Философия тарихындағы софистикалық танымның маңызы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛТКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ФИЛОСОФИЯ» кафедрасы

Кейс

ТАҚЫРЫБЫ: «Философия тарихындағы софистикалық танымның маңызы»

Орындаған:

Тобы:

Қабалдаған:



Шымкент, 2017

Тарихи анықтама:

Софистер б. з. д. V-IV ғ. бірінші жартысында өмір сүрді. Софистика мектебінің өкілдері теориялық мәселелермен ғана емес, сонымен бірге педагогика, шешендік өнер, яғни практикалық қызмет те атқарды.

«Софистер»- грекшеден аударғанда «даналық ұстаздары» дегенді білдіреді.

«Софис»- данышпан. Өз сөздерінде, тұжырымдарында ақиқатты ашу жолында жалғанды шындыққа, шындықты жалғанға, пікірді дәлелділік ақиқатқа, қауесетті білімге, ақты қараға, қараны аққа таңатындарды софистер деп атайды. Кез келген білімнің салыстырмалылығын, ойлауды шегіне жеткізу. Әмбебап қисынды ұғымдарды субъективті түрде «қарама қарсылықтардың барабарлығына» дейін жеткізу. «Даналық ұстаздары» - ойлау мәдениетінің жоқтығы, оны елемеу.

Софистерге тән сипаттар:

- дүниедегі шындыққа сыни көзқараспен қарау;

- бәрін практика жүзінде қадағалау, кез кеген ойдың дұрыс не бұрыстығын логикалық дәлелдеу;

- ескі, дәстүрлі өркениет құндылықтарын қабылдамау;

- дәлелденбеген ескі ереже, қағидалар, дәстүрлерді терістеу;

- мемлект пен құқықтың шарттылығын, кемшіліктерін дәлелдеуге ұмтылды;

- ақиқаттың, білімнің салыстырмалылығы туралы ойды шегіне жеткізу;

- мәселені әдейі шатастырып, жалған қағиданы шын деп, шындықты жалған деп айтыста қарсыласын жеңу;

- пікір айтуда шегіне жеткен субъективизм, әрі релятивизм.

Жағдайдың сипаттамасы :

Протагор (б. з. д. 481-411) -атақты аға софист. Оның әйгілі кредосы: «Адам-барлық тіршіліктің, нәрсенің өлшемі, өмір сүрушілер үшін өмір сүру, өмір сүрмейтіндер үшін өмір сүрмеу». «Өмір сүріп тұрып, өмір сүретін болса да, өмір сүрмей тұрып, өмір сүрмесе де адам барлық заттардың өлшемі болып қалады».

Протагор риторика-шешендік өнер мен эристика-сөз өнері мен айтыс өнерінің кәсіби оқытушысы болған. Протагор туралы мәліметтер Платонның «Протагор» және «Теэтет» диалогтары және СекстЭмпириктің «Ғалымдарға қарсы» және «Пиррон қағидаларының үш кітабында» бар.

Софист Горгий ( б. з. д. 480-380) :

- ештеңе жоқ;

- егер бір нәрсе бар болса да, оны білуге болмайды;

- егер оны білген күнде де, оны тануға болмайды.

Егер Протагор «бәрі ақиқат» деп үйрете, Горгий «бәрі жалған» деп айтты. Горгий сөзді ойлаудан, ал ойлауды болмыстан алып тастады.

Горгийдің «ештеңе өмір сүрмейді», «ештеңе жоқ» дегені- бейболмыс өмір сүретінін дәлелдеуге болмайды және дәл сияқты болмыстың да өмір сүретінін дәлелдеуге болмайды және болмыс пен бейболмыстың екеуі де бірге өмір сүретінін дәлелдеуге болмайды.

Горгий ойлау нәрсесі мен ойлау нәрсесінің өмір сүруін ажырата білді. Өмір сүрмейтіндіні де ойлауға болады. «Егер ойлау нәрсесі мәнділік болмаса, онда мәнділікті ойлауға болмайды». «Егер мәнділікті білген күнде де, оны өзгеге түсіндіруге болмайды».

Софистердің атақты софизмдері, яғни логикалық әдіс, тәсіл, амалдары болды: бір қарағанда дұрыс пікір айтылған сияқты болып көрінеді, ал қорытындыда қарсыласты әдейі шатастырып, жалған тұжырымға келу әдісі. Софизмдердің тарихи түрлері көп: «Үйінді», «Әке», «Электра», «Күшік», «Тақырбас», «Мүйіз» т. б.

Мысалы, «мүйіз» софизмін қарастырайық:«сенің жоғалтпаған нәрсең өзіңде бар, сен мүйіз жоғалтпадың, демек, сенде мүйіз бар».

Бұл софизмде бірінші алғы шарт жалған, бірақ ол дұрыс формада алынып тұр, сондықтан осындай жалған нәтиже шығып тұр.

Сөйтіп, философияда софистердің алатын орны ерекше болды. :

- ойлау процесін дамытты;

- ежелгі грек ағартушылары болды;

- барлығына сыни көзқараспен қарап, ақиқаттың салыстырмалылығын көрсетті.

Мәселенің қойылымы :

  1. Софистер барлық құбылыстардың салыстырмалылығын қалай көрсетті?
  2. Софистер қандай әдіс-тәсілді қолданды?
  3. Софисттерді «даналық ұстаздары» деп атауға бола ма?
  4. Философия тарихындағы софистиканың алатын орнын анықтаңыз.

Шешімі:

Софистер өздерінің айтысу, дауласу мәселесінен тыс және оған тәуелсіз ақиқатты мойындамай, мынадай үш тезисті келтіреді:

- феноменализм - шындық өзіне танылмайды, тек өзінің көрініс құбылыстарында(феномендерінде) танылады;

- субъективизм немесе релятивизм - кез келген таным субъектке тәуелді болады;

- скептицизм - берілген тұжырымның ақиқаттығы, не жалғандығы туралы ештеңе айтуға болмайды.

Жалпы гректер логосқа бағынбайтын дискурстың мына түрлеріне қызығушылық білдірді:

- жұмбақ - ақылдың шешу қабілетіне күмәнданып, түсініксіз және көпмағынада қойылатын сұраққа сенімді бір, жалғыз жауап табу;

- антиномия - дұрыс ойлау, бірақ шешілмейтін, логосты шатастыру амалы. Тезис және антитезистен құралып, екеуі де дұрыс, бірақ шешілмейтін қарама-қайшылық. Оның көрінісі «жалған айтушы, өтірікші антиномиясы». (Криттік Эпименид барлық криттіктер өтірікшілер деп айтады) .

- паралогизмдер - қателігі бар ойлау, бірақ ол сөздер байланысында жасырын жатады, оны біз қазір софизмдер деп атаймыз. Мысалы: «Мүйіз», «Тақырбас», «Электра» және т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам өркениеті және оның қазақ халқының дүниетанымына ену тарихы Әл-Фарабидің рухани мұрасын жаңғыртудағы А.Қасымжановтың орны
Әл-Фарабидің теориялық танымы
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Аргументтеудің теориясы мен практикасы
Таным деңгейлері мен әдістері
КӨНЕ ГРЕК ФИЛОСОФТАРЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНЕН
Ислам діннің адамзат қоғамындамғы орны
ИБН РУШД
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Философия пәнінен лекциялық тезистер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz