Дене тәрбиесі мен спорт психологиясының қазіргі жай күйі


1. 1. Дене тәрбиесі мен спорт психологиясының қазіргі жай күйі мен шығу тарихы жайлы тұжырымдама.
Дене мәдениеті мен спорт психологиясы - психология ғылымының ең жас салаларының бірі. Оның тарихы әлі толық зерттелмеген. «Спорт психологиясы» деген сөз тіркесінің өзі ең алғаш рет олимпиадалық ойындардың негізін қалаушы Пьер де Кубертеннің мақалаларында қозғалған болатын. Өткен Х1Х ғасырдың бастапқы кезеңінде сипаттамалық негізде баспадан шыққан бұл мақалаларда психология ілімінің осы арнаулы саласының бірнеше мәселелері жайлы айтыла бастады. 1913 жылы Лозаннада Пьер де Кубертеннің бастамашылығымен ұйымдастырылған Халықаралық Олимпиада комитетінің спорт психологиясына байланысты конгресінде осы «спорт психологиясы» сөз тіркесі ақ жол батасын алды деуге болады. Бірақ ә дегеннен үлкен маңызға, ғылыми зерттеуге жолдама ала алмады. Себебі, спорт ол кезде жеке қоғам қайраткерлері мен кейбір ғалымдардың қызығушылығын ғана туғызды, кең дамымады. Алайда, Пьер де Кубертен мен Лозанна конгресі «спорт психологиясын» зерттеуге қозғаушы күш болды. Және 1920 жылдан бастап 1940 жылға дейін Германия, АҚШ және т. б. мемлекеттерде оның жобалары белсенді түрде жасалды. Әсіресе, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін және қазіргі таңда спорт психологиясын зерттеу әлемнің көптеген елдерінде жүргізіледі. Олимпиада ойындары мен әлем біріншіліктеріндегі жетістіктер, бәсекелестік, спорттың беделінің өсуі бұл зерттеулерге кең жол ашты.
1965 жылы Италияның спорт медицинасы Федерациясының бастауымен Римде спорт психологиясының бірінші конгресі өтті. Бұл конгрестің ең басты маңызы - Халықаралық спорт психологиясының қоғамын (ХСПҚ) құру, оның тұрақты басқару органы мен президентін сайлау болды. Бұл акт спорт психологиясының халықаралық дәрежеге ие болуының белгісі еді.
ХСПҚ өзінің міндетті қызметін белсенді түрде орындады. Рим конгресінен кейін тағы үш конгресс болды: 1968 ж. Вашигтонда, 1973 жылы Мадридте, 1977ж. - Прагада. Мадрид конгресінде қоғам президенттігіне Чехословакия азаматы, профессор Мирослав Ванек сайланды. 1970 жылдан бастап ХСПның ресми органы - «Спорт психологиясының халықаралық журналы» шығарылды.
ХСПҚ-ның ұйымдастырылуы аймақтарда спорт психологиясының қоғамдық бірлестіктерін құруға ұйытқы қозғаушы күш болды. Мысалы, 1967 жылы спорт психологиясының Солтүстік Америкалық қоғамы, 1969 жылы Спорт психологиясының Еуропалық ассоцияциясы құрылды. Канада, Жапония, ФРГ, Англия, Франция және т. б. елдерде осы қоғамдар әр түрлі кезеңдерде құрыла бастады.
ХV111 және ХХ Бүкіләлемдік психология конгресінің бағдарламаларында спорт психологиясы жайлы баяндамалар тыңдалды. 1972 ж. Москвада өткен «Қазіргі қоғамдағы спорт» деген тақырыпта өткен бүкіләлемдік конгресте де спорт психологиясы мәселелері баяндалды.
ҚСРО- дағы спорт психологиясы. ҚСРО-дағы дене тәрбиесі мен спорт психологиясы Ұлы Қазан революциясының (туындысы) төл перзенті деуге болады. Революцияға дейін Ресейде психологияның бұл саласы болған жоқ. Ал революциядан кейін социалистік қоғам құрудың маңызды факторларының бірі жаңа қоғам адамын тәрбиелеу болды. Ал бұл үшін спорт тиімді еді. Сондықтан да дене тәрбиесі мен спортқа көп көңіл бөлінді. Сонымен бірге ғылымның кең ауқымда дамуы адам дамуын зерттейтін ілімдердің бірі психологияны да кешенді зерттеуді талап етті. Кеңестік жүйе спортшыларының спорттық шеберлігін жетілдіру жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу, адам қоғамының психофизиологиялық бірегейлігі деген идеялар да спорт психологиясының дамуын жеделдетті деуге болады.
Сонымен қатар академик И. М. Сеченовтың еңбектері, оның психикалық іс-әрекеттің рефлекторлық іліміндегі, «адамның ішкі (ми) механизмімен психикалық іс-әрекеттері бір-бірімен тығыз байланыстағы бірегей дүние»-, деп түсінуі де спорттық психологияға маңызды өзгерістер енгізді. Әсіресе оның адамның іс-әрекетін реттеуші ақыл-ой мен сезу қабілеті (нақты бұлшық ет сезімталдығы) деген, адам еркіне тәуелді машықтанған іс-әрекеттер туралы ойы және тағы да басқа физиологиялық, философиялық тұжырымдамалары зор маңызға ие болды.
Сонымен қатар дене тәрбиесінің әлемде бірінші болып ғылыми негіздегі жүйесін жасаушы данышпан ғалым П. Ф. Лесгафттың еңбегін атап өту керек. Оның жүйесі сол кездегі анатомо-физиологиялық, гигиеналық, психологиялық негіздерге сүйене отырып жасалған. Оның психологиялық идеялары осы күнге дейін дене тәрбиесі саласында маңыздылығына жойған жоқ. «Мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесін жүргізу негізі» деген екі томдық шығармада «Қозғалыс психологиясы» деген арнайы тарау бар.
Лесгафттың курстарының Мемлекеттік дене тәрбиесі жоғары оқу орындары қайта жаңғырту зор маңызы бар фактор болды. Петербургта Лесгафт атындағы дене тәрбиесінің мемлекеттік орталық институтын ашуда осындай маңызға ие. Осы институттар құрамында психология кафедралары ашылды. Осы құрылымдар дене тәрбиесі мен спорттың психологиялық проблемаларын ғылыми зерттеуге қажетті жағдай жасады. Осы факторлардың барлығы жиыла келіп КСРО-да спорт психологиясының саяси-ілімдік, ұйымдастыру практикасын дамытуды қажет етті.
Дене тәрбиесі мен спорт психологиясының «дүниеге келуінің» нақты кезеңі болып - ең бірінші осы мәселе бойынша алғашқы ғылыми еңбектердің шығуы болып есептеледі. 1925-1926 жж. Бірінші болып профессор П. А. Рудиктің («Реакция процесіне бұлшық еттің әсері», «Реакцияның дене мәдениетінің негізгі мәселелеріне әсері жайлы зерттеулер») және Т. Р. Никитиннің ғылыми еңбектері, 1927 және 1930ж. Москвада профессор А. П. Нечаевтің «Дене тәрбиесі психологиясы» тақырыбында монографиясы жарық көрді.
Дене тәрбиесі мен спорттық психологияның дамуының алғашқы кезеңі (қазан төңкерісінен кейін) дене тәрбиесі кафедраларын ашу, курстар ашу, ғылыми-зерттеу институттарын ашумен сипатталды.
«Спорт психологиясының» алғашқы оқу бағдарламалары жасалынды.
Ұлы Отан соғысы кезінде барлық психолог ғалымдардың назары әскерге көмек беруге, барлық күшті неміс басқыншыларын жеңуге бағытталды.
Соғыстан кейінгі жылдар дене тәрбиесі мен спорт психологиясының қарышты дамуымен сипатталады. Бұл кезеңде спортшыларды жан-жақты дайындау, жаттықтырушыларды іскерлікке үйрету, адамның жалпы денсаулығын дамыту деген мәселелерге үлкен көңіл бөлінді. Сондықтан да зерттеулер ауқымы едәуір кеңейді.
1952 жылы А. Ц. Пуни психология тарихындағы ең бірінші « Спорт психологиясы» тақырыбындағы диссертациясын қорғады. (РСФСР-дағы институтында) Содан кейін спорт психологиясы жайында О. А. Черникованың, В. Г. Наракидзенің, Г. М. Гагаеваның және т. б. еңбектері жарық көрді. Спорт психологиясы жайлы ғылыми еңбектердің жинағы шыға бастады. 1958 жылы дене тәрбиесі институттарына арналған П. А. Рудиктің ең бірінші психология оқулығы шықты. Оның жеке тарауы спорт психологиясына арналған. Соғыстан кейінгі жылдары спорт психологиясы дене тәрбиесі институттарының студенттерін оқытудағы психология ілімінің міндетті оқу пәні болды. Бұл курсты психологиялық, спорттық, сырттай оқыту факультеттерінде және білім көтеру институттарында оқытылды. Спорт психологиясы барлық дене тәрбиесінің арнаулы орта оқу орындарында жүргізіледі.
1 . 2 Дене тәрбиесі мен спорт психологиясының дене тәрбиесінен білім беру жүйесіндегі маңызы.
Дене мәдениеті мен спорт психологиясы - болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін, әртүрлі спорт түрлерінің жаттықтырушыларын, дене тәрбиесі мен спорт саласының ұйымдастырушыларын дайындаудағы психологиялық ілімнің қосалқы бөлімі. Ол дене мәдениеті мен спорт мамандарының білім көтеру курстары мен семинарларындағы, біліктілік көтеру факультеттердегі (ФПК) міндетті оқу пәндерінің бірі болып табылады. Ол дене мәдениеті мен спорт психологиясы болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагог ретінде қалыптасуына әсер етеді. Бұл пән бойынша оқу курсы студенттердің дене тәрбиесінің психологиялық негізі жайлы білімін байытады. Мектепте сабақ құрылымын жоспарлауда, жеке спортшылар мен командалардың жарысқа дайындалудағы, өздерінің психикалық жай-күйін басқаруларына бағыт береді. Дене мәдениеті мен спорт психологиясы саласын меңгере отырып студенттер дене тәрбиесі және спорттық жаттығу сабақтарында адамды жан-жақты зерттей білуді, олардың жеке тұлға ретінде психологиялық ерекшеліктерін байқауды үйренеді.
Студенттер ғылымдық-ілімдік және ғылыми практикалық зерттеуге машықтанады, яғни бұл өте маңызды, өйткені ол өзін зерттеуші-тәжірибе алушы ретінде дайындауы тиіс.
Қорытынды тұжырым, дене мәдениеті мен спорт психологиясын меңгеру болашақ білгір дене тәрбиесі мамандағы және команда жаттықтырушысы ретінде болуға көмектеседі.
1. 3 Дене мәдениеті мен спорт психологиясының оқытып үйрету әдістері
Дене мәдениеті мен спорт психологиясында психология ғылымының барлық салаларына тән оқытып үйрету әдістері қолданылады. Дегенмен олар жеке тұлғаның дене тәрбиесіндегі және спорттың басқа түрлеріндегі ерекшелік жағдайларын ескере отырып модификацияланады.
Б. Г. Ананьевтің жіктеуіне (классификациясына) сүйене отырып ғылыми зерттеу әдістерін 4-топқа жіктеуге болады: ұйымдастыру, эмпириялық, ғылыми тұжырымдарды сандық - сапалық сараптау және интерпретациялық.
Ұйымдастыру әдістері. Зерттеу стратегиясын анықтайтын бұл әдістер тобына (котегориясына) салыстыру, лонгитюдты, кешенді әдістерді жатқызамыз.
Салыстыру әдісі спортшылардың жасын, жынысын, спорттық таңдаған мамандығын, классификациясын, дене тәрбиесінің ерекшеліктерін, спорттық дайындығын және т. б. ескере отырып оның жеке басының қасиеттері, психологиялық процестері мен қалыпының психологиялық айырмашылығы зерттеледі.
Лонгитюдті әдіс психикалық және психомоторлық дамуын көп жыл бойы зерттеуге негізделеді. Мысалы, дене тәрбиесінің төменгі сынып оқушыларының психологиялық процестері мен қимыл-әрекет мүмкіндіктерін осы әдіспен зерттейді. Бұл, мектептегі дене тәрбиесінің әдістерін біршама дамытуға көмектеседі. Лонгитюдті әдіс спортшының жеке басының қасиеттерінің жылдар бойғы спорттық жаттығулар әсерінен дамуын зерттеуде де қолданылады.
Дәл осы тұрғыда оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жалпы салыстыру әдісі де қолданылуы мүмкін. Бірақ бұл әдістің кемшілігі көп, себебі әр түрлі жастағы балалардың дамуы бірдей емес, әртүрлі деңгейде болады.
Кешенді (комплексті) әдіс бір обьектіні немесе бір құбылысты жан-жақты зерттеуге мүмкіндік беретін көптеген ұсақ әдістемелер жиынтығы болып табылады. Ол психологияның жеке зерттеулерімен бірге, пәнаралық зерттеулерде де қолданыла береді. Мысалы, спортшының жаттығу деңгейін зерттеу барысында оның дүниетанымын, сезімталдығын, жігерлілігін, жеке басының мінез-құлқын зерттеуге де бағытталған бірнеше әдістемелер жиынтығы қолданылады.
Эмпириялық әдіс . Бұл әдістер әралуандығымен ерекшеленеді. Оларға: обьективті бақылау, өзін-өзі бақылау, тәжірибелік, сараптамалық (эксперименттік) әдіс және психологиялық диагностикалық әдістер жатады.
Обьективті бақылау дене тәрбиесімен шұғылданатындар мен спортшылардың табиғи жағдайдағы іс-әрекеттерінің (дене тәрбиесі, спорттық жаттығу сабақтарында, жарыстарда және т. б. ) психикалық мінез-құлықтың қимыл-қозғалыс көрсеткіштерін зерттеумен айналысады.
Ол жалпылама немесе таңдаулы жеке дара болуы, сөздік немесе графикалық жазбаны, техникалық құралдарды (киноаппаратуралар, магнитофон, видеомагнитофон және т. б. ) қолдану түрінде болуы мүмкін. Бақылау әрдайым мақсатты түрде, алдын-ала жасалған кестелер мен алдын-ала қарастырылған жоспар бойынша көрсеткіштерді тіркеу арқылы жүргізіледі.
Өзін-өзі бақылау әдісі басқа әдістермен жүйелі байланыса отырып, зерттеліп отырған құбылыстың кейбір нақты тұстарын анықтайтын жазбаша(сөзбен) есеп беру әдісіне сүйенеді.
Өзін-өзі бақылау жеке басының қимыл-қасиеттерін, іс-әрекетін, ойын, мінез-құлқын және т. б. сараптауда қолданылады. Бұл әдістің маңызы спортшының өзінің дене қабілеті мүмкіндіктерін білуіне, кейбір қиын жағдайларда өзін-өзі қалыпты ұстауы, тұжырымдап айтқанда өзін-өзі тануына мүмкіндік береді; Олар осы бақылаулар арқылы спортшының өзіне баға береді. Бұл бағалау психологияның зерттеу әдістерінде қазіргі таңда кең қолданыс табуда.
Сараптамалық әдіс екі түрге жіктеледі: лабороториялық және табиғи тәжірибе (эксперимент) түрінде.
Лабораториялық тәжірибелік сараптама - арнаулы қондырғылармен жабдықталған бөлмелерде, лабораторияда немесе камерада және т. б. өткізіледі. Бұл бөлмелер арнайы аппаратурамен жабдықталады. Олар сигнал беруші (мысалы, тахитоскоп, рефлексометр), тіркеуші (килографтан бастап көппанельді жазба аппаратураға дейін) және есептеуші (қарапайым арифмометрден қазіргі ЭЕМ дейін) құралдардан тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz