Windows жүйесінiң стандартты программалары



Windows жүйесінің стандартты программалары құрамына бір топ программалар жиыны кіреді. Олар әр адамға қажетті операциялық жүйе орындай алмайтын бірсыпыра жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді, мысалы: — мәтіндік құжаттар дайындау;
- графикалық бейне-көріністерді даярлау және оларды өндеу, түзету;
- жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру;
- математикалық есептеулерді орындау және т. б.
Әдетте, бұл қосымша программалар "Стандартты" тобында орналасқан ((Windows 3.х - "Реквизиттер" тобында))

WordPad мәтіндік редакторы
WordPad Write (Windows 95) және Windows 3.х) редакторлары күрделі мәтіндік құжаттарды дайындауға мүмкіндік береді. Алайда кейінгі шығып жатқан мамандандырылған мәтіндік редакторларға қарағанда оның мүмкіндігі төмендеу. Қазіргі кезде кеңінен қолданылып, ең қатты, мүмкіншілігі мол деп танылып жүрген мәтіндік редакторлардың жаңа түрлерімен сіздер кейінірек таныс боласыздар. Сондықтан WordPad (Write) редакторының тек негiзгі жұмыс мүмкіндігімен қысқаша түрде таныстырамыз.
Windows 3.х жүйесінде редакторды іске қосу үшін "Реквизиттер" тобындағы " Write редакторы" белгісін тандау керек.
Ал, Windows 95 жүйесінде - Iске қосуПрограммалар СтандарттыWordPad командасын орындау қажет.
WordPad және Write редакторлары мәтіндік құжаттарды пернелерде теріп дискілерде сақтауға, оларды өңдеуге - ішкі көрінісі мен шрифтін
Қолданылған әдебиетi:

1. Балапанов "Жаңа ақпараттық техникалар". Алматы 2001 ж.

WINDOWS ЖҮЙЕСІНIҢ СТАНДАРТТЫ ПРОГРАММАЛАРЫ

Windows жүйесінің стандартты программалары құрамына бір топ программалар жиыны кіреді. Олар әр адамға қажетті операциялық жүйе орындай алмайтын бірсыпыра жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді, мысалы: — мәтіндік құжаттар дайындау;
- графикалық бейне-көріністерді даярлау және оларды өндеу, түзету;
- жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру;
- математикалық есептеулерді орындау және т. б.
Әдетте, бұл қосымша программалар "Стандартты" тобында орналасқан ((Windows 3.х - "Реквизиттер" тобында))

WordPad мәтіндік редакторы
WordPad Write (Windows 95) және Windows 3.х) редакторлары күрделі мәтіндік құжаттарды дайындауға мүмкіндік береді. Алайда кейінгі шығып жатқан мамандандырылған мәтіндік редакторларға қарағанда оның мүмкіндігі төмендеу. Қазіргі кезде кеңінен қолданылып, ең қатты, мүмкіншілігі мол деп танылып жүрген мәтіндік редакторлардың жаңа түрлерімен сіздер кейінірек таныс боласыздар. Сондықтан WordPad (Write) редакторының тек негiзгі жұмыс мүмкіндігімен қысқаша түрде таныстырамыз.
Windows 3.х жүйесінде редакторды іске қосу үшін "Реквизиттер" тобындағы " Write редакторы" белгісін тандау керек.
Ал, Windows 95 жүйесінде - Iске қосуПрограммалар СтандарттыWordPad командасын орындау қажет.
WordPad және Write редакторлары мәтіндік құжаттарды пернелерде теріп дискілерде сақтауға, оларды өңдеуге - ішкі көрінісі мен шрифтін өзгертуге, құжат ішінде символдарды іздеу мен ауыстыру әдістерін іске асыруға, графиктік суретгерді қосуға, оның беттерінің параметрлерін өзгертуге және қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді.
Осы атап өткен мүмкіндіктердiң ішінен біз келешекте қажет болатын мәтінді қағазға басып шығару жолын кеңінен қарастырып өтеміз. Windows жүйесінің бір ерекшелігі - ондағы кез келген қосымша программадағы мәтінді қағазға басу бір тәртіппен жүргізілетіндігі.
Программа терезесінде орналасқан құжатты баспаға шығармастан бұрын, принтер түрін және оның параметрлерін тағайындаймыз. Бұл жағдайда "ФайлПринтер таңдау" (ФайлВыбор принтера) және "ФайлБаспа" (ФайлПечать) деген командаларды меню жүйесінен таңдау қажет. Бұл командалардың сұқбаттасу терезесінде құжатты басып шығаруға арналған принтердің аты мен маркасы көрсетіледі. Пайда болған тізімнен өзімізге қажетті принтерімізді таңдауымызға болады және де принтерде пайдаланылатын қағаздың мөлшерін де алдын-ала анықтаған жөн (әдетте, бұл А4 форматындағы 210х299 мм-лік қағаз).
Егер де сіз Параметрлер батырмасын басатын болсаңыз, онда экранға шығатын сұхбаттасу терезесінде принтерден сапалы басылым шығарудың параметрлерін реттеуіңізге болады.
Принтер түрін және баспаға шығарудың параметрлерін анықтап болған соң, меню жүйесінен "ФайлБаспа" (ФайлПечать) командасын таңдау қажет. Сұқбаттасу терезесінде басып шығару аумағы (құжатты толығымен, құжаттың белгіленген бір бөлігін немесе белгілі бір беттерін басып шығаруға болады) мен оның көшірмесінің саны анықталады. Бұдан кейін "ОК" пернесін бассақ онда параметрлері анықталған принтерге экран бетінде алдын-ала дайындалған информация қағазға басылып шығады.

Блокнот (Windows 3.х)
Блокнот - кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор. Оның мүмкіндігі көптеген қарапайым мәтіндік редакторлар (мысалы, Write) мүмкіндіктеріне қарағанда төмендеу.
Оның бір талассыз жақсы жағы бар - ол қарапайым әрі жинақы жұмыс істеуге мүмкіндік береді, жедел жадта тіпен ешқандай орын алмайды десе де болады және басқа программалардың қатарласа жұмыс істеуіне ешбір кедергісін тигізбейді. Бұл программаны іске қосу үшін "Реквизитгер" тобында (Windows 3 х) орналасқан "Блокнот" атты шартбелгіні таңдау жеткілікті.
Блокнот мәтінді форматтамай (шрифтін өзгертпей, безендірмей) тек қана оның сөздерінен тұратын файлдарды дайындайды және дискіде сақтайды. Көптеген жағдайларда, мысалы, командалық файлдарды дайындау, түзету немесе модем арқылы жіберілетін мәтінді дайындау кездерінде бұл шынында да жылдам істейтін, таптырмайтын қосымша программа екеніне көзіңіз жетеді.
Блокнот тек бір ғана шрифт түрін (жүйелік шрифт) ғана пайдаланады. Мұнда мәтін фрагменттерімен жұмыс істеу ісі, керекті символдарды іздестіру, мәтінді файлдарға жазу мен оқу, баспаға шығару жұмыстары жақсы жолға қойылған.

Картотека (Windows 3.х)
Картотека - бұл карточкаларды жинаудың бір жүйесi келтірілген компьютерлік аналогі (баламасы), яғни компьютерде жазылып дайындалған, кейін керек болатын түрлі хабар, мәліметтер, материалдар тіркелген карточкалар жинағы. Ол кейбір белгілері бойынша жүйелендіріліп, бір тәртіпке келтірілген информацияны сақтау үшін қолданылады. Жиі пайдаланылатын белгілер қатарына - қызметкерлердің адресін (мекен-жайын), жоба жасағанда дайындалған жазбаларды, кiтаптар аннотацияларын (қысқаша мазмұнын), басқа да анықтамалық мәліметтерді жатқызуға болады.
Бұл программаны іске қосу үшін "Реквизиттер" тобындағы "Картотека" белгісін таңдау керек.
Картотека іске қосылысымен екі бөліктен - тақырып аты (индекс) мен жазбаға арналған өрістен (поле) тұратын бір карточка дайын болады. Тақырып атын енгізу үшін терезе ішінен орын таңдап алып, тышқанды екі рет шерту арқылы пайда болған сұхбаттасу терезесіне тақырып енгізіп, "ОК" батырмасын басу керек. Осыдан кейін жазба өрісіне мәтін енгізуге болады. Жазба өрісіне жазылатын ннформация он бір жолдан аспауы тиіс.
Жаңа карточканы даярлау үшін меню жолындағы Карточка Қосу... {Ғ7} (КарточкаДобавить...) командасын таңдау керек. Сонан кейін алдыңғы көрсетілген тәртіппен сұқбаттасу терезесіне жаңа карточка тақырыбының аты, ал жазба өрісіне анықтамалық информация енгізіледі.
Әрқашан карточкалардың бірі ахтивті күйде, яғни екпінді болады да, ол алдыңғы шенте көрініп тұрады. Басқа карточканы алғы шепке шығару үшін, оның көрінетін бөлігіне тышқан курсорын апарып, оны шерту керек. Программаның меню жолынан төменіректе орналасқан бағыттауыш тілсызықтар (стрелкалар) көмегімен де карточкаларды парақтауға болады. Карточка тақырыбын өзгертуге мүмкіндік бар. Ол үшін меню жолынан ТүзетуТақырып {Ғ6} (Редактирование3аголовок) командасын таңдап алып, сұқбат терезесінде сол мезетте екпінді болып тұрған карточка үшін тақырыптың жаңа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Microsoft Windows
Wіndows жүйесінің cтандартты программалары
Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары мен анықтамалары туралы ақпарат
Wіndows жүйесінің cтандартты программалары туралы
Компьютердің программалық жабдықтамалары операциялық жүйе тарихы, қызметі және түрлері
Windows жүйесінің негізгі ұғымдары
Windows операциялық жүйелері
Операциялық жүйе туралы
Windows жүйесі туралы
Windows жүйесінің стандартты программалары жайында
Пәндер