Қоғамдық прогресс және регресс


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛТКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Философия және Мәдениеттану» кафедрасы
Реферат
ТАҚЫРЫБЫ: «Қоғамдық прогресс және регресс »
Орындаған:
Тобы:
Қабалдаған:
Шымкент, 2017ж
Жоспар
Кіріспе
II Негізгі бөлім
2. 1 Қоғамдық прогресс
2. 2 Қоғамдық регресс
2. 3 Прогресс пен регресстің ерекшелігі, айырмашылығы, ұқсастығы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Әлеуметтану (XIX ғ-дың, 30-40 ж-да қалыптасқан) біршама жас ғылым болып табылады. Өйткені оның ғылым ретінде қалыптасуының өзіне қоғамдық дамудың белгілі кезеңінде ғана қажеттілік туды. Алайда, социологияның кеш пайда болуы оған дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлар болмады деген пікір тумауы керек. Керісінше, ондай ойлар басқа ғылымдардың шеңберінде көріне бастаған болатын. Мәселен, философиялық экономикалық, тарихи, саяси шығармаларда жалпы қоғам, оның кейбір элементтері және оның даму заңдылықтары туралы пікірлер бой көрсете бастады.
Әлеуметтанудың дербес ғылым ретінде пайда болып қалыптасуы батыста француз философы О. Конттың есімімен байланысты (1798-1857) . Ол ең алдымен Батыстағы позитивистік философияиың негізін салушы болып есептеледі. Оның 1830-шы жылдары «Позитивті философиянын курсы» деп аталатын 6 томдық еңбегі жарық көреді. Міне осы еңбегінде негізінен оның социологиялық ойлары айтылады. Мәселен, осы еңбегінің 3- ші томында алғаш рет Конт «социология» деген ұғымды енгізеді және қоғамды ғылыми негізде зерттеу мақсатын кояды. Міне осы пікір социологияның ғылым ретінде пайда болып, дамуына негіз болады.
Аталған оқу құралында біз әлеуметтану пәніне және оның қазіргі кезеңдегі қоғамда орын алып отырған өзекті мәселелеріне қысқаша тоқталдық, сондай ақ тәуелсіз еліміздегі әлеуметтік үдірістерге ат салысып отырған институттардың мәніне көп көңіл бөлінді. Оқу құралының соңында әлеуметтану пәнінде көп кездесетін терминдерге түсінік берілген. Оқу құралында барлық тапсырмалар бойынша 30 тесттік тапсырмалар берілген. Бұл тапсырмалар студенттерге дәрістен алған білімдерін ары қарай дамытуға және өз бетімен жұмыс істеуге көп көмек береді.
2. 1 Қоғамдық прогресс
Қоғам өмірін тарихи процесс ретінде бейнелеу үшін қолданатын ұғымдарының бірі - прогресс ұғымы (лат. - ілгері қозғалу табыс деген сөзден аланған) .
Прогресс - қоғамның материалдық күш қуатының артуы оның қатынастарының кемелдене түсуі, қоғам мүшелерінің жан - жақты жетілуіні қажетті мүмкіндіктердің молаюы, яғни қоғамның ұдайы төменнен жоғарға қарай өрлей дамуының түрі сипаты.
Жалпы алғанда, қоғамның даму бағыты, болашағы туралы мәселе - адамзаттың қоғамдық ойының ежелгі мәселелерінің бірі.
Батыстың алғашқы идеологтары прогресті ең алдымен адамның ақыл - ойының парасатының кемелденуі мен байланыстырады. Адам парасатының кемелденуі негізінде ғана адамды әлеуметтік бұғаудың барлық түрінен азат етуге болады, оның кейбір қажеттерін қамтамасыз ету ізгіліктің, адамгершіліктің жетілуі деп есептеледі. Парасат пен ғылым жетістіктерін қалын көпшілік арасына кең тарату арқылы қоғамды адам табиғатына лайықсыз жағдайлардан арылтып, шексіз прогреске жол ашу мүмкін болып көрінеді.
Қоғамдық прогресс - күрделі процесс. Адамзат тарихының дамуы барысында қоғам өмірінің бір саласының жетілуі, кемелденуі басқа салаларының мешеулігімен, тіпті кері кетуімен (регреспен) қабаттаса жүріп орыратынын да көрсетеді.
Қоғам туралы диалектикалық - материалистикалық ілім тұрғысынан алғанда, прогресс идеясын ғылыми жолмен негіздеу үшін: 1) қоғамдық прогрестің тарихи қажеттілігін дәлелдеу, яғни қоғам дамуы нысаналығының себебін табу керек; 2) прогрестік объективті өлшемін анықтау қажет; 3) нақтылы тарихи кезеңге сәйкес прогрестің сипаттамасын беру, яғни прогрестің тарихи үлгілерін ажырата білу керек.
Даму қашанда қалыптасқан дағдыны бұзуымен, өзгертумен байланысты ол әдетте көпшілікке ұнамайды. Үйреншікті жағдайды өзгерту қашанда ауыр. Бірақ онсыз даму жоқ.
Қоғамды зерттеу принциптерінің ең негізгі - қоғамдық болмыстың алғашқы қоғамдық сананың кейінгі болу яғни қоғам өмірінің негізгі материалдық өндіріс екендігі. Сондықтан қоғамдық прогресс туралы ілім нақтылы бір тарихи кезеңдегі материалдық өндіріске талдау жасаудан басталады.
Ғылым тұрғысынан материалдық өндірістін екі жағының - өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастардың арасындығы объективті диалектикалық қатынастардың сипаты, мысалы, өндіріс құрал - жабдықтарына жекеменшіктің немесе қоғамдық меншіктік болуы өндіргіш күштердің даму дәрежесіне тәуелді.
2. 2 Қоғамдық регресс
Қоғамдық регресс (кері қозғалу) - дамудың кері кетіп, төмен қарай құлдырауы. Регресске деградация, ұйымдастыру дәрежесінің әлсіреуі, қажетті іс-әрекеттерді орындау қабілетінің жойылуы тән. Регресс, сондай-ақ тоқырау, ескі формалар мен құрылымдарға кері оралу кезеңдерін қамтиды. Регресс өзінің бағыты жағынан прогреске қарама-қарсы. Бірақ та бұлардың арасында күрделі, жан-жақты байланыс бар, бір жағынан, кейбір регрессивті өзгерістер жалпы прогрессивті дамудың шеңберінде болып жатса, екінші жағынан, кейбір регрессивті өзгерістердің үдей түсуі кезінде оның кейбір құрамы дамудың прогрессивті бағытын сақтайды.
Қоғамдық дамуда регресстің болуы тарихи дамудың қарама-қарсылық мәніне тән. Реакцияшыл топтар мен күштер уақытша прогрессивті күштерден басым болуы мүмкін. Бірақ мұндай регрессивті құбылыстар бұрынғы әлеум. форманың ыдырауының нәтижесі ғана болып, оның орнына алдыңғылардың құнды жағын бойына сіңірген жаңа форма келеді. Мұндай құбылыстың ыдырауы жалпы жүйе шеңберіндегі даму процесін үзіп тастай алмайды, оның қажетті алғышартының біріне айналады.
Қоғамның дамуы қоғамдық - экономикалық формациялардың бір - біріне ауысу түрінде жүзеге асатын прогресс болғандықтан, қоғамдық прогресстің өлшемі бір қоғамдық экономикалық формацияны екіншісімен тұтастай салыстыруға мүмкіндік береді. Ғылыми әдіс қоғамы өндіргіш күштерінің дамуын осындай таланттарға сай келетін өлшем ретінде қарастырады. Қоғам өндіргіш күштерінің дамуы жалпы адамзат тарихының арқауы болып табылады, өйткені, тарихы дамудың қай сатысында тұрса да, қоғамның негізгі міндеті - өз қмірінің материалдық жағдайларын қамтамасыз ету, ал оның алғы шарты - өндіргіш күштер болып, олардың жетілдіріліп отырылуы.
Дүниеге бірімен - бірі байланыссыз, өзінен өзі болатын жеке - дара ешбір құбылыс жоқ. Қандай бір зат болсын, ол айналадағы басқа заттармен міндетті түрде қатынаста болады. Ал өмір сүріп, бірақ ешқандай қатынаста болмайтын, басқа заттардың әсерінен ұшырамайтын не өзі әсер етпейтін зат, құбылыс әлемінде болмайды, болуы да мүмкін емес.
Сонымен, қоғамның өндіргіш күштерінің даму қоғамдық прогресті қоғамның барлық салалары тұрғысынанда, адамның жеке басының даму тұрғысынанда көріне алатын объективті өлшем болып табылады. Бұл өлшем прогрестің қоғам өмірінің барлық салаларын тұтас қамтитын заңды прогресс екенін дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Қоғам дамуының нақты сатылары қоғамдық экономикалық формациялар болғандықтан, прогрестің тарихи типтеріне талдау жасау дегеніміз әрбір қоғамдық экономикалық формацияға прогрестің жүзеге асуы жағдайларын, мүмкіндіктерін нәтижесін қарастыру болып шығады. Адамзат тарихының бастамасы - алғашқы қауымдық қоғам. Өндіргіш күштердің даму дәрежесі өте төмен: ең қарапайым дөрекі еңбек құралдары шоқпар, тастан жасалған балталар, пышақтар, тас сүнгісі бар найза, әртүрлі торлар, т. с. с. Білім жоқ тәжірибе өте аз, төмен. Сөйтіп алғашқы қауымдық қоғам - адам дамуының ең төменгі сатысы. Ру мүшесі қатаң әлеуметтік байланыстарға бағынышты, оның не істейтіні, қалай істейтіні, өзінің қалауына байланысты емес, қалыптасқан өмір тәртібіне байланысты болады.
Таптық қоғамның алғашқы түрі - құл иеленушілік формация. Бұл қоғамның негізгі өндіргіш күші - құл, негізгі өндірістік қатынас - өндіріс құрал жабдықтары да құл да құл иеленушінің жекеменшігінде, өндірілген өнім. Түгелдей құл иеленушіге тиеді.
Алайда құл иеленушілік қоғамның бұл табыстарының көзі ең тұрпайы, аяусыз зорлыққа негізделген құлдық еңбек. Ертектегі Грецияның қоғамдық өмірін бір жағынан ұлы ғалымдардың ғажайып өнер иелерінің талантты мемлекет қайраткерлерінің, белсенді азаматтардың әрекеттері көрсеттсе екәнші жағынан, мал ретінде еңбек етуге мәжбүр болған құлдардың жағдайы сипаттайды.
Құл иеленушілік қоғамдағы прогрестің мұндай қайшылықтары кездейсоқтық емес, қажетті құбылыс. Феодалдық қоғам нақты тарихи жағдайларға байланысты құл иеленушілік қоғамның ыдырауы салдарынан пайда болады немесе тікелей алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы арқасында қалыптасады.
Адамға тән қажеттердің үздіксіз өсіп отыруы капитализммен бастап қана қоғам дамуының заңдылықтарына айналды. Алайда капитализм туғызған қоғам, адам дамуының мүкіндіктері шынайы өмірде қарым қатынас сипатта жүзеге асады.
Қоғам даму белгілі бір заңдылықтарға бағынатын процесс болғандықтан, қоғамдық процесс те заңды құбылысқа жатады. Әрбір қоғамдық экономикалық формация даму барысында өзінен гөрі жоғары келесі қоғамдық экономикалық формацияның қалыптасу мүмкіндіктерін туғызады.
Қоғамдық прогрестің заңдылығына күмән келтірудің екінші бар бағыты социализмнің теориясы мен практикасы арасындағы орын алған терең алшақтықты тілге тиек етеді. Капитализмге қарағанда социолизм объективті түрде тарихи дамудың жоғарырақ сатысы еді.
2. 3 Прогресс пен регресстің ерекшелігі, айырмашылығы, ұқсастығы
Прогресс және регресс - салыстырмалы ұғымдар: 1) прогресс (лат. progressus - алға қозғалу, арту, көбею) - қоғамның немесе оның жүйешелерінің (подсистемы) өрлеу сызығымен, кем жетілген күйден көбірек жетілгеніне, төменгі формалардан жоғарғыларына даму, жақсыға өзгеру; 2) регресс (лат. rеgressus - қайтып оралу, артқа қозғалу ) - қоғамдық тоқырау мен азуды (застой и деградация) білдіретін дамудың ескі, дәуірі өткен формаларына оралу, жаманыраққа өзгеру. Ескіден жаңаға ауысу өткен тарихтың бүкіл дамуымен дайындалады. Жаңаның пайда болуының алғышарттары ескінің қойнауында әлдеқашан болады, ал жаңа үшін ескінің шеңбері тарлық қылғанда, сонда қоғамның дамуында секіріс өтеді. Ол эволюциялық, сол сияқты революциялық сипатта болуы мүмкін. Жалпы айтқанда, революциялар - ерекшелік (исключение), ал прогресстің эволюциялық жолы қоғамның өрлеп дамуының табиғи формасы болып табылады.
Адамзат үздіксіз жетілуде. Ол әлеуметтік прогресс жолымен жүріп келеді. Бұл - қоғамның әмбебап заңы. Бірақ бұдан дамуда регресс, ешқандай жолдан қайту (попятные движения) болмайды немесе барлық елдер мен региондар (аймақтар) біркелкі, бір және сол темптермен дамиды деген пікір тіпті шықпайды. Тарих - күрделі және қайшылықты прогресс және жаңа жеңіліс тауып, соның нәтижесінде қоғам кейінге орасан секірістер жасайтын кезеңдер де болады. Сонымен бірге, әлеуметтік прогресс тура сызықтық сипатқа ие емес, қоғамның прогрессивтік дамуы әртүрлі өтеді. Нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты әр елдер мен региондарда прогресс әртүрлі жүзеге асады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz