Бұлшықеттердің маңызы мен құрылысы



1 Бұлшықеттердің маңызы мен құрылысы
2 Денені қозғалысқа келтіретін бұлшықеттер
3 Бұлшықеттердің топтары, қасиеті, қажуы, гигиенасы
4 Бұлшықеттердің негізгі топтары
5 Екібасты және үшбасты бұлшықеттер
Маңызы. Бұлшықеттер адам ағзасындағы әр түрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Бұлшықеттің қатысуымен адам кеңістікте қозғалып, дененің тепе-теңдігін сақтайды. Кеуде қуысын құрайтын қабырғалардың арасындағы бұлшықеттер мен көкет (кеуде мен құрсақ қуысын бөліп тұратын ет) тынысалу қозғалысына қатысады. Жұтыну, дауыстың шығуы, көздің қозғалуы, ішкі мүшелер жұмыстарының барлығы бұлшықеттердің жиырылу, босаңсу әсерінен болады. Сүйектермен бірлесіп денеге пішін беріп, денені тік ұстауға көмектеседі (50-сурет).
Құрылысы. Бұлшықеттер – бұлшықет ұлпасынан, тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпалардан, қантамырлары мен жүйке талшықтарынан тұрады. (Бұлшықет ұлпасын естеріңе түсіріңдер). Бұлшықеттердің негізін – көлденең жолақты бұлшықет талшықтарының жіңішке шоғыры (пучки) құрайды (51-сурет). Бұл шоғырлардың сыртын дәнекер ұлпасы қаптайды. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан қаңқа бұлшықеттері, тығыз дәнекер ұлпасынан сіңірлер түзіледі. Бұлшықет ұлпасын құрылысына қарай бірыңғай салалы, көлденең жолақты (қаңқа бұлшықеттері) және жүректің бұлшықеттері деп бөледі.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Бұлшықеттердің маңызы мен құрылысы
 
Маңызы. Бұлшықеттер адам ағзасындағы әр түрлі қозғалыстарды қамтамасыз
ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Бұлшықеттің қатысуымен адам
кеңістікте қозғалып, дененің тепе-теңдігін сақтайды. Кеуде қуысын құрайтын
қабырғалардың арасындағы бұлшықеттер мен көкет (кеуде мен құрсақ қуысын
бөліп тұратын ет) тынысалу қозғалысына қатысады. Жұтыну, дауыстың шығуы,
көздің қозғалуы, ішкі мүшелер жұмыстарының барлығы бұлшықеттердің жиырылу,
босаңсу әсерінен болады. Сүйектермен бірлесіп денеге пішін беріп, денені
тік ұстауға көмектеседі (50-сурет).
Құрылысы. Бұлшықеттер – бұлшықет ұлпасынан, тығыз және борпылдақ дәнекер
ұлпалардан, қантамырлары мен жүйке талшықтарынан тұрады. (Бұлшықет ұлпасын
естеріңе түсіріңдер). Бұлшықеттердің негізін – көлденең жолақты бұлшықет
талшықтарының жіңішке шоғыры (пучки) құрайды (51-сурет). Бұл шоғырлардың
сыртын дәнекер ұлпасы қаптайды. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан қаңқа
бұлшықеттері, тығыз дәнекер ұлпасынан сіңірлер түзіледі. Бұлшықет ұлпасын
құрылысына қарай бірыңғай салалы, көлденең жолақты (қаңқа бұлшықеттері)
және жүректің бұлшықеттері деп бөледі. Бірыңғай салалы бұлшықеттер ішкі
мүшелердің ішкі жағын (ішек, асқазан, қантамырлар, қуық, бездердің
өзектері) астарлап жатады. Жиырылғанда ішкі мүшелердің көлемін өзгертеді.
Олардың жиырылуы баяу әрі ырғақты және адамның еркінен тыс жүзеге асады (52-
сурет).
Денені қозғалысқа келтіретін бұлшықеттер:
1 – жазып, қозғалысқа келтіру; 2 – мойын мен кеудені қозғалту; 3 – қолды
көтеру; 4 – иықты жоғары қозғау бұлшықеттері; 5 – құрсақ бұлшықеті; 6 –
денені тік ұстап жүруге көмектесу; 7 – мықынды қимылдату; 8 – анды қимылға
келтіру; 9 – балтыр мен аяқбасын қимылға келтіру бұлшықеттері      
 
Бұлшықеттің құрылысы:
1 – бұлшықет талшығының қабықшасы; 2 – бұлшықет талшығының шоғыры; 3 –
бұлшықеттің жуан талшықтары; 4 – бұлшықеттің жіңішке жіп тәрізді талшығы; 5
– оттекпен қамтамасыз етілетін жақсы дамыған бұлшықеттер; 6 – май басып
нашар дамыған бұлшықеттер
 
Көлденең жолақты бұлшықет дейтін себебі бұлшықет талшықтары көлденеңінен
жолақтанып жатады. Көлденең жолақты бұлшықет талшықтарының пішіні цилиндр
тәрізді, диаметрі 0,1 мм, ұзындығы бірнеше ондаған мм-ге жетеді. Бұлшықет
талшықтары – миофибриллалар (грекше mіo– бұлшықет, латынша fіbrіlla –
талшық) миозин және актин нәруыздарынан тұрады. Миозин – бұлшықетте ет
талшықтарының жиырылып босаңсуына қатысатын еритін нәруыз. Актин –
бұлшықетте миозинмен бірге болатын, ет талшықтарының жиырылып, босаңсуына
қатысатын нәруыз. Миофибриллдар – бұлшықеттердің ең кіші құрылымдық және
қызметтік бірлігі.
Көлденең жолақтар әр түрлі оптикалық қасиеті бар талшықтар шоғырының
миофибриллаларда ашықтау және күңгірттеу болып кезектесіп орналасуы. Миозин
нәруызынан тұратын жуан талшықтардың шоғырлары жарық микроскопынан
күңгірттеу жолақ болып көрінеді. Ашық түсті жіңішке жолақтар актин
нәруызының жіңішке жіпшелерінің шоғырларынан түзіледі.
Жүректің көлденең жолақты бұлшықет ұлпалары 2 түрлі қызмет атқарады:
біреуі жүректің жиырылуын қамтамасыз етеді; екіншісі жүрек ішінде жүйке
импульстерін өткізеді. Жүректің бұлшықеті құрылысы жағынан көлденең жолақты
болса, қызметі бірыңғай салалы бұлшықетке ұқсайды. Жүректің бұлшықеті де
қаңқадағыдай көлденең жолақты болғанымен жиырылуы адамның еркінен тыс,
санаға бағынбайды. Жүректің жұмысын тоқтатам десең де тоқтата алмайсың.
Оның ұлпалары ерекше. Ғалымдар адамның денесінде 600-ден астам қаңқа
бұлшықеттері бар деп есептейді.
  
Бұлшықет ұлпалары:
1 – өңештің бірыңғай салалы бұлшықеттері; 2 –жүрек бұлшықеттері; 3 – қаңқа
бұлшықеттері
 
Қаңқа бұлшықетіне тұлға, бас, мойын және иық, жамбас белдеулер мен қол-
аяқ бұлшықеттері жатады. Бұлшықет талшықтарының сыртын жұқа дәнекер
ұлпасынан тұратын қабықша қаптайды. Бұлшықеттегі шоғырланып (топтанып)
орналасқан талшықтардың арасында қантамырлар мен жүйкелер болады.
Қантамырлардағы қан тасымалдау қызметін атқарса, жүйкелер оның жиырылуын
реттейді. Қаңқа бұлшықеттерінің екі шеті тығыз дәнекер ұлпасынан түзілген
сіңірмен бітеді. Сіңірлердің мөлшері әр түрлі. Әсіресе аяқ-қол
бұлшықеттерінің сіңірлері ұзын болады. Сіңірлер арқылы бұлшықеттер
сүйектерге бекінеді. Көптеген бұлшықеттердің сіңірлері екі түрлі сүйекке
бекінеді. Сіңірлер өте мықты болғанымен жиырылуға қабілетсіз
Бұлшықеттердің топтары, қасиеті, қажуы, гигиенасы
 
Бұлшықеттер пішініне, денеде орналасуына, талшықтарының бағытына,
атқаратын қызметіне, буынға бекінуіне қарай топтастырылады (жіктеледі):
Орналасуына қарай бұлшықеттердің шеті біреу немесе бірнешеге ажырайды.
Осыған байланысты бірбасты, екібасты, үшбасты, төртбасты бұлшықеттер деп
атайды. Кейбір бұлшықеттердің талшықтары шеңберлене орналасады, мысалы,
ауыз қуысының, артқы тесіктің бұлшықеттері. Пішіндеріне қарай бұлшықеттер
ромбы, трапеция, төртбұрышты деп бөлінеді. Мөлшеріне қарай – ұзын, қысқа,
үлкен, кіші делінеді. Ет талшықтары шоғырларының бағытына қарай қиғаш,
көлденең бұлшықеттер деп аталады. Бұлшықеттердің атқаратын қызметі: бүгу,
жазу, айналдыру, көтеру. Буындарға бекінуіне қарай бұлшықеттер бір буынды,
екі буынды, көп буынды болады.
Бұлшықеттердің негізгі топтары
Бас пен мойынның бұлшықеттері. Бастың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұлшық еттер туралы ілім – Myologia
Бұлшықеттердің жіктелуі
Жасуша, үлпа, мүше, жүйелі мүшелер және ағза туралы
Тірек-қимыл жүйесі, жас ерекшелігі. Баланың аяқ-киіміне, жеке басына қойылатын гигиеналық талаптар
Қаңқа мен сүйек
Анатомия пәні және зерттеу әдістері. Остеология
Адам қаңқасының құрылысы
Тірек - қимыл жүйесі, жас ерекшелігі, Баланың аяқ киіміне, жеке басына қойылатын гигиеналық талаптар туралы ақпарат
Тірек - қимыл жүйесінің дамуы
Икемділікке тәрбиелеу
Пәндер