Жастардың өзіне – өзі қол жұмсаудың алдын алу шаралары


Жастардың өзіне - өзі қол жұмсаудың алдын алу шаралары
Суицид (лат. тілінен sui - өзін + caedere - өлтіру) - өзін-өзіне қол жұмсауға икемді адамның әрекеті. Былайша айтқанда, бұл адамның өзінің «ішкі болмысына» жасалған қатігездігі, яғни жауыздығы. Суицид дертіне әдетте рухани әлсіз, психикалық тұрғыдан тұрақсыз адамдар шалдығады. Сондай ақ, өз-өзіне қол жұмсауға күнделікті күйзеліс түрткі болуы да мүмкін.
Суицид (латынша «sui caedere») - ерікті және жоспарлы түрде жүретін, өліммен аяқталатын өзін - өзі зақымдау болып табылады. Суицидальді әрекет дегеніміз-суицидальді активтіліктің, яғни суицидальді ой, ойын білдіру, суицид жасауға талпыну және қол жұмсау деп айтуға болады.
Суицидальді әрекеттің түрлері: 1. Демонстративті (білегіндегі қантамырды кесу, улы емес дәрілік құралдармен улану, биіктіктен құлау, т. б. ) . 2. Аффективті (асылу әрекеті, токсикалық құралдармен улану, т. б. ) . 3. Шынайы (асылу және улану, т. б. ) .
Суицидальді синдром - бұл суицидальді әрекетке бел буған адамның қимыл - әрекеті мен мінез - құлқын көрсететін психологиялық симптомокомплекс. Суицидальды синдромның 2 түрі болады: 1. псевдосуицид (аффект жағдайында жасалады, ол кезде адам өзінің мәселелеріне көңілін аударту мақсатында жасалады) ; 2. шынайы суицид дегеніміз - өмірден кетуді жіті жоспарлаған мақсат, (жақын-туыстары мен дос-жарандарының және өзгелердің ой-пікірлерін ескермей, олардың қайғы-мұңымен жұмысы болмайды) .
Суицид себептерін 3 топқа бөліп қарастырамыз: 1. Субъектінің тұлғалық деформациясы; 2. Психотравмалық жағдай; 3. Әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық мәселелер, т. б . Жасөспірімдер арасындағы өзіне қол жұмсау әрекеттерінің жиі себептері: 1. Отбасындағы ұрыс-керіс; 2. Жастар арасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың бұзылуы; 3. Жазалану алдындағы қорқыныш; 4. Махаббат проблемалары; 5. Кедейлік.
Дюркгейімнің суицид теориясына байланысты адам бір проблемаға тірелген кезде немесе ол бейімделген орта немесе әлеуметтік топ одан бас тартқан кезде ол өзін- өзі өлтіруге барады деген. Әлеуметтік байланыстардың ерекшеліктерін ескере отырып ол келесі суицид түрлерін бөліп көрсетті: эгойсттік және альтруисттік. Тағы да психопаталогиялық жағдай негізінен балалармен жас өспірімдердің социолизация деңгейімен қоғамда алатын орнына байланысты да болады. Психоанализдік зерттеулер барысында суицид ол жеке тұлғаның сексуалды бұзылысына байланысты деген тұжырымдарға келді.
И. П. Павлов өзін-өзі өлтіруді «мақсат рефлексін» жоғалту деп түсіндірген. Осыған байланысты ол: «Мақсат рефлексі әр адамның өмір мәні және энергия көзі. Өмір қызығы бір мақсатқа жетуге талпыну, егер сол мақсатқа жете алмаса басқа мақсатты көздеп соған қол жеткізу, қызығу, ұмтылу. Соған байланысты біздің өміріміз гүлденеді және мәндене түседі. Егер адамның өмірінде мақсат жоғалса оның өмірі мәнсіз болады. Сол себепке байланысты біз өлген адамдар артынан қалған қағаздардан, олардың өмірлерінің мәні жоғалғанына байланысты олар өз- өздерін өлтіруге мәжбүр болғандарын ұғынамыз. Бірақ адам өміріндегі мақсаттар саны шексіз . . . » Тек И. П. Павлов суицидке барған адамдардың ешқайсысында психикалық ауытқуы жоқ деген.
Суицидке кімдер бейім? 1. Өмірінде аяқталмаған суицидальді әрекетке барғандар; 2. Суицидальді ойлы, ашық қорқытулар жасағандар; 3. Өзін зақымдауға бейімділік (аутоагрессия) ; 4. Аффективті бұзылыстар (ауыр депрессия, невроз) ; 5. Отбасындағы суицидальді әрекеттің орын алуы; 6. Созылмалы алкоголизм, наркомания, токсикомания; 7. Созылмалы жазылмайтын, қатерлі дертпен науқастану; 8. Бір жыл көлеміндегі психотравманың болуы; 9. Отбасындағы, әлеуметтік, қоғамдық, тұрмыстық мәселелер; 10. Психикалық бұзылыстар.
Суициденттерді әдетте, амбивалентті сезімдер басқарады, яғни оларда бір мезгілде шарасыздық пен үміт және өмірден кетуге құштарлық пен жарық дүниеге деген қимастық сезімдері болады. Мамандардың міндеті осы кезеңде суициденттерге кәсіби тұрғыда көмек көрсетіп, оларға үміт беру, суицидальді әрекеттің алдын алу болып табылады.
Мамандар суицид оқиғасының жиiлеуiне әртүрлi себептердi алға тартады. Соның ішінде әлеуметтiк жағдай, тиiстi отбасылық және қоғамдық тәрбиенiң жоқтығы, моральдық және физикалық зорлық-зомбылық, есiрткi қолдану, жоғары сынып оқушыларының төменгi сынып балаларының намысына тиетiн әрекеттер жасауы сияқты жағдайлар негізгі факторлар. Ал, дінге сенетін адам үшін бұл аталғандар өлімге себеп емес, пәни дүниеде әр адамға кезігетін кәдімгі жағдайлар ғана.
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы 10 қыркүйекті Дүниежүзілік суицидпен күрес күні деп жариялады. Қазақстанды ВВС тәуелсіз телекомпаниясының сайтында 2016 жылы Қазақстанда өзін-өзіне қол жұмсағандар саны 48 мың адамға жетті деп, 5-ші орынға жариялаған болатын. Бұл кестеде 1-ші орында- Оңтүстік Корея (97 мың адам), 2-ші орын Қытай (86 мың адам), 3-ші орын Шри-Ланка (74 мың адам), 4-ші орын Ресей (69 мың адам) тіркелген екен. Қазақстанда ең депрессивті аймақтарға, яғни суицидальді әрекетке салыстырмалы түрде жиі баратын - Оңүстік Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарын жатқызуға болады.
Ал енді Қазақстанның ішіндегі жағдайға назар аударсақ: соңғы бірнеше жылда осындай қаза бойынша көш басында Ақтау (64-67 оқиға) және Солтүстік Қазақстан облысы (100 мың тұрғынға шаққанда 57 адам өз-өзіне қол жұмсаған), Оңтүстік Қазақстан облысы (72 оқиға) . Бір атап өтерлігі - елде адам өлтіргендерге қарағанда өз-өзін өлтіргендер саны әлдеқайда көп екен. Мамандар жыл сайын Қазақстанда 18 пен 20 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 6-8 суицид фактісі тіркелетіндігін айтады.
Статистика агенттігі өкілінің келтірген мәліметтеріне сүйенсек, 2015 жылы Қазақстанда 145, 9 мың адам қайтыс болды (204 жылға қарағанда 2, 2 пайызға көп) . Өлімдердің 17, 7 мыңнан астамы немесе 10 пайызы сыртқы факторлардан болған. Соның ішінде 3 мыңнан астам адам өз-өзіне қол жұмсау арқылы өмірімен қоштасқан. Оның 1728-сі қалалық жерде, 1889-ы ауылдарда болды.
"Бұл - суицидке әрекет еткендердің сыртындағы сандар. Өкінішке қарай, ресми статистика суицид оқиғаларының себептерін зерттеумен айналыспайды. 2015 жылға дейінгі статистикаға сүйенсек, жағдай біршама жақсарғанын көруге болады. 100 мың адамға шаққанда 26, 9 оқиғадан келген 2013 жылмен салыстырсақ, көрсеткіш 2014 жылы - 24, 2015 - 22-ге дейін азайды. Әлемдік тәжірибеде суицид оқиғалары 100 мың адамға шаққанда 20-дан асып кетсе, жағдай қауіпті болып саналады. Әрине, Қазақстанда бұл ахуалдың түйіткілі әлі азайған жоқ. Себебі, біздің ел Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлемде бесінші орында тұр", - деп атап өтті ол.
Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің департамент директоры Гүлнәр Құқанованың айтуынша, соңғы уақытта өз-өзін өлімге итермелеу фактілері 29 жасқа дейінгі адамдардың арасында артқан. Мәселен, 2017 жылы тіркелген суицидтардың жалпы санының 14590-ын немесе 55 пайызын аталған жасқа дейінгі балалар, жасөспірімдер мен жастар жасаған.
Атап айтқанда, 1 мың адамға шаққанда 0-11 жас аралығындағы балдырғандар арасында - 5 оқиға; 12-14 жас аралығында - 8, 3; 15-17 жас аралығында - 19; 18-19 жас - 21; 20-24 жас - 26, 2 және 25-29 жас аралығындағы адамдар арасында 37, 4 оқиға тіркелді.
Сондай-ақ статистикалық деректерге қарағанда, 29 жасқа дейінгі ерлер осы жастағы әйелдерге қарағанда өз-өзіне үш есе жиі қол жұмсайтын көрінеді. 2010 жылы суицидтан көз жұмғандардың жалпы санының 77 пайызы - ерлердің, 33 пайызы әйелдердің үлесінде.
Өткен жылдың көрсеткіштеріне сүйеніп облыстар бойынша айтатын болсақ, 29 жасқа дейінгі азаматтар арасында суицид оқилары Шығыс Қазақстан облысында жиі тіркелген (182 оқиға), одан кейінгі орында Қарағанды (154), Алматы (144), Оңтүстік Қазақстан (123), Ақмола (121) және Қостанай облыстары (101) тұр.
Қорыта келгенде, қазіргі таңда суицид (өзін-өзіне қол жұмсау) Қазақстандағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұнымен күресудің жолдары жоқ емес. Психологтардың және қоғамның өз ішінде бірлесіп күресетін болсақ, көп жағдайларды алдын алуға болады деп есептеймін. Себебі өскелең ұрпақ қазіргі жаһандану заманында ойына не түйіп өсіп келе жатқанын болжау өте қиын. Суицидтан (өзін-өзіне қол жұмсау) алдын алу үшін: Қазақстандағы Интернеттегі желілік қатынастарды реттейтін нормативті-құқықтық базаны жетілдіру қажет; cуицид туралы айтылатын сайттарда жасырын психологтар жұмыс жасауы қажет; полиция органдары білім беру мекемелерімен бірлесіп оқу орындарында, оқушылар мен студенттер жиналатын жерлерде әлеуметтік желілер мен интернеттың теріс жақтары туралы ақпараттық стендтер орналастыру; ата-аналар, мұғалімдер, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер, салауатты өмір салтын қалыптастырушы мамандар, бұқаралық ақпарат құралдары бірлесе жұмыс атқару керек. Яғни ең алдымен алдын алу жұмыстары жасалу қажет: жасөспірімдер мен жастар арасында осы тақырыпта дәрістер, әңгімелесулер, сұхбаттасула, кеңес беру, сұрақ-жауап сияқты жұмыстардың көбірек жүргізілгені дұрыс. Суицидке баратын адамдар көбінесе ішкі жан күйзелісін басынан кешіреді немесе қатты стресс жағдайында болады, сонымен қатар психикалық ауырулармен, көңіл күй бұзылыстарымен, әсіресе депрессиямен зардап шегеді және болашақ өмір қызықтырмайтын болып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz