Венчурлық бизнесті ұйымдастыру мен басқарудағы ерекшеліктер


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛТКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ МАРКЕНТИНГ» кафедрасы
Баяндама
ТАҚЫРЫБЫ: «Венчурлық бизнесті ұйымдастыру мен басқарудағы ерекшеліктер »
Орындаған:
Тобы:
Қабалдаған
Шымкент, 2017
Инновациялық бизнестегі ең маңызды мәселелердің бірі - бұл инновациялық жобалардың қаржыландырылуы болып табылады. Инновациялық бизнесті тәуекелдік немесе венчурлық деп те атайды. Инновациялық бизнестің тәуекелділік дәрежесіне қатысты ең негізгі дерек ретінде, орта мөлшерде он жобаның ішінен тек бір-екі ғана жоба сәтті аяқталатындығын айғақтауға болады. Бұл ретте бизнестің инновациялық жобаларын енгізуінен түскен пайда, тәуекел мен қорқыныштан қандай да бір жоғары санаттағы жаңа фирма құрылып, құрылуға кеткен шығындарды жасыратын іспеттес. Егер мұндай жобалар көп болса, заң бойынша тәуекелдің көп бөлігі минималданады және инновациялық бизнестің сәтті аяқталу мүмкіндігі жоғарылайды. Инновациялық бизнестің дамуы мақсатымен, барлық дерлік дамыған елдерде, инновациялық жобаларды және қаржы тәуекелі диверсификациясы енгізілген негіздегі ұйымдарды орталықтандырумен шұғылданатын венчурлық қаржыландыру жүйесі тәжірибеден өтуде.
Венчурлық қаржы пайда болғанға дейін, шағын және орта бизнестің әлемге әйгілі бірнеше көздері болды: банктік қаржы, ірі корпорациялар және компаниялар, сонымен қатар ағылшын тіліне тән америкалықтар мен ағылшындар атаған «business angels» немесе «бизнес періштелері» сынды ауқатты адамдар болған.
1957 жылы Нью-Йорк қаласының инвестициялық банктік фирмасында жұмыс істеген Артур Рок өзінің Колифорния селикон жазығында тұратын әрі Shokley Semiconductor Laboratories фирмасының инжинері боп табылатын танысы Ю. Клейнерден, зерттемені қаржыландыруды жүзеге асыратын әрі нақты үлгідегі кремийлік транзистор шығарылымын реттеуге келісетін фирма тауып беруі жайлы өтініш хатын алады. Бірде бір компания теоретикалық жоба шынайы түрде жүзеге асыруға қаражат бөлуге ерік білдірмейді, соған қарамастан тек өнертапқыш Фэрчайлд Шерман ғана қаржы көзін тапқан болатын әрі тұңғыш рет бизнестің тарихында өзінің қорқынышы мен тәуекеліне бой алдырмай, келешекте, табиғатта мүлде кезікпейтін ғылыми өнімді өндіруге бағытталған жаңа фирма Fairchild Semiconductor-ды құрған болатын. Біліктілігі мол фирма тек зор пайда мен табысты алып келумен бірге, силикон жазығының Intel стало, Apple Computer, Microsoft және т. б. алып компанияларының бастауы бола білді. Және де Артур Рок венчурлық қаржыландыру сынды ешкімге белгісіз, яғни жеке кәсіпкерлікте табысқа жетудің анықсыз кепілдемесіне негізделген ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асыруды қаржыландыру терминін қолданған алғашқы адам болды. Осылайша, бизнестің жаңа көрінісі- венчурлық бизнес пайда болды.
Бизнестің осы көрінісі, инновациялық кәсіппен әрі ғылыми өнімдерді өндіретін және жоғары технологияларға жинақталатын шағын және орта компанияларға тікелей инвестиция салумен көрініс табады.
Венчурлық бизнес - тәуекелділік дәрежесі жоғары ғылыми-техникалық немесе технологиялық бизнес. Венчурлық бизнес іргелі және қолданбалы ғылымнан туындаған және экономикалық дамуда, ғылым мен өндірістің арасындағы буын қажеттілігі ретінде өмірге келді. Жоғары технологияның кластерлерін құру миссиясын венчурлық инновациялық бизнес те орындайды. Венчурлық бизнес өзінің жүйелі ядросымен, толқындық инновациялық үдерістің басты креативті бөлігі болып табылады.
Дамыған венчурлық технологиялық бизнес мемлекеттердің озық технологиялармен дүниежүзілік бәсекеге қабілеттілік деңгейін ұстануын анықтайтын постиндустриалдық және жаңа экономикалық базалық сектор болып табылады.
Венчурлық бизнес АҚШ үкіметі көмегімен 1950 жылдарда белгілі нысанға келе бастады. Осы мақсатпен арнаулы институт - SBA (Small Business Administration) пайда болып, шағын кәсіпкерліктегі инвестициялар туралы арнаулы заң қабылданды. Мемлекет шағын кәсіпкерлікке жеңілдікпен несие беруді бастады. Егер SBA тарапынан мақұлданған жағдайда, мемлекет қандай да бір жобаға сол бойынша жеңілдікпен несие тағайындайды. Венчурлық бизнестің дамуының негізгі толқындары АҚШ-та келесі сипатта болды:
- 1970 жыл шалаөткізгіш және биотехнологиялар (гендік инженерия) ;
- 1980 жыл дербес компьютерлер;
- 1990 жыл ғаламтор бизнесі.
Сарапшылар, венчурлық бизнестің дамуының келесідей толқындары болады деп болжайды:
- қауіпсіздік технологиялары кең мағынада (дербес, ақпараттық, корпоративтік, мемлекеттік және т. б. ) ;
- нанотехнологиялар;
- биотехнологиялар.
Венчурлық бизнестің дамуының қаржыландыру тәжірибесі «жетекші» экономикасымен сипатталатын (Жапония, Сингапур, Финляндия, Израиль, Тайвань, оңтүстік Корея) елдері арқылы, жоғары деңгейде бюрократияланған мемлекет тікелей өнімділіксіз инвестор болып табылатындығын растайды.
Венчурлық жобалар аралас немесе тікелей мемлекеттік инвестициялық қаржыландыру, баяу бюрократия жолында дамыған Финляндия, АҚШ сынды елдерде айтарлықтай өнімді боп табылғаны сөзсіз.
Экономикасы жетекші елдер венчурлық кәсіпкер мен АҚШ менеджерлеріне және тағы басқа да озық мемлекеттерге айтарлықтай жағдай жасайды. Мәселен, Израиль мемлекеті, жеке қорын қайта қаржыландыру жолымен және біршама тәуекелдерге бара отырып, салыстырмалы түрде шетелдік венчурлық инвесторлар мен менеджерлерді өзіне тартып, олардың тәжірибесімен алмаса білді.
Сингапур бұдан өзге жолды өтті. 1980 жылдарда силикон жазықта инвестициялары жасалды, пайда сол жерде-ақ қайта таразыланды. Уақыт өте келе сингапурлықтарда, америкалық венчурлық кәсіпкерлермен және менеджерлермен берік қарым-қатынас орнай бастады. Венчурлық кәсіпкерлер де өздерінің серіктестері Сингапурға ауызекі түрде келе бастады.
Венчурлық бизнестің табысты дамуы үшін:
- ұзақ мерзімді мемлекеттік инновациялық саясат және венчурлық бизнестің қайта қаржыландырудағы нақты бағдарламасы;
- адами капиталдың дамуына қажетті инвестициялар - венчурлық бизнестің негізін құру және тиімділігі;
- белгіленген шартқа сәйкес, венчурлық менеджерлерден өсіп-өркендейтін венчурлық кәсіпкерлер (бизнес-періштелер) ;
- венчурлық менеджерлер;
- венчурлық бизнес үшін жаңалықтар, жаңа туындылар жасап шығаруға қабілетті, дамыған іргелі және қолданбалы ғылымдар;
- білімнің заманауи және дамыған жүйесі;
- венчурлық бизнестің қабілеттілік ортасы.
Венчурлық бизнестің негізгі ерекшелігі венчурлық кәсіпкердің және менеджердің өте жоғары зияткерлік және кәсіби деңгейі болып табылады. Олардың білімі және тәжірибелері іргелі және қолданбалы ғылымның, инновациялық менеджменттің және жоғары технологиялық өндірістің ұштасуында жатыр. Сол себептен ұлттық венчурлық бизнестің құрылуы кешенді және жүйелі, қаржыландырудың толықтай мақсаттарын шешетін, мамандардың дайындығы мол, инфрақұрылымы құрылған және қауіпсіздіктің жүйесімен және т. б. болуы шарт.
Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасы мен бизнесіне инвестиция тарту мәселесі маңызды болып отыр. Бүгінгі таңда ең ұтымды инвестициялық құрал ретінде венчурлық қаржыландыру қарастырылуда. Венчурлық инвестицияның дамуы Қазақстанның нновациялық ортасында экономикалық саясаттағы басымдылығы мол сауалдардың біріне айналып отыр.
Айта кететін тағы бір жайт, бұл Қазақстандағы венчурлық бизнестегі ең үлкен мәселе - ел халқының біразы дерлік бөлігінің осы терминді кездестіру мүмкіндігінің аздығымен не екендігінен хабарсыз болуы. Венчурлық бизнестің дамуының келесі айшықты мәселесі, билік басындағылардың жоғары көзқарасы болып табылады. Расында да сайыстарда бірқатар жобалардың ішінен ең жақсысы емес, қалтасы қалыңдары алып жатқандығы белгілі. Тіпті, осы мәселемен күрескісі келмейтін жандар мұны жанына да жолатпауға тырысады. «Тәуекелділік» кәсіпкерліктің үшінші мәселесіне сапалы жобалар мен ойлардың таяздығы жатады, бір жағынан ойлап қарасаң бұл мәселеден көбіне демеушінің және инвестордың жетіспеушілігін көруге болады. Мұның өзі ешбір жанның өз қаражатын күдікті жобаға тәуекел ете алмайтындығын көрсетеді. Осы орайда, жобаға бөлінген қаражаттың қайта өндіре алмау қаупі бар. Баршамызға белгілі тендерді ұтып алған жағдайда адамдар көбіне қаражатты жобаға емес, басқаға салады.
Бүгінгі таңда, венчурлық бизнес Қазақстанда құрылу фазасында болып отыр. Баршамызға белгілі венчурлық қаржыландыру - бұл тәуекелі өте жоғары инновациялық жобаларды қаржыландыру құралы. Бүкіл әлемде аталмыш бизнес, инновациялық қызметтің инвестициялауыныңең тиімді әдісі болып табылады. 2004 жылы ҚР ұлттық инновациялық жүйесінің дамуы бағдарламасының қолдауымен, инновациялық қызметтің жүзеге асуымен және сәйкесінше инновациялық инфрақұрылымның құрылуына орай, елімізде арнайы құрылған мекемелер қатары қызмет етеді: технопарктер, бизнес жетілдіргіштері, ұлттық инновациялық қор және венчурлық қор.
Қазақстанда венчурлық инфрақұрылымның дамуы - Ұлттық инновациялық қордың басты мақсаттарының бірі. 2005 жылдан бастап, Ұлттық инновациялық қор 2015 жылға де йінгі өңделетін және ұлттық инновациялық жүйенің (ҰИЖ) құрылуы мен дамуы бағдарламасының негізгі операторы болып отыр. Ұлттық инновациялық қор инновациялық жобаны венчурлық қаржыландыруды және Қазақстандағы венчурлық инфрақұрылым мен шетелдік технологияның трансфертін жасайды. Оңтүстік Шығыс Азия, Израиль, Финляндия, Германия тәрізді елдердің тәжірибесіне сәйкес мемлекет «ҰИҚ» АҚ атынан венчурлық қаржыландыруды экономикалық өсудің бір механизмі ретінде ала отырып, венчурлық капитал нарығының дамуы шеңберінде мақсатқа бағытталған саясатты жүргізіп отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz