Оқушылардың дене тәрбиесін қозғалыс-қимыл жаттығулары арқылы ұйымдастыру ерекшеліктері


Ф-ОБ-001-033
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
СПОРТ ЖӘНЕ ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Оқушылардың дене тәрбиесін қозғалыс-қимыл жаттығулары арқылы ұйымдастыру ерекшеліктері»
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі Ғылыми жетекшісі
Филос. ғ. к., ХҚТУ профессоры К. Баетов Оқытушы Е. Маханбет (қолы, аты-жөні, ғылыми атағы) (қолы, аты-жөні, ғылыми атағы)
«» 2011ж Орындаған студент
Хаттама № Кенжегулова Ақнұр
(қолы, аты-жөні)
«» 2011ж МДШ-711, 050108
(тобы, шифры, мамандығы)
Түркістан - 2011ж
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1. Оқушылардың дене тәрбиесін қозғалыс-қимыл жаттығулары арқылы ұйымдастыру ерекшеліктері . . . 7
1. 1. Дене тәрбиесі сабағында оқушылардың негізгі қимылдарын дамыту ерекшеліктері . . . 7
1. 2. Мектептерде оқушылардың қозғалыс белсенділігін дене жаттығулары арқылы қалыптастыру . . . 14
2. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІН ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫСТЫ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ . . . 20
2. 1. Дене тәрбиесі сабағында қозғалыс-қимыл ойындары . . . 20
2. 2. Баланың дене қимыл қозғалысын дұрыс қалыптастыруда қимылды ойындарды пайдалану әдістері . . . 28
2. 3. Жасөспірімдердің қозғалыс белсенділігін арттыруда қозғалыс-қимыл ойындарының мәні . . . 35
2. 4. Дене тәрбиесі сабағында оқушылардың күш жылдамдығын дамыту жолдары . . . 45
2. 5. Дене тәрбиесі жүйесінде қимыл-қозғалыс ойындарын
өткізу әдістемесі . . . 52
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 64
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі . Дене шынықтыру қозғалысы, дене тәрбиесінің қазіргі заманға сай жүйесі салауатты өмір салтын жүргізуге, жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға, олардың жұмыс қабілеттілігін, Отанды қорғауға дайындығын күшейтуге, жоғары өнегелі қасиеттерді, ұлттық рух сергектігін, күш-жігер мен төзімділікті қалыптастыруға, дені сау және жарқын жас ұрпақты тәрбиелеуге мүмкіндігінше жағдай жасауға үнделген. Бүгінгі жастар жан-жақты білімді ғана емес, сондай-ақ рухани сұлу, денсаулығы мықты, шыныққан болуы керек. Себебі, жеке тұлғаның жан-жақты дамып жетілуі, қоғамда тіршілік етуі қимыл іс-әрекеттер барысында жүзеге асады. Бұл іс-әрекеттерді жүзеге асыруда дене тәрбиесіндегі ойындардың орны ерекше. Жасөспірімдердің психикалық даму барысында ойын әрекетінің тәрбиелік маңызы бүгінгі таңдағы тәлім-тәрбие психологиясының көкейкесті мәселелерінің бірі. Ойын жаттығулары барысында жасөспірімдердің жеке тұлғасымен ой-өрісі дамиды және айналасын қоршаған табиғат құбылыстарымен таныс болады.
Президентіміз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз», -деген болатын. Білім беру жүйесінің алдындағы маңызды міндеттерінің бірі - салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі[1] . Сондықтан да, егеменді еліміздің болашағы жеткіншектің білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді. Ал балаларға әр салада жан-жақты білім беру жүйелері өте көп. «Мектеп - қазақтарға білім берудің басты құралы. . Ал біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы, тек қана осы мектептерде», - деп Ыбырай атамыз айтқандай, бүгінгі мектептерден де қоғамның күтер үміті мол [2] . Ал мектептегі басты тұлға - ұстаз. Ұстаз оқушыны білімге қызықтырып, оның белсенділігін арттырып, ізденушілікке тәрбиелеуге міндетті. Тәрбиелеу мен оқыту жолында әртүрлі әдіс -тәсілдерді қарастырып, тиімді әдістерді жиі пайдаланып, өз білімін дамытып отыруы тиіс.
Дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір жағдайында инновациялық процестер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман тәрбиелеудің маңыздылығы артуда.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі ғылыми және оқу пәні ретінде жетекшілік рөл атқара отырып, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытты анықтайды. Сонымен бірге осы саладағы білім негізінің жүйесін құрайды. Мұғалімнің дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесін жете білуі, оның педагогикалық ойлау жүйесінің дамуының басты шарты.
Дегенмен, жалпы орта білім беру жүйесінде оқушылардың дене тәрбиесін, жеке тұлғасын дамытуға қатысты іргелі және қолданбалы зерттеулердің болғандығына және бұл мәселені маңыздылығына қарамастан, оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыруды нәтижелі етуде әлі де шешілмеген мәселелер бар екендігі анық.
Адамның дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдануының тиімділігі педагогикалық жүйенің үйымдастырылуына, ғылыми және материалдық қамту деңгейіне, басқару және бақылау органдарының жетілуіне байланысты. Дене тәрбиесі жүйесінің бөлімдері белгілі бір құрамымен, оның атқаратын тиісті қызметімен, өзге қоғамдар жүйесінің өзара байланысының ерекшеліктерімен сипатгалады. Барлық осы бөлімдердің жүйе құрылымындағы негізгі мақсаты -адам денесінің жан-жақты жетілуін жүзеге асыру. Жүйенің жұмыс істеу нәтгокесі оның бағытынын мақсатгылығына және жүйеге енетін бөлімдерді жетілдіруіне байланысты.
Дене тәрбиесінің жүйесі қоғамның өзге де жүйелерімен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді. Мәдениеттің, ғылымның, экономиканың және өнердін әсерімен дами отырып, дене тәрбиесінің жүйесі қоғамдық өмірдің барлык салаларына өзінің әсерін тигізеді. Жүйенің өз қызметін толық мағынасында атқаруы әр түрлі жағдайларға, әсіресе, қоғамдық-саяси кұрылымнын сипатына тәуелді. Оньщ себебі, дене тәрбиесінің жүйесі сол құрылымның ішінде бірге дамиды. Бүл ретте мынандай жағдай ескеріледі: тек қана мемлекеттік құрылыс дене тәрбиесі жүйесінің идеялық бағытымен бірге мүліктік қорын (спорт кұрылыстарын салу, арнаулы қүрал-жабдықтар, маманданған кадрлар дайындау, ғылыми жағынан қамту, әдістемелік әдебиеттермен жабдықтау т. б. ) белгілеп отырады.
Ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлері мен қабысып бірін-бірі толықтырып, байыта түседі.
Өзінің өлең жырларында халық ойынды тәрбие құралы деп танып, оның бойындағы жастарды ойландырып, толғандыратын қасиеттерін аша түседі. Ойын тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т. б. ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл - ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді.
Зерттеу нысаны - дене тәрбиесі сабағында оқушылардың қимыл-қозғалыс белсенділігі
Зерттеу пәні - білім беру орындарындағы дене жаттығулары мен қозғалыс белсенділігі.
Зерттеудің мақсаты : дене жаттығулары арқылы оқушылардың қозғалыс белсенділігін арттыру
Адамның өсіп жетілуі үшін, тұрмыс-тіршілікте қажетті дағдыларды меңгеруде қимыл-қозғалыс ойындарының маңызы зор. Сабақта және дербес жаттыққанда қозғалыс ойындарын, оның ішінде ұлттық халықтық ойындарды қолдану арнайы үйрену міндеттерін шешуге көмектеседі.
Лагерлерде, саяхат кезінде, жорықтарда «Далалықта өткізілетін ойындар» деп аталатын ойындардың маңызы айрықша. Бұл қозғалыс ойындары әр түрлі табиғи кедергілерден өту, күш сынасу әрекеттерімен қатар, байқау және бағдарлау жаттығуларымен ұштастырылады. Ойнаушылар қыста және жазда табиғатпен тікелей қауышу жағдайында көптеген қозғалыс дағдыларын мейлінше дұрыс және дәйекті түрде қолдануға, шеберлікті, қабілеттілікті үйрене білуге дағдыланады.
Денешынықтыру сабағында балалар ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ойынға халық ерекше мән берген. Сондықтан халық оған тек ойын-сауық, көңіл көтеретін орын деп қана қарамаған. Ең басты мақсат - жасөспірімдерді отансүйгіштік сезімге, патриот, отанды қорғауға қабілетті болашақ қайраткер азамат болуға тәрбиелеу. Негізінен ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып, халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тірішілігінің жиынтық бейнесі де, көрінісі де болған.
Жасөспірімдерді тәрбиелеудің аса маңызды мәселелерін шешу, олардың рухани байлығын арттыру, оларды тәрбиелеу бүгінгі күннің аса маңызды ісі екені анық. Сондықтан мектептерде жасөспірімдерді патриоттық негізде тәрбиелеу - басты міндеттердің бірі болмақ. Рухани байлығымыздың тереңдей түсуі мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне ықпал жасайтыны анық. Жастар санасын, денсаулығын және адамгершілікке тәрбиелеудің негізі - тәрбиеде жатқанына назар аударуымыз тиіс. Тәрбие патриоттық дәстүрдің негізін қалайды. Жастарды патриоттық рухта тәрбиелей отырып, олардың сана - сезімін рухани жақтан байытуда мектеп оқушыларына соның ішінде бастауыш сыныптарына арналған денешынықтыру сабақтарында ұлттық тәрбиелік әдіс - тәсілдерді орындаудың аса қажет екендігі қазіргі таңда белгілі болып отыр.
Мектеп оқушыларының қозғалыс белсенділігін дамыту, оқушыларды ойындар арқылы тәрбиелеудің әр түрлі әдістерін ойлап, оны жолға салу бүгінгі күннің аса маңызды мәселелерінің бірі.
І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІН ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ЖАТТЫҒУЛАРЫ АРҚЫЛЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1. Дене тәрбиесі сабағында жасөспірімдердің негізгі қимылдарын дамыту ерекшеліктері.
Бүгінгі таңда жалпы білім беру орындарындағы дене тәрбиесінде жасөспірімдердің негізгі қимылдарын дамытудың маңызы ерекше.
Негізгі қимылдар өз кезегінде нақты дене мүшелерінің бұлшық еттерін іске қосып қомай, барлық ағзадағы зат алмасуы, қан айналымын күшейтіп, бала психикасының дұрыс дамуына да ықпал етеді. Бала негізгі уақыттың тәрбие орындарында өткізгендіктен, мақсатты дене тәрбиесі барысында олар негізгі қимылдарды орындау әдістерімен де танысады.
Негізгі қимылдарды дамыту, қалыптастыру барысында, ең алдымен жоспарлы жаттығуларды, ойындарды еңбек тапсырмаларын таңдағанда, олар қызығатындай, бала денесінің дамуына тиімді ықпал жасап, бұлшық еттеріне әсер ететіндерін таңдаған жөн.
Баланың дене қимыл қозғалысын дұрыс қалыптастыруда қимылды ойындарды пайдалану орны ерекше. Ойын - балалардың өміріндегі ең кең дамыған дене тәрбиесіндегі қозғалыстар, футбол, волейбол, қол добы, ұлттық ойындар т. б. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың дене мәдениетінің негізгі тұтқасы болуы тиіс - деп жазды ғалымдарымыз [3, 4]
Ойындар арқылы бала өзіне пайдалы қозғалыс әрекеттерін меңгереді және оған жаттығады.
Осы заманғы педагогикалық зерттеулер бойынша баланың ойыны алдымен, өзінің қатар-құрбыларымен, ата - аналары және өзге адамдармен қарым - қатынас жасаудың қуатты құралы саналатын болса, екіншіден, ойын әрекеті баланың танымдық - психикалық үрдістерін қарқынды дамыту құралы болып табылады.
Балалардың негізгі қимылдарын дамытуда спорттық ойындардың да маңызы зор. Бала денсаулығын нығайту шараларының бірі - денесін шынықтыру.
Шынықтыру дененің сыртқы ортадан алатын зиянды әсерлерге деген дененің қарсылық күшін жетілдіріп, әртүрлі қолайсыз жағдайлардан денені қорғауға, дененің ептілігі мен икемділігін дамытуға бағытталған шаралар жүйесі болып табылады.
Шынықтыру шаралары әртүрлі дене ағзалары мен нерв жүйелерінің жұмыстарын жетілдіруге де бағытталады. Шынықтыру шаралары өзге де дене тәрбиесінің құралдарымен бірлікте дені сау, моральдық жағынан тұрақты, табанды, батыл, төзімді адамдарды тәрбиелеуге ықпал етеді.
Балалардың дене тәрбиесін мақсатты түрде жүзеге асыруда әрбір баланың жеке дара ерекшеліктеріне ескерген жөн.
Дене тәрбиесіне бағытталған шараларды алға апаруда ең алдымен бала денсаулығын нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп жетілуіне ықпал ету, организмнің жұмыс қабілетін арттыруға мән беру қажет.
Бала өмірдің жалғасы, балаға жан - жақты тәрбие беріп, өнер үйретіп, кәсіпке баулу - қоғам алдындағы міндет. «Баланы ойын өсіреді» деген халқымызға кең тараған қағидаға сүйенсек, қимылдарын дамыту маңызы да айқындала түседі. Балалардың ойын үстінде дүниетану мен қатар тәрбие алып, оның жақсы, ұнамды мінезі қалыптасып жеке дара ерекшеліктеріне айқындала бастайды. Ата - ана және басқа ересектер ойынның бала денесінің негізгі қимылдарының дамуындағы маңызын ескертіп, олардың қандай ойын ойнайтындарына зер салып, қажет жерінде араласып, ойынның мазмұны байтып жіберуіне де ие болады. Ойын барысында баланың ойын қуаты дамып, аяқ пен қол қимылының үйлесімділігін артып, ойлау күші, тапқырлығы арта түседі. Мектепалды балаларын дамытып, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс - әрекет осы ойын әрекеті болып табылады. Бұл кезеңлде баланың бойында адамға тән барлық қасиеттердің негізі қаланатындықтан ойын мазмұны мен мақсатына да асқан жауапкершілікпен қараған жөн. Ойын ешқашанда дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, қайта уақыт өткен сайын жетіле түседі.
Бала ойын өмірде көрген - білгеніне, өзіне ұнаған адамның іс - әркетіне еліктеп отырады, соны бейнелеп ойнайды. Балада және тағы бір қасиет бәрін өзім істеймін деп талпынады. Баланың осы талабы, тілегін қолдап, сенім білдіріп отыру тәрбиенің ең бір ұтымды әдісі. Қай ойын болмасын нақты бір тұрмыс ерекшеліктері мен кәсіп салалары мен тығыз байланысты. Ойын барысында баланың мінез - құлқын, оның бойындағы жақсы қсиеттерді қалыптастыруға ұмтылу тәрбиенің басты мақсаттарының бірі. Ойындардың тәрбиелік мәні мен дамытушылық маңызы туралы мәселелер жан - жақты зерттеліп келеді.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі ойындар мазмұндарының саналуандылығымен ерекшеленеді. Олардың қайсысы болмасын баланың танымдық деңгейлерін жоғарылатады, белсенді қимылдың дағдыларын қалыптастырады.
Ойындардың тәні сау, жаны таза болғандардың азамат боп өсуіндегі маңызы үнемі басты назарда борлған жөн.
Ойындардың жүйелі, мақсатты түрде ұйымдастырылуы оның тәрбиелік маңызын арттыра түседі. Оқу тәрбие үрдісін ұйымдастыруда ойынның орнын бағалап, мәнін түсініп, бала тәрбиесіндегі танымдық ықпалын үнемі ескеру қажет.
Қазіргі қоғам талабына сай рухани жан дүниесі бай, өнерлі ұрпақ тәрбиесіндегі ойынның маңызы зор.
Ойын барысында балалардың қозғалғыш ширақтығы - бүкіл организмде жігерлі жағдай туғызады, алмасу процестерін күшейтеді, өмірлік тонустарын арттырады. Қимыл - қозғалыс ойындары балалардың игеріп үлгерген қимылы дағдыларын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру әдісі ретінде қызмет етеді.
Қимыл-қозғалыс ойындары өзінің мазмұны мен формасы жағынан эстетикалық әрекет болып табылады. Балалардың бұрын игерген қимыл дағдыларын тірек ететін әр алуан ойын қимылдары оларға қолайлы дәлдікпен қалыптылықтан, ептіліктен, ерекше мәнерліліктен көрінеді.
Ойындардың, әсіресе, халық ойындарының эстетикалық сипаты ойын бастауымен, әңгімелесумен, санамақпен, байи түседі.
Балаларға музыка ерекше эстетикалық ықпал жасайды: ол балаларды жігерлендіреді, олардың көңіл-күйін біріктіреді, қимылға эстетикалық сипат береді.
Қимыл-қозғалыс ойындарының сан қырлы тәрбиелік маңызы, олардың мектеп жасындағы балалар үшін ыңғайлылығы, ойындардың қуанышты, балаларды өзіне тартатын әрекет саласын туғызады-осылардың бәрі қимыл-қозғалыс ойындарын балалардың күнделікті өмірінің ажырағысыз бағалы серігі ретінде айқындайды.
Эмоциялық өрлеу балалардың жалпыға ортақ мақсатқа жетуге ұмтылысын туғызады және тапсырманы айқын түсінуінен қимылдың жақсы үйлесімінен, кеңістікке және ойын жағдайында неғұрлым дәл бағдар белгіленуінен, тапсырманы жедел қарқынмен орындауынан көрінеді. Мақсатқа жетуге ұмтылу қуанышы балалардың осындай әуестену кезінде әр түрлі кедергілерді жеңуге көмектесетін жігердің ролі артады.
Қимыл-қозғалыс балалардың игеріп үлгерген қимылы дағдыларын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру әдісі ретінде қызмет етеді. Ойын кезінде бала өзінің назарын қимылды орындау әдісіне емес, мақсатқа жетуге аударады. Ол ойын шартына бейімделіп, ептілік көрсетіп, сол арқылы қимылды жетілдіріп, мақсатты әрекет етеді. Ойын процесінде балалардың қозғалғыш ширақтығы бүкіл организмде жігерлі жағдай туғызады, алмасу процестерін күшейтеді. Ойындардың балалар үшін әр түрлі педогогикалық жіктеулері бар. Ойындар мазмұны бойынша қимылға бөлінеді: Сюжетті қимыл-қозғалыс ойындары шартты формада өмірлік немесе ертегі оқиғасын бейнелейді. Балаларды ойында шығармашылықпен көрінетін ойын бейнелері қызықтырады.
Білім сапасына қойылып отырған жаңа ұстанымдарға байланысты оқу әрекетінің мақсаттылығына, мазмұнына үлкен мән берілуде. Оқушының ғылыми ұғымдар мен заңдарды түсініп, практикалық мәселелерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін, дағдыларын ғана меңгеріп қоймай, шығармашылық бағытта еңбектенуі - оқу әрекетінің негізгі мақсаты және нәтижесі болып табылады. Сондықтан да бүгінгі қоғам дамуының ең бір басты шарты - дені сау тұлға тәрбиелеу. Адамдар күнделікті үсті-үстіне келіп тұрған ақпараттардың барлығын есте сақтау мүмкін еместігін және оның қажетілігінің жоқтығына біртіндеп мойын ұсынуда. Осыған байланысты баланың меңгерген әдіс көлемінен де, өзіне қажеті білім ала білу бейімділігі және оны өмірде қолдана білуі маңызды. Дені сау тұлғаны тек шығармашыл ұстаз тәрбиелей алады. Баланы шығармашыл, бойында күш-қуаты жеткілікті екендігіне сендіру - ұстаз бойындағы құдіретті күш. Өйткені сенім үлкен жетістікке жетелейді. Терең біліммен қоса, саналы тәрбие беру - әрбір ұстаздың абыройлы борышы. Шәкіртіне деген мейірімділік пен сүйіспеншілік болған жерде ғана іс нәтижелі болмақ. Сабақты түсіндіргенде мұғалім сөзінің мазмұны мен тілі оқушыларға түсінікті, жатық, нанымды болса ғана, оқушының көңіл - күйін, сезімін тербетіп, білімге құштарлыған арттыратыны сөзсіз.
Мектептегі дене тәрбиесі сабағында қозғалыс-қимыл дағдыларын қалыптастыру өте маңызды, күрделі және көп салалы мәселе болып есептеледі. Адам бойындағы дағдыларды дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.
Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін дамытып, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.
Қозғалыс-қимыл, іс-әрекет пен жеке тұлғаны қалыптастыру проблемасына педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Көне замандағы Антик дәуірдің өзінде-ақ ойшылдар мен педагогтар оқушылардың өзіндік ой-тұжырымын жасауы және олардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін репродуктивті және эвристикалық әдістер жайлы мәселелерге көңіл бөлген. Ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясында баланың айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып-білуге қызығушылығын қалыптастыруын қарастырады.
Бүгінгі таңда жалпы білім беретін мектептің алдында жас ұрпақты адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, спортқа тәрбиелеу және әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде қарап, оның жеке тұлғасының дамуына мүмкіндік жасау басты мақсат ретінде қойылады. Жеке тұлға өмірге келген сәтінен бастап жалпы адмзаттың құндылықтар дамып, жас ерекшелгіне қалыптасады. Сондықтан, білім беру мазмұнында баланы дербес қабілеттері ескеріліп отырады. Қазақстан Республикасы ғылым және білім министірлігінің тәрбие тұжырымдамасында: «Жасөспірімдердің танымдық және психологиялық мүмкіндіктерін жетілдіріп күнделікті өмірде білім алудың қаншалықты маңызды екеніне көзін жеткізу қажет. Бұл кезеңде жаратылыстану - эстетикалық бағыттағы пәндерді кеңінен енгізу керек, өйткені осы жастағы балалар әсершіл әрі ұғымтал келеді. Бала бастауыш мектепті бітірген кезде төңерегіндегі оқиғалар жайындағы әсерін қисынды да жүйелі баяндап, жанындағы адамдармен ешбір қиындықсыз, белсене қарым - қатынас жасауды үйренуге, алған білімін түсініп, өмірде қолдана білуді талап ететін дағдыларды толық игеруге тиіс» - деп атап көрсетілген[5] .
Қазіргі жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасындағы білім берудің басты міндетттерін белгілегенде оқушының, жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескеру мәселесі және оқушылардың оқу танымдық әрекетін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу мәселелерін басты назарда ұстауға мән берілген. Бастауыш сыныптарда оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушылардың оқу - танымдық әрекеттерін дамыту қажеттілігі қоғам талаптарынан да туындайды. Қазір қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді, өйткені қазіргі кезеңде мамандық атаулының барлығы білімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті талап етеді.
Адамның ақыл - ойын, денсаулығын, қабілетін дамыту мәселелеріне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған шығыстың әйгілі ойшыл ғалымы Әл - Фараби «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен [6] . Оларды заман талабына сай білімді, мәдениетті, интеллектуалды азамат етіп шығаруда ұстаздар қауымының міндеті зор. Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы мен оқу - әдістемелік мазмұнының өзгеруі мұғалімдерден өз кәсіби шеберліктерін шыңдауды, жаңартуды талап етеді.
Мектептегі мұғалім ой - өрісі жаңашыл, дүнитану мәдениеті жоғары, ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, терең қазыналы білмпаз, кез - келген ортаның ұйытқысы, рухани бай, шеберліктің шыңына шыққан ұстаз болуы қажет.
Дене тәрбиесі мен спорттағы бірегей оқытып үйрету және тәрбиелеу процесі тек ғана дағдылары мен біліктілігі арнайы спорттық қабілеттерді дамытуға бағытталып қана қоймайды, сонымен бірге адамды жеке тұлға ретінде қалыптастырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz