XIX –XX ғасырлардағы әлеуметтанушылардың көзқарастары


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛТКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«» кафедрасы

Реферат

ТАҚЫРЫБЫ: «XIX -XX ғасырлардағы әлеуметтанушылардың көзқарастары »

Орындаған:

Тобы:

Қабалдаған:


Шымкент, 2017ж

Жоспар

Кіріспе

XIX -XX ғасырлардағы әлеуметтану

II Негізгі бөлім

2. 1 Герберт Спернсердің әлеуметтанудағы эволюционизм туралы тұжырымдамалары

2. 2 Эмиль Дюркгеймнің әлеуметтану туралы көзқарасы

2. 3 Питирим Сорокиннің әлеуметтік стратификация туралы ой-пікірі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Әлеуметтік тарихтың төртінші кезеңі XIX -XX ғасырды қамтиды. Адам жөнінде ғылым. Огюст Конт әлеуметтануы. Эмпирикалық социологиялық зерттеулердің қарқынды дамуы. Әлеуметтану позитивизмінде методологиялық бағыттың басымдылығы. Конт заманынан бастап, қоғам жөнінде білімнің жеке саласы ретінде академикалық әлеуметтану кезеңі басталады. Түрлі ғылыми мектептер қалыптасады: натурализм, эволюционизм, органицизм, социал-дарвинизм және т. б. XIX ғ. аяғы мен XX ғ . басы әлеуметтануда натурализмның терең дағдарысымен байланысты, бұл қызығушылықтың әлеуметтік әрекет пен өзара әрекет мәселелеріне ауысуын, түсінуші әлеуметтану әдістері мен тұлға әлеуметтану концепциясының құрастыруымен байланысты болды (М. Вебер, Э. Дюркгейм және т. б. ) . 20 ғасырдың 20-80жылдар аралығында әлеуметтануда қазіргі негізгі бағыттардың қалыптасуы, қарқынды салалық жіктеліс пен зерттеу әдістерінің жетілу үрдісі жүрді. 80-шы жылдардан бастап әлеуметтану дамуында жаңа қазіргі кезең басталады.

XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басындағы батыс әлеуметтануының биорганикалық мектебі қоғамның дамуын табиғи ағза аналогы ретінде қарастыруы және әлеуметтік өмірді биологиялық заңдылықтар негізінде түсіндіруге талпыныс жасаған бағыт. Оның негізгі өкілдері Г. Спенсер, Л. Гумплович, А. Гобино және т. б. Биорганикалық мектеп өкілдері, әлеуметтанудың негізін салушылардан гөрі, қоғам ағза деп дәйектеді және қоғам мен ағза арасындағы жаңа ұқсастықтарды іздеумен айналысты. Олардың ойынша, мысалы, сауданың қоғамдағы қызметі, ағзадағы қанайналым қызметімен тең келеді, ал үкімет қызметі бас миы.

2. 1 Герберт Спернсердің әлеуметтанудағы эволюционизм туралы тұжырымдамалары

Герберт Спенсер - ағылшын философы, әлеуметтанушысы және инженер, әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі, позитивизмнің негізін салушылардың бірі. 1820 жылы Англияның Дерби деген шағын каласында мектеп мұғалімінің отбасында дүниеге келді. Денсаулығының әлсіздігінен 13 жаска дейін мектепке бармаған. Спенсер өз өмірінің көп бөлігін тұрлі академиялык және ресми қызметтерден бас тарткан тәуелсіз ғалым және публицист ретінде өткізеді. Еңбектер жазуға дейін ол теміржолда инженербақылаушы болып (1837 - 1846), "Экономист" журналының екінші редакторы (1848 жылдан бастап) болып қызмет аткарды, саяси өмірге араласуға тырысты. Спенсердің басты еңбегі - "Синтетикалық философия" жүйесінің он томы, ол теориялық жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдарды ортақ эволюциялық идеямен біріктіре отырып, мыналарды қамтьщы: "Негізгі бастамалар" (1862, болмыстың алғашқы принциптері туралы кітап), "Биологияның негіздемелері" (1864 - 1867), "Психология негіздемелері" (1879 - 1893), "Әлеуметтану негіздемелері (3 томдык, 1876 - 1896) . Баска да аса маңызды әлеуметтану еңбектері - "Әлеуметтік статика" (1850) және "Әлеуметтану зерттеу пәні ретінде" (1873) . Спенсер өзінің теориясывда эволюциялық сатылардьщ сызықтық емес тұжырымдамасын бейнелейді. Ол прогресті қоғам күрделілігінің дөрежесімен өлшемек болды. Адамзат қоғамы дамуының ортақ үрдісі Спенсер бойынша қарапайым бөлінбеген тұтастықтан күрделі гетерогенді құрынымдарға өту қозғалысы болды, мүңда неғүрлым маманданған бүтіннің бөлшектері өзара байланыса отырып жеке-жеке салаларға бөлініп кетеді. Спенсердің айтуынша, қоғамның дамуы барысында бір әлеуметтік институттар орындаған әлеуметтік іс-әрекеттер кешені ендігі жерде жаңадан пайда болған немесе бүрыннан бар институттар арасында бөлінеді. Саралану қоғамның өртұрлі бөлшектерінің үдемелі мамандануын білдіреді де, қоғам ішіндегі гетерогеңцікті көбейте түседі. Мәселен, бұрыңғы заманда отбасы репродуқтивті, экономикалық, құрылымдықжәне аздап саяси функциялар атқарды. Алайда қоғам дамыған сайын, бұрындары бір ғана әлеуметтік институт - отбасы атқарған әлеуметтік іс-әрекеттер кешені еңдігі жерде баска институттар арасында бөліске түседі. қалай дегенмен де, қазіргі қоғамдарда жұмыс пен білімнің мамандандырынған институттары отбасынан тыс дамуда. Сонымен, Спенсер эволюция деп аталған процеске мынадай жалпы анықтама береді. Эволюция дегеніміз - қозғалыстың тармақталуымен қоса жүретін және оның барысында зат белгісіз, байланыссыз әртектілік күйінен белтілі, өзара байланыскзн әртеқті күйге әсер ететін заттар интеграциясы, ол зат сақтаған қозғалыс дәл осындай өзгерісті бастан кешіреді. Спенсер бірінші тәсілді - органикалық үқсастықты дәйекті тұрде жақтады. Бұл оның позитивистік ұстанымынан туған еді. Қоғамды организмнің ерекше тұрі деп карастыратынын айта келіп Спенсер бынай деп мәлімдейді: "Біз қоғамды ерекше мән ретінде карастыруға күқынымыз; себебі ол дискретті бірліктерден құралса да, әр қоғамньщ алып отырған орны шеңберіндегі жалпы ұқсастықтарды ғасырлар бойы және тұтас ұрпақтарда сақтау олардың күрған агрегатыньщ белтілі бір нақтылығын корсетеді". Бұл агрегатты қай тапқа - органикалық немесе органикалық емес тапқа жатқызу кереқтігі күдік туғыза қоймас: әрине, органикалық тапқа жатады. "Әлеуметтану негіздері" деген еңбек тарауларының бірінде "Қоғам дегеніміз организм" деп аталады.

Әлеуметтік және қоғамдық организмдердің ұқсастықтары:

1) биологиялық организм сияқты қоғамның көлемі үлкейіп, өседі (органикалық емес агрегаттарда Бұлай болмайды) ;

2) биологиялық және әлеуметтік организмдер өскен сайын өзгеріп, олардың ішкі құрылымы күрделілене түседі;

3) биологиялық организмдерде де, әлеуметтік организмдерде де құрылымның күрделіленуі олардың органдарының әртұрлі функцияларының саралануын тудырады;

4) екінші және үшінші проңестер барысында құрылымды құрайтын барлық органдардың өзара әрекеті мен ықпалы дамып күшейеді;

5) қоғамда да, биологиялық организмде де тұтас нәрсе ыдырай бастаған кезде, жеке бөлшектер белтілі бір уақытта өзінің тәуелсіз тіршілігін жалғастыра алады.

Сонымен қатар, агрегат өмірін қысқартатын ешбір апат болмаса, тұтас нәрсенің өмірі оның бөлшектеріне қарағанда ұзақ болады. Сонымен біз тұтас организмнің өмірі - биологиялық болсын, әлеуметтік болсын - оны күрайтын бөлшектердің өміріне, соларға тәуелді бола тұрса да, солардан түзілетін болса да, оларға мүлдем үқсамайтынын көреміз. Әйтсе де биологиялық және әлеуметтік организмдердің арасындағы ұқсастығының айқындығы соншалық, оны байқамау мүмкін емес. Спенсердің ойынша, әлеуметтік организм үш негізгі органдар (институттар) жүйесіне бөлінеді: реттеуші (басқарушы), өңдірістік (қолдаушы) және реттеп-таратушы (қатынас жолдары, көлік, сауда, т. б. ) Ғылымға қазіргі мағынасындағы "эволюция" терминін енгізгеннен баска Спенсер жалпы ғылыми әлеуметтану парадигмасының қалыптасуына қандай жаңалықтар енгізді? Біріншіден, Спенсер қоғамдық күбыныстарды талдауда эволюциялық әдіс қолданды. Екіншіден, ол эволюция идеясының жануарлар-өсімдіқтер әлемі мен қоғамға ғана емес, сонымен бірге органикалық емес табиғатқа да қолданылатынын көрсетті - Бұл идея геологияда жақсы дамыды. Ал үшіншіден, эволюциялық әдіске сүйене отырып, Спенсер Еуропада жаңа заманнан бері қалыптасқан прогресс өлшемдері жөніндегі түсінікті қайта қарастырып, әлеуметтанудың ғана емес, сондай-ақ жүйелі талдаудың калыптасуына да маңызды рөл аткарған прогресс-эволюцияның өзіндік тұжырымдамасын жасады.

2. 2 Эмиль Дюркгеймнің әлеуметтану туралы көзқарасы

Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардың арқасында оның негізгі туындыларына « Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы», « Өзіне -өзі қол салу», «Әлеуметтанулық әдістің ережелері», «Діни өмірдің қарапайым формалары» жатады. Э. Дюркгейм қоғамдық өмірде болатын құбылыстарды индивидуалдық және психологиялық тұрғыдан түсіндіруге қарсы шықты. Бұл көзқарастар бойынша адамның мінез-құлқы мен жалпы тарихи процесті саналы түрде ұғыну, психологиялық факторлар, яғни адамдардың әуестігі, талаптануы және мүдделері негізгі рөл атқарады. Ол өзінің әлеуметтік реализм теориясында қоғамдық құбылыстардың табиғатын әлеуметтік факторлармен түсіндіру керек деп пайымдайды, индивидтердің, әлеуметік топтардың және әлеуметтік институттардың өзара әрекет ету жүйесі ретінде қоғам адамдардың мінез-құлқына, олардың сан салалы қызметіне талдау жасаудың түп-төркіні, бастауы болады деп санады. Мұнда әлеуметтік орта үлкен рөл атқарады. Дюркгеймнің әлеуметтік реализм көзқарасының негізгі ережелері осылар.

Дюркгейм «социологизмнің» басты принципі мен ерекшелігі - оның әлеуметтікті әлеуметтікпен түсіндіруінде еді. Бұның мәні-құндылықтар мен идеялардың әлеуметтік нормаларда жүзеге асуы мен әлеуметтік реттеушіліктің түтқасына айналуында. Қалыпты жағдайда сыртқы әлеуметтік детерминацияадамның құнды бағдары арқылы іске асады. Нормалар мен құндылықтар әлеуметтік құбылыстың, жалпы эмперикалық өмірдің екі жағына айналды. Әлеуметтік нормалар әлеуметтік факторлар сияқты мәжбүр ету сипатында болады, яғни адамды солардың мазмұнына сәйкес әрекет етуге күштейді. Дюркгеймнің ғылыми айналымға құндылықтар және бағдарлар ұғымдарын енгізуіне байланысты оның әлеуметтануының жаңа қырлары көрінеді:егерде сырттан әсер етілетін мәжбүр етуге сүйенбей, қоғамның адамгершілік қасиеттерін жетілдіруге көңіл бөлінетін болса, әлеуметтік нормаларда соғұрлым тиімдірек болады.

Э. Дюркгейм әлеуметтанудың ғылыми әдістерін дайындауды қолдаушылардың бірі болды. Мұндай әдіс кезінде байыптылық, яғни қоғамдық өмірдегі құбылыстарды түсіндіруде қатаң логикалық әдіс сақталу керек, дейді ол. Өзіне деңгейлердің негізін алғанда қоғам дамуы туралы ойша, дерексіз теориялар жасауға көп көңіл бөлінгенін және олардың әлеуметтік факторларды зерттейтін ғылыми әдіс әзірлеумен аз айналысқанын айта келіп, әлеуметтанудың әдісін дайындауды қолға алады. Оның пікірінше әлеуметтану - әлеуметтік факторлар туралы ғылым. Бұл дегеніміз- адамдардың ұжымдық санасы қалыптастырған саяси, құқық, мораль, діни және басқа да идеялар, нормалар мен құндылықтар және жекелеген индивидтерді осы идеялар, нормалар мен құндылықтарға сәйкес қалыптастыруға мәжбүр етушілік.

Жеке адамдарға қатысы әлеуметтік нормалар, құндылықтар және өзге де қоғамдық сананың көріністері объективті өмір сүреді. Әрбір адам қалыптасқан белгілі бір саяси, құқықтық, моральдық және басқа да нормаларға, құндылықтарға және әлеуметтік нұсқауларға кезігеді. Адам болса оларды меңгеруі қажет және күнделікті өмірде іске асыруы тиіс. Осыған байланысты Дюркгейм әлеуметтік фактілердің екі негізгі белгілерін көрсетеді: жеке индивидтерге қатысты олардың объективтік өмір сүруі және олардың адамдарға мәжбүр ету ықпалы. Осылар арқылы Дюркгейм адамға әлеуметтік тіршілік иесі деп қарайды, оның дамуы мен қызметі әлеуметтік нормалар мен жарлықтардың ықпалымен жүреді. әлеуметтік фактілердің ортақ рухани табиғаты және мәні бар. Олардың бәрі топтық немесе бұқаралық сананын көрінісі. Олар адамдарға ұйымдасқан саналы ықпал етеді және әлеуметтік институттар, соның ішінде құқықтық, діни, т. б. арқылы жүзеге асады.

2. 3 Питирим Сорокиннің әлеуметтік стратификация туралы ой-пікірі

Белгілі әлеуметтанушы Питирим Сорокин (1889-1968жж. ) 1922-ші жылға дейін Ресейде тұрып, кейін Батыс Еуропа елдеріне эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. АҚШ-та қызмет ете жүріп, эмпирикалық әлеуметтанудың зерттеу тақырыптары үлкен әлеуметтік мәселелерді қамти алмағанын байқап, оны өткір сынға алды. Ол әлеуметтік стратификация, яғни қоғамда топқа, жікке бөліну және әлеуметтік мобильдік (қозғалу, ауысу) мәселелеріне эмпирикалық зерттеу жүргізе отырып, бұларды әлеутеттік ірі мәселелермен, мысалы, қоғамның әлеуметтік құрылымымен тығыз байланыстырды. Одан әрі ол қоғамның жалпы өзгерісін, қозғалысын осы алуан түрлі қоғамды құратын элементтердің атқаратын қызметімен байланыстырып түсіндіруге тырысты. Осындай элементтердің бірі ретінде Сорокин әлеуметтік институттарды алды. Осыған орай ол әлеуметтік институттардың, оның негігі түрлері: мектептің, бюрократияның, әскердің, мамандырылған ұйымдардың, шіркеудің, т. б. әлеуметтік мобтльдікке қандай әсерлері бар екенін зерттеді.

П. А. Сорокин әлеуметтанудың ірі тұжырымдамасын жасап, дүние жүзіндегі өзгерістердің болашағын түсіндірді. Оның бұл жөнінде екі тұжырымдамасы болды. Олардың біріншісі, әлеуметтік-мәдени динамика, екіншісі - қоғамның тұтастық (яғни, біріктіруші - И. А. ) тұрпаты. Бірінші тұжырымдамасына қандай да бір тарихи өзгеріс болмасын, оны мәдени типтердің дамуы ретінде қарады. Ал, мұндаға әрбір мәдени тип бір бүтін ерекше құбылыс ретінде көрінеді. П. Сорокиннің пікірінше, осындай негігі топтардың үш түрі болады. Олар: сезімдік, ақыл-парасаттылық (рациональный), идеалистік. Біріншісінде нақты дүниені тікелей сезімдер арқылы қабылдау, екіншісінде ақыл - парасатқа, ақылға жеңдіру арқылы, үшіншісінде - интуицияның (яғни, жорам-алдап сезінудің) басым болуы арқылы іске асырылады. Осылай мәдени типтің әрқайсысы дамып отырады және олар қоғамның ілгері дамуының әрбір кезеңіне тән.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану ғылымының тарихы мен әлеуметтану пәнінің зерттеу объектілері
Қазақстан мен Ресейдің әлеуметтік теориялары
Психология ғылымының даму тарихы
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Психологияның даму тарихы туралы
Ертедегі көшпенділер өркениеті
Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері
Көшпелілікті зерттеу тарихы
ХХ ғасыр социологиясы
Ә.Қоңыртабаев зертгеулеріндегі қазақ және шығыс әдебиетінің сабақтастығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz