Жапондық менеджмент ерекшеліктері


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛІКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ МАРКЕТИНГ» КАФЕДРАСЫ

ЭССЕ

ТАҚЫРЫБЫ: «Жапондық менеджмент ерекшеліктері»

ОРЫНДАҒАН:

ТОБЫ:

ҚАБЫЛДАҒАН:

ШЫМКЕНТ, 2017ж

Қазіргі Жапониядағы басқаруды американдық менеджеризм мен жапондық традиционализмнің қоспасы деп түсінуі қажет. Сондықтан да мұнда “менеджмент” термині толық сай келеді. Жапондықтардың өзіде, басқару туралы әнгіме болғанда, осы терминді қолданады. Қазіргі кезде басқару саласындағы жапондық тәжірибеге американдықтар көбірек көңіл бөле бастады, атап айтқанда, мұның өзі Массанчусетс технологиялық институтында зерттелуде.

Жапонияда істі, өндірісті және басқаруды ұйымдастырудың жоғары денгейі кімді де болса қайран қалдырады. Жапония - өндірістік қатынасты, сонымен қатар басқару сипатын айқындайтын монополистік капитализм мемлекеті. Франция мен Голландиямен қоса, Жапония экономиканы программалайтын капиталистік мемлекеттердің бірі.

Н. С. Целищевтің пікірінше, басқарудың жапондық типінің базалық принциптерінің төрт топқа бөлуге болады.

Бірінші - корпорация мен жұмыскерлердің өз корпорациясына ерекше тәуелділігі және оның мүддесі жолында жан аямайтындығы үшін едәуір қолайлы жағдай мен уәде беруі.

Екінші топтағы принциптерді дара басшылықтан гөрі ұжымдық басшылыққа көбірек, көңіл бөлуі, корпорациядағы адамдарды фирма ішінде үнемі көтермелеу, істейтін қызметіне қарамастан жұмыскерлерді тең құқықта қарау деп тұжырымдауға болады.

Үшінші топқа - фирманың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін үш негізгі күшке - басқарушыға, басқа жұмыскерлерге және инвесторларға ықпал ету мен көңіл бөлу балансын ұтымды ұстау жатады.

Төртінші топқа - әр түрлі фирмалармен - іскер әріптестермен, соның ішінде ең алдымен өнімді тапсырушылармен және сатып алушылармен алуан түрлі байланыс орнату әдісін қалыптастыру жатады.

Аталған принциптерді жүзеге асыру механизмінің маңызды элементтеріне мыналар жатады:

1. Еңбекті ұйымдастыру.

2. Өндіріс процестерін басқару және бақылау.

3. Топтық жұмыстарды және корпорацияны ынталандыру.

4. жалдау және еңбек жағдайы.

Жапондықтарда әлемдік және ұлтық тәжірибе элементтерінің ең тиімдісі жинақталған. Американдық жапонтанушы Фогельдің деректеріне қарағанда, Жапония 1968 жылдан бастап 20 жыл бойы әлемдегі ең таңдаулы институттарды және мемлекет, бизнес, әскери іс білім беру мен өнер саласындағы басшылық етуді мұқиат зерттеді.

Нағыз жапондық фирма пирамида түрінде ұйымдастырылған. Оның құрылымында үш деңгей болады: жоғары әкімшілік (КЭЙЭЙСЯ) орта басқару буыны (КАНРИСЯ), бұған бөлімше меңгерушісі БУТЕ жатады; әрі қарай - басқармадағы қарапайым жұмыскерлер (ИППАНСИЯ) . Синетизы жүйесінің талабына сәйкес университетті бітірушілер фирмаға жұмысқа орналасқаннан кейін жеті жылдан соң, яғни 30 жасқа толған кезде секция бөлімшесіне басшылық ете алады. Қырық жасыңда оған секция меңгерушісіне, 50 жасында - бөлімше меңгерушісіне және әрі қарай директорлық қызметіне дейін жоғарылай алады.

Басқарудың жапондық стилі - бірегей. Жапондық стильге тән нәрсе - басқарудың Коносукэ Мацусита принципі. Оның ең бастысы қызметшілерді басқара білу принципі.

Жапонияда тек Мацусита ғана экономикалық механизмнің түйінді элементі ретінде адамдармен қарым-қатынас жасаудың барлық нәзік жақтарын терең, жан-жақты зерттеу қажеттігін мойындады. Бірақ мұнда басқаруды бақылаудың сенімді, жолға қойылған жүйесі қалыптасқан. Мацусита идеясы бойынша жапондық басқару жүйесінің үш түрі қалыптасқан: адам - қаржы - технология. Технология тәуелділік жағдайда, ал бірінші орында - қызметшілер.

Жапонияда қызметшілерді басқару нақтылы, көбінесе дәстүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Оның ең бастылары: жұмыскерлерді ұзақ мерзімге, өмір бойы жалдау, жасына қарай еңбек ақы төлеу және қызметін жоғарылату болып табылады. Осының арқасында жапондықтар ұзақ уақыт бойы жұмыссыздықты барынша азайтып отыр. Жапон кәсіпорындарында жұмысшы тобында 4-6, кейде одан көп жұмысшы істейді. Ең қолайлысы 10-20 адам болып табылады. Мұндай топта тығыз байланыс орнату, еңбек операцияларын бірлесіп орындау қамтамасыз етіледі.

Жапон кәсіпорындарында әрбір жас менеджерге қамқоршы, яғни американдық мамандардың айтуынша “Өкіл әке” тағайындалады. Өкіл әке орта денгейдегі беделді басшыдан таңдап алынады. Ол міндетті түрде өзі қамқорлыққа алған адам бітірген жоғарғы оқу орнының түлегі болуы тиіс. Өкіл әкені ешқашанда тікелей басшысы немесе жас менеджер жұмыс істеп жүрген бөлімшенің бастығы тағайындамайды.

Жапонияда шешім қабылдаудың елеулі ерекшелігі - келісу принципі. Еуропалықтардың шешім қабылдау тәсілінен айырмашылығы - жапондықтар әуелі мәжілістер мен ресми емес келіссөздерде түйінді мәселелерді көпшілік дауыспен шешіп алады. Олардың пікірінше, мұндай процедура бірауыздылыққа, келісіп әрекет жасауға ықпал етеді.

Жапон менеджменттеріне тән сипат фирманың корпоративтік рухы, мұның өзі өмірлік жалданатын жұмыскерлердің, о лардың еңбек ақысының, жасының ұлғайуына қарай қызметінің жоғарылуының, шағын топтар психологиясын сіңірудің тегеруінді күші болып саналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жапондық менеджменттің мәні және маңызы
Баскарудың жапондық типінің түрлері
Жапон кәсіпкерлерінің басқаруды ұйымдастыруы
Жапондық менеджмент мектебі және оның ерекшеліктері
Менеджменттің жапондық және американдық модельдеріне салыстырмалы талдау жүргізу
МЕМЛЕКЕТТІК МЕНЕДЖМЕНТ: ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
Жапондық модель
Жапондық басқарудың тиімді әдістерін анықтап, Қазақстан кәсіпорындары үшін ұсыну
Жапондық компанияларда қолданылатын шешім қабылдау тәсілдері
Өнім сапасын басқару жөніндегі Жапонияның тәжірибесі туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz