100 бас сиырлы байлап ұстауға арналған қораның желдеткіш режимін есептеу



КІРІСПЕ
1.ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ 1.1.Ірі қара мал қора ауасын санитарлық.гигиеналық бағалау
1.2.Ірі қара малдарына арналған қоралардың негізгі технологиялық бөлшектерінің көрсеткіштері
1.3.Ірі қара малдың сүт өнімділігі
1.4.Ірі қараға арналған қора.жайға қойылатын санитариялық. гигиеналық талаптар
1.5.Ірі қара малдарға микроклимат параметрлерінің әсері және оларға арналған желдету жүйесінің оптимальді параметрлер
2.ЖЕЛДЕТКІШ АУАНЫҢ САҒАТТЫҚ КӨЛЕМІН ЕСЕПТЕП ШЫҒАРУ
2.1.Қажетті формулалар
2.2.Өзіндік зерттеулер
2.3.Қорадағы желдеткіш бойынша негізгі мәліметтер
ҚОРТЫНДЫ
Ірі қара малдарының қораларын жобалап – салу және пайдалану кездерінде оларға ветеринариялық- санитариялық бақылау жүргізу технологиялық жобалау нормаларына және ветеринариялық – санитариялық ережелерге сүйеніп жасалынады. Әр малдардың түрі, жасы, тұқымы, бағыты ескеріліп оларға арналған жобалар сызылады. Ол жобаларды таңдау әр шаруашылықтың ерекшеліктеріне, ауа райы, жер орайы, малдарды күтіп – бағу жүйелеріне байланысты жүргізіледі. Қандай болмасын ірі қара малдарына арналған өндірістерді жобалап – салу және пайдалану кездерінде ең басты ветеринариялық – санитариялық проблема малдарды әртүрлі аурулардан ақтау және олардан алынатын өнімдердің сапасының жоғары болуын қамтамасыз ету болып саналады.
Ірі қара малдарынан алынатын өнімдердің бағытына байлынысты, оларға арналған шаруашылықтар: 1. Тұқымдық – мал тұқымын жақсартып, олардан тұқымды жас төлдер алуға арналған; 2. Өнімдік – ет және сүт өнімдерін алуға бағытталған шаруашылқтар; 3. Мал басын толықтырып отыруға арналған жас төлдерді өсіріп және бордақылау бағытындағы шаруашылықтар; 4. Ірі малдарды бордақылап ет өндіру және жас бұзауларды бағып, күту мен айналысатын шаруашылықтар.
1. Гершун В.И., Туякова Р.К.«Ветеринарная гигиена»
2. Мырзабеков Ж., Ибрагимов П. «Ветеринарная гигиена» -Алматы,2005
3. Шекенов Е., Қазыханов Р., Бекқожин А., Әшімов С., «Зоотехния негіздері» -Алматы,2007
4. А.Ә.Төреханов., Ж.К. Каримов., Ш.Д.Даленов., Д.Қ.Найманов., Н.Ә.Жазылбеков « Ірі қара шаруашылығы»-Алматы,2006
5. Д.Қ.Найманов., М.К.Мустафин., Р.З. Вахитова., Ж.Қ.Аубакиров «Мал шаруашылығы»- Қостанай,2007.
6. Ж.К.Каримов., Ш.Д.Дәленов., Д.Қ.Найманов «Ірі қарамал шаруашылығы» -Қостанай,1996.
7. В.И.Баланин «Зоогигиенический контроль микроклимата в животноводческих помещениях» Ленинград.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Ірі қара малдарының қораларын жобалап – салу және пайдалану кездерінде
оларға ветеринариялық- санитариялық бақылау жүргізу технологиялық жобалау
нормаларына және ветеринариялық – санитариялық ережелерге сүйеніп
жасалынады.  Әр малдардың түрі,
жасы, тұқымы, бағыты ескеріліп оларға арналған жобалар сызылады. Ол
жобаларды таңдау әр шаруашылықтың ерекшеліктеріне, ауа райы, жер орайы,
малдарды күтіп – бағу жүйелеріне байланысты жүргізіледі.
Қандай болмасын ірі қара малдарына арналған
өндірістерді жобалап – салу және пайдалану кездерінде ең басты
ветеринариялық – санитариялық проблема малдарды әртүрлі аурулардан ақтау
және олардан алынатын өнімдердің сапасының жоғары болуын қамтамасыз ету
болып саналады. 
Ірі қара малдарынан алынатын өнімдердің бағытына байлынысты, оларға
арналған шаруашылықтар:  1.
Тұқымдық – мал тұқымын жақсартып, олардан тұқымды жас төлдер алуға
арналған; 2.
Өнімдік – ет және сүт өнімдерін алуға бағытталған шаруашылқтар; 3. Мал
басын толықтырып отыруға арналған жас төлдерді өсіріп және бордақылау
бағытындағы шаруашылықтар; 4. Ірі малдарды
бордақылап ет өндіру және жас бұзауларды бағып, күту мен айналысатын
шаруашылықтар.

Малдарға қалыпты (оптималды) жағдай туғызу, яғни тірі организм мен
оның өмір сүру ортасының байланысын бақылап, қайшылығына жол бермей, тепе-
теңдігін сақтауға бағытталған шаралар-зоогигиенаның негізгі саласы болып
есептеледі. Әр малдардың
физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп (жасы, тұқымы, өнімі, жынысы, бағыты
т.б.) тиісті жағдай туғызбаса, олардан тіпті тұқымдық көрсеткіштерінен де
төмен өнім алып, малдардың табиғи төзімділігін, әсіресе жоғарғы
өнімді малдар мен жас төлдердің, нашарлатып әртүрлі ауруларға ұшырап, өлім-
жітімнің артуына апарып соғатындығын көрсетеді. Сондықтан малдарды
әртүрлі жұқпалы аурулардан сақтап, алдын алу шараларын ғылыми тұрғыда
өндірісте пайдалана отырып, олардан жоғарғы сапалы және мол өнім алуда
зоогигиена пәнін оқып білудің маңызы өте зор. Сыртқы ортаның қасиеттерін
зерттеп, оның құрамын жақсарту бағытында және мал шаруашылығының қалдықтары
мен ластануынан сақтандыру шараларын жүргізу кәзіргі кездегі проблемалық
мәселенің бірі болып саналады.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы мен өндірісті жоспарлы
түрде дамыту, жаңа жерлерді игеру және отырықшылық өмір салтының берік
орнығуы Мал шаруашылығының жаңа бағыттары — сүтті және етті мүйізді ірі
қара мал шаруашылығын, биязы және биязылау жүнді қой
шаруашылықтарын, қаракөл қойы шаруашылығын өркендетуге кең жол ашты. 1934 —
90 жылы аралығында ұжымдық және кеңестік шаруашылықтар жұмысының жүйелі
ұйымдастырылуы Мал шаруашылығы саласы мамандарының бірлескен жемісті еңбегі
нәтижесінде шығарылды. Осы мал тұқымдарының гендік қорын тиімді пайдалану,
зоотехникалық талаптарға сай азықтандыру мен бағуға негізделген
технологиялардың кеңінен қолданылуы жыл сайын 1,5 млн. тонна ет (сойыс
салмағымен), 5,5 млн. тонна сүт, 100 мың тонна (табиғи) жүн және 1700 мың
данаға жуық қаракөл елтірісін өндіруді қамтамасыз етіп келді. 1990 — 2000
жылы ауыл шаруашылығын реформалауда жіберілген кемшіліктер салдарынан мал
саны күрт кеміді, оның ішінде сиыр 2,4, қой мен ешкі 3,7, жылқы 1,7, түйе
1,5 есеге азайды. Нәтижесінде негізгі мал шаруашылығы өнімдерін өндіру
көлемі 2,5 — 3,0 есеге дейін қысқарды.

1.ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1.Ірі қара мал қора ауасын 
санитарлық-гигиеналық  бағалау 
      Мал қора-жайының ауа ортасы өзінің физикалық  қасиеті мен құрамы
жағынан әрқашанда бірдей емес. Ол оның құрылысы, орналасқан сапасы, оның
санитариялық-техникалық жабдықталуы, кубатурасы және ауданы, сонымен қатар
онда малды ұстау тәсіліне байланысты ауаның физикалық қасиеті және оның
газдық құрамы көп немесе аз болса да өзгеріп тұрады. Мал қора-жайының ауа
ортасының физикалық және химиялық көрсеткіштері мүмкіндігінше шекті
оптимальды көлемде ауытқып отыруы қажет. Қора-жай 
ауа ортасын белгілі бір оптимальды деңгейде ұстау және сақтау үшін оны 
объективтік көрсеткіштері бойынша  бағалайды. Ауа ортасын бағалау  үшін
қолданылатын негізгі көрсеткіштерге: температура, ылғалдылық,
ауа қозғалысының жылдамдығы, көмірқышқыл, аммиак, күкіртті сутегі, сонымен
қатар қора-жайдың табиғи жарықталынуы жатады. Мысалы, көмірқышқылының шекті
концентрациядан жоғарылауы қора-жайдағы ауа алмасуы және ішкі тәртібін
(режим) бағалауға мүмкіндік береді, ал аммиак пен күкіртті сутегінің
нормативті концентрациядан жоғарылауы қора-жай ауасының малға қауіпті
екендігінің тікелей көрсеткіші немесе өлшеуіші бола алады. Қорытындылай
келе ауа жағдайын бағалауда ондағы көмірқышқыл газы, аммиак және күкіртті
сутегін анықтаудың маңызы зор.
Мал қора-жайының ауа ортасын гигиеналық тұрғыдан
бағалағанда негізгі және шешуші мәні: температурасын анықтау, салыстырмалы
ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығын тексеруге байланысты.
Температура, ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығының
организмге жекелей емес үшеуі бірлескен түрде әсер етуіне байланысты мал
жағдайын дұрыс бағалау осы үш фактордың суммарлық әсеріне байланысты
шешіледі. Осы факторлардың біреуі өзгергенде бұрынғы әсері сақталуы үшін
қалған екі фактор да өзгеруі керек немесе осы негізгі фактор қалған екі
фактордың есебінен алынады.   
Қора-жай  ауасының физикалық қасиетін бағалау  үшін тікелей температура,
ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығын анықтаумен
қатар катотермометрия әдісін қолданғанның да маңызы зор.
Қорадағы  ауа көрсеткіштерін ұдайы тексеріп
отыру қажет. Ол үшін арнаулы құралдар қолданылады. Ал ең тиімдісі
жылжымалы  микроклимат зертханасын пайдалану. Алып жүруге,
қолдануға ыңғайлы зертханада керекті зоологиялық құралдар жинақталған
(электротермометр, психрометр, анемометр және т.б.).
Ауаның  әр уақытта ластануына байланысты оны  үнемі қорғау және
санитариялық жағдайын бақылау аса қажет. Қазіргі уақытта 
атмосфераға теңдесі жоқ көлемде лас заттар түсуде. Техногендік факторлардан
туатын атмосфера ауасын ластаушылардың ең бастылары-көміртегі тотығы,
күкірттің қос тотығы, көмірсутектер, азот тотықтары, шаң және т.б. болып
табылады. Бұлардан басқа химиялық агрессивті газдар мен әр түрлі дисперстік
қоспалар де кездеседі: күкіртті газдар, қышқыл тұмандар, фтор, күкірт
қышқылы, хлор және басқалары. Атмосфераға түсетін зиянды заттар
агрегаттық жағдайына  қарай газ тәрізді (күкірттің  қос тотығы, азот
тотығы, көміртегі  тотығы, көмірсутектер және т.б.) және қатты
(концерогендік заттар, қорғасын және оның қосылыстары, шаң, күйе және т.б.)
болып топтаынады. Мал
шаруашылығы мекемелері атмосфералық
ауаға әртүрлі шаң мен микроорганизм дердің  түсуінің негізгі көзі
болып табылады. Мысалы, 1 сағат ішінде желдеткіштер арқылы 83,4 млрд.
Микроб денешіктері, 14,4 кг аммиак, 0,6 кгм шаң түседі екен. Ал
атмосфералық ауаға үлкен ірі қара шаруашылығынан түсетін (тек ауа алмасу
жүйелерінен) барлық ластардың ішінде тек органикалық заттар 2148 кгтәулік
құрайды. Осы ауаға түскен микроорганизмдер адамдар мен малдар үшін әртүрлі
аэрогенді инфекциялардың туындау қауіпін тудырады. Атмосфера ластануы
ірі қара мал шаруашылығынан (2,5-5км) алыс қашықтықта байқалады. Бұл 
зонада жағымсыз иістер, қалыпты мөлшермен салыстырғанда аммиактың
шоғырлануы, микробтың көптігі байқалады. Ірі қара мал шаруашылығы
нысандарына тән жағымсыз ерекше иістер олардан 700-1200 м қашықтықта
тұрақты күшті, ал 1800 м қашықтықта тұрақсыз әрі әлсіз деп анықталады.
Жыл мезгіліне байланысты,
әсіресе шошқа  және құс нысандарына тән жағымсыз ереше иістер едәуір
қашықтыққа тарайды: қыста 0,5, ал жазда-3,5-5 км дейін.
Құс фабрикаларының территорияларын тығыз 
орналастырғанда ондағы сыртқа шығарылатын  ластанған ауа (микробтармен,
шаңмен және т.б.) міндетті түрде бір қорадан екінші қораға ауысып
шаруашылық төңірігімен атмосфералық ауаны едәуір қашықтыққа ластайды (200 м
дейін). Ал 500 м қашықтықта микробтар мен шаң қалыпты мөлшерден көп аспайды
(кәдімгі ауадағыдай). Ауаның 
әртүрлі зиянды газдармен ластануы микроклиматқа теріс әсерімен бірге 
жануарларға да зиян келтіреді. Ластанған ауада көздің тітіркенуі,
өкпе ауарулары, мұрыннан қан кету байқалады.
Көптеген  заттар өздерінің химиялық беріктілігінің
арқасында қоршаған ортада жиналып, көп жағдайда малды, құсты, балықты,
адамды уландырады. Осы тұрғыдан қоршаған ортаға өте зиян деп хлорланған
көміртектер екені анықталып отыр (ДДТ және т.б.).
1.2.Ірі қара малдарына арналған қоралардың негізгі технологиялық
бөлшектерінің көрсеткіштері

Ірі қара малдарына арналған қоралар мен олардың ішкі технологиялық
процесстердің жабдықталуы тек мал басы мен олардың физиологиялық
ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, оларды ұстау тәсілдеріне де қатысты
болады. Сондықтан мал басына тиісті қораларды жобалап салу кезінде
пайдаланатын технологиялық процесстердің негізіне және ұстау жүйелеріне
сүйеніп малдардың денсаулығын сақтап, өнімін төмендетпейтін жағдай туғызу
қажет.
1. Ірі қара малын тұрғызып байлап ұстау кезінде салынатын қоралар
үнемді (экономды) және барлық қаралатын технологиялық процесстерді
жүргізуге қойылатын талаптарға сай болуын қадағалайды. Мұндай қоралардың
құрлыстық шешімдері және инженерлік жабдықтары ондағы микроклиматты қалыпты
жағдайда ұстап тұруға мүмкіндік туғызатын болуға тиіс. Малдарды тұрғызып
байлап ұстайтын қоралардың ішіне тұрақтарды орналастыру қатар санына
байланысты екі тұрақты біріктіріп бір азық, немесе көң жолдарын қалдырады.
Қораларды жылыланған және желдетілген шатырлы немесе шатырсыз бір қабатты
қылып, жергілікті арзан құрылыс материалдарынан тұрғызады. Сиыр қораларын
ішкі технологиялық жабдықтарды орналастыруға бөгет жасамайтындай, яғни ауа
алмастыру, көң шығару, азық тарату құрылымдарына қолайлы, керек кезінде
жаңа технологиялық процесстерді кіргізуге жеңіл болу үшін ауыр бағаналарсыз
салу керек.
Сиырды байлап тұрғызып ұстауға арналған қоралардың едендерін тұтас
немесе жартылай төркөзді қылып жасайды. Тұрақтардағы едендердің
материалдарының жылу сіңіргіштік коэффициенті 12 ккалм²сағград жоғары
болмауы керек. Егер бұл көрсеткіштен артық болса, мал денесінен артық жылу
тарап, еденді жылтуға шығындалады да, сиыр организмінің суыққа ұрынып,
төзімділігі азайып, өнімінің төмендеп, азық шығымының артуына апарып
соғады. Мысалы, ағаш едені мен бетон еденінің жылу өткізгіштігің әртүрлі
болуының салдарынан 100 ккалсағ жылу артық жұмсалады, яғни ол 2 л сүттің
коллориясына пара-пар болады. Сондықтан айтылған болар, ірі қара малдары
астынан жүдейді деген сөз. Оларды байлап тұрғызып ұстаған кезде көбінесе
тақтай едендерді пайдаланады. Өйткені тақтайдан жасалған едендер жылы,
құрылымы қыйын емес, таза, бетон сыяқты тұяқты жемейді. Бірақ сыртқы
әсерлерге шыдамсыз, әсіресе дезинфекциялық химиялық заттарға төзімсіз, тез
тозып, шірігіш келеді. Өте ылғалды болса тайғанақ болып, малдардың
мертігуіне де себепші болады. Ағаш материалдардан еден жасау үшін алдын ала
10 % креозот майының ертіндісімен өңдеп және екі қайтара ыстық қара май
(смола) ертіндісімен жабады. Тақтайдың үстінгі бетін үстіріктеп, тегістеп
және пайдаланудан 10 күн ерте үстіне сөндірілген хлорлы әкі сеуіп қояды.
Мұндай еден төзімді болып ұзаққа шыдайды, хлорлы әкі мен кеуекті тесіктері
бітеледі де, бойына сұйық аз сіңіріп, шірімей тазалауға қолайлы болады.
Бетонды едендер – берік, төзімді болғанымен қатты, жатуға жайсыз, суық
болады да, оларды азық-көң жолдарына, кейбір азық дайындау, сүт өңдеу
бөлмелеріне, зертханаларда т.б. жерлерге төселеді. Егер малдар жататын
орындарында бетонды едендер болса, оның үстіне торкөзді ағаш еденшелер
немесе қалың төсеніштер салып қояды. Кейінгі кездерде бетонды едендерді
жылылау үшін асфальтты немесе резиналы жапқыш төсеніштер қолданады.
Асфальтты едендер - серіппелі-жұмсақ, тайғанақ емес, су өткізбейді,
жылу өткізгіштігі шамалы, тазалау, дезинфекциялауға жеңіл және оңай өңдеуге
жатымды. Мұндай едендер сиыр қораларда, ұрықтандыру пунктерінде
ветеринариялық объектілерде қолданылып, тасты, қайыршақты едендердің үстіне
төсеп өңдеуге пайдаланады. Асфальтты едендердің кемшлігі сыртқы әсерлерге
әсіресе мал нәжістеріне өте төзімсіз келеді де, мал тұрақтарында, жүретін
жолдарында, әсіресе дұрыс қоспасы жасалмаған кездерде ішке түсіп, шұңқырлар
шығып, оларға су тұрып еден тез істен шығуы кездеседі.
Кейінгі кездерде сиыр қоралардың тұрақты орындарын жылылау мақсатында
көмір қалдықтары (шлак) мен битумдардың (қарамай) қоспаларынан және
асфальтты плиткалар мен ішкі қуыс кірпіштерді пайдалану ұсынылады. Бірақ
олардың да көптеген кемшіліктері, әсіресе жылулық қасиеттерінен, кездесіп
кең таралмаған.
Көптеген еден түрлеріне қарағанда керамзит (қыш) бетонды едендер
зоогигиеналық талаптарға сай келеді. Ол сыртқы ауа әсеріне шыдамды, жоғарғы
температураға төзімді, механикалық әсерлерге берік, салмағы жеңіл, жылу
тарату коэффициенті төмен және өндеуге қолайлы болады. Сиыр қораларда
керамзит – бетонды едендер болғанда сүт өнімінің сапасы жоғарлап,
санитарлық тазалығы артады. Олар малдардың денсаулығы мен өніміне теріс
әсерін тигізбейді, яғни керамзит бетонды едендер өзінің физикалық-жылулық
қасиеттері бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келеді деп санап
көптеген шаруашылықтарда, үстінгі беті цементті-құмды ертінді мен қапталған
түрінде кең пайдалануға ұсынылады.
Керамзит-бетонды едендермен қоса кейінгі кезде жасанды, кеуекті
материалдар-аглопорит материалдарынан жасалған едендер қолданылады.
Аглопорит – сазды және көмірді өңдіру кездерінде қалған қалдықтарды
күйдіру арқылы алынатын жасанды, іші қуыс жеңіл материалдар. Ол өзінің
жылулық, беріктік және санитарлық-гигиеналық қасиеттері бойынша керамзит-
бетонды едендерден кем түспейді.
Сол сияқты формальдегид смоласын КС-11, латекс СКС-65-ГП, полиамид
смоласын пайдаланып полимерлі цементті қоспамен үстін жауып, жеңіл бетонды
едендер жасалып жүр.
Белорусияның ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу институты кордорезиналы-
битумды үстінің жаппасы бар жеңіл бетонды едендер жасауды ұсынған. Мұндай
едендер жылы, құрғақ, қатты жайсыз емес, берік, көпке шыдамды, мал
нәжістерінің әсерлеріне төзімді, жууға және дезинфекциялауға қолайлы болып
келеді де, оларды төсенішсіз пайдалануға болады.
Қазіргі кезде, әсіресе ірі қара малдарын бокстарда ұстағанда, көңді
оңай тазалап-шығару мақсатында, тұрақ орындарда төркөзді едендер орнатады.
Бірақ тәжірибеде дәлелденгендей өте ұзын тұрақтардағы (110-140 см)
қолданылған сырықтар (рейкалар) ұзындығы 60-70 см-ден асса, мал жатып, дем
алған кездерде иіліп, арасынан суық соғып, сиырлардың желіндері түсіп
қыстырылып, тұяқтарын айырып, жарақаттар салып, желін сау, ауруларының
шығуына апарып соғатындығы дәлелденген. Мұндай кемшіліктерді болдырмай,
алдын алу жолында төркөз еденнің аз бөлігін (18-20 см) тұтас тақтайдан
жасау қажет және төркөздің (решетка) ұзындығы 40 см, сырық аралық
саңылаудың ені 3,5-4,5 см, ал сырықтың жалпақтығы 8-12 см жасалады. Мұндай
едендерге қолайлы материалдар ағаш және көбікті бетондар болып саналады.
Едендердің құрылымы сиыр қораларынан көңді тазалап-шығару тәсіліне
байланысты болады. Ірі қара малдарын тұрғызып ұстау кезінде қорадағы көңді
транспортерлердің (қырғыш, сырғыш) көмегімен тазалап шығарады.
Азық тарататын, көң тазалайтын жолдардың ені қолданатын құрылымдардың
размерлеріне байланысты болатындығы көрсетілген.
Сиыр қораларының оң түстігінен малдар серуендейтін алаңдар қаралады
да, оның едені қатты материалдармен (бетон) жабылады. Егер ондай қатаң
едендер қаралмаса қораға малдардың кірер жерлері, азық, су науалырының
бойымен 2-3 м ендікте жасалып, сұйықтардың ағуына қолайлы қылып 6 градусқа
дейін еністікте жасалады. Серуен аланының едені қатаң жапқышпен жасалған
болса, әр бас сиырға 8 шаршы метрден, ал ондай жоқ болса 15 м² қаралып,
үштен бір бөлігіне көлеңке жаппа жасалады.
2. Ірі қара малдарын байлаусыз бос қолда тұрғызып ұстағанда қолданатын
тәсіліне байланысты (қалың жиналмайтын төсеніште немесе бокста) жер орайы,
ауа райы, температуралық жағдайы және өндіріс бағыты (еттік, өнімдік,
сүттік т.б.) ескеріліп төрт типті қора жобаланып салынады:
1) Жан-жағы ашық, тек төбесі жабық-күрке тәріздес қора;
2) Төбе және үш жағынан қабырғалар қаралған-жартылай ашық
қоралар;
3) Малдардың еркін серуен алаңына кіріп-шығуына арналған қақпа
кәсектері ғана қаралған-жылыланбаған қоралар;
4) Малдардың мезгілді шығуына арналған – жылыланған қоралар.
Бірінші типпен салынған күрке қоралар Өзбекстан, Түркіменстан,
Қырғызстан және біздің еліміздің оңтүстік аймақтарында салынады, жартылай
ашық және жылыланбаған типті қоралар Ресейдің оңтүстік аймақтары, Молдава
және Украина жерлерінде қаралады, ал сыртқы ауа температурасы минус 15
градус, оданда төмен аймақтарда жылыланған қораларды жобалап салып
пайдаланады.
Ондай қораларда сиырларды қалың төсеніштерде ұстайды да жылу
сиымдылығы малдарды байлап тұрғызып ұстауға арналған қорадағыдай болады.
Қораның сиымдылығы үлкен болса, әр 25-50 басқа шақтап, дем алатын орнын 4-5
м² есептеп, бірнеше бөліктерге бөледі. Малдарды азықтандыру, суару, арнайы
жасалған серуен алаңдарында жүргізіледі. Мұндай сиыр қораларында
микроклимат қалыптанбайды, бірақ ауа температурасы плюс бес градустан төмен
болмағаны қаралады. Қалың төсеніштердің арасындағы микробиологиялық
процесстердің нәтижесінде, оның қалың қабатындағы температура 15-20 ºС
дейін көтеріледі. Төсенішті тәулігіне бір рет 3-5 кг әр басқа есептеп салып
отырады да, жыл бойында 1-2 рет механикалық әдіспен шығарып отырады.
Ірі қара малдарын бос байлаусыз арнайы бокстарда ұстағанда ондай
қоралардың көрсеткіштері малдарды байлап тұрғызып ұстауға арналғандай болып
және ондағы технологиялық процесстердің түрлеріне байланысты болады.
Мұнымен қоса ірі қара малдарын бос байлаусыз ұстаған кезде әрбір
топтағы мал басының санына байланысты олардың өнімі өзгерісте болады.
Себебі малдың әр топтағы басы (60 одан артық) көп болса оларды бақылау
қыйындап, ауру, күйтке келген сиырларды дер кезінде анықтау қыйынға түсіп,
әлсіз малдар шектеліп азық жеп, су ішуден қағылып, жүдеп-арып кетуіне әсер
етеді.
Ірі қара малдарын әртүрлі тәсілдермен қораларда тұрғызып-байлап және
бос еркін ұстаған кезде әр басқа келетін еден аудандары мен қораның негізгі
технологилық бөлшектерінің қалыпты размерлері 1-ші кестеде өрсетілген.
Малдарды байлаусыз, ірі топтармен ұстаған кездерде, оларды
азықтандыру, суару серуендеу мезгілдерінде жиі таластар туып, әлдісі
әлсізін шектеп, азық-судан қағып, сүзіп жарақаттар түсіріп, малда стресс
(күйзеліс) туғызып, жүдеуіне өнімінің төмендеуіне апарып соғады. Сондықтан
оларға арналған азықтандыру науалары мен суару құбырларының ені әр малдың
жасына, өніміне негізделіп белгіленуі қажет. Сол сыйяқты малдардың
серуендейтін алаңдарының мөлшері де нормативке сәйкес болуы керек.
Ірі қара малдарын ұстау тәсілдерімен жас айырмашылықтарын негізделіп
азық науаларының ені мен суғарғыштардың размері және серуен алаңдарының
нормативтері берілген.
Малдарды цехті-потокті (түйдекті) жүйемен ұстау кезінде сиырлар тобы
әр цехта (бөлмеде) технологиялық есептеу уақытына байланысты
орналастырылады.
Ірі қара малдарын, олардың жасына, туу мерзіміне қарай жіктеп, топқа
бөліп бір цехтан екінші цехқа ауыстыру мал мамандары-зоотехникпен
малдәрігерлердің жасаған технологиялық циклограммына (есебіне)
байланыстырып жүргізіледі.

1.3.Ірі қара малдың сүт өнімділігі
Сүттілік.Сүтті бағыттағы сиыр өсірудегі басты мақсат барынша аса
жоғары сапалы сүт сауу. Сиырдың сүттілігі 305 күнде сауылған және тәулігіне
ең көп шыққан сүт мөлшеріне қарай анықталады. Сондықтан сиырдың сауылу
мерзімі қысқа болса, ондай сиырдың пайдасы аз. Сиырды сүттілігіне қарай
сұрыптағанда оның сауылу кезеңінде шығатын сүтінің өзгеруіне де көңіл
аударылады. Мысалы, кейбір сиырдың тәулігіне шығатын ең көп сүті сауын
маусымының екінші айында сауылса, содан кейінгі айларда тез арада
төмендейді, ал енді біреулерінің ондай көрсеткіші бұған керісінше бірте-
бірте көтеріліп,сауын маусымының соңғы айларында ғана төмендей бастайды.
Сауын маусымында осының соңғысынан ғана мол сүт саууға болады.
Сиырдың сүттілігі оның тұқымына, азықтандыру
жағдайына, күтіміне, жасына, қоңдылығына, тірілей салмағына , сауылған
мерзіміне және уақтылы саууына байланысты келеді. Сүттілік тұқым қуалайды.
Дегенмен, ең жақын тегі- ата- енесінің сүттілікке тигізер әсері күшті.
Сүттің түзілуі.Сүттің түзілуі өте күрделі процесс. Оған желін ғана емес,
сонымен бірге орталық нерв жүйесі де, ас қорыту органдары да, қан айналу
жүйесі мен ішкі бездер де қатысады. Эндокринді бездердің ішінде гипофиз
гормондарының маңызы зор.
Сиырды сауғанда немесе бұзауын қосқанда емшектегі нерв қозып,
гипоталамусқа хабар түседі де, ал релизинг гормон бөле бастайды. Ол гормон
гипофизге түседі де, оның алдыңғы бөгігінен қанға пролактин араласады.
Пролактинің де сүт түзудегі маңызы зор. Ал гипофиздің артқы бөлігінен
окситоцин атты гормон бөлінеді. Бұл гормонның да сүт бөлудегі маңызды
ерекше. Гипофиздің ерекшелігі- сүттің түзілуіне тікелей әсер етіп қана
қоймай, сонымен бірге басқа да эндокринді бездер арқылы (мысалы, қалқан
безі) да сүт түзілуіне әсер ете алады.
Сүт желіннің өндеумен қандағы заттардан түзіледі. Салыстыратын болсақ,
сүттің құрамында қанның құрамынан қант 90-98 есе, май-20 есе, кальций 9 есе
көп болғанымен , белок 2 есе, натрий 7 есе аз.
Сүттегі органикалық заттар өзінің құрылысы мен қасиеті жағынан өзіне
ғана тән ерекшеліктерімен сипатталады. Мысалы, сүттегі қант қанда жоқ,
белоктары мен майы қандағы май мен белоктен өзгеше.
Сүт майы мал денесіндегі басқа майлардан өзгеше. Сүт майы –үш атомды
спирт пен май қылқылдарынан тұратын күрделі эфир. Ол майлардың кейбіреулері
желінде ғана түзіліп, сүтте ғана кездеседі. Сүт майының түзілуіне үлкен
қарындағы углеводтардың ашуынан туатын сірке қышқылының маңызы зор. Үлкен
қарындағы ашу процесінің жүріуіне рационның құрамы да әсер етеді. Рационда
пішен, пішендеме , сүрлем үлесі көп болса, қарында сірке қышқылды ашу
процесі басым келеді де, сүттің майлылығы жоғарылай түседі. Ал рацион
құрамында жем көп болған жағдай да, қарында пропион қышқылды ашу басым
жүріп, сүттің майлылығы төмендейді. Ірі азықты ұсақтап немесе түйіршік
түрінде берген де үлкен қарында дәл осындай процесс жүреді. Қандағы сірке
қышқылының 80% желін сіңіреді. Бұл қышқылдан глицирин мен май қышқылдары
түзіледі.
Сүттегі жалғыз углевод сүт қанты-лактоза. Оның түзілуі өте күрделі
ферменттік процесс. Қандағы глюкозаны желін сіңіреді де глюкоза лактозаға
айналады. Кейбір оқымыстылардың айтуынша, лактозаның түзілуіне полисахарид
галактогені де қатысады және амин қышқылдары желінде бауырдағыдай
ыдырайтындықтан углеводтардың амин қышқылдарының ыдырауы салдарынан да
түзілуі мүмкін.Елімізде 50 мыңнан астам Ірі қараның сауылып, жүздеген сүт
фермалары мен сүт емханалары жұмыс істейді. Қазақ республикасында жылына 40-
50 мың тонна сүт өндіруді жоспарлануда. 6-8 ай сауын мерзіміндегі ірі
қараның сүт өнімділігі орташа есеппен сүті аз малда 700-1500 л, сүттілігі
орташа 1500-2500 л және сүттілігі жоғары малда 2600-3000 л болады.
Сүттіліктің индексі және өндірілген сүттің салыстырмалы мөлшері малдың
100 кг салмағынан, аборигенді қазақы, қырғыз, башқұрт, якут тұқымдарында
көп. Бие сүтінің мөлшерін есептеу, еңбекті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
20-60 күндік 360 бас бұзау қорасының желдеткіш режимін оңтайландырудың есептік режимдрі
Мүйізді ірі қара шаруашылығы
Сиыр қора - мүйізді ірі қара мал ұсталып, күтілетін орын
Ересек Сиырдың салм
20-60 күндік 360 бас бұзау қорасының желдеткіш режимін оңтайландыру
3-4 айлық 100 бас бұзауға арналған қораның санитарлық – гигиеналық жағыдайы
6-8 айлық бұзауларға арналған қораның желдеткіш режимін оңтайландырудың есептері
Мал шаруашылығындағы санитарлық-гигиеналық және ветеринарлық алдын алу шаралары
Шошқа малдарын ұстау тәсілдері және оларға қойылатын гигиеналық талаптар
Ірі қара малына қойылған негізгі ветеринарлық санитарлық талаптар
Пәндер