы білім беру жүйесін нарық
ұстанымдарының талаптарын ескерте отырып дамытуға жаңаша жағдайлар
жасалды.
Саралап (дифференциалды) оқытудың тағдыры:
* Мектептік оқулықтарға;
* әдістемелік оқу құралдарына;
* ұстаздардың білімі мен шығармашылықпен еңбек етулеріне;
* шәкірттердің даярлықтарына, талаптарына;
* оқыту әдістемесінің жүзеге асырылуына байланысты
Мектептерде үздік, дарынды оқушылар бар, олардың үміт талабын,
бағдарын дамытуда саралай оқыту - бүгінгі күннің алға қойған міндетін
шешудің негізгі жолы. Саралай оқыту екі кезеңнен тұрады:
• дайындық кезең;
• негізгі кезең.
Дайындық кезеңнің басты міндеттерінің бірі – шәкірттер ішінен
талантты, дарындыларды тауып, олардың қабілеттерін дамыту, білімге
құштарлығын қанағаттандырып, белсенділіктерін арттыру.
Негізіг кезең - оқушыны ынталандыратын пәндерді айқындап, ондағы
оқуға қажеттілерді тереңдете оқытуға назар аудару. Қазіргі кезде
жарияланған бағдарламалар ішінен оқушы талғамына сай келетін түрін
таңдап алу қажет.
Таңдап алынған бағдарламаға сай әрбір пәндерге бөлінетін сағат
пайдалы әсер коэффициенті жоғары дәрежеге жеткізе еңбек етуді мықтап
ойластырған жөн. Бұл арада мұғалім оқулықтар, оқу құралдары, зертхана,
кабинет жабдықтарын кеңінен пайдаланып, уақытпен санаспай, шәкірт уақытын
аялап, жалықпай, жауапкершілікпен еңбектенсе ғана көздеген мақсат
жүзеге асады [9].

3. Дамыта оқыту технологиясы
Бұл технология – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның
нәтижесінде әр оқушының өзін - өзі өзгертуші субьект дәрежесінде көтерілуі
көзделіп , оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалынады. Дамыта
оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы:көздеген мақсатында, мәнінде,
мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын
қызметінде, әдіс – тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің
түрінде, оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың
қарым – қатынас сипатында, танып – білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы
коммуникациялар түрлерінде, т.б [10].
Әлемдік педагогиканың, көбінесе, жүгінетіні – Л.С.Выготскийдің
идеяларына негізделген В.В.Давыдов пен Д.В.Эльконин және Л.В.Занковтың
дамыта оқыту жүйелері. Л.С.Выготскийдің идеялары Еуропа елдерінің көптеген
университеттерінің педагогика факультеттерінде оқытылады. Бұл бағдарлы
идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдауын табуда. Бірақ оны жалпы білім
беретін мектептерде іске асыру көптеген қиындықтар тудыруда.өйткені,
ұсынылған әдістемеліктер мен технологиялар көбіне дербестік сипатта,
сондықтан кез келген мектепте әр түрлі ерекшелікті балалар арасында
қолдануын таба алмай жүр [11].
Дамыта оқыту – білім беру мекемесінің әрбір сабақта, күнделікті қарым
– қатынаста,мектепте және мектептен тыс істе асырылатын өзекті мақсаты,
сонымен қатар, болашақты болжаған оқушы тұлғасын өзіндік жетілдіруіне,
өзіндік қалыптасуына жеткізетін амал.Оқушы тұлғасының дамуы түсінігіне оның
қалыптасуына, біртұтастығына және бөлек бөліктеріне (сезімділік, зерде,
ерік, құндылықтар, білімділік және тәжірибе, т.б) поэзитивті өзгерістер
енеді Даму дегеніміз – материалдық және идеялық объективтілердің
қайтымсыз, нақты бағытталған, жаңа сапаның пайда болуына алып келетін заңды
өзгерісі. Егер жаңа сапа қандай да бір қатынаста ескіден озса, онда
дамудың прогрестік, ал егер ескіге жол берсе, регрестік түрі келбетінде
тұрады [12].
Профессор Б.Д.Элькониннің пікірі бойынша дамыта оқыту жүйесімен білім
алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең және көріп – білудің
жаңа тәсілін игергендері көзге түседі, яғни дүниеге және оны тану үрдісі
баланың сол үрдіспен толық шұғылдану және қызығу таныту жағдайында пайда
болады. Қазіргі заманғы жаңашыл жағдайларда жаңашыл міндеттер туа бастайды,
соның негізгісі - дамыта оқыту педагогикасын не қалыптастыру, яғни дамыта
оқытудың педагогикалық не балалық психологиясын емес, дамытушы білім
берудің жүйесін қалыптастыру. В.С.Лазаре ойы бойынша, дамыта оқыту бөлек
бір сыныпта болуы мүмкін емес , ол үшін әбден жаңа типті мектеп қажет,
педагогтерді ғана дайындамай басқарушыларды да арнайы даярлау қажет [13].
Дамыта оқыту идеясы бойынша оқушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде
ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын
жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім–сабақ үрдісін ұйымдастырушы,
бағыттаушы адам рөлінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше
дәлелдей білуге үйретіледі.Әр оқушы өз ойын білдіріп, пікір айтуға
мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда
дұрыс бола бермес.Дегенмен,әр бала жасаған еңбегінің нәтижесін бөлісіп,
дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылау үйренеді [14].
Осындай негізде құрылған іс - әрекеттер бір – бірімен тығыз
байланысты: Қажеттілікті анықтау, оның мотивін шығару, мақсат қою,
мақсатқа жету жолдарын ашу мақстақа жету үрдісі (әрекет, операциялар),
нәтижесін шығару. Сонымен, жалпылап айтқандап, оқушы тұлғасының дамуына
ықпал жасайтын сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі
төмендегідей:
• оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын (білім беру стандарты
бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;
• оқыту үрдісінде оқушының теориялық және өнімділік ой құрастыру
әрекеттерін, танымдық қабілеттерін белсендіру;
• оқушылардың танымдық қызығуларын, оқуға деген мотивациясын дамыту;
• оқу материалын игеруде және іс - әрекеттерінде жете ұғынуға
талпындыру;
• белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын, серіктестігін
ұйымдастыру;
• көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану;
• оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті – зерттеу түрлерін
ұйымдастыру;
• оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану;
• оқыту барысында әр түрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді
(стандартқа сейкес) оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу;
• дамытушы оқытуға арналған ойындарды қолдану;
• жаттығу сабақтарын сапалы ұйымдастыру (коммуникациялық жаттығулар,
зейін, ес, ойлау жәнеп т.б. дамыту жаттығулары ).
Осы міндеттерге жүгіне отырып, дәстүрлі білім беру жүйесінде де
оқушы дамуына жәрдемдесетін кейбір қажетті қасиеттер бар. Олар:
• мектепте және әрбір сыныпта, оқу тобына мұғалімдер мен оқушылардың
күш – жігерлерін біріктіретін оңтайлы жағдай тудыратын тілектестік жұмыс
жағдайын қалыптастыру;
• оқушы мен мұғалімнің қарым – қатынасы (өзара сыйласу, түсіну,
әрекеттестік ұстанымымен жеке тұлғалық түсінушілік негізінде іске
асырылуы );
• оқыту үрдісінде репродуктивтік және шығармашылық іс - әрекеттер
оқушылардың жеке бас ерекшеліктерімен, уақытша жағдайымен, оқыту
материалының деңгейімен анықталуы;
• оқыту деңгейінің анықталған бірізділікті бірітінділеушіліктің болуы
(оқыту жылдарына байланысты, нәтижелеріне байланысты, білім беру
стандарттарына сәйкес, т.б. ) ;
• оқу материалы бөлек – бөлек пәндерге бөлінуі және соған қоса
кіріктірілген курстардың да болуы (табиғаттану,әлеуметтік ғылымдар,
қоршаған орта және т.б. ) ;
• оқушылардың шығармашылық мүмкіншілігінп тудырып, қабілеттерінің жан
– жақты дамуына ынталандыруы көздеген әр түрлі әдіс – тәсілдерінің кең
қолданылуы (диалог – сабақтар, ғылыми жоба қорғау сабақтары, пікірталас,
іскерлік ойын сабақтары, т.б. ) ;
• оқушылар әжептеуір уақыт аралығында мысалы, (бір, не бірнеше жыл)
белгіленген бір тұрақты топтарда сабақтасуы. Бұл топтардың ішінде аз санды
топтар қалыптасып уақытша (бір, не бірнеше сабаққа) қызыметтесуінің
мүмкіндігі және жұппен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс жүргізілуі;
• балалардың эмоционалды – сезімділік және абстрактілігі, логикалық ой
құрастырылуын дамытуға ықпал етілуі;
• үкіметтің білім беру саласындағы стандарттары бәріне бірдей естен
шығармай, жалпы білім беруді кемсітпей, оқыту үрдісінде әрбір оқушының
қажеттіліктері мен қызығуларының ескерілуі;
• оқу жоспарларында міндеттелген және таңдап оқитын пәндердің
үйлесімді қосылуы;
• оқушылардың танымдық қызығуын арттырып және білім алу нәтижелерін
жүйелі талдаудан өткізіп, бағалауы;
• оқушыларидың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік
бағалау әрекеттерінің ұйымдастырылуы [15].
Қазіргі біздің елдің мектептерінде осындай бірталай баптары игерілу
үстінде. Олар: мектептерде өзіндік басқару ұйымдары, топтық жұмыс істеу
әдістері мен түрлері, таңдап оқитын курстардың санының көбеюі, т.б.
Осының барлығын іске асыру үшін кәсіби шеберлігін шыңдауға шаршамайтын,
ұсаздықпен жалықпайтын, танымгер, өз ісіне құштар, яғни демократиялық
әулеті жете дамыған мұғалім қажет. Бала ұрпақты баулу,тәрбиелеу–аға
ұрпақтың мойнына жүктелетін тарихи парыз, игілікті уәзипа - деп, ақылшы
ақын М.Әлімбаев айтқандай, әрбір еремек адамның сана – сезіміне салмақты
орын алуы тектік қорымызды сақтауға жетелеуші алғы шарт болып табылады
[16].

1.4 Деңгейлеп оқыту технологиясы
ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі педагогикалық ой – тұжырымдардағы гуманизм
идеялары,еркін білім беру, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту үшін
мектептің алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана
отырып, жеке тұлғаның дамуына мектеп ортасында қолайлы жағдай жасау
қажеттілігі туындайды. Мектептің педагогикалық құрылымда негізгі құндылық –
оқушы және оның жеке тұлғасы. Педагогика ғылымының докторы, Ж.Қараевтың
деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік
тапсырмалар дайындауға болады. өйткені қазіргі экономикалық жағдай оқушының
жаңа үрдістерін талап етуде. Сондықтан ғылыми ізденіс барысында педагогика
саласындағы оқытудың деңгейлік жүйесі оқушылаға ғылым негізін меңгертудің
негізі тиімді жолы болып табылады. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі –
оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында.
Сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің құзыреттілігі
Педагогикалық инновациялар тәрбие мен оқыту үдерісін өзгертуі немесе жетілдіруі
Кәсіптік оқытудың қазіргі технологиялары
Семиотикалық сын туралы түсінік
Казіргі окыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау, бағалаудың жаңа технологиясы
Әрбір оқушының өз ерекшіліктеріне, ынтасына, мүмкіндіктеріне орай білім алуын қамтамасыз ететін оқыту жүйесін жасауға ұмтылу жолдары
Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
Инновациялық білім беру технологиялары
Оқыту үрдісінде модульдік оқыту технологиясын қолданудың өзіндік ерекшеліктері
Әлеуметтік реформалар және білім беру жүйесіндегі өзгерістер
Пәндер