Мал шаруашылығындағы санитарлық-гигиеналық және ветеринарлық алдын алу шаралары
КІРІСПЕ
1.ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1 Ірі қара мал гигиенасы
1.2 Мал шаруашылығындағы санитарлық.гигиеналық және ветеринарлық алдын алу шаралары
1.3.Ірі қараға арналған қора.жайға қойылатын санитариялық. гигиеналық талаптар
1.4.Ірі қарамалға микроклимат параметрлерінің әсері
1.5.Ірі қарамал қораларын желдету жүйелері
2.ЖЕЛДЕТКІШ АУАНЫҢ САҒАТТЫҚ КӨЛЕМІН ЕСЕПТЕП ШЫҒАРУ
2.1.Қажетті формулалар
2.2.Өзіндік зерттеулер
2.3.Қорадағы желдеткіш бойынша негізгі мәліметтер
ҚОРТЫНДЫ

Малды толыққанды азықтандыруға қанша маңыз берілсе, оларды күтуге де соншалықты маңыз беріледі. Теріні тазалау эпидермис қабыршағын кірден, паразиттерден, түлеген жүндерден босатуға жағдай жасайды.
Жүйелі түрде тазалау нәтижесінде сиырларда сүт өнімділігі 5-7% көтеріледі, бұзаулардың салмақ қосуы артады.
Күтімнің маңызы әсіресе мал тазалаушы атмосфера әсері (жел, жаңбыр, күн көзі) болмайтын қолда, қорада ұстау кезеңдерінде зор.
Қолмен тазалау үшін қатты тісті щеткалар, щетканы кірден тазалайтын өткір емес тістері бар металл тарағыш және мауыты (мата) қолданады.
Сиырларды сауардан бір сағат бұрын тазалап алу керек. Тазалауды малдың сол жағынан бастайды. Содан кейін басын, мойнын, алдыңғы аяқтарын және кеудесін, сосын арқасын және артқы аяқтарын тазалап шығады. Оң жағын да сол ретпен тазалайды. Щетканы ауық-ауық тарағышпен тазартады, соңында теріні таза суланған ескі-құсқы матамен сүртеді, сондай-ақ, малды тазалау үшін сауу қондырғысының вакуумын немесе шаңсорғышты (механикаландырылған тазарту) қолданады.
Жуу немесе тотығу нәтижесінде жылу өнімділігі, газ алмасу және зат алмасу артады, О2 тұтыну көтеріліп, тәбеті жаңсарады.
Жүйелі түрде жуып және тоғытқан кезде мал температура өзгерісіне жақсы бейімделеді. Бқл оларды шынықтырады және желіні мен денесінің былғанған бөлігін (аяқтары, саны, сыртқы жыныс ағзалары, т.б.) жуады. Малды жуу үшін душтың су бүріккіш құйғысы немесе щетка пайдаланылады.

1. Гершун В.И., Туякова Р.К.«Ветеринарная гигиена»
2. Мырзабеков Ж., Ибрагимов П. «Ветеринарная гигиена» -Алматы,2005
3. Шекенов Е., Қазыханов Р., Бекқожин А., Әшімов С., «Зоотехния негіздері» -Алматы,2007
4. А.Ә.Төреханов., Ж.К. Каримов., Ш.Д.Даленов., Д.Қ.Найманов., Н.Ә.Жазылбеков « Ірі қара шаруашылығы»-Алматы,2006
5. Д.Қ.Найманов., М.К.Мустафин., Р.З. Вахитова., Ж.Қ.Аубакиров «Мал шаруашылығы»- Қостанай,2007.
6. Ж.К.Каримов., Ш.Д.Дәленов., Д.Қ.Найманов «Ірі қарамал шаруашылығы» -Қостанай,1996.
7. В.И.Баланин «Зоогигиенический контроль микроклимата в животноводческих помещениях» Ленинград.

Мал шаруашылығы – ауыл шаруашылық салаларының ішіндегі жетекші
салалардың бірі. Соның ішіндегі етті ірі қара шаруашылығы Қазақстанда
шаруашылығы басқа салаларға қарағанда едәуір жақсы дамыған. Біздің
Республикамыз жақын арада ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыта отырып,
әлемдегі бірқатар елдер қатарына қосылды.
Халықты мал өнімімен қамтамасыз етуде ірі қара өнімі қазіргі уақытта
алдыңғы орында десек те болады. Әрине, мал азығын молайту және селекциялық
жұмыстарды қажет етеді.
Қазақстанның қазіргі шаруашылықтарында 20-дай сүтті, сүтті - етті
бағыттағы тұқымдар және 8 ірі қарасының асыл тұқымды малдар өсірілуде, ал
бұл асыл тұқымды ірі қараларының көпшілігі жаңа өнеркәсіпті технологияға
бейімді емес.
Келешектегі мақсат ірі қара малын сапалық жағынан одан әрі асылдандыру
және жоғары өнім алу, жоғары өнімді малдардың тобын шығару. Республикамыз
бойынша етті сиыр тұқымының санын көбейту, асылдандыру жұмысын жақсарту,
әрі ірі қара малын толық етіп азық түлікпен қамтамасыз ету.
Мал шаруашылығында малды жұқпалы аурулардан сақтау үшін жалпы
санитарлық-гигиеналық және ветеринарлық алдын алу шараларын жүргізу керек.
Осындай шараларды жүргізуге дезинфекция, дезинвазия, дезинсекция және
дератизация жатады. Мұндай шаралардың негізгі мақсаты - қоршаған ортадағы
жұқпалы арулардың қоздырғыштарын және тарататын паразиттік жәндіктерді
жою.
Мал шаруашылығында профилактикалық залалсыздандыруды жылына екі рет -
жазғытұрым малды жайылымға шығарарда және малды қыста қолға қоярда жасайды.
Желдетудің табиғи жүйесі ішкі жылы және сыртқы суық ауа тығыздығының
айырмашылығы есебінен қосымша шығындарсыз жұмыс істейді.
Малға арналған қора жағдайы микроклиматқа қойылатын зоогигиена
талаптарына сай болуы керек. Мал шаруашылығындағы микроклимат деген түсінік
қорадағы температура, ылғалдылың, ауаның қозғалу жылдамдығы, жарық, газдар
құрамы, сонымен қатар қорадағы шаң мен микроорганизмдер және шу деңгейін
анықтаумен байланысты.
Микроклимат параметрін өлшеген уақытта қоралардың есіктері жабық, ал
мал өз орындарында болғаны жөн.
1.ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1 Ірі қара мал гигиенасы
Малды толыққанды азықтандыруға қанша маңыз берілсе, оларды күтуге де
соншалықты маңыз беріледі. Теріні тазалау эпидермис қабыршағын кірден,
паразиттерден, түлеген жүндерден босатуға жағдай жасайды.
Жүйелі түрде тазалау нәтижесінде сиырларда сүт өнімділігі 5-7%
көтеріледі, бұзаулардың салмақ қосуы артады.
Күтімнің маңызы әсіресе мал тазалаушы атмосфера әсері (жел, жаңбыр,
күн көзі) болмайтын қолда, қорада ұстау кезеңдерінде зор.
Қолмен тазалау үшін қатты тісті щеткалар, щетканы кірден тазалайтын
өткір емес тістері бар металл тарағыш және мауыты (мата) қолданады.
Сиырларды сауардан бір сағат бұрын тазалап алу керек. Тазалауды малдың
сол жағынан бастайды. Содан кейін басын, мойнын, алдыңғы аяқтарын және
кеудесін, сосын арқасын және артқы аяқтарын тазалап шығады. Оң жағын да сол
ретпен тазалайды. Щетканы ауық-ауық тарағышпен тазартады, соңында теріні
таза суланған ескі-құсқы матамен сүртеді, сондай-ақ, малды тазалау үшін
сауу қондырғысының вакуумын немесе шаңсорғышты (механикаландырылған
тазарту) қолданады.
Жуу немесе тотығу нәтижесінде жылу өнімділігі, газ алмасу және зат
алмасу артады, О2 тұтыну көтеріліп, тәбеті жаңсарады.
Жүйелі түрде жуып және тоғытқан кезде мал температура өзгерісіне жақсы
бейімделеді. Бқл оларды шынықтырады және желіні мен денесінің былғанған
бөлігін (аяқтары, саны, сыртқы жыныс ағзалары, т.б.) жуады. Малды жуу үшін
душтың су бүріккіш құйғысы немесе щетка пайдаланылады.
Шошқалар үшін өрт насосымен жуатын алаңқайлы қоршаулар жасайды.
Механикаландырылған жуу үшін ДУК залалсыздандыру қондырғылары МСД-1, МСД-2,
залалсыздандыру-душтың қондырғы ДДУ-і қолданылады.
Малда тұяқ мүйізінің өсу қарқыны бір ай ішінде 4-8 мм-ді құрайды, тым
көп өсіп кеткен мүйіз майысады, онда жарқыншақтар пайда болып, ауру тууына
септігін тигізеді. Тұяқ және тұяқшалардың теріс пішіні дене салмағының
негізінен май табанға түсуіне алып келеді. Оларда аяқтарын тіреу (қою)
қалыбы өзгеріп, сіңір және буын созылуы, ақсау пайдаболады. Жылына 2-3 рет
тұяқ және тұяқшаларды дұрыс пішінге келтіре отыра тазалап, кесіп түру
керек. Тұяқ ауруларының алдын алу үшін 5-10% тотияйын, формалиннің
ерітіндісімен әр түрлі аяқ ванналарын қолданады.
Жылқыларды өз уақытында тағалау тұяқты бүлінуден қорғайды. Тағалар
қолдану жылқыларды таюдан және сүрінуден сақтайды, аяқтарын аурулардан
қорғайды (сының, сіңір, буын созылуы). Әр түрлі пішінді және әр мақсатты
тағалар неше түрлі жағдайда жылқылардың жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз
етуге көмектеседі. Аттарды қайта тағалау 1,5-2 ай өткесін жүзеге асады.
Серуендету - малдың жүйелі түрдегі қозғалысы, ол организмді жалпы
ынталандырушы, жаттықтырушы әдіс болып табылады. Сондай-ақ, өзгермелі
климаттық, әсіресе температуралық әсерлерге шынықтырады, малдың
өнімділігінің, өсімтал төлдердің салмақ қосуын көтерудің бір тәсілі.
Серуендетудің ұзақтылығы малдың физиологиялық жағдайына, жасына және
түріне байланысты болады (ауа райы жағдайы ескеріле отырып).
Серуендетудің ұзақтылығы ересек мал үшін тәулігіне бір немесе 2 реттен
2-3 сағат құрайды. Қыста - күндіз, жазда - таңертең және кешке.
Серуендетуге жас кезінен (10 күндігінен бастап) үйретеді, алдымен қора
ішінде, кейіннен таза ауада 10-15мин. серуендетіп, 1 ай ішінде бір сағатқа
дейін жеткізеді.
Серуендету мәжбүрлі қозғалыспен үйлесуі тиіс (айдау).
Ірі қара мал - 3-6 км.
Мегежін - 1,2-1,5 км.
Қабандар - 3-4 км.
Бордақылаудағы мал үшін серуендету қолданылмайды.
Туғаннан кейінгі алғашқы айларда төлдер қоршаған ортаға, оларды күтіп-
бағып, ұстауға, азықтандыруға өте сезімтал келеді.
Осы кезеңде олардың арасында жоғары аурушаңдық және өлім-жітім көп
байқалады. Төлдердің денсаулығы мен амандығы бірінші кезекте адамдарға
байланысты. Амандықты жоғары сақтау негізі — гигиенаның қарапайым
талаптарына байланысты, яғни малды ерекше мейірмен күтіп, көңіл бөлу керек.
Сиыр бұзаулағаннан кейін олардың желіндерін жуып және
залалсыздандырғыш ерітіндіні орамалға сіңіріп алып сүрту керек. Алғашқы
уызы 1-2 рет басқа ыдысда сауып алынады, өйткені оларда микробтар саны көп
болады.
Бұзау өз еркімен аяқтанған соң, оған анасының емшектерін табуға көмек
береді. Туғаннан кейін 1,5 сағат өткен соң уызын төлге емізу қажет. Олар
осыдан уыз сүтімен жоғары сапалы өнім алуымен қатар, микроорганизмдерге
қарсы иммунитетке ие болып, солармен бірге, гаммаглобулин және басқа да
қорғаныс заттарын алады.
Уыздың беруін кешеуілдету ішек-қарын жолының бұзылуына әкеліп соғады.
Бұзаудың уызды аз-аз порциямен баяу ішуін қадағалау керек, сонда ол тура
жұмыршық қарынға түседі де, қорытылу процесі жақсы жүреді. Аз мөлшермен
қарынға түсіп, уыз сілекеймен араласып және жұмыршақта жұмсақ, жылдам
қорытылатын қойыртпаққа айналады. Ал, уызды төл жұтымдап ішкен кезде
(шелекпен ішкізгенде) жұмыршақта ас қорыту процесінің бұзылуына өкелетін
қатты және қиын қорытылатын қойыртпаққа айналады. Сүттің іріп-шіріген өнімі
ішек-қарын ауруларын тудырады. Сондыңтан сүтті, әсіресе бұзаудың өмірінің
алғашқы күндерінде, емшектен емізген жөн. Осы жағдайда бұзау 9-10 минут
ішінде 2 л сүт ішіп, 700-900-ге дейін copy қозғалысын жасайды. Ал қолмен
шелек арқылы сүтті ішкізгенде 9-10 минут ішінде 2 л сүт ішіп, 40-50-ге
дейін жұту қозғалысын жасайды.
Емізіктер болмаған кезде сүтті бұзауға шелекке құйып береді. Беру
тәртібі: шелекті бұзаудың алдына қойып, оған шамалап сүт құйып, сүтке сұқ
саусақты батырады (қолды жақсылап сабандап жуу керек) және саусақты
бұзаудың аузына салады, осы кезде бұзау саусақты сора бастайды. Сол уақытта
бұзаудың тұмсығын сүтке салады, саусақты тартып сорған кезде сүтті бірге
сорып емеді. Сүтті үзіліспен ішкізген дұрыс. Егерде бұзау сүтті зауықсыз
ішсе, қалған барлық сүт порциясын ішкізуді тоқтатып, 15-20 мин. өткен соң
қайтадан ішкізеді.
Алғашқы бес күн бойы уызды 4-5 рет береді, ал содан соң күн сайын
тәулігіне 3 рет, 1,5-2 л ішеді.
Әлсіреген бұзауға уызды алғашқы рет 1 л-ден тәулігіне 5-6 рет
ішкізеді.
Егер де бұзау емшекті нашар сорса, онда таза ыдысқа құйылған сүтке саусақты
салып, сорғызу арқылы үйретеді. Бұзау күніне 8-9 л сүт ішеді.
Уызын бұзау еміп болған соң қалған уызды сиырдан сауып алып, қайнатып,
адамдар тамақ ретінде пайдаланады. Уыз кезеңі 5-7 күнге созылады, ал 7-10
күннен бастап уыз толық сүтке айналады.
Бұзау қорада бұзауларды жеке шарбақтарда орналастырады, шарбақтың
ұзындығы 1,4 м, ені 1,2 және биіктігі 1 м шарбақ еденнен 20 см биіктікте
тұру керек. Ағаштан жасаған жақсы болады. Ал, 8-күні бұзауларды топтап, 10
бастан топтық шарбаққа ауыстырады, мұнда олар 2 айлық болған жасқа дейін
күтіліп бағылады.
Төлдерді өсірудің осы кезеңінде қажетті температура мен ылғалдылық
режимін ұстап тұру қажет. Бұзау қорада температура - 16-18 °С, ылғалдылық
кем дегенде 75% -ға дейін болуы керек.
Бұзауға 3 күндік жасынан бастап уызын ішкеннен соң бір сағаттан кейін
қайнатылған су (20-25 °С), ал 10 күннен соң әдеттегі ішетін суды береді. 10
күндік жасынан бастап бұзауды шөп жеуге үйретеді. Ұсақ сабақты көк шөпті
таңдау керек. 20 күндік жасынан бұзау рационына сұлы және шөп ұнын
кіргізіп, ал екінші айдың соңында кебек (50-100 г) береді. Кебекті алғашқы
күндері сүтпен араластырады, кейіннен бұзауларды құрғақ концентрат жеуге
үйретеді. Сәбізді екі айлық жасынан бастап ұсақ туралған түрінде береді, ал
сүрлемді рационға 3-4 айлық жасында қосады.
Бұзау астаушаларында минералдық үстеме - бор, тұз, сүйек ұны, үш
кальцийлі фосфаттар міндетті түрде болуы керек.
Су ішетін және басқа да ыдыстарды қолданып болғаннан соң жуып,
залалсыздандырады.
Торайларды күту торайлаудан басталады. Мегежін торайлаудың алдында
өзін қалай ұстағанын бақылау керек. Туудың нағыз белгілері болып емшектерде
сүттің болғаны саналады. Осы уақытта құрғақ төсеніпі, таза мата және
торайларды салуға арналған арнайы жәшіктерді дайындау керек.
Әрбір туған торайды жақсылап матамен құрғатып сүртіп, олардың аузын
және мұрындарын кілегейден тазалап, содан кейін кіндігін йод тұнбасымен
немесе марганцовка ерітіндісімен өңдейді. Торайлап болған соң, орындарына
тазалық жүргізеді. Анасының емшектерін солғын марганцовка ерітіндісімен
жуып, торайларды анасының емшектеріне салады: әлсіздеріне алдыңғы, ал үлкен
және жаөсы жетілгендеріне артқы емшектерін береді. Бір күн ішінде торай
өзіне берілген емшекті есіне саөтап қалады.
Торай уызды туғаннан соң 40-50 минуттан кейін қабылдауы керек. Жаңа
туған торайлар жылы және құрғақ орындарды жақсы көреді, сондықтан бір
жетілік жасқа дейін оларға 32-33 °С температура қажет болады, оны 150 Вт
электрлі шам арқылы қамтамасыз етеміз.
Еметін торайларда темір жетіспеушілігі және қан аздық жылдам дамиды.
Торайлар туғаннан соң екінші күні олардың бұлшық етіне қан аздыңтың алдын
алу үшін арнаулы препараттар (ферроглюкин, феррозеке) егеді және осы егуді
3-4 аптадан кейін қайталайды.
Егу орынына 2,5 г күкіртті темір, 1 г тотияйын және 0,5 г хлорлы
кобальтты 1 л қайнаған суға қосып, осы ерітінділермен күніне бір анасының
емшектерін емер алдында суландырады. Торайларды 4-5-күнінен бастап
қуырылған арпа, жүгері дәндерін жеуге үйрете бастайды. Қызыл балшық, ағаш
көмірін, борды бөлек жерге салып қояды. 5-7-күнінен бастап сиырдан сауып
алынған сүтті немесе көк сүтті астауларға құйып қояды. Қорға деп жинап
алынған шөп ұнын 10-күннен жегізе бастайды, ал 12-күнде таза күйінде
туралған көк шөпті немесе жемдерді астауға салып береді.
Торайлар мешел болмау үшін күніне 3-5 тамшы Д витаминін береді. Ал 15-
20 күндік жасында туралған құнарлы азықтар (сәбіз, қант қызылшасы, асқабақ)
беруге болады.
Еметін торайларды 30 күндік жасқа дейін тәулігіне 4 рет (6, 10, 14,18
сағ.), ал 30-60 күндік жасында 3 рет (7, 12, 17сағ.) азықтармен
азықтандырады.
Қысқы кезеңде шошқа қорасында температуралық-ылғалдылық режимдерді
қатаң сақтау өте тиімді. Шошқа қоралары жарық, құрғаң және таза болуы
керек.
Аналарынан 2 айлық жасында айырып, торайларды шарбақта 4 айлық жасқа
дейін қалдырады, әрі қарай оларды секцияға ауыстырып, бордақылауға қояды.
Қозыларды күту. Саулық қойларды қысқы және ерте көктемде қозылату өте
тиімді, өйткені қозылар ерте марқайып, жазғы жайылымды ерте пайдаланып,
күзге қарай жақсы дамиды. Сонымен қатар, төлдердің шетінеуі азайып, суық
тиюден, асқазан-ішек ауруларымен ауыру тыйылады.
Қозылауға 20-30 күн қалғанда қораны қидан тазалап, жылылайды,
залалсыздандырады, шарбақтарды, көшпелі қалқандарды, астауларды және басқа
да қажетті құрал-саймандарды ретке келтіреді. Қозылауға 3-5 күн қалғанда
саулықтардың рационы ірі жемшөптің 13 бөлігінде жасалып, одан сүрлемді
алып тастайды және құрама жемнің мөлшерін көбейтеді.
Туар алдындағы белгілер байқалысымен саулықты жылы күркеге немесе
басқадай жабдықталған бөлмеге көшіреді. Оны төрт бөлімшеге бөледі:
1) тууға дейін бірнеше сағат қалғанда саулықты қабылдайтын орын;
2) туатын бөлме;
3) шарбаққа арналған бөлме;
4) төлімен бірге ауырған саулықтар үшін 10-15 басқа арналған
оқшаухана. Мал төлдейтін бөлмедегі шарбақтың алаңы 2-2,5 м2 және ағаш
қоршаудың биіктігі 50-60 см болуы тиіс. Саулықтардың төлдеуі еденіне қалың
төсеніш төселген қорада өтеді.
Саулық қозылағаннан кейін оны қозысымен бірге шағындау шарбақтарға (3-
5 ересек қойға арналған) көшіреді. Мазасыз, жаңа туған қозыны алмай, үрке
қарайтын жас саулықтарды ауданы 1,4-1,5 м2 жеке шарбаққа орналастырады. Әр
100 саулыққа осындай 9-12 шарбақ бөледі. Саулық 2-3 күн тұрғансоң 1 немесе
2 қозысы болса, бір-біріне үйренеді. Осыдан кейін саулықты қозыларымен
қайта топтық шарбаққа көшіріледі. Мұндай шағын топта қозылар енесін тез
тауып, еме бастайды.
Саулықтардың желіндерін үнемі қадағалап, емшек үрпісі мен бойында сүт
тығыздалып тұрып қалмауы үшін мезгіл-мезгіл аздап сауып тұрған дұрыс.
Қозылардың туғаннан кейінгі екі-үш апта бойына қоректенетін қорегі ене
сүті болып табылады. Жаңа туған қозыларды саулықтарға әрбір 2-3 сағат сайын
жіберіп емізген жөн. Түнге қарай кезекші белгіленіп, олар қозылардың емуі
үшін саулықтарды жатын орнынан тқрғызады. Әлсіз және сүті аз саулықтардан
туған қозыларды бес күн өтісімен сиыр сүтімен азықтандырады.
Алғашында бөтелкеге кигізілген резеңкелі емізікпен емізеді. Оны күніне
екі мәрте сода ерітіндісіне салып қайнатады. Қозыларды 2-3 сағат сайын
енесін емуге жіберіп отыру саулықтың желінін суық тию ауруынан сақтайды.
Екі аптаның ішінде тез өсе бастаған қозыларды тек енесінің сүті
қанағаттандырмайды. Сол себептен де туғанынан 10 күн өткеннен кейін оларды
ірі, жұғымды және құрама жем жеуге үйрете бастайды.
Азықтандыру үшін мынадай азық түрлерін пайдаланады: шөп ұны, пішен,
бұтақты азық, сәбіз, ас тұзы, бор, сүйек ұны және басқалар. Қозыларды
саулықтардан бөлек азықтандырады.
Екі-үш айлық жасынан бастап қозылар ересек мал сияқты өсімдік
азықтардың жұғымды заттарын сіңіруге қабілетті халге жетеді. Сондықтан,
тіршілік етуінің алғашқы аптасында-ақ әр түрлі азыққа үйрету қозылардың ас
қорыту ағзалары мен жалпы физиологиялың жағдайының жақсы дамуы үшін қажетті
шара болып табылады. Еміп жүрген қозылардың (3-9 апталық) рационында толық
құнды витаминдер мен минералдар жетіспесе, жүн жеп, ұлтабарында жүн шары
пайда болады.
Енесінен ажырап дара қалған жетім қозыларды өсіру үшін арнайы
бөлгіштер пайдаланылады. Оған 4-6 саулықтан орналастырады.
Жылдың жылы мерзімінде саулықтар саңманын қозыларымен бірге
жайылымдыңқа шығарады. Қыста туған қозыларды екі-үш аптадан кейін тыныш,
қар жаумаған, боран соқпаған күндері, ауаның температурасы 20 С-тан
төмендемегенде серуенге шығарып отырған жөн. Ал көктемде туған қозылар
серуенге 3-4 күннен кейін шығарылады. Алғаш серуеннің ұзақтығы 10-15
минуттан басталып, кейіннен 2-4 сағатқа жеткізіледі.
Туғанына 4-5 күн болғанда қозыларды дәнді азықтармен және күнбағар
шротымен үстеме азықтандырады. Бір айға толғанда толық рационды
түйіршектелген азықтың қоспаны пайдаланады.
Он күнге дейінгі қозыларды енесімен бірге ұстап, кейіннен жеке
сақмандар құрады. Төл бір айлың жаста-ақ тәулігіне енесін 4 мәрте емсе, үш
айлығында 3 мәрте, бұдан соң қозы бөлікке дейін 2 мәрте емеді. Бір айлық
қозылар енелерімен бірге жалпы отарға біріктіріледі.
Қозыларды енесінен 3-3,5 айлығында, ал өсуі кешеуілдегендерін 4
айлығында бөледі. Ал елтірі мен сүті үшін өсірілетін саулықтардан қозыларды
2,5-3 айлығында бөледі. Бөлгеннен кейін еркек тоқтылар мен ұрғашыларынан
бөлек отарлар құрады. Әлсіз қозылардан бөлек топ құрылып, оларды қосымша
азықтандырады. Жазда қозыларды жайылымдықта ұстаса, қыста оларға пішен,
бұтақты азық, сүрлем, құрама жем береді.
Бөлінген қозылар енесін іздеп мазасызданбауы үшін оларды қашықтау
өріске айдайды. Қозылар жақсы жайылуы үшін әрбір отарға бір немесе бірнеше
кәрі қойларды жібереді.
Жас қозылар үшін қорадағы температура +10°, ал салыстармалы ылғалдылық
75% болуы керек.
Құлындарды күту. Туу белгісі білінгенде биенің астына құрғаң таза
сабан төсейді. Биелер көбінесе түнде туады. Туу үрдісі 8-10 минуттан
аспайды. Жаңатуған құлынның аузын, тұмсығын және құлақтарын шаранадан
тазартып, кіндігін түбінен 5 см қалдырып кеседі де, хирургиялық көмек
көрсетіп, арнаулы залалсыздандырылған жіңішке жіппен байлап, кесілген
жеріне 5%-дық йод ерітіндісін жағады. Жақсы жетіліп туған құлын 20-30
минуттан кейін аяқтанып, енесінің емшегін іздей бастайды. Осы кезде құлынды
емізбес бұрын енесінің емшектеріне жиналған алғашқы (қара) уызды сауып
тастап, сонан кейін үрпісін арнаулы ерітіндімен залалсыздандырады да,
құлынды сүйемелдеп емізеді. Алғашқы уызды құлынға туғаннан соң 1-1,5 сағат
өткен соң береді.
Алғашқы үш жұмаға дейін құлын ене сүтімен азықтанады, ол әрбір 30-40
мин сайын емеді (тәулігіне 50-60 мәрте). Құлынды биені күн сайын жетелеп
құлынын ертіп серуендетеді, күн суықта - қора ішінде, ал жылы күні -далада,
бұл құлынды еріп жүруге дағдылдандыру үшін және биенің жыныс ағзалары
тезірек қалпына келіп ұрықтануы үшін қажет. Бір жұмадан соң оларды серуен
алаңына шығарады, алғашында 20-30 минут, кейіннен күн сайын серуенді ұзарта
береді.
Құлындарға бір айдан соң қосымша азық бере бастайды. Ерте туған
құлындар (қаңтар, ақпан) жайылымды жақсы пайдаланады, ал кеш туғандар күзге
әлсіз болып жетеді. Құлындарды 5-7 айлығында енесінен айырады, оларға
сапалы шөп, құнарлы азық береді. Тәулігіне 15-20 г ас тұзын беріп отырған
жөн.
1.2 Мал шаруашылығындағы санитарлық-гигиеналық және ветеринарлық алдын алу
шаралары

Дезинфекция (залалсыздандыу) - қоршаған ортада жұқпалы аурулардың
қоздырғыштарын, бактерия, вирус, саңырауқұлақтар, риккетсішлар, қарапайым
әндіктерді жою.
Дезинвазия - паразитарлық аурулардың ұрықтық элементтерін, яғни,
жұмыртқа мен балаңқұрттар кокцидия ооцисталарын жою.
Дезинсекция - зиянды буынаяқтыларды - соналар, масалар, шыбындар мен
шіркейлер, биттер және кенелерді жоюға бағытталған шара.
Дератизация - зиянды кеміргіштерді, егеу құйрық, көптеген
қоздырғыштардың тасымалдаушылары мен таратушылары болып табылатын
тышқандарды жоюға бағытталған шара.
Дезинфекция, дезинвазия, дезинсекция және дератизацияны жүргізгенде
адамдар ең әуелі өзінің жеке басының қауіпсіздігі ережесін сақтап, қорғану
үшін арнайы санитарлың киімдермен (күләпаралар, комбинизондар, фартуктер,
резеңке қолғаптар, резеңке етіктер, халаттар, қорғаныс көзілдіріктері)
қамтамасыз етілуі керек.
Препараттармен жұмыс жасағанда, көздің кілегейлі қабықтарына және
тыныс алу ағзаларына өсер етпеу үшін газтұтқыларды (противогаз), ал сілті
және қышқылдармен жқмыс жасағанда қорғаныс көзілдіріктерін кию керек.
Дезинфёкциялағыш заттармен, у дәрілермен және бактериалдың
препараттармен жұмыс жасағанда темекі тартуға және тамақ ішуге қатаң тыйым
салынады.
Дезинфекция (залалсыздандыру). Залалсыздандыру жүйелі түрде
атқарылатын екі жұмыстан - механикалық тазартудан және залалсыздандырудың
өзінен тұрады.
Механикалық тазарту мақсаты залалсыздандырылатын қоралар мен алаңдарды
көңнен, төсеніштерден, қоқыстардан және басқа да ластардан тазалау, өйткені
осының бері залалсыздандыратын заттардың әсерін төмендетеді. Қора жайларды
сақтандыру залалсыздандыруы шаруашылықта жұқпалы аурулар байқалмаған кезде
жүргізілсе, ал еріксіз дезинфекция шаруашылықта жұқпалы ауру байқалған
кезде жүргізеді. Осыған байланысты дезинфекция үш түрлі - сақтандыру,
ағымдағы және ақырғы болып келеді.

Фермадағы мал қораларының қабырғаларын және төбелерін жаздыгүні (егер
де мал қорада күтіліп бағылса) айына бір рет жаңа сөндірілген өкпен, ал
басқа уақытта кірленуіне қарай сылайды, ал төлдер тқратын орынды сылауды
қажетіне қарай жиі жүргізу керек.
10%-дық жаңа сөндірілген әк ерітіндісін дайындау үшін 1 кг әкті 1 л
сумен сөндіреді де, 1 кг-на 9 л су қосады, 20% -дың қоюлау жаңа сөдірілген
әк ерітіндісін дайындау үшін 1 кг сендірілген әктің 1 кг-на 4 л су қосады.
Қораларды залалсыздандыру нормасы: 1 м2 аумаққа 1 л ерітінді.
Мал тұратын орындарды, сол сияқты серуендейтін алаңдарды
залалсыздандыру үшін 5%-дық күкірт карбол қышқылы, 20%-дың хлорлы әк, 3%-
дың формаль-дегид ерітінділерін, т.б. қолданылады. Сүзгіштен өтетін
вирустардың ауруы байқалған кезде 4% -дың күйдіргіш натрий ерітіндісімен
залалсыздандырады.
Ағымды залалсыздандыруды шаруашылықта малдың жұқпалы ауруы алғашңы рет
байқалғанда үнемі және жаңадан ауырған малды тауып, бөліп алған сайын,
сондай-ақ ауру байқалған малды жұқпалы ауруларға қарсы күресу жөніндегі
нұсқауларда көрсетілген мерзімде кезекті тексергенде жүргізеді.
Залалсыздандыру заттарын ветеринарлық дәрігер аныөтап, таңдайды.
Ақырғы залалсыздандыруды карантинді алар алдында, шаруашылықта жұқпалы ауру
жойылғаннан кейін жүргізеді.
Дезинсекция. Мал шаруашылығына шыбындар мен шіркейлер, соналар,
масалар, т.б. жәндіктер зор зиян келтіреді, олар жұқпалы аурулар,яғни сібір
жарасы, оба, туберкулез, бруцеллез, туляремия, маңқа, холера, сүзек,
сальмонеллез, әнцефаломиелит, тілме, аусыл, гельминтоздардың таралуына және
осы аурулардың бірталай аймақтарға тез жайылуына себепкер болады.
Мәселен, қансорғыш буынаяқтылар малды мазалап қана қоймай, қанын сорып, улы
сілекейі әсерінен интоксикация тудырады. Зиянкес жәндіктердің шағуы
салдарынан сиырлардың сүті 12% төмендесе, шошқа 30% үстеме салмағын
жоғалтады. Аттар жұмыс қабілетін жоғалтады, құстар жұмыртқа өнімін
төмендетеді, ал қойлардың жүндері түседі.
Бір ғана бөгелектің өзі (танау, ішек, тері) ет өнімдеріне, теріге
көптеген зиян келтіреді, малдың арықтауына және өлім-жітіміне әкеп соғады.
Әрбір сона 200 мг-ға дейін мал қанын сорып алады, көп қан жоғалтқаннан мал
ауырады.
Зиянды жәндіктер өздерінің жылдам көбеюімен ерекшелінеді. Мысалы, үй
шыбынының толық даму циклі 2-3 апта. Ұрғашы шыбындар жұмыртқаларын қи,
шіріген шөп қалдықтарына және азық-жем қалдықтарының астына салады. Бір
салғанда 120-160 жұмыртқа салады. Содан 8-35 сағат өткен соң жұмыртқадан
балаң-құрттар өсіп шығады, олар жерге еніп, сонда қуыршақтанады, ал
қуыршақтардан тірі ұшатын шыбындар пайда болады. Бір жазда шыбындар 9 ұрпақ
тобын бере алады. Ал сона ұрғашысы 1000-ға дейін, бөгелек 500-800-ге дейін
жұмыртқа салады.
Зиянды жәндіктердің көбеюіне кедергі жасау үшін ферма аумағын,
жайылымды, қи сақтағыш құрылымдарды, садыра жинағыштарды және азық
қалдықтарын бір жерге жинап, әрқашанда таза ұстау керек. Сондықтан жәндік
балаңқұрттары және кенелер ұрықтарының шығатын орындарын, олардың ересек
түрлерін жою шараларын қарастырып, оны жүзеге асыру керек.
Жою шаралары физикалық, химиялық және биологиялық әдістерден тұрады.
Химиялық тәсілі ең таңдаулы болып саналады. Мұнда улы заттарды, яғни
жәндіктерге инсекцидті, ал кенелерге акарицидті немесе зиянды жәндіктерді
үркіту үшін репелленттерді қолданады.
Инсектицидтер ретінде дифос, амидофос, карбофос, дибром, хлорофос,
акарицидтер натрий арсенит, күкірт, фталофос; репелленттер ретінде диметил
фталат, бензиминдерді қолданады. Хлорофостың 2%-дық сулы ерітіндісін
гидропульттің көмегімен шыбындардың ең көп жиналатын жерлеріне, яғни
қорадағы терезелерге, есік тесіктеріне, бағаналардың далдасына 1 м2
аймағына 200 грамнан шашады.
Шыбындардың балаңқұртын жою үшін олардың жұмыртқалары болатын
орындарды хлорофостың 21 бөлігінің қоспасына, ыстық суда еріген 25
бөлігіне 98 бөлік пайдаланған автолды қосып суландырады. Биотопқа 1 м2
көлемін өңдеу үшін 1 л осындай қоспа қажет етіледі. Қораларды ерте
көктемнің басынан айына 1 рет хлорофоспен, ал шыбындардың ұрықтарының орнын
3 айда 1 рет өңдеу керек.
Малды шағатын жәндіктер мен бөгелектерден әрдайым өңдегенде әрбір
сиырдан 100-150 кг сүт және 8-10 кг ет өнімдерін жоғалтудың алдын алуға
болады.
Дезинвазия. Дезинвазияны міндетті түрде малды дегельминтизациялаудан
(малды ішек құрттардан босату) кейін жасайды және оны өрбір кезекті
дегельмитизацияда қайталайды.
Дезинвазияны дезинфекция сияқты қораларды механикалық тазартудан -
қилардан және азық, қоқыстардан тазартқаннан кейін жүргізеді. Дезинвазиядан
соң қораларды желдетіп, өктейді, астаулар мен су ыдыстарын сумен жуады,
малды күтіп-тазалайтын құрал-жабдықтарды залалсыздандырады. Мысалға, шошқа
аскаридозы, жылқының параскаридозында 10% ксилонафтың астың ерітіндісін 3
сағат сайын, 5% -дың күйдіргіш натрий немесе күйдіргіш калийдің (сілті)
ыстың ерітіндісін 6 сағат сайын қолдануға ұсынылады. Көрсетілген
ерітінділерді 2 рет аралықпен 1 сағат сайын 1 м2 көлемге 0,5 л есебінде
қолданылады.
Дератизация. Сүр және қара егеуқұйрықтар мен тышқандар
эпидемиологиялық және эпизоотологиялың тұрғыдан қауіпті болып саналады.
Егеуқұйрықтар мен тышқандар өздерінің нәжіс, несеп, сілекей, қан, сонымен
қатар, бүрге және кенелерімен көптеген туляремия, оба, құтырық, сібір
жарасы, туберкулез, бруцеллез, лептоспироз, энцефалит, тырысқақ, Ауески
ауруы, пастереллез, листериоз, аусыл, дизентерия, іш сүзегі, салмонеллез,
сары ауру, шошқа тілмесі, қоян және тауық кокцидиозы, қысаға, трихиниллез
сияқты жұқпалы ауруларды адам мен малға таратады.
Тышқан тектес кеміргіштер өте өсімталдығымен сипатталады. 33,5 жылда 2
жүп егеуқұйрық 20 млн.-ға дейін ұрпақ, ал 5 жұп егеуқұйрық 6-млрд.-қа дейін
ұрпақ таратады. Егеуқұйрық алғашқы ұрпағын бір жарым айлығында, ал
сұртышқан бір айлығында таратады. Ай сайын сұртышңан 12 (буаздың кезеңі 18-
20 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz