Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудын мақсаттары мен міндеттері


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛТКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Менеджмент және Маркетинг» кафедрасы

ЭССЕ

ТАҚЫРЫБЫ: «Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудын мақсаттары мен міндеттері»

Орындаған:

Тобы:

Қабалдаған:


Шымкент, 2017ж

Кез келген коғам, өзінің болашақтағы даму перспективасың анықтап, болжаусыз өмір сүре алмайды. Экономикалык болжамдар қоғамның даму мақсатын, сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін - ұзақ, орта, қысқа мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізігі бағыттарын анықтау үшін қажет. Экономикалық болжам дегеніміз - экономикалык прогностиканың барлык әдіс-тәсілдерін, кұралдарын қолдануға және экономикалық кұбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық жоспарлау процессі.

Жоспарлау - экономиканың объективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп түсіне білу және оларды саналы түрде пайдалану арқылы әлеуметтік-экономикалык дамудың жоспарларды ғылыми негізде дайындау мен олардың орыңдалуын ұйымдастыру процессі. Жоспарлаудың негізгі мақсаты - экономикада баланстык үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты камтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа кол жеткізу.

Экономикалык пропорциялар дегеніміз өндірістің әр түрлі элементтері (машиналар, құрал-саймандар, шикізат және материалдык қорлар, жұмыс күші) арасындағы, әр түрлі өндіріс салаларынын өнім көлемдері арасындағы, түптеп келгенде өндіріс құрылымдары мен өндіру көлемдері және тұтыну кұрылымдары мен тұтыну көлемдері арасындағы белгілі сандық қатынастар.
Экономикалык пропорциялар өздігінен (стихиялық) және адамның мақсатты түрде жүргізген әрекеттері нәтижесінде құрылуы мүмкін.
Капиталистік экономикалық формацияның калыптаса бастаған алғашқы кезеңінде, пропорциялар нарықтық үйлестіру механизмі аркылы және кризистер аркылы қалыптасады. Оған экономиканың даму заңдары үздіксіз ыкпал етіп отырады. Тауар өндірушілер экономикалық заңдардың бар-жоғын сезбесе де, сол заңдардың талабына сәйкес қызмет жасайды. Мысалы, ол өндірген тауарына баға қойған кезде, тек өзінің жұмсаған шығынын есептеп қоймай, сонымен бірге базарда калыптаскан жағдайды ескереді. Оған кұн заңы ыкпал етеді. Сонымен, бірінен-бірі туындап отыратын, бірімен-бірі тығыз байланыстағы тауар өндірушілер қызметі аркасында экономикада пропорциялар жүйесі құрылады. Яғни, экономиканың құрылымдық бөліктері арасында белгілі бір сандык қатынастар қалыптасады. Оны біз пропорционалдық дейміз.

Өндіріс күштерінің дамуы жоғары деңгейге жеткен кезде, нарықтық үйлестіру механизмі де, кризистер де экономикалық пропорцияларды құруға жеткілікті бола алмайды.

Жосларлау төменде көрсетілген міндеттерді атқарады:

1. қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын анықтау;

2. жоспарлы кезең экономикасыпың сандык жәңе сапалык сиппатамаларын белгілеу;

3. материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалык, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау;

4. жекелеген салалар мен аумақтардың даму қаркыны мен пропорцияларын аныктау.

Жоспарлау 1 схемада көрсетілген классификацияға сәйкес жіктеледі:
Жоспарлаудың деңгейіне (масштабына) байланысты: макроэкономикалык (халық шаруашылығының) ; аумақтық (облыстық, аудандық) ; ұйым ішінде (ішкі жоспарлау) ; микроэкономикалық (салалық көрсеткіштерді жоспарлау) .
Жоспарлау мерзіміне байланысты: ұзақ мерзімге жоспарлау (5 жылдан 20 жылдан арғы мерзімге) ; орта мерзімдік (1 жылдан 5 жылға дейін) ; ағымдағы жоспарлау (1 айға дейін, 1 айдан 1 жылға дейін) . Жоспарлау процессінің мазмұнына (жоспарлау объектісіне) байланысты: экономикалык жоспарлау (өндірістік катынастардьщ даму жоспары, халық шаруашылығы дамуының динамикасы) ; әлеуметтік жоспарлау (демография процесстерін, халықтың өмір сүру деңгейін, еңбек ресурстарының даму болжамы) ; ғылыми-техникалық жоспарлау (ғылыми-техникалық прогресстің даму болжамы) ; экологиялық жоспарлау (табиғи ресурстарды пайдалану болжамы, қоршаған ортаны қорғау) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компаниялардағы бизнес - жоспарлау міндеттері мен функциялары
Қаржылық жоспарлау– шаруашылықты жургізу
Әлеуметтік экономикалық дамуды жоспарлау
Бюджеттік жоспарлау мен болжау
Қазақстан Республикасында бюджеттік жоспарлау жүйесін қарастыру
Маркетинг жоспары
Бюджеттік болжау мен жоспарлау
Бюджетті жоспарлау негіздері
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың объектісі
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні жөнінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz