Ренессанс дәуірі, Джордано Бруноның өмір туралы сабағы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛТКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ФИЛОСОФИЯ» кафедрасы

Кейс

ТАҚЫРЫБЫ: «Ренессанс дәуірі, Джордано Бруноның өмір туралы сабағы »

Орындаған:

Тобы:

Қабалдаған:



Шымкент, 2017

Тарихи ақпарат:

Джордано Бруно - ұлы италиялық философпантеизм өкілі, ақын, астроном, Коперниктің жақтаушысы және қолдаушысы. Ол 1548 жылы Италияның Нола қаласында туған. 14 жасынан бастап Доменикан шіркеуінде оқыды және сол жерде сопы болды. Шіркеу догматтарына қарсы шыққан үшін және Коперниктің ілімдерін қолдаған үшін шіркеуден етуге мәжбүр болады. Есейіп өскен шағында дінге қарсы көзқарасы үшін Италиядан кетіп, Францияда, Англияда, Германияда тұрды. Италияға қайтып оралғаннан кейін (1592), инквизиция Бруноны сегіз жыл түрмеде ұстады, кейін оны тірідей (1600 жылы он жетінші ақпан күні Рим қаласында) отқа жағып өлтірді. Бруно философияның мақсаты құдай бар деп білу емес, «заттардың өз құдіреті» болып табылатын табиғатты тану деп тұжырымдады. Ол ғаламның шексіз екендігі жайында идея ұсынды. Болмыстың негізгі өлшемі - монада. Ең жоғары субстанция - «монадалардың монадасы» немесе құдай; ол біртұтас болғандықтан әрбір жекеден көрініс береді. Бруноның бұл идеялары жаңа заманғы философияның дамуына зор әсерін тигізді. Бруно өз дәуірі үшін озат, кейін дәлелденген болжамдар айтты. Олар: Күн жүйесіндегі белгісіз планеталардың бар екені, Күн мен жұлдыздардың өз осімен айналатындығы туралы, ғаламда Күн тәріздес сансыз көп денелер бар екені жайлы, т. б. поэзиялық шығармаларында классицизмге қарсы бағыт ұстанды. Джордано Бруно былай деді: «Еңбек арқылы еңсеруге мүмкін емес ештеңе жоқ».

Жағдайдың сипаттамасы:

27 жасар Азамат Бейсенов банкте 5 жыл менеджер болып жұмыс істеді. Былай қарасақ, Азаматта өмірге керек барлық нәрсе бар еді: сүйікті жары, дені сау ұлы мен қызы, жұмысы. Бірақ, оның жұмысының айлығы отбасының жоспарларын орындауға мүмкіндік бермеді, мысалы, балаларын жақсы мектепке беру. Осы сәтте Азамат бала-шағасын жақсы мектепке беру үшін, отбасымен қиындықсыз өмір сүру үшін, өмірде бір нәрсені өзгерту керек екендігін түсінді.

Азамат сурет салуға таланты бар екенін есіне түсіріп, жұмыстан кетуді ұйғарады. Ол жастайынан суретші болуды армандаған, бірақ әкесі бұл тұрақсыз жұмыс деп айтты. Азамат тәуекелге баруды шешеді де, өзінде қалған ақшасына қылқалам, мольберт және бояулар сатып алады, өйткені салған суреттері үлкен табыс әкеледі деген үмітте болады. Азамат суреттерінің он шақтысын көрмеге жібереді, бірақ ешқайсысы сатылмайды. Содан кейін ол өміріндегі “қара жолақ” басталды деп ойлайды. Жақсы жаманын ойлап, Азамат өзінің талантына сүйене отырып, тәуекелге баруды шешті. Ол өзінің бар бос уақытын сурет салумен өткізді, бірак Азаматтың суреттері мағынасыз болды. Сөйтіп ол атақты суретшілердің суреттері мен адамдардың психолгиясын зерттеуді бастады. Оларға не ұнайтыны түсінді.

Мәселенің қойылымы:

1. Азаматтың шағын табысты, бірақ тұрақты жұмысынан кеткенін дұрыс деп ойлайсыз ба?

2. Оның суреттері табысты болатынына ықтималдылығы қандай?

3. Ол қандай шешім қабылдау керек: баяғы жұмысына оралу ма, әлде сурет салуды жалғастыру ма?

Шешімі:

Жарты жылдың ішінде ол қарызға батып, бірақ адамдарға қандай суреттер ұнайтынын зерттейді. Кейін ол өзінің өнерін сезімдерге, махаббатқа және отбасына арнайды.

Бір күні Азамат өзінің суретін жарысқа жібереді. Жарыста бас жүлдеге жарты миллион доллар береді екен, бірақ Азамат 2 орын иегері болады. Алайда, қазылар алкасының біріне Азаматтың суреті өте қатты ұнады. Ол қаладағы ең үлкен жарнама агенттігінің директоры екен. Сондықтан ол Азаматпен келісім-шартқа қол қою туралы шешім қабылдады және жоғары табысты жұмысқа шақырды.

15 жыл өткен соң, Азамат табысты және әйгілі суретші болды. Ол ең бастысы қанат үзбей, бастаған жұмысты аяғына дейін бітіру керек екенін түсінді. Азамат баласына әрдайым: «Еңбек арқылы еңсеруге мүмкін емес ештеңе жоқ», - дейді екен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайта өрлеу мен Реформация дәуіріндегі саяси- құқықтық ілімдер мен гелиоцентризмнің мемлекет пен қоғамды басқарудағы рөлі
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы жайлы
Қайта Өркендеу Дәуіріндегі өнер және ғылым
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы туралы ақпарат
Қайта Өркендеу Дәуірінің негізгі сипаттары
Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінің өкілдері
Джорджано Бруно философиясы
Қайта өрлеу және философиясы
Орта ғасыр философиясы туралы
Қайта өрлеу дәуірінің ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz