Жеке тұлға әлеуметтануы



Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1 Социологиядағы жеке тұлға ұғымы, оның мәні
2.2 Жеке тұлға дамуына әсер ететін факторлар
2.3 Жеке тұлғаның әлеуметтенуі
2.4 Жеке тұлғаның статустары мен рольдері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Әлеуметтану ғылымының адамдардың пікірлері, іс-әрекеттерінің уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды бағыт-бағдарлары, қызметтің мақсаттары және т.б. қазіргі адамның тұлғалығын бейнелейтін мәселелер болып саналады. Тұлғаны танып-білу бұрыннан келе жатқан нәрсе.
Әлеуметтендіру туралы айтқанда біз мәдени нормаларды игеру мен әлеуметтік рөлдерді меңгеру процесін әңгіме етеміз. Бұл процесс адамның индивидке және тұлғаға айналуын білдіреді. Әлеуметтендіру процесі сатылардан өтеді, оларды негізгі өмірлік циклдар деп те атайды. Бұл балалық шақ, жасөспірімдік, ер жету, және қартгық шактар. Әлеуметтендіру процесінің нәтижеге жету деңгейіне орай немесе аяқталуына сәйкес оны бастапқы немесе ерте әлеуметтендіру деп бөліп көрсету ғылымда орын алған, бұл балалық пен жасөспірімдік кезенді камтиды және жалғасты- рушы немесе толығып жеткен есейген әлеуметтендіру деп те белуге болады, бұл қалған екі кезеңді қамтиды.
Әлеуметтік «Меннің» қалыптасуымен, әлеуметтенудің эволюциялық кезендерімен және хронологиялық шеңберімен байланысқан бірнеше ауқымды мәселелерді қарастырамыз. Соның ішінде, біздерге әлеуметтендіру агенттері мен институттары қалай әсер ететініне тоқталамыз.
1 Әбсаттаров Р. Әлеументтану :оқу құралы / Р. Әбсаттаров , М.Дөкенов. - Алматы: Қарасай, 2009
2 С. М. Аралбай, С.А.Никифорова. Әлеуметтану: оқу құралы. Қарағанды, 2012ж
3 Кравченко А.И Социология : Учебник для вузов / Кравченко, Альберт Иванович СПб : Питер,2007ж

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛТКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Философия және Мәдениеттану кафедрасы

Реферат
ТАҚЫРЫБЫ: Жеке тұлға әлеуметтануы

Орындаған:
Тобы:
Қабалдаған:

Шымкент, 2017ж
Жоспар
Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1 Социологиядағы жеке тұлға ұғымы, оның мәні
2.2 Жеке тұлға дамуына әсер ететін факторлар
2.3 Жеке тұлғаның әлеуметтенуі
2.4 Жеке тұлғаның статустары мен рольдері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Әлеуметтану ғылымының адамдардың пікірлері, іс-әрекеттерінің уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды бағыт-бағдарлары, қызметтің мақсаттары және т.б. қазіргі адамның тұлғалығын бейнелейтін мәселелер болып саналады. Тұлғаны танып-білу бұрыннан келе жатқан нәрсе.
Әлеуметтендіру туралы айтқанда біз мәдени нормаларды игеру мен әлеуметтік рөлдерді меңгеру процесін әңгіме етеміз. Бұл процесс адамның индивидке және тұлғаға айналуын білдіреді. Әлеуметтендіру процесі сатылардан өтеді, оларды негізгі өмірлік циклдар деп те атайды. Бұл балалық шақ, жасөспірімдік, ер жету, және қартгық шактар. Әлеуметтендіру процесінің нәтижеге жету деңгейіне орай немесе аяқталуына сәйкес оны бастапқы немесе ерте әлеуметтендіру деп бөліп көрсету ғылымда орын алған, бұл балалық пен жасөспірімдік кезенді камтиды және жалғасты- рушы немесе толығып жеткен есейген әлеуметтендіру деп те белуге болады, бұл қалған екі кезеңді қамтиды.
Әлеуметтік Меннің қалыптасуымен, әлеуметтенудің эволюциялық кезендерімен және хронологиялық шеңберімен байланысқан бірнеше ауқымды мәселелерді қарастырамыз. Соның ішінде, біздерге әлеуметтендіру агенттері мен институттары қалай әсер ететініне тоқталамыз.

2.1 Социологиядағы жеке тұлға ұғымы, оның мәні
Адам, индивид, жеке тұлға-өзара байланысты бұл ұғымдар өмірде жиі бірге қолданылғанымен, социология ғылымы оларды бір-бірінен бөліп қарастырады. "Адам" деген термин - жер бетіндегі тірі организмдер дамуының ең жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи және мәдеи субъект. Адам табиғаты біртұтас әлеуметтік жүйе болып табылады. Адамның мәнді әлеуметтік қасиеттері- оның азаматтылығын анықтайды. Адам белгілі бір қоғамдық қатынастың нәтижесі ғана емес, сонымен бірге сол қатынастың өзін " дүниеге әкелуші".
Ал индивидд дегеніміз-қоғамның жеке бір мүшесі, яғни жеке адам.
Жеке тұлға дегеніміз-өзінің қайталанбас индивидуалдығымен ерекшеленетін индивидтің әлеуметтік қатынас жүйесіне енуі, қоғам дамуының өкілі ретінде адамдардың әлеуметтік қасиеттерінің толықтығы. Жеке тұлғаның барлық анықтамалары оның дамуының екі қарама-қайшы көзқарастарымен негізделеді. Бірінің көзқарасы бойынша әрбір жеке тұлға өзінің туылған қасиеттері мен қабілеттерінің қатынасында қалыптасады және дамиды, және мұнда әлеуметтік орта онша үлкен маңызға ие бола қоймайды. Ал екінші көзқарастардың өкілдері жеке тұлғаның туылған ішкі қасиеттері мен белгілерін толығымен терістейді және жеке тұлғаны әлеуметтік тәжірибе барысында толығымен қалыптасатын құбылыс деп санайды. Бұл жеке тұлғаның қалыптасу процесіндегі көзқарастар болып табылады.Бұл құбылысты талдауда біз жеке тұлғаның биологиялық ерекшеліктерімен қатар оның әлеуметтік тәжірибелерін де ескеруіміз қажет.
Бұл көзқарастарға байланысты жеке тұлға әртүрлі әлеуметтік және мәдени тәжірибелердің түрлеріне қатысты биологиялық организм ретінде дамиды. Мұнда жеке тұлғалық белгілердің қалыптасу процесіне әсер ететін туған қабілеттері, даму қарқыны терістелмейді.
Жеке тұлға ұғымы адамда оның өмірлік қызметінің әлеуметтік бастауын сипаттауға көмектеседі. Адам әлеуметтік байланыстарда , әлеуметтік институттарда, мәдениетте, яғни қоғамдық өмірде басқа адамдармен қарым-қатынас процесінде жүзеге асырылатын қасиеттерді жасайды.
Жеке тұлға ұғымы әрбір адамда әлеуметтік мағыналы белгілердің индивидуалды бейнеленуін және оның негізгі барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде бейнеленуін көрсетеді. Социология ғылымы тұлғаның қасиеттерінің қалыптасуының әлеуметтік негізін, тұлғалар типі қоғамында өсетін әлеуметтәік қызметтер мен әлеуметтік мазмұнда , яғни жеке тұлғаны қоғамдық өмірдің қайнар көзі ретінде зерттеуге тырысады. Социологтардың көзқарасы бойынша жеке тұлға басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудағы ндивидуалды өмір қызметінің әлеуметтік белгілерін бейнелейтін және сол арқылы қоғамдық қатынастардың дамуы мен тұрақтануына әсер ететін жеке адамдарды білдіреді.

2.2 Жеке тұлға дамуына әсер ететін факторлар.
Жеке тұлға белгілерінің пайда болуы мен дамуын талдау үшін жеке тұлғалардың қалыптасу процесіне әсер ететін мынадай факторларды бөліп көрсетеміз: 1) биологиялық тұқымқуалаушылық. 2) Физикалық орта. 3) Мәдениет 4) Топтық тәжірибе. 5) Индивидуалды тәжірибе.
Биологиялық тұқымқуалаушылық белгілері ауаға, суға, ұйқыға, қауіпсіздікке, ауырмауға қажеттілікті қамтитын адамзат тіршілігінің туған қажеттіліктері мен қабілеттерімен толықтырылады. Егер әлеуметтік тәжірибелерде негізінен адам иеленетін жалпы белгілермен түсіндірілетін болса, ал биологиялық тұқымқуалаушылық жеке тұлғаның индивидуалдығын, оның қоғамның басқа мүшелерінің бастапқы айырмашылығын түсіндіреді. Осыған байланысты биологиялық тұқымқуалаушылық толығымен жеке тұлғаны жасай алмайды. Себебі мәдениет те әлеуметтік тәжірибе арқылы беріледі.
Физикалық орта. Кейбір зерттеушілер физикалық қоршаған ортаға жеке тұлғаның дамуында үлкен роль берді. Атақты социолог П.Сорокин 1928 ж. басылған еңбектерінде Конфуций, Аристотель, Гиппократтан бастап, қазіргі кезеңнің географы Эллиот Хантингтонға дейінгі көптеген ғалымдар теорияларын кеңейтті. Мұнда жеке тұлға тәртібіндегі топтық ерекшеліктер негізінен ауа-райындағы географиялық ерекшеліктермен табиғи ресурстардағы ерекшеліктерме,н анықталады. Ғалымдардың бұл тобына философ Г.В.Плеханов пен Л.Н.Гумилевті де жатқызамыз. Бұл зерттеушілер жасаған теориялар ұлттық сананы ақтау үшін негіз болып табылады, бірақ жеке тұлғаның дамуына физикалық факторлардың шешуші әсерін ақтай алмайды, шындығында ұқсас физикалық және географиялық жағдайда жеке тұлғаның әртүрлі типтері қалыптасады және керісінше жеке тұлғаның ұқсас топтық белгілері қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларында дамиды. Осыған байланысты физикалық орта әлеуметтік топтың мәдени ерекшеліктеріне әсер ете алады., бірақ тұлғаның жеке қалыптасуына әсері шамалы.
Мәдениет. Анықталған мәдени тәжірибе барлық адамзат үшін жалпы болып табылады және сол немесе басқа қоғам дамуының қандай сатысында тұрғанына тәуелді емес. Сонымен қатар әрбір қоғам өзінің барлық мүшелеріне басқа қоғам бере алмайтын кейбір ерекше тәжірибелерді, ерекше мәдени үлгілерді береді.
Амеркан зерттеушісі К.Дьюбайс сол қоғамға тән жалпы белгілерді иемденетін жеке тұлғаны модальды деп атады. Модальды тұлға деп Дьюбайс сол қоғамның мәдениетіне тән кейбір ерекшеліктерді иемденетін жиі кездесетін жеке тұлғалардың типін түсінді.
Модальды тұлға қоғам мәдени тәжірибесіне барарда өзінің барлық мүшелеріне беретін жалпы мәдени құндылықтарды өзіне сіңіреді. Яғни әрбір сол қоғамның мәдениетіне сай келетін бір немесе бірнеше тұлғалық типтерді дамытады. Бірақ күрделі қоғамда субмәдениеттің көп болуына байланысты жеке тұлғалардың жалпы қабылдаған типін табу өте қиын. Біздің қоғамымыз көптеген құрылымдық бөлімдермен сипатталады: аймақ, ұлт, шұғылданатын іс, жас ерекшелік катег.ориясы, жеке тұлға болады. Бұлардың әрқайсысы өздерінің жеке субмәдениетін жасауға бейім. Бұл үлгілер жеке индивидтерге тән тұлғалық үлгілермен араласады және аралас тұлғалық типтер пайда болады.
Яғни жеке тұлғалардың қалыптасуына биологиялық факторлары және жеке әлеуметтік топтағы жалпы мәдени үлгі әсер етеді. Сонымен қатар тұлғалардың қалыптасу процесін анықтайтын негізгі факторлар топтық тәжірибе және индивидуалды тәжірибе болып табылады. Бұл факторлар жеке тұлғалардың әлеуметтену процесінде толық бейнеленеді.

2.3 Жеке тұлғаның әлеуметтенуі
Адам дүниеге келгенде әлі негізінен биологиялық жан. Нәрестеде әлеуметтік өмір туралы ешқандай түсінік жоқ., онда адам болудың тек мүмкіндіктері ғана бар. Нышан деп аталатын ол мүмкіндіктер басқа адамдармен қарым-қатынас жасап, қоғамдық қатынастар жүйесіне енуі нәтижесінде ғана адамдық қасиеттерге айналады. Сондықтан да К.Маркс адамның мәні, сайып келгенде, барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады деген болатын.(К.Маркс, Ф.Энгельс)
Демек, адам адам болып туылмайды, қалыптасады. Адамның адам болып қалыптасуы оның физиологиялық және психикалық дамуына сәйкес табиғи нышандардың негізінде жүзеге асады: мұнда әлеуметтік-экономикалық жағдайлар , мәдени құндылықтарды меңгеру, мектеп пен семьяда тәрбиелеу, замандастарының ықпалы сияқты факторлар шешуші роль атқарады. Адамның бұл қалыптасу процесі социологияда әлеуметтендіру деп аталады.
Өскелең ұрпақтың әлеуметтену мәселелері алғаш рет субъективтік тұрғыдан біржақты Батыс Европада жарық көрген ғылыми еңбектерде , атап айтқанда, австриялық психолог З.Фрейдтің психикалық анализі мен осы ілімнің негізінде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Германияда пайда болған антропологиялық мәдениет теориясын дамытушылародың еңбектерінде аталып, жасөспірімдердің психикалық және жыныстық пісіп-жетілуі олардың әлеуметтенуінің қайнар көзі ретінде қарастырылды. Ал необихевиоризм өкілдері "әлеуметтену" ұғымының мазмұнын "әлеуметтік өмірді оқытып-үйрету" мәселелерді құрайды деп есептейді. Символдық интеракционизм мектебінің мүшелері "әлеуметтену" дегеніміз "әлеуметтік мқарым-қатынас нәтижесі" деп түсіндіреді. Гуманистік психология ағымының өкілдері "әлеуметтену" терминінің мазмұнын " мен" ұғымының баламасы ретіндегі "пайымдап, дайындалған болашаққа қатысты көзқарастың" өзіндік маңызды мәселелерді құрайды деп біледі.
"Әлеуметтену" ұғымына берілген орыс ғалымдарының анықтамаларында өскелең ұрпақты әлеуметтендіру процесінде олардың жеке бастарының қалыптасуына ықпал ететін қоршаған нақты ортасына тән объективті және субъективті факторлар жиынтығы жартылай болса да қамтылған. Орыс ғалымдарының "әлеуметтену" ұғымдарына берген анықтамаларының барлығына ортақ бір кемшілік бар. Ол адамдардың барлығының дерлік мазмұнының кешегі күні өткен тоталитарлық жүйеде "тәрбие" ұғымына беріліп келген анықтамалардың мазмұнына тым ұқсастығы, оларды айтарлықтай сол күйінде қайталауы. Ал, ақиқатын айтқанда ,"әлеуметтену" ұғымының құрамдас элементтері, мазмұнын толықтырар бөлшектік компоненттері болып табылады.
Демек "әлеуметтену" термині мен "тәрбие" ұғымының арасында айтарлықтай елеулі айырмашылықтар бар. "тәрбие" ұғымы қоғамның өз мүшелеріне саналы түрде арнайы жоспарланған мақсатты тәрбие беруін білдіреді. Ал "әлеуметтену" термині болса, өзінің мазмұнына мемлекеттік тәрбие жүйесіне тән белгілерден басқа да қоршаған ортаның ықпалымен өмірдің өзінен туындайтын әрі күнделікті тұрмыста жиі кездесіп тұратын тәрбиелік мүмкіндіктерді де қамтиды. Мысалы, жасөспірімдердің әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуына құрбы-құрдастарының тигізетін ықпалын әлеуметтендіру процесі ретінде алып қарастыруға болады.
2.4 Жеке тұлғаның статустары мен рольдері
Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір орынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құқықтары мен міндеттері, яғни белгілі бір әлеуметтік мәртебесі болады. Жалпы мәртебені әлеуметтік және жеке статус деп бөледі. Әлеуметтік мәртебе адамның үлкен әлеуметтік топтың өкілі ретінде (мамандық, тап, ұлт, жыныс, жас мөлшері, дін) қоғамдағы орны. Жеке мәртебе деп индивидтің шағын топтағы орнын айтады, бұл индивидті осы топ мүшелерінің (таныстары, туыстары) бағалауы мен қабылдауына байланысты болады. Таныстары мен туыстарының оны қабылдауы индивидтің жеке сапаларына орай болады. Әлеуметтік мәртебе индивидтің жағдайын жан-жақты сипаттайды: мамандығын, кәсібін, біліктілігін, нақты атқаратын жұмысының сипатын, қызмет-лауазымын, материалдық жай-күйін, саяси ықпалын, партия мен кәсіподакка мүшелігін, іскерлік байланысын, ұлтын, дінін, жас мөлшерін, отбасылык жағдайын, туыстық байланыстарын және т.б. қамтиды. Бұлардың бәрін Р. Мертон мәртебелік жиынтық деп атаған. Әлеуметтік мәртебе өз кезегінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет әлеуметтануы ұғымы
Саяси әлеуметтанудың саясаттану ғылымымен байланысы
Тұлға әлеуметтенуі түсінігі
Шығарма-эссе
Саяси жүйе және әлеуметтік-саяси процесс ұғымдары
Әлеуметтану білімінің құрылымы
Тұлға
Студентерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын түсіндіру
Әлеуметтану ғылымдар жүйесінде
Әлеуметтану пәнінен дәрістер комплексі
Пәндер