Ұйымның стратегиялық жоспары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛТКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Философия және Мәдениеттану» кафедрасы
Реферат
ТАҚЫРЫБЫ: «Ұйымның стратегиялық жоспары »
Орындаған:
Тобы:
Қабалдаған:
Шымкент, 2017ж
Жоспар
Кіріспе
II Негізгі бөлім
2. 1 Ұйымның миссиясын қалыптастыру
2. 2 Мақсаттар мен міндеттер жүйесін құру
2. 3 Стратегияны жоспарлаудың деңгейлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі кездегі ғылымға, басқару туралы көптеген фирманы басқару модельдері мәлім. Солардың бірін таңдау, бұл ұйымның табысты жұмыс істеуі үшін қабылданған шешім. Бірақ ұйымды басқаруда қабылданған барлық жүйелер мен әдістерді таңдау, стратегиялық шешімге жатпайды.
Айталық, орта буын басшыларын қызметке тағайындау, қызметтік жалақы, басқарушылық аппараттың қызметкерлер санын бекіту сөзсіз маңызды және ұзақ уақыттық салдары бар . Бірақ оларды аса көп шығындарсыз өзгертуге немесе түзетулер енгізуге болады. Сондықтан оларды стратегиялық басқаруға жатқызбаймыз[1]
Стратегиялық шешім қабылдауда үлкен маңызға ие келесі топтардың басқару стратегиясын таңдаудағы нұсқалары:басқару түрін таңдау, ұйымдық және басқару құрылымын айқындау, ұйымдағы шешім қабылдау механизімін таңдау. [2]
Стратегиялық жоспарлау ұйым үшін мақсат таңдау процесі және оның шешу жолындағы шешім. Стратегиялық жоспарлау барлық басқарушылық шешім негізі болып табылады. Жоспарлар жеке позицияны емес, жалпы ұйым үшін өңделу керек. Ресми жоспарлау мен ұйым жетістігі арасында тұрақты оң корреляция құралады.
Стратегиялық жоспарлау басты компоненті бұл мақсаттар арқылы шешім қабылдау, жоспарлаудың негізгі кезеңдері көрсетіледі. Мақсат миссиядан тұрады. Миссия басшы өзінің шешімдерін негіздейтін бағыт ретінде жүреді. Мақсат тарлығы шешім қабылдау баламалар мүмкіндігін азайтады. Өте кеңейген миссия ұйым жетістігіне кедергі болады. Мақсаттар нақты, өлшенетін, уақытқа бағытталған, ұзақ және қысқа мерзімді, қолжетімді болу керек. Сыртқы ортаны бағалау сыртқы мүмкіндіктер мен қауіптерді бағалайды. Ұйымның күшті және әлсіз жақтарын басшылық жоспарлауды тиімді жүргізу үшін анықтайды. Басқарушылық зерттеу ұйымның функционалдық зоналарын методикалық бағалауды білдіреді.
Ұйым құзіретінде төрт сратегиялық баламалар бар: шектеулі өсу, өсу, қысқару және бұл варианттар бірігуі. Барлық жағынан талдау жүргізгеннен кейін ғана баламалар таңдалып, стратегия алынады. Жалпы стратегия алынғаннан соң басқа функциялармен біріктіруге болады. стратегия байлау маңызды механизмі бағдарлау жоспарын өңдеу: олар тактика, саясат, процедура, ережелер. Тактика нақты қысқа мерзімді стратегиялар. Саясат дегеніміз іс әрекет пен шешім қабылдау үшін жалпы бағдар. Процедура нақты жағдайда қолданылуы керек әрекеттер жазылуы. Ереже нақты жағдайдағы әрекет.
2. 1 Ұйымның миссиясын қалыптастыру
Жақсы құрастырылған стратегиялық көрініс - тиімді стратегиялық жетекшілікті қамтамасыз ету үшін міндетті талап болып табылады. Фирманың стратегиясын тиімді әзірлеу үшін, ең біріншіден өзінің бизнесінің анық тұжырымдамасы - көру, байқау қажет. Бұл нысаналы кезеңнің негізі болып табылады. Менеджер өз фирма қызметінің сипатын дәл білу білу қажет және де ол бүгінгі немесе болашақ күндеріне, сонымен қатар 5-10 жылға арналған фирманың дамуының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын ойластыру керек. Менеджерге нарықтағы өз фирманың орны және оның ұзақ мерзімді дамуы қандай болып көрінсе, сол стратегиялық көрісніс болып табылады.
Стратегиялық көрініс негізінде ұйым миссиясы қалыптасады. Жалпы айтқанда, фирманың миссиясы - бұл ұйымның немен айналысатынын және не істегісі келетінін білдіреді.
Миссия - бұл ұйымның негізгі жалпы мақсаты болып табылады. Ол фирманың өмір сүруінің мәнін білдіреді. Әрбір ұйым ашық жүйе болып табылатындықтан, ұйым ішінде жоқ болатын кезімен тұтынуды қанағаттандыру арқылы ол өмір сүре алады. Сондықтан да тек қана қоршаған ортада ұйымның жалпы мақсатын іздеу қажет. Пайда ұйым мақсатының негізгі бола алмайды, өйткені ол ішкі мәселелер қатарына жатады. Миссия, стратегиялық көрініске қарағанда, нақты бағдарлау болады, өйткені оның орындалуы нақты уақыт кезеңімен байланысты.
Стратегиялық көрініс және миссия әрқашанда жеке дара болып келеді және олар фирманың даму жолы мен қызметтің бағыты жағынан бір-бірімен айырады.
Жалпы алғанда ұйым миссиясы келесідей болып келеді:
- қызмет саласын анықтау;
- қоршаған ортаға байланысты фирманың жұмыс қағидаттары;
- ұйым мәдениеті ретінде қарастырылатын фирманың ішкі базалық құндылықтары.
Миссияны қалыптастыру шеңберіндегі ұйым қызметінің аясы әртүрлі анықталуы мүмкін (тар немесе кең) . Мысалы, жалпы анықтамасы - транспорт, бөлшектік анықтама - автомобильдер. Стратегияны әзірлеуде осы 2 нұсқалардан ең жақсыны таңдап алуы қиын болып келеді.
Қызмет аясын анықтауда көбінесе 3 факторларды қолданады:
- тұтыну облысы (не өндіру керек?)
- тұтынушылардың нысаналы топтары (кім үшін өндіру керек?)
- технологиялар мен функционалды орындау(сұраныстарды қалай қанағаттандыру керек?) .
Қазіргі кездегі жетекшілік фирмалардың көбі миссияны қалыптастыру кезінде компания қанағаттандыруға тырысатын негізгі топтарды, сұранысты бөледі және қойылған мақсаттарға жету үшін стратегияның негізгі бағыттарын анықтайды. Көрсетілген мақсаттарға жету үшін компаниялармен мүдделі топтар (тұтынушылар, жабдықтаушылар, акционерлер, қоғам қызметкерлері) арасында ықыластық қарым-қатынастарды құру және оларда одан әрі жалғастыруды қамтамасыз ету керек.
Marriott Hotels арналымы - клиенттермен, қызметкерлермен, акционерлремен және қоғаммен қатты, ұзақ және өзара пайдалы ынтымақтастықты құру мақсатында орналастыру мен қызмет көрсетулерді ұсыну.
Клиенттердің сұраныстары түсінікті және қанағаттандырылған болғанда, акционерлердің бұдан қандай пайда алуға болатынын түсіну қажет. Қалыптасқан миссия арқылы қызметкерлер өзінің міндеттерін сапалы орындауға тырыстырып, ал менеджерлер өзінің басқарушылығы(н жетілдіруі қажет.
Жақсы құрастырылған миссия ұйымның жалпы құндылықтарын және принциптерін (философиясын) көрсету қажет. Мысал ретінде Marks & Spencer компанияның миссиясын қарастырайық (оны Друкер дүние жүзіндегі басқару стилі бойынша ең жақсы кәсіпорын деп атады) .
Marks & Spencer компаниясының миссиясы
Біздің құнды активтерімізге жатады:
- қоғамның сенімділігі және жақсы қатынастар
- басшылық және барлық деңгейлердегі қызметкерлер жағынан өз ісіне жауапкершілікпен ықыластықпен қарау
- біздің жабдықтаушылармен ынтымақтастық және сенімділік қатынастар
Біздің қағидалар:
- жоғары сапалы тауарларға тиімді бағаларды қою арқылы тұтынушыларға ұсыну
- жабдықтаушыларды ең жаңа және тиімді өндіріс әдістерін және сапаны бағалау әдістерін қолдануға итермелеу
- ең жоғарғы стандарттардағы сапаны бақылауда жабдықтаушылармен қарым-қатынастарды қамтамасыз ету
- біздің сатып алушыларды максималды қанағаттандыруды қамтамасыз ету үшін тауарлардың ассортиментін кеңейтуді ұсыну, дүкендерді де кеңейту
- біздің тұтынушылармен, жабдықтаушылармен және қызметкерлермен өзара пайдалы тұрақты қарым-қатынастарды орнату.
2. 2 Мақсаттар мен міндеттер жүйесін құру
Жақсы нәтижелерге жету үшін, лайықты мақсаттарды қою қажет. Мақсаттар, миссияға қарағанда, ұйым қызметінің нақты бағыттарымен байланысқан ұйымның жеке сипаттамаларының ақырғы жеке күйлерін білдіреді. Қойылған мақсаттар ұйымдық іс-әрекеттер мен нақты талаптарға жетуді қажет етеді. Бұл арқылы ұйымдар қажетті нәтижеге жете алады. Мақсаттарды анықтау ұйым қызметінің нәтижелерге байланысты нақты міндеттердің стратегиялық көрініспен миссияның жалпы қалыптастырылуы арқылы жүзеге асырылады.
Мақсаттардың тиімділігі - бұл нысаналы стратегияның базалық критерийі болып табылады. Мақсаттар тиімді шешімдерде, одан кейін әрекеттерге әкеледі. Ол үшін келесі талаптарды қанағаттандыру қажет. :
1. Мақсаттар нақты және өлшенген болуы керек. Нақты өлшенетін нысандардағы мақсаттар ұйымның келесі шешімдердің нақты есебін және бақылау функцияларын орындалуын жүзеге асырады. Егер мақсат нақты қалыптастырылған болса, онда оған жету жолы оңай болады.
2. Мақсаттар уақытта бағдарлануы тиіс. Болжамдаудың нақты кеңістігі тиімді мақсаттардың басқаша сипаттамасын береді. Ұйымның нені жүзеге асыратынын білу жеткіліксіз, сонымен қатар оның қорытындыларының нақты мерзімін білу қажет. Мақсаттар ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары), орта мерзімді (1жылдан 5жылға дейін) және қысқа мерзімді (1жылға дейін) болып бөлінеді. Ұзақ мерзімді мақсаттар ұйыммен кең шекараларында қалыптасады. Ұзақ мерзімді мақсаттарды қамтамасыз ету үшін орта және қысқа мерзімді мақсаттарды орындау керек.
3. Мақсаттар (реалды) болуы керек. Мақсат қол жетімділікті болуы керек. Бұл ұйымның тиімділігін жоғарлатудың маңызды шарты болып табылады. Ұйымның мүмкіншілігінен асатын мақсаттарды орнату теріс қорытындыларға әкелуі мүмкін. Егер мақсаттар реалды болмаса, онда жұмыскерлердің талғамы түсіп қалуы мүмкін. Өйткені сыйақылар және қызмет бойынша көтерілулер мақсатқа жетумен тығыз байланысты.
4. Мақсаттар салыстырымдылықты және өзара қолданатын болуы қажет. Стратегиялық жоспарлау жүйелік сипатта болғандықтан басқарушылық тік шекарасында өзара қолданатын және мақсаттарды әзірлеу кеңістік бойынша үйлестірілген болып табылады. Ұйым қызметінің түрлі функционалды облысындағы мақсаттар салыстырымалы болады. Мысалы, маркетингтің мақсаттары ұйымның өндірістік мүмкіншіліктеріне сай болуы керек, пайда көрсеткіштері нарық позициясының көрсеткіштерімен сәйкес болуы керек. Өзара қолдаушылық мақсаттар тобының топшаларға бөлінуін дұрыс етіп, ішкі иерархия шегінде оларды қолдап тұрады. Бұндағы әрбір мақсат одан жоғары тұратын мақсатқа сай болып келеді.
Ұйым қызметі көп түрлі болатындықтан, ол бір мақсатқа бағыттала алмайды. Ұйым өзінің мақсаттарын анықтайтын облыстарды айқындауы керек. Ұйым мақсаттарының түрлері 2 топқа біріктірілуі мүмкін: экономикалық және экономикалық емес сипатта.
Экономикалық емес мақсаттар - ұйымның әлеуметтік міндеттерімен байланысты. Әлеуметтік мақсаттардың қалыптасуы - әрбір коммерциялық ұйымның негізгі міндеті, өйткені ол белгілі сұраныстары бар адамдардың біріктірілуінен жасалады.
Экономикалық мақсаттар - бұл шаруашылық қызметтің көрсеткіштерінде болады және олар сандық және сапалық болуы мүмкін. Мысалы, сандық мақсат - келесі жылға сату көлемін 5% көбейту, сапалық мақсат - ұйымның технологиялық жетекшілікке жетуі.
Қаржылық мақсаттар - ( пайда, рентабельділік, табыс көрсеткіштері) - коммерциялық ұйымның иерархиялық мақсаттарының жетекшілік рөлін алады.
Жалпы мақсаттарды ұйым қызметі бағытталған күтілетін қорытындыларды орындау үшін мақсаттардың нақты қалыптастыруынан алуға болады. Ұйым алдында тұратын мақсаттарды 4 қызмет облыстарға бөлуге болады: қаржылық, тұтынушыларды қамтамасыз ету, шаруашылық қызмет және ішкі мүмкіншіліктер.
Ерекше мақсаттар ұйым табиғатымен, базалық саламен, өндірістік процесті ұйымдастырылуымен, тұтынушылар тобымен және нарықтық динамикасымен анықталады.
Стратегиялық менеджменттің мақсаттары мен міндеттері көптүрлі болғандықтан, оның жүйелік, кешенді құрылымынан тыс ешқандай ұйым жұмыс істей алмайды. Мақсаттардың ең тиімді және жеңіл үлгісі - мақсаттар ағашы (дерево целей) . Бұл үлгі мақсаттар иерархиясындағы жалпы стратегиялық мақсаттардың топшаларына трансформациялануынан тұратынын көрсетеді.
Қайта құрылу деңгейінің көлемі мақсаттар қызметінің масштабтарына, олардың құрылуының күрделілігіне және басқару құрылымды ұйымдастыруына байланысты болады.
Нысаналы құралды тәжірибелік қолдану кезінде келесі ережелер сақталуы керек:
- Ең жоғарыда тұратын жалпы мақсат ақырғы қорытындының мазмұнын беру керек.
- Иерархиялық құрылымдағы әрбір келесі деңгейдегі мақсаттың жүзеге асырылуы алдынғы деңгейдегі мақсатқа жетудегі қажетті құрамы болады; түрлі деңгейдегі мақсаттарды қалыптастыру барысында көздеген қорытындыларды жазу керек.
- Әрбір деңгейдегі мақсаттардың топшалары бір-бірінен тәуелсіз болуы керек.
- Мақсаттар ағашы құру барысында операциялар мен әдістерден тұратын міндеттер болуы керек. Олар белгіленген уақытта (мерзімде) анықталған әдіспен орындалуы тиіс.
2. 3 Стратегияны жоспарлаудың деңгейлері
Көптеген компаниялар бір стратегиялық жоспарды ғана емес, стратегиялық иерархиясын құрайтын басқарудың түрлі деңгейдегі бірнеше стратегияларының біріктірілген жалпы мақсаттарды әзірлейді. Әрбір деңгейлер бір-бірімен өзара байланысты ұйым ішінде стратегияларының пирамидасын құрайды.
Диверсификационды компаниялар стратегиялардың 4 деңгейін бөледі: корпоративтік, іскерлік, функционалды, операционды. Мамандандырылған фирмалар көбінесе үш деңгеймен шектеледі. Бұл жағдайда іскерлік және корпоративтік стратегиялар сәйкес келеді, өйткені стратегия бір бизнес аясына құрастырылады.
Негізгі міндеттері мен олардың әзірлеуіне жауапты стратегиялар деңгейлері кестеде көрсетілген.
Стратегияны әзірлеуде міндеттерді бөлу.
Стратегия
деңгейі
Арналымы
Стратегияны әзірлеу және жүзеге асыру бойынша жауаптылар
Негізгі міндеттер
Корпоративтік
Қызметтердің аясына және ұйымдастырылуына арналған
Басқарудың жоғары буынының басшылары
- Ұйым қызметі жұмыс істейтін салалары мен бағыттарында жалпы жұмыс көрсеткіштерін жақсарту.
- Диверсификация және интеграция облыстарындағы қызметтер.
- Тиімділігі жоғары шарушылық қоржында құру және басқару.
- Шаруашылық қоржын шекарасындағы синергетикалық нәтижені алу үшін жолдарды іздеу.
- Корпоративтік ресурстарды оңтайлы бөлу.
- Бизнес қатынастарындағы қызметтер.
Іскерлік
Стратегиялық бөлімшелерінің басшылары
- Бәсекеқабілеттілікті күшейту және бәсекелік артықшылықтарды сақтау.
- Сыртқы өзгерістерге әсер етуші механизмін қалыптастыру.
- Түрлі функционалды бағыттардағы стратегиялық күшейтулердің интеграциясы.
Функционалдық стратегия
- Жалпы іскерлік стратегияларды және бәсекеқабілеттілікті қолдау.
- Фирманың функционалды бағыттарға жету үшін басқарушылық бағдарларды құру.
- Операционды қызметінің стратегиялық күшейтулердің интеграциясы.
Операциондық стратегия
- Функционалды бөлімшелердің мақсаттарына жетумен байланысты мамандырылған сұрақтар мен мәселелерді шешу.
- Еңбек өндірісін жоғарлату.
Корпоративтік стратегия - бұл диверсификацияланған компанияның жалпы басқару жоспары. Корпоративтік стратегия компанияның барлық қызмет бағыттарын қамтиды. Оның жалпы стратегиялық жоспары белгілі бір уақыт кезеңін қамтиды, көп жағдайда ол 5 жылға дейін құрылады және жақын жылдардағы компанияның позицияларын көрсетеді. Корпоративтік стратегия - бұл ұйымның жалпы даму бағытының таңдауы бойынша шешімді қабылдау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz