Мемлекеттік қызметкерлер туралы ақпарат



I. КІРІСПЕ
II. ЭССЕ
III. ГЛОССАРИЙ
IV. БАЯНДАМА
V. РЕФЕРАТ
VI. ПРЕЗЕНТАЦИЯ
VII. КЕЙС
VIII. ҚОРЫТЫНДЫ
IX. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
Мемлекеттік қызметкер маманы - арнайы теориялық білімдерді игерген, мемлекеттік басқару жүйесінде жұмыс жасау қабілеті мен тәжірибесі бар маман болып табылады. Мемлекеттік қызметкер ең алдымен билік, саясат, басқару функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.
Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан білдірілген ерекше сенім болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне, этикасы мен моральдық бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Қоғам мемлекеттік қызметші жүзеге асыратын кәсіби қызметіне өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін жұмсайды, қоғамға әділ әрі қалтқысыз қызмет етеді деп есептейді.
1. Күздеуова, Л.С. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы : 5В030100- Заңтану маманд. студ. арналған дәріс конспектісі / Л. С. Күздеуова. - Шымкент : 0ҚМУ, 2013. - 105
2. Искаков К.К., Сулейменова И.А. Государственная служба и управление: методические указания для проведения практических заниятии/ Сулейменова И.А- Шымкент : ЮКГУ, 2014. - 24 с
3. Искаков К.К., Сулейменова И.А. Мемлекеттік қызмет және басқару: практикалық сабақтарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулық/ Сулейменова И.А- Шымкент : ОҚМУ, 2014. - 24 с
4. Байконысов, Е.Р. Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің модернизациялануы : оқу- әдістемелік құрал / Е. Р. Байконысов. - Шымкент : 0ҚМУ, 2011. - 42 с.
5. Исакулов, Е.Б. Основы кадровой политики: Курс лекций : учебное пособие для студ. вузов, обучающихся по спец. "Государственное и местное управление", "Менеджмент" / Е. Б. Исакулов. - Астана : Изд-во ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2010. - 264 с.
6. Жоламан Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы : оқулық / Қ. Д. Жоламан. - Алматы : "Эверо", 2009. - 306 с.
7. Мухамеджанова, Д.Ш. Мировые интеграционные объединения и Казахстан: сотрудничество в условиях регионализации : монография / Д. Ш. Мухамеджанова. - Алматы : КИСИ при Президенте РК, 2013. - 348 с.
8. Калканова, Ж.С. Институты государственной власти и местного самоуправления: вопросы теории и практики их взаимодействия : монография / Ж. С. Калканова ; МОН РК, Южно-Казахстанский педагогический ун-т. - Алматы : "Шынырақ", 2011. - 224 с.
9. Сулейменова, И.Ә. Мемлекет және бизнес : дәрістер жинағы 5В050700 «Менеджмент» мамандығы студенттері үшін / И. Ә. Сулейменова, Қ. Қ. Искаков. - Шымкент : ОҚМУ, 2012
10. Баянов Е. Мемлекеттік қызмет : Оқу құралы / Е. Баянов ; Абай атындағы қазақ ұлттық пед. ун-ті. - Алматы : Принт-Асс, 2005. - 40 с

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛТКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Менеджмент және Маркетинг кафедрасы

Кейс-стади
ТАҚЫРЫБЫ: Мемлекеттік қызметкерлер

Орындаған:
Тобы:
Қабалдаған:

Шымкент, 2017ж

ЖОСПАР
I. КІРІСПЕ
II. ЭССЕ
III. ГЛОССАРИЙ
IV. БАЯНДАМА
V. РЕФЕРАТ
VI. ПРЕЗЕНТАЦИЯ
VII. КЕЙС
VIII. ҚОРЫТЫНДЫ
IX. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Мемлекеттік қызметкер маманы - арнайы теориялық білімдерді игерген, мемлекеттік басқару жүйесінде жұмыс жасау қабілеті мен тәжірибесі бар маман болып табылады. Мемлекеттік қызметкер ең алдымен билік, саясат, басқару функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.
Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан білдірілген ерекше сенім болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне, этикасы мен моральдық бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Қоғам мемлекеттік қызметші жүзеге асыратын кәсіби қызметіне өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін жұмсайды, қоғамға әділ әрі қалтқысыз қызмет етеді деп есептейді.

II. ЭССЕ

Ғұлама ғалым, данышпан дәрігер, ержүрек ғарышкер, тілі бай шешен, ел басқарар көсемдердің барлығы жұмылып бір мақсат үшін әрекет етсе еліміз дамып, халық арасында жоқшылық пен кедейшілік азайып, бақытты ғұмыр кешетініміз айдан анық. Адам кім болып жұмыс істесе де барлығы маңызды, бірақ соның ішінде мемлекеттік қызметкердің жасаған жұмысының маңыздылығы басым болып келеді.
Ал, Мемлекеттік қызмет - мемлекет қызметінің бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі болып табылады. Сонымен қатар, біздің елімізде мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен атқарылуы келесідей жүзеге асырылатынын білемін ол Қазақстан Республикасының барлық заңдылықтарын білу, туған жеріне деген сүйіспеншілік, қазақстандық патриоттық сезімі аса биік болып, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығымен азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделері алдындағы басымдылығы деп білемін.
Менің ойым мемлекеттік қызметкер - елдің мүддесі үшін өз күшін, уақытын аямай еңбек ететін тұлға. Қазақ елінің болашағының баянды болуы үшін аянбай еңбек ететін жәудір көз балаларды неге иман жанды қылып тәрбиелемеске?! Мен мемлекеттік қызметкер болуды армандаймын, мен сияқты менің құрбым да мемелекет қызметкері болғысы келеді.. Біз есейіп келе жатқан жас ұрпақ, санамызда мүлдем арам ой жоқ. Арманымыз асқақ, қиялымыз ұшқыр. Мемлекет қызметкер болып атақ - данқ жинау емес, аласапыран қызу қайнаған заманда, қаймана қазақ қамы үшін аянбай еңбек етіп, сенімдерін ақтап, аманатын арқалаған біздер бабамыздың әр сөзіне ерекше ден қойып, көңілге түйіп, жүрекке бекіттік. Елдің тағдыры - біздің қолымызда. Себебі, елбасымыз Н.Ә. Назарбаевта Мағжан атамыздың сөзін санасына сіңіріп, осы тұрғыдан жастарға қатты көңіл бөліп, қолдау көрсетіп, сенім артып отыр. Тәуелсіздіктің тәтті дәмін татып, еш алаңсыз өскен біздерді әрдайым татулық пен тәңірден келген тәтті сыйдың қадірін біліп, ел тұтқасын ұстар ұлтжанды ұрпақ болатынымызға еш күмән келтірмейді.
Еуразия кеңістігінде 25 жылдық егемендігін еңселеген елдің бақытты ұрпағымыз. Мағжан атамыздың сөзін елбасының өзі басшылыққа алып, Болашақтың кілті - жастардың қолында, Ел ертеңі - білімді ұрпақ, Тәуелсіздіктің мызғымас тірегі - жастарымыз деп ылғи бастама көтеріп, жастарға көп қолдау көрсетіп, үлкен сенім білдіріп келеді. Әрине, біз егемен елдің егесіміз, қазақ деген ғажап халықтың ұлттық намысымыз, ойы дауыл, сезімі аспан, тек жеңіспен көзін ашқан жалынды жігеріміз, айбынды айбатымыз, қажырлы қайратымыз бар, көзімізде от ойнаған, білім деген сарқылмас бұлақтың суын қанып ішіп, биіктерге бойлаған тәуелсіз елдің тірегіміз.

III. ГЛОССАРИЙ

1)А корпусы - Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын кадр резервіне іріктеудің, конкурстық іріктеудің, мемлекеттік қызметті өткеру мен оны тоқтатудың ерекше тәртібі, сондай-ақ арнайы біліктілік талаптары көзделген басқарушылық деңгейдегі мемлекеттік әкімшілік лауазымдар;
2) ауысу - мемлекеттік қызметшіні атқарып жүрген қызметінен бір мезгілде босата отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны бос не уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындау рәсімі;
3) Б корпусы - А корпусына енгізілмеген мемлекеттік әкімшілік лауазымдар;
4) бiлiктiлiк талаптары - мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға үмiткер азаматтарға олардың кәсiптiк даярлық деңгейiн, біліктілігін және нақты мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға сай келуiн айқындау мақсатында қойылатын талаптар;
5) лауазымды адам - билiк өкiлiнiң функцияларын тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-өкiмдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;
6) лауазымдық өкiлеттiктер - мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттерге сай келетін нақты мемлекеттiк лауазыммен көзделген құқықтар мен мiндеттер;
7) мансаптық жоспарлау - А корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің лауазымдық ауыстырылуы және кәсіби дамуы кезеңдерін айқындауға бағдарланған процесс;
8) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi - Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өз қызметін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi;
9) мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазым санаты - тиісті біліктілік талаптары бар мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдар жиынтығы;
10) мемлекеттiк қызмет - мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөнiндегi мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы қызметi;
11) мемлекеттік қызметтің кадр резерві - бос мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткер Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылған жүйеленген тізімі;
12) мемлекеттiк қызметшi - мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы;
13) мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы - мемлекеттік қызметшілердің осы Заңда, мемлекеттік органдардың актілерінде белгiленген және жалпы жұрт таныған моральдық-этикалық нормаларға негізделген мінез-құлық қағидалары;
14) мемлекеттiк лауазым - мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген лауазымдық өкiлеттiктер және лауазымдық мiндеттер аясы жүктелген құрылымдық бiрлiгi;
15) мемлекеттiк саяси қызметшi - тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауапты болатын мемлекеттiк қызметшi;
16) мүдделер қақтығысы - мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері өзінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше атқармауына әкеп соғуы мүмкін болатын кездегі мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық;
17) ротация - осы Заңға сәйкес мансаптық жоспарлау шеңберінде А корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін олардың келісімімен лауазымдық ауыстырулар;
18) тағылымдама - мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне алынған адамдардың мемлекеттік органдардың жолдамасы бойынша тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде кәсіби білім алуы мен тәжірибе жинақтауы;
19) тәлімгер - мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған адамға бекітілген, оның кәсіби даярлығына практикалық көмек көрсететін мемлекеттік қызметші;
20) уақытша бос мемлекеттік лауазым - аталған лауазымды атқаратын мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік демалыста болуына, сондай-ақ ауыруы салдарынан, егер ауру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімін белгілеуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесіне енген болса, оның жұмыс орнында болмауына байланысты уақытша бос мемлекеттік лауазым.
IV. БАЯНДАМА

Мемлекеттік қызмет этикасы қызметшілердің кәсіптік қызметін орындауда оңтайлы көзқарасты көрсететін адамдық қарым қатынастардың кәсіптік тәртіп кодексінің бір түрі ретінде, сонымен қатар бұл кәсіптің мәдени - ізгілік бағытын түсіндіретін әлеуметтік - философиялық пән болып табылады.
Мемлекеттік қызметші үшін өзіне шектен тыс сенімді болу, қызметтестеріне, бағыныштылары мен келушілерге шыдамсыздық көрсету - үлкен қателік. Мемлекеттік қызметшінің ақиқат шыншыл болуы - оның маңызды моральдық қасиеті болып табылады. Ол екіжүзділікке, өтірік айтуға, ырғақтарды жеке мақсаты, мансабы үшін өзгеше сипатта қарауға, түсінуге қарсы. Мемлекеттік қызметшіге, өзге мамандық иелеріне қарағанда тәкаппарлық типті де жараспайды. Ол адамдарға қатынасындағы менмендікпен, олардың білімі мен тәжірибесін менсінбеушіліктен, өз орнын аса биік бағалаудан, қолы жеткен табысқа мастанудан, өз мүмкіндігін асыра бағалаудан көрінеді.
Қоғамдық пікірді есепке ала отырып, өз - өзіне жоғары талап қоя білу мемлекеттік қызметшінің өзін - өзі ұдайы жетілдіру ғана емес, өзгелерден сондай жетілуді талап ету болып табылады. Талап қоя, сұрай білу де - мемлекеттік қызметшінің кәсіптік имиджінің моральдық кодексінін талаптарының бірі. Талап ету - сенім блдірумен, сыйлаумен сабақтасып жатуы қажет. Мемлекеттік қызметшіге қажет бір қасиет - тыңдай білу. Тыңдай білу сөйлеушінің сөзін бөлмей мақұлдау ғана емес, оның ойына, сезіміне ортақтасу. Сөйлеп отырған адамға тыңдаушының бет құбылысы: бейтарап отыр ма, жалығып кетті ме, әлде қызығып, көмектесуге дайындалуда ма бәрі әсер етеді. Қызметшінің жеке бас проблемасы әңгімелесушінікіне қарағанда анағұрлым күрделі, қиын мәселе болса да, ол тындаушы ретінде өз проблемасын естен шығара тұруы тиіс. Моральдық сапа қасиеттерінің ішіндегі ең шынайысы - Мемлекеттік қызметшінің өз беделі.
Беделдің жиналуы - өз ісін терең білуі мен қажымас еңбек, адалдық пен әділдік, қарапайымдылық пен байсалдылық, өзіне де, өзгелерге де талап қоя білушілік және парыз бен жауапкершіліктің дамыған деңгейі. Мемлекеттік қызметшінің басты қызметі болып табылатын адамдармен қарым - қатынастағы басшылық - қоғамның басты өндіруші күші - адамдармен адам факторымен жұмыс істей білушілік. Мемлекеттік қызметші болу, бұл - адамдармен тең қарым - қатынаста болу, кез келген жағдайдан жол таба білу, өз сезімін басқара білу. Жеке қарым - қатынастар. Өзін - өзі ұстау мәнері өзара амандасудан басталады. Қызмет шарты бойынша кім ақылды әрі тәрбиелі болса, сол бірінші амандасады. Әйел адамның қызметтік құқы ер адаммен бірдей болғандықтан, өзі бастап амандаса беруіне болады.
Этикет ережесі бойынша ер адам әйелге, жасы кіші үлкенге, бағынышты адам бастығына амандасады. Әйелдерге қалауына қарай, ал ер адамға қол алысқан дұрыс. Көптеген елдерде, оның ішінде бізде де тұрмыстағы әйел адамның қолын сүю қабылданған. Қол алысуда бастығы бағыныштыға, үлкен ер адамға бірінші қолын ұсынады. Жеке қарым - қатынас - 60 см мен 1 - 2 метр қашықтықтан араласу. Бұған әңгімелесу, келіссөз келісім шарт кезіндегі кездесулер жатады. Әлеуметтік ара қашықтық - 1,2 - 2,5 метрмен анықталады. Ол танымайтын адаммен байланысты білдіреді. Мұндай қашықтық директордың хатшысымен, өзге де қызметкерлермен қатынасында болады. Мұндай қатынас кезінде қабылдаушының назарын басқа жаққа аударуы әңгіменің аяқталғанын білдіреді. Көпшілік ара қашықтық 3,5 - 7,5 метрге шейінгі аралықты қамтиды. Ол мәжілістер, жиналыстар өткізуде қолайлы. Сіздің киіміңіз. Осыған байланысты сыртқы түр этикетінен де хабардар болған жөн.
Тап - таза, өзіне сенімді, сыпайы көзге ұрып тұратын артық жылтырақсыз киінген қызметкер сенімге тез ие болады Тиімді қарым - қатынас.Тиімді қарым - қатынас үшін әңгімелесуші өзіне бейімдеудің, өзін - өзі икемді ұстаудың, ұстамдалақ пен ашық адамға тән қасиеттерді меңгерудің маңызы зор. Егер келуші қысылыс білдіріп, мазасызданса, сіз өзіңіздің қарапайым ұстамыңызбен келушіні тыныштандыра аласыз. Сөйлеу білу. Сөйлеп білмей, ойлауға дағды алу мүмкін емес. Жақсы сөйлеуге үйрену үшін не істеу керек? Біріншіден, әдеби кітаптар оқып, өлеңдер мен көркемсөздер жаттау арқылы жадыңыздағы жақсы сөз тіркестерін үнемі жаңғыртып отырыңыз. Сіздің миыңыз неғұрлым көп мәтінді сақтаған сайын Сіз қажет кезде оларды дайын күйінде қолдана қоясыз. Екіншіден, өз сөзіңізді жақсы ұғыныңыз. Әрбір сөйлегеніңіз қысқа да нұсқа, сауатты құрылған сөйлемдерден болуы тиіс.
Сіз ойыңызды дұрыс құрап жеткізе алмасаңыз, қандай құнды пікір айтам дегенмен ол дұрыс қабылданбауы мүмкін. Белсенді тыңдау.Сіз айналаңызды ынта қоя тыңдаған сайын, сөйлеуші де Сізге ықыласпен әңгімелей түседі. Сіз өзіңіз біреуді ықыласпен тыңдасаңыз, Сіз сөйлегенде, ол да Сізді сондай ынтамен тыңдамақ. Белсенді тыңдай отырып, мәселе бойынша орынды сұрақтар қоя білу - адамның көзін жеткізудің маңызды бір бөлігі. Әдетте, қызметтегі жоғарылауларды жақсы сөйлейтіндерге қарағанда жақсы тыңдай білетіндер тез алады.
Тиімді тыңдап білудің тәсілдері:
1. Тыңдаушының көзіне тіке арап отырыңыз. Сіз мұнымен оны ынта қойып тыңдағаныңызды білдіресіз.
2. Сөйлеушіге өзіңіздің тыңдап отырғаныңызды иә,иә, түсінемін деген сөздер немесе басыңызды изеп қоштау арқылы сездірте аласыз.
3. Сөйлеушіге шынымен де тыңдап қана емес, түсініп отырғаныңызды да білдіріңіз. Егер бір нәрсеге түсінбей қалсаңыз, сұрақ қойыңыз.
4. Сіздің отырысыңыз, қимыл - қозғалысыңыз тыңдап отырғаныңызды білдірсін, сөйлеуші ынталы, тірі адаммен сөйлесіп отырғанын түсінуі тиіс.
5. Сізге айтылған әңгіменің мәнін түсіне біліңіз. Бұл оңай емес, өйткені Сіздің ойыңыз бір айтылғанды терең ойлап, соны қуып кетсе, келесі айтылғандардан хабарсыз қалуыңыз мүмкін. Ой адасуына жол бермеңіз.
6. Ойды түсінуге ғана емес, сөйлеуші сезімін түсінуге де ден қойыңыз. Адамдардың өз ойы мен сезмдерін әлеуметтік нормалармен қабылдағандай, құпиялап беруі мүмкін екенін есте ұстаңыз.
7. Байқағыштық - жақсы қасиет. Сөйлеушінің бет құбылысының сипаттарын: Сізге қалай қарағанын, қалай отырғанын немесе тұрғанын, әңгіме кезінде өзін қалай ұстағанын бақылаңыз.
8. Сөйте отырып, өзіңіздің сезіміңізді де дәл беріңіз: бұл жағдайды айқындап, әңгімедегі кедергілерді жояды.
9. Айтылған нәрсеге өз ойыңыздың қолдауын білдіре отырыңыз. Сіздің ол қолдауыңыз сөйлеушінің ойын дәл жеткізуіне ықпал етеді. Сіздің тарапыңыздан болған кез келген жағымсыз реакция сөйлеушінің қорғаншақтауына, өзіне сенімсіздігіне соқтырады.
10. Сізге айтылған нәрселердің мақсаты - Сізден кері байланыс талап ететінін есте сақтаңыз. Мұндайда қажетті әрекет - әңгімелесушіге жауап беру.
Телефон - сіздің көмекшіңіз. Телефонмен әңгіме - мемлекеттік қызметші жұмысының ажырамас бөлігі. Телефонмен сөйлесе білу де - биік мәдениеттіліктің белгісі. Біреумен телефон арқылы сөйлескенде сіздің өзіңізді көрсететн жалғыз мүмкіндігіңіз - дауысыңыз. Сіздің дауысыңыз ашу, ренішіңізді, қуаныш, қайғыңызды білдіреді.

V. РЕФЕРАТ

Мемлекеттік қызмет - бұл мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы лауазымдық өкілеттіктерін мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған қызметі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық процестерді реттеуге, мемлекеттің біртұтастығын қамтамасыз етуге және ҚР азаматтарының мүдделерін іске асыруға бейімделген.
Мемлекеттік қызмет үшін беделдің, яғни имидждің қызметтік және мәртебелік маңызы зор. Ол халықтың оған деген сенім деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқарушылық қызметтің, мемлекет жүргізіп жатқан өзгерістердің тиімділігіне берген бағасының критерийі болып табылады. Ол мемлекеттік органдар әрекеттерінің нақты әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның талаптарына және үміттеріне сәйкестік дәрежесін белгілейді. Сондықтан бедел азаматтардың мемлекеттік органдарға қатысты мінез-құлқын едәуір негіздей отырып, қоғамның мемлекеттік қызметті және оны реформалау бағдарламасын қолдау деңгейін анықтайды. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің оң беделін қалыптастыру аталған әлеуметтік институттың тиімді қызмет етуінің және дамуының, сондай-ақ мемлекеттік орган қызметі мен мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін арттырудың негізгі шарты болып табылады.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет беделін арттыру қажеттігіне қатысты мәселелерге мемлекет басым назар аударуда.
Бедел, яғни имидж (ағылшын тілінің image сөзінен) - тұлғалардың белгілі бір тобына эмоционалды-психологиялық ықпал етуге бейімделген мақсатты қалыптастырылатын бейне, образ (тұлға, ұйым, құбылыс бейнесі).
Мемлекеттік қызметшінің оң беделін қалыптастыру - күрделі әрі көп уақытты алатын үрдіс.
Мемлекеттік қызметшінің оң беделін қалыптастыру үрдісінің өзі атқарушы биліктің беделдік саясатымен де тығыз қарым-қатынаста. Мемлекеттік қызметшінің оң беделіне қойылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексінде белгіленген.
Сонымен, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша сенім білдіру болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік басқару жайлы мәлімет
«Су ресурстары қызметі» ЖШС-ң құжат айналымын автоматтандыру
Іскерлік этика құндылықтары мен қағидалары
Корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдарының функциялары
Еңбек шартының нысанасы
«Эйр Астана» АҚ-ның Іскерлік этика кодексі
Қызметкерлер мен қызметкерлерге артық жұмыс уақыты төлемдері
Ұжымдық шарт институтының құқықтық реттелуі
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару
Басқару қызметінің құжаттары
Пәндер