Махаббаттың мазмұнын ашатын шығарма


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛТКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ФИЛОСОФИЯ» кафедрасы
Сараптамалық шолу
ТАҚЫРЫБЫ: «Махаббаттың мазмұнын ашатын шығарма»
Орындаған:
Тобы:
Қабалдаған:
Шымкент, 2017
Махаббат - адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі. Батыстық философия тарихында Эмпедокл өзінің космология ілімінде Махаббат бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш деп білді.
Платон оны сезімдік және рухани махаббат деп екіге бөліп қарастырды. Сезімдік махаббат - сұлулыққа сұқтанатын махаббаттың төменгі сатысы, ал рухани махаббат - адамның белсенді танымдық қызметінің қайнар бұлағы деп қарады.
Психолог Роберт Стернберг махаббаттың үшқұрамды теориясын алға тарта отырып, оның бірнеше формуласын ұсынады: романтикалық махаббат = құштарлық + ынтықтық, бауырмал махаббат = ынтықтық + адалдық, жасанды махаббат = құштарлық + адалдық. Иә, махаббат сөзіне сансыз анықтамалар айтып, түсіндірмелер берсе де аз болмайды. Себебі, ол - шетсіз, шексіз сезім. Қашан адамның жүрегінен махаббат сезімі өшсе, сол кезде қоғам кері кетіп, ізгіліктен жұрдай болады.
Махаббат - өзіңді ғана емес, ең алдымен өзгені сүю, қарапайым тілмен айтсақ, жақсы көру, ұнату. Жаны ашу, мейірбандық, жақсылық істеу, қамқорлық көрсету осыдан шығады. Көкірегін махаббат жайлаған адам - қашанда қайырымдылықпен, әділдікпен, адалдықпен ауылдас отыруға тырысады. Ондай адамның кейде сырты байсал, суықтау көрінуі мүмкін, бірақ іші - нәзік, сезімтал, сергек келеді. Ойынан бұрын сезімі бас көтеретін де кездері бар. “Мұның арты қалай болар екен?” деп ойы тартпақтай бастаса, сезімі ілгері қарай сүйрелейді. Сөйтіп, бұлдыр ойды мөлдір сезім тазалап жуып тұрады. Дүниедегі бар жақсылық махаббатпен жасалады, махаббатпен нұрланады. Өйткені, шын сүйіспеншіліктен туған дүние ғана құнды, сұлу болмақ. Қалай алып қарасақ та, махаббаттың орны орасан екені көрінеді. Махаббат неден басталады? Ол достықтан, өзара түсінушіліктен, жалпы мақсаттардан, қызықтардан, ұмтылыстардан басталады. Ал махаббаттан не басталады? Махаббаттан барлығы басталады: өмір, жұмыс, арман, өнер, батырлық. Сондықтан, махаббат - ең жақсы өмір жағы.
Жұлдыздар кінәлі (ағылш. The fault in our stars ) - 2012 жылы басып шағарылған америкадық жазушы Джон Гринның романы.
Хейзел Грейс Ланкастер - қалқанша без қылтамағынан (рак) зардап шегіп жүрген он алты жасар қыз. Хейзел еріксіз демеу тобына әр апта сайын қатысуға міндетті. Осы кездесулердің біреуінде Хейзел он жеті жасар Огастуспен танысады. Демеу тобының кездесуінен кейін, олар Огастустың үйінде кино көруді жөн табады. Кейін олар бір-бірінің сүйікті кітаптарын оқуға келіседі. Хейзел Огастусқа Питер Ван Хутеннің “Патша сырқаты” кітабын береді. Кітапты оқып біткен соң, Огастус уайым-қайғыға салынады: роман сөз ортасында аяқталады. Огастус аяқталмаған кітап мәселесі бойынша жазушыға хат жібереді. Ван Хутен өзінің хатында кітаптың жалғасын тек бетпе-бет айта алалатынын жазады. Хейзел Грейс, оның анасы және Огастуc, Питер Ван Хутенмен кездесу үшін Амстердамға аттанады. Олар Амстердамда таңғажайып күндер өткізеді. Сапар уақытында Огастустың демі таусылып отырғаны мәлім болады. Огастус Хейзелге арналған хатты Питер Ван Хутенге жібереді. Бұл хат ақырында Хейзелге жетеді.
Ана махаббаты
Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана - әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де - «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл - ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz